Материалдар / Ғ.Мүсірепов "Ұлпан" романынан үзінді
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғ.Мүсірепов "Ұлпан" романынан үзінді

Материал туралы қысқаша түсінік
Аттестация материялы ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қырқүйек 2019
3985
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мектеп: С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романынан үзінді

Күні: 24.04.2018ж

Пәні: Қазақ әдебиеті

Мұғалімі: Карабаева А

Сынып: 9 «В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романына сатылай кешенді талдау жасау, сюжеттік жоспар құру. Шығармада кездесетін шешендік сөздердің, мақал-мәтелдердің қолданылу мәнін түсіндіру. Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау. Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау. Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романының кейіпкерлер бейнесін аша алады. Оқушылардың шығармаларды оқуға деген ынтасы артады, көркемсөз оқу шеберлігін, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыра алады. Өзге шығармалармен байланыстыру, салыстыру, зерттеу дағдыларын қалыптастыра алады, өз бетімен ізденеді.



Тілдік мақсат

Оқушылар: Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту, талдау және салыстыра білу дағдыларын қалыптастыра алады.

  • Істей алады

Негізгі сөздер мен тіркестер: Ғ.Мүсірепов өз шығармашылығында аяулы, асыл, қасиетті аналар образын бейнелеуге ерекше назар аударған суреткер жазушы.

Талқылауға арналған тармақтар: 1.Шығармаға сатылай кешенді талдау жасау. 2.Шығармаға сюжеттік жоспар құру.

Құндылықтарды дарыту

Жаһандық-азаматтық: Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы, кейіпкерлер бейнесін талқылауда байқалады. Құндылықтарды дарыту топтық, жұптық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар бір-біріне құрмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, сурет, графика, музыка

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдану және презентация жасау барысында жүзеге асады.

Алдыңғы оқу

Ғ.Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар



1-3мин.





4-6мин.

























7-12мин.







11-15мин.

  1. І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен сәлемдесу, кезекші мәліметін тыңдау, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару. 2.Тренинг ұйымдастыру. «Мен ғажаппын» 

  2.  «Адамзат табиғаттарының терең қасиеттерінің бірі - адамдардың өз дәрежесінде бағалануына деген құштарлық болып табылады» деп Уильям Джеймс айтқандай, әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соншалықты лайық болады. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Мысалы«Мен мейірімдімін», «Я добрая», «I `m kind»  деген жылы сөздерді үш тілде айтып, тұлға ретінде қалыптасуымыз үшін өмірлік іс-әрекеттерімізді лайықты бағалай білейік.

Қолданылған үш тіл бойынша топтарға бөлінейік. Қазақ тілінде айтқан оқушылар - «Ұлпан» тобына, орыс тілінде айтқан оқушылар - «Есеней» тобына, Ағылшын тілінде айтқан оқушылар - «Артықбай» тобына бөлінеді.

І топ «Ұлпан» тобы, ІІ топ «Есеней» тобы, ІІІ топ «Артықбай» тобы. «Үміт ағашы» әдісі бойынша оқушыларға сабақ басында екі түсті «стикер» беріледі. Сабақ соңында оны білім ағашына ілу керек. Жасыл түсті стикер – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын. Менің көңіл-күйім көтеріңкі. Сары түсті стикер – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ. Топ басшыларына бағалау парақшасын беріп, топ мүшелерін бағалап отыру керектігін айту.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:  Өресі биік өнер иесі, әдебиетке 20-жылдардың екінші жартысында келген жазушы Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің қаламынан туған бірнеше шығармаларының тақырыбымен, мазмұнымен танысып келдік. 
Ғ.Мүсірепов өз шығармашылығында аяулы, асыл, қасиетті аналар образын бейнелеуге ерекше назар аударған суреткер жазушы. 

Балалар, Ғ.Мүсірепов туралы бейнероликке назар аударайық. «Стикердегі диалог» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау 1.Ғ.Мүсірепов қай жылы, қай жерде дүниеге келді? 2.Ғ.Мүсіреповтің шығармалары қандай тақырыптарға арналады?

(Отан, туған жер, ана, өнідіріс, табиғат, махаббат, ерлік)
3.Ана, әйел тақырыбында жазылған шығармаларын атаңыз?  (“Өлімді жеңген ана”, «Ер ана», Ақлима, «Ананың анасы», «Ұлпан», «Ананың арашасы»

4. «Ұлпан» романында қазақ өмірінің қандай оқиғалары қамтылған?

5.«Ұлпан» романынан қандай кейіпкерлерді білеміз? (Ұлпан, Есеней, Еменалы, Артықбай, түркпен Мүсіреп, аңшы Мүсіреп, Торсан, Шынар, Жәуке, Несібелі, Біжікен, т.б.)



Үлестірме Слайд

А4 парағы

















Стикер

топтық бағалау парағы.



Видио 3мин

Интер. тақта



Үлестірме Стикер








Ортасы 16-25мин.































































1мин.

III Жаңа сабақ

 1. «Тарих картасы»  графикалық органайзері. Әр топқа қағаз қиындылыры беріледі. Сол қағаз қиындыларын дұрыс құрастырса берілген тапсырма дұрыс орындалады және бір бейненің суреті шығады. Оқушының көзқарасы мен өз пікірін қорғау шеберлігі есепке алынады. 1. «Ұлпан» тобы Шығармаға сатылай кешенді талдау жасау.
Шығарманың аты: «Ұлпан» романы
Шығарманың авторы. Ғ. Мүсірепов
Шығарманың тақырыбы: ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтар суреттеледі.
Идеясы: қазақ әйелдерінің бойындағы парасаттылық пен көрегендікті, мейірімділік пен шыдамдылықты, жарына, еліне деген сүйіспеншілікті, ұрпақ тәрбиесін бекем ұстанған асыл аналарды дәріптеген.
Жанры: проза (роман)
2. «Есеней» тобы Шығармаға сюжеттік жоспар құру.

1.Қалың Керей - Уақтың билігін қолында ұстаған - Есеней мен Артықбай батырдың достығы, Есенейдің Артықбайдың үйіне келуі.

2.Ұлпанды құтқаруы.

3.Ұлпанды айттыруы.

4.Той қамы, Есенейдің билік құруы.

5.Ел қарызын өтеуі.

6.Орыс үйіне келуі,тіршілік бейнесі.

7.Есенейдің құлауы, Ұлпанның Ақнар атануы, айналасы он - он бес жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады.

8.Қорлыққа шыдай алмаған – Ұлпан.

9.Ұлпанның қарғысына ұшыраған - Торсан

«Ұлпан» романы 3 бөлімнен, 24 тараудан тұрады. «Ұлпан» романында негізгі қосалқы, үлкенді кішілі тоқсанға жуық кейіпкер бар. Шығарманың оқиғасы XIX ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтарға негізделген. Романның Ұлпан, Есеней, Мүсіреп, тәрізді кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Романның атына лайық, оның ең басты кейіпкері - Ұлпан. Ұлпан- романтикалық характер. Ұлпандай тарихи адам өмірінің тарихи шындығын жазушы асқан дәлдікпен суреттеп, өз ортасынан оқшау шыққан адам екенін көрсетіп, қаһармандық қасиеттерімен әрлейді. Батырдың ерке қызы шаңырақтың берекесі, үйдің киесі болып, жоқты бар, азды көп етіп отырады. Он саусағынан өнер тамған Несібелі ананың ұяда берген тәрбиесінің арқасында Ұлпанға тек Есеней ғана емес, бүкіл ел қызығып, сүйсінген. «Ұлпан» романын жазудан бұрын жазушы 1941 жылы Қызылжардан Қожабай көлінің маңындағы Лебяжі теміржол станциясына алып келеді. Осы станция Сибан зиратының маңынан өткен екен.Сол кезде зират аралап жүріп Исахмет молдаға кездеседі… Қазірде бұл “Ұлпан” станциясы деп аталады екен. 1974 жылы роман дүниеге келеді. Романда 100 жылдық тұрмыс суреттеледі.

Негізгі оқиға желісі: Ұлпанның ақылдылығы арқасында бүкіл Сибан елінің ел қатарына қосылуы. Ұлпанның ерен еңбегі, ақылды жомарттығының арқасында ел анасы атанып, дүниеден бақытсыз болып өтуі.
3.«Артықбай»тобы  Шығармада кездесетін шешендік сөздердің, мақал-мәтелдердің қолданылу мәнін түсіндіріңіз. ( «Сорлының зары арлыға кездескей», «Малым, жаным садағасы, жаным арым садағасы», «Байлық, бір жұттық, батыр, бір оқтық», «Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар», «Құдыққа құлан құласа, құрбақа құлағында ойнар», «Қыс азығын жаз жимай, жарлы қайдан байысын», «Баласыз әйел-панасыз әйел»)

Сергіту сәті: Жүректен жүрекке.


1.«Ұлпан» тобы

«Дананың кілті» Романда автормен келіспейтін оқиғалар мен идеяларға қарсы шығыңыз, өз пікіріңізді қорғаңыз.

1) Мен осы романды оқып отырғанда өзім сол кезді көзіммен көріп тұрғандай сезімде боламын. Көп шығармаларды оқып жүрсем де, мұндай шығарма маған әлі кездескен жоқ. Бірақ бұл шығарманың соңын оқығым келмейді. Осындай керемет шығарманы автор неге сонша аянышты етіп сомдағанын түсіне алмадым.

2) Бұл романдағы Ұлпан мен Есенейдің махаббатына таң қалмауға болмас. Есеней Ұлпаннан қырық жас үлкен болса да, сыйластықпен, сүйіспеншілікпен бар өмірін осы кісіге арнаған. Екеуінің еліне сіңірген еңбегі түбінде зая кетіп, Есеней де, жалғыз қызы Біжікен де, одан туған бала да өмірден өтеді. Осындай үлкен махаббаттан ұрпақ қалмағаны мені қатты өкінтеді. Егер мен Мүсіреповтың орнында болсам, Ұлпан өмірінің соңы өз үйінде емес, өзін-өзі улап, қорлықта өткізгенін дұрыс көрмей, романның аяғын басқаша аяқтаған болар едім.


Автор ойы Менің ойым...










2. «Есеней» тобы

«Сөздер банкасы» әдісі арқылы шығармада ғана кездесетін сөздерді теріп жазу.

Құсбегі, Оспан, Аңшы, Теміржол, Намаз, Дарға асу, Қалың мал, Әнші, Шынар, Қамқа.










3.«Артықбай» тобы

«Қос құты» әдісі 20 - жылдарда жазылған ана, әйел бейнесі көрінетін шығармалар мен «Ұлпан» романын салыстырыңыз. (М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Ұлжан ана мен Ұлпан бейнелерінің ерекшеліктері мен ортақ қасиетін анықтау.
(Ұлпан ---------------------------- Ортақ қасиеттері ---------------- Ұлжан.)

«Нүкте» әдісі.

Біздің қоғамда осындай яғни Ұлпан, Ұлжан сияқты аналар бар ма?


Маркер

Үлестірме Стикер А4 парағы АКТ суреттер































































Үлестірме Стикер

АКТ

А4 парағы

Аяқталуы

35-40мин.


Кері байланыс: Оқушылырға сұрақ қою арқылы кері байланыс жасау.


Үйге тапсырма: «Ұлпан - ел анасы» атты тақырыбында эссе жазу.


Оқушылардың білімдерін топ басшылармен бірлесе отырып топтық бағалау.

Кері байланыс парағы Білім ағашы Топтық бағалау парағы

Қосымша ақпарат :

Рефлексия.

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?











Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. ...

  2. ...

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. ...

  2. ...


Тексерілді: Асылбеков П.















































































































































































770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!