жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылымды үйрену – «Мәңгілік Елдің» тамырын тарату
Ғылымды үйрену – «Мәңгілік Елдің» тамырын тарату
Әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде саналы білім беру негізгі қағида болып табылатын оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау, оқытуды жетілдіру сияқты мәселелер әдебиет пәні құрылымынан айналып өтпейді, тиісінше негізін құрайды. Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады. Тарих, табиғат, өлшеммен, қоғаммен ұштасатын қолданбалы тәрбие екендігі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызын арттыра түседі. Пәндер сабақтастығы қоғамның сан салаларына қатысты мәліметтер мен мәселелерді түсінумен қатар, тәрбиеленушінің бейіндік қабілетін тереңдете түседі. Мақалада қарапайым-ақ көрінетін мысалдар, салыстырулар, талдаулар мемлекеттік құндылықтарды бағалауға және ұстануға бағытталған әдіс-тәсілдерімен назар аудартады.
Ел тағдырының мәні азаттықтыққа қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекеттілікті сақтау болса, осы жолда қаншама алаш зиялылары тәуелсіздік үшін күрес жолын жалғастырды. Кешегі кеңестік кезеңде де ғасырларға созылған тарихы бар қазақ елін жоққа шығаруға бағытталған әрекеттерге тойтарыс беріліп, «қазақ жері» деген ұғымның сақталып қалу жолында ерен еңбектер атқарылды. 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатта «Білім мазмұны жаңартылған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын, оқу бағдарламаларын әзірлеу «Мәңгілік Ел» құндылықтарына бағдарлануымен жүзеге асырылды» делінген. Себебі, Қазақ халқының тарихында ғұндардан бастау алатын «Мәңгілік ел» идеясын тасқа қашалған Орхон-Енисей жазбаларынан бастап қайда барса көрге кезіккен Қорқыт ата мен өмір бойы жерұйықты іздеп өткен Асан қайғы бабамыздан кездестіруге болады. Олардың әрекеттерінің негізінде де осы мәңгілік ел болуға ұмтылған, мәңгілік елді орнатуға деген құштарлық жатты.
Осы құштарлық әдебиет сабағында жеке тұлғаның, адамның рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады. Әдебиет пәні оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытуды, өнер туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы үйлесім мен әсемдікті танып ұға білуге, дұрыс бағалауға, әсерленуге, терең пайымдауға үйретеді, сонымен бірге ол көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынта-ықыласты оята отырып, оқырман мәдениетін қалыптастырады. Шығармашылық әлеует мәдениетке, ғылымға апарар тетік болып отыр. «...Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деген 2017 жылғы Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауы білім беру саласына сабақ моделін қоса өзгертуді міндеттеп отыр. Әр пәннің құндылығын бір-бірімен астастыру арқылы өміршең, проблемалы негізде оқыту ғылыми негізге апарады. Ғылым үйренем деген адамның «мысалдан» артық қаруы болмаса керек-ті. Мәселен, барлық пәнге ортақ, алып тақырыптар болады, оған «Суды» жатқызып көрейік. Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін өткенде, туған жердің өзен-көлін және оның мәселесін де сөз етеміз, өлең арнап, шығарма жазамыз. Өзеннің атауы, орны, пайдаланылуын тарих сабағы жалғастырады. Физика-химия пәндерінен судың қасиеттерін өткенде, өзіміз тұтынып отырған ауыз судың құрамы, суды тұтынудың мөлшерін тәжірибемен байланыстырады. Ал сол ауыз судың қайдан тартылып жатқанын және оны ысырап етпеуді география пәні үйретеді. Соған сәйкес туындаған проблемалық сауалдарға жол табу үшін, оқушының сыни ой дағдысы қалыптасып, туған жерге деген қамқорлық, қайырымдылық сипаты байқалады, сөйте келе ғылыми бағыт ұштасады.
-
Сөз мәдениеті арқылы коммуникативті талаптарды қалыптастыру;
-
Шығарманы дұрыс талдау арқылы проблемалық көзқарас тудыру;
-
Дәйек-дәлелдемелер келтіру арқылы пәнаралық байланыс орнату;
-
Проблеманы шешу жолдары арқылы ғылыми негізге баулу; т.б.
Ойы, дүниетанымы сенімді жаста профессионалдық көзқарас пайда болады және өз бейінін айқындауда таңдауы нақты болады. Бұл дағдылар оқушы санасына бірден қалыптасып кетпейді, озық елдердің жаңа форматтағы стандарттары мен тәжірибелерінен алынған әдіс-тәсілдер арқылы бірте-бірте тиімді ұштастырылудың нәтижесінде келеді.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруда әдебиет пәнін оқытудың мазмұнын жаңарту – заман талабы. Оның ішінде ақын-жыраулар шығармашылығын оқыту – осы идеяны жүзеге асырудағы басты мұра болып саналады. Әдебиеттің төрінен төмен сатылағанда, ауыз әдебиеті, жыраулар поэзиясы, қазақ жазба әдебиетінің өкілдері ұлттық болмысымыздың қалыптасуында аса қуатты ықпалдылығымен ерекшеленді. Еліміздің әр түкпіріндегі әдеби және мәдени ошақтар, ескерткіштер қазақ хандығы тарихынан сыр түзеді. Осылардың баршасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен салтанат құрған Астанадағы асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасына сыйып тұрғандай. Алаштың ардақты ұлы Әлихан Бөкейхановтың «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деген дана сөзі жас ұрпақты тәрбиелей оқытудың маңызын еске түсіреді. Әр сабақтың тәрбиелік сыны оқушы-тәрбиеленушінің өз көзқарасы мен ұстанымын ескеріле түйінделуі тиіс. Осы ретте төмендегі сызбаны көз сала кетейік.
|
Шығарманың авторы |
Шығарма аты |
Автор сыны |
Автор жетістігі |
Оқушы сыны |
Оқушы жетістігі |
|
Абай Құнанбаев |
«Болыс болдым, мінеки» өлеңі |
Пара беріп, болыс болған пенденің әлеуметтік-психологиялық кескіні. |
Ашық жариялау |
Пара беру мен алудың ескі сананың сарқыты екендігін одан өз кезінде көзі ашық, көкірегі ояу, зиялы қауымның жиіркенішін біледі. |
Өткен қоғам мен бүгінгі жағдайдағы пара мәселесінің себебі мен салдарын салыстырып, білім қоғамына параның еш жанаспайтынын түсінеді. |
Ұлы түркі ойшылдарының бар мұрасы «Мәңгілік Ел» құндылығын насихат етеді. Қайсысын алып қарасақ та, азаттық-теңдік аңсаудағы кемел мемлекеттің болмысын, қажеттігін өлшеп кеткендей. Білім, ақиқат, ізгілік, ел басқару, қайырымдылық, пайым мүсіндерін қалап кеткен текше шығармалары бүгінгі қоғамның ырыздығы екенін жас сана дұрыс түсініп, ізбасар, қолдаушы, орындаушы болуы керек. «Мәңгілік Елдің» құндылығын танытатын қолданбалы білімнің маңызы әріден қозғамаса да түсінікті. Соған орай, пәндермен кіріктіру арқылы қоғамдық өзектілікті түсінуге тәрбие бағыттары қоса атқарылады. Мысалы,
|
Шығарманың авторы |
Шығарма аты |
Идеясы |
Өзектілігі |
|
С.Сейфуллин |
«Ақсақ киік» өлеңі |
Табиғатты қорғау, аялау |
«Қызыл кітапқа» енген дала жануарының сиреп кетуі |
|
С.Сейфуллин |
«Көкшетау» поэмасынан үзінді |
Табиғаттың керемет сыйы және сыры, тарихын жеткізу |
Қазақстан «Швейцариясы» атануы, алайда сексен көлдің қазіргі жайы, экология мәселесі |
|
С.Сейфуллин |
«Сыр сандық» өлеңі |
Сыр иесі – достық қасиеттерін насихаттау |
Дос бола білу, дос таңдай білу, дос таба білу, дос екенін ажырата білу – берік дос болуға, достықты сақтай білу қажеттілігі |
Бұл Сәкен шығармаларының бірсыпырасы ғана, ал одан тарайтын тәлім шексіз, осыдан соң «Сәкен еліне саяхат» деп, «Қобда – Көкшетау» маршрутын сызуды тапсырма ретінде беруге лайық. Бір ақын не жазушының әр шығармасының мазмұнынан жалғастық табу, тіпті пәнаралық кіріктіру жасаған тәрізді, Дулат пен Абайды, Абай мен Мағжанды, т.б. туған жерімен, шығармаларының үндестігімен, қоғамымен, ұранымен байланыстыра білу шеберлігінің рөлі зор. Нәтижесі - сұрақты түрлендіре қоя білу, танымдық-ізденушілік қабілеттерінің дамуы, өз ойларын қоса білуі, саяси бағдарламалар қарауға қызығушылықтарының артуынан байқауға болады. Тәлім еткен шәкірттерім бүгінде республикалық байқаулардың төрінен көрініп, жүлдемен оралып, ауданның ғана емес, облыс үмітін ақтаумен келеді. 11-сынып оқушылары Байжуанова Мерует пен Ищанова Гүлмайра Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиет олимпиадасының облыстық деңгейінде жүлдегер атанып, Мерует Өскемен қаласында өткен республикалық деңгейіне қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Бұл оқушылардың бейіндік пәнге деген қызығушылықтары 5-сыныптан қалыптасып, 2017 жылдың қорытындысы бойынша Гүлмайра өз таңдауымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының, Мерует Л.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің білім грантын иеленді. 6,7-сынып оқушылары Сайпенов Ернар мен Сақан Ақбота Щучье қаласында өткен республикалық «Зерде» байқауының І орын жүлдегерлері атанды, 8-сынып оқушылары Сармантай Аружан мен Умирбай Данажан Петропавл қаласында өткен республикалық «Мағжан оқулары» байқауында ІІІ орынға ие болды. 8-сынып оқушысы Аманғалиева Гүлназ бен 11-сынып оқушысы Сақан Айдана Атырау қаласында өткен «Менің бастауым – менің Отаным үшін» атты байқауға қатысып, алғыс хатқа ие болды. Оқушылардың жүлделерге бастауы қарапайым күнделікті 45 минуттың тиімді ұйымдастырылуынан екендігіне мән бермей, арнайы уақыт бөлудің нәтижесі деу жанама пікір. Аталған шәкірттерім - әдебиеттік мәнерлеп оқу байқаулары, пәндік олимпиадалар, ғылыми жарыстардың облыстық кезеңдерінен сан мәрте сыналып, тәжірибе жинап, ой зердесін нығайтып, дүниетанымдары кеңейген өмірге сүруге дайын оқушылар. Әр пәннің тұздығын бір-біріне байланыстыра отырып, тарих құндылықтарын, мәдени жәдігерліктерді, саяси ұстанымды қолдай білетін қазақстандық патриотизм мен отаншылдық рухтың қазанын қайнататын ұрпақтың көз алдымда түлеп ұшып жатқанына мақтанышпен қараймын, талдау жасаймын, әр жыл сайын қосқан үлесімнің табандылықтың, еңбекқорлықтың, ұлтжандылықтың арқасында еселенгенін көремін...
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. «Ғылым білімге қонады, ғылымсыз білім тым құрғақ» деп Ж.Аймауытов айтпақшы, ғылыми білім беруде, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негізінде ойға ой қосу арқылы өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы мұраттарымызға жетеміз. Біз мықтымыз, өйткені, қай жасында ұстазын көрсе де, шәкірттерін бас идіретін киелі мамандықтың иесіміз...
Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз - егемендігімізді сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік Ел» болу идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етейік және жастарды дара жолға тәрбиелей берейік!
Муканова Шарипа Кулинтаевна
Ақтөбе қаласы №8 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген