Ғ.Мүсірепов “Ұлпан” романы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғ.Мүсірепов “Ұлпан” романы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлпан романының екінші сағатына алуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқa мерзімді (сабақ) жоспaры

Бөлiм:

Адам жанының құпиясы


Педагогтің Т.А.Ә.

Дюсенгалиева Даражат Бекбулатовна


Күні:


Қатысушылар саны:


Қатыспағандар саны:


Сынып:

9 «Б»


Сабақтың тақырыбы

Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романы. «Сыйластық», «Құда түсу» бөлімі


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.1.2.1. Әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;

9.2.4.1. Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу;




Сабақтың мақсаты

Әдеби шығармадағы кейіпкерлердің ішкі сезімін, көңіл-күйін анықтайды;

Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазады


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті


Оқушының әрекеті


Бағалау


Ресурстар


Сабақтың басы


3 минут







5 минут


1.Жағымды психологиялық орта қалыптастыру.Сәлемдесу. «Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!» әдісі арқылы оқушыларға 10-15 секунд аралығында іштей өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, өзіне тілегенді жұптасына айтады.

2.Алдыңғы оқу тапсырмасы: «Серпілген сауал» әдісі арқылы үйден оқыған бөлімдеріне шолу жасайды.

1.Шығармаға арқау болған 3 оқиғаны анықтап, үзіндіге өз атауларыңымызды ұсынайық.

2.Ұлпанның ақылдылығын көрсететін эпизодтардан үзінді келтірейік.

3.Есенейдің жағымды және жағымсыз образ ретінде сипаттайтын дәлелдерді табайық.

4. Есеней мен Артықбай арасындағы қарым-қатынасты қалай атар едіңіз?

3. Топқа бөлу. Мақал-мәтел арқылы топқа бөлінеді. 3. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары таныстырылады.

Сәлемдеседі.

«Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!» әдісі арқылы оқушыларға 10-15 секунд аралығында іштей өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілейді. Содан кейін жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, өзіне тілегенді жұптасына айтады.Оқушылар роман үзіндісінде кездесетін мақал-мәтел арқылы топқа бөлінеді. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын тыңдайды.























ҚБ. Оқушылар дұрыс жауап бойынша бірін-бірі бағалайды












1



Сабақтың ортасы



5 минут









7минут










8 мин










Сабақтың аяқталуы.

8минут

1-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Екі жақты күнделік» әдісі. Әр жұп үзінді арқылы кейіпкерлер психологиясын анықтап жазады.

Дескриптор:

Үзінділер табады;

Кейіпкерлер психологиясын анықтап жазады;

Берілген үзіндіні сәйкестендеріңіз

2-тапсырма. Жеке жұмыс «Төртсөйлем әдісі» 1.«Қара биесі жоқ үй –қымызы жоқ үй, сары биесіне-самауырға тезірек ұмтылады » деген сөйлемнен қандай стильдік ерекшелік көрінеді?

Елтірі бөрік, пұшпақ ішік, қаптырмалы бұлғары белдік, шоңқайма етік сынды ұлттық киімдер туралы білетінімізді ортаға салып, автордың Ұлпан портретін жасаудағы ерешелігін анықтайық.

Дескриптор: Себебін жазады;

Дәлелін табады;

Қорытынды шығарады

3-тапсырма

Топтық жұмыс «РАФТ» әдісі (кейіпкерге хат, эссе, өлең) Ұлпан - өз бақыты үшін күрескен өжет қыз.

Дескриптор: Оқушылар рөлді, аудиториясын, рөлін, тақырыбын таңдайды;

Шығармашылық жұмыс жасайды;

Бүгінгі сабақта нені меңгердік: І бөлімімен таныстық;

Кері байланыс. «Бес саусақ»

Ең құнды мәселе қандай болды?

Топта, жұпта қалай жұмыс жасадым

Бүгін қандай білім алдым?

Сабақ маған ұнады ма?

Өзімді қалай сезіндім?

Үйге тапсырма

2 минут Оқу тапсырмасы: Оқулығымыздан келесі үзіндіні оқып, Ұлпан қайталанбас біртуар ұлы тұлға екенін дәлелдейді. Ұлпандай ел анасы арамызда бар ма?- деген сұрақтарға жауап іздейді. Қазіргі өмірмен байланыстырады

Оқушыларды бағалау.



«Екі жақты күнделік» әдісі. Әр жұп үзінді арқылы кейіпкерлер психологиясын анықтап жазады.

«Қара биесі жоқ үй –қымызы жоқ үй, сары биесіне-самауырға тезірек ұмтылады » деген сөйлемнен қандай стильдік ерекшелік көрінеді?

Берілген үзіндіденҰлпан портретін жасаудағы ерешелігін анықтайық.


Топтық жұмыс «РАФТ» әдісі (кейіпкерге хат, эссе, өлең) Ұлпан - өз бақыты үшін күрескен өжет қыз.


Шығармашылық жұмыс жасайды;
















































«Дескриптор арқылы бағалау»








ҚБ. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.



Қ\Б Мадақтау











































2











3











4










5










6





































Қосымша материалдар


1



2

«Болжау» әдісі.

Оқушыларға романның прологы ұсынылады.

Ғабиттің жазушылығының, тұтас алғанда, өзіне тән бірнеше өзгешеліктері бар: бірінші – бойына сіңбеген тақырыпқа жармаспайды; екінші – бойына сіңірген тақырыбын тез жазып тастауға асықпайды, сондықтан шығармаларының шикісі аз болады; үшінші – жазатын тақырыбына күн таңдайды, күйі жетпесе, игерген тақырыбын да жаза қоймайды; төртінші – шығармасына өте ұқыпты, сондықтан хал-қадірі жеткенше олпы-солпысыз шығарады; бесінші – тілге үнемшіл, сипаттап, суреттеп отырған оқиғасына жәрдемі жоқ сөзді қолданбайды; алтыншы – жарқылдақ сөздерді көбірек қолданып, шешен сөйлеуге тырысады; жетінші – адам портретін жасауға қазақ шеберлерінің ең шеберінің бірі.

Сәбит Мұқанов

Оқушыларға болжау сұрақтары қойылады.

  • Шығарма не туралы?

  • Шығармада қандай идея көтерілуі мүмкін?

  • Шығарманың өмірмен байланысы бар ма?



3


Жеке жұмыс

1-тапсырма. Шығарманың композициялық құрылымын ұсынылған сюжеттік желі бойынша жаз.

Шығарманың сюжеттік құрылымы:

1. Оқиғаның басталуы – Есенейдің көші

2. Оқиғаның байланысуы – Ескі доспен кездесу

3. Оқиғаның дамуы – Ел ісіне араласқан Ұлпан

4. Оқиғаның шиеленісуі – Есенейдің қайтыс болуы

5. Оқиғаның шарықтау шегі – Біжікеннің (Бибіжиһанның) ақырғы сөзі.

6. Оқиғаның шешімі – Ұлпанның у ішіп қайтыс болуы


ЕБҚ оқушы үшін тапсырма.

Шығарманың композициялық құрылымын ұсынылған сюжеттік желі бойынша сәйкестендір.


Оқиғаның басталуы



Ескі доспен кездесу

Оқиғаның байланысуы



Біжікеннің (Бибіжиһанның) ақырғы сөзі.

Оқиғаның дамуы



Есенейдің көші

Оқиғаның шиеленісуі


Ұлпанның у ішіп қайтыс болуы

Оқиғаның шарықтау шегі



Ел ісіне араласқан Ұлпан

Оқиғаның шешімі



Есенейдің қайтыс болуы









4




















Қысқa мерзімді (сабақ) жоспaры

Бөлiм:

Адам жанының құпиясы

Педагогтің Т.А.Ә.

Дюсенгалиева Даражат Бекбулатовна

Күні:


Қатысушылар саны:


Қатыспағандар саны:

Сынып:

9 «Б»

Сабақтың тақырыбы

Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романы – аналардың асыл бейнесі»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.3.1.1. Шығарманы басқа өнер түріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

Сабақтың мақсаты

«Ұлпан» романын басқа өнер түріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды;

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті


Оқушының әрекеті


Бағалау


Ресурстар



Сабақтың басы


3 минут







2 минут


  1. минут

Жағымды психологиялық орта қалыптастыру.

1.Сәлемдесу. Сыныпты түгелдеу

2.Алдыңғы оқу тапсырмасы:

Ұлпан романынан көркемдегіш құралдарды табу.

«Ұлпан »- өмірде болған Ұлпандай асыл жанға қойылған көркем әдеби ескерткіш.

Ұлпанды неге асыл жан санадым?

Оның қадір-қасиеті Сибан елі үшін неліктен соншалықты қымбат?

Ұлпан дүние байлыққа қызықпаған адам. Қадірлі болуы ел қамын, ағайын бірлігін жеке басының бақытынан жоғары қоюынан. Өз ойларымен бөлісу.

3.Ой шақыру.

Кинолента әдісі арқылы Ұлпан-ел анасы екенін көріп, романды еске түсіру.

4. Топқа бөлу. Quiz платформасы арқылы топқа бөлінеді.

5. Суреттер галлереясы арқылы жаңа сабақтың тақырыбын болжау. Оқу мақсаты мен сабақ мақсаты таныстырылады.

Сәлемдеседі.



Үй тапсырмасына өз ойларын айтып қорытындылайды.



















Бейнебаянды тамашалап ой бөліседі.



Оқушылар сабақтың тақырыбын болжап айтады.

Оқу мақсаттарын тыңдайды.
























ҚБ. Оқушылар дұрыс жауап бойынша бірін-бірі бағалайды












1




Сабақтың ортасы



5 минут






























8 мин




















Сабақтың аяқталуы.

7 минут

1-тапсырма. Топтық жұмыс. «Бейне ашу» әдісі

«Ұлпанға сыңар тұлға» Венн диаграммасы Ітоп

АDrawObject2 DrawObject1 йғаным мен Ұлпан бейнесін салыстыру



ІІ топ

Әмина қажы мен Ұлпан бейнесін салыстыру.

ІІІтоп

Домалақ ана мен Ұлпан бейнесін салыстыру.

Дескриптор:

Кейіпкерлердің ерекшеліктерін анықтайды;

Іс-әрекетіне мысал келтіреді;

2-тапсырма Жұптық жұмыс

Т кестесі әдісі. Ұлпан романының тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңіз. Эссе жазу, ойтолғау.

Дескриптор:

Тарихи құндылығына баға береді;

Көркемдік құндылығына баға береді;

Эссе, ойтолғау жазып ойларымен бөліседі;

Сергіту сәті:

«Ақ сүйек» ойыны

Берілген тірек сөздерді сөйлету.

Шылбыр, қымыз, сал, қорлық, Сибан, аға сұлтан, барымта.

3-тапсырма Жеке жұмыс. Шығарма басында суреттелген Ұлпан мен Есенейдің жары болған Ұлпанды салыстырып, оларға тән ерешелік, айырмашылықтарды анықтайық.

Дескриптор:

Ұлпанның романың басында және соңында қандай болғанын анықтау;

Ұлпанға тән ерекшелік пен айырмашылықты суреттеу;

Бүгінгі сабақта нені меңгердік:

Аналардың бейнесін салыстырып, айрмашылығы мен ұқсастығын анықтадық.

6 . Рефлексия

«Сұрақ-жауап» әдісі

1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды?

2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз?

3. Сіз үшін бүгін не қиын болды?

4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз?

«Ұлпан» романынан автор сөзі: «Менің ойыма өз заманынан бұрын туып, арманда кеткен үлкен жанның бейнесі біржола ұялап, шегеленіп қалды. Қанша жыл ойымда жүрсе де, қашанғы әдетім бойынша кешігіп жарық көрген «Ұлпан» сол бейнеге, сондай бейнелерге арналады

7. Үйге тапсырма

2 минут «Ұлпан» романының кейіпкерлеріне байланысты «Егер мен автор болсам» деген тақырыпта әдеби эссе жазу

8.Оқушыларды бағалау.












Ітоп

«Бейне ашу» әдісі арқылы Айғаным мен Ұлпанды салыстырып, венн диаграммасын толтырады.

ІІ топ Әмина қажы мен Ұлпан бейнесін салыстырып, венн диаграммасын толтырады.

ІІІтоп Домалақ ана мен Ұлпан бейнесін салыстырп, венн диаграммасын толтырады;

Жұптық жұмыс арқылы романның тарихи және көркемдік құндылығын Т кестесіне салады немесе баға беріп, эссе, ойтолғау жазады.

Ақсүйек ойыны арқылы оқушылар ұлттық құндылығымызды еске түсіріп, ұлттық ойынын ойнап, ақсүйекті іздеу арқылы романдағы тірек сөздердің мағынасын ашады;



Жек жұмыс жасау арқылы роман басында Ұлпан қандай болды?

Роман соңында қандай болды? Айырмашылығы мен ерекшелігін айтып, романға шолу жасайды.






Бүгінгі сабақтан алған әсерін рефлексия арқылы өз ойларын айтып, кері байланыс жасады;









































«Дескриптор арқылы бағалау»
















ҚБ. «Бағалау сэндвичі» әдісі арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды. Бір-біріне сындарлы сын айтып, соңында тағы да жағымды пікір білдіреді.Мысалы: «Маған .....ұнады», себебі.... .Енді/келесі жолы .... жетілдіруге болады деген ойдамын. Сонымен қатар ... жақсы шыққан, себебі ....».


Қ\Б Мадақтау











































2











3











4










5










6























Есеней казір діндар адам болғанмен, бір кезде аса өркөкірек, озбыр би болатын. Орыс шегарасын паналай отыратын Нұралы деген момын елін барлық жерін тартып алып, далаңкы жайлауға карай айдап тастағаны бар-ды. Момын ел қарғап-сілеп кеткен екен - келер жылы Есенейдін екі ұлы карашешектен бір күнде, бір сәттің ішінде бірге өліп кетті.

Балаларын жерлеп қайтқан күні карашешек Есенейдің өз денесіне де қаптап білініп келеді екен. Шілденің кайнап тұрган ыстык кезі еді. Өркөкірек батыр адам баскаларда жоқ ірі мінез керсетті. Атына міне салып, қозыкеш жердегі «Әулиесор» атанған тұзды көлге тыр жалаңаш періп кетті. Артынан келген адамдарга осы араға үй тіккізуге, сусын әкелуге бұйрық берді де, суы жылы сор көлге күні-түні шомыла берді, шомыла берді. Қорасан шыққанда дуылдап қышитын денені қасымауға шыдады. Бақсы-құшнаштарды да маңайына жолатқан жоқ. Сордың суында қорасанға дауа болғандай қандай қасиет бар, оны ешкім білген емес, әйтеуір, Есеней бар денесіне бармақтай-бармақтай қара таңба түссе де, аман қалады. Содан бері әйелі де бала тапқан емес. Қорлық-зорлық көрген Нұралы елінің қарғысына ұшырап, ұрпақсыз қалдым деп біржола сеніп болған. Бірбет, өркеуде адам содан кейін намазға мойындады. Білмейтін, түсінбейтін істің айнымас құлы болып кетті.




...Есенейдін бүгінгі көрген бойжеткен қызы - сол Ұлпан. Бұдан он үш жыл бұрын көрген бала кыз әлдеқашан есінен шығып кеткен еді. Енді, міне, бүгінгі батылдығымен, бала кезіндегі еркелігімен, мақпал кара меңімен көз алдында тұрды да қалды. Ерке болушы еді, ығыспай сөйлейтін қыз болыпты-ау!.. Зейінді, зерделі боларсың деп ойлап кетіп еді, ойлағаны келген де қойган. Ұтқызбай кетті ғой!

Әлдекім әлдеқашан айттырып, құда түсіп қойған болар-ау...Оған сөз жоқ қой. Ит-ай, не деген маңдайы жарылып туган ит еді! Қазақ бесігінде жатқан баланы да айттыра береді. Кедейленіп қалган батыр әлдеқашан қалың малын алып жеп те қойган болар. Шешесі Несібелі сұлу да сүйкімді кісі еді, соган тартқан гой. Мінезі де шешесіне тартса ақ жаркын, ашык, аккөңіл болар. Ол бір таптырмайтын мінез ғой. Өзіне сәукеле қандай жарасар еді!



















5

ЕБҚ оқушы үшін тапсырма.


Берілген тірек сөздерді пайдаланып, авторға хат жолда.

Тірек сөздер: үлкен Есеней, Ұлпан Есеней, жұрт, үлкен адам.


Дескриптор:

- авторға хат жолдайды – 1 б.


6


ТЖ.

4-тапсырма.

Шығармадан берілген үзінді арқылы Ұлпан қайталанбас біртуар ұлы тұлға екенін, Ұлпандай ел анасы арамызда бар ма деген сұрақтарға жауап іздеп, ойыңызды дәлелдеңіз.

... Бұл елде екі адам Сибан болса, Ұлпан – сол екеуінің бірі, біреу болса, сол біреудің өзі – Ұлпан! Ұлпан – тек Сибан ғана емес, он бес жылдан бері осы елдің Есенейі. Есенейдің өзі атап кеткен – Есенейі! Сіздер Ұлпанды жесір қалған қатын деп отырсыздар, Сибан оны «әулие Ұлпан» дейді. Сибан қандай талқыға түссе де, осы ойынан айнымайды.


Дескриптор:

- Ұлпанның қайталанбас тұлға екенін дәлелдейді – 1 б.

- Ұлпандай ел анасы арамызда бар екендігіне мысал келтіреді – 1 б.

- Ұлпан образын қазіргі өмірмен байланыстырады – 1 б.



7

«321» әдісі

Шығарма бойынша үш факт:

1.------------------------------

2.------------------------------

3.------------------------------

Авторға туындаған екі сұрақ:

1.-------------------------------------

2.-------------------------------------

3.-------------------------------------

Қызығушылық танытқан бір нәрсе:

1.---------------------------------------


8

Рефлексия пирамидасы

Оқушы төрт бөліктен тұратын рефлексия пирамидасының 1-қабатына үйренген төрт нәрсесін, 2-қабатына бұған дейін білген үш нәрсесін, 3-қабатына көбірек білгісі келетін екі нәрсесін, соңғы қабатына еске сақтау керек бір нәрсесін жазады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
16.08.2024
312
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі