400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғұмыр ғибратым

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеші мамандығының өзектілігі,құндылығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғұмыр-ғибратым

«Ұстаз болу-жүректің батырлығы» демекші ұстаз болу менің бала кезімнен армандаған мамандық.Әлі есімде ақ бантигім желбіреген оқушы қыз баласымын.Мен үшін әрбір ұстаздың жүріс-тұрысы,педагогтік стильі,ұстанымдары ерекше қызық болатын.Сабақ үстінде сол кісілердің әрбір іс-әрекеттері мен үшін үлкен өнеге,ғибрат бола тұра,менің қиялыма қанат бітірді.Неше түрлі қиялдар ой-санамда бұрқырап жататын.Осылайша қиялымнан арман,арманымнан мақсатыма жетуімнің сара жолы пайда болды. Яғни мақсатым: «Қоғам болашағы-білімді ұрпақ тәрбиелеп,ұрпақ жүрегінде ұмытылмас із қалдыру»Мектепті бітіре салысымен М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ нің ағылшын тілі факультетіне түсіп,2001жылы бітіріп шықтым.Міне осы күннен бастап,қиындығы мен қызығы мол педагогикалық еңбек жолым басталды.Өз мамандығыма деген сүйіспеншілік пен махаббатты айтып жеткізу мүмкін емес.22 жылдық еңбек жолымда жақсы маман иелерін тәрбиелеп шығардым.Солардың ішінен атап өтсем қазір Талғар ауданында мектепте шәкіртім Қаржаубаев Мейрамбек Сейітұлы ағылшын пәнінің майталман білікті мұғалімі болып жұмыс жасауда.Және бірнеше шәкірттерім ел үшін аянбай еңбек етуде.Осылайша еңбек етіп жүргенімде әріптес ұстазым«балабақша әдіскері»болуымды қалады.2019 жылдан бастап әдіскер қызметіне кірістім.Балабақша тұнып тұрған мейірімге,шығармашылық ізденіске,балаға деген ұстаздық махаббатқа толы киелі мекен.Неткен ғажап!Кішкентай ғана бүлдіршіндердің тәтті қылықтары мені қатты баурап алды.Балабақша тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдығы екенін ұқтым.Себебі әлі тілі шықпаған бүлдірщінге түрлі сала бойынша дағдыларды қалыптастырып,жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару үлкен жетістік. Тәрбиеші суретші,әртіс,әдебиетші,мейірімді,ақылшы дос және бала жанына байыппен қарайтын психолог.Осы кезге дейін ғұмырымда түйгенім: «Педагог келешек ел басқарар,халқын сүйетін,рухани патриот,елінің мәртебесін әлемге танытар жасампаз жандарды шыңдап тәрбиелеуші маман» Әрбір Отанына деген адал ниетті жан өз ғұмырын мәнді де мағыналы , атқарған істерінің жемісі мен жеңісін көруін қалайды.Сол адал сүріп жатқан ғұмырыңнан айналаңдағы адамдар ғибрат алады.Қоғамға жасаған адал қызметіміз өне бойымыздағы өрісті кеңейтеді.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
338
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі