Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ғылым мен технология жетістіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоcпар


Пәні: Қазақ тілі

Мектеп: Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағактай ауданы, Ақжар ауылы

«Абай атындағы орта мектебі» КММ

Күні: 27.07.2018


Мұғалімнің аты-жөні: Баласаева Ботагоз Сериковна

СЫНЫП: 6

Қатысқандар: 22

Қатыспағандар:-


Бөлім: Ғылым мен технология жетістіктері

Тақырыбы: Ғылым мен технология жетістіктері

Оқу мақсаты:

6.3.4.1. эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу эссесі»)

ӘТН 6.4.5.1. қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды. Тыныс белгілердің түрлерін ажырата отырып, эссе жазады

Оқушылардың басым бөлігі: қазақ тіліндегі тыныс белгілерін дұрыс қолдана отырып, тақырыптан ауытқымай эссе жазады.

Кейбір оқушылар: Абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп эссе жазады. Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметіне талдау жасап, дұрыс қолданады

Бағалау критерийлері


Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды.

Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін ажыратады.

Абзац түрлерін жүйелі құрастырады.

Өз көзқарасын білдіреді.

Мәтіндегі көтерілген мәселе бойынша келісу –келіспеу себептерін айқын көрсетіп, эссе жазады.

Тілдік мақсат



Оқушылар : Өз ойларын еркін жеткізе біледі.

Негізгі сөздер мен тіркестер: ғылым, технология, ғаламтор, компьютер, озық технология, ғаламтордың пайдасы мен зияны

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Не себепті …. деп ойлайсыз?


Жазу үшін ойға салу:


Алдыңғы оқу: Ғылым мен техника


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы 3 минут



3 мин

Ұйымдастыру:

«Мадақтау» оқушылар бір-біріне ең жақсы қасиеттерін айта отырып, комплимент жасайды.

«Команда таңдау» арқылы топқа бөлу

Машина атаулары (мерседес, тайото, лексус, хонда, форд, лада)

Телефон маркалары (нокиа, филипс, самсунг, айфон, LG, huawei)

Электрондық (планшет, компьютер, ноутбук, сканер, принтер )

Транспорт (пойыз, ұшақ, тікұшақ, метро, автобус )

Ой қозғау

  • Оқушылар, бүгінгі топқа бөлінген тәсіл бойынша тақырып неге байланысты деп ойлайсыңдар?

  • Ғылым мен техника жетістіктері





Сөздер жазылған карточкалар

парақшалар

Ортасы 27 минут


ЖЖ «Үштік одақ» әдіс (ойлан, жұптас, бөліс)

Топқа мәтін беріледі. Оқушылар өзара үштікпен топтасады. Бірінші оқушы мәтінді оқиды, екінші оқушы мәтінді тыңдайды, үшінші оқушы мәтінді түртіп алады, өз көзқарасын білдіреді.

Тапсырма:

  1. Мәтіндегі көтерілген негізгі мәселені анықтаңыз

  2. Мәтіндегі даралаушы тыныс белгілерін айқындаңыз

  3. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз


Ғылым мен техника жетістіктері

Қазіргі техника жетістік дәуірінде адамның күнделікті өмірі компьютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компьютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай ғаламтор желісін пайдаланады. Қазір ғаламтордан өзіңе керектінің бәрін таба аласың. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіңе керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отырады. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады ғаламторда отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп.

Мысалы, қазіргі ата-аналар балаларына ғаламторды қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайына қалады. Қазір интернетте дені дұрыс ойында жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне, осының бәрі бала санасына әсер етеді.Компьютер мониторының кескіндері адам көзінің көру өткірлігін нашарлатады.Әрине, мұны барлығыда біледі. Сонымен қатар тапжылмастан компьютер алдында отырғанда бұлшық еттерді қажытады жәнеде омыртқаға зиян болады. Міне, мұның бәрі адам өміріне қауіпті әрі зиян.


Дескриптор

  1. Мәтіндегі негізгі мәселені анықтайды.

  2. Даралаушы тыныс белгілерін айқындайды.

  3. Өз көзқарасын білдіреді.

ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Өзін-өзі бағалау

ТЖ «Түзетулер» әдісі.

Тапсырма: Сөйлемдердің тыныс белгілерін ажыратыңыз

Оқушылар, сендер жақсы білесіңдер, компьютер бізге қысқа әрі нақты мәлімет береді сондай-ақ, математикалық әрі мәндік жұмыстарды қатесіз орындайды дегенмен оларды құрастыратын адамдар болғандықтан, олар сезім иесі емес тек берілген команданы орындаушы.


Дескриптор

  1. Сөйлемдерді ажыратып жазады

  2. Тыныс белгілерін анықтайды

  3. Тыныс белгілерінің қызметін түсінеді


ҚБ. Өзара бағалау «Жетістік баспалдағы» арқылы


Сергіту сәті: «Ханшайым, Аңшы, Айдаһар»


ТЖ: «Эмоция кестесі» әдісі

Мәтін бойынша тірек сөздерді қолданып, «келісу-келіспеу» себептерін айқындаңыз.


Ж. «Бес минуттық эссе» Мәтін бойынша келісу- келіспеу себептерін көрсетіп, тыныс белгілерінің тұрлері мен қызметін ажырата отырып, эссе жазу.

Тақырыбы: «Ғаламтордың пайдасы мен зияны»

Дескриптор

  1. Тақырыптан ауытқымай эссе жазады

  2. Абзац түрлерін жүйелі құрастырады

  3. Келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетеді

  4. Тыныс белгілерін түрлері мен қызметін ажыратады

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»


Мәтін
































Қызыл – түсініксіз

Жасыл – толық түсіндім

Сары- сұрағым бар















Музыка


Графиктік сызба







Соңы

7 минут

Рефлексия:

Тақырып бойынша өз пікірлеріңді тыныс белгілері арқылы жеткізіңіздер!

!” – тиімді сабақ болды;

?” – жауабы қажет сұрақтарым бар;

...” – бұл тақырып бойынша білімімді жетілдіргім келеді;

“–“ – тақырыпты түсінбедім.

Үйге тапсырма:

Қандай техникалық жаңалық ашқың келеді?

Өз ойларыңды жинақы мәтін түрінде жазып келу.






Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға

мейлінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілетті

оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?


Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай

жоспарлайсыз?


Пəнаралық байланыс,

Денсаулық жəне қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтар мен байланысы

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы


Сабақты оқу мақсатына сәйкес сабақ мақсаты сараланады..

Сабақ мақсатынан тапсырмалар сараланып, тапсырмаларды дайындауда оқушылардың жас ерекшелігі, қажеттіліктері, деңгейлері ескеріледі.

Тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай саралау жүргізіп, оқушыларға қолдау көрсетіледі. «Үштік» әдіс арқылы қолдауды қажет ететін оқушыларға жұптық тапсырма ыңғайланады, яғни топтағы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді. «Эмоция кестесі» әдісі арқылы тіркесті сөздер беру арқылы тапсырма орындалады. Қабілетті оқушыға «Үштік» әдісінде өз қөзқарасын білдіруде, «Түзету» әдісінде мәтінді редакциялауда, «Бес минуттық эсседе» оқушылар мәтін бойынша келісу келіспеу себептерін айқын көрсету арқылы жүргізіледі.


Сабақ барысында пайдаланылған ҚБ. «Жетістік баспалдағы»,

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
1296
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12