"Ғибрат ғұмыр, өнегелі өткен күн"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ғибрат ғұмыр, өнегелі өткен күн"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмірі өнегемен өрілген ұлағатты ұстаз, «Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйі» «Вокал» , «Домбыра» үйірмелерінің жетекшісі, әріптесіміз Тұрсынбекова Гүлжамал Төлегенқызының 60 жасқа толу мерейтойына арналған салтанатты кешке қош келдіңіздер!!! Жүргізуші: Ғибрат ғұмыр, өнегелі өткен күн, Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн. Талай жылдар тағылымы толысып, Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйі»

«Вокал» үйірмесінің жетекшісі Тұрсынбекова Гүлжамал Төлегенқызын құрметті еңбек демалысына шығарып салу мерейтойына арналған кештің СЦЕНАРИЙІ

Би: «Жанайым» би тобы «Өзбек» биі

(Фан фар беріліп жүргізуші ортаға шығады)

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Армысыздар, аяулы ұстаздар!


Жүргізуші: Өмірі өнегемен өрілген ұлағатты ұстаз, «Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйі» «Вокал» , «Домбыра» үйірмелерінің жетекшісі, әріптесіміз Тұрсынбекова Гүлжамал Төлегенқызының 60 жасқа толу мерейтойына арналған салтанатты кешке қош келдіңіздер!!!

Жүргізуші:

Ғибрат ғұмыр, өнегелі өткен күн,

Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.

Талай жылдар тағылымы толысып,

Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн.

Жүргізуші:

Еленді еңбек құрметтейміз бәріміз,

Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз.

Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз,

Қуанышқа ортақ жасы-кәріміз.

Ән: Қабыл алыңыздар ұстаз бен шәкірттің орындауында «Ұстазым» әні (Гүлжамал Төлегенқызы мен шәкірті Сражаддин Абдуғафур)

Жүргізуші:

Адам - өз өмірінің сәулетшісі. Қиындығы мен қызықшылығы мол ұстаздық жолда әр мұғалім өз өмір соқпағын өзі сомдайды. Оның мәнді де сәнді, мағыналы да мазмұнды болуы сол өмір иесінің қарымы мен қасиетіне байланысты. Құдіретті табиғат адами қасиеттерін мол дарытқан ұстазымыздың ғұмырнамасының айшықты ғибраты - соның айқын белгісі.

ТҰРСЫНБЕКОВА ГҮЛЖАМАЛ ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ 1961 жылғы қазан айының 9 жұлдызында Қызылорда қаласында дүниеге келді. Қаламыздағы №212 орта мектепте білім алды. Жастайынан әнге, өнерге құмар болуына нағашы әжесі қатты әсер етті. Ол кісі актриса әрі әнші болатын, өз жанынан өлең-ән шығаратын суырыпсалмалық қасиеті де болған екен. Оның үстіне өзінің туған ағасы Серік Төлегенұлы да музыкант, саксофоншы, атақты Батырхан Шүкеновпен дос болған, ұзақ жылдар әскери оркестрде қызмет атқарған.

5-сыныпта оқып жүргенде, мектепке жап-жас практикант ағай келіп, музыкадан сабақ береді, ол кісі атақты композитор Бексұлтан Байкенжеев еді. Бексұлтан ағасы шынашақтай қыздың талантын жазбай танып, оған әуез мектебіне оқуға баруға кеңес береді. Ағасының айтқанын құп көрген кішкентай Гүлжамал қаладағы №1 Өнер мектебіне конкурстан сүрінбей өтіп қабылданады. Алғашқы ұстазы болған Гүлзипа Рыспанбетқызынан музыка әліппесін үйренген соң, 5 жыл домбыра аспабынан дәріс алып, ол мектепті де үздік бітіреді. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ түрлі өнер конкурстарының жеңімпазы атанып үлгіреді.

Мектептен түлеп ұшқан жас қыз Қызылордадағы М.Мәметова атынддағы педагогикалық училищенің «Музыка» бөлімінде білім алып, ұстаздық жолға қадам басады. Оқу орнында жүргенде вокалдан дәріс беріп, әнге баулыған ұстаздары атақты Әбутәліп Салманов пен «Гүлдер» ансамблінің әншісі Роза Ерназарова болды. Мұнда ол қосымша баян музыкалық аспабында ойнауды да игереді. Училище жанынан құрылған «Нұргүл» ансаблінің құрамында әнші болып, бүкіл Қазақстанды шарлайды. Түрлі халықаралық жарыстардан жүлдемен оралады. Оқудан кейін тек үздік шәкірттерге бөлінетін Алматыдағы Ұлттық консерваторияға берілген жолдамадан бас тартып, жанұя мен ұстаздық жолды таңдайды.

Жалағаш ауданының жігітіне тұрмысқа шығып, келін атанып, шаңырақ түтетеді. Аудан орталығындағы Әуез мектебінде 30 жыл қызмет атқарған Гүлжамал апайымыз әншіліктен де қол үзбейді, Жалағаш аудандық мәдениет үйінің «Алтын арай» ансамблінде ән айтады.

2011 жылы Қызылорда қаласына қоныс аударып, күні бүгінге дейін Тасбөгет кентіндегі «Оқушылар мен жасөспірімдер үйінде» вокал үйірмесінде жас таланттардың әншілік қабілетін ұштап келеді. Еңбек еткен жылдарында зейнеті де ескерусіз қалмады. Облыстық «Наурыз шапағаты» фестивалінің ардагер әншісі лауреаты, 2015 жылы «Наурыз шапағаты» фестивалінің 20 жылдығына орай «Құрмет белгісі» медалімен марапатталды. Тасбөгет кенті әкімінің, қалалық, облыстық білім басқармасының, облыстық «Өрлеу» институтының «Алғыс хаттарын» иеленді. 2017 жылдың 7 сәуірінде жеке шығармашылық кешін өткізіп, көрермендердің зор ықыласына бөленді. Концертті облыстық телеарнадан көрсетті.

«Шәкіртсіз ұстаз тұл», – деп қазақ халқы бекер айтпаған ғой. Апайдың шәкірттері республикалық Н.Тілендиев атындағы байқауда, облыстық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауында бас жүлде иеленсе, халықаралық «Аялаған Астана» фестивалінде, «Өздерің білер Нартаймын» атты халықаралық өнер фестивальдерінде топ жарды.

Шәкірттерінің көпшілігі ұстаздық жолда жүр. Атап айтсақ, Қазанқап музыкалық колледжінде Бегімсалова Айнуза қобыз аспабынан дәріс берсе, Омарова Қаракөз С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде дәріс береді. Қазіргі таңда Қаракөз жеке мектебін ашып, шәкірт тәрбиелеуде.
Сонымен қатар шығармашыл ұстаздың «Үздік педагог жетекші» деген төсбелгісі бар».

Ән: Ұстазым «Сыр жұлдыздары» вокалды тобы

Ән: Опера орындайтын Сражаддин Абдуғафур


Жүргізуші:

Құттықтау сөз: Мерейлі мерекеде ардақты ұстазды құттықтау үшін ортаға Қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Алимбетова Орынша Міржақыпқызын шақырамыз!

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ән: Ты моя орындайтын Гүлжамал апай шәкірті Жүсіпназар Жансұлу

Ән: Мектеп орындайтын «Сыр жұлдыздары» вокалды тобы

Құттықтау сөз: Гүлжамал апайға деген жылы лебіздері мен ыстық ықыластарын білдіру үшін ортаға ардақты ұстаздың туыстары мен «Вокал», «Домбыра» үйірмелеріне балаларын беріп, ұлдары мен қыздарын ұстазға аманат еткен үйірме оқушыларының ардақты ата- аналарын шақырамыз: келіні Әсем, туыстары Майра, Гулайым апайлар,


Жүргізуші:

Ұстазым менің, қамқорым едің,

Баулыған асыл өнерге.

Жүрегің дархан, өзіңнің арқаң,

Биікке шықсам егерде,-деп ән жолдарында айтылғандай, Гүлжамал апайдың ән биігіне баулыған шәкірттерінің өнерін тамашалаңыздар!

Ән: Айнуза Бегімсалова апайдың шәкірті «Қобыз»

Ән: Шәкірті Ертуғанқызы Элеонора «Мереке» әні

Жүргізуші:

Майысып қос шегіңнен күй өткенде,
Ой туар жүрек түгіл, сүйектен де.
Домбырам қайран менің, қайран менің,
Ризамын сені маған сый еткенге,-деп Жұмекен ақын жырлағандай, бүгінгі мерейтой иесі Гүлжамал Төлегенқызына арнап, балдырған кезінен ұстазынан дәріс алған «Сыр самалы» домбырашылары күмбірлеген күй тарту етеді, қабыл алыңыздар!

Ән: «Сыр Самалы» домбырашылар ансамблі

Ән: Феличита сыр жұлдыздары дуеті

Ән: Сыр жұлдыздары вокалды квартеті «Анашым- ай» әні

Құттықтау сөз: Ұжымдағы алғашқы ардагер ұстазды құттықтау үшін сөз Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйі директоры Құдайбергенова Гаухар Отарәліқызына беріледі!

(Апайға адресат, гүл, орамал, шапан жабылады, ұжымның сыйлығын табыс етіледі)

Мыңдаған шәкіртке анасындай болған, мыңдаған шәкіртті баласындай аялаған ұстазға Оқушылар үйінің жігітерінен құрылған «Жігіттер» квартетінің орындауында «Миллион шәкірттер» әні

Жүргізуші: Гүлжамал апаймен бір шаңырақта қызмет етіп, қосымша білімнің көшін бірге бастап келе жатқан әріптестерінің ыстық ықыласын жеткізу үшін ортаға Зияш Ақбергенқызын, Дана Әбішқызын, Айнұр Айжігітқызын ортаға шақырамыз!!


Жүргізуші:

Осы жасқа жеткен де бар, жетпеген…

Жаратқанның нұры сізде көктеген.

Зейнет жастың бар қызығын көрсетсін,

Көңілдеген көркем кейіп көкдөнен.

Жүргізуші:

Зейнет жас та құтты болсын, Апайым,

Мына өмірде көрдің қиын талайын.

Қиын белдер артта қалып бақ келсін,

Қара шаштың ақ шалмасын самайын.

Еңбегіңіз еленіп құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын! Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай-сырқамай немере, шөберенің ортасында аяулы «ӘЖЕ» деген атты иеленіп жүре беріңіз! Құрметті демалысыңыз 100 жасқа дейін ұлассын!

Жүргізуші: Ардақты ұстаздың мерейтойына арнаған мерекелік концертіміз осымен тәмам! Барша ат салысқан әріптестер мен құрметті қонақтарға айтар алғысымыз шексіз!!

Құрметті еңбек демалысына шыққан мерейлі жасыңыз құтты болсын, АРДАҚТЫ АНА, АСЫЛ ҰСТАЗ, АДАЛ ЖАР!














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2025
76
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі