Тақырып бойынша 24 материал табылды

Гироскопиялық датчик. ҚМЖ 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сыныпқа арналған Гироскопиялық датчик сабағына арналған ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: 3.3.  Гироскопиялық датчик

3-сабақ.

Бөлім: 

3-бөлім.  Роботтехника

Педагогтің аты-жөні:

Тәкібаева А.Т.

Күні:

23.01.2024 ж

Сыныбы: 5 «А»

Қатысушылар саны:  11                 Қатыспағандар саны: 1

Сабақтың тақырыбы:

3.3.  Гироскопиялық датчик

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.3.4.4  гироскопиялық датчиктің жұмыс істеу принципін түсіндіру;

5.3.3.1 роботтың бұрыштық бейімділігін анықтау үшін бағдарламалар жасау.

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар:

  • гироскопиялық датчик ұғымы мен жұмыс режімін анықтайды.

Көптеген оқушылар:  

  • гироскопиялық датчиктің жұмыс режімін салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • гироскопиялық датчикті қолданудың маңыздылығын тұжырымдайды.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты  байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

https://wordwall.net/ru/resource/67073706 оқушылар сілтеме бойынша өтіп, адасқан әріптердің ішінен дұрыс терминдерді құрастырады.

Сұрақтарға жауап:

- Датчик дегенміз не?

- Қандай бұрыштарды білесің?

- Lego Mindstorms EV3 программасын білесің бе?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. 

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. 

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен  ынталандыру.  

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

Оқулықпен жұмыс.. Мұғалім оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация).


Роботты 90 градусқа бұру (практикалық жұмыс)

Роботты тұрған орнынан 90 градусқа бұратын программа кодын  құрастыр. Программада төмендегі блоктар қолданылады:

  1. Робот қозғалысы үшін Независимое управление мотором (Моторды тәуелсіз басқару) блогын таңдаймыз. Робот бір доңғалағы алға 10 см/секундпен, ал екінші доңғалағы артқа –10 см /секунд қозғалыс жасайды. 

  2. Ожидание (Күту) блогында гироскоп датчигінің параметрлерін енгіземіз. Роботтың бұрылу кезінде бұрылыс мәні градуста 90-ға тең болуын күтеді.

  3. Роботтың қозғалыс бұрышы 90 градусқа жеткенде  Независимое управление мотором (Моторды тәуелсіз басқару) блогында моторды өшіреді.   

Дескриптор:              Жалпы - 6 балл.


  • роботты қозғалту блогын анықтайды;

  • гироскоп датчигінің параметрлерін анықтайды;

  • робот қозғалысын аяқтау блогын қолданады


5-сынып оқулығы

компьютер



Жеке жұмыс

«Қызықты викторина» Тақта көрсетілген сілтеме бойынша, сабақта өткен жаңа терминдердің қазақша атауын табады

https://learningapps.org/watch?v=pk3t8wmv524

Берілген тапсырманы дұрыс орындайды. 

Дескриптор:              Жалпы - 4 балл.

Терминдерді қазақша айтып үйренеді.

5-сынып оқулығы

компьютер

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



«Жетістік баспалдағы» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:  - Жасыл-ең биік шыңы

Сары- ортасы

Қызыл- төменгі баспалдақ


Оқушылар сабақта алған білімдерін «жетістік баспалдағының» қай шыңына жеткендерін айтып, себебін түсіндіреді.


Мұғалім оқушыларды  «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? 

Бағалау.  Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды  іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын 

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1: 

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені  анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

  2:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2025
147
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11