Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «№86 мектеп-гимназиясы» КММ
Тақырыбы: Грек жаңғағы
Аманжолова Дарина
7 ж сынып оқушысы
Жетекшісі: Азимбаева Г.Қ
2021ж
Ғылыми- жоба жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Грек жаңғағының – Қазығұрт жерінде көп өсетіндігін, және күнделікті өмірде көп пайдаланатындығын ескере отырып, жаңғақтың адам денсаулығына пайдалы жақтарын зерттеу және оны дәрілік мақсатта тұтынудың түрлі жолдарын қарастыру. Грек жаңғағын өсірудің тиімді жолдарын қарастыру.
Ғылыми- жоба жұмысының өзектілігі:
Оқушының оқу ауқымын кеңейту,білімін, көз – қарасын тереңдету дүниетануда өсімдіктер әлемін өмірмен байланыстыру, практикада қолдану және оқушының өз ойы, көзқарасы, шығармашылығы, еркіндігіне тың қадам жасау.
Тиімділігі:
Оқушының пәнге деген қызығушылығы, теориялық білімді жүзеге асыра білуі, дәлелдеу үрдісінде шығармашылық қабілетінің артуы, өз қиялының, идеясының қалыптасуы, шығармашылық ізденістің жетілуі, өз бетінше жұмыс істеуге қабілетінің жетуі.
Нәтижесі:
Баланың бойындағы дарындылық жүйелі жұмыстың нәтижелілігі.
Жаңалығы:
Халықтық медиңинада грек жаңғағының дәнінен, діңінен, жапырағы мен тамыр қабықтарынан алынған шырын (сөл), майы емдік-диеталық мақсатта пайдаланылуы.
Аннотация
Зерттеу жұмысында орындаушы грек жаңғағын ғылыми тұрғыда жақсы зерттеген. Жаңғақтың түрлерін фотосуреттерімен жақсы көрсеткен.
Грек жаңғағының дәрумендер мен минералды заттарға толы екендігін көрсете білген. Грек жаңғағының адам денсаулығына пайдалы жақтарын. яғни емдік қасиеттерін жақсы жазған. Жаңғақ ағашын өсіру туралы өз ойын дұрыс жеткізе білген. Оқушы өзінің ғылыми зерттеу жұмысында өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізген.
Аннотация
В ходе научной работы исполнитель древесину греческого ореха изучил прекрасно. Широко показал виды ореха на фоторисунках. Сумел показать, что в составе ореха много целебных и бактерицидных и фунгицидных элементов. Доступно описал полезные, а именно лечебные свойства греческого ореха. Правильно изложил свою мысль о выращивании дерева греческого ореха. Ученик в своей исследовательской работе на пути достижения цели показал свои творческие способности.
The summary
During scientific work the executor Greek has studied wood of a nut perfectly. Has widely shown nut kinds in photodrawings. Has managed to show that as a part of a nut a lot of curative and bactericidal and elements. Has well described useful, namely medical properties of the Greek nut. Has correctly stated the thought about to raise a tree of the Greek nut. The pupil in the research work on ways of achievement of the purpose has shown the creative abilities.
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Жаңғақтың құрамы
2. Жаңғақ жемісінің шипасы
3.Жаңғақтың өсірудегі ерекшеліктер
4.Жаңғақтың түрлері
5.Грек жаңғағын тағамға қосудағы маңызы
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Жаңғақ (Jyglans) - жаңғақ
тұқымдасына жататын қос жарнақты көп жылдық ағаш. Кейбір мәліметтер
бойынша дүние жүзінде жаңғақтың қырыққа жуық түрі бар. Қазақстанда
жаңғақтың екі түрі кездеседі.Олар: грек жаңғағы және қара жаңғақ.
Жаңғақтың жабайы түрлері Орталық Азияда, Қытайда, Жапонияда өседі.
Ағаштары өте биік (20-30 метр), дінінің жуандығы 1,5-2 метр.
Грек жаңғағы жемісінің жеуге жарамды бөлігі – дәні. Грек жаңғағы
ағашының сүресі жиһаз дайындауда, жапырағы, дәнінің қабығы
медицинада, парфюмерияда пайдаланылады
Г
рек
жаңғағы — жаңғақ тұқымдасына жатады, биіктігі—25—30 метрге дейін
жетеді. Ұшар басының диаметрі 1,5—2 метрлік үлкен шар тәрізді
дөңгелектеніп келеді. Грек жаңғағы 200—300—500 жылга дейін «өмір
сүреді». Бұл жаңғақтың отаны — кейбір авторлардың дерегіне
сүйенсек, Кіші
Азия, оның ішінде — Иран. Осы жерден ол Греция, Италия жәнеБатыс
Европа елдеріне таралған. Грек жаңғағын диқаншылықпен айналысатын
халықтар жоғары бағалаған. Біздің елге (әсіресе Орта Азия,
Закавказьяда көп) бұрын осы жаңғақ тұқымдары Грециядан әкелінетін
де, оның аты содан қалыптасқан. Түйе
жаңғағы волох елдерінің (румын, молдаван)
құрметіне волош деп те аталған. Ал қазақ жерінде де бұл жаңғақтық
ана тілімізде түйе жаңғақ деген аты бар. Демек, біздің республикада
да ол кең тарап, шаруашылығымыз бен тұрмыс-салтымызға молынан енген
өсімдік түрі болып табылады. Республикамыздағы Піскем және Өгем
өзендерінің жағаларында, Дарваз, Гиссар және Қара теңіз (Памир —
Алтайда) жоталарының баурайларынан бастап, 900—2000 м биіктікке
дейін осы жаңғақтық 2 түрі өседі.
Грек жаңғағы 10 жылдан кейін мол өнім бере бастайды. Жаңғағының сыртқы түрі — шар тәрізді. Формасы мен диаметрі бір ағаттық өзінде әр түрлі болып өзгеріп отырады. Жаңғақ қабығына байланысты қалың және жұқа болып келеді. Жемісін әбден пісіп толғанда, яғни ыртқы қатты сүректенген қабығы кепкенде жинайды. Осы кезде оның қатты қауыз жапқан ішкі дәні төртке бөлінеді. Жиналған жаңғақ дәндерін ұзақ сақтау үшін, күн көзінде не арнайы кептіргіште кептіреді. Ашық және күңгірт қауызды ядросын (дәнін) 12 сағаттай тұзды суға салып қойса, қауызы оңай алынады, содан кейін дәнді ағынды суға шайып алып, кептіру керек
1.Жаңғақтың құрамы
Грек жаңғағы ядросы калориялық құрамы жағынан барлық жаңғақ тұқымдастардан асып түседі, бұл орайда ол бидай нанынан 3 есе, сиыр сүттен 10 есе асып, сары майға жақындайды. Халықтық медиңинада грек аңғағының діңінен, жапырағы мен тамыр қабықтарынан алынған шырын (сөл), майы емдік-диеталық мақсатта пайдаланылады.
Жаңғақтың тұла бойы – асыл. Дәмді де нәрлі жаңғақ дәні қоректігі мол болып қана қалмастан, ол ерекше емдік өнім береді. Жаңғақ дәнінің майында қамтылған линолен қышқылы (яғни зығыр қышқылы) мен линол қышқылы қанды тазартып, қан тамыры қабырғасындағы бөгде заттарды тазалап, жүрек, ми қантамырлары ауруларының алдын алуға керемет өнім береді, әрі ол жүйкенің жұқаруын емдеуге де көмектеседі. Есте ұстау қабілетінің нашарлауын кешеуілдетеді, миды қуаттандырып, ақыл-есті сергітуде өзіндік өнім береді. Әсіресе, сұлулық бұйымдары саласында кеңінен қолданылады. Жаңғақта қанықпаған май қышқылы мол болады. Бұлар үлкен ми жасушаларын құрайтын маңызды заттардың бірі есептеледі. Осы себепті, Қытайша дәрігерлікте жаңғақ дәнінің миды қуаттандырып, ақыл-есті сергітуде өзіндік өнімі бар деуі де жөнсіз емес. Шипагерлер жаңғақ дәнін «ұзақ ғұмыр жемісі» деп те танып келеді. Жапырағы мен ядросы хош иісті эфир майына, А, В, Р витаминдеріне және каротин, белоктік заттарға бай, ядро ұясы аскарбин қышқылын (С витамин) бөледі Негізінен, Еуропа және Азия елдерінде кең тараған грек жаңғағы дәнінің құрамында 74% май, 20%-ға жуық ақуыз және 7% көміртегі болады. Сол сияқты аскорбин қышқылы, рутин мен тиамин сияқты адам ағзасына қажетті дәрумендер де осы жемістің құрамында кездеседі. Ертеде бұл ағаштың жапырақтарын әскери дәрігерлер жарақаттарды тез жазу үшін жараға таңатын болған. Одан бөлек тіс аурулары, ревматизм, стоматит, асқазан жараларын емдеуге пайдалы көрінеді.
Гүлі мен бірге жапырағы да
пайдаланылады. Құрамында эфир майы, шырыш, ащы заттар, пигмент,
шайыр, минералдық тұз бен органикалық қышқылдар бар. Медицинада
одан жүйке қабынуын, радикулитті емдей-тін дәрі-дәрмек
жасайды.
Дәнінің құрамында 55-77 пайыз май, 18-21 пайыз белок, 5-6 пайыз
көмірсутегі, В1 дәрумені, А провитамині бар. Піскен дәнінде 30-85
мг, толығымен піспеген дәндерінде 1500-1200мг, кейде 3000 мг-ға
дейін С дәрумені болады. Дәнін тағамда пайдаланып, жемісінен жаңғақ
майы алынады.
Жасыл жаңғақта С, В1, В1, РР дәрумендері, каротин және хинон
бар.
Биология Қазақстан мектебінде./ Республикалық ғылыми-
әдістемелік журнал. 2005 жылдан бастап.
-
-
Сақталу температурасы
..24°C
Энергетикалық құндылығы (100 г-на)
698 ккал
Ақуыз (100 г-на)
14.8 г
Май (100 г-на)
64.0 г
Көмірсутек (100 г-на)
13.7 г
-

2. Жаңғақ жемісінің шипасы
* Қаназдықта, әлсіздікте,
жүрек-қан тамырлары жүйе-сінің көптеген ауруларында, бауыр мен өт
қабынғанда, қант диабетінде, тері ауруында, теміреткіде, қан – жел
ауруында, дәрумендер аздығында.
Бұл сырқаттарды емдеуге грек жаңғағының дәнін жеуге кеңес
берілуінің себебі, оның құрамында темір мен басқа да
микроэлементтер көп.
* Зат алмасуды жақсарту үшін және дәрумендер жетіспе-генде жаңғақ
ағашының тұнба-сы мен қайнатпасын ішеді.
Жаңғақ ағашының жапыра-қтарын маусым айында жинап алып күнге
кептіреді де қайнатып тұнба жасайды, май алады.
* Ағзаның әлсіздігінде, ми-дың атеросклерозында, мешел ауруында,
асқазан мен ішектің қабынуында, зат алмасудың бұзылуынан тері
ауруларында оған қарсы (созылмалы экзема, буын ісігі) жаңғақтың
тұнбасы пайдалы.
* Баспа және қызыл иек болғанда жаңғақ ағашының тұнбасымен тамақты,
ауызды шаяды.
Тұнбаны дайындау: 1 ас қасық ұсақталған құрғақ жапырақты немесе
жасыл қабықшаны 1 стақан қайнаған суға салып, 15-20 минут баяу
қайнатады, сосын сүзгіден өткізеді, суытады. Күніне 3-4 рет оны ас
қасықпен ішеді.
* Қант диабетімен ауыр-ғанда. Оны емдеу үшін жапы-рақ тұнбасы
қажет.
Жапырақ тұнбасын дайындау: 1 стақан үгітілген жапыраққа 3 стақан
қайнаған су құйып, бетін жауып, 20-30 минут қояды, содан кейін
тұнбаны қайнатып, тағы да ыдыста 6 сағат мөлшерінде ұстайды. Күніне
3-4 рет тамақтан соң 30-40 минут өткенде жарты стақаннан
ішеді.
* Жараны емдеуде. Оған жаңғақ ағашы жапырағының майлы тұнбасы
қажет.
Майлы тұнбаны дайындау: 80 грамм кептірілген таза жаңғақ жапырағын
немесе жасыл қабықшасын 300 грамм тұщытылған өсімдік (зәйтүн)
майына салып, бөлме температурасындай жылылықта күнара араластырып
отыра 15-20 күн қояды. Содан кейін сүзіп алады. Күйікті, жарақатты
осы жаңғақ майымен майлайды.
* Сыздауық шыққанда, жарақатта. Оны емдеп жазу үшін жаңадан
үгітілген жапы-рақтарды оған басады. Сонда сыздауық, жарақат
жазылады.
* Лимфа түйіні ауырғанында. Бұл сырқатты емдеуде жаңғақ ағашының
жас жапырақтары мен қабықшаларын араластырып ванна
қабылдайды.
Жас жапырақ ваннасын дайындау: Жас жапырақты немесе оның
кептірілген түрін алады, ыдысқа салып үстіне суық су құйып,
жақсылап жабады да 45 минут қайнатады. Оны ваннадағы суға қосып
шомылады. Толық ванна үшін 1 кг, жартылай ванна үшін 0,5 кг,
отыратын немесе аяқты малатын суға 250 гр жаңғақ жапырағын немесе
қабығын салады. Қайнатындыны жылы су толтырылған ваннаға құяды,
оған түседі.
* «Жақсы» холестериннің тапшылығында.
Холестерин де әртүрлі. Оны
«жаман» және «жақсы» деп
Шаңырақ. Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. – Алматы, 1990
екіге
бөледі. «Жақсы» холес териннің тапшылығы жыныс-тық құмарлықтың
жоғалуына соқтырады. Мұны болдырмас үшін күнделікті дәмде міндетті
түрде жаңғақ пен пісте болуға тиіс.
* Бүйрек ауруларында, қан тамырларының варикозды кеңеюінде, жүрек
ауруларында, метеоризм және диареяға қарсы, қан аздығында.
Бұл сырқаттарға орман жаңғағы өте пайдалы. Алайда күніне 8-10 орман
жаңғағынан артық жеуге болмайды.
* Невралгияда, белсіздікте, шыжыңда (зәр жіберіп қою), қуық асты
безінің ауруында.
Мұны емдеп жазуда орман жаңғағының жапырақтары мен ағаш қабығының
тұнбасы өте шипалы. Ол былай жасалады.
Орман жаңғағының тұн-басын дайындау: 1 ас қасық орман жаңғағының
жапырағы мен қабығының үстіне 1 стақан қайнап тұрған су құяды, бір
сағат тұндырады, күніне 3 мезгіл астың алдында 20 минут бұрын 1/3
стақаннан ішеді.
* Ағзадан ауыр металдар-дың тұздарын және радионук-лидтерді сыртқа
шығару үшін шала піскен бадам жаңғағының дәндерін жейді.
* Несеп – тас ауруына піскен бадамды ұнтақтап жеу
пайдалы.
* Ұйқысыздықта, анемияды, бронхиалды демікпеде бадам дәніне бал
араластырып жейді.
* Шаршап – шалдығуды басатын, өмірлік тонусты арттырып, мидың
қызметін белсенді етіп, қан құрамын жақсартатын жаңғақ – пісте.
Алайда оны мөлшерден көп жеуге болмайды.
* Созылмалы дімкәстікте, қалжырауда, шаршағыштықта оны басатын, бас
ауруын қойдырып, көңіл-күйді жақ-сартатын жаңғақ –
арахис.
* Қатты жөтел тигенде. Оған жаңғақ, бал, аюбадам қайнатпасы ем
болады.
Қайнатпа дайындау: Қа-бығы бар 4 грек жаңғағы, 1 ас қасық аюбадам
гүлдері, 1 ас қасық бал қажет. Бәрін араластырады, үстіне 0,5 литр
су құйып, бір қайнатып алады. Қайнатпаны сүзгіден өткізіп, күніне 3
рет 1 ас қасықтан ішіп отырады.
* Теңге қотыр (псориаз), шиқан (фурункулез) шыққан-да, терінің
созылмалы ауруларында. Осы сырқатқа жаңғақ ваннасы ем.
Жаңғақ ваннасын дайындау: 400 грамм грек жаңғағының жапырақтарын
ыдысқа салады, үстіне 3 литр қайнаған ыстық су құяды да 5 минут
қайнатады. Ал жаңғақ қабығын 30-40 минут қайнату керек. Содан соң
оттан алып 30 минут тұндырады. Қайнатпаны сүзіп алып, температурасы
37-39 градустық ваннаға құяды. Ваннаны күнделікті 15-20 минуттан
сауыққанша қабылдайды.
* Жүрек айнығанда, геморройда жаңғақ жеу
пайдалы.
* Көкжөтелге жебіршөп жаң ғағының сығындысы
шипалы.
Шаңырақ. Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. – Алматы, 1990ж.
* Жатырға
суық тигенде. Оған мынандай халық емі бар.
Жаңғақ жапырағымен емдеу: жаңғақ ағашының 10 дана көк жапырағын
суға шайып, таза су құйылған ыды сқа салады. Үстінен екі жұмыр
тқаны жуып салып, таза піскенше қайнатады. Сосын осы жұмыртқаны
ыстықтай жейді. Бұл емді күнде таңертең ашқарында пайдаланады.
* Рахит, сары аурумен балалар сырқаттанғанда. Оларды грек
жаңғағының, жапырағының қайнатпасы-мен емдейді.
* Асқазан, ішек ауруларында да грек жаңғағы мен жапырағының
қайнатпасы шипалы.
* Емдік – диеталық мақсат та грек жаңғағының дінінен, жапырағы мен
тамыр қабық-тарынан алынған шырын (сөлі), майы пайдаланылады.
* Қолқа қабынғанда, өкпе туберкулезінде, іш ауруында, ішек
жараларында, бүйрек түбекшесі ауруында жебіршөп жаңғағы, оның
сығындысы ем.
* Тіс, оның қызыл еттері ауырғанда жебіршөп жаңға-ғының тұнбасымен
ауызды шаяды, оны теміреткіге де қолданады.
Мысалы, кептіріліп, ұнтақ тал ған жаңғақ дәнінің бір қа сығын жарты литр суға салып, 1-2 минут қайнатып, бір тәулік тұндырып, күніне 30 грамнан үш рет үзіліссіз 2-3 ай ішіп жүрген адам қант диабетінен айығатын көрінеді.
Жаңғақ бүйректі қуаттандырып, өкпені тазалап, ішекті дымқылдандырады және де не әлсізді гіне, бел сыздап ауырғанда, бас айналып, құ лақ шыңылдағанда да пайдалы. Ол үшін жаңғақ дәнінен 600 грамм, қара бұршақтан 300 грамм талқандап, балға араластырып, күніне 2 реттен ішеді.
Қазіргідей күн суыта бастаған кезде балалардың тамағы жыбырлап, жөтелетіні бар. Осындайда жаңғақтан «дәрі» жасап жіберсеңіз жақсы. 500 грамм ұнтақталған грек жаңғағының дәні мен 300 грамм бал, 100 грамм алоэ және 4 лимонның шырынын сығу керек. Осыларды жақ сылап араластырып, күніне үш рет тамақтан жарты сағат бұ рын балаға шай қасықпен беріп тұрсаңыз жөтелді қуады, бронхиттің бетін қайтарады. Сонымен қоса ағзаны «жаулаған» суықтан да арылады.

3.Жаңғақтың өсірудегі ерекшеліктер.
Қазан айы грек жаңғағының пісетін кезі. Бұл уақытта бауларында жаң ғағы барлар өнімін жинап ала бастайды. Ал бағбандар күздің қара суығы түспей жаңғақ ағашының көшетін егуге асығады. Себебі күзде егілген жаңғақ тез жетіліп, жақсы өнім береді екен.
Жемісін ең кеш беретін грек жаңғағы, 15-20 жылдан кейін жемісін пайдалануға болады, бірақ 150-200 жылға дейін жеміс бере-береді
Грек жаңғағы 200—300—500 жылга дейін «өмір сүреді».
Тамыры тасқа тимей жарықтық жеміс бермейді екен. Сондықтан да еккен кезде шұңқыр түбіне тас немесе темір салатын көрінеді.
Өсімдік мамандарының айтуынша, 200-300 жылға дейін жеміс беретін ағаштың өнімі 35 жылдан соң молая түсетін көрінеді. Тек бір ағаштың өзінен 400 келіге дейін жаңғақ жинауға болады.
Негізі жаңғақтың жеміс беруі ұзақ уақытты алады және басқа тал ағаштары сияқты жаңғақ талыныңі да жеміс бермейтін уақыттары да болады. Жаңғақ талының астында түнде адам ұйықтап қалса аузы қисайып қалады немесе бір ауруға шалдығады деп айтылады.Себебі жаңғақ талының жапырағы түнде оттекті көп мөлшерде сіңіріп көмірқышқыл газын көп мөлшерде шығарады.
Ағаштары өте биік (20 — 30 м), діңінің жуандығы 1,5 — 2 м. Ағашбөркі қалың, аумақты, жапырақтары ірі (5 — 11 жапырақшалардан тұрады, ұзындығы 20 — 40 см), хош иісті. Гүлі дара жынысты, бір үйлі. Аталық гүлдері салбыраған сырға тәрізді, аналық гүлдері жеке-жеке не бірнеше гүлден өркеннің ұшында орналасқан. Грек жаңғағы ағашының аталық және аналық гүлдері әр мезгілде гүлдейді (7 — 12 күннен кейін), жел арқылы тозаңданады. Жылу және жарық сүйгіш, қуаңшылыққа өте төзімді дақыл. Суыққа төзімсіз мүшелері — аталық генеративті бүршіктері, сондай-ақ, бір-екі және көп жылдық өркендері. Грек жаңғағын дәнімен және вегетативтік жолмен көбейтеді. Бір га-ға 2 т тұқым 7 — 8 см тереңдікте егіледі. Дәннен өсірілген көшеттер 10 — 15 жылда, ал ұластыру арқылы алынған екпе көшеттер 4 — 6 жылда өнім береді.
Әулие-Ата жақта өзбек ағайындар көп түрады. Сол
өзбек елінде
-" Жаңғақ ағашын жас адамдарға егуге
болмайды,себебі жаңғақ ағашы отырғызған адам дүние салғанша жеміс
бермейді.Біз кәрі адамдарға отырғызамыз"- деген сенім
бар.
Қайым Қабділрашид. Биология. Анықтамалық көмекші құрал.
–Алматы. «Ол – Жас баспасы» ЖШС. 2006 ж. 104
бет.

4.Жаңғақтың түрлері

Маньчжур жаңғағы — биологиялық жағынан грек (сибирь) жаңғағына ұқсас, бірақ онан гөрі ірілеу, суыққа төзімді. Москва, Ленинград, Волга бойында, Белоруссияда, Орал тауы төңірегінде қолдан отырғызылған түрлері де бар. Жалпы құнарлы топырақта өседі. Қазанның ортасында жапырағы түсіп, жаңғағы піседі. Жаңғағының түсі қоңыр-сұр. Қабығы қалың, ұзынша, 2-3 жасыңда жаңғақты көп береді.

Физалис жаңғағы. Кәдімгі физалисті халық арасында шие деп те атайды. Бұл шырмауықты, жіңішке ағаш тектес бұтақты бақша өсімдігі.Жапырағы жүрек пішіндес, айқын түсті, дара, қоңырау гүлді. Май-апрель айларында гүлі бүр жарады. Осыдан кейін-ақ қызғылт — қызыл шар тәріздес жемісі шығады. Оның бүлдірген дәмдес, хош иісті жемісін жасаң түрінде пайдаланады. Құрамында минералдық тұздар, қант,пектин бар. Кондитерлік тағам, маринад, икра (уылдырық) жасарда және басқа да тағамдардың тұздығын келтірерде қолданылады.
О
рман жаңғағы (Corylus) – қайың тұқымдасына жататын бұта. Еуропаның орман
белдеуінде, Азияда және Солтүстік
Америкада өсетін20-ға тарта түрі бар. Қазақстанда Жайық
өзенінің жағалауларында өсетін бір ғана түрі – кәдімгі
орман жаңғағы
(С. avellana) бар. Биіктігі 2 – 5 м, кейде 8 м-дей болады. Жапырақтары үлкен сопақша немесе домалақ, шеті тілімденген. Тұқымынан, шыбығынан, тамыр атпалары және сұлама бұтақтары арқылы көбейеді. Наурыз – сәуір айларында гүлдеп, тамыз-қыркүйекте жеміс береді. Бір бұтадан 8 кг-ға дейінжаңғақ алынады. Жаңғақ
Ағелеуов Е. және т.б. Ботаника, өсімдіктер анатомиясы мен
морфологиясы. Алматы, «Санат» 1998.
құрамында 60 – 70% май болады. Жемісі 2 – 5-тен топталып, кейде дараланып өседі; сопақша, қоңырқай түсті, жеуге жарамды. Көлеңкеге төзімді орман жаңғағы ылғал топырақтарда, әсіресе орманның сұр топырағында және қара топырақтыжерлерде жақсы өседі. 80 жылдай өмір сүреді.
Б
адам,
миндаль (Amyg-dalus) — раушангүлділер тұқымдасына жататын
ағаш немесе бұта. Қазақстанда 5 түрі кездеседі, олардың ішінде шаруашылықтық
маңызы бары Оңтүстік Қазақстанда қолдан өсіріледі. Бадамның биіктігі 6—10 м,
пішіні — пирамида тәрізді немесе дөңгелек болады.
Бадамның жемісі сүйекті, салм. 0,6 — 5,4 г, дәнінің үлесі 12 — 80г. Жемісі тәтті немесе қышқылтым келеді. Жемісі тәтті сорттарының құрамында 40 — 80 г май, 20 — 25 грамм белок, 5грамм қант және 3-ке жуық шырыш, ал жемісі ащы сорттарында 2,5грамм эфир майы (амигдолин) болады. Бадам — жылу, жарық сүйгіш өсімдік, ол сондай-ақ қуаңшылыққа, суыққа төзімді, ағаштар түріндегілері —27С аязға дейін шыдайды. Жыл сайын өнім береді. Бадамды тұқымынан өсіруге, немесе өсімді (вегетативті) жолмен көбейтуге болады. Ағаштары 100 жылдай жасайды, 30—40 жыл жақсы жеміс береді.

Пісте(Pіctacіa) – анакардиа тұқымдасының бір туысы. Пістенің субтропикте өсетін 20 түрі, оның ішінде Қырым, Кавказда қолдан өсірілетін 1 түрі белгілі. Қазақстанда 1 түрі (Батыс Тянь-Шань, Қырғыз Алатауы, Қаратауда) өседі.[1]
Кәдімгі пісте (Pіctacіa. vera) – жаңғақ жемісті, қос үйлі, биіктігі 5 – 7 м, ағаш не бұта. Жапырағы бүтін жиекті, гүл шоғыры сыпыртқы тәрізді, сәуір – мамырда гүлдейді. Жемісі – бір тұқымды, ұз. 1 – 2 см, ені 0,5 – 1 см, маусым – қыркүйекте піседі. Жемісін жас, кептірген не қуырылған күйінде тағамға пайдаланады. Тұқымы құрамында 60% май және 23% белок болады. Майы тамаққа және медицинада қолданылады. Пісте тұқым

Су жаңғағы (чилим)— суда өсетін бір жылдық өсімдік. Жапырағы ромб пішіндес, қабығы қалың, жылтыр, сағағы жуан. Жапырағының бір бөлігі суға батып тұрады. Гүлдейтін кезде өсімдік тұтасымен су бетіне шығады. Ұсақ ақ түсті гүлдері жапырақ қолтығына орналасады.

Ұрықтанып болғаннан кейін өсімдік су астына түседі. Жемісі су астында дамып, піседі. Жемісі — қара қоңыр, қатты жаңғақ. Әр жаңғақтық 2—4 ірі сояуы және бірнеше ұсақ тікендері болады. Қабығы мен сояуы өте қатты, шірімейді. Жаңғақ ішінде ақ түсті ұн сияқты ұнтақ дәні болады. Су жаңғағы еліміздің Европалық бөлігінде, Сібірде, Қиыр Шығыста, Каспий теңізі жағалауында, Кавказ бен Орта Азияда, әсіресе Волга өзенінің сағаларында, көптеп кездеседі. Дәнінің дәмі талшынның дәміне ұқсас. Су жаңғағы шикілей пісірілген және қайнатылған түрінде тәтті тағам ретінде желінеді. Жемісінің құрамында крахмал, май және минералдық заттар бар.
Б
азельник жаңғағы — ерінді
гүлділер тұқымдасына жататын, биіктігі
70 —100 сантиметрлік жартылай бұта өсімдігі. Краснодар өлкесі, Грузин, Армения, Тәжікстанда қолдан өсіріледі. Қазақстанның оңтүстігінде жабайы (табиғи) түрде өседі. Жемісі төрт жаңғақты, дөңгелек, қара қоңыр түсті. Сабағы төрт қырлы, тамыры шашақ тәрізді. Жапырақтарыжұмыртқа пішіндес, сағақты, қарама-қарсы өседі, түсі сарғыш. Гүл, жапырақ, сабақтарылда эфир майы. камфора бар. Медицинада базельниктен жасалған препаратпен тіс ауруын емдейді, ол «эвгенол» деп аталады.

Кешью жаңғағы- тропиктік ағаш жинағы; кондитер өндірісінде кеңінен пайдаланылады, торттар мен пирожныйлардың бетіне салатын, С витамині мол жаңғақ дәндері. Жемісінен тәтті шырын дайындайды
Әметов Ә.Ә. Ботаника. – Алматы, 2004.
5.Грек жаңғағын тағамға қосудағы маңызы
Ұнтақталған, кесілген және майдалап үгітілген грек жаңғағының піскен жемістерін алма, қант қызылшашы және балдыр көкке (сельдерей) қосып, түрлі салат жасайды. Сондай-ақ оны ерік қосылған қышқылтым сорпаға, жұмыртқа қосылған әр түрлі сұйық асқа және баклажан, жаңғақ тұздығы (соусы) мен пудингке (ұн немесе күрішке жұмыртқа, сүт, жұзім т.б. раластырып жасалған тағам) үстемелен қос ады. Жайғақты шикі күйінде де жеуге болады. Қаймақ, тосап 'жасарда қолданылатын май алынады. Конфет, торт, печенье, халва, начинка, кондитер өнімінің басқа түрлерін даярлауда пайдаланылады. Кавказдықтар бал қосып гозинаки, шабдалымен араластырып, алманы жұзім шырыны сіңген жіпке тізіп, чурчхелы деген дәмді тағам жасайды. Мысалы, рахит, сары аурулармен ауырған балаларды оның жапырақ, жаңғақтарының қайнатылдысымен емдейді. Тұнбасына дәке батырып, жараның бетіне басады. Ал байлауға ыңғайсыз жерлерге сұйық май сияқты жағады. Асқазан-ішек ауруларын емдейді. Грек жаңғағын тағамға қосып, медиңинада пайдаланумен бірге, оның шаруашылықтық та маңызы зор.
Кәдімгі грек жаңғағының дәнінде темір мен тағы басқа микроэлементтер көп болғандықтан, оны қаназдыққа, әлсіздікке, жүрек-қан тамырлары жүйесінің көптеген ауруларына, өкпе туберкулезіне қарсы қолданылады. Сондай-ақ, жаңғақты бауыры мен өті қабынған, қан диабеті бар, тері ауруымен, теміреткімен, қан-жел ауруларымен ауыратындарға және тағамдардағы дәруменнің аздығына орай пайдалануға кеңес беріледі.
Жаңғақ қосылған тағамдар
Жаңғақты печенье. 300 грамм сары май, 300 грамм қаймақ, 3
жұмыртқаның сары уызы, 5 ас қасық ұн, 2 ас қасық ұнтақталған
жаңғақ, 2 ас қасық қант және пыша-қтың ұшымен азғантай ас содасы
қажет.
Бәрін бір ыдысқа салады, араластырады, илейді. Қамырды 2
сантиметрдей қалыңдықта жайып, түрлі қалыппен кеседі. Одан кейін
алдын-ала жылытылған қыздырма пешке салып, сары түске енгенше
(230-250 градуста) пісіреді.
Жаңғақ пудингі. Бұл - жаңғаққа сүт, нан, жұмыр тқа, қант, сары май
араласты-рылған тағам. Оны былай дайындайды: кептірілген, қау
ызынан ажыратылған грек
жаңғағының дәнін ет тура-ғыштан өткізеді. Сүтке ақ нанның жұмсағын
салып, шылайды. Жұмыртқаның сары уызына құмшекер себеді, сүтке
шыланған нанды, тортасы айрылған сары майды қосады,
Қуанышева С.Е. Биологияны оқыту әдістемесі.
Шымкент:
2000 ж. 300 бет
бәрін жаңғақ массасымен
араластырып, оған көпіршіктелген белок қосады, түбіне май жағылған
қалыпқа немесе табаға салып, қызуы орташа духовкада, әйтпесе пеште
шамамен 30-40 минуттай ұстап пісіреді. Дайын болған пудингті
қалыптан төңкеріп алып, ыстық күйінде тұздық құяды да, дастарқанға
қояды.
Қажетті заттар: 150 грамм жаңғақ дәніне ½ стақан сүт, 250 грамм ақ
нан, 3 жұмыртқа, ¾ стақан құмшекер, 100 грамм сары май.
Жаңғақ қосылған күріш.
Майды күйдіріп, жаңғақты қуырып алады, тұз, бұрыш қосып пісірілген
күрішке араластырып, жайлап отқа қояды. Сосын гарнир ретінде
пайдалана береді.
Қажетті заттар: 3 стақан пісірілген күріш, жарты стақан жаңғақ
дәні, 150 грамм сары май, бұрыш, тұз.
Сүтке пісірілген талшын жаңғағы. Талшын жаңғағының дәнін тазалап
кастрюльге салады, үстіне сүт құяды, кастрюльдің қақпағын жауып
30-40 минут қайнатады. Сосын ұнға аунатылған сары май салып, үстіне
құмшекер және тұз қосып, бәрін жақсылап араластырады.
Қажетті заттар: 200 грамм талшын жаңғағына: жарты стақан сүт, 1 ас
қасық сары май, 1 ас қасық бидай ұны, тұз және құмшекерді
қалағанша.

Қорытынды
Оңтік өңірінде тіп-тік зәулім өсетін жаңғақ ағаштары көп, олардың мәуелеген бұтақтары бейне қолшатырдай төңкеріледі; Жемістері бұтақтарын майыстырып жұлдыздай самсап, меруерттей төгіледі. Осыған қарап Оңтүстіктің байтақ топырағы жаңғақ өсіру үшін-ақ жаратылған жер дерлік. Оңтүстіктің қай түкпірінде болса да жаңғақ ағашының сұлбасы көз алдыдан кетпейді.
Дүние жүзі бойынша, халқы ең ұзақ жасайтын төрт өңірдің бірі саналатын Хотан – Шинжяңның халқы ең ұзақ жасайтын аймағы. Қытайдың төртінші реткі халық санағының мәліметіне қарағанда, Хотан аймағында ұзақ жасаған қарттар 114 кісі екен. Хотандықтардың ұзақ жасауы тылсым күштен еместігі талас жүрмейтін шындық. Мен мұны олардың тамақтану дағдыларымен қатысты деп межелеймін. Олардың көбі-ақ жұпыны-жадағай тамақтанады, жыл бойы жергілікті жаңғақ, мейіз, нан тағамдарын негізгі ас ретінде тұтынады.Себебі бұл өңір грек жаңғағын өсіретін бірден – бір өлке. Жаңғақтар жүрек қан тамырларына пайдалы әсер етеді, сондықтан , The Archives of Internal Medicine журналының мәліметі бойынша, жаңғақты жті жегендер, 2 жыл артық өмір сүре алады».Демек жаңғағ адам өмірін ұзартады. 10 жылдан астам уақыт бойы бағбан болып жүр ген Түлкібас ауданының тумасы Бақыт Нұрбаев (суретте) биыл грек жаңғағының ерекше, жаңа сортын өсіруді қолға алған. Бағбан екі жаңғақ ағашының бұтағын будандастыру арқылы жаңа сортты алған. Оған «Толик жаңғағы» деп ат қояды. Биыл ол жаңа сортынан бес қап жаңғақ жинапты. Егілгеніне 11 жыл болған жаңғақ ағашының бойы бар болғаны 9-10 метр екен. Соған сай жас көшет те жақсы өнім берген. Алғашында жұрт алмадай жаңғақтарды көргенде таңқалыпты. Бақыт бағбанның айтуынша, «Толик жаң ғағы» жыл сайын жеміс береді екен. Кәдімгі грек жаң ғақтарының жас көшеті 8-9 жылдан кейін жеміс берсе, ал «Толик жаңғағы» 5-6 жылда-ақ өнім беріпті.
Қазығұрттың таулы аймақтары сапалы жаңғақ өсіретін маңызды жері. Бұл жерде өсірілген жұқа қабықты жаңғақтардың қабыршығы жұқа, дәні дәмді, ірі әрі домалақ, толық дәнді келеді. Бұл жаңғақтың қабығының жұқалығы қағаздай, алақанға салып сәл қысқанда-ақ торсиған дәні шыға келеді, еш әуресіз, саусақпен шұқып қалса болғаны төгіліп түседі, жегенде дәмі таңдайда қалады. Оның атағы да шалғайға жайылып кеткен.
Шипасы мол, пайдасы ұшан теңіз грек жаңғағын өз жерімізде өсіріп, осылайша түрлі сорттарын шығаруды қолға алудан біз ұтытылмасымыз анық.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қуанышева С.Е. Биологияны
оқыту әдістемесі. Шымкент:
2000 ж. 300 бет
2. В.В. Травникова Биологические экскурси, СПб.: «Паритет», 2002. –
256 б.
3. Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т.Есполов Экология және табиғатты
тиімді пайдалану: оқулық. – Алматы: Ғылым, 2004 – 328 б.
4. Биология Қазақстан мектебінде./ Республикалық ғылыми-әдістемелік
журнал. 2005 жылдан бастап.
5. Қайым Қабділрашид. Биология. Анықтамалық көмекші құрал. –Алматы.
«Ол – Жас баспасы» ЖШС. 2006 ж. 104 бет.
6. Оспанова Г. Экологи: оқулық. –Алматы Экономика, 2002. – 408
б.
7. Н.Л.Галеева. Сто примеров для учебного успеха ученика на уроках
биологии: М.: «5 за знания», 2006. -144 с.
8. Қисымқызы Ә. Салауаттану. Әдістемелік құрал. – Алматы. «Алматы
кітап» ААҚ, 2004. -160 бет
9. Бейсенова Ә.С., Ж.Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева. –Алматы: Ғылым,
2001. – 238 б.
10. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері: оқулық. – Алматы: Зият,
2003. – 212 б.
11. Шілдебаева Ж. Қызықты экология: оқу құралы. –Алматы:
Ы.Алтынсарин, 2000. – 172 б.
Мазмұны
|
1 |
Пікір |
2 бет |
|
2 |
Аннотация |
3-5 беттер |
|
3 |
Жоспар |
6 бет |
|
4 |
Кіріспе |
7 бет |
|
5 |
Жаңғақтың құрамы |
8-9 беттер |
|
6 |
Жаңғақ жемісінің шипасы
|
10-12 беттер |
|
7 |
Жаңғақтың өсірудегі ерекшеліктер |
13-14 беттер |
|
8 |
Жаңғақтың түрлері |
15-17 беттер |
|
9 |
Грек жаңғағын тағамға қосудағы маңызы |
18-19 беттер |
|
11 |
Қорытынды |
20-21 беттер |
|
12 |
Пайдаланған әдебиеттер |
22 бет |
21
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Грек Жаңғағы

шағым қалдыра аласыз