«Аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК
(білім беру ұйымының атауы)
Оқу сабағының жоспары
Гүлжауһар Сейітжан «Қара алтыны халқымның». Сан есім.
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы______қазақ тілі мен әдебиеті ______________________
Педагог дайындады __ Касымова Салтанат Абраевна_________________________________
"12" наурыз 2025 жыл
Жалпы мәліметтер
Курс, топ У-3
Сабақ түрі жаңа сабақ
Мақсаттары, міндеттері Сан есім туралы түсінік беру және сан есімнің заттың санын, ретін білдіретінін ұғындыру.Сан есімнің сөз табы екенін түсіндіре отырып, сан есімге сұрақ қоя білуге үйрету.
Оқушылардың сөз байлығын дамыту.сөз таптарын өзара салыстыра отырып, айырмашылығын білу. Ауызекі және жазба тілін дамыту, сөздік қорларын, ойлауын, таным қабілеттерін арттыру.
1)Мәтін бойынша автор позициясын және көтерілген мәселеге қарым-қатынасын, тыңдаушыға ықпал ету тәсілін талдай отырып, негізгі ойды анықтау.
2)Ғылыми және кәсіби мәтіндердегі күрделі сөздер мен терминдердің жасалу жолын анықтау, кәсіби бағыттағы түпнұсқа мәтіндерден қажетті ақпаратты (деректерді, сипаттамаларды, сандық көрсеткіштерді, сілтемелерді) анықтау.
3)Ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндерде көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселеге баға беру және әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыру.
4) Ғылыми және кәсіби мәтіндер құрауда грамматикалық омонимдерді ажырата танып, ауызша және жазбаша дұрыс қолдану.
Күтілетін нәтижелер Оқушыларды топтасып жұмыс істеуге, зер салып тыңдауға, құрметтеуге, жауапкершілікке әдепті және батыл сөйлеуге, адам бойындағы жақсы қасиеттерге білімге құштарлығын тәрбиелеу.
1)Оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында және мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегісөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіндіреді;
2)Мәтін бойынша автор позициясын және көтерілген мәселеге қарым-қатынасын, тыңдаушыға ықпал ету тәсілін талдайды, негізгі ойды табады.
3)Ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндерді (аннотация) жанрлық және тілдік ерекшеліктеріне талдайды;
4)Ғылыми және кәсіби мәтіндер құрауда грамматикалық омонимдерді анықтай алады.
5)Грамматикалық омонимдерге ауызша және жазбаша мысалдар келтіреді.
Қажетті ресурстар сұрақ-жауап, әңгімелеу, топтастыру,СТО.Кітап, сөздік.
Сабақ барысы
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Жылы лебіз білдіру арқылы жүзеге асады.
Оқытушының іс әрекеті:
-студенттермен амандасу
- студенттерлі түгендеу;
- студенттерді сабаққа дайындығын тексеру;
- сабақтың тақырыбын хабарлау;
- сабақтың мақсатын студенттермен анықтау;
Оқушының іс әрекеті:
- студенттер амандасады;
- кезекшінің рапорты;
- дәптерге тақырыпты жазу;
- сабақтың мақсатын оқытушының көмегімен анықтау
Сабақ барысы І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды түгендеп, сабаққа назарын аудару.
-Кезекші сөзі.
ә) Психлолгиялық дайындық.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
(Бір – бірімізді қол
шапалақтап қолдап қоямыз)
-Оқушыларды топқа бөлу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
182-бет 4- жаттығу.
ІІІ. Жаңа сабақ. «Ой шақыру» кезінде «Ребус» шешіп көрелік.
,,
,,,
,
,,
,
, , , ,
,
(бес, кітап ,нан , бесік, қалам)
Жаңа сабақтың тақырыбы сан есім деп аталады.
-Оқушылардын сабақтың мақсатын сұрау.
Сан есім – заттың санын, саналу ретін, мөлшерін білдіретін сөз табының бірі. Сұрақтары:қанша? неше? нешеу? нешінші? Жамбыл жүз жас жасаған. (Неше жас? Жүз жас).
Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді.Есептік сан есімге төмендегі жұрнақтар жалғану арқылы реттік сан есім жасалады:
-ыншы –қырық тоғызыншы, алпысыншы, оныншы, т.б.
-інші – отыз бесінші, үшінші, елуінші, жүзінші, т.б.
-ншы – алпыс алтыншы, алтыншы, т.б.
-нші – қырық екінші, жетінші, т.б.
3. Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын көрсетеді. Сұрағы: нешеу? Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі сан есімге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Дауысты дыбысқа аяқталған екі, алты, жеті сан есімдеріне -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдегі соңғы дауысты дыбыс түсіп
қалады: екі+еу→екеу, алты+ау→алтау, жеті+еу→жетеу.
БОЛЖАЛДЫҚ САН
ЕСІМ
Заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап
көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы?, қаншадан? Сияқты сұрақтарға
жауап береді.
Жасалу
жолы:
- лаған, - леген, - даған, - деген, - таған,
- теген, - лап, - леп, дап, - деп, - тап, - теп, - дай, - дей, -
тай, - тей
Мысалы: жүздеген, мыңдап,
елулеп;
1-топ: Сан есім
2-топ:Сан есім (постер құрастыру)
№1 карточка.
Мына сөздердің ішінен сан есімдерді тап.
Ана, қалам, екі, сағат, келді , бес, жиырма, келе жатыр, сегіз,бірінші, Айдос, алтыншы.
Оқулықпен жұмыс. (183-бет )
1-жаттығу.Берілген сөздердің ішінен сан есімдерді теріп жаз.
Сегізбай,сегіз, алтын, алты, тоқсанық баға, тоқсан, жүзгіш, жүз бір, қырықтық, қырық, Елубай, елу.
(Сегіз, алты, тоқсан, жүз бір, қырық, елу)
2-жаттығу. Жұмбақты оқып шешуін тап.Жұмбақты көшіріп жазуп,Сан есімдердің астын сыз.
Қатар өскен дос құсап,
Екі жақта қос бұтақ.
Әрұайсысында
Біреуі қысқа,
Біреуі ұзын,
Бес бұтақ. (Қол)
3- жаттығу.Көп нүктенің орынына тиісті сан есімдерді қойып,сөйлемді көшіріп жаз.
ІV.сергіту сәті. (Видео арқылы).
Интерактивтік тақтамен жұмыс.(Электрондық оқулық)
(Қазақ тілі→Сөз таптары→Сан есім→1 сабақ )
V. Сабақты қорытындылау.( тест сұрақтары арқылы).
1. Заттың санын білдіретін
сөз табы –
А) зат есім Ә) сын
есім Б) сан
есім
2. Сан есімнің сұрақтарын
белгіле.
А) Қандай? Қай?
Ә) Қанша? Неше? Нешінші?
Б) Не істеді? Қайтті?
3. Нешінші сұрағына жауап беретін сөзді
тап.
А) бесінші Ә)
бес Б) бесеу
4. Сан есімді
тап.
А) сана, оқы
Ә) жиырма, үш жүз
Б) биыл, былтыр
5. Сөйлемнен сан есімді
тап. Олжас бірінші орын
алды.
А) Олжас
Ә) бірінші
Б) орын
В) алды.
Жауаптары: 1.Б, 2.Ә , 3. А,
4.Ә,5.Ә
«Кім тез табады»
ойыны
Саны бар сөздің шешуін тауып, сөйлем
құрастыру.
К+3+ІК=КҮШІК
ЖЕЛ+90=ЖЕЛТОҚСАН
7+К=ЖЕТІК
1+ҚАЗАН=БІРҚАЗАН
ТҮ+1=ТҮББІР
6+БАҚАН=АЛТЫБАҚАН
ДЕР+5=ДЕРБЕС
8+КӨЗ=СЕГІЗКӨЗ
1.Есептік (Количественные) бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір, он екі, жетпіс бес, жүз үш, мың, т.б.
2. Реттік(Порядковые) бірінші, екінші, үшінші, оныншы, жиырма екінші, сексен бесінші, екі жүз алтыншы, т.б.
3. Жинақтық(Собирательные) біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу
4. Топтау(Группирующие) бірден, екіден, үштен, оннан, он бестен, екі-екіден, он-оннан, жүз-жүзден, мың-мыңнан, т.б.
5. Болжалдық(Приблизительные) бірер, екідей, ондаған, жетпістей, жүздеп, жүздеген, ондарда, алпыстарда, үш-төрттей, т.б.
6. Бөлшектік(Дробные) екіден бір (1/2), сегізден үш (3/8), үш бүтін жүзден он төрт (3,14), т.б.
4.2. Тіректі ұғымдарды өзектілеу. /5минут/
Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап әдісі арқылы.
V Негізгі бөлім. /15минут/
1. Жазылымалды тапсырма.
Төмендегі сұрақтар жұптарға беріледі.
«Ыстық микрофон» әдісі бойынша оқушылар өз таңдаулары бойынша сұрақтарға дәлел келтіре отырып, жауап береді.
Сұрақтарға жауап жаз/ответьте на вопросы письменно.
Ой талқы.
*Ұлы даланың басты байлықтары не деп ойлайсың ?/Что является главным богатством Великой степи?/

Тапсырма 2. Мәтінмен жұмыс.
Берілген мәтінді оқып шығыңдар, белгіленген сөйлемдерді көшіріп алып, аудрмасын жасаңдар.
Әр соғыс майданындай, Маңғыстау мұнай майданының да өзінің маршал, генералдары, полковник, лейтенанттары, солдаттары болды. Ал біздің сөз еткелі тұрған кейіпкерлеріміз — оның маршал, генералдары, полковниктері де емес, қатардағы солдаттары мен ортан қолдай өндіріс командирлері. Әскери тілмен айтсақ, тікелей ұрыс тағдырын шешетін алдыңғы шептің адамдары, өндіріс тетіктері қолдарындағы жұмысшы мамандары. Қысқасы, бұлар мұнай майданының алдыңғы қатары — жаны, жүрегі.
Әрине, Маңғыстауда ешкім қан төгіп, жау қолынан шаршы метр жер аламын деп жанталасқан емес. Бірақ Каспий теңізінің солтүстік-шығыс аймағын алып жатқан, солтүстік - шығысында Үстіртке жеткен, ал оңтүстігінде Қарабұғазбен шектескен, мол сулы бір өзені жоқ тек жусан, ақселеу, бұйырғын, ебелек өскен сонау шөлейт, құмайтты, сортаң жапан даланы игеру совет адамына ешбір соғыс майданынан кем тимеген. Ұлы дала өзінің ен байлығын, әрбір шаршы метр жерін орасан қиындықпен берген. Сондықтан да бұл арада бір кезде басталған мұнай тартысын Маңғыстау майданы деп атадық.
Бұл өлкенің адамдары заманнан бері түйе бағып келген. Түйенің еті, сүті — қорегі, тері-терсегі, жүн – жұрқасы — киімі, көшсе — көлігі, жауға аттанса— мінері болған.
Көне, көне заманда бұл арада сонау Солтүстік мұхитпенен ұштасқан Сармат теңізі болған. Көл тартылса – қарасу, дария тартылса өзен қалады. Сол тартылған Сарматтан Каспий теңізі қалған.
Бұл бір ғажап өлке! Асты лықылдаған су, үсті күн жеп, жел суырған су жетпей әбден қаңсыған, қартайған кәрі шалдың бетіндей әжім-әжім боп қатпарланып кеткен өңсіз кеңістік! Қысы қақыраған суық, жазы шыжыған ыстық. Сол қаттырақ жел тұрса, алай-түлей боран. Құмды боран, шаңды боран. Осындай бір заманда құлан мен киік жортқан, кесіртке жүгіріп, тасбақа мен жылан жылжыған сұрғылт даланы ежелден жайлап келген қазақ елінің жаны қандай сірі десеңдерші!
Тапсырма 3. Жаңа сөздер/новые слова
бейнет –
мұнайлы өлке –
ғажайып –
ғажайып өлке –
көне заман –
Тапсырма 4. Берілген сөздерден сөйлем құрап жазыңдар.
Мұнайлы өлке, Маңғыстау қаласы, жер байлығы.
VІ Сабақ қорытындысы. /5минут/
Тапсырма 5. Ой қорыту.
VІІ Үйге тапсырма. /6минут/
Тапсырма 6. Мәнерлеп оқу.
ҚАРА АЛТЫНЫ ХАЛҚЫМНЫҢ...
Гүлжауһар Сейітжан
Мұнай, мұнай....
Сары май...
Қап-қара май.
Келбетіне халқымның жаққан арай.
Бейнеті мол қазақтың жерін кеулеп,
Бақытына айналған баққа қарай...
Мұнай, мұнай...
Қара алтын қазынамыз...
Қаталдау табиғаттың назы нағыз.
Қан тамырдай таралған тамырлардан,
Қарақошқыл жер қанын ағызамыз...
Мән сыйлаған тірлікке,
Сән сыйлаған,
Мұнай көзін тереңнен аршиды адам.
Жапан түзде ертегі қала салып,
Естен кетпес жасады сан сый маған...
Талайларды келтірген жарқын жүзге,
Мұнай деген қап қара алтын бізге.
Мұнай іздеп кеземіз қиырларды,
Ыстық шілде,
Қатал қыс,
Алтын күзде...
Қап-қара қан жүгіртіп тамырына,
Қара алтынның боялып сағымына,
Қолын созған әлемдік биіктерге,
Сүйінемін Маңғыстау алыбыма...
http://www.elarna.com/video.php
VІІІ Сабақтың соңы. /5минут/
Кері байланыс «3-2-1»
-
Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;
-
Қиындық тудырған 2 аспект;
-
Сабақ барысында туындаған1 сұрақ.

Бағалау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз