400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспарын жас мамандар өз сабақтарында пайдалана алады.Оқушыларды аналарын сыйлауға,құрметтеуге,аталы сөздерге тоқтай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

1. Ғ.Мүсірепов өмірі мен айырмашылығына тоқталу

2.Әңгіменің мазмұнын меңгерту,тақырыбын,идеясын ашу,аңыз туралы әдеби-теориялық ұғымын кеңейту

3.Аналарды сыйлауға,құрметтеуге,аталы сөздерге тоқтай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі:баяндау,талдау

Сабақтың көрнекілігі: Ғ.Мүсірепов суреті,мақал-мәтелдер жинағы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.оқушылармен амандасу

2.оқушыларды түгендеу

3.сыныпты топқа бөлу (фигуралар арқылы)

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

1.С.Мұқанов «Саятшы ораз» әңгімесін мазмұндау,сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты пысықтау.

а) С.Мұанов жайлы не білеміз?

ә) Шығармаларын ата?

б) Есіл бойында әңгімесі не жайында?

Жаңа сабақ:

М.Дулатовтың «Кім,балалар сендерді сүйетұғын» өлеңін оқи отырып оқушыларды ойландыру (балалар көздерін жұмып отырып ойланады)

Мұғалім: Көз алдарыңы ең жаныңа жақын адамды елестетіңдер

Оқушы: Мен көз алдыма анамды елестетер едім

Мұғалім: Кім қандай ой (кім туралы) ойлады?

Оқушы: Мен анамды ойлап отырмын,оны қатты сағындым

-Дұрыс айтасыңдар балалар олай болса,біз бүгін Ғ.Мүсіреповтың «Ананың анасы» деген әңгімесімен танысамыз.

Кіріспе:

Ғ.Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысын Жамбыл ауданында Ғ.Мүсірепов ауылында дүниеге келген.1908-1910 жылдары ауыл молдасынан дәріс алып діни сауат ашқан.1916-1918 жылы 2 сыныптың ауылдық орыс мектебінде , 1918-1921 жылы жоғары бастауыш мектебінде оқыған.1934-1936 жылдары қазақ әдебиеті «Социалистік Қазақстан» газетінің бас редакторы,1938-1955 жылдары шығармашылық жұмыспен айналысқан.

Әңгімелері - «Ананың анасы», «Ер ана», «Талпақ танау»

Повестері - «Қос шалқар», «Тулаған толқында»

Романдары - «Қазақ солдаты», «Оянған өлке»

Драмалары - «Қыз Жібек», «Қозы көрпеш – Баян сұлу»

Балладалары - «Жапон балладасы»

Ғылыми еңбектері - Заман және әдебиет,Суреткер парызы,Дәуір дидары.



Талдау (постермен жұмыс)

І топ-әңгіменің авторы,тақырыбы,әдеби жанры,идеясын анықта

ІІ топ-шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау (басталуы,байланысы,шиеленісуі,шарықтау шегі,шешімі)

ІІІ топ-жағымды,жағымсыз кейіпкерлерді табу,әдеби-теориялық ұғымдар.

Қолдану

І топ-Ана туралы мақал-мәтелдер жазу

ІІ топ-«Ана-сарқылмас күш»тақырыбында эссе жазу

ІІІ топ-Ана,қайратты,батыл,қорықпайды деген сөздерге бес жол өлең шығару

Жинақтау

-Балалар, бүгінгі қоғамда болып жатқан түрлі оқиғаларды естіп жүрегіміз ауырады.Аналарын қарттар үйіне өткізіп жатады.

-Балалар, бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе,ең жақынымыз анамызды құрметтеп,қастерлеп жүруіміз керек.

-Демек,ақын М.Шахановтың «Төрт ана » атты өлеңін оқи отырып бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Сабақты қорытындылау

Бағалау

Үйге тапсырма: 1. «Ананың анасы» әңгімесін оқып, мазмұндау

2. «Ғ.Мүсіреповтің «Ана» тақырыбында жазылған басқа да шығармаларын оқып келу.

Рефлексия







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
571
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі