400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Гүл мереке, күн мереке-8-наурыз" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: « Гүл мереке, күн мереке – 8-наурыз!» Мақсаты: • 8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік жанды қыздарды сыйлауға үйрету; • Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу; • Аналарына деген балалық махаббатқа, ер балаларды қыз балаға деген қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Құттықтау сөздері жазылған плакаттар,слайд, гүлдер, шарлар, магнитофон, үнтаспа. Барысы: АНА туралы видео көрсетіледі. (балалар залға кіреді) Мұғалім сөзі: Ана-өмір қолдаушысы әлемнің Шаңырақтың шаттығы мен шуағы Сейілмесін жанарынан ананың Тіршілікке төккен нұрлы шуағы Аялайық аналарды әрдайым Қуанышқа бөлейікші өздерін Әжелердің,аналардың,қыздардың Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Гүл мереке, күн мереке – 8-наурыз!»
Мақсаты:

  • 8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының

берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік

жанды қыздарды сыйлауға үйрету;

  • Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу;

  • Аналарына деген балалық махаббатқа, ер балаларды қыз балаға

деген қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Құттықтау сөздері жазылған плакаттар,слайд, гүлдер, шарлар, магнитофон, үнтаспа.
Барысы: АНА туралы видео көрсетіледі. (балалар залға кіреді)

Мұғалім сөзі:

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің,аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

Құрметті ақ жаулықты әжелер, асыл аналар, қадірлі ұстаздар, қымбатты қыздар! 8-наурыз - Гүл мереке,Күн мерекелеріңізбен құттықтаймын. Бұл күн тамаша мереке, көктем мерекесі, табиғаттың оянатын мезгілі. Ең жылы сезімдер – қайырымдылық пен кішіпейілділік, үміт пен сенім, махаббат пен адалдық бірігеді. Осы тамаша күнге орай ұйымдастырылған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Осы кешті жалғастыруға екі жүргізушілерімді шақырамын.

1-жүргізуші:  Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар!
Сіздерді  к
өктемнің алғашқы  айында еліміздің барлық жерінде тойланатын  
8-наурыз
әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.

2- жүргізуші:
Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан


1-жүргізуші:
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан
Хормен барлығы:

Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!


(Балалардың тақпақтары)

Күлсін:

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.


Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.

С. Ернұр:

Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.

Балғын шақты біз бақытгы балалар!

Гаухар:

2-жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!

1-жүргізуші:
Бишілер бар бізде
қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге
өнерімен келген бүгін.
Та
ң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! 


Сахнада «Қуыршақтар биі» қабыл алыңыздар. 

«Қуыршақтар биі»


1-жүргізуші:
Ана ол бізді
ң елде ардақты адам,
Кішісі де,
үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын да,
 «Ана» деп бізді
ң халық текке айтпаған, –деп кезекті көрініске береміз.

Көрініс «Әжесі мен Бағлан»
- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ - қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.

1-жүргізуші:
Мерекеге арналады б
үгін билер.
К
өтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.–демекші, ендігі кезекте «Бабушки-рябушки», қабыл алыңыздар!

«Бабушки-рябушки» биі

2-жүргізуші:
Жан анам,
құттықтаймын мереке күніңмен,
К
өктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат к
өңілін ақ күніңмен, –деп, ендігі кезекте «Анажаным» әні, қабыл алыңыздар!

«Анажаным» әні

1-жүргізуші:
Ойын «Ананың алақанын сипап сезу» Үш баланың көздерін жауып байлаймыз. Аналардың орны ауысқаннан кейін, балалар көздері байлаулы күйде барлық аналардың алақанының арасынан, өз анасының алақанын сипап сезу арқылы табу керек.



2-жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Т
ұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иы
қтан шашып, төгіліп жерге,
К
үмісті шашбау, жарасып белге  –демекші, ендігі кезекте қазақтың биін, қабыл алыңыздар.

Би «Қазақ биі» 

Хор «Анаң алтын»

1-жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнап дайындаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
Досжан:

Тағдырдан жапа шеккенде,

Мұң шағып саған келмедім

Салым бір суға кеткенде

Мейіріміңе шөлдедім.

Бағаңды жүрмін сезініп,

Күн-Анам менің, Ай-Анам,

Өзіңді ойлап көз іліп,

Өзіңді көріп оянам.

Тағы да, міне, күз келді,

Отырсың ба, Анам, күрсініп

Алыстатты ғой біздерді,

Күйбеңі бітпес тіршілік.


Алексей:

Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам.


Талғат: «Ана» М. Дулатұлы
Кім сендерді, балалар, сүйе-тұғын,
Куанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Камқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.





А. Ернұр: Анама Ф. Оңғарсынова

Кеудеңде мені тербеттің, жас шыбық енді көктеді.
Мінеки мен де ер жеттім, еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын, аяулым сенсің, анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың, мен үшін бірақ данасың.
Мейірім төккен нұр жүзің тұрғандай сезем жанымда.
“Адал бол, - деуші ең, - жұлдызым”, сақталды сөзің жадымда.
“Игі еңбек түбі осы-ау” дер көргендер жеміс ағашын.
Қартаймай, мәңгі жасай бер мәңгілік Күндей, анашым!



Тоқтар: Қадыр Мырза Әли

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым.

Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,

Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,

Отанымның өзі сенен басталып.

Жауларыма жеткен жерден бітеді.


Қайнар:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай
О адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай
Ана десем сезім білер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық



Мөлдір:

Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарса да өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,
Ана мерекесі құтты болсын.

Дарын:


2-жүргізуші: Қариясы бар үйдің қазынасы бар деп бекер айтпаған.

Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әнімізді қабыл

алыңыздар.

Ән «Асыл әжем»

1-жүргізуші:Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.

2үргізуші: Деңдеріңізге саулық, бала–шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт–береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын! Деп тағы бір «Мама» деген әнді қабыл алыңыздар

«Мама» әні

1-жүргізуші: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың  ыстық құшағынан қасиетті  ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананның шапағат мейіріміне жетпейді.

2-жүргізуші: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын  өтей алмайсың.

1-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол – анамыз. Ендігі кезек ана туралы нақыл сөздерге берейік.



Нақыл сөздер

А

Гаухар: Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.
В.Г.Белинский

н

Ернұр: Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя.
В.Гюго

а

Дарын: Ана көрегендігінің теңдесі жоқ. Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады.


ш

С. Ернұр «Ана- дүниедегі бірден- құдірет»

Ы

Қайнар: Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.

М

Мөлдір: Анашым - отбасымның тірегі. Барлығы, тіпті әкем де, жасы үлкен-кіші туыстарым да бір іс бастарда, басқа да жағдайларда анаммен ақылдасады.

2-жүргізуші: Би «Анаға жүрек»

Мамино сердце, оно не простое,
Мамино сердце очень большое.
Много живет в нем любви и добра,
Нежности много, 3абот и тепла.

Вот тянутся ручки:-Во3ьми меня мама!


Аналарына және қыздарға сыйлықтарын береді.

1-жүргізуші:

Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді.

2-жүргізуші:

Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі - Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз.

1-жүргізуші: Ананың көзінен төгілген нұр жан - жағына шуағын шашады, олай болса,
- Достар, бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?

Бәрі: - АНА!

Мұғалім: -Осы отырған бәріміз аналарға борыштымыз. Оларға айтар алғысымыз шексіз. «Бала-ананың бауыр еті, көз нұры» деген халқымыз, аналарымызды жақсы бағамен, үлгілі мінезімізбен, жеткен жетістіктерімізбен қуанта берейік. Ананың қуанышына айналып сендерде аман сау болыңдар!

Қолдарыңмен жасаған сыйлықтарыңды аналарыңа сыйлаңдар!













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21.03.2019
2243
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі