400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатова 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш ардақтысы Міржақып Дула¬товтың қызы, белгілі қоғам қайраткері ғасырға жуық ғұмыр кешіп, өткеніміз бен бүгінімізді түгендеп, ел тарихын зерттеуге елеулі үлес қосқан қазақтың қайсар қызы әке аманатына адал болды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жарсуат негізгі мектебі» ММ





Жұмыстың тақырыбы: Дулатова Гүлнәр Міржақыпқызы






Жұмыс авторы: Тойтан Абылай Абайұлы

Жетекшісі: Султанова Жадыра Қуандыққызы

Мамандығы: қазақ тілі және әдебиет пән иұғалімі
































2013-2014 оқу жылы

Жұмыстың мазмұны:

  1. КІРІСПЕ…………………………………………………………………..

    1. Жұмыстың мақсат міндеттері_________________________________3 бет

    2. Тақырыптың өзектілігі______________________________________4 бет

    3. Тақырыптың елеулілігі______________________________________4 бет

  2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ………………………………………………………….

    1. Үш кезеңнің куәгері –Гүлнәр Дулатова______________________5 бет

    2. Асылдың сынығы, тектінің тұяғы___________________________5 бет

    3. Алдарынан өттім_________________________________________6 бет

    4. Аманатқа адалдық________________________________________6 бет

  3. ҚОРТЫНДЫ...............................................................................................

    1. Алашты Алаш зерттеген___________________________________7 бет

    2. Қолданылған әдебиеттер тізімі_____________________________ 7 бет


































КІРІСПЕ

    1. Жұмыстың мақсат міндеттері: Алаштық буыннан көз жазып қалған кейінгі ұрпақты Алаш арыстарына жақындауға, тануға көмектескен тұлға – Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатова туралы адам айтса нанғысыз басынан кешкен қызықты да қиын сәттерін, әкесі Міржақып Дулат ұлының шырылдап кеткен шындығы жайлы мәліметтер жеткізу. Сол емендей илікпеген, небір сұрапыл дауылдарда сынбаған шынар қыз - мәрт мінезді асыл ана Гүлнәр апайды бүгінгі мен кейінгі ұрпақ біліп, естерінде сақтауына үлес қосу. Жалпы жиылған қауымды ұлтжандылыққа, Отанды сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

    2. Тақырыптың өзектілігі: Өкініштісі, Міржақып Дулатов жалғыз ұлы Әлібектің қайтыс болғандығын сол күйі естімей кетті. Қайғылы оқиға 1935 жылы орын алған. Қыстыкүні шананың астында қалып қойған бүлдіршін көп ұзамай марқұм болады. Көңіл айтуға Ахмет Байтұрсынұлы мен жұбайы Бәтес апа келген. «Міржақыпқа естіртпе, артымда ұлым бар деп жүрсін» деп айтқан осы кісілер.
      Гүлнар Дулатова Міржақыптан қалған жалғыз ұрпақ. Ел егемендігін алғаннан бастап ол әкесінің және өзге де Алаш ардақтыларының мұраларын насихаттаумен келеді.

    3. Тақырыптың елеулілігі: - Біз, ерім Әбен екеуміз, Баукеңмен 1958-1970 жылдар арасында үзбей араласып тұрдық. Мені "төре келінім", "профессор келінім" деп атайтын. Бұрын басқа қайна­ғаларыма қазақша сәлем беріп көрмеген басым, Баукеңнің алдында әрқашан қо­лым­ды қусырып, иіліп тағзым ететін едім. Мүм­кін ол кісінің әкеме деген ыстық пейілін сезгендіктен бе екен, әйтеуір, ықыласым ерек­ше болды. Өзі де: "Ескінің көзісің, асыл­дың сынығысың, Міржақып ағамның қызысың", деп, үзіліп отыратын, жарық­тық. "Ал, қарағым, қарап жүруге болмайды, қолыңнан келгенше әкеңнің мұрасын толтыр, суреттерін, кітаптарын із­дестір. Бәрі әлі керек болатынын ұмыт­па", деп, көрегендікпен бағыт сілтейтін. Ақылды кісі ғой, айтқанын білдіртпей орындап жүр едім, әкем ақталғанда бай мұрасын мен жайып салмағанда, төрт құбыласы ашыл­май, кемшін соғып жатар еді. Ақ тілеулі Баукем-ай!

– Әй Мекемтас, Гүлнәр келін жақын жеңгең болады, сыйласып, сырласып жүр. Бүгінгі біздің әулеттің ең озық өнегелі, әдепті келіні, әкесі арыс Міржақыптың:
«Мен біткен ойпаң жерге
аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,
Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш!», – деген өлең сөзінің патриоттық рухтық отты лебі алаулап тұрады. Ұқтың ба?! – деп қадала қараған еді.

Әкеме ыстық ықыласы­мен бір жығылған адам сондай-ақ болар. Ұлтқа деген сүйінішті ұлы жүрек тұлғалар­ды бөле-жара қаратқыз­бай­тынын енді түсіндім. Жүз жылдық тойын да ел-жұрты сән-салтанатымен атап өткенін көріп-біліп отырмын. Елдік сынынан мүдірмеудің белгісі де бұл. Тәуелсіздіктің зор мүмкіндігі деп бағалаған жөн.
Алыптардан да ағаттық кетеді дейді. Мүмкін ондай "ағаттықтардың" өзі тұтас халықтың мүддесін көздегендіктен жасала­тын шығар, бәлкім.

Не көрмедік бұл пәниде! Не бір тү­сін­бестік халге де душар болдық. Алматы паркінің бірінде күзгі жапырақ­ты аяғыммен үйгіштеп, соның қызығына батып тұрғанымда, ту сыртымнан естілген: "Гүлнәр, сенбісің?" деген дауысқа жалт қарасам, алдымда Мұхтар Әуезов тұр екен. Ағаның ұсынған қолын алып сәлемдестім. Мұхтар аға баяғы бала кезімдегідей бетімнен сүймеді, оны көңіліме алғаным жоқ, бойжеткендерді сүймейтін болар деп ойладым. Көрмегеніме 5-6 жылдай уақыт өтіпті. Отызыншы жылдары ұсталып, түрмеде отырғанын білетін едім, босап шыққанын естіген емеспін. Өзінің сұрауы бойынша хал-жайымды аңқылдап айтып келемін. Бір кезде ол менің бетіме тура қа­ра­мастан қарлығыңқы, булыққан дауыспен жайлап қана: "Қарағым Гүлнәр, енді келешекте кездескенімізде бір-бірімізбен танитын кісілерше амандасып, сөйлес­пей­тін болайық", дегенін естігенімде, денеме суық су құйғандай, өне бойым мұздап, қалшылдап, шошып кетсем керек... Сол сөз жүрегімде өмір бойы шемен боп қатып қалды, Жібіді, Әттең, бірақ, ұлы жазушы дүниеден аттанып кеткен соң... Тірісінде өзі жібіткісі келген! Ұлының ұлылығы да иіле білінуінен көрінсе керек. 1947 жылдың жазы еді. Көше бойында бетпе-бет ұшырасып қалған Мұхтар ағамды елемегенсіп кетпек боп едім, сұңғыла кісі өзі тоқтатты. "Аз ғана кідір, кешір, жаным!" деді ол үні дірілдеп. "Кезінде басқа түскен пендешілік адамға не істетпейді, ауыздан шыққан сөз ұшқан құс тәрізді ұстай алмайсың. Өткенге сала­уат, сені көрмегелі талай жылдар өтті. Жа­қаң­ның, Гая (шешесі Ғайнижамал), ініңнің арты қайырлы болсын, өзің аман бол, соңдарында қалған жалғыз көзісің ғой", деп көңіл айтты. Именіңкіреп, көз­деріне қарасам, жас іркіліп қалыпты... Тағы да ескертемін, ұлы Мұхтар ағаны да түсі­нуге болады. Басына нақақтан үйірілген қа­ра бұлттан қорғалақтауы табиғилық! Әбден жүнжіп, зәрезап болған бір байғұстың: "Мені қашан қамауға аласыңдар?" деп "үш қаріпке" қоңырау шалғанын да ес­тігенбіз. Сол залым саясатпен сипатталатын заман­нан не күтуге болар еді-ау!

















  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. Алаш ардақтысы Міржақып Дула­товтың қызы, белгілі қоғам қайраткері ғасырға жуық ғұмыр кешіп, өткеніміз бен бүгінімізді түгендеп, ел тарихын зерттеуге елеулі үлес қосқан қазақтың қайсар қызы әке аманатына адал болды.

Гүлнәр Міржақыпқызы – ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі Міржақып Дулатовтың артында қалған жалғыз ұрпағы. Гүлнәр Дулатова 1915 жылғы 4 қарашада Алаштың ардақты ұлы Міржақып Дулатов пен оның аяулы жары Ғайнижамал Досымбекованың отбасында дүниеге келген.

  • Туған қалам Орынбор болғанымен, әкем туу туралы куәлігімде елден басқа біреулер арқылы алдырған екен, төлқұжатымда «Қостанай облысы, Торғай.Қазіргі Жангелді ауданыны» деп көрсетілген.

  • Анам Ғанижамалдың айтуынша «Папаңмен қосылу тойымыз Омбыда 1914 жылдың 14 мамырында өтіпті. Үйлену тойымыз Омбыға таяу «Коломизино» мейрамханасында болды, – дейді Гүлнәр Дулатова «Шындық шырағы» кітабында.

Гүлнәр анамыз небәрі 13 жасында әкеден тірідей айрылады.
1939 жылы Алматы мем­ле­кеттік медицина институтын бітіргеннен кейін үздіксіз 48 жыл бойы дәрігер-дерматолог болып қызмет істеді. Мамандығына сай еңбек ете жүріп қазақтың қайсар қызы ХХ ғасырдың басындағы қазақ зия­лы қауымы өкілдерінің, яғни Алаш арыстарының ақта­луына ұйыт­қы болды.

2010 жылы республикада меди­ци­на­лық білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Алтын медалі берілді. Гүлнәр Міржақыпқызы айрықша еңбегі үшін 2011 жылы Алаш арысы Әлихан Бөкейханов атындағы тәуелсіз қоғамдық төсбелгімен марапатталды.

Сөйтіп, ол алғаш рет сталиндік репрессия құрбан­дарын саяси ақтау коми­тетіне Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұр­сынов, Міржақып Дулатов, Жү­сіпбек Аймауытов және т.б. қоғам қайрат­керлеріне қатысты материалдарды жолдады. Олар ақталғаннан кейін Гүлнәр Дулатова Қазақстан мұра­жайларына көптеген экспонаттар берді. Гүлнәр Міржақыпқызы әке жолын қуып, қолына қалам алып, артына мол мұра қалдырды. Ол 1988 жылдан бастап мерзімді баспа­сөз беттеріне көптеген мақалалар, очерктер, естелік-эсселер жазып тұрды. Апамыздың қарымды қаламынан туған Алаш арыстарының өмір белестері суреттелген

    1. Осыдан 24 жыл бұрын Алаш арыстары ақталғаннан кейін қай­та түлеген Гүл­нәр апай бүкіл болмысымен солардың аманатына адал қызмет көр­сетті. Соңғы демі үзілгенше аяулы әке­лері хақында көзкөргендері жайлы естеліктер жазып, жас ұрпаққа мұраға қалдырды. 1915 жылы Орын­­бордан "Терме" жинағы жарық көрісімен іле-шала 4 қарашада Гүлнәрі дүние есігін ашып, Ғайнижамал екеуінің бақыттан басы айналып тұрған сәті еді... Ей, дүние, ата-аналық арсалаңдаған асыл бір ғажап шақ екен ғой... Ақыры не болды?! ... Алдымен ату жазасын кесті, сосын он жылға абақтыға сүңгітті. Айдауда жүргенде ажал құшты. Әділдік қалмас ақтаусыз! Ақталды Міржақып! 1988 жылдың 4 қарашасында Республика Жоғарғы сотының коллегиясы қылмыс құрамы болмағандықтан М. Дулатовты біржола ақтап, шешім шығарды. Дәл Гүлнәр қызының туған күні ақталды әкесі! О, құдірет-ай! Алматыда сол күні құйып тұрып қар аралас жаңбыр жауды. "Халық жауы" қызының алпыс жыл бойғы қасіреті көз жасындай боп төгілді. Жаңбырмен жуылды.

    2. - Анашым-ай, асылым-ай! 45 жасында Ташкентте көз жұмды ғой. Перизат еді. Ақ­құба жүзді, күлімсіреген аялы көздері ұш­қын шашатын. Мейірімді еді. Әкеме қо­сы­ларда алдан қандай қиындық туарын сезе, біліп тұрып, мойнын қылыштың жүзіне төсеген ғой. Әнді қалай салатын сызылтып. Киім киісінен бүгінгі модельдерің шаң қабатындай, аса талғампаз, сәнқой болған. Сәбит Мұқанов айтады екен: "Комму­низмді көргілерің келсе, Дулатовтың үйіне барыңдар, Ғайнижамал жеңгейдің дастар­­қанын көріңдер" , деп. Мінезге бай, жаны сұлу бөлек жаратылыс еді, анашым! Сағынышыма орап қойып отырам мың мәрте! Ананы аңсауға қай жасың да кедергі емес екен, айналайындарым. Қонақтардың көптігінен Омбы түбіндегі Куломзино стансасынан екі қабат үй жалдап, тойлаған екен. Кімдер қатысты дейсің ғой? Арасында М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Қ.Кемеңгеров болғанын ескерсек, мәртебенің биігі емес пе! Бүгінгі той иелері несімен мақтана алар екен деп ойлаймын кейде... Дастарқанның байлығы өтпелі де өшпелі нәрсе ғой.

    3. Гүлнәр апаның ең қуанышты күндері – сонау Сосновецтегі Корелиядан Міржақыптың бейіті табылып, оны 57 жыл өткен соң туған жері Торғайдағы Қызбелге жерлегенімізде, ол кісінің жанында болдым. «Міржақыптың оралуы» деректі фильмін түсірдім. Әлі есімде, Беламорканалдағы Міржақыптың бейітін қазып, елге әкелу үшін ашқанымызда қап-қара шашы сол күйінде жатыр екен. Елге әкеліп, сүйегіне кіріп, арулап, ақ киізге ораған кезде жағы бас сүйектен ажырады. Қазақтың сөзі бар ғой, «Жағың ажырамай, жамандық көрме» деген.

Осыдан 24 жыл бұрын Алаш арыстары ақталғаннан кейін қай­та түлеген Гүл­нәр апай бүкіл болмысымен солардың аманатына адал қызмет көр­сетті. Соңғы демі үзілгенше аяулы әке­лері хақында көзкөргендері жайлы естеліктер жазып, жас ұрпаққа мұраға қалдырды.

2013 жылдың 18 ақпанында 98 жасқа қараған шағында Алаш­тың аяулы ұлдарының соңғы ұрпақтарының бірі Гүлнәр Мір­жа­қып­қы­зы Дулатова апамыз өмірден өтті.












  1. ҚОРТЫНДЫ БӨЛІМ

    1. Есейгенде де еңсемді езгілемеді ме! Жұрт қатарлы сүйікті әкемнің атын атап, еске алып, ашық айту деген шаттық сезім менің пешенеме жазылмапты. Сайрап кететін қызыл тіл күрмеулі, алдым қазылған ордай боп жаным түршігетін. Көңілде сақталған қорғасындай зілді ойлар, қамыққан күндерім мазамды кетіретін. Кейбір кездерде өз-өзімнен шошып, сабама түсе алмайтынмын. Бұл сұмдық Сталин заманынан қалыптасып қалған, миымызға әбден сіңген дерт іспетті қорқыныш болып осы мезгілге дейін сол құқайдан арыла алмай келеміз. Сөйтіп, кеңестік кезең тұсында мәңгүрт болуға аз-ақ қалдық қой. Енді іске сәт, тәуекел деп, әлі есім барда, ұмытшақтық меңдемей тұрғанда балаларым көрмеген, тек сақталып қалған суреттерінен ғана ата­лары мен әжелерінің қандай кісілер екенін таныстырып жазып кетуді парыз көрген едім. Сол ойларымның үдесінен шықтым деп те ойлаймын. "Шындық шырағы" атты екі томдық кітабым оқырмандар қолында. Алаш арыстары туралы еңбегім де аяқталып қалды. Осылайша ұрпаққа ұлғатты өнеге тастауға кәрі басымды иіп, еңбек етіп жүрген жайым бар.Мұрағаттарда шаң басып жатқан құжаттар көтеріліп, кешеге дейін құпия болып келген деректер жарыққа шығуда. Бұл ретте айта кеткенді жөн көріп отырмыз, Алаш ардақтылары жайындағы тың деректерді алғаш жарыққа шығарған тұлғалардың бірі Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнар Міржақыпқызы.

Гүлнәр жеңгей рухани қысымның бар түріне шыдас беріп, Алаш арыстары туралы аса құнды дерек көздерін қалың оқырман қауымға табыстап кетті. Бірнеше құнды кітаптар жазып, өшуге айналған тарихи санамыздың оралуына, ұлттық санамыздың оянуына аянбай еңбек етті.
Гүлнәр жеңгейдің ұлы мақсаты мен арманы Алаш арыстарының рухани мұрасын тарих қойнауынан қайтарып, халқына қызмет еттіру еді. Арманына жетті. Халқының жүрегінде сөзі қалды. Халқының аяулы қызы, ұлттық рухтың тәлімгер жаршысы Гүлнәр жеңгей өмірден өтсе де, рухы бізбен бірге мәңгі жасай бермек

    1. Қолданылған әдебиеттер тізімі

  • Мінбер кz

  • Гүлнәр Дулатова сайты /Gulnar.Dulatova/

  • Аңыз адам журналы №3

  • Шындық шырағы сайты, суреттер топтамасы

  • Дулатова Г.М. Шындық шырағы: Естелік-эссе: - Алматы:  Мектеп, 2012. – 408 б. 19-20 бб.].

  • «Қазақ» газеті – Алматы: Қазақстан, 1993. – 168 бет. 38 б.].

  • [Алаш. Алашорда. Энциклопедия / Құраст: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – 544 бет.

  • [Мамания: Тарихи деректер, естеліктер, өлеңдер, құжаттар, пікірлер. – Алматы: Атамұра, 1999. – 272 бет., 81 б.].

  • «Аңыз адам» журналының №3 (63) 2013 жылғы санынан оқи аласыз.

7


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі