Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми іздену бағытындағы "Бала өміріндегі отбасының алатын орны" шығармашылық жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала өміріндегі отбасының алатын орны туралы шығармашылық жұмыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мазмұны.

І. Кіріспе....................................................................................................3-5

ІІ. Негізгі бөлім. Бала өміріндегі отбасының алатын орны. Отбасылық рөлдер..........................................................................................6-11

2.1. Отбасын құрудағы негізгі құндылықтар....6-11

2.2. Отбасы құндылықтары, заңдылықтар және тәрбие туралы нақыл сөздер.................................................................................................................11-14

2.3. «Менің отбасым қазір және ертең» тақырыбындағы тренинг...14-16

ІІІ. Қорытынды....................................................................................17-18

ІҮ. Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................19

Қосымша №1, №2. ( «Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» сауалнамасы, Отбасы құрылыс болса, онда ол- мешіт )




Кіріспе.

ҚР Тұңғыш Президенті Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі күні Отбасы күні мерекесі тойланатын болды. Оның мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту. «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі. Табандылық, еңбексүйгіштік, туған жерді қастерлеу, үлкенге құрмет және қонақжайлылық сияқты халқымыздың ең жақсы рухани-адамгершілік құндылықтары берік отбасылық дәстүрлер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді». Бұл – айтулы мереке күні ел президентінің қазақстандықтарды мерейлі мереке күнімен құттықтауында айтылған мәні терең сөздер.   Бұл мереке қазақстандық отбасылардың берекесін арттыру үшін қазақтың отбасылық дәстүрлерін жаңғырту күні ғана емес, ажырасқандарды қайта табыстырар жарасым мерекесі болса дейміз. Қазіргі уақытта отбасы үлкен қиындықтарды басынан өткеріп жатыр: Моральдық құндылықтардың материалдық құндылықтарынан кемшін бола бастауы, жастардың отбасылық-некелік өмір туралы педагогикалық даярлығының төмен болуы, ата-ананың бала тәрбиесіне психологиялық-педагогикалық білімінің жетіспеуі. Сәбидің дүниеге келуінің төмендеуімен, ажырасу санының көбеюімен және осыған байланысты баланың панасыздығының, қараусыздығының өсуімен қатар, жалпы айтқанда, отбасына әлеуметтік құлдырау қаупі барынша төнуде.

Егеменді ел болып, біртіндеп әлемдік дәрежеге ие бола бастаған осынау алғашқы қадамымызда ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың қасиеті мен өнегесін, адал тілегін бүгінгі әрбір азаматқа үйрету, санасын ояту тәрбиеші – мұғалімдердің, ата – аналардың ең үлкен парызы болмақ. Соңғы жылдары жастарды отбасында тәрбиелеу өте күрделеніп кетті.Оған көптеген қоғамдық, әлеуметтік – экономикалық, экологиялық, рухани жағдайлар себеп болуда. Ең бастысы, ұзақ жылдар бойына біздің елімізде жалпы қоғамдық өмір саласында әміршілдік – әкімшілдік принциптердің ықпалына адамдардың әлеуметтік тұрғыдан қорғансыздыққа ұшырауы, жалаң ұраншылдықтың салдарынан қоғамның әлеуметтік – экономикалық жағдайының тығырыққа тірелуі, тәрбие мәселесінде халықтардың өз тарихына, мәдениетіне, рухани байлығына, тіліне, дәстүріне мән берілмеуі орын алды. Сондықтан, ұлттық тәрбие мектеп табалдырығынан аттаған әрбір бүгінгі жасөспірімнің бітімінен, мінез – құлқынан, қасиет – сапасынан бастау алу керек. Жасөспірімдер – болашақтың адамы, жаңадан қалыптасып келе жатқан ел азаматы.

Жастарды бүгінгі мен ертеңі туралы ойланту, олардың өмірге деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, болашақ отау иелері екеніне сезім ұялату, олардың өзін – өзі күтуі, қазіргі уақытқа сай білім алуы- бүгінгі күннің талабы.Болашақ ұрпаққа ұмыт бола жаздаған салт – дәстүр, әдет – ғұрыптарды тереңінен қоса түсіндіріп, осы заманға сай білімді, мәдениетті үйрете отырып, ата – бабамыз салған сара жолға жүгіну дұрыс.

Мектепте, жоғарғы оқу орындарында және мектептен тыс мәдени мекемелер үйірмелерінде жастардың өзіндік педагогикалық сипатта болуын қадағалау, инабатты, ибалы, сыпайы, адамгершілігі мол , эстетикалық талғамы бар, жаны да тәні де бірдей таза, барлық жағынан өнерлі де, іскерлі етіп жан – жақты рухани дамыту керек.

Бізге тапсырылған сегіз бағыттың бірі – отбасылық тәрбие бағыты заман талабына сай өсіп – өркендеп келе жатқан ұрпағымызға болашақ отбасы өмірінің өте күрделі де нәзік және жалпы халықтық іс болып саналатындығын ерекше еске салу, әрі бағыт – бағдар беруге бағытталады.

Отбасылық тәрбие бағытының мақсаты - жасөспірімдердің болашақта бақытты отбасын құруға деген қызығушылығын арттыру. Үлкенді үлгі тұтып,отбасының бірлігін сақтап, отбасы жарастығын қалыптастыра білуге тәрбиелеу. Отбасы мүшелерінің арасында бауырмалдықты, қайырымдылықты, сыйластықты, сенімді және достық қарым-қатынасты қалай қалыптастыру керектігін түсіндіру.

Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру. Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



ІІ. Негізгі бөлім. Бала өміріндегі отбасының алатын орны. Отбасылық рөлдер

2.1. Отбасын құрудағы негізгі құндылықтар.

Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы.

Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты.

Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.

Отбасы кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады.

Ер мен әйел – отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады.

Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.

Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол»,- дейді.

Қиналарлық жағдайлар да бар. Арақ ішу, тәртіп бұзу, бұзақы сөздер сөйлеу, жатып ішерлік – мұның бәрі адам тәрбиелеуге теріс әсерін тигізеді.

Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет.

Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.


Отбасы - әлеуметтік институттардың белгілерін бойына сіңірген әлеуметтік жүйенің маңызды саласы. Отбасы – қоғамдық құрылымның шағын ерекше үлгісі. Сонымен қатар адамның өзара қарым – қатынаста болатын тұрақты тобы, қоғамның алғашқы ұясы.

Бүгінгі ұл - ертеңгі әке ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертенгі ана, ол шешеге  қарап бой түзейді.

Балаға білім тәрбие беруде басты  тұлға  ұстаз болса. Оны жалғастыру демеуші - ата-ана.  

Оның қос алтын діңгегі саналатын ерлі-зайыптылар құқықтары мен міндеттерін түсіне біліп, дұрыс әрекет етсе отбасында бақыт пен шаттық орнайды.


ТОтан-отбасынан басталады дегендей, біз өз Отанымызды, елімізді жанымыздай сүюге, Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры берік, болашағы баянды болуына жан-жақты атсалысуымыз қажет. Отанымызды сүюге тәрбиелейтін бірден-бір орта — бұл отбасы. Отбасы-шағын мемлекет.

Жалпы, отбасының өзіндік қағидаларымен қоғамда алар орны ерекше. Олай дейтініміз, азаматтық қоғамның бір бөлшегі болып саналатын отбасы- барлық тәрбиенің ошағы. «Ел боламын десең — бесігіңді түзе» деп қазақ даналары бекер айтпаған. Мемлекет айыптап, жазалап отырған құқық бұзушының өзі де сол отбасынан шығады. Неғұрлым отбасында адам рухани тазалыққа, тәртіптілікке тәрбиеленсе, соғұрлым  мемлекет ісін жүзеге асыруда мұқияттылық қалыптасып, оның қоғамдық ортада абыройлы да беделді өз орны болмақ.

Қоғамымызда белсенді құқықтық тәртіпке сай мінез-құлықты азаматтар саны басым болса, ол мемлекетіміздің нығайып, өсіп-өркендеуіне мол үлес қосатыны сөзсіз. Ал, керісінше енжар мінез-құлықты адамдардың көбеюі, ол салақтыққа, немқұрайдылыққа әкеліп, тәртіпсіздікке, тіпті құқықбұзушылыққа апарып соқтыруы мүмкін. Осы мәселердің алдын-алу, өз елімізді әлемдік аренада өзіндік беделі болуын қазірден бастап қолға алғанымыз абзал.

Тәрбиеленушілерге отбасы жайлы жай айтып ғана қоймай,отбасы туралы әңгімелер,тәмсіл әңгімелер оқып,оны тәрбиеленушілермен талдап,нақыл сөздер,мақал-мәтелдер айтып,мағынасын талдап,пікір алмасу арқылы,саулнамалдар жүргізіп,тренингтер өткізу жастардың отбасы туралы түсінігін кеңейтіп,отбасылық өмір жайлы білуге деген қызығушылықтарын арттыра түседі.Осындай тәсілдерді тәрбие сағаттарында жиі қолданудың маңыздылығы зор.


Пікір алмасу.


  1. «Отбасы» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  2. Отбасы негізі неде деп ойлайсыңдар?

  3. Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлайсыңдар?

  4. Отбасын құру үшін адамдар бірін-бірі қанша уақыт білуі керек?

  5. Отбасындағы жауапкершілікке нелер жатады?

  6. Берік отбасын құру үшін ерлі-зайыптылардың бойында қандай қасиеттер болуы керек?




Отбасы татулығы

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таңғалдырады. Оларда ұрыс - керіс, дау - жанжал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ - қарасын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап - таза, барлығы да жеткілікті, тыныштықпен пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым - қайғысыз, балалары бақытты, мәз - мейрам екен. Бұған патша таң - тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату - тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінді. Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таңғалып:
- Осы - ақ па?
- Иә,- деді ақсақал. – Барлық жақсы отбастары тек осы қасиеттерден құралады,- деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

Өсиет әңгіменің мәні неде?
• Неліктен патшаны ұйымшыл отбасы қызықтырады?
• Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?
• Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?
• Отбасының татулығы, бірлігі кімге, неге байланысты.
• Әрбір оған жауапты ма? Неліктен?
• Сендердің отбасыларының татулығы мен бақыты қандай құндылықтар мен қасиеттерден құралған?
-Балалар, бұл тәмсілден қандай ой түйдіңіздер? Бақытты отбасының сыры неде екен?


2.2. Отбасы құндылықтары, заңдылықтар және тәрбие туралы нақыл сөздер.


Нақыл сөздерді талдау.

Үйлену дегеніміз – өз құқығыңның жартысын азайтып.міндеттеріңді екі есе көбейту.

Артур Шопенгауэр


Отбасылық өмір түтіні бір үзілмейтін той емес,ешқашан ондай бола бермейді де. Тек қуанышқа ғана емес,қайғы-қасіретте де,бәле-жәлеге де,сор-сергелдеңге де ортақтаса біл.

В.А.Сухомлинский


Отбасында өзара сүйіспеншілік болғанда ғана,отбасылық тұрмысты бақытқа кенелте алады.



Отбасы, туыстық туралы мақал – мәтелдер

Отбасы – кішігірім мемлекет.

Отан отбасынан басталады.

Жақсының басына іс түссе,
Отбасына білдірмейді.
Жаманның басына іс түссе,
Отбасын күлдірмейді.

***

Елін сүйер сеніңіз,
Өз отбасын сүйе алған.

***

Отан - қуат,
Отбасы - шуақ.

***

Отбасының өнегесі -

Отан өнегесі.

***

Отбасының сәні - сыйластық,

Достың сәні - қимастық.

***
Қарындасың – қарлығашың.

***
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.

***

Бала қадірін балалы болғанда білерсің.

***

Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.

***

Бала – бауыр етің.

***

Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады,
Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады.

Ағайын тату болса,ат көп,

Абысын тату болса,ас көп.


Атаға қарап, ұл өсер,

Анаға қарап, қыз өсер.


2.3. «Менің отбасым қазір және ертең» тақырыбындағы тренинг

Мақсаты: Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну мен қабылдау өмірін одан әрі дұрыс құруға қажет. Өзінің барлық уайымдауларын анықтай біліп, ата –аналарға деген қарама –қарсы сезімдерін айыра білу өте маңызды. Тренинг барысында қатысушылар төмендегілерді  орындауы қажет:

  • отбасындағы өз бағытын анықтай отырып, өзіндік бақылау дағдыларын жетілдіру;

  • этностық өзіндік сананы арттыру;

  • отбасының жүйелік табиғатын түсіну;

  • дисфункционалды отбасындағы қатынастар динамикасы туралы түсінік алу;

  • өз отбасыларындағы қатынас динамикасы жайлы түсініктерін жетілдіру; -өз отбасындағы бұрын ескермеген қарым –қатынас ерекшеліктерін түсіну;

  • өзіндегі және отбасындағы мүмкіндіктерін өзгерту. «Отбасын ойнайық»жаттығуы Мақсаты: Отбасылық рөлдік қарым-қатынас дағдыларын дамыту . Топ «отбасыларға» бөлінеді. Ішкі топтар бөлменің әртүрлі бөліктерінде орналасады. Қатысушылар міндеті –«отбасы» құрамын, отбасы мүшелерінің жас ерекшелігін, отбасылық рольдерді анықтайды. Әр қатысушы немен айналысатынын, қайда қызмет атқаратынын, қандай киім киеді, таңертеңгілік асқа не жегенді жақсы көреді деген сияқты мәселелердің барлығын ойластырады. «Отбасы» мүшелері жай күн мен демалыс күндерді қалай өткізіетіні жайлы, отбасы міндеттерін қалай бөлетіні жайлы, қарым –қатынастары қандай, отбасы сұрақтарын коллегиалық түрде шешеді ма, әлде отбасының басты адамы бар ма деген сияқты мәселелерді шешеді. Отбасы өз тегін ойлап табады. «Отбасы» өз елтаңбасын жасап, девиз құрастырады, сонымен қатар қоршаған адамдарға айтпайтын отбасылық құпиясын ойластырады. Барлық ойластырулар қағаз бетіне жазбалар және суреттер түрінде тіркеледі. Суреттердің саны мен мазмұны әр отбасында жеке –немесе жалпы орындалады –ішкі топ өзі шешеді.       Егер топта консультанттан басқа тағы да бір ересек болса, онда олар әртүрлі «отбасына» тарайды. Олар кіші балалардың рольдерін алуы қажет.Бұл жағдайда қатысушылар өз бетінше әрекет етуді және шығармашылық белсенділікті неғұрлым көп көрсетеді. Тапсырманы орындағаннан кейін әрбір ішкі топ кезекпен өз «отбасын» таныстырады, содан соң « отбасына» нақтылаушы сұрақтар қойылады. Бір маңыздысы, қатысушылар қандай отбасы құрамын таңдайтынын анықтау қажет: толық отбасы ма, әлде толық емес пе, отбасында балалар бар ма. Студенттер әдетте отбасының басты адамы ретінде әкесін таңдайды. Ол көбінесе фирмасы бар және жеткілікті түрде бай. Отбасында әдетте әжесі мен атасы бар, қатынастары жақсы, бір- бірімен ұрыспайды. Студенттерге отбасылық проблемалар туралы түсініктері аз болғандықтан, жетекші көмектеседі.Көптеген  ұсыныстардан қатысушылар бас тартады, тек бұл мәселелер уақытша болса ғана оңай шешілетін болса ғана келіседі. Мысалы, ұлы жоғары оқу орнына түсе алмады, келесі жылы көреді. Ал науқастану, алкоголизм, кедейлік деген сияқты мәселелерден бас тартады. Жаттығуды орындап болғаннан кейін, бірден келесіні жүргізу қажет.Өйткені отбасы қандай да бір уақыт құрылып, «өмір сүрді». «Өзінің болашақ отбасы жайлы түсініктері» жаттығуы Мақсаты: Отбасы туралы жағымды елестерді дамыту «Көздеріңізді жұмып, босаңсыңыз және барлықтарыңыз өзіңіздің ішкі кеңістігіңізге еніңіз. Сіз ересек адам екендігіңізді көз алдыңызға елестетіңіз. Міне сіз көшеде келе жатырсыз, өз үйіңізге жақындадыңыз, баспалдақпен көтеріліп келе жатырсыз, есікті өз кілтіңізбен ашасыз. Сіз не көріп тұрсыз, не істеп тұрсыз, қандай иістер сезесіз? Сіздің отбасыңыз сізді қуана қарсы алып жатыр немесе әркім өз ісімен айналысып жатыр? Сіз бөлмеге өттіңіз. Жақсылап қарап алыңыз, не көріп тұрсыз, онда кім бар екен?». Содан соң әрбір қатысушы не көргені жайлы айтып береді. Бұл жаттығуды топ қатысушыларының күйін анықтау үшін тренинг барысында бірнеше рет жүргізуге болады. Біз бір қаннан жаралғанбыз» ойыны. Егер топта жас жұбайлар бар болса, олардың бір-біріне сұрақ қойып, өздерінің жеке қызығушылықтары мен ұқсастықтарын анықтауына болады. Олардың талғамдары, өзара қарым-қатынас, дағдылары, мінез-құлықтары арасында ортақтық бар және болашақта ортақ істері де көбейері сөзсіз.    Бұл жаттығу жас жұбайлардың арасындағы қарым-қатынастарын нығайтуға, бір-бірлерін тереңірек білуге мүмкіндік береді, даму мен қызметтің түрлі бағыттарында оларды біртұтас етіп біріктіретін, ортақтықты табуға көмектеседі. Бұл жаттығу арқылы олар өзара түсіністік; өзара көмек тәрізді қасиеттердің түсінігі мен маңызын көре алады. «Менің отбасым қазір және болашақта» жаттығуы Болашаққа жоспар құру, отбасын құруға ұлттық құндылықтар негізінде дайындау мақсатында. Қатысушыларға осы тақырыпқа екі коллаж жасау ұсынылады. Коллажбен жұмыс істеу картонның үлкен парақтары немесе ватман және әртүрлі қағаз, түрлі- түсті газеттер, журналдар, ашық хаттар, жарнамалық қағаздар, ескі кітаптар. Әдетте студенттерге коллаж жасаған ұнайды, бірақ ұсынылған тақырыптар кейде қиындық тудырады. Студент өзін жалғыз сезінуі мүмкін. Тек өзі ғана отбасын белгілейтіндей болып көрінеді. Бұл жағдайда жетекші студентке қолдау көрсетіп, оның назарын басқа жақын адамдарына аударуға ұмтылу қажет. Коллажда ұлттық құндылық элементтерін қосу сұралады. Коллаж жасап болғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстары жайлы әңгімелеп бере алады. Немесе тағы бір нұсқаны қолдана алады- «Біздің отбасы» тақырыбында жаттығу барысында құрылған отбасы мүшелері біріге отырып коллаж жасайды.


ІІІ. Қорытынды.

Қазақстан Республикасының Білім қызметкерлерінің 1-съезіне қатысқан ЮНЕСКО өкілі К.Пауэр мырзаның «Сіздер Европалық білім мазмұнын сол күйі ала салудан аулақ болыңыздар. Өйткені, тек Шығыстың, Орта Азияның ерекшеліктері өз алдына, Қазақстан халықтарының да, қазақтардың да бөлекше ойлайтынына менің көзім әбден жетті. Сіздер терең білім берумен қатар ұлттық сипаттарыңызды жоғалтпауды басты нысанада ұстасаңыздар, әлемдік өркениеттен тезірек өз орныңызды табасыздар»,-деген сөздері ұлт деп соғатын жүрегі бар әрбір намысты қазаққа ой салады деп ойлаймын. Қоғамымыздың алтын діңгегі -ұлттық тәрбие берерлік асыл қазынаға бай. Біздің міндетіміз — елім дейтін азаматқа осы бір таусылмас халықтық қазынаны үлестіре білу.

Отбасы - әлеуметтік институттардың белгілерін бойына сіңірген әлеуметтік жүйенің маңызды саласы. Отбасы – қоғамдық құрылымның шағын ерекше үлгісі. Сонымен қатар адамның өзара қарым – қатынаста болатын тұрақты тобы, қоғамның алғашқы ұясы. Отбасы қалыптасу үшін неке қалыптасу керек. Еркек, әйелмен табиғи шарты өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін формасы. Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым – қатынастар ерекше міндеттерге негізделеді. Бұларды тәртіп бойынша орындағандар қоғамның жалғасуына, нығаюына қызмет ететіндер.

Ақылдылылық пен сабырлылық,түсіністік пен кешірімділік отбасы бақытын сақтап қалады.

Некеге деген адалдық,бір-біріне деген сенім күшінің жоғары болуына негіз.Ал сенім сетінеп,үй ішінің шырқы бұзылса,отбасын сақтау қиынға түседі.

«Үйлену оңай,үй болу қиын» екендігін,яғни өмір заңына сәйкес ер мен әйел бас қосып,бір шаңырақ астында тіршілік кешу мәселесінің маңыздылығын Жүсіп Баласағұн да,одан тоғыз ғасыр кейін өмір сүрген Абай да аса көрегенділікпен пайымдап,жастарға келелі ақыл-кеңестерін айтып кеткен. Қай заманда болмасын «Халық әрдайым бақытты отбасы туын көтеруді армандап, мақсат еткен, отбасы-нағыз бақыттың кілті».


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы, Литера, 2000,8-бап.

  2. Н.Ә.Назарбаев «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл- ауқатының артуы», Алматы, 1997.

  3. Ақжайықтың ақберендері. Алматы, 2005.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2020
330
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12