400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

"Гимнастикалық орындық үстімен жүру"

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабаққа пайдаланады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



МКҚК «Нұр-Шуақ» бөбекжай – балабақшасы















«Денсаулық» білім беру саласы дене шынықтырудан

«Гимнастикалық орындық үстінде жүру»

тақырыбы бойынша өткізілген

ашық оқу қызметінің технологиялық картасы









Дене шынықтыру нұсқаушысы: Ә.Сапарова















2018-2019 оқу жылы



Бекітемін: ______________

МКҚК «Нұр-Шуақ» бөбекжай – бала

бақшасының әдіскері: Э.Жаксиева

Айы: желтоқсан Аптасы: IІ апта Күні: 11.12

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Өтпелі тақырып:«Дені саудың жаны сау»

Апта тақырыбы: «Біз күштіміз, ептіміз»

Оқу қызметінің тақырыбы: «Гимнастикалық орындық үстінде жүру»

Мақсаты:Бір орыннан ұзындыққа секіруге жаттықтыру.Тепе-теңдікті сақтау және бағдарлай білу біліктерін дамыту. Гимнастикалық орындық үстінде жүруді бекіту.

Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, ойын жаттығулары.

Құрал-жабдықтары: гимнастикалық орындық, түрлі түсті жалауша,теледидар.


Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтің

оқу қызметі

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар марш әуенімен залға кіреді.

Сапқа тұру. Түзел тік тұр.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар.

Бүгінгі ашық оқу қызметімізге келген қонақтармен сәлемдесейік.

Қайырлы таң досым

Қайырлы таң досым,

Бүгінгі күн бізге

Сәттілікке толсын.





-Сәлеметсіз бе, апай!




-Сәлеметсіздер ме,

апайлар!







Бүгінгі біздің ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің тақырыбы:«Гимнастикалық орындық үстінде жүру».

Былтырғы жылы біздің елімізде айтулы шара Елордамыз Астана қаласында Экспо көрмесі өтті. Әртүрлі ғимараттар салынды. Экспо көрмесін көргендерін бар ма?

Экспо көрмесін теледидардан тамашалайық.


Ең қызығы балалар біздің тарихта қалған Экспо көрмесінің символына айналған Күн сәулесі, Су, Қуат энергиялары бізге қонаққа келіпті.

Кәне, қарсы алайық.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Су энергиясы: Балалар, Республикамыздың барлық қалаларын аралап, Экспо ғимараттарын көруге шақырып жүрміз. Сендердің балабақшаларыңа қонаққа келдік.

Күн сәулесі энергиясы: Мен сәулемін, күннен қуат аламын.

Су энергиясы: Мен мөлдірмін, судан қуат аламын.

Қуат энергиясы: Мен қуатпын, жерден қуат аламын.

Үшеуі бірге: Біз бірігіп болашақтың қуатын жасаймыз.







Балалар теледидардан көрсетілетінбейнероликті қызыға тамашалайды.



-Сәлеметсіздер ме!


Ұйымдастырушылық-ізденістік


-Рахмет сіздерге, біздерді де ұмытпай шақыра келгендеріңізге.

Күн сәулесі энергиясы: Балалар сендер денелерінді шынықтырып жатыр екенсіңдер, біздер де сендермен бірге жаттығу жасасақ болама?

-Әрине болады. Ендеше біздің балалармыздың қолдарыннан не келетіннің тамашалаңыздар!

Оңға, солға бұрылу, айналу. 1,2 санайды, 2 дегендер бір қадам алдыға шығады.

Көңілді әуенмен қимылдар жасап дене қыздыру жаттығуын жасайды.

-Сіздерде бізбен бірге дене қыздыру жаттығуын жасаңыздар.


Жалпы дамыту жаттығуларын орындау:

Қуат энергиясы:

-Балалар денемізді қыздырып алдық, сендер түрлі бағытқа бөлініп жүре аласыңдар ма? Түрлі түсті жалаушаларды алып түрлі бағытқа жүрейік.

Су энергиясы:

-Жарайсыңдар, балалар түрлі бағытқа бұрыла алады екенсіңдер. Ал, енді судың жағасына саяхат жасайық.

Бір-біріне қарап отырып көзімізді жұмамыз. Жел соғып, қатты толқын болып жатыр, аспанда шағалалар ұшып жүр. Толқын баяу басылып, өз орнына келіп жатыр. Қане, балалар көзімізді ашайық, біздер судың жағасында отырмыз.

-Олай болса толқын жасай отырып, тыныс алу жаттығуларын орындайық. Енді сол аяғымызды созып, оң қолымызбен толқын жасамыз. Оң аяғымызды созып, сол қолмен толқын жасаймыз. Аяғымызды суға салып, толқын көтерілгенде аяқтың арасын ашып, түсіргенде қосамыз. Суға жүзу жаттығуын жасайық. Толқындар басылғанда балықтар сияқты жүземіз.

Су энергиясы: -Жарайсыңдар, сендерге қарап менде жүзгім келіп кетті. Мағанда толқын жасайсыңдар ма?

Балалар толқын жасайды.

  • Балалар, Су, Қуат энергияларымен бойымызды қуаттап, шынығып алдық. Енді бүгінгі ашық оқу қызметінің негізгі тақырыбына көшейік.

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

- Гимнастикалық орындық үстінде тепе-теңдік сақтап жүру.

-Бір орыннан ұзындыққа тұрып секіру.



-Балалар жаттығу жасап шаршап қалдыңдар ма? Ендеше күн сәулесінен қуат алайық.

Шеңбер болып тұрып тұрады. Ортада Күн сәулесі энергиясы отырады.

Күннің сәулесін балалар ұстап бастарын оңға, солға, артқа, алға жаттығуын орындайды. Оң қолын артқа,







Дене қыздыру жаттығуларын Күн сәулесі, Су, Қуат энергиялары да балалармен орындайды.




Балалар жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.


























Нұсқаушының көрсетіп, түсіндірумен негізгі қимылдарды жасайды.





Күн энергиясының да қимыл қозғалыс


алға сермейді, сол қолын артқа, алға сермеу арқылы жаттығу орындайды. Қос аяқпен секіреміз. Күн шашағын жинап, ашамыз.



Күн сәулесі энергиясы: -Жарайсыңдар балалар күннен қуат алдыңдар ма?



Қимыл-қозғалыс ойыны: «Өз орныңды тап»

Балалар шеңберде тұрады. Нұсқаушының белгісінен соң өз орындарымен қатарға тұрады. Бұл балалардың есте сақтау және жылдам қимылдауларын арттырады.

жаттығуларын қызығушылықпен жасайды.



  • Ия.




Балалар ойынға белсене қатысады.






Рефлексиялық-түзетушілік


Қуат энергиясы: -Дене шынықтыру оқу қызметтерің өте қызықты болды, бірақ бізде басқа балабақшаға баруымыз керек.

Күн сәулесі энергиясы: -Сендер шыныққан шымыр балалар екенсіңдер, Экспо ғимараттарын көруге келіңдер.

Су энергиясы: -Сендермен қоштасатын уақытта келіп жетті.

Қош сау болыңдар балалар. (Экспо ғимараттарын насихаттау мақсатында «Тарихқа саяхат» көрмесін тамашалауға шақыру қағазын беріп кетеді).

-Рахмет сіздерге ғимараттарды көруге барамыз.


-Балалар, бүгінгі ашық оқу қызметімізде кімдер келді?

- Қандай жаттығуларды орындадық.




Қонаққа келген апайлармен қоштасайық.

  • Сау болыңдар, балалар!

Сапқа тұрып марш әуенімен жүріп, топқа оралу.















Балалар оқу қызметінен алған әсерлерімен бөлісіп, жауап береді.



Сау болыңыздар, апайлар!




Күтілетін нәтижелер:

Орындайды: гимнастикалық орындық үстімен жүруді;

Түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын;

Қолданады: жүру дағдыларын.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
3794
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі