Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»романы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»романы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»романы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы» КММ

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»романы


Бөлім:

«Адам жанының құпиясы» (қазақ әдебиеті)

Педагогтің аты-жөні

Утеубаев Иосиф Абдреукович

Күні:

Сынып:



7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»романы


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.1.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау;


Сабақтың мақсаты:

«Компьютердің адам ағзасына әсері және ғаламтордың зияны» туралы мәтіннің мазмұнын түсіну, шылаудың түрлерін ажырата біледі;

Жасампаздық және жаңашылдық» «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы:  «Өнерлі бала - өрге жүзер»

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы









Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту кезеңі


«Болжау» әдісі.

Мұғалім оқушыларға романның прологын ұсынады.


Ғабиттің жазушылығының, тұтас алғанда, өзіне тән бірнеше өзгешеліктері бар: бірінші – бойына сіңбеген тақырыпқа жасмаспайды; екінші - бойынатсіңірген тақырыбын тез жазып тастауға асықпайды,и сондықтан шығармаларының шикісі аз болады; үшінші – жазатын тақырыбына күн таңдайды, күйі жетпесе, игерген тақырыбын да жаза қоймайды; төртыншы – шығармасына өте ұқыпты,сондықтан хал – қадірі жеткенше олпы –солпысыз шығарады; бесінші – тілге үнемшіл, сипаттап, суреттеп отырған оқиғасына жәрдемі жоқ сөзді қолданбайды; алтыншы – жарқылдақ сөздерді көбірек қолданып, шешен сөйлеуге тырысады; жетінші - адам портретін жасауға қазақ шеберлерінің ең шеберінің бірі.

Сәбит Мұқанов

Оқушыларға болжау сұрақтары қойылады.

  • Шығарма не туралы?

  • Шығармада қандай идея көтерілуі мүмкін?

  • Шығарманың қандай тәрбиелік мәні бар?

Мұғаліммен сәлемдеседі


Оқушылар жағымды ахуал қалыптастырады.

Романның прологымен танысады


Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.











Болжау сұрақтарына жауап береді


Ауызша мадақтау






















9-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы


Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы



Интерактивті тақта


Презентация

Слайд 1-2




Сабақтың ортасы












Мағынаны тану

«Джигсо» әдісімен шығарма мазмұнымен таныстырылады.

ЖЖ.

1-тапсырма. Жұптық жұмыс

8-бет.

«Осындай өжет жастарды Есеней қатты ұнататын еді»деген жерден «бір сәтке баласыздығы бойын билеп,бар ойы сол бала жігіттің соңынан кетіп бара жатқандай еді» деген жерге дейін оқиды.

Тапсырма:

  • Автор Есенейдің ішкі сезімін қаншалықты жеткізе алды? «Түрікпен» Мүсіреп жас жігіттің сөз саптауынан ашынғандық лебін қалай байқады?

  • Қатты айтпаса да «асқақтай сөйледің» дегеніне жігіттің жауабы немесе айыбы не болды?

  • Бұл жерден қазаққа тән қандай дәстүрді көре алдыңыз?

  • Ол да болса қазақтың мәрттігі ме , әлде ...? Қалай түсіндіресіз? Өмірден мысал келтіре отырып,ойыңызды жеткізіңіз.

  • Жақтаңыз және даттаңыз. Кейіпкерлер іс-әрекетін 2 нұсқада сөйлетіңіз.





2- тапсырма. Жұптық жұмыс

Дүре соққың келмеп пе еді? Есенейге қыз көзімен бір қарап қалғанын өзі де сезбеген. ...Мінер жақ артқы аяғы ақ бақай,маңдайында төбелі бар,су төгілмейтін қара жорға тұр ғой,міне...! Аттың сипатын қалай берген.

Кімнің атынан келтірді? Ол сөзді қолданған кім? Ал оны кейіпкер аузына салып беріп тұрған кім? Бұдан жазушының ел тарихын,ат өнерін,қазақтың ертедегі тұрмыс-тіршілігін суреттеу шеберлігін тани алдыңыздар ма? Ойларыңызды көркем тілмен мақал-мәтелдерді,тұрақты тіркестерді қолдана отырып жеткізіңіздер.




3-тапсырма. Топтық жұмыс

«Қыр жайлаулардан құлап келе жатқан Есенейдің жылқысы екенін аулы біліп отырған»деген жерден «Есеней жолдастарына қарады-«не істеу керек?» деген жерге дейін оқыңыз.

Тапсырма:

Қыр жайлаулардан құлап келе жатқан Есенейдің жылқысы екенін аулы біліп отырған.Қалың қара шұға жалбағай бет-аузын жауып кеткенімен,атандай қара кер аттың үстіндегі зор денелі адамның Есеней екенін Ұлпан да ішінен таныған. Жазушы Есеней портретін беруде суреттеудің қандай түрін қолданған? Есеней неге тығырыққа тірелді? Синоним,архаизм сөздерді қолданып, өз ойларыңызды қорғаңыздар.Мәтінде берілген мақал-мәтелдің мазмұнын,автордың қолданысын түсіндіріңіз.


4-тапсырма.

«Есеней өмірінде айып тартып көрмеген адам,айып-жазасы болған адамдарға қатал жаза кесуді жақтайтын би еді» деген жерден «Өзі жетелеп жүрген Есенейдің «Мұзбел» дейтін торы төбел атын қара жорғамен бірге жетелеп алып,Кенжетай жөнеліп кетті» деген жерге дейін оқыңыз.

Тапсырма:

Есенейдің мінезінен нені байқадыңыздар. «Мұзбел»дейтін торы төбел атын қара жорғаға жетектетуінің себебін ашыңыз.Бұл жерден Есенейдің тағы қандай мінезін байқадыңыздар? Қазіргі өмірден мысалдар келтіре отырып,өз ойларыңызды мақал-мәтелдер қосып жеткізіңіздер.


5-тапсырма.

10-бет.»Есеней жолдастарына ендігі байламын айтты» деген жерден 11-бет «Тобыл, Бағлан, Стап,...жан сақтап келіп еді.» Шегініс туралы айтыңыз. Автор осыдан он бес жыл бұрынғы оқиғаны Есенейдің аузыне неге салды деп ойлайсыздар? Жер-су аттарын теріп жазыңыз Картадан ол жерлер қазір қай өңірге тиесілі екенін мысалдармен жеткізіңіз.Кенесары жасаған қазақ ауылының жағдайын автор неге олай суреттеді деп ойлайсыздар? Астарында не жатыр?



6-тапсырма:

11-бет.»Аманқарағай дуанына қарайтын» деген жерден «Кенесары ақылды адам болмай шықты» деген жерге дейін оқыңыздар.Есенейдің ойы дұрыс па? Оны сөйлетіп отырған автор ғой.Сонда жазушы қазақ өмірінен жаңалық,жақсылықты аңғарта ма? Сіздер қалай ойлайсыздар? Мысалдармен түсіндіріңіздер.


7-тапсырмасы

2. «Қазақ соғыстарында» деген жерден « жолығып қайтуға жүріп кетті»деген жерге дейін оқыңыздар .12-бет.

Есеней кім?Неге Кенесарыны қолдамайды? Егер қолдаса не болар еді? Өз ойларыңызды мысалдармен жеткізіңіздер.Қазіргі тәуелсіз Қазақстанмен байланыстырыңыздар.

ҚБ

Бағалау дескрипторы

  • Сұрақтарға жауап береді;

  • Жауап беруде жеке пікірін білдіреді;

  • Өз ойын мысалдармен жеткізеді;


  • Сұрақтарға жауап береді;

  • Жауап беруде жеке пікірін білдіреді;

  • Өз ойын білдіруде ескі мен жаңаны талдайды;


«Джигсо» әдісімен шығарма мазмұнымен таныстырылады.


1-тапсырманы орындайды

Шығарма мазмұны бойынша оқушылар жұптық тапсырмалар орындайды.


Сұрақтарға жауап береді;

Жауап беруде жеке пікірін білдіреді;

Өмірден мысал келтіріп, өз ойын жеткізеді;

Кейіпкер әрекетін сөйлетеді;

Дескриптор:

-сұрақтарға жауап береді;

-жауап беруде жеке пікірін білдіреді;

-өмірден мысал келтіріп, өз ойын жеткізеді;

-кейіпкер әрекетін сөйлетеді;


2-тапсырманы орындайды.


Дескриптор:

-сұрақтарға жауап береді;

-жауап беруде жеке пікірін білдіреді;

-өз ойын білдіруде көркем тілді қолданады;






3-тапсырманы орындайды.


Дескриптор:

-сұрақтарға жауап береді;

-жауап беруде жеке пікірін білдіреді;

-өз ойын білдіруде синонимдер мен архаизмдерді қолданады;

-автордың тілдік ерекшелігін түсіндіреді;




4-тапсырманы орындайды

Дескриптор:

-сұрақтарға жауап береді;

-жауап беруде жеке пікірін білдіреді;

-өз ойын білдіруде мақал-мәтелдерді қолданады;







5-тапсырманы орындайды

Дескриптор:

-сұрақтарға жауап береді;

-жауап беруде жеке пікірін білдіреді;

-Жер-су атауларын анықтайды;

-суреттеуге қатысты пікірін білдіреді


Сұрақтарға жауап береді; Жауап беруде жеке пікірін білдіреді;

Өз ойын білдіруде синонимдер мен архаизмдерді қолданады;

Автордың тілдік ерекшелігін түсіндіреді;



Сұрақтарға жауап береді;

Жауап беруде жеке пікірін білдіреді;

Өз ойын жан-жақты дәлелдейді;
















ҚБ






ҚБ








ҚБ «Одағайлар» әдісі

Оооооо! – тамаша жауап;

Оййййй! – төмен жауап















ҚБ













ҚБ «Одағайлар» әдісі

Оооооо! – тамаша жауап;

Оййййй! – төмен жауап




Интерактивті тақта


Презентация

Слайд 1-2





















Интерактивті тақта


Презентация

Слайд 3-4











Интерактивті тақта


Презентация

Слайд 5









Интерактивті тақта


Презентация

Слайд 6











Интерактивті тақта


Презентация

Слайд 7





Сабақты бекіту


Ой толғаныс

Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім


Сабақтың соңы


Кері байланыс.

«Сұрақ-жауап» әдісі

1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды?

2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз?

3. Сіз үшін бүгін не қиын болды?

4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз?

5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды?


Үй тапсырмасы

«Ұлпан» романының толық нұсқасын оқу




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.05.2025
181
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі