Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

"Гүлдер әлеміндегі математика"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге арналған,қорытынды ашық ұйымдастырылған іс әрекет
Материалдың қысқаша нұсқасы


Оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы.



Білім беру саласы

«Қатынас», «Әлеуметтік орта», «Таным»

Бөлімі

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Тобы:

Таңқұрай кіші топ

Тақырыбы

«Ертегілер еліне саяхат»

А) ақпараттық құзыреттілік

Балаларды заттарды саны бойынша салыстыруға (артық-кем, қанша, сонша, бірдей) үйрету, оларды 5 көлеміндегі сандарды санауға жаттықтыру, тікбұрышпен таныстыру, тікбұрыш пен шаршыны бір-бірінен ажыратуға үйрету.

ә) коммуникативтік құзыреттілік

Заттарды кеңістікте орналасуына қарай (оң, сол, астында, оң жақта, сол жақта, жоғары, төмен т.б) анықтап, салыстыруға үйрету.

Б) проблема шешу құзыреттілігі

Өз бетімен тәрбиешінің сұрағын түсініп, берілген тапсырманы орындауға дағдылау. Әр баланы өзінің жеке жұмысын жасап қана қоймай, өзге достарына да көмектесуге тәрбиелеу, достық сезімдерін ояту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі

Дәстүрлі

Пәнаралық байланыс

Көркем әдебиет. Тіл дамыту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын технологиялар

Ертегі бойынша ойын-жаттығулар, дамыта оқыту, кешенді түрде.

Әдіс – тәсілдер

Түсіндіру, ертегіні интеграциялау, сұрақ-жауап, көрсету, сергіту сәті, дидактикалық ойын, шаттық шеңбер.

Оқыту құралдары:

Тақта, үйшік, тышқан, бақа, қоян, қасқыр, түлкі, 5 ағаш, көк-өніс бейнеленген карточка, 1-ден 5-ке дейінгі сандық карточкалар, 3 қуыршақ, 5 зымыран, 3 қызанақ, ғажайып қоржын, шеңбер, шаршы, үшбұрыш, тікбұрыш.


Қостілділік бөлім:

Один – бір, два – екі, три – үш, четыре – төрт, пять – бес, квадрат – шаршы, прямоугольник – тікбұрыш, треугольник – үшбұрыш, сказка – ертегі, заяц – қоян, лягушка – бақа, волк – қасқыр, лиса – түлкі, мышка – тышқан.





Іс -әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушы бөлімі

Тәрбиеші әңгімелейді:- Алаңда бір үйшік тұр.(суретті көрсетеді). Жертесер тышқан оны көріп қалып сұрайды.. (тышқанның карточкасы қойылады

Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?

Үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді: Менің тапсырмаларымды орындағандардың бәріне үйшік өз есігін ашады.

Тәрбиешінің мәнерлеп оқыған ертегісін тыңдайды.

Тәрбиеші ұсынған тапсырмаларды орындайды.

Беске дейін санайды. Бау –бақшадағы көк-өністерді санайды.

Іздену ұйымдастырушы бөлімі

Тәрбиеші балаларға тапсырмаларды ұсынады:

1.Үйшіктің жанында неше ағаш бар? 2.Бақшадағы көк-өністерді сана. (санау арқылы).

3.Дидактикалық ойын: «Сана да, салыстыр.

Тәрбиеші:Тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар, тышқанға үйшіктің есігі ашылды. Жарайсыңдар! Тышқан үйшікке кіріп сонда тұра бастайды.

Тәрбиеші: Үйшікке секіріп бақылдауық бақа келді:

-Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

-Үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді: Менің тапсырмаларымды орындағандардың бәріне үйшік өз есігін ашады.

Тәрбиеші балаларға тапсырмаларды ұсынады:

1Дидактикалық ойын: «Ғажайып қоржын»

2.Балалар тікбұрышпен танысады.

Тәрбиеші: Менің тапсырмама жауап беріңдерші: -Бұл не?

.- Ал мына пішінді кім атайды? Тәрбиеші: Бүгін біз тікбұрыш пен шаршыны салыстыра отырып, оларды бір-бірінен ажыратып үйренеміз. (Тақтаға ілу).

Шаршыны алдарыңа алып, саусақпен жан-жағын жүргізіңдер, оның жан-жақтары бар, байқадыңдар ма? Шаршының неше жағы бар, неше бұрышы бар?

Ал енді тікбұрышты саусағымызбен жүргізіп көрейік. Тікбұрыштың неше жағы бар? Неше бұрышы бар? Енді мұқият қарап, тікбұрыштың шаршыдан айырмашылығы қандай, соны анықтайық. Оны тексеру үшін екі пішінді бірінің үстіне бірін саламыз.

Тәрбиеші: -Тапсырманы дұрыс орындадыңдар, сондықтанда сиқырлы үйшіктің есігі бақылдауық бақа үшін ашылды. Жарайсыңдар! Бақа сол күннен бастап үйшікте тұра бастады.

Секектеп секек қоян келді.

-Неткен үйшік!

Үйшікте кім тұрады?

Жануарлар жауап беріп үлгерместен:

Үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді:

Менің тапсырмаларымды орындағандардың бәріе үйшік өз есігін ашады.

Дидактикалық ойын: «Құлыптың кілтін тап?»

Тәрбиеші:- Өздеріңізге ұнаған геометриялық пішінді алыңыз- бұл құлыптың кілті болады.

« Құлыпты аш!»- деген бұйрық бойынша сіздер құлыпқа лайықты кілтті таңдауыңыз керек, кімнің кілті үйлессе, сол қақпаға кіреді.

Сергіту сәті: «Үйшік»

Далада бір үйшік тұр. (Саусақтардың арасын керіп ашу).

Есігінде құлпы тұр. (Саусақтарды құлыпша айқастыру).

Есікті қасқыр қағады. (Оңға-солға саусақтарды бүгу арқылы қимылдату).

Тарс-тарс, тарс-тарс (Бүгілген саусақтармен өзіне қарай және кері қимыл жасау).

Есікті ол аша алмай, ызаға бірден басады.

Алтын айдарлы әтеш келіп. (Саусақтарды ашып, тік ұстау).

Құлыпты оңай ашады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, қоянға үйшікке кіруге көмектестіңдер.

Үйшікке жүгіріп көкжал қасқыр келді.

Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?

Жануарлар жауап береміз дегенше...

Үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді:

Менің тапсырмаларымды орындағандарға ғана үйшік өз есігін ашады.

Дидактикалық ойын: «Көкөністерді орналастыр»

Тәрбиеші: Қасқырға көмектесейік.

а) Сәбізді жоғарғы сөреге салыңдар.

б)Қызылшаны төменгі сөреге орналастырыңдар.

в) Алманы сол жақ сөреге салыңдар

г) Құлпынайды оң жақ сөреге салыңдар.

-Жемістер мен көк-өністер қандай сөрелерде жатыр.

Тәрбиеші: Барлығын дұрыс орналастырыпсыңдар, сиқырлы үйшіктің есігі қасқыр үшін ашылды. Жарайсыңдар!


Қасқыр үйшікке кіріп тұра бастады.

Жалмаңдаған түлкі келіп:

-Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?

-Мен жертесер тышқан!

Мен бақылдауық бақа!

-Мен секек қоян!

Мен жылмаң түлкімін!

Тәрбиеші: Жануарлар жауап беріп үлгерместен

-Үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді:

Менің тапсырмаларымды орындағандарға ғана үйшік өз есігін ашады.

-Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

- Үйшікте неше аң бар?

- Олардың қайсысы бұрын келді.

- Қайсысы соң келді?

- Қояннан кейін қай аң келді?

- Түлкінің алдынан қай аң келді?

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Үйшіктің есігі түлкі үшін ашылады.. Содан бері аңдар тату-тәтті өмір сүріп жатырған көрінеді.


Дидактикалық ойынды ойнайды, заттарды сандық карточкалардың қасына қояды.

( 5-ке дейін санайды).

(Сандық карточкаларды заттардың жанына қояды).

.


Балалар өз іс-әрекеттерін баяндайды. Тәрбиеші ұсынған барлық тапсырмаларды дер кезінде орындап отырады.

Геометриялық пішіндердің атауын атайды.

Шаршыны, тікбұрышты қолдарына алып қарап, оның жан-жағын салыстырады.





( тікбұрыш, шаршы).

Балалар геометриялық пішіндерді атайды,

(Шаршы)

–Бұл тікбұрыш.

. (Пішіндерді бірінің үстіне бірін салады).



Шаршыны алдарына алып, саусақтарымен жан-жақтарынан жүргізеді.

- төрт жағы, төрт бұрышы бар.


Тікбұрышты алдарына алып, саусақтарымен жан-жақтарынан жүргізеді.

  • төрт жағы, төрт бұрышы бар.

  • Екі пішінді бірінің үстіне бірін салып салыстырады.



Сиқырлы үйшіктің есігі ашылғанда балалар қуанып, қолдарын шапалақтайды.

Балалар тапсырманы мұқият орындап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне толық қатысып отырады.

Әр ертегі кейіпкеріне жанашырлық танытып, олармен бірге қобалжиды, үйшіктің есігі жануарлар үшін ашылғанына қуанады.





Дидактикалық ойынды ойнап, геометриялық пішінді, құлыптың есігін ашуға таңдап алады.






Тәрбиешімен бірге саусақтарының арасын кері ашып, сергіту сәтін орындайды.


Саусақтарын айқастырады.

Оңға, солға саусақтарын бүгіп, қимылдатады.

Саусақтарын бүгіп, кері қимылдатады.






Саусақтарының арасын ашып, тік ұстайды.

Өздерінің қоянға көмектескендеріне қуанады.










Өткізілген дидактикалық ойынға қатынасып, көк-өністерді өз орындарына орналастырады.




Жемістерді өз сөрелеріне орналастырады.





















Балалар тәрбиешінің сұрағына жауап беріп отырады.







Үйшікте бес аң бар.

Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр.

Тышқан

Бақа

Қоян,

Түлкі.

Қасқыр

Рефлексивті коррекциалаушы бөлім

. Балалар, сіздерге ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнады ма?

Әсіресе сендерге не ұнады. Ертегіде неше кейіпкер бар?

Аңдарға үйшікке кіругет кім көмектесті?

Әрине сендер. Жарайсыңдар!

Бәріңде тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Дұрыс санау және салыстыра біледі екенсіңдер. Аңдар сіздерге риза болып дәмді сыйлық беріп жіберіпті

-ия.

Ертегі.

Тышқан

Тышқан


Балалар сыйлықтарды алып, рахмет айтады.


Күтілетін нәтиже:

Балалардың білу: : Геометриялық пішіндерді білу.

Балалардың меңгеруі: : 5-ке дейін санай білу.

Балалардың жасай алуы: Заттарды өсу және кему ретіне қарай салыстыруға жаттықтыру. Өз жұмысын қорытындылап үйрету.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.02.2019
533
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12