Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғимараттың сызбанұсқасы, қасбеті мен тілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
колледж оытушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

директордың оқу жұмысы жөніндегі

орынбасары С Ш Дюсемалиева

________________________


Пәні: Техникалық сызу

Топ: АС 1/16

Күні:

Тақырыбы: Ғимараттың сызбанұсқасы, қасбеті мен тілігі

Мақсаты:

  • Студенттерге құрылыс ғимараттарын жобалап, ғимараттың қасбеті мен тілігін салуды үйрету

  • Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, студент санасына терең сіңіру.

  • Сызу арқылы оларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ түрі: лекция, ішінара ізденіс сабағы.

Әдіс-тәсілдер:, иллюстрациялау, сызу

Құрал-жабдықтар: Транспортир, циркуль, қарындаштардың түрлері, көрнекіліктер, өшіргіш, сызғыш түрлері, бұрыштықтар.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Студенттер зейінін сабаққа аудару

-​ Саламатсыздар ма студенттер?

-​ Сыныпта кім жоқ? Кім кезекші?

-​ Сабаққа дайындаламыз

-​ Сабақты бастаймыз


ІІ. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі

Жаңа ғимараттар мен құрылыстарды жобалау бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылады. Ең алдыменболашақтаы құрылыс туралы жалпы түсінік беретіндей ғимараттың жобалық сызбасы дайындалады. Ол нобай сұлбалық сипатқа ие және сәулеттік шешімдерді көрсетеді. Жобалық міндет негәзәнде техникалық жоба сызбалары көрсетеді. Жобалық міндет негізінде техникалық жоба сызбалары әзірленеді.

Техникалық жоба құрылымына әдетте мыналар кіреді: ғимараттың бас жоспары, қасбеті және тіліктері. Бұл сызбаларды КНжЕ және МЕСТ – тар нормаларын ескере отырып, ғимараттың барлық негізгі өлшмдері белгілінеді, техникалық және санитарлық талаптарға сәйкес жеке бөліктерінің құрастырымдары айқындалады.

Тұрғызылған ,имарат бөлмелерінің жоспарлауын, оның өлшемдері мен құрылыстық құрылымдарын көрсететін сызбаларын орындау сызбалары деп аталады

Тікелей жүргізілген өлшемдер негізінде жасалған ғимарат сызбалары өлшемдік сызбалар деп аталады. Мұны ғимаратқа қосымша қондырма салу немесе реконструкциялау қажет болған жағдайда , ғимаратты ұзындық өлшеуішпен өлшеу арқылы жасайды.

Ғимараттың сызбанұсқасы. Ғимараттың терезе алды тақтайынан сәл жоғары орналасқан, горизонталь жазықтықпен қию нәтижесінде алынған тілігі сызбанұсқа деп аталады. Сызбанұсқада ғимараттың ішкі бөлмелерінің орналасымы, қабырғалардың, басқыштардың, аралыққабырғалардың, санитарлық – техникалық жабдықтардың орналасымы көрсетіледі. Бұдан өзге, сызбанұсқада сыртқы және ішкі қабырғалар мен аралықабырғалардағытерезелер мен есіктердің ойықтары көрсетіліеді.

Өндірістік ғимараттар сызбанұсқасында станоктар, машиналар құрал жабдықтардың орналасымы да көрсетіледі.








Тілік. Ғимаратты тіке ось бойынша қию арқылы алынған кескін тілік деп аталады. Тіліктер фронталь және профильді болуы мүмкін. Егер бірнеше параллель жазықтықтар пайдаланырса, онда тілік сатылы болып табылады.

Тіліктер ғимараттың ішкі бөліктерінің орналасымын айқындап көрсету қызметін атқарады. Тілікке ғимараттың бөлмелері мен ішкі бөліктерінің биіктігін сипаттайтын өлшемдер түсіріледі. Мұнда ішкі өлшемдер ғимарат контурының ішінде, сыртқы өлшемдер сыртында көрсетіледі.

Қасбеті. Қасбеті деп ғимараттың тік жазықтыққа проекциясын атайды.

Қасбетте мыналар көрсетіледі:

  1. Үйлестіруші осьтер;

  2. Жердің деңгейі, кіреберіс алаңы белгілері мен әртүрлі деңгейде орналасқан қасбет элементтері;

  3. Жоспарда, тіліктежәне фрагментте айқындап көрсетілмегенэлемент өлшемдері;

  4. Өрт баспалдақтары, сыртқы су ағар элементтері, терезелердің торлары.

Сәулет-құрылыс сызбаларында көлемді барынша айқындап көрсету үшін кейде түрлі – түстерді де қолданады. Түстер мен сызықтардың көмегімен қасбеттің көркем бейнесін, оның композийиялық құрылымы, пішіні мен пропорцияларын көрсетуге болады.

Суреттің сипаты сызбаның мақсатынан туындайды. Яғни, техникалық жобаларда қасбеттер рең түспен немесе қарындаш сызбасымен және өзгерісті түспен көрсетіледі. Жұмыс жобалардың қасбеттерін, әдетте, түрлі түске боямайды.

Ішкі немесе сыртқы кеңістікті айқындап көрсету үшін перспективалық кескіндер қолданылады. Ал көлемделегін айқындап көрсету үшін қасбетке көлеңке түспейді.


Бақылау сұрақтары

  1. Ғимараттың сызнұсқасы деп неніатайды? Сызбанұсқаға өлщемді қалай алады?

  2. Ғимарат тілігі деген не?

  3. Ғимараттың қасбеті деп нені атайды?

  4. Сызбада тіліктер, қасбеттер, сызбанұсқалар қалай белгіленеді?


Қорытынды осы сабақта студенттерге құрылыс ғимараттарын жобалап, ғимараттың қасбеті мен тілігі туралы мағлұмат беру және сызбасын салуды үйрету , сызбаларды салыстырмалы түрде бағаланады

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2018
1330
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі