Материалдар / Грамматика әлемі 2-сынып

Грамматика әлемі 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сыныпта жүргізілетін қолданбалы курс,факультатив сабақтарына арналған жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2021
2001
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат

«Грамматика әлемі» бағдарламасының

2-сыныпқа арналған


Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады. «Қазақ тілі» пәніндегі сияқты қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.

Сонымен бірге, бұл деңгейдегі оқушыларды тереңдетіп оқытуға дайындау үшін «Дыбыс пен әріп», «Сөз», «Сөйлем» деген бөлімдер қайта қарастырылып, біртіндеп күрделендіріледі. Жұмыс дәптерінде орындауға берілген жаттығулар мен тапсырамалар оқушылардың қазақ тілінен алған білімдерін бекіте түседі.

Пәннің мазмұны мәтін түрлері, көркем шығармалар мен аутентті материалдар арқылы білім алушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыруды, оқығаны бойынша пікір білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды қамтиды.

Бұл курс арқылы оқушылар негізгі пән «Қазақ тілінде» меңгерген білім,білік,дағдыларын жетілдіре түседі. Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс,байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады.«Қазақ тілі» пәніндегі сияқты қазақ тілінің дыбыстық,лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу және дамыту талаптары мен мақсатына сәйкес құрастырылған. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және мүмкіндік өрісіне сай.Тапсырмалар арнайы топтастырылып, өзіндік жұмыстар мен бақылау жұмыстарын (шығармашылық жұмыс,тесттер) ұйымдастыруға арналған тапсырма ретінде берілген. Мектептің бастауыш сатысындағы басқа оқу пәндерінің мазмұнымен пәнаралық байланыстар ескеріледі.Оқу процесін өтілген материалдардың қолданылу жиілігін ескере отырып ұйымдастыруға және ақырғы нәтижеге жетуді бағдарлауға мүмкіндік береді.

Өзектілігі:

Баламен жеке дара жұмыстар жүргізілу барысында оның жан-жақты дамуына, қоғамға бейімделуіне жағдай туғызу;

Сынып ұжымында әр түрлі деңгейдегі оқушылардың өздерін емін еркін ұстауға бейімдеу;

Балада болашаққа деген басқаша көзқарас қалыптастыру.

Мақсаты:

Оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін жетілдіре отырып, тіл байлықтарын, өз ойларын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту;

Өзіне сенімді, мәдениетті тұлға тәрбиелеу;

Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту;

Олардың білімге деген құштарлығын, еңбексүйгіштігін, орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру,қиындықтарды жеңе білуге баулу.

Міндеттері:

Толыққанды дамуына және бейімделуіне, табысты білім алуға және белсенді қызметке ынталандыру;

Балаларды бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге және табысқа жетуге үйрету;

Байланыстырып сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету;

Үлкендерді құрметтеп, олардан өнеге алуға жетелеу.

Күтілетін нәтиже:

Еркін ойлауға мүмкіндік алады;

Ақыл-ойын дамытады;

Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленеді;

Тіл байлығы жетіледі;

Жан-жақты ізденушілігі артады.

«Грамматика әлемі» бағдарламасының

күнтізбелік тақырыптық жоспары

2-сыныпқа арналған



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Грамматикалық тапсырмалар ФОНЕТИКА



2

Грамматикалық тапсырмалар



3

Дауысты дыбыс



4

Дауыссыз дыбыс



5

Буын



6

Тасымал



7

Диалог. Монолог.



8

Диалог жаза аламын

Сөйлем дегеніміз не?



9

Мәтін және оның түрлері



10

Мәтін және оның түрлері



11

Хабарлы сөйлем



12

Сұраулы сөйлем



13

Лепті сөйлем



14

Сөйлемдегі сөздердің байланысы



15

Сөйлемдегі сөздердің байланысы



16

Сөз және оның мағынасы

Антоним дегеніміз не?



17

Сөз және оның мағынасы

Синоним дегеніміз не?



18

Сөз және оның мағынасы

Омоним дегеніміз не?



19

Сөз құрамы Түбір мен қосымша



20

Сөз құрамы Түбір мен қосымша



21

Сөз құрамы Түбір мен қосымша



22

Жұрнақ пен жалғау



23

Жұрнақ пен жалғау



24

Зат есім



25

Зат есімге байланысты тапсырмалар орындау



26

Сын есім



27

Сын есімге байланысты байланысты тапсырмалар орындау



28

Сан есім



29

Сан есімге байланысты тапсырмалар орындау



30

Етістік



31

Етістікке байланысты тапсырмалар орындау



32

Дара және күрделі сан есім



33

Дара және күрделі сан есім



34

Бақылау диктанты



35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ