400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
8 -сынып оқушысы Қасымова Зарина өз ғылыми жұмысында «Халықтың салт-дәстүрі және өнері» арқылы халықтың қасиетті салт-дәстүрін, өнегелі әдет-ғұрпын болмысын, асыл қасиеттерін толық ашуға тырысады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Аннотация


8 сынып оқушысы Қасымова Зарина өз ғылыми жұмысында «Халықтың салт-дәстүрі және өнері» арқылы халықтың қасиетті салт-дәстүрін, өнегелі әдет-ғұрпын болмысын, асыл қасиеттерін толық ашуға тырысады.

Салт-дәстүр құндылығын жоғары дәріптей білген.

























Аннотация

Ученица 8 класса Касымова Зарина, в своей научной работе под названием «Обычай, традиции и искуство народа» старалалась полностью раскрыть истинное богатство и традиции казахского народа.























Annotation



The pupil of the 8th grade Kasymova Zarina tried to dislose the Kazakhs tradition and ethics in her scientific work «tradition6 monner and ort ot the nation».






























Абай атындағы мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы

Қасымова Заринаның

жазған ғылыми жұмысына

Пікір


«Халықтың салт-дәстүрі және өнері атты» ғылыми еңбекте оқушы халықтың болмысын салт-дәстүрін, қасиеттерін толық аша білген.

Қазаққа тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық. Салт-дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіндегі мәнін ашқан. Ол бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс – салт және әлеуметтік салт – дәстүрлерді айқын атап өткен. Біздің халқымыздың өз ұрпақтарын қасиетті салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білетінін аша білген. Оқушының тілі шұрайлы, ойы жатық.
















Халықтың салт-дәстүрі және өнері

Қазақ халқы – салт дәстүрге өте бай. Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез – құлқын, қасиеттерін таныта алады. Қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық. Әрине, бұл ерекшеліктер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттерәр халықта әр қырынан көрініс береді, сонымен қатар әр ұлт өкілдерінің салт-дәстүріндегі мән мағынасымен тәлім-тәрбиесі бір-біріне ұқсап, бірін-бірі толықтырады. Салт-дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Ол бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс-салт және әлеуметтік – мәдени салт дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді. Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға: баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі кіреді. Мысалы: шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке бөлеу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тіл ашар, ұл бала мен қыз баланы жанұы болуға, шаруашылыққа еңбекке, өмірге бейімдеу. Тұрмыс салт дәстүріне қазақтың киіз үйі жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдарын жатқызамыз. Ұлтымыздың ұлттық саз өнері, аспаптары, мерекелері, қонақ күту дәстүрі өзге елдерден біздің биік тұрғанымызды көрсетеді. Оның бір дәлелі баспанасы киіз үйден бастап, оның ішіндегі түрлі тұрмыста қолданылатын заттарын, бұйымдарын, киім кешектерін шебер жасай білгендігі.Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Оны музыка мәдениетінен, би өнерінен, тұрмысынан байқаймыз. Ән күйлерін тыңдай отырып, билерін, ою өрнектерін, зергерлік әшекейлерін көре аламыз. Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Жалпы салт - дәстүр деген не, соған тоқталып өтейік. Салт - дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет - ғұрыппен, ырым - тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Б. Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт - дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт - дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн - жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десек те болады. Ел боламын десең бесігіңді түзе демекші ең алдымен отанға деген сүйіспеншілікті салт - дәстүрді түзеуден бастау керек. Бұл арқылы бала салт - дәстүрін білсе тарихын таниды, ал тарихын білу отанды тану. Дәстүрсіз халық жоқ. Ол тарихи негізінде қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа
берілетін әдет-ғұрып жалпыға бірдей әдеп, инабат нормасы болып табылады.
Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі – адамдар арасындағы өркендеп және өзгеріп отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру.
Тұрақтылық болмаса даму да болмайды. Соның нәтижесінде әрбір жаңа
ұрпақ өткен ғасырлар мұрасының әсеріне ұшырап, оған бойсұнуға әзір. Белгілі француз социологі Э.Дюркгейм “Дәстүр – адамдардың қоғамнан дайын күйінде табатын, өздерінің тәртіптерін жөнге түсіріп және әрекетке келтіріп отыратын тетік. Қазақ - дәстүрі бай және оны қатаң сақтайтын халық. Туған халқының мінез-құлқы, наным-сенімін жете зерделеген ғұлама Ахмет Байтұрсынов қазақтың құдайдан кейінгі қорқатыны дәстүр бұзушылық екенін айтады. Қазақ дәстүрді білмегенді, сыйламағанды надан дейді. Бұл - өте ауыр сөз, ауыр кінә, бірақ әбден орынды баға. Қазақтың туыстық, құда – жекжаттық, той- томалақ өткізу, өлім жөнелту, аруақ сыйлау, үлкенді, ата-ананы құрметтеу, қыз ұзатып, келін түсіру, жүйелі сөзге жығылу, тоқтау, обал-сауап, дастархан, шаңырақ, қонақ сыйлау т.б салт-дәстүрлерінде қаншалық адамгершілік, ізгілік, көргендік жатыр. Оқушының басты қарым-қатынас жасауының басты әліппесі сәлемдесуден басталады.
Бұл дегеніміз – қазақ ауылында кіндігі кесіліп, туған халқының әдет-
ғұрпын тасындай қалап, дәстүрін жадына жылудай жинап, асыл тілін аманаттай ардақтап, дінін дініне тұмардай тағып, салтын санасына сыбағадай сақтап және олардың бәрін құрандай қастерлеп өскен ұрпақ екенін білдіру. Оның мақсаты ата салтымыздың асыл мұрасы мен алтын қазынасын көпшілікке, кейінгі жас ұрпаққа ұсынып, оны оқып үйренуді өмірге еңгізуді аманат деп тапсыру.
Тәрбиенің басы отбасынан басталады. Бала дүниеге келгеннен 5-6 жасқа
дейін ата-ана немесе ата, әже қарамағында болады.
Қазақ отбасындағы тәрбие ісі ғалым Ш. Ахметовтың 8 түрлі мәселені
зерттеулер негізінде қамтыған.
1. Тәрбие басы алдымен әдептілікті үйретуді көздеген.
2. Баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген.
3. Тіл алғыш елгезек болуға баулыған.
4. Адал сыншыл болу.
5. Өнегелі ұстаз бен көпті көрген қария сөзін тыңдап “ақпа құлақ
болмай, құйма құлақ бол” дегенді бойға сіңірген.
6. Үлкенді, ата-ананы сыйлауды үлкен және ең басты міндет етіп қойған.
7. Кісі айыбын бетіне баспайтын, біреуге орынсыз тіл тигізбейтін азамат
бол, қаріп-қасірлердің табиғи кемдігін бетіне баспа деген.
8. Ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған
жұмса деген Сан ғасырдан бері жинақталған ойшылдардың, даналардың, шешендердің, ұстаздардың педагогикалық идеялары халықтың өмір тіршілігімен, кәсібімен, ұлттық тәрбие дәстүрімен қоғамнан қоғамға жалғасып, дамып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған. Бұлардың бәрі тәрбиені жетілдіру талабынан туған еді. Салт-дәстүр дегеніміз – халықтардың кәсібіне сенім нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеден қалыптасады. Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара алмайды. Бүкіл халық ел жұрт уақыт озған сайын салт-дәстүрге жаңалық енгізіп, оны қоғамдық болмыс көріністеріне бейімдеп өзгертіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды. Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты. Қазіргі ғылыми дәлелдеулер бойынша қазақ ұлтының алғаш пайда болуы ХІІІ-ХІV ғасырлардан басталады деп жүрміз. Олай болса сол дәуірден бері қарай қазақтың көптеген әдет-ғұрып,
салт-дәстүрлері қалыптасып дамыды. Халық “Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы бар”, “Әдет – әдет емес, жөн - әдет”- деп заман талабына сай дәстүрлерді дәріптеп тәлім тәрбиенің пәрменді құрылысы ретінде пайдаланылып келген. Мысалы: көп жылдары бойы “діни мейрам” деген жаңсақ көзқараспен Наурыз мейрамын еліміз мүлде атаусыз қалдырып, қазіргі демократия кезінде ол қайта жанғыртылып жалпы халық мейрамына айналды. Әрбір ұрпақтың өмір тәжірибесінде екшеленген идеяларының, сұрыпталған моральдық ережелері мен нормаларының жыл озған сайын үстемеленіп дамып отыруында. Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің ерекшелігі мен қасиеті тәрбиелік әсер ықпасында өміршеңдігінде, жаңа дәстүрдің туып, дамып, қалыптасып тәрбие құралы ретінде кейінгі ұрпаққа мұра болып қала беруінде. Қазақ халқының салт санасында ата-ананың арман тілегі ерекше көрініс тапқан, бірақ бұл асыл қазыналар тоқырау кезінде нағыз тәрбие құралы бола алған жоқ, қайта жыл озған сайын тәрбиеден шеттеп шығып қалып отырды. Қазақ дәстүрінде баланы әлдилеу, жұбату, ойнату, тәрбиелеу үстінде оның алдына неше алуан тілек - мақсат қою өлеңмен жырмен, әнмен көркем сөз айшықтарымен айтылған. Қазақ халқы жас ұрпақты ерлікке, отаншылдыққа, адамгершілікке, өткір тілді шешендікке, еңбекке, өнерлі шебер болуға, өнерліні құрмет тұтуға, туған жер табиғатын, ерлік дәстүрін сүюге тәрбиелеген. Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай. Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптарына байланысты туған.халық өз ұрпағының “Сегіз қырлы, бір сырлы”, өнегелі өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-бабадан қалған бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы өлең жырмен насихаттады. Әсіресе “Өнер алды – қызыл тіл”, “Жер астында жатқанды қазбай тіл табар”- деп саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз тілді тәрбиенің пәрменді құралы, ақыл ойдың асыл қоймасы деп таныды. Қазақтың айтыс өлеңдерінде, терме толғауларында, бесік жырларында, ертегі, аңыз-әңгімелерде, мақал- мәтел, нақыл сөздерінде ел тағдыры, келер ұрпақ қамы, бас бостандығы, адамгершілік ар-ождан мәселелері жан-жақты сөз болып, дидактикалық ақыл өсиет, насихат түрінде айтылып, ол халықтың қыз ұзату, келін түсіру, шілдехана, баланы бесікке салу, өлікті жөнелту сияқты дәстүрлері жиындарында марапатталып келді. Сол арқылы көпшілік қауымға әсіресе жастарға өнеге айту, тәлім-тәрбие беру, салт-дәстүрді оқыту көзделді.
1) Баланың дүниеге келуі ат жалын тартып мініп, отау тігіп азамат
болуына дейінгі салт-дәстүрлер: шілдехана, сүйінші, балаға ат
қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу,
атқа мінгізу, сүндет тойы т.б. және қыз бала мен ұл баланы
келешек отбасы – жанұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке
бейімдеуге арналған азаматтық жөн-жорғылар кіреді.
2) Тұрмыс салт-дәстүрлері – қазақтың киіз үйі, үйдің жиһаздары,
ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық,
балықшылық, бағбаншылыққа қатысып, кәсіптерге үйретудің
тәлімгерлік түрлері енеді.
3) Әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлерге қазақ ауылы, ауыл адамдарының
туыстық қарым-қатынастары, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық
музыка аспаптары, үйлену, үй болуға байланысты салт-дәстүрлер,
қонақ күту, халықтың ұлттық мерекелерді өткізу, өлікті жөнелту
рәсімдері, әдет ғұрыптары жатады.
Қазақ халқының осы салт дәстүрлерінің ерекшелігі мен қасиеті,
тәрбиелік әсер, қимылы да дәстүрдің дамып, қалыптасып тәрбие құралы ретінде кейінгі ұрпаққа мұра болып қала беруінде. Баланың тууы. Қазақ халқының көпшілік дәстүрлері баланың дүниеге келуімен байланысты туған. Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі ата-ананың ғана емес бүкіл ауылдың қуанышы. Міне осы күндері “Шілдехана” немесе “Шілде күзеті” өткізіледі.
Нәресте дүниеге келген күні қалжа үшін қой сойылады. Қойдың етін жеп,
сорпасын ішіп, босанған әйел 40 күн бойы қалжалатып, жел суға тигізбей
күтіледі. Тойға жиналғандар сәбиге ізгі тілектерін білдірісіп, ән айтып,
ойын ойнап көңіл көтереді. Шілдеханаға ауыл үлкендері қатыспайды. Жаңа
туған нәрестені әртүрлі жын-шайтан перілердің салқынынан қорғап, күзету
халық - сенімі бойынша тек жастардың міндеті. Қазақ халқының көбі мұны
әйелдің бойы бекігесін жасайды. Ерте заманда бесіктегі нәрестені күзету Ұмай анаға жүктелген. Жаңа туған баланы алғашқы күндері шырақ жағып күзетпесе оны перілер әкетеді деген ұғым болған. Сондықтан баланы алғаш түні шырақ жағып күзеткен. Сүйінші сұрау – немерелі болған әже жас балаларды немесе келіндерін сүйінші сұратып жан-жаққа жібереді. Сүйінші сұраушылар кім? - деген сұраққа ұл болса “тізгін ұстар” қыз болса “қырық жеті” деген сияқты тұспал сөздермен жауап береді. Сүйіншіге ең жақын адамдары мал атап, кейбіреулері ақшалай заттай мүлік береді.
Нәрестелі болған үйлерге ізгі ниеттерін білдіруге келген ауыл адамдары
“бауы берік болсын” деген жақсы лебіз айтады. Нәрестені көрсетіп ауыл
адамдарынан әйелдер көрімдік сұрайды. Әйелдің әл-қуатын жиып, белі бекіп кету үшін оған арнайы мал сояды. Онда мойын омыртқаны опырмай етін тек үзіп жеп, төрге іліп қояды. Ел ішінде жас баланың мойынының тез қатып кетуі осы омыртқамен байланысты. Балаға ат қою. Халқымыз балаға ат қоюға ерекше мән береді. Осы ат қою дәстүрінен де халықтық наным-түсінік, салт-санасы, арман мүддесі, эстетикалық толғамы көрінеді. Әдетте ат қою құрметіне ауылдың ақсақалы немесе көрші ауылдың шежіресі – қариясы ие болады. Оның дәуіріндегі тарихи мұралардың көпшілігінде балаға ат қою
дәстүріне үнемі Қобызшы жырау, Қорқыт ата қатысып отырады. Сонымен қатар үлкен қуаныштың үстіне келіп қалған “құтты аяқ” құдай қонақтарға да ат қойғызатын дәстүр болған. Қазақ елінде қалыптасқан дәстүр бойынша,
нәрестеге үш күннен қалдырмай ат қойылады. Мұсылмандықтың енуіне байланысты көп жерлерде атты молда азан шақырып, нәрестенің құлағына аузын таятып, сәбиге қойылатын атты үш рет сыбырлап айтады. Осыған байланысты тілімізде азан шақырып ат қою тіркесі қалыптасқан. Ат қойған адамға ақы ретінде арнайы сыйлық дайындалады. Жас баланың алғаш жүректілік көрсетіп, көзге түскен уақытта көрсеткен ерлігіне сай өзіне ат алатындығы туралы көне түркілік қызықты деректер де ғалымдарға мәлім.
Осы дәстүрдің жанғырығындай тілімізде “ат қойып, айдар тағу”- деген
бейнесі сөз сақтаған. Айдар – жылқының құйрық жалынына алтындаған зер қосып жіңішке қылып өрілген бау. Оны осы бір айтулы күні басқа жұрттан ата тегін айырып көрсету үшін жігіттің кежегесін жағады. Кежеге – түрік бабаларымыздың желкесіне түсірген жуан бір өрім шашы. Егерде қазақта ұлы жоқ үйлерде қыз туылатын болса онда оған “Ұлтуған” деп ат қойылады.
Бесікке салу – кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады.
Бұған ауылдың көрші қолан әйелдері жиналып баланы бесікке бөлеуден бұрын “тыштыма” ырымы жасалады. Бесіктің түбегі арқылы бауырсақ, кәмпит және басқа тәтті дәмдер жапа-тармағай астына тосылған қолдарға тасталады. Басқарушы “тышты ма” деп сұрағанда жанкүйерлер іле шала “тышты”, “тышты” деп шу ете түседі. Әрбір жақсылықты үнемі шашу шашумен қарсы алатын халқымыздың бұл дәстүрі “балаға бесік құт дарысын” деген асыл ниетпен туған рәсім. Тыштымаға қатысқан әйелдер түрлі сыйлықтар алады. Бесік – нағыз халық мұрасы бабаларымыздың ғасырлар бойы тұтынып келген ата мүлкі. Бесікті Орта Азия мен Кавказ, Үнді мен Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланған, әлі де пайдаланып келеді. Қазақ бесігі талдан, қайыңнан иіліп жасалады. Бесікті дүниеге әкелген “аттың жалы, түйенің қомында” өткен көшпелі тұрмыс тіршілік. Баланы бесікке салар алдында көп балалы ана бесіктің жабдығын тексеріп шашу шашады. Бесіктің үстіне жеті зат: қамшы, жүген, тон, шапан, кебенек, көрпе жауып қояды. Оның мәні мынадай: жүген мен қамшы – ат үстінен түспейтін ер болсын дегені, тон мен шапан – бала халықшыл көпшіл болсын дегені, кебенек – ер мінезді өршіл болсын дегені. Қыз бала сұлу болсын деп жастығының астына айна, тарақ қойса, ұл бала батыр батыл болсын деп, шошымасын деген ниетпен жастығының астына қанжар, пышақ қойған. Баланы бесікке ауылдың үлкені, беделді үлгісі әже салады. Баланы бесікке бөлеген әже баланы тербете отырып ақырын ынылдап бесік жырын айтады:
Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем,
Астына терік салайын,
Үстіңе тоқым жабайын,
Ауылдан кеткен апаңды,
Қайдан іздеп табайын.
Жайлы бөленген, қарны тоқ сәби құрғақ күйінде ұйқысы әбден қанғанша
тал бесікте ұйықтай береді. Егерде нәресте мазасызданса үйдің кішкене
баласына тербетіп қояды, анасы өз шаруасын алаңсыз тындырады, тамақ іздесе бауын босатып емізеді. Әдетте бөленбеген бала қол-аяғы бос сәби кіші, үлкен дәретке былғанған, ұйқысы бұзылып, жылауық болады. Түн ішінде анасы сан рет тұрып жиі-жиі жаялығын ауыстырады. Ал бесікке бөленген баланың кіші дәреті шүмек, ал үлкен дәреті бесік тесігі арқылы түбекке жиналады. Түбектің түбіне күл салып жиі-жиі ауыстырып отырады. Шүмек әдемі етіліп қойдың асық жілігінен жасалады, кейбіреулері айрықша аппақ болуы үшін сүтке қайнатып та алады. Қырық күн толғанша бөбекті бір күн сабынды, бір күн тұзбен, бір күн жұпар иісті шөппен кезекпе-кезек шомылдырады. Тұзды суға шомылып тұзға піскен сәби шымыр, әрі есейген соң денесі зақымданса денесінің жарасы тез жазылады. Қорқыныш шығару – сәби үшін ең бір елеулі кезең қауіп қатерлі 40 күн өтіп нәрестенің мойыны қатып болған соң ата-анасы ауыл әйелдерін шақырады. Ұл баланы қырық күнге жеткізбей 37-не 39 күнде, ал қыз баланы қырық күннен асырып 42 және 44 күнде қырқынан шығарады. Ыдысқа су құйып 40 қасық су құйып теңгелер салған суға баланы шомылдырып сонан соң шашы мен тырнағын
алады. Қарын шашын шүберекке түйіп баланың оң иығына қадайды, ал тырнағын жерге көміп тастайды. Тұсау кесер – сәби тәй-тәйлап жүре бастаған кезде ата-анасы баланы тез жүріп кетсін деген оймен “тұсау кесер” тойын жасайды. Алдымен тұсау кесер күні белгіленіп арнайы қонақтар шақырылады. Жиналған көпшілік арасынан көбінесе жүрісі жылдам, қимылы ширақ, іске епті қасиеттері мен көзге түсетін қағылкез пысық адам таңдалып алынып нәрестенің тұсау кесерін соған тапсырады. Әдетте қазақтар бала тұсауын ала жіппен, қылдан ескен шыжыммен немесе ішекпен кескен. Тұсау кесер сәті алдында тәтті дәмді тағам салынған дастархан жойылады. Дастархан жанына қазық қағып тұсаулы баланы арқандап қояды. Бұдан соң “жүйрік бол”, “шауып кет” деп таңдалып алынған адам, екі қолынан екі адам жетектеген баланың тұсауын кесіп жібереді. Тұсауы кесілген соң сәбиді екі адам ортаға алып асығып тез-тез жүгіреді. Осы кезде “тұсау кесер” жырын айтады.
Қаз-қаз балам, қаз балам
Қадам бассаң мәз болам.
Қаз-қаз балам қаз балам
Тақымыңды жаз балам.
Күрмеуіңді шешейін
Тұсауыңды кесейін.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз балам жүре ғой!
Ертеректе қазақтар ырымдап, сәбиге тұлымшақ пен кекіл қойған.

Қорыта келе, ата-бабамыздың салт-дәстүрлерін мақтан тұтамын. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Осымақалға сүйене отыра бабамның аманатын сақтаушы ұландардың бірі мен боламын. Елімді, өз өз туған өлкемді, салт-дәстүрімді шын жүрегіммен сүйемін және әлемге танытқым келеді. Себебі қазағымның асыл қасиеттері жүрегіме қуат, көңіліме мақтаныш береді. Бүгінгі күні Тәуелсіздігімізді алып, Тәуелсіз мемлекет атанып, өзге елдермен тереземіз тең болып отырған шақта біз, бүгінгі жас ұрпақ ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді ұрпақтан –ұрпаққа аманат етеміз деп сөз беремін.



Пайдаланған әдебиеттер:



1.Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары.

С.Кенжеахметұлы Алматы. «Ана тілі»

2. Жеті қазына. С.Кенжеахметұлы І кітап

Алматы «Ана тілі» 2003 ж

3. Қазақтың салт-дәстүрлері Алматы

4. Халық тағлымы Ә. Табылдиев 1992ж

5. Отбасы газеті № 45




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1021
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі