жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жоба Саумалдың емдік қасиеттері
............ облысы. ......... ауданы.
№................. жалпы орта мектеп

Оқушы аты:
Сыныбы:
Зерттеу жұмысының бағыты: Мәдениет, әдебиет, өнер,
тарих.
Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Саумалының емдік қасиеті»
Жетекшісі:


.....................................................
мектебінің
..... «» сынып оқушысы
.................................................................
«Саумал жылқы сүтінің пайдасы» атты
зерттеу жұмысына
Пікір
Ұсынылып отырған ........................«Саумалының емдік қасиеті» атты зерттеу жобасында автор алдына қойған міндеттерін толық орындап, мақсаттарына жеткен. Қымыз туралы мәліметтер мен деректерді кітапханалардан, ғаламтор желісінен, энциклопедиялардан, түрлі әдебиеттерден жинақтап; саралап; салыстырып; қымыз түрлерінің әзірленуін іс жүзінде бақылап, өз ойы мен пікірін түйіндеп зерттеу жұмысын атқарған. Ізденуші жай ғана материалдарды қатыстырып қана қоймай өзіндік көзқарасын да танытып отырған. Зерттеу жұмысының құндылығы да осында.
Яғни, ғылыми жоба мазмұнындағы теориялық маңызды мәліметтерге сүйене отырып, тәрбиелік мәнін бүгінгі қоғам талабына сай айқын да, анық аша білген.
Сынып жетекшісі:

..................................................................
мектебінің ... «» сынып оқушысы
.......................................................
«Саумалының емдік қасиеті» атты
зерттеу жұмысына

Бұл тақырып оқушының қазақтың ұлттық сусыны – қымыздың емдік қасиеттерін зерттеуге деген қызығушылығынан туған. Ол өз ойын іске асыру мақсатында қымыздың емдік қасиеттері, қымызды дайындау жолдары, қымыздың түрлері, қымызды ашыту және сақтауға арналған ыдыстардың түрлері, жасалу жолы туралы деректер жинақталып, баяндалады.
Данная тема вызвана интересом школьника к изучению целебных свойств Казахского национального напитка-кумыса. В целях реализации своего замысла он обобщает и излагает данные о лечебных свойствах кумыса, способах приготовления кумыса, видах кумыса, типах емкостей для сбраживания и хранения кумыса, способе изготовления.
This topic was born out of the student's interest in studying the healing properties of the Kazakh national drink – kumys. In order to implement his idea, he collected and presented data on the medicinal properties of kumys, ways to prepare kumys, types of kumys, types of containers for fermentation and storage of kumys, ways to make kumys.








Қазақтың ұлттық сусыны – саумалдың
емдік қасиеттерін дәріптей отырып, ұлттық салт – дәстүрлерімізді сақтау.


-
Қазақтың ұлттық сусыны саумалдың емдік қасиеттерін дәлелдеу.
-
Қымыз өндіруді жолға қоюдың халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартудағы маңызын ашып көрсету.
-
Саумалдың ең алғаш Қазақстанда пайда болғанын дәлелдей отырып, саумал қазаққа тән төл сусын ретінде тануына дәйектеме келтіру.

-
Саумалдың пайда болуы, ем ретінде қолданылуы жайлы деректер жинау.
-
Қымызды дайындау жолдарын, түрлерін анықтау.
-
Қазақстанда таралуын зерттеу.
-
Саумал қолданыстағы басқа сусындардың пайдасы мен зиянын салыстыру.
-
Саумалды көптеп өндіруге қолайлы жағдайларды қарастыру.

-
Ақпарат жинақтау.
(кітапхана, интернет желісі, теледидар).
-
Салыстыру
-
Бақылау

Болжам жасау жағдайды алдын-ала көре білу.
Бастапқыда анықталмағанды айқындап алу қажет.
-
Саумал қандай сусын?
-
Егер саумал ең алғаш Қазақстанда пайда болса, қазақтың ұлттық сусына жататын шығар.
-
Сааумал қалай әзірленеді?
-
Егер қымызды ашыту жолымен әзірлейтін болса, қандай ұйтқы пайдаланады екен?
-
Саумалыға қандай ыдыс түрлері болады екен?
-
Саумалдың қандай түрлері болады?
-
Мүмкін қымыздың ашыту жолына байланысты бірнеше түрі болатын шығар.
-
Саумалының ерекшелігі неде?
-
Мүмкін қымызды ашыту барысында оған тәтті азық-түлік түрлерін қосқанға байланысты дәмі тәтті болатын шығар.
-
Саумалының пайдасы қандай?
-
Егер саумалының денсаулыққа пайдасы мол болса, құрамы қандай екен?
-
Мүмкін құрамында дәрумендер көп болғандықтан денсаулыққа пайдасы мол шығар.

|
№ |
Зерттеу жұмысы |
Мерзімі |
|
1 |
Зерттеу бағытын анықтау; тақырыбын таңдау; мақсатын, міндеттерін анықтау; әдістерін таңдау. |
Ақпан |
|
2 |
Саумал туралы деректер мен мәліметтер жинау. |
Наурыз |
|
3 |
Саумалының түрлері зерттеу |
Сәуір |
|
4 |
Саумалдың қандай түрлерін анықтау |
Мамыр |
|
5 |
Егер саумалының денсаулыққа пайдасы мол болса, құрамы қандай екен? |
Маусым |
|
6 |
Бал қымызды ашыту жолын бақылау |
Шілде |
|
7 |
Самалдың пайдасын зерттеу |
Тамыз |
|
8 |
Алынған материалдарды талдау және жүйелеу |
Қыркүйек |
|
9 |
Зерттеу жұмысын қорытындылау |
Қыркүйек |
|
10 |
Презентация жасау |
Қазан |


![]()


"Жылқы сүті, яғни
қымыз жыныс гармондарына жақсы әсер ететін ферменттерінің арқасында
әйелдерді бедеуліктен, ерлерді белсіздіктен қорғайды. Құрт
ауруларының алдын алады, ауырған адамның қайта қалпына келуіне
жақсы ықпал етеді. Ал саумал қымызды ем ретінде буын ауруларына
ішсе, тіпті пайдалы екен. Салданудың да алдын алады. Жаңа босанған
келіншектің сүтін молайтып, нәрлі етеді. Демек, емізулі балаға да
пайдасы орасан.
Ашыған қымыз шөлді
басып, қантамырды қордаланған зиянды қалдықтардан тазартады. Іш
қатудың алдын алады. Бүйрек пен бауырды қанықтырып, қан тамырларын
тазалайды. Буын аурулары мен сүйектің қақсауын, жүйкенің жұқаруын,
бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), ұйқысыздық, ішектегі
жара (гастрит) сияқты аурулардың бірден-бір
емі. Қазақстандық ғалымдар
саумал бен шұбаттың емдік қасиеті бар екенін және бұл сусындардың
өкпе ауруларына әсіресе туберкулезге қарсы қолданылатыны ерте
кезден – ақ белгілі болғанын, оның құрамында А, В,В,Д, Е,С
витаминдері бар. Саумал адамның бойындағы, жүрек қантамырлары,
жүйке және асқорыту жүйелеріне, қан айналымы, тоқішек пен
асқазандағы жараға ем екенін анықтағаны
белгілі.
Саумалдың емдік қасиетін дәрі-дәрмектермен еш салыстыруға келмейді. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін созылмалы ауруларға қарсы күресетін артықшылығын да айта кеткен жөн.Дәрігерлер саумал жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Саумалмен емделгенде тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады.
Қазақстаңда қымызбен
емдейтін орыңдар Көкшетау, Семей, Алматы облысында
ұйымдастырылған.
Саумалмен емдеу ережесі:
Саумалмен алғашқы кезде тәулігіне 6-рет 100 мл-ден (қатты наукас адамдарға 50 мл), кейін 250 мл дейін береді. Организм қымыз ішуге үйренгеннен кейін оның мөлшерін 2-3 литрге дейін жеткізуге болады. Саумалыны тамақ алдында 1-1,5 сағат бұрын ішу керек. Биенің жаңа сауылған сүтін де емдік ретінде пайдаланады. Бұл ем көбінесе ауру салдарынан әлсіреген, арықтаған, қан азайған, туберкулез ауруына шалдыққан адамдарға қолданылады.
Ал, жүзге келген жыр атасы Жамбыл:
«Үйірілген сары алтындай сары қымыз.
Ауруға – ем, сауға - қуат, дәрі қымыз.»
- деп ұлттық сусынымызды қадірлеп жырға қосқан.
Сары қымыз — дертке
шипа, денеге күш.

![]()
А
шыту түрлерімен ашыған күндерінің санына, ыдысы
мен қоспасына, тәулік уақыты мен жыл мезгілдеріне қарай ашытылатын
қымыз түрлері мен атаулары көп.
Уыз қымыз — биені алғаш байлағанда ашытылатын қымыз. Мұны бие бау деп те атайды.
Бал қымыз — әбден пісілген және бойына жылқының не қойдың майы сіңген бапты жұмсақ қымыз. Мұндайа қымыздың түрі әдеттегідей қымыздан гөрі сары әрі қою болады.
Бесті қымыз — төрттүн асып, ашуы мейлінше жеткен қымыз.
Дөнен қымыз — үш түнегеннен кейін қотарылатын, мейлінше ашуы жеткен қымыз.
Жуас қымыз — үстіне саумал құйып жұмсартылған қымыз. Қымыз аса ашып кеткенше ішуге қолайлы болуы үшін осылай істейді.
Құнан қымыз — екі түнегеннен кейін ғана қотарылатын қымыз. Бұл түнеме қымызға қарағанда күшті болады.
Қысырақ қымыз — бірінші рет құлындаған биенің сүтінен ашытылатын қымыз. Қулық биенің сүті жылда сауылып жүрген сары қарын мама билердің сүтіне қарағанда әлдеқайда қуатты болады. Оны әдетте “ту қымыз” деп те атайды.
Қысырдың қымызы — бие ағытылғаннан кейін, жем- шөбі дайын адамдар қысыр биелерді іріктеп алып қалып, қыстай қолда ұстап сауады. Сондықтан да бұл қымызды “қысырдың қымызы” деп атайды.
Сары қымыз — шөп пісіп,биенің сүті қойылған кезде ашылатын қымыз. Жаздыкүнгі қымызға қарағанда қою әрі өңі сары болады.
Сірге жияр қымыз — бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алғаш байланып, уыз қымыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы бір той болады.
Түнеме қымыз — ескі қымыздың үстіне саумал құйылып, келесі күні (тағы бір күн асқаннан соң) қотарылатын қымыз.

![]()
Қымыз ыдыстарынын енді бір негізгі түрі — күбі, ол отырықшылық жағдайға бейімделген. Күбі ауыз жағы тарлау, түп жағы кеңірек етіп еменнен жасалады. 60—70 және 100 литр кымыз сиғандай, әр түрлі мөлшерде болады. Оның іші де апта сайын жуып кептіріліп, сүр еттің майымен, қойдың құйрығымен майланып, тобылғы дүзгін, құлмұрын ағаштарының, қоғажай дейтін шөп түбінің түтінімен ысталып отырады. Күбіні баптай білген үйдің қымызы да дәмді болады. Қымыз еш уақытта темір ыдысқа құйылмайды. Күбі піспегінің басы аршаның қызылынан ойылып, ағаштан жасалған және сүйек, күміспен өрнектелген.


Қымыздың атам заманнан бергі өзіне тән ыдысының бірі — қазақтың қара сабасы тек қана жылқы терісінен тігіледі. Бұл бұдан бірнеше ғасыр бұрын, көшпелі дәуірде игерілген ыдыс болса керек. Сабаға ашытқан қымыз бір жағынан сүйкімді, дәмді болса, екінші жағынан көші-қон жағдайында алып жүруге өте қолайлы.

Қымыз саба әзірлеуге көп мінілмеген, тер сіңбеген, ауырмаған, арқасы жауыр болмаған, семіз жылқының терісі таңдап алынады. Ол қыс бойы от жағылатын асхананың (шошаланың) төбесіне кептіріліп, жаз шыға қайтадан жібітіледі де, кұрымға салынады. Құрым дегеніміз — шошаланың төбесіне жиналған қара күйе, ыс. Саба, торсық жасайтын шеберлер қара күйені сыпырып алып қайнатады да, әрі ащы, әрі қышқылы мол, қою шай сияқты сұйық зат әзірлеп, теріні соған батырады. Ол құрымда 20—30 күн ұсталып, жүні, шелі, ет қалдықтары тазартылады. Осыдан кейін тері ширап, шымырланып және коныр-қошқыл түске енеді. Осындай әдіспен иленген тері шуда жіппен көктеліп, ішіне құм толтырып керіледі де, кептіріледі. Кебуі жеткен саба шерткенде сыңғырлап тұрады. Бұл саба жасау әдісінің бірінші сатысы.
Ал, екінші сатысында әлгі кептірілген ыдыстар жылқының сүр етінің және қымыздың майымен сіндіре майланады. Майлаудың нәтижесінде сабаның тігістері кірігіп, бекіне түседі.
Саба жасау әдісінің
үшінші сатысы оны ыстау. Бұл жауапты істі маман, әдетте жұртқа
танымал болған, осы іске қабілеті бар адам ғана жүргізген. Өйткені
тәжірибесіз, шалағай адамдардың өрт шығарып алуы, сабаны күйдіріп
алуы немесе шала-шарпы ыстауы мүмкін. Ысты көбінесе үй іргесінен
аулақ, шөп-шаламы жоқ, суы жақын өзен жағасында, құдық басына
салады. Мысалы, жарқа-бақтан отын салатын оттық ойып алады да, оның
төріне жалғастыра ұзын өңеш 15—20 метр, кеңдігі 50—60 см ор қазып,
ішін жалын жетпестей етіп, кірпішпен астарлайды. Осы өңештің екінші
басында құдықша етіп қазған ыс-ошағы болады. Оның беті темір тормен
жабылып, әр жерінен арнаулы тесік қалдырып сыланады. Осы «ошақтың»
үстіне балшықтан шошала қалайды немесе киіз күрке тігеді. Сонда ыс
түтіні өңештен ошаққа келіп күркенін ішінде булығып, үнемі бықсып
жататын болады. Ысқа жағылатын отын бүрі түспеген жас тобылғы мен
қараған. Кейбір ысшылар сабаға ерекше иіс беру үшін отынға аздап
арша, кекпек, кұрғақ көк пішен қосып
жағады.
Осылай бабына келтірілген саба 5-6 ай жібімей, базданбай, сіңген ыстың иісін, дәмін сақтай алады.
Көктемде және шілде
айларында биелер жиі сауылады. Биені бие көнекке немесе ағаштан
істеп ысталған бие шелекке сауады, әдетте бие саууға бұрыннан
үйренген әйелдер ғана шығады.

Мес
Мес – бітеу сойылған ешкі терісінен
қымыз құю үшін жасалған ыдыс.
Сүйретпе
Сүйретпе – ірі қараның бас немесе
мойын терісінен жасалған, қымыз
құюға арналған үлкен торсық.








Мен зерттеу жұмысымның нәтижесінде қазақтың ұлттық сусыны қымыз өндіруді жолға қоюдың халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартудағы маңызы зор екенін түсіндім. Ақтанберді жырау кезінде: «Арудан асқан жан бар ма, жылқыдан асқан мал бар ма? Биенің сүті — сары бал, Қымыздан асқан дәм бар ма?!— деп текке айтқан дейсіз бе? Ал, осы күні жастар жағы қымыздың орнына шетелдік «Сосо-соIа», «Рерsі», тәрізді сусындарды жиі тұтынады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.» демекші оның орнына қымызды қазаққа тән төл сусын ретінде дайындауды үйреніп, қолдансақ , қазақтың мәдениетін көтеруге өз үлесімізді қосар едік...
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет !



1. Ұлттық дүниетаным
3 сыныпқа арналған оқу құралы
Алматы «Өнер» баспасы 2002ж.
9,10,25,26 беттері.
2. «Айгөлек» балалар журналы
№3 2011ж.
6 беті.
3. «Сұрақ және жауап» энциклопедиясы.
Алматы кітап. 2006 ж.
25 беті.
-
Қазақтың ұлттық тағамдары
«Арман» 2009 ж. 31 беті.
-
Аспаздық
«Фолиант» 2007 ж
15 беті.
.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген