Тақырып бойынша 31 материал табылды

Графикалық редактордың құралдары 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ:

Информатика

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жолгелді М

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Графикалық редактордың құралдары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

  • 3.1.2.2 компьютерлік программаларда Файлдарды ашу және командаларын пайдалану;

  • 3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану.

Күтілетін нәтижелер

  • PAINT графикалық редакторының құралдары туралы түсінік беру, олармен таныстыра отырып, атқаратын қызметтерін көрсету;

  • PAINT графикалық редакторы мен жұмыс істеу;


Тілдік мақсат:

Пәнге тән лексика мен терминдер:

Қазақша

Русский

English

Графика

Графика

Graphics

Графикалық редактор

Графический редактор

Graphics editor

Сурет

Рисунок

Drawing

Құрал

Инструмент

Instrument


Психологиялық дайындық

Оқушылардың бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйін тақтада ілінген, смайликтің біріне стикерді жабыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Компьютер

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Аралас сабақ

(Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме).

Алдыңғы оқу:

Дыбысты өңдеу.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт есебі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі

(5 мин)

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- Оқушылармен қауіпсіздік ережелерін қайталап, еске түсіру.

- Оқу құралдарын тексеру.

-Оқушыларды ІІІ топқа бөлу.



Жаңа тақырып (10мин)


Адам өмірінде суреттің орны ерекше. Бұрынғы уақытта жазуды білмейтіндер сурет арқылы өз өмірлері туралы жеткізетін болған және де кез-келген затқа сурет салатын болған. Олар үшін суреттің орны ерекше. Неге балалар кітаптарында суреттер көбірек бейнеленген? Себебі сурет арқылы ең қиын деген мәліметтің өзін оңай игеруге, яғни қабылдауға болады.

Ал, информатика пәніндегі сурет – бұл компьютерлік графика. Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыз: «Графикалық редактормен танысу, құрал-жабдықтары».

Графика, графикалық бейне дегеніміз не?

Графика гректің «жазамын,сурет саламын» деген сөзінен шыққан. Графикалық бейнелерге сызбалар, диаграммалар,тағы да басқа фигуралар жатады.

Компьютерде графикалық бейнелерді құру құралдары:енгізу құрылғылары (сканер, тінтуір, графикалық планшет және т.б.)және графикамен жұмыс істеуге арналған программа (графикалық редактор).

Графикалық редактор дегеніміз не?

Графикалық редактор – графикалық бейнелерді салуға және өңдеуге арналған программа. Компьютерлік графика 2 ге бөлінеді; 2D және 3D. 2D графикалық түрлері: расторлық, векторлық және фрактальді. Расторлық бейнелер нүктелерден тұрады. Бейненің ең кіші элементі нүкте. Ол пиксель деп аталады Сондықтан суреттердің көлемін кішірейте беретін болсақ, ол нүктеге айналады.

Paint – Растордық бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор. - Paint графикалық редакторының белгішесі. Paint редакторын іске қосу үшін Іске қосу(Пуск)--- Барлық программалар (Все программы)--- Стандартты (Стандартные)-- -Paint командасын орындау қажет. Paint – та сурет салу үшін терезенің ортасында тұрған ақ түсті төртбұрышты алаңды пайдаланамыз. Ол – сурет салуға арналған аймақ.

Сурет салу үшін арнайы құралдарды және түсті палитрасын пайдаланамыз.Суреттің қажет емес бөлігін өшіргіш құралын пайдаланып, өшіріп тастауға болады.



информатика оқулығы



Практикалық жұмыс


10минут

  1. Дискідегі тапсырманы (23 - слайд)орында.


  1. Paint командасын ашып, сурет салу.

Дербес компьютер.



Сергіту сәті

(3 мин)

«Байқағыштығыңды анықта» ойыны

Айырмашылығын тап.

Таратпа қағаздар,музыкалық әуен

Бекіту. (5 мин)

Әр топқа сұрақтар беріледі.

Сұрақтар:

  1. PAINT графикалық редакторын қалай іске қосамыз?

  2. Қарандаштың көмегімен ....

  3. Масштаб құралының көмегі арқылы ....

  4. Құю(заливка) құрылғысы ....

  5. Өшірігіш/түрлі түсті өшіргіш бұл құрылғының комегі арқылы ...

  6. Қылқалам(кисть) комегімен....

  7. Фигуралар дегеніміз?

  8. Өшіргіш құралын қалай пайдаланамыз?


Таратпа қағаздар.

Үйге тапсырма

(1 мин)

 Бүгінгі өтілген тақырыпты мазмұндап келу.

Оқулықтың 54 беттіндегі «Үйде орындайық» тапсырмасы.

Оқушылар күнделігі

Рефлексия

(3 мин)

Оқушылар алдына қызыл қағазшалар таратылады. Жазған ойларын тақтада ілінген «Білім сандығына» іледі.

Қима қағаздар















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2020
722
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12