Ғ.Мүсірепов "Ұлпан"романы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғ.Мүсірепов "Ұлпан"романы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғабит Мүсірепов «Ұлпан»романындағы жазушының образ сомдаудағы шеберлігі
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім: «Адам жанының құпиясы»

Мектеп: Таңбалытас ОМ

Күні:26.02.2025ж

Мұғалімнің аты-жөні:Раева Р.Т

Сынып: 9

Оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ғ. Мүсірепов "Ұлпан" романындағы жазушының образ сомдаудағы шеберлігі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау;

Сабақтың мақсаттары

Шығармадағы автор бейнесін анықтайды;

Автор бейнесінің идеялық рөлін талдайды;

Жоспар

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3мин




2мин

  • Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару

  • Үй жұмысын сұрау

Оқушылар, тест сұрақтарына жауап беріңдер


  • Қызығушылығын ояту

Ғ.Мүсірепов туралы видео көрсетіледі

https://youtu.be/DjpXqtYnqno?si=38wS2M9IAGa9Cp2V


  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.



Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.


Кейіпкерлердің образын ашады

Дескрипторы:2

1-4дұрыс жауап

5-6 дұрыс жауап/2б





6сұрақтан тұратын тест


https://youtu.be/DjpXqtYnqno?si=38wS2M9IAGa9Cp2V


9-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы




Сабақтың ортасы

10мин














  • 1-тапсырма 5-5-1 әдісі

Кейіпкердің образын ашуға 5сөйлем жазыңыз.(Есеней,Ұлпан,Мүсіреп)

Енді оны 5сөзге дейін қысқартыңыз.

Осы сөздерден тек 1 сөзді ғана қалдырыңыз ​

Кейіпкердің образын ашуда қандай сөз шықанын талдаңыз

Оқушылар бір –біріне кері байланыс береді

Сабақтың мақсаты:Шығармадағы автор бейнесін анықтайды; Автор бейнесінің идеялық рөлін талдайды






  • 2-тапсырма Топтық жұмыс Роман мазмұнына анализ жүргізу,талдау үшін бағыттаушы,ой қозғаушы тапсырма мәтін ұсынылады

Тапсырма. Елестету РомандағыҰлпан – негізінен реалистік тұлға. Оның бүкіл бойынан сол дәуірдегі қазақ әйелінің ең жарқын, ең асыл қасиеттерін көру қиын емес.

«Ұлпан» — тарихи ел шежіресінін мазмұнында құрылған роман. Романда қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болады. Романдағы бас кейіпкер Есеней - қалың Керей-Уақтың билігін қолына мықтап ұстаған аузы дуалы биі, атақты байы. Ол Шыңғыс пен партиялық сайлауда таласса, тең түсетін өткір сөзді, алып денелі, қара нар іспеттес қайраткер. Жасында жауынгер, найзагер батыр да болған. Кенесарының қалың қолымен кескілескен ұрыста ерлік көрсеткен, екі жүз сарбазын тұтқындап стапқа өткізген, кейін жараланып, орыс-казактары дәрігерлерінің көмегімен ажалдан аман қалған. Ол қалың жылқысын өзінің жауынгер досы, бүгінде аяқ қолы топ болып қалған Артықбай батырдың жайылымына байқамай қаптата жайып келе жатқанда оның алдынан ерекше киінген кесек тұлғалы, батырдың қызы Ұлпан қарсы шығып, Есенейді еселі сөзбен жеңіп, айып төлетеді. Ол бұдан он үш жыл бұрынғы әкесі Артықбай батырдың үйінде Есеней намаз оқып отырғанда еркелеп мойнына асылып, «Мен түйеге мініп кеттім! Әке, сен үйде қалдың!» деп маза бермейтін қара қыз. Бүгінде аңшы, құсбегі, жылқышы болып ат құлағында ойнап өскен батыр қыз.

Тапсырма:

1.Ұлпанның бейнесі мен оның мінезін ашу2.Есеней мен Ұлпан арасындағы қарым-қатынасын талдау.3.Романның әлеуметтік және мәдени мәселелері анықтау


Сабақтың мақсаты:Шығармадағы автор бейнесін анықтайды; Автор бейнесінің идеялық рөлін талдайды


  • 3-тапсырма (Сематикалық карта)Үлестірмелі қағаз Жеке жұмыс


Мысал

Кімнің сөзі

Автор тіліне талдау

«Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар»

Ұлпанның (Кенжетайға шылбырын лақтырған, Есенеймен алғашқы кездесуінде)

Осы әрекетте автор сөз арқылы Ұлпанның табиғатын, оның шешім қабылдаудағы табандылығын, қоршаған ортаға деген көзқарасын көрсетеді.

«Мен Өреліде тұрамын, ол кісі Сөреліде тұрады, арамыз жеті жылдық жол»

Есенейдің бәйбішесі туралы айтқаны ( өрелі деген бір алдыңғы, бір артқы аяғынан шідерленген ат. Сөре жаугершілік заманда өлген адамды жерлегенше сақтайтын жер. Жеті жылдық жол дегені жеті жылдан бері осылай тұрамыз деген сөзі)

Қоғамдық және әлеуметтік айырмашылықтардың символикасы жатыр. Бұл сөздер арқылы автор екі адам арасындағы қашықтықты, олардың арасындағы кедергілер мен айырмашылықтарды көрсетеді.

«Қатал еді, озбыр еді, енді жан жүрегі жібиін дегені де»

Ұлпанның кәрі әкесі Артықбай батырдың сөзі

Автордың кейіпкердің ішкі өзгерістерін өте ықшам әрі дәл жеткізгендігін көрсетеді. Оның тіліндегі қарапайым, бірақ дәл сөздер, оқырманға кейіпкердің мінезіндегі күрделілікті сезіндіреді, әрі шығарманың ішкі жан дүниесіндегі нәзік және маңызды қырларын ашады.

«Қыз «Міне, айыбым!» деп көз қиығымен бір шарпып өткенде неғып байқамадың?»

Түркпен Мүсіреп

Автор екі адам арасындағы қарым-қатынасты, олардың бір-біріне деген сезімдерін терең сезінуге мүмкіндік береді.

«Аға өлсе іні мұрасы, іні өлсе аға мұрасы»

Есенейдің (өзі өлсе Еменалының істер ісі жайлы ойы)

жақын адамдар арасындағы қатынасын, қоғамдағы орны мен тұлғалық қасиеттерін ашып көрсетеді. Бұл жерде де автор қазақ халқына тән дүниетаным мен өзара көмек, құрмет пен жауапкершілік тақырыбын көтереді


Дұрыс жауаппен оқушылар бағаланады

Үзінділер бойынша жұмыс жасайды

















































































































Дескрипторы:3

-Кейіпкердің образын 5

сөйлеммен ашады-

-Кейіпкер бойындағы қасиетті 5сөзбен жазады-

-кейіпкердің қандай адам екенін 1сөзбен айтады-1б



Дескрипторы

-Ұлпанның бейнесі мен оның мінезін ашады

-Есеней мен Ұлпан арасындағы қарым-қатынасын талдайды

-Романның әлеуметтік және мәдени мәселелерін

анықтайды





















Дескрипторы :5

-Мысалдан кімнің сөзі екенін табады және автор тіліне талдау жасайды-(әр мысалға)




























































Бұл топтық жұмыс арқылы оқушылар Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романында жазушының образ сомдаудағы шеберлігін терең түсініп, оның тіл мен стильдік құралдарын дұрыс бағалай алады.

Сабақтың соңы



Үйге тапсырма

Романда автормен келіспейтін оқиғалар мен идеяларға қарсы шығыңыз, өз пікіріңізді қорғаңыз.Бірнеше фактілердің тізбесін жасаңыздар

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім

Кері байланыс.

«Сұрақ-жауап» әдісі

1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды?

2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз?

3. Сіз үшін бүгін не қиын болды?

4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз?

5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды?


Ой толғаныс

Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады.












Дескрипторы:

Автормен келіспейтін идеяларды анықтайды;

Пікірін аргумнттермен қорғайды;

Фактілер тізбесін құрады

Қорытынды шешім жазады






























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.03.2025
320
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі