400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғ.Мүсреповтың "Ұлпан" романы 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ұлпан" романы 9-сыныбына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кожагулова Айгүл Асылханқызы

Алматы облысы Жамбыл ауданы

Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен

мемлекеттік мекемесінде

қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Сыныбы : 9

Пәні : қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы : Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романы

Сабақтың мақсаты :

  1. Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған білімін жинақтау,жаңа сабақ бойынша оқушыларды өз бетінше ізденіп,қажетті материалдармен танысуға бағыт беру,жазушы шығармашылығына шолу жасау,романның мазмұнын меңгерту.

  2. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,сөйлеу мәдениетін дамыту,ойын нақты,анық жеткізе білуге бағыттау,негізгі,өзекті мәселелерді аша білуге үйрету.

  3. Оқушыларды адамдық рухани қасиеттерді қадірлеуге,құрмет тұтуға тәрбиелеу

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: топтастыру,салыстыру,тест,

Сабақтың көрнекілігі : Ғ.Мүсірепов шығармалар жинағы, баспасөз,әлеуметтік желі материалдары

Сабақтың түрі : аралас

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

1.Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру : М.Әуезов «Абай жолы» романындағы абзал аналар бейнесі тест арқылы қорытындылау

1. «Абай жолы» романының тұтас төрт томы жарық көргенде қандай сыйлыққа ие болды ?

А. КСРО Мемлекеттік сыйлығы

Б. Лениндік сыйлық

В. Сталиндік сыйлық

Г. Халықтық сыйлық

2. Роман-эпопея жазу үшін жазушы неше жыл еңбек етті ?

А. 20

Б. 15

В. 30

Г. 10

3. Романда неше әйелдер образы суреттелген ?

А. жүз елудей

Б. жүзге тарта

В. жетпістей

Г. екі жүздей

4. Ар- ожданы тап-таза иманнан құйылғандай мейірім-шафхатқа толы әжелердің үлгісі кімде ?

А. Зере

Б. Ұлжан

В. Айғаным

Г. Тоғжан

5. Байсалды мінезімен,салқын қанды, сабырлы ақыл иесі атанған аналардың үлгісі кімде ?

А. Зере

Б. Айғаным

В. Ұлжан

Г. Қаражан

6. «Сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілмен» суреттелген кім ?

А. Керімбала

Б. Тоғжан

В. Шүкіман

Г. Үмітей

7. Абайдың әжесі Зеренің азан шақырып қойған есімі кім ?

А. Тоқбала

Б. Тайбала

В. Мәкен

Г. Еркежан

8. Мәкен Абайға кім болып келеді?

А. ғашық болған қызы , кейін жары болған,шын аты Шүкіман

Б. Абайдың келіні, Әбдірахманның жары, шын аты Мағрипа

В. Жас қыз, бойжеткен, сауыққұмар, әнші

Г. жас қыз, Әмірдің сүйгені

9. Абайдың досы, ақын қыз, Абай Семейде істі болғанда кепілдікке алып, көмек қолын созған кім ?

А. Керімбала

Б. Әйгерім

В. Салтанат

Г. Ділдә

10. «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының неше тіліне аударылған ?

А. 116

Б. 120

В. 130

Г. 140

3. Жаңа сабақ :


Shape1


Shape2



Мазмұндық талдау :

  • Қалың Керей-Уақтың билігін қолында ұстаған -Есеней мен Артықбай батырдың достығы

  • Жастайынан ерке өскен,бүгінде аңшы, құсбегі, жылқышы болып ат құлағында ойнап өскен батыр қыз– Ұлпан

  • Ұлпанның Есенейге күйеуге шығуы

  • Айналасы он-он бес жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады

  • Қорлыққа шыдай алмаған –Ұлпан

  • Ұлпанның қарғысына ұшыраған-Торсан

  1. Бекіту : Шығарманы сатылай кешенді талдату :

  • Шығарманың авторы . Ғ.Мүсірепов

  • Шығарманың аты : «Ұлпан» романы

  • Шығарманың тақырыбы : ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтар суреттеледі.

  • Идеясы : қазақ әйелдерінің бойындағы парасаттылық пен көрегендікті , мейірімділік пен шыдамдылықты, жарына,еліне деген сүйіспеншілікті,ұрпақ тәрбиесін бекем ұстанған асыл аналарды дәріптеген.

  • Жанры : проза (роман)

  • Шығарманы композициялық құрылымына қарай талдау.

  1. Үйге : «Ұлпан-аналардың анасы» атты тақырып төңірегінде дайындалу (Ұлпан бейнесі)

  2. Бағалау.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
1335
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі