МАЗМҰНЫ
|
|
КІРІСПЕ |
5 |
|
1 |
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ |
8 |
|
1.1 |
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және оның тәрбиедегі мәні, маңызы |
8 |
|
1.2 |
Педагогикалық техника-педагог шеберлігінің элементі ретінде |
18 |
|
2 |
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛIМIНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ |
28 |
|
2.1 |
Мұғалiм қызметтерi және мұғалiмге қойылатын талаптар |
28 |
|
2.2 |
Бастауыш мектеп мұғалiмiнің шеберлігі |
45 |
|
3 |
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ЖОЛДАРЫ |
56 |
|
3.1 |
Мұғалімнің педагогикалық әдебі және өзін-өзі жетілдіру қажеттілігі |
56 |
|
3.2 |
Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жолдары |
73 |
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ |
88 |
|
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ |
97 |
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады»,[1]. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде? Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.
«Тәуелсіз елге - білікті маман» демекші, педагогикалық шеберліктің негізі білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар – педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады. Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет. Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.
Қай заманның тарихын, кезінде қателескен, бұрмалаған тұстарына әділ баға беретін, сөйтіп оның кемшілік тұстарын толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп жатқан мұғалімдеріне қойылатын талаптар ауқымы үлкен.
-
Жеке көзқарастары бар және оны қорғай білетін тұлға болуы керек.
-
Психологиялық-педагогикалық білімдерін жетілдіріп үйренумен қатар шебер қолдана білуі тиіс.
-
Білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыларды баулу.
-
Ұстаздың ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамашылық қабілеттермен қатар болып жатқан педагогикалық жағдайларды, құбылыстарды талдай білуі шарт.
Ұстаздың педагогикалық білімінің мәні қоғамдық құбылыстың бір бөлігі ретінде тәлім-тәрбие ғылымының маңызынан келіп шығады. Өмір құбылыстарын педагогикалық тұрғыда қабылдап бағалау, өсіп келе жатқан адам тұлғасына қарым-қатынастың педагогикалық бағытын қалыптастыру мынадай факторлардың өзара әрекеттесуінен туындайды:
а) зерде, өй- санасы;
ә) эмоция және ырық;
б) тәжірибелік іс-әрекет.
Ұстаздың міндеті – осы үрдісті шебер басқара білу, тек ойлау іс-әрекетінің нәтижелерін ғана емес, оның қалыптасу барысында бақылап отыру. Мұғалім - өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-білімде.
Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан оқушылар мұғалім берген білімді ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, дарындық іс-әрекеті мен сабақтастара білуі тиіс. Осыған орай, оқушылардың интелектуалдық мәдениетінің дамуын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты оқу табылады.
Зерттеу мақсаты: Педагогикалық шеберліктің ерекшеліктерімен танысып, оның маңызын түсіну.
Зерттеу міндеттері:
-педагог еңбегінің әлеуметтік құндылығын көрсету;
-педагогикалық шеберліктің мазмұны мен компонеттерін анықтау;
-педагогикалық шеберлікті қалыптастыру, жетілдіру;
-мұғалімнің педагогикалық әдебі мен этикасы бойынша әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеу нысаны: Мұғалім іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп пен шеберлік мазмұны мен міндетін жүзеге асыру жүйесі.
Зерттеу пәні: бастауыш сыныптағы оқу пәндері.
Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми, әдістемелік жаңашылдығы:
1. Педагогикалық шеберліктің мазмұны мен компонеттерін анықталды.
2. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру, жетілдірілді.
3.Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен этикасы бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.
Зерттеу жұмысының базасы: Шымкент университеті
Зерттеудің практикалық құндылығы:
-қазіргі қоғамдағы мұғалім шеберлігінің маңызы айқындалды;
-болашақ мұғалімдерге педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың жолдарын ұйымдастыруға ұсыныстар жасалды.
Зерттеу жұмысының жариялануы және талқылануы. Зерттеу жұмысының мазмұнын құрайтын негізгі тұжырымдар мен нәтежелер «Гормонично развитое поколение-условие стабильного развития в Узбекстан»,собрник научно-методических статей (Ташкент 2014) және «Халықаралық 2050»стратегия аясында білім мен ғылым дамуының басым бағыттары» ғылыми-әдістемелік конференцияда (Шымкент 2014) жарияланды.Диссертацияның қолжазбасы «Педагогика және психология» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
-
1 Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және оның тәрбиедегі мәні, маңызы
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Қазақстан Республикасының жаңа білім арналарын қалыптастыра бастаған игі қадамы күннен күнге өрістеп келеді. Оқытуды жаңа жүйеге көшірудің өмірлік қажеттілігі мен талаптарын ғылыми деңгейде танып, қоғамымыздың сан салалы деңгейінен үйлесімді орнын қалау үшін білім беруді ұйымдастырушы басты тұлға – мұғалімнің кәсіби шеберлігін алдыңғы орынға қою қажеттілігі туындап отыр [2].
Педагогикалық істегі шеберлік әрдайым кең мәдени ой-өріспен жалпы эрудицияға байланысты болмақ, әрі іждағатты мұғалім әрбір оқушыдан өзінің түр-тұрпатын, тілек –талаптары бар жеке адамды көреді.
Педагогикада кәсіби қызметінің сапасын анықтайтын бір тұтас әрі жүйелі түсінік «педогогикалық шеберлік» болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде «шеберлік» белгілі бір саладағы өнер деп анықтама берілген, ал шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып оның кәсіби қызметтік және тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет.
Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгерумен шеберлікке қол жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде кәсіби қызметінен көре аламыз ба? Жоқ себебі, педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әкімшілік пен тәрбиелікті обьективті заңдар туралы сөз болып отырғанын, яғни бір адамның педагогтың өмірге көзқарасы, қарым-қатынасы туралы екенін түсіну маңызды.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педогогикалық шеберлік мәселесі туралы И.Л. Подласыйдің пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік – бұл «тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы». Бұл жөнінде ол: «мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім дейді» [3].
Қ. Жарықбаев бұл түсінікке нақты анықтама бермейді. Дегенмен ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тәнті ететін, өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол: идеалдар мен қағидалардың, көзқарас пен талғамның, симпатия мен антипатияның, моральдық – әдептілік қағидаларының педагогтың сөзі мен ісіндегі гормональды тұтастығы міне, осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады» дейді. Сондай-ақ ауызбіршілік тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі ретінде өте маңызды әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой-санасын онсыз елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады [4].
З. Әбілова педогогикалық шеберлік – мұғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі деп есептейді. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық. Бұл өнердің басты атрибуты –өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді [5].
С. Қалиев тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәнін төмендегіше ашады: «педогогикалық шеберліктің негізі бала тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады» дейді. Одан әрі шеберлікті құрайтын құрамдас бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке берген анықтамасын дамыта түседі. Сезім мен техниканың өзара әрекеті педагогтың жеке тұлғаға немес ұжымға жаппай эмоциональды образды ықпал жасауына әкелетінін айтады [6].
Кезінде педагог-ғалымдар С. Әбенбаевтің бастамасымен “Мұғалім” бағдарламасы жасалған болатын. Онда үш негізгі аспектіге назар аударылған – мазмұндық, даралық және процессуалдық. Кәсіби даярлаудың бұл үрдісінде маман өз міндеттеріне сәйкес тапсырмаларды шеше білуі тиіс. Сондай-ақ, алған білімдерін кәсіби қызметінде қолданып, дара тұлғалық қасиеттерін танытуы, білім мен біліктерінің түпкі нәтижесін көруі тиіс. Кәсіби даярлықтың осы үш аспектісін өзара байланыстыра бірлікке жеткен мұғалімнің білік-дағдысы өте жоғары болады. Бірақ, өмір көрсетіп отырғандай, әзірге ондай мұғалім жоққа тән. Осыған байланысты, ғалымдар мұғалімдер даярлау мәселесіне айрықша назар аударып отыр [7]. Бұған дәлел – ондаған ғылыми жұмыстардың (диссертациялар мен монографиялар) кәсіптік-педагогикалық іс-әрекеттердің модельдерін жасауға арналуы. Қолдағы деректерге сүйенсек, мұғалімге 200-ден астам жұмыс түрлерін орындауға тура келеді екен. Олар мектеп өміріндегі сан алуан шараларға қатыса отырып, әртүрлі адамдармен қарым-қатынасқа түседі және сонымен бірге көптеген педагогикалық құбылыстар мен жағдаяттарға тап болады. Ол жағдаяттар әр қилы болуы мүмкін: стандартты, типті, жанжалды және күтпеген. Міне, шеберліктің құдіреті – осындай тұтасқан үйлесімде.
И.Н. Баженова қалың оқырман қауымына арналған публистикалық басылымында: «мен шеберліктің формуласын қайта-қайта айта беруге дайынмын, оның мәні: технология, қарым-қатынас, тұлға сияқты үштікте» дейді. Шеберлік істейтін ісіміздің материалдық жағында болуы керек, мен технология деп атап отырған бұл технологияны кешіктірмей іске асырсақ, соның арқасында қарыс-қатынас жасалады. Ал бұл қарым-қатынас мені және мен қатысатын балаларды қалыптастырады деген екен [8]. Педагогикалық шеберлік – бұл педагогтың кәсіби іс-әрекетінің ең жоғарғы деңгейі. Оның сыртқы бейнесін мұғалімнің түрлі педагогикалық міндеттерді дұрыс, шығармашылықпен шешуінен, оқу-тәрбие жұмысының мақсатына жетуде тиімді әдіс-тәсілдерді орынды қолдануынан көруге болады. Ал педагогикалық шеберліктің ішкі мәні – бұл педагогикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін тұлғаның білімі, іскерлігі, дағдысы, психикалық процестері және жеке қасиеттері.
Педагогикалық шеберліктің мәні «Педагогикалық энциклопедияда» былайша түсіндіріледі: «...бұл балаларды жақсы көретін және өз жұмысына бейімділігі бар педагогтардың қолы жетерлік әрдайым жетілдіруді қажет ететін жоғары дәржелі өнері. Өз ісінің шебері бола алатын педагог – бұл өз пәнін терең меңгерген, ғылымның нақты салаларынан және өнерден хабары бар, оқыту және тәрбиелеу әдістемесін толық деңгейде білетін, жалпы және, әсіресе, балалар психологиясын түсінетін жоғары дәрежелі маман. Осы анықтаманың мағынасына үңілетін болсақ, мынаны көруге болады:
-
«педагогикалық шеберлік» ұғымының мазмұнына мыналар енеді:
-жалпы жоғары деңгейлі мәдениет, эрудиция;
-өз пәні бойынша кең ауқымды және терең білім;
-педагогикадан, жалпы, жас және педагогикалық психологиядан білімінің болуы;
-оларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану білу іскерлігі;
-оқыту мен тәрбиелеудің әдістемесін толық меңгеруі.
-
педагогикалық шеберлікті педагогтың бойында тәрбиелеуге болады, шеберлікке педагог боламын деген әрбір адамның қолы жетеді.
В.А.Сластенин педагогикалық шеберлікті тұлғаның кәсіптік бағытталуының жоғары формасы деп белгілейді. Ал кез-келген іс-әрекетте, оның пікірінше, шеберліктің көрсеткіші – бұл іс-әрекетте қажет болатын арнайы іскерліктер мен дағдыны меңгеру [9].
Педагогикалық шеберліктің құрылымында өзара байланысқан элементтерді көрсетуге болады: гуманистік бағыттылық, кәсіптік білім, педагогикалық қабілеттер, педагогикалық техника. Аталған элементтер педагогикалық шеберлік жүйесінде өзара тығыз байланысты, оларға өз бетімен даму тән. Педагогикалық шеберліктің өз бетімен дамуының негізі – білім мен тұлғаның бағытталуы; оның нәтижелілігінің маңызды шарты – қабілеттер; тұтастықты қамтамасыз ететін құрал – педагогикалық техника аясындағы іскерліктер.
Кәсіптік білім – бұл педагогикалық шеберліктің негізгі іргетасы. Кәсіптік білімнің мазмұнына пән бойынша ғылыми және практикалық білім, оның әдістемесі, педагогикалық және психологиялық білім енеді.
Педагогтың жас, педагогикалық, жалпы психология және педагогикадан жинақтаған білімі жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеудің теориялық және практикалық сипаттағы күрделі мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешуге мүмкіндік береді, педагогты мектепте білім, іскерлік, дағдыны меңгерту үрдісінің заңдылықтарымен қаруландырады, оқу-тәрбие үрдісін әрі қарай жетілдіру үшін қажетті әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Психологиялық-педагогикалық эрудиция әрекетті, фактіні немесе құбылысты дәл психологиялық талдау негізінде ықпал жасаудың дұрыс таңдалуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық қабілеттер – арнайы қабілеттер, педагогикалық шеберліктің меңгерілуі қабілеттерге бағынышты. Психологиялық-педагогикалық әдебиетте педагогикалық қабілеттердің мына түрлері белгіленген:
-
дидактикалық – бұл оқушыларға материалды қол жетерлік деңгейде, қызықты, айқын және нақты түрде ұсыну іскерлігі. Дидактикалық қабілеттерге ие педагог оқушылардың ой белсенділігін арттырады, оқу-тәрбие үрдісіне тек ақлды ғана емес, сонымен қатар сезімге де әсер ететін жаңа, соны нәрселерді енгізуге дайын;
-
ұйымдастырушылық қабілеттер оқушылардың түрлі іс-әрекетін ұйымдастыруға, ұжымды қалыптастыруға бағытталған.сонымен қатар, олар педагогтың өзінің әрекетін дұрыс ұйымдастыруды да қамтамасыз етеді. Ол педагогтың дәлдік, ұқыптылық, тәртіптілік, жауапкершілік сынды 22 қасиеттерімен қамтамасыз етіледі;
-
коммуникативті – бұлар оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қабілеттер;
-
перцептивті – бұл баланың ішкі дүниесіне ену іскерлігі. Баланың психикалық күйін анықтауға бағытталған;
-
суггестивті – бұл сендіру және иландыру қабілеті. Олар педагогтың беделімен, еріктік қасиеттерімен байланысты;
-
ғылыми-танымдық (академиялық) – ғылымның белгілі бір саласы бойынша ақпаратты, білімді меңгеру қабілеті.
-
эмоциональдық тұрақтылық және болжамдық қабілеттер.
Мектептегі оқу-тәрбие үрдісі өте күрделі, көпқырлы, өзгермелі құбылыс. Педагогикалық іс-әрекеттің өнермен ұқсастығы ежелден мәлім. Өнердің дарындылық пен шеберліктің туындысы екендігі де баршаға белгілі, ал шеберлік бірнеше ұрпақтың дәстүрлерін жинақтаған мектепте қалыптасады. Мектеп оқушының табиғи нышандарын дамытады, оған қажетті білім, іскерлік және дағдымен қаруландырады, дарындылығын ұйымдастырады, оқушының кез-келген берілген шығармашылық тапсырманы орындауға дайындығын қамтамасыз етеді.
Айта кететін жайт, педагогикалық өнер театр өнерімен көп ұқсас болып келеді. Педагогиканы бір актердың театры деп те атайды. Міне, сондықтан, педагогикалық шеберлік үш өзара байланысқан бөлікпен белгіленеді: педагогикалық теория, педагогикалық техника және сабақта жұмыстану әдісі және оны ұйымдастыру, өткізу.
Теорияны оқып білуге болатын болса, педагогикалық техника мен әдісті меңгеру қажет. Ал меңгеру үрдісі белгілі бір пратикалық дағдыларды қажет етеді. Бұған қол жеткізу үшін өте ұзақ және жүйелі жаттығу жүргізу керек.
Бүгінгі күні мұғалім болу өте оңай нәрсе деп ойлайтын адамдар баршылық. Бұл үшін арнайы педагогикалық оқу орнында оқу да қажет емес деп санайтындар да бар. Әдетте былай ойлайды: мұғалім болу оңай, әсіресе, тарих, география, әдебиет пәндерінің мұғалімдері болу...Оқулық бойынша материалдың белгілі бір көлемін жаттап алып, сыныпқа балаларға бар да әңгімелеп бер. Бұндай адасушылықты өз уақытында К.Д.Ушинский сынға алған [10].
Шынымен де, кімде-кімнің еске сақтау қабілеті жоғары болса, оқулықтың бірнеше бетін жаттап ала алады. Мүмкін, оның мазмұнын да жақсылап айтып бере алар. Әрбір педагог оқушыларға ғылымның заңдылықтарын қол жетерлік деңгейде түсіндіре алады ма? Дамыта оқытуды жүзеге асыра алады ма? Оқу-тәрбие үрдісін ғылымилық ұстанымы негізінде ұйымдастыра алады ма? Тек арнайы білімге ие педагог қана бұл міндеттерді шешуі мүмкін.
Педагогикалық шеберлікке қол жеткізудің алғашқы шарты ғылым мен білімнің әдіснамасын білу және соның негізінде арнайы және психологиялық-педагогикалық пәндерді меңгеру болып табылады. Болашақ педагог жоғары оқу орнында оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ кәсіби бағытталуды қалыптастыру үшін жұмыстанып, өзін оқыту-тәрбиелеу үрдісімен айналысуға жан-жақты әзірлеу керек.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік:
1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі;
2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі;
3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.
Шебер-педагог – бұл нәзік те ойлы мұғалім, жақсы тәрбиеші, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың соңғы әдістерін меңгерген адам. Мұғалім шеберлігіне жету өте қиын. Оған студенттік шақта қол жеткізу мүмкін емес. Педагогикалық шеберлік жүйелері педагогикалық бағыттылықты, бейімділікті, білімділікті, іскерлікті білдіретін процесс.
Педагогикалық шеберлік өлшемі.
- Педагогикалық мақсаттылық, бағыттылық.
- Тәрбие беру, білім беру ісінің нәтижелігі.
- Әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімдік.
- Іс әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.
Жоғарыда көрсетілген әрбір шеберлік жүйелерінің өз дамуының белгілі өлшемі, даму деңгейі болады. Жоғарғы оқу орындарының міндеті студенттерге алғашқы мамандық деңгейін меңгерту қажет. Яғни кәсіптік мамандық беруде: кәсіптік бағыттылықты, кәсіптік білімді, бейімділікті, іскерлік техниканы жетілдіру керек. Одан кейін ол тәжірибеде шыңдалып өзінің жоғарғы деңгейіне бірте-бірте жетуге тиіс. Өз заманында А.С.Макаренко педагогикалық кәсіптік шеберлік деңгейі қазірге дейін әлі жоғары дәрежеге жете қойған жоқ деген болатын [11]. Әлеуметтік қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейі де дамуға тиіс.
Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттері -педагогикалық білім білгірлігі, педагогикалық кәсіпке бейімдігі, ситуацияларды меңгеру, балалардың психологиялық жағдайын меңгеру болып табылады.
Педагогикалық міндеттер педагогикалық шеберліктің ең түйінді мәселесі, өйткені педагогикалық міндеттер, педагогикалық ситуацияны ойлау, оны жаңа жағдайға келтіріп шешу. Мысалы, сабақ басталды, оқушылар сабаққа отырды. Одан кейін бір оқушы кешігіп келді, - ол ситуация; мұғалім үйге берген тапсырманы тексеріп еді, екі оқушы тапсырманы орындамаған - ол ситуация; Сабақ үстінде оқушылар жазған қағазын лақтырып отырды - ол ситуация. Бұл ситуацияны бағдарлаған мұғалім өз алдына міндеттер қояды. Ол балаларды саналы әрекетке тарту, сөйтіп қатынасты педагогикалық мақсатқа жақындастыру. Сөйтіп мұғалімнің шеберлігі, проблеманы түсіну, ситуацияны анализдеу, оны дұрыс шешуден басталады. Мұғалімге мына қасиеттер өте қажет:
А) Жоғары деңгей мәнділік, сенім, түсінушілік, төзімділік, қайырымдылық, тілектілік, адамгершілік, шыншылдық.
Б) Мінезінің табандылығы және батылдығы өзіне сенушілігі, жігерлігі қайсарлығы.
В) Эмоциялық өмірінің алуан түрлі болуы (жақсы эмоциялық, оптимистік көңіл-күй )
Г) Барлық психикалық қасиеттерін: жоғары деңгейде дамуы, қабілет, қиял, ес.
Негізінен әр мамандық білімдері үш компоненттерден тұрады:
-
Тұлғаның және балалар ұжымның даму ерекшеліктері туралы білім.
-
Психологиялық, педагогикалық білімдер.
-
Жалпы білімдер (адамның тұрмыс тіршілігінің әр саласына қатысты білімдер).
Мұғалімнің педагогикалық қабілетіне жататындар:
-
Дидактикалық:
-
Перцептивтік;
-
Педагогикалық сезгіштік (интуиция);
-
Сугестивтік (сендіру қабілеті);
-
Коммуникативтік;
-
Жобалаушылық;
-
Креативтік;
-
Ғылыми танымдық;
Әр маманның іс-әрекетінің мақсаты болуы керек. Ол дегеніміз жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу және жарасымды етіп тәрбиелеу. Жан-жақты тәрбиелеу және жарасымды етіп тәрбиелеу, оқу-тәбиелеу жұмысын комплексті түрде жүзеге асыруда қажет етеді.
Мұғалімге қойылатын талаптар:
|
- адамзаттық, әлеуметтік |
- дамыған интеллек; |
|
белсенділік |
- оқушылармен, ата-аналармен |
|
- адамгершілік мәдениет; |
қарым-қатынасы; |
|
- жоғары деңгейдегі іскерлік; |
- өзіндік позициясы; |
|
- шығармашылық жаңашылдық |
- педагогикалық тактісі; |
|
әрекет; |
- ғылыми және көркемдік |
|
- педагогикалық ұстанымдылық; |
көзқарасы; |
|
- сөйлеу мәдениеті; |
- қабілеті мен педагогикалық |
|
- өзін-өзі дамыту қажеттілігі; |
шеберлігі; |
|
- сөйлеу мәдениеті; |
|
Әрбір мұғалім өзіндік қасиеттер мен сапалар жиынтығының иесі болғандықтан, жұмыс барысында өзіне ғана тән ерекше стиль қалыптастырады.
Ол сол бір қайталанбас ерекшеліктерді білгенде ғана өзінің ерекше қасиетін танытуына болады. Ол үшін әр мұғалім өзінің кәсіби бағыттылығын бағалау ретінде диагностикалық карта толтыру арқылы өзін-өзі бағалауы шарт.
Кесте 1. Мұғалімнің диагностикалық картасы
|
Р/с |
Шарттары |
өзін-өзі бағалау |
||
|
өте жақсы |
Жақсы |
орта |
||
|
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. |
Тіл байлығы Сөйлеуі Сөйлеу әдебінің меңгерілуі Сабақтың мақсатын қоя білуі Оқу материалын таңдауы Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері Сабақтың типтілігін меңгеруі Оқушылармен қарым-қатынасы Оқытудың түрлері (жеке топтық) Оқушы білім дағдысын ескеруі Техникалық құрал-жабдықты пайдалануы Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруы. |
|
|
|
Мұғалім жұмысының моделін диагностика нәтижесінде түзелген мақсатқа сәйкес анықтау керек. Педагогикалық шеберлік оқытушының педагогикалық мәдениетінің маңызды жағы болып табылады. Шеберлік – күрделі де, қажырлы іс, сондықтан оның табиғатын, мәнін, мазмұнын белгілеген жөн. Шеберліктің қандайда болмасын бір салада жоғары өнер екені баршаға мәлім.
Педагогикалық шеберлік деп балаларды жақсы көретін, жұмысына бейімделген, әр педагогтың қолы жете алатын, жоғары және үнемі жетілдірілетін тәрбие мен білім беру өнерін айтады.
«Педагогикалық шеберлік» ұғымы – көпжакты, көпқырлы. Педагогикалық қызметтің көпжақтылығы жеке алынған қабілеттілікпен анықталуы мүмкін емес. Педагог тұлғасы әртүрлі қабілеттер арсеналымен қарулануы табысты еңбек етудің шарты. Сондықтан педагогикалық шеберлік белгілі шамада осы қасиеттермен қабілеттерге байланысты болады.
Педагогикалық қызмет әртүрлі бағытта жүргізіледі: білім беру, тәрбиелеу, студенттер қызметін басқару — бұлардың әрқайсысында оқытушының педагогикалық шеберлігі көрініс беруі мүмкін. Оның негізгі ірге тасы ретінде: оқытушының білімінің мазмұны; кәсіби қызметінің тәжірибесі; кәсіби-педагогикалық қызметінде тұлғалық қасиеттерінің көрінісі, яғни тәрбиенің ішкі моделі. Педагогикалық шеберліктің логикалық формуласы жуықтан былайша көрсетілуі мүмкін: «білім – тәжірибе – тұлға».
Педагогикалық шеберлікте білім және сезгіштіктің (интуиция) құймасы, нақты ғылыми беделді жетекшіліктін нәтижесінде тәрбиелеудің қиындықтарынан аса алатын, бала рухын сезетін қабілетке ие, бала тұлғасына құнтты, үнемшіл және ұяң қатынасатын, даналық және творчестволық қиялы мен фантазиясын ғылыми талдай алатын деген анықтама беруге болады.
Педагогикалық шеберлік кәсіби қызметті жоғары денгейде ұйымдасуын қамтамасыз ететін тұлғаның қасиеттерінің кешені деп ұғуға болады.
Педагогикалық шеберлік оқытушы тұлғасының жоғары деңгейдегі психологиялық-педагогикалық дайындығы бар, педагогикалық мәселелерді оптималды шеше алатын белгілі қасиеттер жиынтығы деудің жөні бар.
Педагогикалық мәселелер дегенімізде, бұл жерде жоспарланбаған жағдайларда мұғалімнің белгілі бір ой түюін, оны іске асыруға шешім қабылдауы деп түсінуіміз қажет. Бұл шешімнің тиімділігі, осы жағдайға қолайлы, оптималды және мұғалім педагогикалық мәселенің шешілгенге дейін ғана мәселе емес ретінде қалатынын сезінуі, ал шешілген соң, ол оқушыларды педагогқа қазіргі жағдайға қажетті күйге, яғни оқушылардың көңілін аударуға, олардың танымдық белсенділігін арттыруға және т.б. байланысты болады.
Педагогикалық шеберлік педагогикалық процесті басқаруды қамтамасыз ететіндіктен, оны педагогикалық процестің технологиялығының логикасымен көбейтіндісі, әдістерді меңгерудің белгілі бір деңгейі, тәрбиелеу мен білім берудің құралдары және формасы деп қарастыруға болады. Педагогтың шеберлігі ұйымдастырушының насихаттаушы, тәлімгерлік сияқты негізгі функцияларын іске асыруда байқалады. Педагогикалық шеберлік табысқа жеткізетін, әр қайсысы педагог өнерін, көтеретін мақсаттар жиынтығы ретінде де қарастырылуы мүмкін: олар – педагогикалық қатынастың стилі, сөйлеу мәдениеті, шешендік (ораторлық) өнер, оқытушы имиджі, оның интеллектуалдық (зерделілік) эрудициясы, стреске төзімділігі және т.б.
Педагогикалық шеберлік өзін мақсаттармен оны орындау құралдары және педагогикалық қызметтің нәтижесі арасындағы оптималды қатынастарды дереу талдай білу жене қимылдарын анықтауымен көрінеді.
Педагогикалық шеберліктің қалыптасуы бірнеше сатыдан өтеді.
1. Кәсіби «Мен концепция» мен қандай педагогпын? Деген сұрақтың жауабын шешу.
2. Мен не үшін және не істеп отырмын? Сұрағына жауап беру қызмет сатысы. Мұғалім түрлі технологиялар іздестіруде, түрлі әдістермен шешу жолдарын үйренуде, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені, ғылыми-педагогикалық әдебиетті, әдістемелік ұсыныстарды, өзінің кәсібилігін көтеру жолдарын іздестіреді.
3. Жалғыз педагогикалық шығармашылық. Бұнда педагог өз ойын күшін оқушылармен педагогикалық әрекеттесуге жұмсайды. Оның барлық әдістемелік ізденістері, студенттермен оқытушының мүддесіне бағытталып, ол өзін түсінуін және оқушылардың оны қабылдауы үшін орындалады.
Педагогикалық шеберлік элементтері. Педагогикалық шеберлік элементтеріне жататындар:
1. Гумандық (адамгершілік, мейірімділік) бағыт – жүйе-түзуші компонент ретінде; педагогикалық қызмет мақсаттарын іске асыруда мұғалімнің құндылықтарға бағытталуы гуманистикалық стратегия негізінде көрініс береді.
2. Кәсіби білімі педагогикалық шеберліктің іргетасы рөлін атқара отырып, оған тереңдік, негізділік, мағыналық береді. Оның рөлін мойындамау қолөнершілікке, қарапайымдылыққа, ал керісінше, психологиялық-педагогикалық эрудиция, табысқа жетуге, мұғалімнің сыныпта оқушылармен қарым-қатынаста қажетті нәтиже алуына мүмкіндік береді.
3. Педагогикалық техника – педагогикалық қызметті тиімді орындау үшін білімі мен қабілеттілігін және педагогикалық барлық құралдардың әсерлесуімен қарым-қатынастарға сүйене отырып жүргізу.Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін меңгеру дәрежесін анықтауда педагогикалық шеберліктің тиімділік көрсеткіштері көмектеседі. Олар:
-
Оқушылардың оқу қызметінің сапалық және мөлшерлік сипаттамасын жақсарту;
-
нақты оқу мақсатына жету үшін қажетті уақытты азайту;
-
оқушылардың алған білімдерін, шеберлігін, ебін бекіту;
-
оқыту қызметін жеңілдету;
-
оқыту процесімен, мұғаліммен оқушылардың қанағаттанушылығы;
-
оқытуға қатынасы.
Педагогикалық шеберліктің көп жобалылығы, оның критерийлерін анықтауды қажет етеді. Олардың әрқайсысы педагогикалық қызметтің, процестің субъектілері арасындағы байланыс сипатымен педагогтың оқыту қызметіндегі негізгі жақтарын көрсетеді.
1. Педагогтың педагогикалық процестің мазмұны мен дидактикасын меңгеруінің көрінісі:
-
мазмұдағы ғылымилықтың мүмкіндігі мен дамытушылық және тәрбиеленушілік сипаты;
-
оқу материалын түсіндіруде оны беру құралдарының әртүрлігінде пән ішілік және пән аралық байланыстарды қалыптастыру;
-
оқушыларды мазмұнды білім жүйесін меңгеруде шеберлік пен дағдыны қалыптастыруға бағыттау;
-
оқу материалын оптималды мазмұндағысын таңдап алуда негізгі және қосымшаларды бөлу;
-
жаңа материалдық алдында оқытылғандармен байланыста өту және оларды актуалдандыру.
2. Оқу процесінде кәсіби-педагогикалық қызметті ұйымдастыру мен іске асыру оқытушының үйрету қызметінін барлық түрлерін әртүрлі үйлесімде (тіркесуде), сонымен бірге конструктивті гностикалық, ұйымдастырушылық және коммуникативті қабілетте көрініс береді. Оқытушыға оптималды формаларды тәсілдер мен әдістерді, оқыту құрал-жабдықтарын, таңдап алуға, жаңа мақсаттарға сай өз қызметін қайта құру, озық тәжірибеге шығармашылықпен қатынасу, қызметте даралық стиль көрсету, өз жұмысын ғылыми тұрғыда ұйымдастыру, оқушыларға педагогикалық такті байқату.
3. Мұғалімдердің қызмерінде оқушылардың ұйымдастыруы оның шеберлігінің критерийі:
-
оқыту мақсаты мен міндетін нақты түрде көрсетіп, оқушының санасына жеткізе білу, мүмкіндіктерге қарай әдіс-тәсілдерді таңдай білу, оқу материалын меңгерудегі қиындықтарды жеңуге оқушылардың дидактикалық дайындығы;
-
оқушылардың оқу қызметін және оқу процесін даралық негізінде жасауда, олардың өзіндік танымдық қызметінің аудиториялық және аудиториядан тыс қызметте қалыптасуы.
4. Оқушы тұлғасын ынталандыру және мотивациялауын оқытушының төмендегілерден көрінеді: педагогикалық талап қою арқылы мадақтау, жазаландыру, қоғамдық пікірді қалыптастыру, оқудың тұрақты мотивін қалыптастыру, оқушы тұлғасының оң қасиеттеріне сүйену, оқытуда жайлы (комфорт) шарттар жасау, оқу еңбегіне шығармашылық қатынасты тәрбиелеу, студенттерді оқытуда кәсіби бағыттарды қалыптастыруда көрінеді.
5. Құрылымдық-композициялық оқу процесін құру мәнері: тәрбиелеу міндетін кешенді шеше білу, оқыту және даму, «педагог – оқушы – мазмұн» формуласындағы негізгі компоненттердің байланысын қарым-қатынаста мақсатты бағыттау; мақсатқа қажетті педагогикалық коммуникацияларды таңдау; оқу процесінің ақпараттылығын жоғарылату, студенттердің өздігінен жұмыс істеуіне бағыттау.
6. Жоғарыда қарастырылған критерийлердің барлығы педагогтың шеберлігінің функционалдық көрсеткіші болып табылады. Бұдан басқа, педагогпен оқушы қызметінің нәтижесімен байланысы толықтырылған тұлғалық-нәтижелік көрсеткіш бар. Оған: табысты оқыту, оқушылардың оқу, тәрбие және даму мәселелерін кешенді шешуі; оқытушының кәсіби-педагогикалық және әлеуметтік мәні.
7. Сонымен, педагогикалық шеберлік оқытушының кәсіби қызметін табысты орындауы үшін педагогтың кәсіби-тұлғалық қасиеттерінің оның қабілеті мен дағдысының динамикалық даму процесі жиынтығы деп қарастыруға болады.
Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін – мұғалім. Ендеше, біздер, мұғалімдер көп оқуымыз керек. Ең бастысы рухани тоқыраудан сақтануымыз керек. Өйткені, елдің ертеңгі тірегі – кейінгі толқын жастар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Жас ұрпақты рухани интеллектуалды тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әрбір педагогтың алдында үлкен жауапкершілік тұр.
-
Педагогикалық техника-педагог шеберлігінің элементі ретінде
Қай заманда, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақтың тәрбиесіне зор мән берген. Қазіргі қарыштап дамыған елде, ең алдымен, ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріліп отырғаны белгілі. Себебі ұлттың бүгіні де, болашағы да өскелең ұрпаққа байланысты. Осы тұста мектептің алдына қоятын басты мәселелерінің бірі– өркениетті, азаматтық– адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ рухани құндылығын жоғалтпаған, бәсекеге түсе алатын биік, өнерлі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі қарым-қатынаста болуымен және рухани араласуымен сипатталады. Сол себепті мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы оның интеллектуалдық мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы ұстаздық қызметті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды. Баланың тұңғыш ұстазы-оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін мұғалімі. Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен жүзеге асырылатыны айқын. Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы түсініктен абстрактылы ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан мұғалімнің алдындағы басты міндет - оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген мағынада оқушының бойына шынайы білім, білік, дағдыларын дарытып, зердесіне ғылыми негіздерін тоқыта алған, үйренген нәрселерін өмірде, іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыра алған сөйлеген сөзі, істеген ісі, парасат пайымы, инабаты, білімінің тереңдігі мен жан- жақтылығы арқылы шәкірттеріне ең беделді үлгі бола алған адам ұстазға саналады. Екінші сөзбен айтқанда, ұстаз- адамдардың өмірге көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, айналасына білім, тәрбие нұрын шашып, адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер, ойшыл тұлға. Ол жеке адамдардың өмірінің дұрыс бағытта дамып, көркеюіне із қалдыратын өмір тәжірибесі мол дана адам болып табылады. Сондықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары ұстаздық шеберлік, шыныққандық, моральдық таза, табанды, ерік жігерлі, парасатты мінез-құлық талап етіледі. Мұғалім - мәдениеттің қайнар көзі, жастарды қалыптастыратын мүсінші, адамтану мамандығының иесі.
Мұғалімдік қызметтің басқа мамандықтан ерекшелігі оның сауаттылығында, көрегендігінде және баланы сауаттандырып, Отанын, ұлтын сүюге тәрбиелеуде. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы - ең алдымен оның жұмысында да, үйде де білімін ұлғайтып, тереңдетуге айырықша қабілетті болуы талап етіледі. Ғылыми материалмен жұмыс істей отырып, мұғалім әрдайым оны педагогикалық ой елегінен өткізуге тырысып, оқушылардың өз пәніне деген ынта-ықыласын қалай туғызып, тереңдету жағын ойлайды.
Мұғалім мамандығы тек әлеуметтік тәжірибені алмастырушы ғана мамандық емес, ол тұлға қалыптастырушы, адамды адам ретінде тәрбиелейтін мамандық. Сондықтан мұғалім тұлғасында мынадай қасиеттер болуы керек: - жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік белсенділік; - балаға деген сүйіспеншілік, оларға өз жүрек жылуын сыйлауға деген қажеттілігі мен қабілетінің болуы; - шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс жасауға деген ұмтылысының және іскерлігінің болуы; - жоғары кәсіби шеберлік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стилі, жаңа құндылықтар тудыруға және шығармашылық шешімдер қабылдауға дайындық; - үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілігі мен дайындығының болуы; - психикалық және физикалық денсаулығы, кәсіби жұмыс жасауға қабілеттілігі және т.б.
Мұғалім мамандығы шығармашылық сипатқа ие мамандықтардың бірі. Мұғалім үнемі ізденіс, шығармашылық үстінде болуы тиіс. Шығармашылық педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырылуы мен оның мазмұнын тиімді құрастыруға ықпал етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық міндеттерді тиімді шешуіне мүмкіндік жасайды.
Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір түрі - педагогикалық техника. Педагогикалық техника дегеніміз - педагогтық іс-әрекетті ұйымдастыра білу іскерлігі.
Педагогикалық техникалық іскерлік - осы салада білудің екі түрін құрады. Бірінішісі, педагогтың өзін-өзі басқара білуі; екіншісі - педагогтық міндетті жүзеге асыру үшін өзара әсер ете білуді меңгеру.
Біріншісі бойынша - педагог өз денесін, эмоциялық сезім дүниесін, сөйлеу техникасын меңгеріп басқара білу.
Екіншісі бойынша - педагогтың дидактикалык. өзін-өзі ұйымдастыра білу, өзара үйлесімділік жүзеге асыру. Біз жоғарыда атап көрсеткен педагогикалық шеберлік жүйелері оның функцияларын атап көрсете отырып, мынадай қортындыға келеміз:
Педагогикалық техника – оқушыларға, ұжымға педагогикалық ықпал жасаудың әдістер жүйесін тиімді қолдануға қажетті іскерліктер мен дағдылар жиынтығы: тәрбиеленушілермен дұрыс қарым-қатынас стилін таңдау іскерлігі, олардың назарын аударту, басқару және т.б. іскерліктер.
Педагогикалық техниканың негіздерін меңгеру – қарым-қатынас технологиясын меңгерудің қажетті шарты. А.С.Макаренконың айтуынша, «Мен «мында кел» сөйлемін 15-20 түрлі дауыс реңімен айтуды, бет-әлпет, дене тұрпаты, дауыс көмегімен 20 түрлі ақпаратты беруді үйренген шақта ғана шебер атандым» дейді.
Педагогикалық техниканың құрылымы: сөйлеу шеберлігі, мимика және пантомимика мәнерлілігі, өзінің психикалық күйін және эмоционалдық-шығармашылық күйін басқару іскерлігі, актерлік-режиссерлік қасиеттер.
Педагогикалық қызметті тиімді орындау үшін қазіргі педагогке педагогикалық қызметтің құрылымын, оның негізгі компоненттерін, педагогикалық іс-қимылды және кәсіби маңызды іскерліктер мен психологиялық сапаларды ұғыну қажет.
«Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын – жазушылырда, әртістерде, өнер адамдарда кездеседі. Ал, «мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» - деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талант болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады. Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты.
Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек. Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.
Педагогикалық техникаға үш топты іскерліктер енеді:
1. Оқу-тәрбие процесін, тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыру.
2. Әр түрлі іс-әрекет процесінде оқушылармен өзара әрекеттестікке түсу, оларды қадағалау, басқару.
3. Өзін-өзі басқару - өзінің эмоциялық күйін, денесін, сөйлеуін, яғни мінез- құлқын басқару.
Педагогикалық техниканың компоненттері:
Өзін-өзі меңгеру - түрлі жағдайда өзінің эмоциясын, тәртібін басқара білуі, шамадан тыс кетпеуіне байланысты әрекеті. Өзін-өзі меңгеру тәсілдері - қызметте өзін босаң ұстау, релаксация, ауто- тренинг жасай білу, өзін басқаларға жақсылық жасауға дайын болуға тәрбиелеу, ісіне оптимизммен қарау (еңбектерапиясы, музыкатерапиясы, кітаптерапиясы, имитациялық ойын т.б.).
Мимика - бет қимылы арқылы өзінің ойын, сезімін, көңіл күйін көрсете білу. Мимиканың шешуші деталі көз және қабақ.
Пантомимика - дененің, қолдың қимылы, жүріс-тұрыстың, жесттердің сырттай көрініс алуы. Назары – белгілі затқа, бейнеге, пікірге бір уақыт мөлшерінде ықылас қою, оның екі түрі бар: ерікті, еріксіз. Назары, зейіні дамыған мұғалім бір уақытта сыныптағы оқушылар немен айналысып отырғандарын аңғара алады. Дамыған педагогикалық зейін - бір уақытта көп объектілерді, тұрақты және жедел көңіл қойып ұстай білу.
Мұғалімнің имиджі - киінуі, гримі, прическасы.
Мұғалімнің сөзі – сөз арқылы мұғалімнің өзінің тұлғалық сапалары көрініс беріп, объектілердің, құбылыстардың, қатынастың мәні ашылып, оқушының тұлғалық қасиеттерінің дамуына мүмкіндік туады.
Педагогикалық іскерліктер оқытушының кәсіби позициясының қалып- тасуына, педагогикалық техниканың жетілуіне көмектеседі, мақсатқа сай нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық техникаға қатысты іскерліктер:
- өзін-өзі басқару,бақылау;
- денесін меңгеру;
- эмоциясын меңгеру, әрдайым жақсы көңіл-күйде бола білу;
- әлеуметтік перцепция (назары, елестете білу қабілеті, басқаларды түсіне, қабылдай білу қабілеті).
- сөйлеу техникасы (дем алуы, дауысы, дикциясы, темпі, тембрі ).
- дидактикалық іскерлігі;
- ұйымдастырушылық қабілеті;
- коммуникативтік қабілеті;
- баға беру, талап қоя білу қабілеттері;
- мимика, пантомимика, жүрісі, көзқарасы,сыртқы мәдениеті;
- просодика және экстралингвистика: интонация, дауыстың естілуі, тембр, пауза, дем алу, күлкі, жөтел (дауыстың сипаты);
- такесика: қол ұстау, арқадан қағу, сипау;
- проксемика: оқыту кезінде мұғаліммен оқушының арасындағы арақашықтық.
Мұғалім сөз екпінін, мәнерлігін сақтауға тырысуы маңызды. Эстетикалық сезім де педагогикалық шеберліктің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Жай ғана хабарлама түрінде ешбір әсер, сезім тудырмайтын құрғақ оқыту, жалаң сөйлеп, тәрбие жөнінде насихат айту оқу үрдісінде де ешбір нәтиже бермейді. Сондықтан оқытудың, тәрбие берудің әсерлілігін, оқушының сезімін өзіне тарта білетін күшін тудыра білу керек. Зейінді бір мезгілде бірнеше іс-әрекеттерге тарату қабілеті мұғалім жұмысы үшін ерекше мәнге ие. Қабілетті, тәжірибелі мұғалім материалдың мазмұны мен формасын, өз ойының (немесе оқушы ойының) өрісін мұқият бақылайды, сонымен бірге оқушылардың барлығын көз алдында ұстайды, шаршау, назар аудармау, түсінбеу белгілерін, тәртіп бұзуды байқап отырады және де өз мінез-құлқын қадағалап отырады (жүріс-тұрысы, мимикасы және пантомимикасы).
Мұғалім сөйлеу техникасын меңгеру үшін дұрыс дем алуын, дикциясын, сөйлеу шапшаңдығын, дауыс ырғағын, бояуын, құлаққа жағымдылығын жетілдіруге ұмтылуы қажет. Мәнерлі сөйлеу үшін дұрыс дем алудың маңызы зор. Төрт түрлі дем алу түрі белгілі: жоғарғы дем алыс, онда кеуденің жоғарғы жағы, иық көтерілу арқылы дем алу, екінші - кеуде арқылы, яғни, қабырға арасындағы бұлшық еттердің көмегімен, үшінші - диафрагма арқылы, төртінші - диафрагма мен қабырға арасындағы бұлшық еттің қатысуы арқылы дем алу. Ең дұрысы соңғы, төртінші түрі.
Мұғалімнің дауыс ырғағы оқушыларға түрлі әсер етеді. Егер ол өз сөзіне немқұрайлы, қалай болса солай қарайтын болса, оқушылар мұны бірден байқап қалады. Сондықтан, мұғалімнің сөзі түсінікті, құлаққа жағымды, анық, ашық, жағымды әсер ететіндей болуға тиіс. Ол үшін көптеген жаттығулар жүргізу қажет. Педагог үшін дауысты билей білудің маңызы зор. Дауысты мұғалімнің жұмыс аспабы деп атайды, ал бұл аспапты арнайы түрде ұштап отыру керек деген пікірді А.С. Макаренко өзінің «Менің педагогикалық көзқарастарым» деген еңбегінде сөзге тиек еткен. В.А. Сухомлинский оқушыға ықпал ете білу үшін «өзіне оқушының қатынасын қалыптастыру қажет»,- деген [12]. Мұғалім мен оқушының арасындағы дистанция: жеке оқушымен - 45-120см, лауазымды қатынас - 120-400см, аудитория алдындағы 400-750 см дейін арақашықта болуы керек.
Жас мұғалімдерге орынды, мазмұнды, әсерлі сөйлей алу үшін шешендік өнердің төмендегідей жеті қағидасын ескерген жөн :
1. Дүниеде тыңдаушыларының өзі жақсы білетіндерін өздеріне тәптіштеп айтып жатудан жаман нәрсе жоқ. Сенің өзгеге айтатының кісіге білім беретіндей, оның жүрегін қозғайтындай нәрлі болуы керек.
2. Өз сөзін қадірлейтін кісі тыңдаушысын да қадірлейді. Тыңдаушыларды қадір тұта сөйлеген адамның сөзі тартымды болады.
3. Сөйлегенде әрбір сөзің анық, дәл, айқын естілетін болсын. Даусың булығып шығып, бір сыдырғы әуенмен, жігерсіз, баяу сөйлейтін болсаң, айтқаның қанша қызықты болғанымен тыңдаушыларды жалықтырып жібереді, олардың көңілі басқаға ауып кетуі мүмкін. Сөйлеушінің дауысы құбылмалы әрі жайдары болуға тиіс. Құр айғайлап кетудің де керегі жоқ. Сенің даусыңнан әрқашан байсалдылық, сенім, табандылық сезілетін болсын.
4. Сөзің татымды болсын десең, оған аздап болса да бет-әлпет, қолдың қимылын қатыстыр. Бірақ, жөн-жосықсыз қолыңды оңды-солды сермей беру жараспайды. Мұндай жеңілтектік тыңдаушыларды алаңдатып, көңілін басқа нәрсеге аударуға себепкер болады. Ең керегі – байсалдылық, тағы да байсалдылық.
5. Тыңдаушыларға көз қырын салмай, екі көзін қағаздан алмай сөйлейтін кісіні жұрт онша ұнатпайды, біреу жазып берген сөзді оқып, өзгелерді алдап тұрғандай көрінеді.
6. Айтайын деген ойды әбден ығыр болған, үйреншікті сөздермен бастама. Онда сөзің тартымды болмайды, өзгелер ықыласпен тыңдамайды. Ойыңды өз сөзіңмен, әдеби тілге тән сөздермен, әсерлі, қызықты етіп жеткізуге тырыс.
7. Айтқан сөзің қысқа әрі тұжырымды болсын. Аз сөзбен көп нәрсе айтуға тырыс. «Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын» екенін ешқашан мұғалім есінен шығармаса сөйлеу мәдениетін меңгеріп алады.
Педагогикалық техникаға мұғалімнің сыртқы мәдениеті, көзқарасы, оқушыға ықпал ете білуі де жатады. Сыртқы мәдениетке: киінуі, шаш қоюі, дене бітімін ұстай алу, сыртқы келбет, сөйлеу, вербалды емес қарым-қатынас түрлері жатады. Сөйлеу мәдениеті дұрыс, қатесіз сөйлеуге, мәнерлілікке, сөз қорының байлығына, сөздің бейнелілігіне, дикцияға, тембрге тәуелді. Вербалды емес қарым-қатынас мәдениеті мимика, пантомимика, салмақтылық, өзіне сенімділік, аудиториямен контакт жасай алу арқылы қалыптасады.
Сыртқы мәдениет мұғалімнің жасына, фигурасына, модаға, кәсібі қызметке сай қарастырылады. Оқытушы жұмысында маңызды рөл атқарады, өйткені, ұстаз әрқашанда аудитория алдында. А.С. Макаренко мұғалімнің сыртқы мәдениетіне өте зор мән берген. «Мен сыртқы кейпіне баса назар аудардым, сыртқы кейпі адамның өмірінде зор маңыз алады. Лас, салдыр-салақ адам өзінің жүріс-тұрысын қадағалап жүреді деп ойлау қиын». Ол қалай болса солай киінген мұғалімді сабаққа кіргізбей қоятынын ескерткен.
Сыртқы мәдениет оқытушы жұмысында маңызды рөл атқарады, өйткені ұстаз әрқашанда аудитория алдында болғандықтан, оның сыртқы мәдениеті оқушылар үшін үлгі. Сыртқы мәдениетке: сыртқы келбет, сөйлеу, вербалды емес қарым-қатынас түрлері де жатады.
Педагогикалық техниканы меңгеру мұғалімге педагогикалық қызметте өзінің тұлғалық, даралық қасиеттерін көрсетуге, кез келген жағдайда орынды шешім қабылдауға, сөз табуға, өзін жетілдіруге мұмкіндік береді. Педагогикалық іскерліктер оқытушының кәсіби позициясының қалыптасуына, педагогикалық техниканың жетілуіне көмектеседі, мақсатқа сай нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Оқу материалын оқушыларға қол жеткілікті қылу қабілеті және оқу материалын өмірмен байланыстыру қабілеті екеуі бірігіп өзіндік бір дидактикалық қабілеттер тобын құрайды, олар білімдерді неғұрлым қысқа және қызықты формада беру деген неғұрлым жалпы қабілетпен байланыстырылады.
Мұғалімнің оқушыны түсінуі, балаларға деген қызығушылық, жұмыстағы шығармашылық, балаларға қатысты бақылампаздық–бұл адамның рефлексивті-гностикалық қабілеттерімен байланысты қабілеттердің екінші тобы. Балаларға педагогикалық еріктік әсер ету, педагогикалық талап қоюшылық, педагогикалық әдеп, балалар ұжымын ұйымдастыра алу қабілеті – бұл, қазір атап жүргендей, интерактивті –коммуникативтік қабілеттер.
Ал белгілі психолог ғалым В.А. Сластенин қабілеттердің мынадай негізгі топтарын бөліп көрсеткен: ұйымдастырушылық, дидактикалық, перцептивтік, коммуникативтік, зерттеушілік, ғылыми-танымдық, мұғалімнің педагогика, психология, әдістеме салаларындағы жаңа ғылыми білімдерді меңгеруге қабілеттілігіне саяды және гуманизм – бұл мұғалім үшін міндетті сапа, яғни жетіліп келе жатқан адамға жер бетіндегі жоғары құндылық ретінде қарым-қатынасты ол нақты істер мен қылықтарында көрсетеді.
Келтірілген педагогикалық қабілеттер анықтамасынан көрініп отырған- дай, олар өз мазмұнында, біріншіден, көптеген тұлғалық сапаларды қамтиды, екіншіден, белгілі бір әрекеттерде, іскерліктерді ашады. Бұл жерде бірнеше қабілеттер мазмұнына енетін іскерліктер бар, мысалы, дидактикалық қабілет- терге жататын шәкірттердің өз бетінше жұмысын ұйымдастыру іскерлігі, іс жүзінде басқалардың жұмысын ұйымдастыру іскерлігі болып табылады. Ол ұйымдастырушылық қабілетіне кіреді. Перцептивті қабілеттерді ашатын іскер- ліктер, зейінді тарату қабілетіне енетін іскерліктерге өте таяу, т.б., бұл - мұғалімнің белгілі бір әрекеттері (іскерліктері) негізінде, тіпті қандай да бір педагогикалық функция жүзеге асатын жиынтығында, бірнеше қабілеттер жатуы мүмкін екенін көрсетеді.
Педагогикалық қабілеттер бір бірімен тығыз байланыста болып, бірін бірі толықтырып, жетілдіріп отырады. Педагогикалық қызметте педагогикалық қабілеттер үйлесімді болуы үшін, мұғалім өзінің эмоциялық көңіл-күйін бақылап отыруы үшін, оның ерік-жігері эмоционалдық тұрақтылықты орнатуға әсер етуі керек. Педагогикалық қабілеттер мен білімі арқылы мұғалімде педагогикалық кәсіби өзіндік сана-сезімі қалыптасады. Мұғалімнің тұлғалық мінездемесінде кәсіби педагогикалық өзіндік сана- сезім қомақты рөл атқарады. Оның құрылымына, А.К. Маркова бойынша, мұғалімнің педагогикалық мамандықтың нормаларын, ережелерін, модельдерді саналы түсінуі, кәсіби ұстанымы, мұғалім еңбегінің тұжырымдамасының қалыптасуы; өзін кейбір кәсіби үлгілермен теңестіру, сәйкестендіру; өзін басқа, референтті адамдармен бағалау; өзін-өзі бағалау кіреді, оның ішінде бөлінетіндер:
а) когнитивті аспект, өзін-өзі іс-әрекетін саналы түсіну;
б) эмоционалды аспект.
Педагогикалық іс-әрекеттің табысты болуының маңызды факторларының бірі - мұғалімнің«тұлғалық сапалары» болып табылады. Мақсатқа ұмтылу, табандылық, еңбексүйгіштік, қарапайымдылық, бақылампаздық сияқты сапалардың міндетті болуы аталынып өтіледі. Тапқырлықтың болуы, сонымен қатар, шешендік қабілеттер, артистік мінез ерекше атап көрсетіледі. Әсіресе, эмпатияға әзір болу маңызды, яғни, оқушылардың психикалық күйлерін түсіну- ге, көңіл-күйге ортақтасуға әзір болу және әлеуметтік өзара әрекеттесуге қажеттілік маңызды. Зерттеушілер тарапынан педагогикалық әдепке үлкен мән беріледі, оның көрінісінен мұғалімнің жалпы мәдениеті және оның педагоги- калық іс-әрекетінің жоғары кәсіпқойлығы байқалады.
Педагогтың тұлғалық сапаларын жете бағаламау оның еңбегінің нәтиже- сіне кері әсерін тигізері сөзсіз. Педагогтың тұлғалық сапасы «педагог-оқушы» қатынас жүйесінде оның әрекетінің психологиялық құрылымына әсер ететін шешуші бөліктердің біріне жатады.
Мұғалімнің тұлғалық сапалары сабақта төмендегідей көрініс береді:
- оқушыны тұлға ретінде қабылдау, оның табысқа жететіндігіне сендіру және мүмкіндіктерін көре білу әрі оны нығайтып отыру;
- мәліметтерді қысқаша түрде беру арқылы оған әлсіз оқушының да, күшті
оқушының да қол жеткізуіне мүмкіндік туғызу;
- жаңа жағдайларға тез бейімделіп, сабақты оңтайлы қайта құра білу; мейірімді, бірақ талап қоя білу;
- оқушыны білім алуға жұмылдыра білу және оқуға ықыласын қолдап отыру;
- оқудағы қиындықтарды алдын ала біліп, сол қиындықтарды жеңуге бағыт
беріп отыру;
- өз жұмысының кемшілік жақтарын көре білу, оны жойып отыруға ұмтылу.
Педагогтың сезімталдығы оқушыларда біліктерді қалыптастыру кезінде оқушының әрбір жауабынан жақсы, айрықша нәрселерді іздеп тауып отыру- ынан көрінеді. Педагог әрбір оқушы бөтенге ұқсамайтын қайталанбас тұлға екендігін түсінуі тиіс. Білікті педагог оқушыны жауапкершілікке шақыруды айқайлап ұрысу, бұйрық беру немесе мораль оқу арқылы іске асырмайды.
Педагогикалық әрекеттің өзара әрекеттесуші жүйесінде педагогтың тұлғалық сапаларын бірнеше топтарға бөлуге болады. Бірінші топқа қиын қалыптастырылатын жеке бастың сапалары жатады: қайырымдылық, ізгілік, оқушының көңіл-күйін, қабілеттерін тану, оқудағы қиындықтарын көру ғана емес, сондай-ақ, оған дер кезінде көмек бере білу қабілеті, юмор сезімінің, ішкі интуициясының болуы өзін жоғары көтеріңкі көңіл күйде ұстай білу, т.б. жатады. Оқушымен абайлап сақтықпен қарым-қатынас жасау сезімі оның тек мейірімділігінен ғана емес, талап қоя білуінен де байқалады.
Оқушы мен мұғалімнің ара қатынасындағы психологиялық механизм- дерге негізделген педагогтың тұлғалық сапаларының екінші тобына рефлексия, идентификация, эмпатия және децентрацияны жатқызамыз. Осы сапалардың негізіне мұғалімнің оқушының мінез-құлық, тәртібіне бейімделуі жатады. Педагогтың әрбір тұлғалық сапалық қасиетінің өзіндік ерекшеліктері бар. Оларға өзіне сырт көзбен қарау (рефлексия), оқушының мәселелерін, мінез-құлығын түсіну мақсатында өзін оқушының орнына қоя білу (идентификация), әрбір оқушының эмоционалдық күйіне ене білу қабілеті (эмпатия), оқушыны бағалау кезінде өзінің эгоцентрлік бағасынан бас тартып, оқушының көзімен бағалай білу қабілеті (децентрация) жатады. Бұлардың бәрі осы өмірде пайда болатын психологиялық сапалар.
Педагогтың тұлғалық сапаларының үшінші тобының негізіне педагоги- калық қабілеттің рефлексивтік деңгейі жатады. Психологияда тұлғаның жеке басының психикалық қасиеттері деп бір немесе бірнеше әрекет түрлерінің орындалу жағдайларын атайды.
Педагогикалық қабілеттің рефлексивтік және проективтік деп аталатын екі түрі белгілі. Осы екі түрлі қабілет үзіліссіз бірге болады.Рефлексивтік деңгей мынадай тұлғалық сапалардан тұрады: нысанды (объект) сезіну, әдеп сезімі, әр нәрсенің шегін білу сезімі, өзінің қатысы барын сезіну, бағдарлай білу сезімі. Нысанды сезіну педагогтың оқушыларды ең күшті эмоционалды күй туғызатын қызықты мәліметтерді таңдай білуінен көрінеді. Ондай мәліметтерге өте көп уақыт бөлмей, сабақтың 5-10 минутын арнаса да оқушының жадында өмір бойы сақталуы мүмкін.
Проективтік деңгей дегеніміз – педагогтық әрекеттің мақсаттарына, оқу-тәрбие ақпараттарының мазмұнының композициясына, оқушы алдында беделді болу тәсілдерін меңгеруде, оқушыларды әр түрлі әрекеттерге және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге жұмылдыруда, өз әрекетінің кемшіліктерін тауып, оны жою тәсілдерін игеру жолында сезімталдық көрсету деңгейі жатады. Педагогтың тұрақты тұлғалық сапалары оқушылардың білімі мен тәртібінің бір қалыпты тұрақты болуына да әсер етеді. Мәдениет дегеніміз - бір мезгілде адамнан тыс және оның өзінде де болатын нәрсе. Бұл ұғымның өзін оны құраушы элементтері: «ғылым», «өнер», «дін», «білім беру» және т.б. деген тізіммен анықтау мүмкін емес. Мәдениет ол біртұтастык, адам қызметінің көп жағын органикалық біріктірген, сондықтан оны шартты түрде қоғамдык мәдениет және жекебас, дара мәдениеті деп бөлінеді. Кез келген дәуірдің, халыктың мәдениеті ол сол дәуір адамдарының мазмұнының соларға тән өмір сүру образы мен өзіндік сапасымен байланысты. Сол мағынада ол үнемі бірегей және индивидуальды кез келген мәдениеттің сипаттамасының басталу нүктесі, оны құрушылардың дүниетанымымен өзіндік сапасы болып саналады. Сонымен, біз бәріміз және әрқайсымыз жеке болып өз кезеңіміздің (дәуіріміздің) мөдениетін құрушы және тасушысымыз. Бір мезгілде біздің әрқайсымыз - әлеуметтік-біртұтас, өзін шексіз үнемі дамытушы мәдениетпіз.
Педагогтың кәсіби мәдениетін қалыптасуының негізі ретінде оның жалпы мәдениеті болып табылады, олар:
• жан-жақтылыкта, ой-өрісінің кеңдігінде;
• жоғары рухани қызығушылық деңгейімен қажеттіліктерінде, адамдармен, табиғатпен тілдесуде жоғары эстетикалык және мінез-құлықтық қажеттіліктерінде;
• ойлау мәдениеті мен тұлғаның эмоционалды мәдениетінде, еңбек мәдениетінде, тілдесуде, құқықтық және экологиялық мәдениетінде және т.б.
Адамның жалпы мәдениеттік негізгі қасиеттерінің бірі - ол әмбебаптығы. «Егер кайсыбір қызметпен шұғылданатын адам тек өз көбінде, тар кәсіби дүниесінде ғана қала беретін болса, біріншіден, ол тұлға ретінде жоғалады, екіншіден, кәсіби диапазоны тарылады, өйткені негізгі сапалар шығармашылықтың жалпы заңдарына негізделген және олар мөрін тек өз саласынан ғана емес, аралас салалардан да алады, тіпті кейде тікелей қарама-қарсы қызмет түрінен де пайдаланады».
Сонымен қатар жалпы мәдениет тұлғаның әмбебаптығына және жан-жақтылығына тірелмеуі, теңеспеуі қажет. Нағыз мәдениетті адамды сипаттау үшін «руханилық» және «интеллегенттілік» ұғымдары қолданылады.
Руханилық- тұлғаның сапасы мен өзіндік сапасының сапалық сипаттамасы, күрделі білім оның біртұтастығы мен ішкі гармониясын көрсететін өз шеңберінен шыға білу қабілеті және қоршаған әлем мен өзінің қарым-қатынасын гармониялау. Ол тек білімділікпен, мәдени қажеттіліктермен қызығушылығының кеңдігі тереңдігімен ғана емес, сонымен қатар рухтың үнемі тоқтамай еңбек етуін, жүмыс жасауын, дүниені тану және өзін ойлау, жетілдіруге ұмтылу, өзінің сапасын кедейтумен анықталады. Бұл тұлғаның ерекше күйі деп те қарастырылуы мүмкін, өйткені мұнда жаңа нәзік қимылдардың көрініс алуы, адамды коршағанның барлығын, әсіресе адамдар арасындағы нәзік рухани қарым-қатынастарды адамдарға сезімдік, бауыр-машылык қатынасы, адамның рухани даму мен аман-есендігіне қамдануы.
Интеллегент- мәдениетті адамның сипаттамасы ретінде оның жоғары білім немесе интеллектуалды кәсіп иесі болу түсінігін, басқаны түсіне білу қабілеттілігін білдіреді. Ол мыңдаған ұсақ-түйектерде байқалады: сыйластықпен айтыс-тартыс жүргізе білуде, білдірмей, сездірмей басқаға көмек көрсету, табиғатты қорғау, тіпті дастарқанда өзін кішіпейілді ұстай білу, төңірегін заттармен, темекі қалдығымен, жаман сөздермен және т.б ластамау.
Кәсіби-педагогикалық мәдениет тұлғаның жалпы мәдениеті негізіңде құрылатын, кәсіби қызметке және тұлғасымен педагог тұлғасының мәдениетіне, қоғамның педагогикалық мәдениетіне бағытталып, кескінделген және жалпы адамзаттық идеялар жүйесін, кәсіби-құндылықтарға бағыталуы мен түлға сапасының, танымның әмбебап тәсілдері мен педагогикалық қызметін көрсетеді.
Мұғалімнің әдістемелік мәдениеті - әжептәуір күрделі тұлғалык білім беру. Бұл мұғалімнің педагогикалык философиясында, педагогикалық концепциясында оның педагогикалық көзқарасы, қызметінің мақсаты мен мазмұнының анықтаушысы негізі педагогикалық идеялармен принциптер жүйесі ретінде көрсетілген.
Мұғалімнің әдістемелік мәдениеті төмендегі кезеңдерден тұрады:
• қоғамның, кәсіби білм берудің білім беру жүйесі алдына қойған мақсат-міндеттерді мойындау, сезіну;
• қызметіңіздің сіз беретін сабақ саласындағы және жалпы білім беруде реалды күйін бағалап, талдау:
• олардың арасындағы қайшылықтарды анықтап, өзіңіздің стратегиялық мақсаттарыңызды анықтау;
• өз қызметіңіздің негізгі принциптерін, негізгі бағыттарын, міндеттері мен күтілетін нәтижелерді анықтау:
• өз қызметіңіздің нәтижелерін диагностикалау (зерттеу және талдау).
Сонымен, педагог өз қызметінің жоспарлы орындалуын, оның мазмұны мен формасын, әдістерін анықтау, бөліп, таңдап алу мүмкіндігі арқылы педагогикалық процестің жүйелі құрылуы қамтамасыз етіледі.
2 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛIМIНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2.1 Мұғалiм қызметтерi және мұғалiмге қойылатын талаптар
2005 жыл 18 ақпанда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында “ XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әріалысты барлап кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз” деп бүкіл әлемдік талапты көрсетсе, “ Бәрі де мектептен басталады.Сондықтан біздің –2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы білім беруге көшіп, педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруымыз керек” деп қазіргі білім беруге қатысты нақты талаптар қойғаны баршаға белгілі [13].
Мұғалім- елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін жауапкершілігі мол киелі мамандық.Ондай мамандық иесі әрқашан да өресі биік болып, сөйлеген сөзінен, ойлар ойынан маржандай тізілген ілтипат пен парасаттың өрнектері, әсемдік әлемі көрінетін, көкірегі жақсылыққа тола, мейірімді, білімі біліктілікке ұласқан ізденімпаз, елжанды, адамгершілігі жоғары адам болу керек.
Мұғалім қызметінің ерекшелігі сол , көптеген мамандықтар секілді педагогтыңқолындаөлшеуішнемесебасқаша айтқанда приборлар жоқ. Оның ең басты жұмысы – оқыту мен тәрбиелеу барысында пайда болған қарым-қатынасты басқару. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс, ал мұның өзі әрқашан күрделі. Түптеп келгенде, қоғам мұғалімгеерекше жауапкершілік жүктейді. Мұғалімге үйретуге ең көнгіш кезіндегі адам сеніп тапсырылады. Мұғалім баланың білімін, икемділігін, әдетін, мұратын және өмірлік мақсатын қалыптастырады [14].
Бүгінгі таңда кейбір ұстаздардың бойкүйездігі, тіпті өз жұмысына немқұрайлы қарайтыны мұғалімнің қадір-қасиетіне көлеңке түсіруде.Күнделікті күн көрістің қарекетімен мамандықты сан мәрте ауыстырудың өзі ұстаз беделінің төмендеуіне әкеп соқтырып отыр.
Кейінгі кездерде ұстаз беделіне деген көзқарастың өзгеріп кеткеніне себептер іздеу қиын емес.Бұлар мыналар:
– “ұстаз болу үшін, ұстаз болып туу керек” деген қағидаға жүгінсек, бұл мамандықты кездейсоқ адамның игеруі;
-
жоғары оқу орындарында шалағай білім алып, мектепке оралғанда беретін сабағын өзі де толық түсіне алмай, оның үстіне оқушыға жеткізе алмауы;
-
мектеп қабырғасы ұстаздардың шыңдалу объектісі екенін түсіне алмайтын, ізденудің жолын білмейтін, сөйтіп шәкіртті өзінен алшақтатып, жұтаң қалып оқшауланатын ұстаздардың табылуы;
-
төл басылымдарға жазылу, одан оқып үйреніп, оқу- тәрбие жұмысына пайдаланылатын ұстаздардың азаюы, яғни рухани азғындау;
-
мұғалім беделін көтеретін шешуші тұлға- ағартушы, әдіскер, адамтанушы, адамгершілігі жоғары мектеп басшыларының азаюы;
-
қоғамдық орын, қалың жұртшылық пен мектеп арасындағы байланыстың үзілуі;
-
төл оқулықтарды оқыту мақсатындағы жаңа педагогикалық технологияларды ұстаздардың меңгере алмауы. Бір жақтылықтың, бірсарындылықтың белең алуы;
-
ұстаз өз іс-тәжірибесін әріптестерімен бөліспеуі, баспасөз бетіне жариялауға енжарлық танытуы;
-
ұстаздың әлеуметтік жағдайының көп мамандық иелерімен салыстырғанда төмендігі;
-
ұстаздың атқарған еңбегін бағалау әр кезде тиісті бағасын беріп отырудың өз дәрежесінде болмауы және т.б.
Енді “Неліктен мұғалімдердің басым көпшілігі өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін жетілдіруге мүлде деп айтпасақ та, тиісті дәрежеде көңіл бөлмейді?” деген сұраққа жауап іздестіріп көргенде, сұраққа жауап ретінде мыналарды келтіруге болады:
– жоғары оқу орындарын бітірушілердің кәсіби деңгейінің төмендігі;
–мектеп оқушыларының білімге деген құштарлығы күрт төмендеп, олардың жаппай оқымайтындығынан, оларға “екілік” қоймау және үлгерімдік көрсеткіштерді ұстану талаптарынан туындайтын лажсыздық;
– күнделікті тұрмыс-тіршілік тауқыметінің қысымы;
– мұғалімдердің білім мен біліктілігін, іскерлігі мен кәсіби шеберлігін
шыңдай түсетін арнайы әдістемелік және өзге оқу құралдарының жоқтығы.
Дегенмен мұғалімдердің кәсіби шеберліктерінің шыңдалуына кедергі болып жүрген, көп сөзге тиек бола бермейтін өзге таза субъективті жақтары да бар.
Мысалы: ол мұғалімнің өз ісінің соңғы нәтижесі – түлегініңбілімі мен біліктілігінің сапасына жауапкершілігінің жоқтығында. Қазірге дейін жалпы мектеп болып өздері тәрбиелеген түлектердің білімдер деңгейіне жауапкершілігін сезіну, одан тиісті қорытындылар жасау дәрежесі дұрыс жолға қойылмағанын атап өту қажет. Жалпы мектептердің басым көпшілігінде қалыптасқан жағдай мынадай: 5-9 сыныптарда, яғни орта буында, негізінен,кәсіби шеберлігітөмен, іс- тәжірибесі жеткілікті дәрежеде қалыптаса қоймаған жас мамандар дәріс беріп, жоғары сыныптарда бұл оқушылар іс- тәжірибелері молырақ, кәсіби шеберліктері де біршама шыңдалған мамандарға өтеді. Сөйтіп, бұл екі топтағы мамандардың екеуіне де түпкілікті жауапкершіліктен бас тартуға мүмкіншіліктер жасалып қойған. Егер бұлардың алғашқылары тікелей түлек шығаруға қатыспайтынын алға тартса,онда екіншілері қарамағына білім сапасы төмен оқушылардың келгенін арқау етеді. Алжауапкершілік болмаған жерде ешбір сапа жөнінде әңгіме қозғаудың өзі мағынасыз,бос сөз болатынын ескеру қажет.
Бүгінгі күн мұғалімдердің атына ата-аналар тарапынан әр түрлі өкпе, реніштер айтылып жатады. Көбіне педагогтардың біліктілігі төмендігі, шәкірттермен арадағы қарым-қатынасы, оқыту әдістерінің көнерген немесе дәстүрлі түрлерінің қолданылуы тілге тиек болады.Осындай кемшіліктер қандай себептерге байланысты орын алып отыр деген заңды сауал туындайды.
Біріншіден, қазіргі педагогикалық құрамның басым бөлігін 40 жастан асқан мұғалімдер құрайды. Бұл жоғары оқу орындарын бітірген жастар мектептегіпедагог кадрлардың қатарын толықтыруға асықпайтынын білдіреді .
Екіншіден, жоғары оқу орындарындағы оқыту дәстүрлі түрде қалып отыр. Университеттер мен институттардың білім беру бағдарламасы ондаған жылдар бойы өзгертілмей келді. Бұдан шығатын қорытынды: тәжірибелі ұстаздар мен жас мұғалімдер өз мамандығына қатысты жеке тұрғыдан да, кәсіби тұрғыдан да, шамалары бірдей көрсеткішке ие болып отыр.
Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін, ұстаз жан-жақты білімді, тәрбиелі болуы керек.Ұстазды көргенде жеритін шәкірт емес, оны көруге асығатын шәкірт тәрбиелеу керек.”Ұстаздың төрт құбыласы тең” моделі толығынан іске асқанда ұстаз мәртебелі болады.”Қырық жыл мұғалім болсаң да қырық бес минуттық сабағыңа тиянақты әзірлен” деген қағида соның айғағы./3/
Мұғалім қызметі жайында оқушылармен анкеталық сауалнама жүргізілді. Оның шарты бойынша оқушылар мұғалімнің ең маңызды қасиеттерін атауы тиіс еді. Нәтижесінде балалар ең алдымен сабақтың қызықты өтуін, мұғалімнің мейірімді болуын, көңілді болуын қажет етеді екен. Екінші орында оқушыға деген сый-құрмет пен әділдік орын алды. Үшінші қатарға мұғалім тарапынан талап қоюшылықжәне оның өз пәнін жетік білуі шықты. Мұнан кейін балаға деген сүйіспеншілік, сабырлылық, шыдамдылық қасиеттері болуы айқындалды. Оқушылардың ойынша мұғалімнің ең жаман қасиеттері- қатаңдық, түсінбеушілік, әділетсіздік, дөрекілік, “сүйікті” және “сүйікті емес” оқушылардың болуы, шәкірттеріне деген сүйіспеншіліктің жоқтығы, ұшқалақтық, өзін-өзі ұстай алмауы, тағы басқа жағымсыз әдеттердіңболуы.
Қазіргі заманның мұғаліміне қойылатын талаптар:
-
біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман иесі болу керек;
-
екіншіден, мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс;
-
үшіншіден, мұғалім білім негіздерін өз бетінше оқып, үйренуге, оқушыны баулауға міндетті;
-
төртіншіден, мұғалім- педагогикалық үрдісте баламенынтымақтаса қызмет ету керек;
-
бесіншіден, педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті немесе француз педагогі Жубер айтқандай “оқыту деген екі есе оқу”
Мұғалімнің басты қызметі жаңа қоғамға сай білімді, көкірегі ояу , тәрбиелі, әр уақытта еліне қызмет ететін, оңды-солын білетін жақсы азамат қалыптастыру.Ал, мұғалімнің негізгі міндеті қазіргі кездегі жаңа оқыту мен тәрбиелеутехнологияларын меңгеріп, өз кәсібін әрі қарай дамыту. Сондықтан да жас педагогке жемісті еңбек ете алатын, өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін жүзеге асыратын жағдайлар туғызу қажет. Жас мамандардың тіршілігін,еңбегі мен жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіптік білім алуын мақсатқа бағыттап ұйымдастыру керек.
Қазақ халқының "Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады" деген аталы сөзі бар. Олай болса, оқушы жастарымыздың білімді, саналы болып шығуы үшін мектеп пен мұғалімдер ұжымына үлкен міндет жүктелері анық. Білім мен тәрбие беру - қиын да қастерлі еңбек. Бұл жолда мұғалімдер талмай, тынымсыз еңбектеніп, шығармашылық ізденуді, үйренуді асыл мұратына, биік парызына айналдырғанда ғана жете алатыны сөзсіз. Шебер мұғалімдер ғана зеректік пен зерделікті сомдап рухани құндылықтарды, өз мамандығын терең меңгеріп, тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қабілетті, мәдениетті, өнегелі, заман талабын қанағаттандыра алатын жағдайда ғана халқының сеніміне ие болып "ұстаз - мұғалім" дәрежесіне көтеріле алады.
Мұғалім қызметінің табысты болуы, оның оқу және тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерін жете түсінуге байланысты. Мұғалім оқушыларға саналы тәрбие жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүниетанымын дамытады, еңбек пен қоғамға деген сүйіспеншілігі мен ынтасын тәрбиелейді. Мұғалім оқушылардың жылдан-жылға өсіп отыратын талаптарын, қанағаттандырып отыру үшін, өмірде болып жатқан түрлі құбылыстарға жаңалықтарға, өзгерістерге құлақ асып, өмірмен бірге аяғын алып жүретін адам болуға тиіс.
Сондықтан мұғалім жоғарғы оқу орнынан алған білім көлемімен шектеліп қалуға болмайды.
Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар:
- қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру;
- жан-жақты білімдарлық өмірдің әртүрлі саласынан хабардар болу;
- педагогикалық байланысты пәндерден - психологияны, анатомия, мектеп гигиенасын, мектеп тану пәнін жақсы білу керек.
- оқытатын пәнін, соған байланысты ғылымдарды, олардың жетістіктерін, ағымын жақсы білу керек.
- жұмысына шығармашылық көзқарас;
- баланы жете білу, олардың жан дүниесін түсіну, педагогикалық сенім, оптимизм;
- педагогтік техниканы меңгеру, қисынды, мәнерлі сөйлеу;
- педагогтік әдептілік тактіні меңгеру:
- балаға деген сүйіспеншілік пен әділдік.
Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде.
Қазіргі таңда қазақ тілі - мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі - орыс тілі және ағылшын тілі - әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану - заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологиялары меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйыдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімінен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновацияны меңгерген болуы керек.
Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. "Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне қолғабыс, сүйеніш есебінде қолдануы керек",- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді.
Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпы толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзіреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиясы) үйретеді.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағала және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін аяқтаған оқшының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында "Шиыршық әдісімен" орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.
Жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек.Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі "Өмірмен байланыс" ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттеледі. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Жаңартылған білім - болашақтың кепілі.
Мұғалімдік кәсіптің ежелден қалыптасқанын баршамыз білеміз. Адамдар қай қоғамдық формацияда болмасын жас ұрпакқа өз тәжірибесін жеткізіп, білгендеріне үйретіп және мақсатты, саналы түрде өмір заңдылықтарын меңгертуге талпынған.Адамзат қоғамының қай даму сатысында болмасын мұғалімдік кәсіптің атқаратын рөлі ерекше жоғары бағаланған. Мектеп және білім беру жүйелері өскелең ұрпақтың әлеуметтенуіне, қоғам дамуына сәйкес тәрбиеленуіне қашан да елеулі үлесін қосып келеді.
Білім берудің өзін қазіргі таңда ауқымы кең әлеуметтік процесс ретінде қарастыра отырып болашақ мұғалімдерді даярлау барысында кәсіпке баулу және әлеуметтендіру процесстерін ұлітастыру қажеттілігін аңғарамыз. Педагогикалық жоғары оқу орнына келген әрбір студент жоғары сапалы деңгейде таңдаған кәсібін меңгеруі кажет, онсыз нағыз мүғалім, нағыз педагог тұлгасы қалыптаспайды, және онсыз кәсіптік білім беру ұғымы өзінің бастапқы мәнін де жоғалтып алуы мүмкін.
Мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын ашу үшін оның басқа мамандықтарға қарағандағы әлеуметтік құндылығын, оның қоғамдағы орны мен рөлін тереңірек қарастырған жөн.
Сан-алуан мамандықтардың ішінде мұғалім мамаңдығы «адам-адам» жүйесіне катысты мамандық, бірақ осындай жүйеде адаммен тығыз жұмыс істейтін басқа да мамандык иелсрі жеткілікті. Мысалы, дәрігер, юрист, артисттер, сатушылар т.с.с. мамандар да адамдармен тығыз қарым-қатынаста болады ғой. Педагог мамандығының маңыздылығы оның қогам дамуындагы рөлімен анықталады. Педагог мамандығында жетекші идея, негізгі міндет - адам дамуының мақсаттарын түсініп, басқа адамдарды сол мақсаттарға жетуге бағыттау.
Яғни, мұғалім өскелең ұрпақты қоғамның болашақ азаматтары ретінде тәрбиелеп, олардың әлеуметтенуіне байланысты жұмыстар атқарады. Мұғалімдер қоғамдағы ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені саралап ең дұрыс және ең қажетті жақтарын жас өспірімдердің бойында қалыптастыруға тырысады. Сонымен қатар мүғалімдер жас өспірімдердің дүниетанымдарын, ұлттық сана сезімдерін, салауатты өмір салтына деген көзқарастарын калыптастырады. Яғни, мұғалімдерді баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуін, әлеуметтенуін басқарушысы ретінде қабылдауға болады. ¥лы орыс педагогы К.Д.Ушинский мұғалім мамандығын жоғары бағалай отырып: «Мұғалім мамандығы сырттай қарапайьш болғанымен - тарихтағы ең ұлы істердің бірі» - деген сөздері шынайылыққа үйлеседі [15].
Адамзат тарихында мұғалім мамандығының ең маңызды ерекшеліктерінің бірі -оның қай елде болмасын ең кең таралғандығы.
Мысалы, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын бітіруші түлектерінің басым көпшілігі педагогтар екенін атап айтуға болады. Бұл нені білдіреді? Бұл дегеніміз педагог мамандығының қоғам дамуы үшін аса қажеттілігінің, зор маңыздылығының көрсеткіші, себебі егер бұл мамандыққа қоғам тарапынан сұраныс болмаса, мұндай көп мамандарды даярлау кажеттілігі де болмаушы еді. Бұл мамандык мәңгілік ескірмейтін мамандықтардың бірі. Жьл сайын жоғары оқу орындарында арнайы даярланған жоғары білімді педагогтар қоғамымыздың білім беру мекемелерінде педагогикалық еңбекке кірісіп жатса да, мұғалімдер саны жетіспейді. Қазіргі үздіксіз білім беру жүйесінің дамуына байланысты сапалық деңгейлері жоғары, кәсіби кұзіретгі мұғалімдерге деген сұраныс жыл сайын күшейе түсуде.
Мұғалім қызметі тек болашаққа ғана бағытталған. Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметі балалардьң болашағына байланысты болып келеді. ¥стаз еңбегінің нәтижелілігі де келешекте ғана көрініс береді. Мысалы, мұғалім еңбегінің жемісі нақты бір іс-әрекет жасағаннан кейін емес, айлар, жылдар өткен соң, шәкірттің бір табысқа қол жеткізуіне байланысты бағаланады.
Мұғалім қызметі үнемі гуманистік сипатта болады. Ұстаздық қызметтің тағы бір ерекшелігі - педагогтардың әр шәкіртінің жүрегіне жол таба білуінде, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай жасай алуында. Ең бастысы мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірді, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті - адамгершілік қадір-қассиетті сезінуге тәрбиелеуі керек. Адамдық кадір-қасиет - адам бойындағы ең қымбат байлық. Тәлім-тәрбиелік, оқу-танымдык жолында мұғалімнің кәсіби жетістігі әрбір оқушысының мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты.
Педагогикалық еңбектің ұжымдық сипаты. Мұғалім үнемі балалар ұжымымен жұмыс істейді. Ал мінезі, қызығушылықтары, даму және тәрбиелік деңгейлері әр түрлі балалардың ұжым ішіндегі қарым-қатынастарын басқара білу оңай іс емес. Ол үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл шеберлікті дамыту үшін педагогика ғылымындағы А.С.Макаренко негізін салып кеткен тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу теориясын жақсы меңгеру қажет, Бұл педагогикалық идея кейінгі көптеген шығармашыл педагогтардың тәжірибесіне негіз болғаны анық.
Мұғалімдер әр баланың тұлғасын қалыптастыруда оларды интеллектуалдық жағынан дамытуды, эмоционалдық, рухани, дене тәрбиелерін жетілдіруді көздейді. Ал шәкірттің тұлға ретінде қалыптасуын басқару өте күрделі процесс екені балалардың әрдайым психологиялык, физиологиялық, педагогикалық өзгеріс үстінде болатындығына байланысты.
Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалімдік еңбектің нәтижесін өлшеп отыратын дайын арнайы құралдар болмайды, оларды өлшеу үшін балалардың бойындағы тұлғалық қасиеттердің өзгеруін күтуге тура келеді. Себебі мұғалім қаншалықты жетекші роль атқарып тұрса да, оған оқыту, тәрбиелеу процесінде пайда болатын қарым-қатынастарды басқара алуы, сол қарым-қатынастар арқылы шәкірттің өзіндік даралығын сақтап, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруы қажег.
Мұғалімдерге аса жауапты іс жүктелген. Қазіргі қоғам дамуында мұғалімдер өздеріне аса жауапты іс жүктелгенін саналы түрде сезініп, ол еңбекті атқаруда барлық ерік-жігерлерін, күш-қайратын, білім, іскерліктерін жұмсап табысты нәтижеге жетуді көздеулері керек. Мұғалімдерге баланың мінез-құлқының, дүниетанымының, адамгершшік қасиеттерінің қалыптасуы,жалпы олардың өсіп дамуының ең маңызды кезеңі тапсырылған. Осындай аса жауапты істі қолға алып отырған мұғалімдер өздерінің бала өміріндегі рөлін әрқашан да жоғары деңгейде атқаруға міндетгі. Ал егерде мұғалім педагогикалық іс-әрекетке немқұрайлы қарайтын болса оның жұмысында сәтсіздікке ұшырататын көптеген қателіктер мен кемшіліктер кездесуі мүмкін.
Кейбір мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерінің төмендігінен баланың балғын балалық шағына дақ түсірулері олардың ата-аналар алдында, әріптестері алдынла беделін төмендетеді, абыройын түсіреді және олардың жіберген қателігі баланың өмір бойы жүрегінде қалады. Өкінішке орай ондай мұғалімдер өздерінің кемшіліктерін байқамай сәтсіздік жағдайларда оқушыларды кінәлап, олардың болашағына үулкен күмәнмсн қарайды. Ал оқушы қателігі кешірілуі керек, себебі олар әлі өз күштері мен мүмкіндіктерін шамалай алмайтын, даму үстіндегі жандар.
Мұғалім шәкіртіне сенім арта білуі арқылы оның ішкі әлеуетін ашуға мүмкіншілік туғызады. Сол сияқты егер мұғалім баланың бойында адамгсршілік сезімдсрді оята алса, ізгілік дэнін сеуіп, оларды тереңінен сусындата білсе, ондай педагогикалық ықпал баланың өмір бойғы рухани азығына айналуы мүмкін. Француз жазушысы
Қоғам дамуына байланысты мұғалімге қойылатын талаптардын өзгеруі. Мұғалім профессиограммасы. Адамзат тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларына байланысты өзгеріп отырған.
Ұстаз тұлғасына, тәрбиешілерге, тәлімгерлерге қойылатын талаптар тіпті Ежелгі Греция, Ежелті Мысыр, Ежелгі Рим философтары Демокрит, Аристотель, Сократ, Марк Фабий Квинтилиан т.б. еңбектері мен идеяларында көрініс табады.
Мұғалімдердің моральдық-психологиялық, этикалық сапалары туралы ойлар шығыс философы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектеріндегі айырықша көңіл аударылған мәселелердің бірі болған. Ол мұғалім бойында шыншылдык, шәкірттеріне де, өзіне де талап қоя алушылык, ықыластылық, қаталдық, күш-жігер және педагогикалық такт сияқты қаситеттердің сақталуын қажет деп санаған. Әл-Фараби ұстаздың мінез-кұлық нормасы қаңдай болуы жайлы былай деп жазады: «..ол тым қатал да болмауга тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру - ұстаздық қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымға шәкірті селқос қарайтын болады».
Педагогика ғылымының негізін қалаушы Я.А.Коменский (XVII ғ.) мұғалімдерге «ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ» - дей отырып балаларды оқыту-тәрбиелеу барысында мұғалімдерден табиғатқа сәйкестілік және дидактикалық принциптердің орындалуын талап еткен.
Педагогика тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар А.Дистерверг, К.А.Гельвеций, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, А.С.Макаренко, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, В.А.Сухомлинский сынды белгілі педагогтар еңбектерінде ерекше қарастырылады П.Ф.Каптерев мұғалімдердің адамгершілік қадір-қасиеттерінің маңыздылығына көңіл бөле отырып, окыту мен тәрбиелеу процестерінің тұтас жүргізілуі барысында «оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту» кағидасының сақталуын талап етеді [16].
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптардың өсіп, күрделеніп отыруы нәтижесінде педагогикалық теорияда профессиографиялық тұрғыдан зерттеулер орын ала бастады. Осы бағытта арнайы зерттеулермен айналысқан ғалымдар Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, А.И.Щербаков, В.А.Сластенин, Ю.С.Алферов, Е.И.Антипова т.б. болды.
В.А. Сластенин мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жүйесін оның педагогикалық еңбекке кәсіби даярлғы ретінде қарастырады. Ол даярлықтың құрамына мұғалімнің психологиялық,физиологиялык, даярлықтары мен қатар ғылыми-теориялық және практикалық құзіреттілігін жатқызады. В.А.Сластениннің пікірінше: «Мұғалім профессиограммасы мамандықтың паспорты ретінде оның квалификациялық сипагтамаларын, яғии қоғамдық-саяси, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық білімдерінің көлемдерін және ғылыми негізделген өзара қатынастарын, сонымен қатар болашақ мұғалімге қажетті педагогикалық, әдістемелік іскерліктер мен дағдыларды қамтуы қажет». Профессиограмма - мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі [17].
Жалпылап қарастырғанда қазіргі кезде мұғалім профессиограммасын құруда үлкен тәжірибе жинақталған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады:
- жалпы адамзаттық қасиеттері;
- кәсіби-педагогикалық касиетгері;
- арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары.
Қазіргі таңда заман талабына қарай мұғалімдік қызметтегі адамдарға талаптар да күшейе түсті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007 ж.) педагогтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған. Аталған занның 7 тарауының 50-51 баптарында педагог қызметкердің мәртебесі анықталып, олардың кәсіптік шеберлігіне, оқушыларға сапалы білім мен тәрбие бере алуларына байланысты жауапкершіліктері мен міндеттері қарастырылған.
50-бап. Педагог қызметкердің мәртебесі.
51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауашершілігі.
Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының зандарында және еңбек шартында көзделтен жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Сонымен,қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын жалпы талаптарға кәсіби кұзіреттілік, бәсекеге қабілеттілік, әлеуметтік белсенділік,шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейде дамытуды жатқызуга болады.
Кәсіби құзыреттілік. Қазіргі таңда әрбір адам өзінің қызығушылықтарына, қабілеіттілігіне байланысты бір мамандықты немесе кәсіпті тандауын анықтауы кажет. Бір мамандықты игеру үшін адам арнайы жоғары оқу орындарына түсіп өзін-өзі іске асыруға тырысады. Мамандықты терең меңгеруге байланысты кәсіби құзыреттік ұғымы орын алады.
Қазіргі білім берудегі негізгі нормативті құжаттардың басым көпшілігінде «кұзіреттілік» ұғымы негізгі түйін сөздер қатарында карастырылып келеді. Алдымен «құзіреттілік» ұғымының этимологиясына тоқталатын болсақ, ол латын тілінің «соmpetе» деген сөзінен аударғанда «білу», «істей алу», «қол жеткізу» деген мағынаны білдіреді.
Педагогикалық тсрминологиялық сөздікте құзіреттілік ұғымы екі тұрғыдан сипатталған:
1) нақты білімдері мен дағдылары арқылы кейбір міндеттерді шешуге ат салыса алатын немесе мәселені өз бетінше шеше алатын жеке тұлға мүмкіншіліктері;
2) танымдық және тәжірибелік іс-әрекеттердің теориялық тәсілдерін меңгеру дәрежесімен анықталған жеке тұлғаның білімділік деңгейі
Тек білімді болу адам үшін жеткіліксіз, адам бір мамандықтың иесі болып, құзырлы маман болуға тырысуы керек және сол өзі меңгерген мамандығы арқылы өзінің тұлғалық әлеуетін жан-жақты іске асыра алады.
Әрине, кейбір адамдар өздерінің қабілеттерін бірнеше салада (ғылымда, мәдениетте, өнерде) көрсете алулары мүмкін. Бұндай жағдайда кәсіби құзіреттілікпен қатар жеке тұлғаның түрлі салаларда табысты іс-әрекет жасай алатын дарындылығы байқалады.
«Кәсіби құзіреттілік» ұғымы ең бірінші жеке тұлғаның кәсіби білімінің деңгейімен, жеке қабілеттерімен, өзін-өзі жетілдіру және үздіксіз іскерлігімен, өз ісіне деген шығармашылығымен, жауапкершілігімен, теориялық білімдерін практикада тиімді қолдана алуымен анықталады.
Білімді де білікті оқытушы болу үшін, ең бірінші тәлім-тәрбие қызметін құрметтей білу, оқытушы болуды өзі жақсы көру, бар ынта жігерін бала тәрбиесіне арнау қажет болады. Бұл – оқушының өзін сүйетін, өзінің берік сенімімен тәрбиелеген ұрпақтары ұлттың және заманның талабына сай дарынды адам болып шығуы жағынан бейнеленеді.
«Ұстаз болу- ұлы іс» демекші әрбір ұстаз, оқытушылық қызметтің маңыздылығын түсініп қана қоймай, қиындығы мен қызығушылығы мол кәсіпке шын жүректен, адал ниетпен келуі алғы шарт болып табылады. Оқушылық қызметтің қадірін тек оқытушы болғандар ғана түсіне алады. Ұстаздық кәсіптің объектісі – болашағынан үміт күттіретін жастар мен жасөспірімдер болғандықтан ұстазға ауыр жүк «міндеттер» жүктеледі.Ұлттың өркениетке жетуі, отанның гүлденіп көркейуі, дамуы ұстазға тікелей байланысты. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы дегендей,ұстаздан шәкірт озып жатса, оқытушы тіпті де теңдесіз бақытқа бөленеді. «Қазақстан - 2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасындағы негізгі міндеттердің бірі - жоғары интеллектуалды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, кәсіби білім-біліктіліктерін арттыру, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, кәсіби білім беруде ұстаздардың алдында орындалатын үлкен міндет бар. Әрбір өскелең жастың кәсіби шеберлігін, мамандыққа деген қызығушылығын, жаңашылдыққа талабын, ғылым мен техниканың дамуына ілесуін, отанының патриоты болу жауапкершілігін арттыру жолы мұғалімнің іскерлік шеберлігіне байланысты болмақ.
Білім беру саласындағы жаңа өзгерістер әрбір оқытушының өз ісіне аса мұқиятты қарауын талап етеді.Оқыту үрдісінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызығушылықпен қабылдайтын, тәрбиені бойына сіңіруге дайын оқушылар екендігін ескеріп,олардың ойлау, есте сақтау, өз бетінше іздену қабілеттерін жетілдіру жолдары қарастырылады. Мұғалімдердің алдында оқушыларға білім, білік, дағдыларды игертіп қана қоймай, олардың білімді қабылдауын, қияли сезімдерін, ерік-жігерін, яғни жан-жақты шығармашыл тұлға етіп дамыту міндеттері тұр.
Қазіргі кезеңде жоғарғы дәрежелі оқытушылық қызметке қойылатын талап күшейтілген. Уақыт нағыз ауқымды шығармашылық дербестіктерге, ғасырлар бойы жинақталған жалпы адами құндылықтарды тасымалдауға, психология-педагогикалық диагностика тәсілдерін терең меңгеруге, қазіргі кәсіптік технологиялар мен кәсіби қатынас мәдениетін біліп үйренуге талап қояды.
Қазіргі заманауи ұстаздарымызға қойылатын міндеттер өте ауқымды.
Олар:
1)жаңаша ойлауға,таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту;
2)оқушыны есікке дейін алып келіп,қолына кілтті беріп, сол құралды қалай пайдалануды үйрету,білім дүниесіне оқушының өзінен басқа ешкімнің де кіре алмайтынын ескерту;
3) оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға үйрету;
4) оқушыны өзін-өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолдарын көрсету.
Болашақ ұстаздар меңгеруге тиісті қасиеттер:
-
балаларды сүйе білу-гуманизм принципінің маңызды бөлігі және мұғалімнің маңызды сапасы;
-
баланы, адамды құрметтеу-әр адамның бойынан тұлғаны көре білу,мұғалімге қажетті қасиет;
-
балаға,адамға сену-оқу үдерісіндегі жетістік кепілі,гуманизмнің оптимистік бағытын көрсетеді;
-
баланы, адамды білу- тұлғаның жан-дүниесін білмейінше берген тәрбие бекер болады; гуманды болу-адамды тани білу деген сөз;
-
баланы,адамды түсіну-оның орнына өзіңді қоя біліп,қоршаған ортаны соның көзімен көре білуі қажет;
-
жеке тұлғаның рухани дүниесі мен табиғатына қамқорлықпен қарау-әрбір тұлғаның қайталанбайтын өзіндік рухани әлемі, өмір тәжірибесі, әдеттері мен көз-қарастары болады;
-
жеке аброй сезімін сақтау және дамыту-онсыз тәрбие де, өзін-өзі тәрбиелеу де мүмкін емес;
-
оқу үдерісіне қатысушы ретінде баланың, адамның досына айналу,оған қолдау көрсету және көмектесу (В.А.Сухомлинский);
-
тұлғаның денсаулығына, психикасына,шығармашылыққа деген ұмтылысына зиян келтірмеу;
-
тұлғаның дүниені тұтастай сол қалпында қабылдауына көмектесу.
Мұғалім өзінің ойлау жүйесін өзгертіп, сан қырлы және сан алуан дүние философиясына тереңдеп енуі қажет. Тек сонда ғана оның мәдениеті өзгеріп, мәдениетті тұғырда қайта құрылады.
Қоғамымызға бүгінгі мұғалімнің жаңа стилі қажет. Ол мынадай гуманистік тәсілдері бар күш қолданбау этикасын пайдаланады:
-бақылаудың орнына ынталандыру;
-мәжбүрлеудің орнына кеңес беру;
-ауыстырудың орнына сенім білдіру;
-үгіттеудің орнына түсіндіру;
- жоюдың орнына қалпына келтіру;
-басқарудың орнына қатысу;
-айғайлап, дауыс көтерудің орнына әзілдеу;
-кінәлаудың орнына қорғау;
-бұйрық беріп, жаппай тексерудің орнына кәсіби көмек көрсетіп,қолдау жасауға ұмтылу.
Қазіргі заманда осындай кәсіби әдіс-тәсілдерді мұғалімнің жетік білуі білім сапасын арттыруда шығармашылық жұмыстармен айналысуын жеңілдетеді.Сонымен қатар оқытудың жаңа технологиясын пайдалану сапалы білім негізі. Осы мақсаттарды жүзеге асырғанда оқушының пәнге деген қызығушылығын туғызып, танымдық белсенділігін жетілдіруге жол ашылады. Әр жылдың ұсынары бар және қалай болса да заман ағымынан қалмай ілгері жүру - ұлы мұрат. Осы орайда жастарды тәрбиелеуде ақыл-ойдың алыбы Абайдың «Ғылым іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» дегендей, тез жетілудің амалын, әдіс-тәсілдерін іздестірген абзал.Жалпы пән мұғалімдерінің теориялық және әдіснамалық дайындығы оның кәсіптік құзіреттілігінің көрсеткіші бола алмайды.
Мұғалімнің білімдерді қалай алып, меңгеруге болатынын және оларды қай жерде қалай тиімді пайдаланудың жолдарын білуінің, қандай дәрежеде өзінше ойлап, дұрыс қорытынды шығара алуының маңызды зор. Сондықтан, олар жаратылыстану білімдерінің құрылымы мен атқаратын қызметін, логикалық ойлаудың заңдары мен ережелерін, ой толғау тәсілдерін меңгеру арқылы, оның ғылыми заңдылықтары, ғылыми теорияларының дұрыстығына көз жеткізу немесе оны теріске шығару, ғылыми зерттеу әдістерімен қарулануы, әрі өздерінің меңгерген білімдерін оқушыларға қалыптастырудың да әдіс-тәсілдерін білуі тиіс.
Әдіс-жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің арасын байланыстыратын оқу үдерісінің өзегі болып табылады. Оның айқындаушы рөлін мақсат – мазмұн – форма -оқыту әдісінің құралдары көрсетеді.
Білім берудің жаңа жүйесінің басты ерекшелігі сонда: әртүрлі деңгейдегі білім беру мен кәсіби іс-әрекетін жобалауға қабілетті педагог-міндетті түрде жаңа бағыттағы идеялар, технологияларды және сол білімдарлық технологияны меңгеруге дайын болуға дайындау.
Оқыту барысы табысты болу үшін мұғалім мыналарды жақсы білуі керек:
1) өз пәнін;
2) пәнге байланысты ғылымдарды және таным теориясын;
3) бір ғана ұғымның әр түрлі жақтарының арасындағы байланыс пен қатынасты ашу іскерлігін;
-
оқушылардың әр түрлі пәндер бойынша алған білімдерін ғылыми көзқарастардың бірыңғай жүйесіне келтіру біліктілігін.
Теориялық оқыту оқушылардың кәсіби дамуына ықпал етеді: бұл - кәсіби есте сақтаудың және кәсіби ойлаудың дамуы, ақпаратты қабылдау тетіктері қырларының өзіндік дамуына қосылған үлес. Кәсіпке теориялық оқыту кәсіби тәрбиеге де елеулі үлесін қосып, мамандарды кәсіби іс-әрекеттің тікелей теориялық негізі болып табылатын білімдер жүйесімен қаруландыру жағын қарастырылса, кәсіби білім берудің практикалық бөлігінің базистік немесе оқу міндеті оқушылардың кәсіби құзіреттіліктерін орындауға мүмкіндік беретін біліктіліктердің жүйесін қалыптастыру болып табылады. Онда
- кәсіби оң бағытталушылыққа тәрбиелеу
- таңдап алған кәсіпті ұнатушылыққа тәрбиелеу;
- кәсіби еңбек сапаларын қалыптастыру жолдары жатыр.
Мұғалімнің кәсіптік деңгейі оның логикалық ойлау қабілетінің дәрежесі мен әдістемелік дайындығының сапасына тікелей байланысты.
Кәсіби дайындық дегеніміз - ұстаздардың теориялық білімдері мен практикалық әрекеттерінің бірлігі, оның тікелей нәтижесі, дмыған педагогикалық ой-санасы, өзіне тән шығармашылықты меңгеруінде, осы айтылғандардың барлығы оқушылар іс-әрекеттерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, олардың тұлға ретінде дамуына әкеледі. Білім беру тұжырымдамасының басты бағыты - ізгілікті және белсенді тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты - ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасай отырып, оның шығармашылық қабілетін және жан-жақты тәрбие беруді дамыту» - деп атап көрсетті.
XXI ғасыр ұстаздарының келбеті – жоғары деңгейдегі іскер, шығармашыл, жаңашылдық әрекеттегі, педагогикалық этикасы бар, психолог-педагогтік диагностика жасай білетін, оқып үйрену, тәрбиелеу және оқыту технологиясын игерген, қоғамдық дамудың деңгейіннен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сергек, өз ісіне адамгершілік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі үдерістердің барысын идеялық - адамгершілік тұрғысынан шеше алатын, жас ұрпақтың жауапкершілігі мен қабілетін, өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын, педагогикалық ынтымақтастықты орнатуға бейімі бар маман болуы шарт.
Мемлекет мәдениетінің айнасы-мектеп. Шын мәнісінде еліміздің әлеу-меттік, мәдени, саяси, психологиялық жай-күйі халықтың білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық іс-әрекетінен анық аңғарылады. Осы орайда, жазушы Ә.Кекілбаевтың «Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол-адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол – арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс» -деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала – мектеп және оның мұғалімі.
Педагогикалық іс- өте нәзік, қасиетті іс. Ол тәрбиешіден сезімталдықты, балаға деген сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты талап етеді.
Бүгінгі мектептің басты міндеті- өзіндік ой- көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл бола алады.
ХХІ ғасыр — қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр. Аманатқа қиянат жасамау-халқымның ізгі ұлылық дәстүрі.
Жаңа ғасырдың ақпараттық қоғамына қажетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындау мәселесіне байланысты 2005 жылы 18 тамызда «Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» және «Қазақстан Республика-сындағы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасының» жобалары ұсынылды. Осы екі жобаның біріншісінде жаңа тұрпатты мұғалімге – рухани жетілген, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне сын көзбен қарай алатын, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашыл-дыққа ұмтылатын тұлға ретінде анықтама берілген.
Мұғалім идеалы – білімнің құндылығын айқын түсінетін, «мәдениеті жоғары адам», өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған педагоги-калық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс делінеді.
Кәсіпқой мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үдерістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін ауытқушылық-тарды дер кезінде түзете алуы, яғни құзыретті тұлға болу керектігіне назар аударылады.
Жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс: әдіснамалық, жалпымәдени, пәндік-бағыттылық. Педагогикалық қызметтің шығармашылық бағытталуы, біріншіден, мұғалімге мамандығы үшін мәні бар күшті және әлсіз жақтарын (өзін-өзі тануын, эмоционалдық қалпын, коммуникативтік және дидактикалық қабілеттерін және т.б.) бағалай алуы; екіншіден, зияткерлік мәдениетін (ойлау, ес, қабылдау, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты меңгеруі; үшіншіден, қазіргі интеграциялық үдерістер, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алу сияқты мәселелерді қарастырумен байланысты.
Жаңа тұрпатты мұғалім ұғымының теориялық еңбектерде қарастырылу жайы, айтылған мәселелерді жүзеге асыру үшін жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды да қолданудың дидактикалық шарттары, ақпараттық технологияларды қолдану мазмұны сынды мәселелер өз шешімін табуды көздейді.
Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша бакалавриаттың халықаралық бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны үйлескен білім беру бағдарламалары жасалып, оқытудың кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары жүзеге асады. Білім берудегі осындай өзгерістерге сәйкес жаңа тұрпатты мұғалім дәстүрлі оқыту формаларын ақпараттық-коммуникациялық, басқа да жаңашыл технологиялармен үйлестіріп жүргізе алуға қабілетті болуы керек деп есептеймін.
Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет — білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау. Жаңашыл мұғалімдер «педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек».
Жаңа тұрпатты мұғалім ұғымын психологиялық-педагогикалық әдебиеттерден жаңа типті мұғалім, жаңа буын мұғалімі терминдері түрінде кездестіріледі.
Дегенмен, бұларда бірін-бірі қайталайтын тұстар да баршылық. Жаңа тұрпатты мұғалімдерге қойылатын талаптардың «Жоғары педагогикалық білім» және «Жоғары педагогикалық білім беру құрылымы» бөлімдерінде олар бір-бірін қайталаған. Егер бірінші тұжырымдама негативті факторлар ретінде «бірін-бірі жалғастырып жататын білім беру стандарттары мен бағдарлама-ларын құруға ғылыми негізделген ұстанымның болмауын» атаса, екінші тұжырымдама авторлары «стандарттардың, типтік оқу бағдарламаларының жетілдірілмегендігін…» атайды. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Сондықтан, осы екі тұжырымдама негізінде біреуін жасау қажеттігі сөзсіз.
Педагогикалық білім берудің ең жоғарғы мақсаты — жаңа тұрпатты мұғалімнің жалпы және кәсіби дамуының үздіксіз жүргізілуі. Бұл мақсатты жүзеге асыру кезінде маман-адам, азамат пен оның кәсіби білімі, іскерліктері мен дағдылары арасындағы үзіліп қалған байланыс қайта жалғасын табуы керек. Болашақ маманның жеке тұлғалық позициясын, оның кәсіби білімі мен іскерліктерін біріктіру жүзеге асуы жөн. Бұл біріктіру жалпы қосынды емес, сапалық жағынан жаңа құрылым болып, тұтастығы мен ішкі құрылымы жаңа типті мұғалім даярлау мен қалыптастыру мақсатын қоюға болады. Педагогикалық білім беру мақсаты, мұғалім тұлғасы мен кәсіби қызметінің инвариантты, идеалданған көрсеткіштері біліктілік сипаттамасының негізіне қойылатын профессиограммада ашылады. Біліктілік сипаттамасы типтік кәсіби педагогикалық міндеттер жүйесі түрінде құрылып, мұғалім тұлғасы мен кәсіби қүзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптарды құрайды.
Шебер мұғалім, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында бар адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-саналарына, қол өнері мен педагогикасына арқа сүйейтіндігіне және ашық-жарқындығы мен бауырмалдылығына, яғни қазақ ұлтының басқа халықтардың құндылықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударған жөн. Екіншіден, өзі оқытатын пәнді терең меңгеруге міндетті. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы керек. Мұғалімнің жеке басының үлгісі — кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі, кез келген ұжымдағы қарым-қатынас мұғалімнің жеке басының үлгісімен тығыз байланысты.
Сонымен жаңа тұрпатты мұғалім ұғымы соңғы жылдары жарияланған шетелдік және қазақстандық педагогика оқулықтарында, ғылыми зерттеулерде «жаңа типті мұғалім», «мұғалім идеалы», «шебер мүғалім» түрінде берілсе, «жаңа тұрпатты мүғалім» термині терең қарастырылмаған. Жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз – кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыру-ға қойылатын негізгі талап болып отыр.
Саналы азаматтарға білім мен тәрбие беретін мұғалімдердің бүгінгі таңдағы алатын орны зор. Қазіргі білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер әр түрлі ынталы бастамалар мен түрлендіруге кеңінен жол ашылуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесі және оның дамуы мен арнайы айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа салада ұйымдастыру, көтеру қажеттілігі туындап отыр. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл зерттеуші, өз ісінде қатып қалған қасаңдық пен жаттандықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтық диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.
Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін мұғалімдер рухани тоқыраудан сақтанып көп ізденуі керек. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әрбір педагогтың алдында үлкен жауапкершілік тұр.
Жалпы айтқанда, болашағын қамтамасыз ету әрбір мұғалімнің азаматтық рухани парызы мен борышы.
2.2 Бастауыш мектеп мұғалiмiнің шеберлігі
«Ұстаз –жас ұрпаққа» өз өнерін, тәжірибесінен, білімін үйретуші, ақылшы, тәрбиеші». Мұғалім-мемлекет қызметкері. Мұғалімді мемлекет оқытып, білім беріп мемлекеттің болашағын сеніп тапсырады. Ол қоғамның мұң-мұқтажын жоқтайды, болашағын ойлайды, соған қызмет етеді. Мұғалім мәдениеттің қайнар көзі, жастарды қалыптастыратынн мүсінші, адамтану мамандығының иесі. Бүгінгі мұғалім, әсіресе бастауыш сынып мұғалімі өте жан-жақты білімді әмбебап ұстаз болуы тиіс. Мұғалім өзінің қадір-қасиетін жоғары ұстағаны жөн. Жоғалған абырой қайтып орнына келмейді. Бастауыш сынып оқушысы сенгіш келеді. Баланың сенімін ақтау мұғалімнің парызы.
Мұғалімнің қызметі қызықты да, бейнеті көп, ауыр жұмыс. Мұғалімдікке үлкен жүрек, балаға деген ыстық мейірімділік керек. Мұғалім-мемлекеттің саясатын іс жүзіне асырушы тұлға. Бастауыш сынып мұғалімі жас балалардың тілін таба білетін, олардың жұмысын ұйымдастыра алатын, өзіне қатал талап қоя білетін, өзінің әріптестерін түсінетін, ата-аналармен ынтымақтастыққа еңбек ете алатын болуы керек. Ұстаздық қызметтің қиындығы мол. Себебі, ол бір екі ғана баланы тәрбиелемейді. Ол қабілеті мол бейімділігі, қызығушылығы, мінез-құлқы, түсінігі мен көзқарасы әр деңгейдегі жасөспірімдерді тәрбиелейді, оқытады, біліммен сусындатып, өмірге жолдама береді. Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі қарым-қатынаста болуымен және рухани араласымен сипатталады. Ұстаздық әдеп жай ғана сыпайылық білдіру емес, ол шығармашылық ақыл-ой әрекеті, мәдени мінез-құлықтың, саналы іс-әркеттің, білімділік пен іскеліктің жиынтығы. Ұстаздың әрбір қадамында баламен арақатынасында, сезгіштік, байқампаздық, салмақтылық, ұстанымдылық, ілтипаттылық, кішірімділік, талап қоя білу, адамға сенім арту, ынталы-ықыласты болу, талас-тартыс туған жағдайда әділдік, адалдық көрсету, бала жүрегіне жол таба білу, түсіне білу ұстаздық әдептілік белгілеріне жатады. Ұстаздық әдептің негізі оқушыларға деген шын ықыласта және олардың адамдық ар ұятына деген адалдықта жатыр.
Ұстаздық әдеп көбінесе шәкірттермен бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында ұсынатын жөнге лайық шара ретінде анықталады. Ұстаздық әдет шығармашылық, ақыл ой әрекеті айрықша іскерлік әдепті ұстаздың әртүрлі әдіс-тәсілдерді меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды ақыл таразысына салып өлшеп, орнымен пайдалана біледі. Ұстаздық әдеп әр ұстазда әр түрлі және ар қалай көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жас мөлшеріне темпераментіне, мінез-құлқына, тағы басқа ерекшеліктеріне байланысты. Ұстаздық әдеп әр ұстаздың дара қасиеті.
Бастауыш сынып мұғалімінің
кәсіби білімінің ерекшеліктері
Бастауыш мектеп мұғалімі – ерекше тұлға. Өйткені ол – балалар мен
үлкендер әлемінің арасындағы сарапшы. Бастауыш мектеп мұғалімінің
еңбегін өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, себебі ол еңбектің
жемісі – адам. Мұғалімге отбасы мен қоғам ең қымбаттысын, өз елінің
азаматының болашағын, оның тағдырын табыс етеді. Бүгінгі мұғалім
еңбегі қандай болса, ертеңгі болашағымыз да сондай болмақ.
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары,
мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады.
Тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық,
саяси-экономикалық білімділік, ақпараттық сауаттылық талап етілуде.
Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың
жаңа технологиясын шебер меңгерген мұғалім болуы тиіс
[18].
Мұғалім әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетіәк білген әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамдағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі бола білуі керек.
Білім беру мен тәрбиелеудің негізі – ұстаз. Қазіргі таңда шығармашылық ізденістегі педагогикалық жаңа әдістерді жете меңгерген, кәсібилікке қалыптасқан педагог қажет.
ХХI ғасырдың ұстазы жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан дүниесі бай, ұлттық мемлеектшілдіг Ұстаз болу-жүректің батырлығы" Ұстаз-тәлім мен тәрбие беруші бала көңілді,кең пейілді кемеңгер. Әрбір шәкіртінің "адам" болып қалыптасуына, қайталанбас тұлға болуына ықпал етуде барын жұмсайды, еңбектенеді. Өзінің де өзгенің баласы үшіін қуанып,қызарады.
Шәкірттің жақсы болуы-ұстаздың айтқан сөзіне ғана емес, көрсеткен үлгісімен сабақтасып, байланысып жатады. Ұстаз-бәрінен бұрын тәрбиеші. Ол оқыту мен тәрбиені қатар алып жүруші. Ұстазға қойылатын басты талап пен тілек ортақ. Ол білімділік, имандылық, парасаттылық.Ұстаз шәкірттерге білім бергенде, тіл факторын үйреткенде, олардың логикалық ойын дамыту тәрбиесін қатар жүргізеді Мен ұстаз еңбегін жыл мезгілдерінің табиғаттағы ерекшеліктерімен ұқсатқым келеді.Мұғалім көктемдегі тіршілік секілді шәкіртіне ,жас тал тамырына нәр беріп,қуаттандырып,оны білім жолына жетектейді.Білім беру процесінде ұстаз қыстың ызғарына,небір борандарға төтеп беріп,жаздың шіңгір ыстықтарына күйеді.Бірақ,күз мезгілі келгенде,еккен егіннен жемісін татып,қырманы алтын дәнге толғанда,арманы орындалып,төбесі көкке жетіп,балаша қуанады.
Қазіргі таңдағы ұстаздарға "жүрек батырлығы" өте қажет секілді.Өйткені,сауатты болу,жаңа технологияны жетік меңгеру,ғаламтор арқылы байланысып,желіде жұмыс жасай білу,үнемі білімін толықтыруы қажет. Оған қоса,нарықтық күйзеліспен арпалысқан ата-аналармен ,ата-ана тәрбиесі мен жылуынан алыстап бара жатқан балаларға мейіріммен қарым -қатынасқа түсу,оларға жылу бере отырып сауаттандыру,қағазбастылық міндеті тағы бар.
Ойдың түйініне келер болсақ,ұстаз - оқытушы,"кітап","ата-ана","компьютер" қызметін қатар алып жүруі керек,Осы тұста ұстаздардың еңбегі ұшын-теңіз екендігін ұғынуға болады.
Қайғырмайды өзі үшін, Біздер үшін қуанып, Қызарады біз үшін,-деп Қадір Мырза Әли "Мұғалима" өлеңінде жырлағандай, ұстаз еңбек етуден талмайды, қиындыққа мойымайды, шәкірттерінің жетістіктеріне куә болған сайын,шабыттана түседі.
«Адамның адамшылығы-ең алдымен,жақсы ұстаздан» Абай Құнанбаев. Адам жанын әрқашан арман аялайды.Балдәурен балалық шақтан бастау алатын асыл арман ағынды арна тапса,сұңқар қиялы қияндарға жетелейді.Ақжелкен арманға аяулы сезім мен ақыл парасатты астастыра білгендер ғана бақыт баспалдағымен абырой биігіне өрлемек.Осындай бел-белестерден әрі асып,армандармен жалғасып жатқан жолдардың бірі-ұстаз жолы.
Ұстаз! Алғаш әліппенің бетін ашып әріп танытқан,өмірдің қыр-сырын білуге,сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болған, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп,адамгершілікке баулыған алғаш бастауыш кластағы жетекшімізне еліктеп, ұстаз болуды армандадық. Мектепті бітіргенге дейін сол ойымыз да өзгерген жоқ.Әрдайым сол кісілердің айтқан сөздерін, ақылын жадымызда сақтап, қашан да оның бізге артқан үмітін ақтаймын деген өз алдымызға мақсат қойдық.Ұстаз болу көп еңбекті, шыдамдылықты, төзімділікті, адалдықты, әділдікті талап етеді. Мен ұстаздықтың осындай ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Өйткені кешегі оқушы бүгінгі студент, бүгінгі студент ертеңгі — маман, елді өркениетке жеткізуші. Мектеп қабырғасында да, арнаулы кәсіби оқу мекемелерінде де, жоғарғы оқу орындарында да білімді де мәдениетті жаңа ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу мынадай маңызды мәселеге келіп. тіреледі. Ол – оқу жүйесінің сапалылығы, оқытылатын материалдың қажеттілігі, кешегі оқушы, бүгінгі студент, болашақтағы маманның, Абай айтқандай, «бір кірпіш тәрізді дүниеге кетігін тауып қалануы».
Бүгінгі ұрпақ - тарихи кезеңде өмір сүріп, ұлттық, елдің, жердің болашағы үшін үлкен жауапкершілік міндетін арқалап отырған ұрпақ. Ғасырлар бойы бабаларымыздың арманына айналған Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егемендік еншілеген ұрпақ. Олардың болашақта ұлттық дәстүр мен салт-сананы берік сақтайтын, тіліміз бен ділімізді жалғастыратын, саналы да, парасатты болып өсуінің бір кілті ұстазда деп білеміз.
Қазіргі заманның ұстазы ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып төл мәдениетін қастерлейтін, сыйлайтын, оны өзгеге таныта, сыйлата алатын, дүниежүзілік мәдениетті танитын, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық деңгейі жоғары, білімді, білікті болуы керек. Ұстазды оқу-тәрбие ісі жастардың жүрегін тебірентіп, ой сезіміне әсер ету үшін:
Біріншіден, саяси сауатты, жан-жақты білімді болуы;
Екіншіден, өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін,шеберлікпен жеткізе білетіндей әдіскерлік икемділігі;
Үшіншіден, оқушының психологиялық ой-өрісін бақылай алатын сезімтал психолог,өз ісіне,шәкіртіне деген сүйіспеншілігі қажет.
Сонда ғана ол-нағыз ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ. Шығыс даналығы: «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар. Істеуін көрсетіп берсең, үйреніп аламын»-деген екен. Бұл баланың ынтасын жетелеу арқылы оқыту, үйрену деген сөз. Сабақта бала көбінесе білімді қабылдап алушы, көп объектінің бірі деп есептеледі, олардың ерекшеліктері ашыла қоймайды. Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру керек» делінген. Ал, Қазақстан халқына Жолдауында ұлт Көшбасшысы: «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», - деп көрсеткен болатын.
Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс. Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі. Сондықтан, орыстың ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” – деген. Бұл “Ұстаз” атты ұлы сүрлеуге соқпағын салып жол тартқан көкірегі ояу, көзі ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту. Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет.
|
Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әрбір мұғалімінің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуметін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» – деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде жастардың бойындағы адами құндылықтарды, қайырымдылықты, сүйіспеншілікті дамыту, сөйтіп тәрбиелей отырып оқыту. Білім беру жүйесіндегі бұрынғы ағартушылық бағытын сақтай отырып адамгершілік тұрғысынан кемелденуіне аудару. Ендеше жеке тұлғаның қасиетін ашып көрсету заман талабы. Оны күнделікті оқу тәрбие жұмысы әр сабақтан байқауға болатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Әр мұғалім жаңа сабақты жоспарлағанда тек тақырыпты мазмұндау міндет емес, оқушы ойын қалай дамыту, керек оқушыға не берем деген мақсат тұрса қазіргі оқытудың жаңа технологиялық әдіс, тәсілдерін қолдана білсе, оқытушы аз сөйлеп, көп білім мен тәрбие бере алады. Қазіргі мұғалім-өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамытушы тұлға.Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы,орындаушы болса,ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда мен дамыта оқыту технологиясын басшылыққа аламын.Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл - ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың ақыл - ойының көзін ашып, шығармашылығын дамытады.Баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. .Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Білім кілті бастауышта. Тіл дамуы, тәрбие, білімге деген құштарлықтың оянуы да бастауыштан басталады.Мен бастауыш сыныпта бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келемін. Мен аталған талаптарға жауап бере алатын технология ретінде дамыта оқыту технологиясын таңдадым. Сабақтарымды осы технология бойынша жоспарлап жүргіземін. Қазіргі кезде менің оқушыларым 4 сыныпта оқиды. Сыныпта 29 оқушы бар. Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамытудың негізгі факторы болып олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керекті саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз . Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік сияқты қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуал болуы басты назарға ұстанылады. Ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрысы мақталып, қатесі түзеліп отырылады. Оқушы кішкентай бала деп қарамай, оның да пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу, оның дамуына орасан зор әсер ететіндігі дәлелденеді. Сынып жоғарылаған сайын әртүрлі тақырыптарға, олардың ішінде қиял-ғажайыптары да бар, әңгімелер жазуды тапсыратын болдық. Мысалы мынадай тақырыптар
|
Білімнің іргетасы бастауыш сыныпта қаланатыны сөзсіз, сондықтан бастауыш сынып мұғалімі ақ парақтай кіршіксіз оқушыға қалай тәлім, білім берсе, орта буын, жоғары буынға барған кезде оқушылар сөзссіз білімді нақты игере алады. Яғни бастауыш сынып мұғалімдеріне қойылатын талап өте жоғары, олай болса мұғалімнің келбетін сипаттап көрейік:

Менің ойымша мұғалімнің бойында осы қасиеттердің барлығы болса, мұғалім оқушыларына толыққанды білім береді.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі, білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. А.Байтұрсыновтың «Мектеп керектері» еңбегінде былай делінген: «...Мұғалім қандай болса, мектеп һәм осындай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».
Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады, мұғалім өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс істейді. Сол жас бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай ізденісте болу үшін заман талабына лайық жаңа білім, жаңа тәрбие керек. Мұғалім сөзімен, ісімен, мәдениетімен, білікті білімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, балалармен тіл табысудағы қасиетімен асқақ, өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана педагогтік мәртебесін биік ұстай алады.Қазіргі қоғамда қажетті де осындай ұстаздар.
«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі» - деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай: қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты шарт екені аян. Бүгінгі таңда мұғалімнің ұстаздық тұлғасын қалыптастыру күшеймесе, кеміген жоқ. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, жаттандылықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог – педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім керек.
ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл - өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болу шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет, ғаламдасуға байланысты «Ғаламтор» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болу қажет.
ҚР орта білім беру жүйесі дамуының мемлкеттік тұжырымдамасында «Кез-келген білім бағдарламасының табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу жоспарын да биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кәсіби дәрменсіздігі істі құлдыратады...» делінген. Жеке тұлғаны тәрбиелейтін адам – мұғалім, мұғалімге сенім білдірмесе, оқу игі жеміс бере алмайды, сондықтан қоғамымыз мұғалімге үлкен сенім артып отыр.
Осыған сүйене отырып, мен білім беру барысында оқушыларымның функционалдық сауаттылығын дамытуды жолға қойдым. Мұғалім даму жұмысының көшбасшысы екенін ескерсек, менің жұмыс жүйем: жаңа бағдарлы оқытудың барысында алдымда тұрған келелі міндеттердің бірі – оқушылардың өз бетімен жұмыстануына, ойлауына мүмкіндік жасау. Практикалық білімнің маңыздылығын ашатын әрүрлі интерактивті және топтық жұмыс түрлерін ұйымдастырамын, оқыту әдістерін өзгерту, үнемі іздене отырып, жаңалықтарды біртіндеп жұмыс жүйеме енгізіп отырамын. Білікті білім беру жағдайында білім, іскерлік, дағдының міндеті өзгереді. Мен сабақтарымды 7 модульді қолдана отырып, жүргізіп келе жатырғаныма 4-5 ай уақыт өтті [19]. Осы аралықта оқушылар сабақ барысында бір-бірімен әріптестікте жұмыс жасай отырып, өзара білім алмаса білді. Жұптық, топтық талқылау барысында ұйымдастырушылыққа үйренді, бірін-бірі түзетеді, оқытады. Сыныпта белсенді ашылып өз ойын білдіре қоймайтын оқушылар білек сыбанып, қызу жұмысқа кіріскенде шынымен де өз жұмысыма сырттай рахаттанып, сүйсінетін кездерім көбейді.
Менің оқушылардың білімін бағалау кезінде қиналып, шешімін таппай жүрген сұрақтарым болатын. Осы сұрақтарымның шешімін тапқандаймын, Неге? Өйткені сабақты критериялды бағалауды жүйелі түрде жүзеге асырып келемін. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бастауыш сынып оқушыларының өз ісіне сын көзбен қарау, сапалы жұмыс жүргізе білуге үйреніп келеді [20].
Мұғалім – қоғам айнасы. Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрелік. Бүгінгі мұғалім ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім оқытушы, мұғалім-ұстаз, мұғалім-оқулық авторы, мұғалім-технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Ұлттық мемлекеттің дамуы, өркениеті негізгі үш шешуші кезеңнен тұрады:
1. Жаңа ғылыми жаңалықтарды игеруі
2. Білімнің деңгейін көтеруі
3. Мамандардың кәсіби білімімен айқындалуы
Белгілі педагог К.Ушинский: «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды» - деген. Сондықтан ұстаз-шәкірт-ұстаз болуы қажет. Белгілі ағартушы педагог ғалымдар: С.Қалиев, Ә.Нысанбаев, Ш.Т.Таубаева, Қ.Жарықбаев, Б.Барсай тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мұғалімнің мәдениеті мен шеберлігін, интеллектуалдығын бірнеше бөліктермен анықтауға болады.
1. Мұғалімнің сыртқы келбетінің мәдениеті
2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі
3. Мұғалімнің кәсіби мәдениеті, әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, демалуы, дауыс ырғағы, сазы
4. Ілтипаттылығы, сенімі, әділдігі, төзіммен сабыр сақтауы
Ұстаздық қызметтік қыры мен сыры мол, сондықтан да ұстаздар өз ісінің әрбір қыр-сырын жетік меңгеру, игеру жолында кәсіптік шеберлікті толық меңгерсе ғана бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз.
Мұғалімнің кәсіби білік дағдылары оның жеке кәсіби педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Олай болса жаңаша өмірге бет бұрып, жаңаша ой түзеген егемен еліміздің ұрпағын білім нәрімен сусындататын саналы тәрбие, сапалы білім беретін жеке тұлға, мәдениеті мен кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалім – ғасыр көшін бастаушы болап табылады [21].
Мұғалім — бүгінгі оқушы — ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында деп түсінгеніміз дұрыс [22].
Білімді де білікті маман даярлаудың мақсаты — маманның бойында іргелі де жүйелі білім, кәсіби іскерлік пен дағды, шығармашылық белсенділік пен еркіндік, мәдени ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру болса, білім ғасырындағы білім берудің жаңа жүйесі нені оқыту (білім мазмұны), қандай жүйеде оқыту (құрылымы), қалай оқыту (педагогикалық технология) мәселелерін шешуге бағытталуда.
Жалпы бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сыныптан бастап мектеп мұғалімдері олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, күнделікті өтілетін әрбір сабақты ұтымды ұйымдастыра білу - мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рол атқарады деп түсіндіреді [23].
«Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» — деп, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі — білімді ұстаз. Яғни мұғалімнің кәсіби шеберлігі жоғары болған жағдайда – білім сапасы да артады дегім келеді.
3 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ЖОЛДАРЫ
-
Мұғалімнің педогикалық әдебі және өзін-өзі жетілдіру қажеттілігі
Педагогикалық әдеп – мұғалімнің кәсіптік сапасы және ең етене кәсіптік белгісі. Қай мамандық болсын оның бір белгілі айырықша белгісі болады. Ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалады. Мұғалімнің кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтік әдебінде жатады. Әнші үшін үн немесе музыкант үшін музыканы ұғыну қандай қажет болса, мұғалім үшін педагогтік әдеп солай қажет.
Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға кіріктіріп пайдаланудың өзі педагогтық әдеп болып табылады. Әдетте, әдепті адамдарды олардың кішіпейілділік, басқаны түсіне білушілік, жылы шырайлылық, тапқырлық, елгезектік, өзгенін пікіріне құлақ асушылық, ұстамдылық, байсалдылық, әзілкештік сияқты мінез-құлық белгілеріне қарап тануға болады.
Әдепті мұғалім ересек адамдармен қалай сыпайы және ілтипатпен сөйлессе, оқушылармен де солай, тек ересектерден гөрі сақ және ықыласпен сөйлесу керек. Педагогикалық әдептің негізі оқушыға деген шын ықыласты және олардың адамдық ар-ұятына деген көзқарасында жатыр. Педагогикалық әдеп оқушыны адам ретінде сыйлау деп есептеуге болады.
Мұғалім жұмысында педагогтік әдеп сақталмайынша оқушылармен тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың тілін таппайынша оқу-тәрбие үрдісінде ілгерілеу жоқ. Белгілі психолог В.А. Сластенин атап көрсеткендей, педагог әдептен құр болса, оқушылар тәрбиесіне залалы тиеді, олардың бойында кейін түзетуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдеп-қылықтардың пайда болуына себеп болады. Оның байқауынша, мұғалімнің әдеп әлемінен алыстығы оқушыны тұйықтыққа, сенімсіздікке, жаман оқуға бастап, тәртіп бұзуға итермелейтін, мұғалімге өшігіп, бәрін теріс істеуге бейім тұратын болып кетуі ықтимал. Педагогтың әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттермен өлшенеді. Енді осы түсініктерге тоқталайық.
Әдетте оқушылар өздері өте жақсы көретін мұғалімдер оларға дауыс көтеріп сөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдер көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз, жүрдім-бардым тыңдаса да ең болмағанда қастарына жақындап жап-жапсар білмесе де олардың көңілдеріне келеді. Өздеріне мұғалімнің назарын аудару үшін тәртіп бұзатын бірді-екілі балалардың болатыны да бар.
Мұғалім оқушыларға жаңа материалды түсіндірумен қатар оларға назар аудара білуі керек. Өйткені мұғалімдер тарапынан оқушыларға ілтипат болмаса, олардың араларына жарықшақ сызаты түседі. Педагогикалық әдеп мұғалімнің оқушыларға сенім арта білу қабілетін де қамтиды. И.А. Зазюнаның пайымдауынша, қателесу қаупі төніп тұрса да мұғалім оқуда болсын, тәлім-тәрбие жұмысында болсын оқушыларға өзінің батыл-батыл ойларымен ықпал жасауы қажет [24].
Оқушылар өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін толық шамалай алмайды. Олар ересектердің бағасына әсіресе өздерінен де артық сенетін мұғалімнің бағасына сүйенеді. Сондықтан мұғалімдер олардың қабілеттерін бағалауда өте сақ болғандары жөн. Оқушының қабілетін, әрине асыра бағалау дұрыс емес, ал оларды құлдыратып бағалау одан да оғаш.
Мұғалімнің қандай қасиеттерін бағалайсыз деген сауалға оқушылар көбіне көп: “әділдігін” деп жауап қайтарады. Егер мұғалім әділ болғанның үстіне әдебі мол, көңілді, жайдары болса, мектепте одан беделді адам болмайтыны түсінікті.
Мұғалімге “әділетсіз” деген ат оның тек әділетсіз болғандығын ғана емес, сонымен қатар оқушылармен жұмыс барысында әдеп сақталмауынан да таңылуы мүмкін. Мұғалім оқушыларға тек қана әділ қарап қоймай, соған қоса өз ісінің дұрыстығына иландыра білуі керек. Мұғалімнің әдеп сақтамауы оның айнымалы мінезінен немесе ұдайы талап қоймауынан және оқушылардың білімін бағалай білмейтіндігінен болуы да мүмкін.
Мұғалім ар-ұяты кіршіксіз болса, оқушылар оның кез келген қатесін кешіреді. Керісінше, мұғалім әділетсіздік жасап, жалған мінез көрсетсе, оқушылардың көңілдері қалып, араларының салқындауы осыдан басталады.
Мұғалімнің педагогтік әдеп әлемі үшін бұл қасиеттердің маңызы үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар. Бұл, әрине, өртеніп жатсын, күйіп жатсын, мұғалім еш нәрсеге ашуланбауы тиіс деген сөз емес. Ондай жағдайларда оған өзін ақылға жеңдірмей болмайды.
Ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамауы керек. Сабырлылық, өзін-өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құралы болуы тиіс.
Қай кезең, қай дәуірде болсын адамға білім мен тәрбие беруден асқан мұрат жоқ. Ұстаз – ұрпақ тәрбиелеп өсіруші қоғам сенген адам. Ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол. Сондықтан да болашақ ұстаздар өз ісінің әрбір қыр-сырын жетік игеру жолында жоғарыда көрсетілген кәсіптік сапаларды толық меңгерсе, бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз.
Атақты педагог ғалым В.А.Сухомлинский “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”- деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген.
Мұғалімнің адамгершілік тұлғасының, этикалық мәдениетінің сапалық жақтары Ж. Әбиевтің[25], С.Ұзақбаеваның[26], Л.И.Рувинскийдің[27], Н.Аббаньяноның[28], В.Д. Шадриковтың[29] т.б. педагогтардың еңбектерінде этикалық тәрбиенің аса маңызды факторлары ретінде қарастырылады. Сондай-ақ болашақ мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін-өзі басқару шеберлігі, басқару техникасы туралы сөз болғанда мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар да оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен сипатына қарай күн өткен сайын өзгеріп, жаңарып, жаңа сипат алып отыратындығын естен шығармауы тиіс.
Мұғалімнің рухани дүниесін зерттеу, оның қызметін жан-жақты әрі терең талдау жасау – қазіргі педагогика ғылымының басты міндеті. Педагогикалық жұмыста мақсатты тәрбие ісі мұғалімнің тәрбиелік қызметі арқылы іске асады. Ағартушы педагог ғалымдардың (С.Қалиев, Ә.Нысанбаев, Қ.Жарықбаев, Ш.Т.Таубаева, Л.Т.Охотина, Н.П.Скальковская, Л.И.Рувинский, Ә.Табылдиев, Б.Барсай т.б.) еңбектеріне сүйене отырып, мұғалім мәдениеті мен шеберлігін, интеллектуалдығын төмендегідей бөліктермен анықтауға болады:
-
Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті;
-
Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі;
-
Мұғалімнің мимика және понтомимика ишараларының (жест) мәнерлі негіздері.
-
Мұғалімнің мәдениеті, әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дем алуы, дауыс дикциясы, интонациясы.
Сыртқы бейне мәдениеті.
-
Тұлға.
а) тік;
ә) тік және еркін отыру;
б) ұқыптылық, жинақылық;
-
Киім.
а) ұқыптылық;
ә) қарапайымдылық;
б) түстік гармония (өзіне жарасымды түстен киім кию);
в) киімнің жас шамасына, сабаққа және жұмысқа сәйкестігі;
г) сән үлгілеріне сәйкес;
ғ) сәндік (алқа, моншақ, сақина) дұрыс пайдалану.
-
Гримм (бояну).
-
Шаш үлгісі (ұқыпты, жинақы).
-
Мимика.
а) өзіне -өзі сенімділік, сабырлылық;
ә) сөйлескендігі көзқарасыңыздың әңгімелесушіге бағытталуы;
б) эмоциялық мәнерлік;
в) бет әлпетінің айтар ойға сәйкестігі;
-
Понтомимика.
а) жест (табиғилығы);
ә) жүрістің ритмикасы, жеңіл, айқын болуы;
б) қозғалыс (еркін);
в) қозғалыста селқостықты болдырмау, әр уақытта сергек тұру;
г) шусыз отырып, тұру;
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті.
-
Қарым -қатынасқа сабырлы, мәнерлі, мейірімді, тонның сақталуы.
а) әңгімелесушіні тыңдай білу;
ә) сұрақ қоя білу;
б) өз сөзіңді талдай білу;
в) басқа адаммен бірінші болып қатынасқа түсуді үйрену;
г) келесі адамды түсіне білу;
ғ) кез келген жағдаяттық қарым-қатынаста өзіңді бақылай білу,
-
Көрермендермен (тыңдаушылармен) қарым-қатынасқа түсуге үйрену.
а) аудиторияға қарап жұмыс істеу;
ә) тыңдаушының реакциясын бақылау және ұғыну;
-
өз сөзіңмен әңгімеге келесі адамды елітіп әкету.
а) еркін, таза және конспектіге қарамай сөйлеуге үйрену;
ә) сөйлеуге, әңгіме бастар алдында мұғалімнің сыртқы келбеті әңгімеге дайындығының тыңдаушының әңгімеге деген көзқарасын түсінуге ынтызарлығын көрсетеді;
б) өзінің сезіміңді әңгімелеушіге немесе тыңдаушыға бере алу қабілеті.
Өзін-өзі басқару, бақылау.
-
Артық өзіңе күш түсіруден аулақ болу.
-
Сөйлер алдында пайда болатын шешімсіздікті жеңе білу.
-
Жұмыста өзіңді іске шоғырландыру.
-
Стрестік жағдайларда өзіңді өзің ұстай білу.
-
Әрдайым жақсы көңіл-күй ауанын жасауды үйрену.
Сөйлеу мәдениеті.
-
Сөз екпінін сақтау, сөздің грамматикалық дұрыстығына көңіл бөлу.
-
Сөз лексикологиясы (сөз байлығы).
-
Сөздің мәнерлілігі, бейнелілігі.
Сөйлеу техникасы.
а) сөйлеудегі дауыстың маңызы, оны тәрбиелеу жолдары.
ә) дикция;
б) екпін қоя білу;
в) дауыс ырғағы (интонация);
г) үзіліс (пауза).
Адам қызметінің кез-келген саласындағы өзгерістер және қайта өзгертулер оның субьектілерінен, жаратушы мен жасушадан басталуы қажет. Философиядағы принцип сияқты: іспеттес іспеттестен, ілім – іліммен, шеберлік – шеберліктен жасалады. Қазіргі білім беру мен тәрбиелеудің ешқандай жаңа технологиялары егер тұлғалаық және кәсіби оған дайын болмаса, мұғалімнің педагогикалық қызметін табысты орындауына көмектесе алмайды. Барлық дәуірлердің адамгершілік педгогикалық көзғарастарында мұғалім тұлғасына айрықша мән берілуі кейдейсоқ емес. Өсуші тәрбиеші тәрбиеленуші тұлғасының қалыптасуына тек өзі тұлға болған және баланың жүрегі мен еркін жаулап алған тәрбиеші ғана көмекші бола алады дейді К.Д.Ушинский.
Педагогикалық қызметке дайындығын қамтамасыз етуші педагог тұлғасына қойылатын талаптарды анықтауда психологиялық-педагогикалық ғылым олардың жалпыланған біртұтас қасиеттерін біріктіруге ұмтылады. Бұл қасиеттердің спектрі жеткілігінше көпжақты. Оған, ең алдымен, кәсібилік жатады. Педагогикалық қызметті табысты орындау үшін адамның тұлғалық сипаттарының бірлестігі қажет. Бұған жақын кешенді қасиет – кәсіби құзырет (компетенттілік ) педагогтың педагогикалық қызметті атқаруға теориялық және практикалық дайындығының көрсеткішін, оның кәсібилігін сипаттайды.
Оқытушының кісібилігі мен кәсіби құзыреттілігінің негізін, әдетте педагогикалық біліктілік құрайды деп саналады. Кәсібиліктің әлдеқада жоғары сатысы педагогикалық біліктілік құрайды деп саналады. Кәсібиліктің әлдеқайда жоғары сатысы педагогикалық шеберлік болып табылады. Оны кейде төмендегі сапалардың жиынтығы деп те қарастырады: педагогикалық қызметті жоғары ұйымдасқан деңгейде қамтамасыз ете алатын оқытушының тұлғалық қасиеттерінің комплексі, оның тұлғалық – іскерлік сапалары мен кәсіби құзыретілігі.
Е. Сағындықұлы педагогикалық шеберлік, алдымен мұғалімнің қызметі саласымен байланысты деген тезисті кеңейтіп, сын көзбен оны тұлға саласына ығысуына түбегейлі қарсы. Бірақ педагог кәсіби- педагогикалық қызметке тұлғасымен және барлық тұлғасымен кіреді, кәсіби біліктілігі мен дағдыларының деңгейінің қалыптасуы оның позициясына тұлғалық бағыталуына байланысты болады [30].
Мұғалімнің кәсібилігі мен педагогикалық шеберлігінің негізін оның жалпы педагогикалық мәдениетінің деңгейіне байланысты болатын, ең алдымен кәсіби қызметке жеке тұлғасының дайындығы құрайды, ал ол біртұтас педагогикалық қызметте байқалады.
Педагогтың өзінің өмірі мен кәсіби қызметінің философиясы болуы қажет, ол адам өмірінің мақсаты мен мазмұны және өзінің өмірлік қызметін саналы түрде тұтасымен көрсете алуы керек, өйткені ол онсыз басшы да, жасөспірімнің тәлімгері де бола алмайды.
Педагогтың кәсіби позициясының негізінде маңыздылық және құндылық болып саналатын, оның педагогикалық қызметіне және болмыстық түрлі таңдаулы аспектілеріне кәсіби-құндылықтар байланыстары жатады.
Оқытушының кәсіби-құндылықтарының бағыттылығы оның әлдеқайда жүйелі құндылықты бағыттылығын тұрақты бөлімі болатын, өздерінің шын мәніндегі арнауын өмірдегі орнын таба алатын, тұлғаның белсенді қызметіндегі мінезі болып көрінетін нұсқауында байқалады. Әлеуметтік және кәсібилік позиция, кәсіби құндылықтық бағытталу, мұғалімнің нұсқауы оның педагогикалық қызметке дайындығының мотивациялық дайындығын көрсетуші, тұтқасымен тұлғаның кісіби-педагогикалық бағыталуында көрінеді.
Мұғалімнің педагогикалық қызметке теориялық және практикалық дайындық дәрежесі оның кәсіби құзыретілігінің негізін құраушы арнайы жүйелік жалпы ғылымилық және психологиялық-педагогикалық білімдер, сонымен қатар педагогикалық технология мен техниканы және басқа ғылымдар жүйесін меңгеру деңгейімен анықталады. Сонымен, педагогтың кәсіби қызметтің табысты орындалуы және педагогикалық шеберлікке жетуі, көбінесе өзінің псиофизилогиялық ерекшелігімен мүмкіндіктеріне сай оптималды жеке қызмет стилін таба білуіне әрі аз физикалық және рухани күш шығындап, жан қинамай еңбектен жақсы нәтиже алуына байланысты болады.
Түрлі зерттеушілердің деректерінде педагог тұлғасында көптеген сапалар мен қасиеттердің болу керектігі айтылған. Бірақ бұларды бір тұлға бойында жинақтау жақсы педагог деген ұғымның пайда болуына немесе оның анықтаушысы болуға жеткіліксіз. Мұндай көзқарасты сынай келе, педагог И.П. Подласый оқытушының тұлғасын белгісіз, формасыз тұман ішіндегі бір нәрсе сияқты көрсетуден де аулақ болу керектігін айтады [31].
Тұлғаның біртұтастығы оның құрылымының бірлігін, тұтастақтың негізі болатын басқаларын жүйелік қасиет негізінде біріктіреді. Педагог тұлғасы құрылымында бұл рөл оның кәсіби – педагогикалық бағытталуына қатысты. Кәсіби – педагогикалық бағытталу – доминантты мотивтер жүйесі: педагог тұлғасында кәсіби қызметке себеп болатын қызығушылықтарды, қажеттіліктерді, бейімділіктерді оятушылар деп қарастырады. Педагогикалық – кәсібилік бағыттылықтың қалыптасуының негізгі шарттары – оның өзінің педагогикалық бейімділігін ашуы және кәсіби құндылықтар бағытталуын қалыптастыру.
Педагогикалық бейімділік, әдетте тұлға қабілетінің педагогикалық қызметке икемді екенінен пада болатыны қарастырылады. Басқа пікірлер бойынша, мысалы педагогикалық бейімділік дәстүрлі философиялық антропология тұрғысына негізделіп, адам егер таңдаған кәсібінеде өзін толық көрсете аламын, өзімді бұл кәсіпке өмірімнің барлық мазмұнын іске асырамын деген ішкі даусына құлақ асуы арқылы өзінің нағыз лайықтығын сезіну деген анықтама береді. Басқа сөзбен атқанда, түрлі образдар ішінде адам өз болмысында басқа біреуін табады, ол оның нағыз болмысын анықтайды деді Н.Д Хмель [32]. Сол нағыз болмысқа шақырушы дауысты біз «бейімділік» деп атаймыз. Көптеген адамдар өзіндегі ол дауысты өшіргісі келеді, сөтіп өзінің нағыз болмысын жалған өмір бағытымен алмастырады. Керісінше, шын мағынасында өзін іске асыратын адам ғана, өзінің шын мағынадағы нағыз өзімен сай келетін адам ғана нағыз мағынада өмір сүреді.
Қ. Сидалиевтің пікірі бойынша, адамның дарындылықты меңгеруі келесі екі фактордың ажырамас бірлігінде іске асады:
1)адамның алғашқы көңіліндегі дарындылық пікірінде бекем болуы.
2) оның үнемі белсенді ізденіс үстінде болуы.
Сонымен бірге адамның өмірінде маңызды мәселені анықтағанда, адамда мұнда мәселемен ізденіс жасамай тұрыпта кездескен сияқтымын, мұнда менің бүкіл өмірімнің бағдары жатқан сияқты деген сезімде келеді [33]. Бейімділік арқасында адам өзінің даралығын, бірегелігін, қайталанбауымен, маңыздылығын, жеке тұлғалық құндылығын сезініп, сонымен қатар ғажайыптығын сезіну арқылы тәжірибе жинақтайды және тұлғалық мазмұны да осында.
Дарындылық адамда тұлғалық еркіндікті теңдік сезімін қалыптастырады. «Еркін болу дегеніміз – өз – өзіне сенімді, баянды, өзінің бейімділігінен ешқашан айнымауы», - дейді А.Н. Каримов [34]. Педагогтың құндылықтар бағытталуында кәсібиқызметке қатынастың негізгі үш типін көруге болады.
1. Педагогикалық еңбекке қатынасы (бұл қызметтің мақсаты мен тұлғалық мазмұнын, оның қоғамдық мәнін, оның нәтижесінің ол үшін маңызын сезіну, оқытатын пәніне берілгендік ).
2. Оқушы тұлғасына қатынасы (оның тұлғалық дамуына бағытталуы және шартсыз қабылдау ).
3. Мұғалім тұлғасына және өз-өзіне педагог ретінде өзі туралы кәсіби идеалды (кемшіліксіз) және өзі туралы позитивті Мен концепциясының болуы.
Мұғалімнің кәсіби құндылықтар бағытталуының біртұтас жүйесінде қатынастардың барлық типтері бір-бірімен және өзара байланысты, бірақ оқушы тұлғасына қатынасы мазмұн түзуші болып табылады. Е. Сағындықұлы былай белгіленген: «Қызметтің объективті маңызы және оның тұлғалық мәні бір-бірінен ажырамауы тиіс. Егер бұл қызмет белгілі құндылықтар құруға, жасауға, орнатуға бағытталған болса, онда дәл сол құндылықтар субъекті қызметінің негізгі мотивті болуы қажет» [35]. Педагогикалық қызметтің негізгі құндылығы – бала, оның дамуы мен қалыптасуы. Сонымен, кәсіби құндылықтар бағытталудың бірінші блогында: баланың қызығушылығы мен қажеттілігі, оны сыйлау және шартсыз қабылдау, тұлғалық дамуы, балармен ынтымақта болу. Оқытушының құндылықтар бағытталуының екінші блогы оның кәсіби қызметіне қатынасымен анықталады. Ол кәсіптің құндылығына, бағытталуына, еңбек қызметінің тұлға үшін құндылығына, бағыталуына, еңбек қызметінің тұлға үшін құндылығының маңызына, бұл кәсібіңізде шығармашылыққа бағытталуға және өзіңізді көрсете білуіңізге; кәсіби қызметтің әлеуметтік мәні және кәсіби ынтымақтастыққа бағытталуын қамтиды. Үшінші блок. Педагогтың кәсіби құндылықтарға бағытталуы оның педагог тұлғасына және тұлға ретінде өзіне қатынасымен анықталады. Бұл блоктағы қатынастар оқытушыны педагог ретінде танытуға, позитивті «мен» образының қалыптасуында, өзіңді позитивті қабылдау, кәсіби-тұлғалық өзіндік жетілдіру, рухани жетілу мен мәдени құндылықтарға қатыстырылуда үлкен рөл атқарады.
Кәсіби құндылықтарға бағытталу когнитивті құрам бөлігінен басқа (өзіңіздің кәсіби қызметіңіздің түрлі аспектілеріне өзіңізге маңызды деп санаған сапалы түрде қатынасыңыз) эмоционалды педагогикалық еңбекпен әуестену бөлімі бар. Ол оқушылармен және әріптестеріңмен қарым-қатынасты, білім беруді, тәрбиелеудің шығармашылық процесі мен оқытушы беретін сабақ пәнінің негіздері бойынша ғылыммен қарым-қатынаста болуды қамтиды.
Өз қызметінің нәтижесінде мұғалімнің эмоциялық қатынастарының (өз пәні бойынша) жетекші әсерін Ж.Б Қоянбаев былай жазған : «Егер баланы ғылыммен тәрбиелегің келсе, өз пәніңді сүй және оны біл, сонда оқушылар сені де, ғылымыңды да сүйеді және сен олады тәрбиелейсің, ал егер оны өзің сүймесең, онда сен қаншалықты оларды оқуға мәжбүр етсеңде, ғылым тәрбиелеушіге әсер етпейді» [36].
Мұғалімнің бағытталуының ядросын оның мәдениетінің кәсіби этикалық деңгейін анықтаушы және қызметіндегі мінез-құлқымен, оқушылармен және басқа адамдармен қатынасында педагог ретінде өзіне және басқаларға қоя алатын талаптарда мінез-құлықтарының бағытталуы құрайды.
Педагогикалық қызмет рухани өндіріс саласы сияқты этикалық және эстетикалық бастамалардың оның ішінде терең енуімен сипатталады. Этикалық (өнегелілік) және эстетикалық (әдемілік) оқытушы тұлғасында оқушылармен және әріптестермен тілдесуінде өз кәсібіне, еңбегіне қатысты бір-бірімен тығыз байланысты.
Педагогикалық этикада қоғамдағы педагогтың кәсіби –этикалық мәдениеті деңгейіне кәсіби тілдесуі мен қызметін сипаттаушы педагог тұлғасының өнегелік сапаларына қойылатын талаптар кешені бекітілген.
Этика (лат. ethos - қасиет) – мораль, өнегелік, мінез-құлық туралы ілім. Педагогикалық этика- этиканың құрам бөлігі, педагогикалық процестегі моральдың функциялық ерекшеліктерін және педагогтың оқушыларға, өз еңбегіне, өз-өзіне, өнегелік сана негізінде жатқан және өнегелік нормалар жасаушы қатынасымен анықталады. Жеке басына қабылдаған және оның қызметімен мінез-құлығында байқалатын нормалар педагогтың өзінің педагогикалық этикасын сипаттайды.
Оқушыларға сүйіспеншілік – педагогикалық этиканың ең басты мінез-құлықтық талаптарының бірі және көптеген педагогтардың ойы бойынша мұғалімге ең қажетті сапа. Бірақ, көбінесе мұғалімнің оқушыларға сүйіспеншілігі өте абстрактілі болады да, оқушылармен реалды қарым-қатынаста аңғарылмайды. Бір ойшыл айтқан екен: «Бүкіл адамзаты сүю оңай, нақты адамды сүю қиын». Өте әділ айтылған ой, өйткені сүю – ол алдымен өнегелілік сезім. Кейбір мұғалімдер педагогикалық этиканың бұл талабына скептикалық көзбен қарайды да, басқа адамды сүюге өзіңді мәжбүр ету мүмкін емес деп санайды. Оқушыларға сүйіспеншілік – ол тек езім ғана емес, сонымен қатар ол мұғалімнің педагогикалық сапасының сондай дәрежедегі сипаттамасы, оны төмендегілерден айқындауға болады: оқушыны барлық жетістіктермен және кемшіліктермен шартсыз қабылдау, бірақ ол оны қазір қалай көргісі келетіндей емес, оның ол қандай болса, солай болу құқығын тану, оны түсіну, онымен бірге уайымдап, рақымдану, бауырына басу, қайғылану, баланың дамуына көмек көрсетуге ықыластануда.
Оқушыларға сүйіспеншілік мұғалім мен оқушының бір-біріне сенімділігінде, сыйластығында, кеңпейділігінде, мейрімділігінде. Оқушының дамуына әсер етуші қамқорлық оның мүмкіндіктерін ашу сияқты қарым-қатынсының өнегелік деңгейінде байқалады. Мұғалімнің ең жоғары қай сапасын, қасиетін бағалайсыз дегенде, олар келесі тізімді жазып береді: қайрымдылық, ізгі ниет, адамгершілік, олардың тұлғасына сый, содан соң пәнді білуі және оқу материалын түсіндіру. Олар үшін мұғалімдегі келесі сапалар мен қасиеттер оқушыға деген нағыз сүйіспеншіліктің байқалатын шарттары: шыдамдылық, сабыр, байсалдылық, өзін-өзі ұстай білу. Мұғалімнің оқушыларға деген сүйіспеншілігі болмаса, қарсылығында сүйіспеншілік пен сенім болмайды. Сүйіспеншіліктің осы құтысынан мұғалімдердің басқа жақсы сапалары төгіледі: кәсіби борыштылық пен жауапкершілік, кәсіби жанқиярлық. Педагогтың өз оқушыларына сүйіспеншілігі негізінде қандай сыр жатқанын, қалайша «бөтендер» «туысқанға», «сүйіктілерге» арнауындағы сырды М.Кнебель, А.Экзюперидің «Кіші Ханзада» ертегісіндегі ойшыл түлкінің сөзіне сүйенеді: «Кімді қолға үйреткен болсақ, біз оларға жауаптымыз». Сонымен, кәсіби міндет пен борыштың және жауапкершіліктің көзі мұғалімнің тек әлеуметтік жауапкершілігі емес, ең алдымен нақты әрбір бала алдындағы жауапкершілігі болып табылады [37].
Оқытушының кәсіби абыройы (намысы) – бұл оның өзінің оқушы алдындағы борышын және жауапкершілігін субъективті сезінуі, ал ол педагогикалық этиканың нормалары мен құндылықтарына сәйкес ішкі қажеттіліктің оянуы. Сүйіспеншіліктен, борыш сезімі мен жауапкершіліктен мұғалімде кәсіби жанқиярлық туады: оқушыларға және дарындылығына қызмет етуге даярлық, эгоистік және қажеттілік қызығушылығын елемеу, өзінің күш – жігерін, уақытын, ал қажет болса денсаулығын да аямай өзі таңдаған қызметке дайындығы.
Педагогикалық әділеттілік – бұл оқытушының әрбір оқушыға объективті қатынасымен анықталады. Әрбір оқушы тұлғасының құқығын, оны сыйлау, оларды «сүйікті»,»сүкімді емес» топтарына бөлмеу, жеке қатынас саласынан алынатын педагогикалық шешімге, қойылатын бағаға әсер етпеуі.
Кәсіби ар – намыс (құрмет) педагогикалық этика категогриялары ішінде ерекше орын алады. Ол педагог мінезінің нормативті талаптарын анықтап, әртүрлі жағдайларда кәсібінің әлеуметтік мәртебесіне сәкес өзін алып жүруі.
Педагогикалық еңбектің күрделі саласына – педагогикалық қарым-қатынас жатады, өйткені тек сонда ғана педагогикалық үрдісті қамтамасыз етіп оқушыларды тәрбиелей аламыз. Біздің педагогикалық даралылығымыз адамдарға қызмет ететін болады. Сондықтан психологтар мен педагогтар осыған ықпал етуі тиіс.
Мектеп реформасының талаптарына сәйкес мұғалімнің жеке басын жетілдіру міндеті ерекше маңызды болып отыр, өйткені мектептегі бүкіл оқу-тәрбие процесі тиімділігінің табысты болуы көбінесе соған байланысты. Әрбір мұғалім өз басының бағалы кәсіптік сапасын, іскерлігі мен дағдысын жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша маңызы зор. Кезінде көптеген көрнекті педагогтар өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттігін атап көрсеткен болатын. Мұғалім үшін қастерлі міндет «өзінің жеке басының тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыруда»,- деп есептейді Т.М.Баймолдаев [38].
К.Н. Қаракулов педагогтардың жеке басына қойылатын жоғары талапқа ерекше көңіл бөле отырып, осы талаптарды жүзеге асыруда мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу рөлін атап көрсетеді: «Біз үшін педагогтардың мемлекетіміздегі нағыз бес аспап және нағыз тамаша адам болғаны өте қажет, өйткені ол жас өркендей гүл жарып, шенек атып келе жатқан кішкентай адамдарға шаттық өмір сыйлай білуі тиіс. Педагогтың мәртебелі існің өзі, міне, осында және де ешқандай мамандық адамдарға мұндай талап қоя алмайды. Педагог өзіндегі адамгершілік мұратты жүзеге асыруы тиіс» [39]. Өзіндегі ең озық адамгершілік қасиетті дамыта білу - мұғалімнің кәсіптік даярлығының іргетасы. Күнделікті кәсіптік қызметінің барысында осы іргетаста мұғалімнің педагогикалық техникасы, оның оқыту және тәрбиелеу жұмыстарындағы іскерлігі мен дағдысы жетіледі, ажарлана түседі. Адамның күш-жігерінің мүмкіндігі ұшан-теңіз екендігі соншалық, тіпті орташа оқитын, жай ғана қабілеті бар студенттің өзі, жеке басын және кәсіптік-педагогикалық қызметтегі талантын жанжақты өрістете алады.
Өздігінен білім көтеру ауқымды мәселелерді қамтиды. Әйтсе де педагогикалық өз білімін көтеру мұғалімнің педагогикалық оқу орнында оқымаған, бipaқ қaзipгi уақытта мектеп үшін өзекті мәселелерге бағытталуы тиіс. Осындай мәселелердің қатарында педагогикалық қатынас, оқуды дербестендіру және жіктеу, дамыта окыту, лицей, гимназия, колледж сияқты жаңа типті оқу орнында оқыту ерекшеліктерін атауға болады. Мәселелер топтамасының арасында оқушылардың ғылыми көзқарасын, оның рухани мәдениетін, азаматтық тәрбиесін қалыптастыруды атауға болады.
Мұғалімдердің біліктіру жоспарына сәйкес олар бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының арнаулы факультативтерінде арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Біліктілік көтеру немесе педагогикалық ЖОО базасында мұғалімдердің алған арнайы білімдері практикалық тұрғыдан қорытылып, мектепте сыннан өткізуді қажет ететіндігі аңғарылады. Бұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі мұғалім үшін баға жеткіліксіз көмек бола алады.
Әдістемелік жұмыстар дербес және жеке ерекшеліктер ескерілген жағдайда мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдірудегі өмірлік және кәсіптік бағдары, кәсіптік деңгейі мен тәжірибесі ескерілуі тиіс. Мектептің әдістемелік қызметінің озық тәжірибелері мен дәстурлерін сақтау және дамытудың да маңызы зор. Осы жұмыстардың бәpi де мектеп директорының оқу-тәрбие ici бойынша орынбасарының құзырында болады.
Мектептің әдістемелік жұмысының ұйымдық негізін директор, оның орынбасары, мұғалімдер де анық та нақты ұғына алғанда барынша тиімді болады. Ал мектептегі әдістемелік жұмыстардың жалпы міндеттерін былайша тұжырымдауға болады: мектептің педұжымының педагогикалық тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарату, педагогика ғылымының жетістіктерін жұмыста қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру; мұғалімдердің теориялық (пәндік) және психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін көтеру; жаңа оқу бағдарламаларын жоспарлап, мемлекеттік білім стандарттарын оқып, үйренуді ұйымдастыру; оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясын, түрлері мен әдістерін байыту; жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау-әдістемелік материаддармен танысуды ұйымдастыру; ғылыми-әдістемелік көмекті дербес және жеке ерекшеліктерді ескеріп ұйымдастыру - пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілері мен тәрбиешілерге, педагогикалық жұмыста белгілі бip қиындыққа кезіккен жас мұғалімдерге, педагогикалық білімі жок жас мұғалімдерге және т.б, мұғалімдердің өздігінен педагогикалық білім көтepyiнe кеңес беру; жалпы кәсіптік-педагогикалық мәдениет деңгейін көтеру.
Мұғалімдер білімін жетілдірудің әуелі бір жылға, кейіннен 5 жылға арналған жоспары жасалуы керек. Шығармашылық жұмыстарын жандандыруға ықпал ететін шығармашылық топ құрылып, төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуі керек; біріншіден, оқушыларды ғылыми зерттеу жұмысына баулу, екіншіден, мұғалімдер білімін жетілдіру мақсатында семинарлар, конференциялар, апталықтар өткізілуі тиімді болады. Үшіншіден, мұғалімдер жұмысын дамыту үшін әдістемелік апталық пен оқулар ұйымдастыру, төртіншіден, озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерін дәріптеп, тарату.
Мұғалімнің өзінің педагогикалық білімін көтеруі - оның өз бетінше педагогикалық құндылыктар, технология, шығармашылық тәжірибелерді игepyi арқылы іске асады. Оның мазмұны психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдердің, педагогикалық жұмысты ғылыми ұйымдастырудың негіздерін, жалпы педагогикалық мәдениетін қамтиды.
Мұғалімге өз білімін көтеру жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсеткенде ғана оның кәсіптік қызметіндегі қажеттілігі, жеке қызығушылығы ecкepілyi тиіс. Мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімдердің жеке қажеттілігін ескеріп жоспарластырылғанда мұғалім ұжымдық оқу түpiнe тартыла отырып, өзін кызықтырған сұрақтарға жауап таба алады.
Мектеп директоры және оқу iciнің меңгерушісіне әдістемелік жұмысты ұйымдастырғанда өз мектебі педагогтарының алдындағы қиындықтарға баса көңіл бөледі. Әркімге қатысты мәселелерін бірлесе талқылау мұғалімнің өз білімін көтеру әрекетіне ықпал жасайды. Сондықтан да директордың, оқу iciнің меңгерушісінің өз білімін көтеруді ынталандыруы және оған басшылық жасауы негізінен жанама сипат алады. Бұл мұқтаждықтың басты себебіне мектеп әкімшілігінің, ата–аналардың мұғалімге деген талаптарын жатқызуға болады. Мектептегі талаптардың өзгеріп отыруы мұғалімнің үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруын талап етеді.
Кәсіби түрде өзін-өзі жетілдіру дегеніміз – ол қазіргі педагогикалық талаптарға сай келу үшін өзінің кәсіби және жеке қабілеттерін дамыту. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуге деген түрткілердің қалыптасуының бірнеше жолдары бар. Оның біріншісінде - мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуіне қоғам талаптары, мектеп басшыларының талаптары, мектеп өмірінің стилі, яғни белгілі біреудің әсері итермелесе, екіншісінде - мұғалімнің өзіндік қасиеттері: жауапкершілігі, кәсіби мәртебесі итермелейді. Әрбір түрткінің жанында нақты мұқтаждық тұр. Мұқтаждық болмаған жағдайда, өзін-өзі тәрбиелеудің түрткілеріне осы процеске деген мұғалімнің қызығушылығын жатқызуға болады. Бұл жағдайда жағымды эмоция үлкен рөл атқарады. Өзін-өзі тәрбиелеуде мұғалім үлкен жұмыс атқарады. Гуманистік философия мен педагогиканың негізін салушылардың көпшілігі өз қажеттігін тануды жеке тұлғаның кемеліне келуінің, кәсіби жетілуінің басты көрсеткіші ретінде есептеп, бұл ұғымның философиялық, психологиялық, педагогикалық аспектілерін әр кезеңде әр түрлі қарастырған. Джон Дьюдің жеке тұлғаның өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене, оны реттей отырып білім алуына, еркін дамуына мүмкіндік жасау арқылы қоғамды демократиялық даму жолына әкелуді көздейтін философиясы бүгінгі білім берудегі өзекті мәселе болып отыр.Психологияда өзіндік қажеттілік ұғымын американдық ғалым Абрахам Маслоу еңгізді. Бүгінгі педагогикада оның «өзіндік қажеттігін тану» өз мүмкіндігін, потенциалын жүзеге асыруға ұмтылу, өз қабілетін, талантын, яғни ойындағы барын іске асыру арқылы адам тұлға ретінде толық қалыптаса алады» деген пікірі аса құнды. Сонымен қатар, өз мүмкіндігін қажетіне айналдыра алатын адамды А.Маслоу кәдімгі өзіміз күнде кездестіріп жүрген адамдарымызбен қатар қоймайтынын тағы да былай дәлелдеп келтіреді: «орташа адам – ол өз дарынын, қабілетін, мүмкіндігін жылы жауып қойған, не басып тастаған адам». Оның теориясы бойынша, адамның дамуы – екі жағы бар қажеттілік пирамидасына ұқсайды: бір жағынан әлеуметтік тәуелділігі, екінші жағынан, оның өз қажеттілңгін тани алуына қатысты танымдық табиғаты. А.Маслоу жалпы қажеттіліктерді туа пайда болған деп, алғашқы үш деңгейді - физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық қажеттілік ретінде қарастырады. Төртінші деңгейді - өзін-өзі құрметтеу, қадірлеу үшін атқарылатын әрекеттер ретінде, ал бесінші деңгейді – шығармашылық қажеттілік, өз мүмкіндігін жүзеге асыру өзіндік қажеттігі деп есептейді [40].
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі - өзіндік тұлғаны өзгертуге бағытталған жоспардан басталады. Бұл жоспардың негізіне өзіңдік даму деңгейін дамытуға қойылатын талаптармен салыстыру жатады. Осыған негізделе отырып мұғалім өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған міндеттер жүйесін белгілейді. Осыдан кейін ғана өзін-өзі тәрбиелеу процесі басталады.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі тұтас түрде жүруі тиіс. Ең алдымен мұғалім өзінің танымдық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік біліктілігін жетілдіріп отыруы керек.
Танымдық біліктілікті жетілдіру - ең алдымен ақыл-ой мен ойлауын жетілдіру болып табылады. Оның негізгі жолы – ақыл-ой операцияларын: байқағыштықты, салыстыруды, талдауды, есте сақтауды, қиялды дамытатын жаттығулар. Ойлау әрекеттері: анализ, синтез, индукция, дедукция, абстракті ойлау, қорытынды жасау әдістерін меңгеру. Коммуникативтік біліктілік – ол қарым - қатынас жасай білу үрдісі. Қарым - қатынастың негізгі тәсілдері: мимика, жест, ымдау, сөз. Бұл біліктілікті жетілдіру үшін теориялық білім, одан кейін - жеке дара тәжірибе керек. Ұйымдастырушылық біліктілік – ол оқушылардың оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуы. Бұл біліктілікке төмендегі қасиеттерді жатқызады:
- жалпы психологиялық ерекшеліктері: тұлғаның мақсаттылығы және ұйымдастыратын әрекетке дайындылығы;
- кейбір басқа да қасиеттері: белсенділігі, жұмыс қабілеттілігі, қарым – қатынас жасаудағы бейімділігі;
- тар мағынадағы ұйымдастырушылық қабілеті.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу жолдары өте көп.
- өзін-өзі ақпаратпен қамтамасыз ету. Оған оқытудың әртүрлі формалары мен түрлері жатады.
- өзін -өзі талпындыру. Өз-өзіне бұйрық берумен байланысты. Ол мұғалімді өзін-өзі тәрбиелеуге итермелейтін қозғаушы күш болып табылады.
- өзін-өзі ұйымдастыру. Оған өзін-өзі бақылау, байқау, есеп беру, талдау жатады. Бұл өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған әрекетті дұрыс ұйымдастыруға көмегін тигізеді. Мұғалімдер бір-бірінен кәсіби дайындығымен ғана емес, педагогикалық- психологиялық ерекшеліктері мен де ерекшеленеді. Әрбір мұғалімнің мінезінде оқушылармен қарым-қатынас, жұмыс стилін анықтайтын кәсіби психология-лық ерекшеліктері болады. Педагогикалық - психологиялық ерекшелік өзіндік жұмыстың даралық стилінің қалыптасуында үлкен рөл атқарады, сондықтан жұмыс істеу барысында мұғалім өзінің мықты және осал жақтарын білуі тиіс. Мұғалімнің тұлғалық дамуы, оның бойындағы өзін-өзі үнемі дамытып отыру дайындығына тікелей байланысты. Өз қажеттіліктерін сезіну – кәсіби қызметтің негізі болып табылады, өйткені ол өзінің потенциалдық бар мүмкіндігін дамытудың жолдарын білу деген сөз. Әрбір Адам өзін-өзі тәрбиелеуде ең алдымен оның мақсатын, әдістері мен тәсілдерін, нәтижесін, «технологиясын» меңгеруі тиіс.
Өз бетінше білім жетілдіру көздері:
-
Педагогикалық озат тәжірибені зерттеп,жинақтау;
-
Педагогика ғылымы жетістіктерін жүйелі оқып-үйрену;
-
Өзіндік іс-тәжірибе мен арнайы сынақ жұмыстарын жүргізу.
-
Өз бетінше білім жетілдірудің басты бағыттары:
-
Кәсіби шеберлігін, пәндік біліктілігін жетілдіру;
-
Өзіндік танымдық-шығармашылық қабілеттерін арттыру:
-
Жалпы ой-өрісін кеңейту, жалпы білімін көтеру.
Білім жетілдірудің негізгі мазмұны:
-
Теориялық білімін жетілдіру;
-
Пәндік білімін жетілдіру;
-
Әдістемелік білімін жетілдіру;
-
Жалпы мәдени білімін жетілдіру.
Мұғалімнің өз білімін жетілдіру жұмысының мазмұны төрт сала бойынша жүргізіледі:
-
Теориялық білім жетілдіру;
-
Пәндік білім жетілдіру;
-
Әдістемелік білім жетілдіру;
-
Жалпы мәдени білім жетілдіру;
I бөлім. Теориялық білім жетілдіру.
-
Психология, педагогика,социология және дидактика салалары бойынша
-
теориялық білімін жетілдіру;
-
Қазіргі білім беру технологияларының негіздерін оқып-үйрену;
-
Қазақстан Республикасының білім туралы негізгі нормативтік құжаттарын
-
оқып-үйрену;
-
Инновациялық педагогиканың негізгі бағыттарын оқып-үйрену, білім
-
берудің жаңа парадигмаларының мәнін терең түсіну;
-
Жаңа ақпараттық және коммуникативтік технологияларды оқып-үйрену.
II бөлім. Пәндік білімін жетілдіру.
-
Пән бойынша жоғары оқу орнындағы білім деңгейінде білімін толықтыру;
-
Білім стандарттары,оқу бағдарламалары , оқу жоспарларын зерттеу, сараптау, жаңа буын оқулықтары және басқа да оқу-әдістемелік құралдарды
-
оқып-үйрену;
-
Өз мамандығына сәйкес ғылым салалары бойынша жаңалықтарды үнемі оқып, білімін толықтырып отыру;
-
Өз пәні бойынша жаңа ақпараттар алу, жаңа білімдер игеру.
III бөлім. Әдістемелік білімін жетілдіру.
-
Жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық технологияларды оқып-үйрену;
-
Пәнді оқытудың тиімді технологияларын, белсенді оқыту әдіс-формаларын,
-
Қазіргі талаптарға байланысты пәнді оқытудың арнайы әдістемесін оқып-үйрену;
-
Озат педагогикалық тәжірибе мен педагогика ғылымының жетістіктерін оқып-үйрену, практикаға ендіру;
-
Мектептегі әр түрлі әдістемелік жұмыстарға белсене қатысу;-Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді оқып-үйрену.
IV бөлім. Жалпы мәдени білімін жетілдіру.
-
Саяси,ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттерді оқу арқылы білімін тереңдету және ой-өрісін кеңейту;
-
Театр, мұражай, лекторий және кітапханаларға бару, әр түрлі ғылыми-танымдық, мәдени-көпшілік шараларға қатысу;
-
Этика мен эстетика, экология мен экономика мәселелерін оқып-үйрену.
Кәсіби даму - өзін-өзі жетілдірудің табиғи көрінісі. Оның ерекшелігі – қолы жеткен шығармашылық табыс арқылы өзін-өзі одан әрі дамыта беру мүмкіндігінде.Мұғалімнің кәсіби кемелдігі – іс жүзінде оқушыны әлеуметтік деңгейінде қалыптастыратын психологиялық-педагогикалық және ғылыми–пәндік білімдері мен оларға сәйкес рухани биік парасат бейнесінің жоғары деңгейі. Өзімен жұмыс істеу К.Д.Ушинскийдің көрнекті педагог болуына жәрдемдесті. Константин Дмитриевич айтуынша, оның өзін-өзі тәрбиелеуіне мынадай жайттар жәрдемдескен:
- барынша-сабырлылық, ең болмағанда сырттай байсалдылық;
- сөз бен істегі турашылдық;
- әрекеттегі алдын-артын ойлаушылық; - батылдық;
- ешбір қажетсіз өзі туралы бір ауыз да сөз айтпау;
- уақытты текке өткізбеу;
- ез келген істі емес, өзің қалаған істі атқару;
- өз қылығыңа әр кеш сайын адал есеп беру;
- болғанына да, барына да, болатынына да ешқашан мақтанбау.
Әpбip мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі - ой еңбегінің техникасын білу,
ақыл-ой әрекетінің дербес ерекшеліктерін ескеру негізінде құрылады. Мұғалімнің өздігінен білім көтеруі оның бос уақытын дұрыс ұйымдастыру дербес жұмыс жоспар құрып, оны іске асыра алуына тікелей байланысты. Эрудицияға жету жолындағы үздіксіз білім алу, ой еңбегінің мәдениетін игеру, шығармашылық белсенділігі, қатынас және сезім мәдениеті жатады. Мұғалім үшін қастерлі міндет - «өзінің жеке басының тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыруда», - деп есептейді А. Дүйсенбаев [41].
Адамның өзін-өзі тәрбиелеу қабілеті табиғаттан берілмейді, оған үйрену керек. Тарихта әрбір ұрпақ адамдары өз заманының талаптарына сай келуі үшін өзін-өзі жетілдіруі тиіс. Ұстаздың өз бетінше білім жетілдіруі, осы саладағы үздіксіз ізденісті, озат тәжірибені қолдануы, оны өзгелерге насихаттауы, жаңашылдық танытуы, өзін-өзі тәрбиелей алуы, іскерлік негіздері - педагогикалық шеберлікке жеткізудің бір жолы болып саналады. Қазіргі таңдағы зерттеулер көрсетіп отырғандай, жоғарғы оқу орнындағы кәсіптік бейімделу жұмыстары қызметін жаңа бастаған жас педагог маман бейімделу кезеңінде қиындықтарға кездеседі.
Еңбек жолын жаңа бастаған жас педагог мамандарда қажетті психологиялық-педагогикалық білімдердің, білік пен дағдылардың болмауы, педагогикалық жұмысқа даярлығының жеткіліксіздігі, жіберген қателіктері мен сәтсіздіктері өкініш, көңілі қалу сезімдерін туғызады. Туындаған мәселелердің қиындығы және оларды жеңу жолдарын анық білмеуі олардың көңілінде сенімсіздік туғызып, жас педагог мамандардың кәсіби бейімделуіне кері әсерін тигізеді. Жас педагог мамандардың кәсіби бейімделу процесі ішкі және сыртқы қайшылықтармен сипатталады. Кәсіптік бейімделу процесі барысында туындайтын ішкі қайшылықтар:
- жас маманның өз бетінше жұмыс істеуге ұмтылуы және оған қажетті білімі, біліктілік деңгейінің төмендігі, сондай-ақ педагогикалық ұжымдарда шығармашылық, демократиялық негіздердің жоқтығы;
- жалпы теориялық білімді практикалық қызметінде қолдана алмауы;
- жас маманның өзін-өзі таныту қажеттілігі мен оның коммуникативтік мүмкіндігінің сәйкессіздігі. Жас маманның кәсіби бейімделу процесінде оның жұмыс орнына байланысты кездесетін сыртқы қайшылықтары:
- жас педагогтардың өмірлік жоспарлары, құлшыныстары, кәсіби үміті, олардың жаңа әлеуметтік жағдайы, педагогикалық ұжым мен оның құндылық бағдарлары ұсынатын нақтылы мүмкіндіктер арасында;
- жас мұғалімнің талап-тілектері және оны аталған ұжымның тұлға аралық қарым-қатынастар құрылымындағы нақтылы алатын орны арасында;
- педагогикалық ұжымның мамандыққа байланысты қойылатын нақтылы талап-тілектері мен жас мұғалімдердің даралық ерекшеліктерінен туындайтын оның сенімділік, қызығушылық ұмтылысы арасында;
- қарым-қатынас тәжірибесінің жеткіліксіздігінен және алғашқы жылдарда қоғамдық-педагогикалық қызметінің көп салалығына байланысты да туындайды.
Бұл қайшылықтарды шешудің жолдарын ұсына отырып (мысалы, жоғары оқу орнының оқу-тәрбие процесінің кәсіби педагогикалық бағытын күшейту, педагогикалық ұжымның рөлін арттыру және т.б), олардың әрқайсысын тұлғалық ерекшелігімен немесе белгілі бір топпен байланыстыра қарау керек. Туындаған қайшылықтарды жеңу үшін жас мамандардың алдымен оларды жақсы түсіне білуі және болатын қажетті өзгеріске ынта-құлшыныспен қарауы өте маңызды. Мұндай құлшыныс дайындық сезімі жоғары оқу орнында дамытылуы, қалыптасуы насихатталуы керек. Сонымен қатар қазіргі уақытта мұғалімнің жеке басы мен іс-әрекетіне қойылатын талаптар мен педагогикалық білім беру мекемелерінің түлектерінің даярлық деңгейі арасындағы қарамақайшылықтар, мұғалімдерді даярлаудың типтік жүйесі мен оның ісәрекетінің жеке бастық-шығармашылық сипаттамасы арасындағы қайшылықтар тереңдеуде. Бұл қарама-қайшылықтар педагогикалық білімге байланысты мәселелерді шешуді қажет етеді:
- жаңа мақсат проблемасы,
- білім берудің жаңа құрылымының мәселесі,
- білім беру мазмұнын жаңарту мәселесі,
- ұйымдастыру формалары мен әдістерін жаңарту мәселесі.
Бұл айтылған мәселелер көп деңгейлі педагогикалық білім беру жүйесін енгізудің негізі болып табылады. Көп деңгейлі педагогикалық білім беру құрылымының мақсаты – жеке тұлға мен қоғамның мәдени-білім беру сұраныстарын білім беру мекемелерінің мүмкіндіктерін кеңейту, экономика мен еңбек нарығының өзгермелі қажеттілігін есепке ала отырып, білім беру аясында мамандарды мәдени, ғылыми, кәсіби даярлауды жоғарылату. Көп деңгейлі педагогикалық білім беру мына міндеттерді шешуден тұрады:
- жеке тұлғаға – интеллектуалдық, әлеуметтік, экономикалық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында алатын білім деңгейі мен мазмұнын өзі таңдап, кәсіби даярлауды жүзеге асыру;
- қоғамға (білім беру жүйесіне, мектепке) – маманды белгілі бір біліктілік сипаттамасы бойынша қысқа мерзімде алу;
- оқытушылық корпусқа (факультет, колледж, университет, институт) ғылыми және кәсіби педагогикалық қажеттілікті өте жоғары деңгейде жүзеге асыру.
Жас мамандар жұмысқа кірісе отырып, іс-әрекеттің жаңа түрін орындай бастайды. Болашақ мұғалімнің жоғары оқу орнынан кейінгі іс-әрекетінің басты түрлері: бейімділік, танымдық, кәсібипедагогикалық. Жас маманның бейімділік әрекетінің мазмұны оның сол жұмыс орнының демографиялық, этникалық ортасымен танысуынан басталып, әрі қарай сол педагогикалық ұжымның салтымен, ішкі тәртібімен ұласуы қажет. Жас педагог маманның педагогикалық ұжыммен танысуы, олардың мүшелерімен жақсы қарым-қатынас орнатуы алады. Жеке туындаған қайшылықтарды жеңуде ерекше орынды тұлғаның кәсіби қалыптасуының талдауын қарастыра келе, бұл процестің негізгі кезеңдерін көрсетуге болады:
1. Кәсіби өзін-өзі анықтау - мамандық таңдауға және мамандық әлеміне индивидтің таңдаулы қатынасы.
2. Кәсіби өзін-өзі анықтаудың өзегі әлеуметтік-экономикалық шарттар мен кәсіби іс-әрекеттің талаптарын, мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін есепке ала отырып мамандық таңдау болып табылады.
3. Кәсіби өзін-өзі анықтау барлық кәсіби өмір ағымында кездеседі: жеке бастың мамандығына деген пікірі, кәсіби болмысы жайында ой қорытындысын жасайды.
4. Жеке бастың кәсіби өзін-өзі анықтаудың өзектілігі жалпы білім беретін мектепті аяқтау, кәсіби мекемеде оқып бітіру, біліктілігін жоғарылату, тұратын жерін ауыстыру, жұмыстан шығу т.б. сияқты оқиғалармен байланысты болады.
5. Кәсіби өзін-өзі анықтау жеке бастың әлеуметтік психологиялық жағдайының оның өзіндік өзектілігі мен өзіндік таратудағы қажеттілігінің маңызды сипаттамасы болып табылады.
Жас педагог мамандардың кәсіби бейімделуінде тағы бір орынды педагогтардың кәсіби өзін-өзі бағалауы алады. Педагогтың өзін-өзі бағалауын қалыптастыру тәсілі – өз нәтижесін жеке тұлға идеалымен, педагог іс-әрекетінің нәтижесімен салыстырады. Бұндай жұмыс бірінші курстан басталуы қажет. Кәсіби идеалды қалыптастырудың қарапайым тәсілі – арнайы әдебиет оқу, көрнекті педагогтардың өмірі мен шығармашылығымен танысу. Мұғалімнің дұрыс қалыптасқан идеалы – оның өзін-өзі тәрбиелеу жағдайларының тиімділігі. Өзін-өзі тәрбиелеу процесінің сыртқы факторлары:
- педагогикалық ұжым;
- мектепті басқару стилі;
- бос уақыт.
Педагогикалық ұжымға алғаш келген педагог оның талаптарын, принциптерін, сындарын көріп, кәсіби идеал талаптарына үйренеді. Мектеп басшылары педагогтарға жағдайлар тудыруы керек. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу процесінде бір-бірімен тығыз байланысты 3 кезеңді көрсетуге болады:
- өзін-өзі тану;
- өзін-өзі бағдарламалау;
- өз-өзіне әсер беру.
Мұғалімдік еңбектің психологиясы күрделі және жауапты екенін айта келіп, педагог М. Жұмабаев шын мұғалімге тән мынадай қабілет-қасиеттерді атап көрсетеді: эрудиция қабілеті, әр жастағы баланың даму ерекшеліктеріне сай келетін тәрбиенің тиімді әдісін таба білу, баламен тіл табыса білу шеберлігі, ақыл-парасатының мол болуы, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдістемелерін тәжірибеге батыл енгізу, оқушының сеніміне кіруі, ұйымдастырушылық қабілетті қалыптастыру және басқалар [42]. Сөзіміздің соңында «Осындай қабілетті, қасиеттерді, іскерліктерді өз бойына жинаған мұғалім ғана – нағыз ұстаз бола алады» - дегіміз келеді.
-
Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жолдары
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі – жан-жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
“Білім туралы” заңда (8-бап) білім беру жүйесінің басты міндеті “… ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау” делінген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында оқу бітіруші
-әлеуметтік-гуманитарлық ғылым саласында негізгі оқу мазмұнын білу, әлеуметтік жағынан қажетті үрдістерді ғылыми тұрғыдан талдай білу, ғылыми әдістерді кәсіптік және әлеуметтік қызметтің әр алуан саласында қолдана білу;
-адамның адамға, қоршаған ортаға қарым-қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды білу, оларды экологиялық және әлеуметтік іс жобаларын әзірлеуде ескере білу;
-өзінің алдына кәсіптік міндеттерін жүзеге асыруға байланысты мақсат қойып, оларды шешу үшін өзі оқып-үйренген ғылымның әдіс-тәсілдерін пайдалана алу;
-өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білу, кәсіптік қызметі саласында қажет ақпаратты жинау, сақтау мен сұрыптаудың компьютерлік әдістерін меңгеру;
-өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге әдістік және психологиялық жағынан дайын болу.
Бұл талаптар –маман даярлығына қойылатын жалпы талаптар. Педагогикалық қызмет –қоғамдық құбылыс. Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатын өзгертуді талап етеді, себебі ол қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы тиіс. Қазіргі кезеңде мектептегі жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге қөзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен, мұғалімге байланысты.
Мұғалімнің негізгі әлеуметтік қызметі –жас ұрпаққа қоғам міндеттеп отырған талартарға жауап беретіндей тәрбие, білім беру. Осы талаптарға сәйкес орта білім беретін мектептер мен жаңа типтегі мектептердің (лицей, гимназия, колледж, атаулы, арнайы мамандандырылған мектептер) саны көбейе түсуде.
Қазақ халқы әрқашан да парасаттылықты пір тұтып, даналыққа табынып келген халық. Ұлтымызға тән тағы бір қасиет, ол білімді біліктіліктен ажырата білу. Өз өмір –ғұмырын ағартушылық арманға арнаған алаш арыстарының бірі ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсыновтың ұғымында білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ қана, ал біліктілік дегеніміз – білімнің жеткіліктілігі ғана емес, сол білімді іске асыра білу дағдысы.
ХХІ ғасырда Қазақстан халқының алдында тұрған өзекті мәселенің бірі – “ХХІ ғасырдағы орта білім” қандай болмақ? Бұл күн тәртібіндегі бірінші кезектегі мәселеге айналып отырғанын барлық мұғалімдер қауымы мойындауымыз қажет. Өйткені, қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру” деген тұжырым жасады.
Ұлтымыздың тарихи тағдыры бүгінгі күн үлкен – кішілі зауыттарда, я болмаса еліміздің қиыр нүктелерінде шекара бекеттерінде ғана емес, білім ордаларының қабырғасында да шешіліп жатыр. Алайда бүгінгі күндегі қазақ жеріндегі оқу-ағарту ісі тек бір мекеменің міндетімен шектеліп қоймауы тиіс. Ұлт болашағын қамтамасыз ету - әрбір мұғалімнің азаматтық рухани парызы мен борышы. Қоғамымыздағы түбегейлі өзгерістер әрқайсымыздың белсенділігімізді арттырып, ой-өріс пен санадағы өрлеуге жаңа жол ашып отыр. Әрине, рухани жаңару өзінен-өзі жүзеге аспайды. Ол үшін жаңа толқын жастардың бойына ұлтымыздың асыл қасиеттерін сіңіріп ғылым мен білімге баулу қажет. Сондай-ақ тәуелсіз елдің ұлттық білім жүйесінің жаңа үлгісін қалыптастыруымыз керек.
Педагогтық қызметте табысқа жету бірқатар себептермен: мұғалім білімінің тереңдігі және кеңдігімен, оның жалпы мәдениет деңгейімен, методикалық қарулануымен, ақырында оның жеке басының ерекшеліктерімен анықталады. Осы айтылғандармен катар табысқа жетуде, ең бастысы кызметтің творчестволық сипатта болуында педагогтық қабілеттің елеулі мәні бар.
Педагогтық кабілетті мұғалімнің жеке басына тән баска қасиеттерінен ажырату оңайға соқпайды. Әр адам сияқты мұғалімнің де рухани жан дүниесі күрделі келеді, мұнда әр түрлі қасиеттер өзара әрекетке түсіп, бір-бірімен өзара кірігІп жатады, оларды таза күйінде бөліп қарау қиын.
Дегенмен, дәл болмағанмен кісідегі кейбір елеулі белгілер бойынша педагогтык қабілеттің бар-жоғын топшылауға болады. Ол белгілер: тұрақты педагогтық байқағыштыққа бейімділік, педагогтық киялдау.
Мұғалімдік қызметке деген бейімділік ұстаздық жұмысқа деген сүйіспендікті қалыптастыруға қажетті ішкі жағдайдан тұрады. Егер адамда мұғалімдік жұмысқа деген бейімділік болса, онда ол педагогтық қызметтен ләззат алады да, бар күш-жігерін өзі сүйген іске жұмсауға талпынады. Осындай бейімділіктің, ал кейіннен істі жан-тәнімен сүюдің негізінде бастапқы кезде саналы түрде болмаса да балаға деген үйір сезімі, ал содан соң оларға деген айқындалған саналы сүйіспендіктің жатуы мүмкін. В.А. Кан-Калик балаларды оларға деген зор махаббатқа ие, жаңа дүниенің болашақ құрылысшылармен қарым-қатыста аса шыдамдылықты және мейірімді ыждағаттылықты талап ететін іске табиғатынан ыңғайы бар адамдар тәрбиелеу керек деп санаған [43].
Педагогтық жұмысқа бейімділік мектепте оқып жүрген жылдардың өзінде көрініс беруі мүмкін. Ол тек мұғалім боламын деген талаптан ғана емес. сондай-ақ жас шәкірттермен жүргізілетін коғамдық жұмысқа (сынып жетекшісі, оқушылардың мектепті басқару мүшесі болып істеу) ынтадан да білінеді.
Нағыз бейімділік педагогтық істе тереңдеп, тамырлана және нығая түседі. Мұндай адамдар қиындыққа, сәтсіздікке ұшырағанда жандары күйзелгенімен одан мойымайды. Сондыктан алғашқы практикалық қызмет сынының шешуші роль атқаратындығы аз болмайды. Оның педагогтық қызметке деген бейімділікті нығайта түсуі мүмкін, Істегі алғашқы кадам өз шамаңды, қабілетіңді тексеруге, психикалық қалыптасу дәрежесінің педагогикалық іске қаншалықты сай келетінін аныктауға мүмкіндік береді.
Педагогтық қызметке бейімділіктің тұрақтылығы мен күшіне қарай сол адамдағы педагогтық қабілеттің қандай дәрежеде екендігін анықтауға болады. Іс-әрекет үстінде педагогтық қабілеттің негізгі қасиеттері жай көрініп қана қоймайды, одан әрі дамиды.
ә)Байқағыштық. Мұғалімге тән жіті байқағыштық — педагогтық қабілеттің өзекті қасиеті. Бұл оқушыны ұғынуға, оның әр түрлі эмоциялық жағдайының, ұшыраған қиындықтарының басты себептерін байқауға жәрдемдеседі. Байқағыштық қасиет арқасында мұғалім шәкірт мінез-құлқындағы көзге түсе бермейтін өзгерістерді қалт жібермейді және оның болашағын болжай алады. Осындай педагогикалық байқағыштық оқушыларға білім беру және тәрбиелеуді білгірлікпен жүзеге асыру жолында мұғалімнің сүйеніші болатын жеткілікті материал береді. Осындай тамаша байқағыштық қасиет А.С.Макаренкода болған, ол М.Горькийдіқ айтуынша екі ауыз сөзбен ғана кез келген колонистің өзіндік ерекшелігін жақсы суреттеп бере білген.
б)Педагогикалық қиялдау. Ұстаздық қабілеттің жетекші қасиеті-педагогикалық қиялдау. Бұл мұғалімге шәкірттің дамуын жобалауға қажетті. Баланың өткен және қазіргі өмірін терең білуге сүйеніп, мұғалім оқушынын, келешекте, қандай жағдайда қандай болатынын топшылай алады. А.С.Макаренко адамның болашағынын жобасын жасау принципін ұсынды. Өзін шәкірт орнына қойып, ойша эксперимент жасай алмайтын мұғалім, баланы қайта тәрбиелемек түгіл, біршама тәрбиесі бар оқушыларды тәрбиелеудің өзін алға жылжыта алмайды.
Логикалық оймен біте қайнасқан творчестволық қиял педагогтық талантқа тән педагогтық тапқыштықты қамтамасыз етеді. Талантты мүғалім— жаңашыл. Ол өткен тәжірибені, түрлі педагогикалық құбылыстарды мұқият талдайды және жұмыста жоғары нәтиже беретін, шәкіртпен дұрыс қарым-қатынас жасауға кажетті әдіс-тәсілдер жасау, іздеу үстінде болады.
в)Ұстазда болатын тағы басқа қабілеттер. Балалар коллективімен істес болатын мұғалімдерге ұйымдастырғыштық кабілет кажет. Тек ұйымдастырғыш мұғалім ғана коллективті адамгершілік тәрбиенін құралы ретінде калыптастыра алады. Таланты ұйымдастырушы дирижер сияқты мектеп коллективінің белсене бірлескен әрекетіндегі әр баланың өз орнын табады. Осылайша істің табысты болуы және әркімнің дамып жетілуі қамтамасыз етіледі, коллектив өмірі толыққанды болады.
Мұғалімнің мамандығына орай (тарихшы, математик, физик т. б.) басқа да арнаулы қабілеттер қажет болады. Мәселен, әдебиет пәнінің мұғалімі көркемдік талғаммен қоса әдеби творчестволық қабілетке ие болса, нұр үстіне нұр. Осындай жағдайда мұғалімнің-шәкірттердің әдеби кабілеттерін қалыпастыру, эстетикалык тәрбие беру жөніндегі мүмкіндігі арта түседі. Сондай-ақ физика мұғалімі үшін конструкторлық, математикке— математикалық қабілет қажет. Педагогикалық институтқа түсуші белгілі бір факультетті өзінің педагогтық бейімділігін ғана емес, сондай арнаулы қабілетін басшылықка ала отырып таңдайды. Арнаулы қабілеттерінің өрісі кең ұстаздар оқушылардың пәнге деген нытасын арттырып қана қоймай, творчестволықпен ойлауға машықтандырады.
Сөйтіп, педагогтық қабілетке міндетті түрде ие бола отырып, оның әр түрлі қабілеттер мен үйлесімін табу ғана жас жеткіншектерді оқыту, тәрбиелеу ісінде зор жетістіктерге жеткізе алады.
Болашақ мұғалімнің шеберлігін жетілдіру үшін педагогикалық факультеттерінің оқу-тәрбие үрдісіне кейбір өзгерістерді еңгізу қажеттігіне зерттеу барысында көзіміз жетіп отыр. Біздіңше, бұл жерде оқушыларға тәрбие беруде болашақ мұғалімнің даярлығын қалыптастырудың әдістемесіне қайта өңдеу жүргізудің және оны тәжірибеде тексеріп көрудің маңызы зор.
Сондықтан бізге мынадай міндеттерді шешуге тура келеді:
-
оқушыларға тәрбие беруде болашақ мұғалімнің даярлығын қалыптастыру бойынша педагогикалық жұмыстардың мазмұны мен құрылымын анықтау;
-
оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеуде болашақ мұғалім даярлығын қалыптастырудың әдістемесін жасап, оны студент және мұғалімдермен жұмыс үстінде тексеріп байқау;
-
болашақ мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін қалыптастыруға әсер ететін жағдайларды айқындау.
ОҚМПУ факультеттерінің оқу-тәрбие үрдістері мүмкіндіктерін ескере отырып біз оқушыларға тәрбие беруде болашақ мұғалімнің даярлығын қалыптастыру барысындағы озық педагогикалық жұмыстарды жүзеге асыруға ұмтылдық. Бұл шараны (эксперимент) ұйымдастыруды былай белгіледік: төрт негізгі кезеңге бөліп қарастырдық. Әрбір кезеңде зерттеліп отырған нысанадағы өзгерістер нәтижелілігін айқындауға мүмкіндік туып, оған бақылау жүргізілді.
Бірінші кезеңде экспериментті өткізудің әзірлік жағдайы іске асырылды, яғни әр түрлі пәндердің мазмұны мен мүмкіндігі сараланды, ұлттық тәрбие арқылы оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеуде болашақ мұғалімнің даярлығын қалыптастырудың оқу пәндері мүмкіндігін пайдалану үшін факультет оқытушылары қызметін үйлестіру, барлық тәжірибелік жұмыстар түрлерін ұйымдастыру, т.б. тиянақталды. Ең бастысы, бұл кезеңде университеттің жалпы оқу үрдісі құрылымындағы үйретілетін курстардың өзара байланысы мен әрбір пәннің бір-біріне қатыстылығы барынша пайымдалды. Өйткені, бұл кезеңдегі оқытылатын пәндер болашақ мұғалімге өз қызмет нысанындағы бастапқы мәліметтерді береді, педагог жұмысының ерекшеліктерімен таныстырады, таңдаған мамандығының құндылық бағдарын, көзқарасын, талап-талғамын қалыптастырады. Сондықтан, оқытушылар бұл кезеңде студенттермен жүргізілетін жұмыстарды мақсатты бағытта құруы тиіс.
Бұл үшін бүкіл оқу-тәрбие үрдісі педагогикалық іс-әрекетке бағытталмағаны жөн. Демек, студенттерді оқытылатын пәндерді терең игеруіне бағыттап қана қоймай, мектептегі педагогикалық үрдіс мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана отырып оқушы тұлғасын дамыту жұмыстарымен байланыстыра жүргізсе, бұдан болашақ мұғалімнің ұтары сөзсіз.
Бірінші кезеңде атқарылған мұндай игі шаралар болашақ мұғалімнің даярлығын қалыптастырудың педагогикалық үрдістерін компьютерлендіруге жол ашады. Бұл кезең университет студенттерінің бірінші оқу жылына тура келеді.
Екінші кезең барысында қоғамдық, психологиялық-педагогикалық мәдениеттану курсы үйретіліп, студенттер арнайы пәндерден іс-әрекет және тұлға туралы теориялық білім алады, ғылыми таным, тұтас педагогикалық үрдіс теориясы әдіснамасын игереді, кәсіби педагогикалық іс-әрекеті мәдениетін, өзінің болашақ кәсіби қызметін талдау әдістерін меңгереді. Сөйтіп, бұл кезеңде студенттер өз қабілеттерін дамытады, өзіндік педагогикалық іс-әрекеттерін қалыптастыра бастайды, оқу үстінде білім мен дағдысын бағамдайды.
Бұл кезең мазмұны жағынан өте интенсивті. Сондықтан, екінші және үшінші курс оқуымен сайма - сай келеді.
Педагогикалық үзіліссіз (пассивті түрдегі) тәжірибе бұл кезеңнің қажетті буыны болып табылады. Оның мақсаты – болашақ педагогикалық іс-әрекетте тәжірибелік білік пен дағдыларын жетілдіру. Өйткені, педагогикалық тәжірибе негізінде алған теориялық білімдері іске асырылады.
Үшінші кезең бұған дейінгі жинақталған теориялық білімді тәжірибеде қолданудың білік, дағдысын жетілдіре түсіп, тұтас педагогикалық үрдіс жүйесін қалыптастырады. Ендеше болашақ мұғалімге өз іс-әрекетінде және бүкіл педагогикалық үрдісте оны талдай білуге үйренуі қажет. Демек, бұл кезеңде студенттердің дидактикалық әрі әдістемелік даярлығының бірлесуі жүзеге асады.
Яғни бұл кезеңнің маңызды элементі бірінші педагогикалық тәжірибе жұмысы болып табылады және ол болашақ мұғалім даярлығының қалыптасу нәтижелілігіне әсерін тигізеді. Олай деуге негіз, ол осы тәжірибе негізінде өзінің кәсіби іс-әрекет қабілеттерін сезінеді, өзіндік педагогикалық қызмет даярлығы деңгейін айқын байқайды, өз мүмкіндігі мен білік, дағдысын сыннан өткізеді. Сондықтанда педагогикалық тәжірибені (практика) дұрыс ұйымдастыру үлкен маңызға ие.
Педагогикалық тәжірибе барысында оқытуды ұйымдастырудың мына түрлері (формалары) қолданылады: арнайы семинарлар, практикумдар, тапсырмалар жүйесі, консультациялар, жеке дара жұмыс, практикант-мұғалімдер дәрісіне қатысу және оны талдау, психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен жұмыс, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары және тәжірибеден өту нәтижелеріне арналған қорытынды педагогикалық кеңестер, т.б.
Педагогикалық тәжірибе кезеңінде арнайы семинарлар ұйымдастыру студенттердің теориялық білімдерін ұлғайтады. Ал семинарларға әзірлік кезеңде студенттер теориялық мазмұндағы тапсырмаларды орындайды. Бұдан басқа атқарылуға тиіс жұмыстарды тәжірибе үстінде жүзеге асырады.
Практикант-мұғалімдер өткізген дәрістерге қатысқанда студенттердің сабақты бағалау критерийін білмейтіндіктері, мұғалім іс-әрекетін теориялық негіздей алмайтындықтары байқалып тұрды. Мұндай кемшіліктерді жоюда болашақ мұғалімге жоғарыдағыдай семинарлардың көмекке келері даусыз.
Сонымен бірге студенттер семинарлардан әр түрлі педагогикалық іс-әрекеттерде әдістемелік нұсқаулар алатын болады. Мұның сабаққа әзірленуде, көрнекілікті қолдануда, оқушылардың өзіндік жұмысын жандандыруда, оқытуды даралау мен саралауда, игерген білім, білік, дағдыларын бақылауда, т.б. тигізер пайдасы орасан.
Жалпы педагогикалық тәжірибе кезеңде студенттер өз іс-әрекетіне талдау дағдысын қалыптастырады, жіберген қателіктері мен сәтсіздіктерінің себеп-салдарын айқындайды, педагогикалық үрдісті оңтайландырудың қолайлы варианттарын анықтайды, түрлі педагогикалық технологияларды сабақта пайдалануды үйренеді. Қысқасы, әдебиеттермен жұмыс істеуде жаңаша көзқарас тудырады. Өйткені, пән мұғалімі немесе сынып жетекшісі ретінде жұмыс барысында туындайтын жағдаяттарға жауап іздеу үшін психологиялық-педагогикалық, теориялық, әдістемелік әдебиеттерді атқаруға мәжбүр болады. Бұл студентті бұрынғы қалыптасқан дәстүрлі теориядан – тәжірибе жолынан ауытқып, керісінше тәжірибеден – теорияны терең әрі толық игеруге бағыттайды.
Педагогикалық тәжірибені ұйымдастыруда конференциялардың да алатын орны үлкен. Ондай кезеңде студенттер топ жетекшілерімен, әдіскерлерімен, психологтермен, педагогтермен кеңірек танысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, мектепте тәжірибеден өткен студенттердің атқарған жұмысына баға беретін кішігірім педкеңестердің де мәні зор. Төртінші кезеңнің озық педагогикалық жұмыстары оқушыларға тәрбие беруде болашақ мұғалім даярлығын нақты қалыптастырудан тұрады. Сондықтан бұл кезеңде білімді жүйелеуге және білікті нығайтуға арналған арнайы курстар енгізу керек. Бұл курс психологиялық-педагогикалық, әдістемелік интеграцияны, арнайы білім мен білікті қамтамасыз етеді. Ендеше осы арнайы курсты соңғы тәжірибе алдындағы жоспарға енгізген дұрыс. Өйткені, мектепте өткізетін алғашқы тәжірибенің ұзақтығы 1-2 апта болғандықтан, болашақ мұғалімдер психологиялық, дидактикалық, әдістемелік жағынан көптеген қиындықтарға тап болады. Ал төртінші курста өтетін соңғы педагогикалық тәжірибе 8 аптаға дейін созылып, студенттер өзінің алған теориялық білімдерін белгілеген арнайы курс негізінде нақтылай түседі.
Семинар сабақтарының әдістемесі
Семинар сабақтарында түрлі білім көздерімен жұмыс істеу дағдысының дамуына ерекше көңіл бөлу, озат педагогикалық тәжірибелі оқытушылар жұмыстарын талдау және қорытындылау, мәселені таба білу және оның шешу жолдарын ұсыну. Сондықтан алдын ала бірігіп талқыланған мәселелерді қорыту дәстүрлі семинар сабақ түрлері сияқты емес, практикалық мәні бар мәселелі семинарларды ұсынуға аса көңіл бөлінген.
Мәселе семинар тақырыбының атына, оқу қызметін ұйымдастыру түріне және оқыту әдісіне кіргізіледі. Пікірталастың (дискуссия) бірнеше түрін қолданып көру жақсы нәтиже беретіні анық. Мысалы, "Оқытушының дербес стилін қалыптастыру мәселелері", "Педагогикалық технология дегеніміз не және ол оқытушыға неліктен қажет?", "Баланы қалай сүю керек? және т.б. тақырыптар бойынша семинар өткізіп, нәтижелі тәжірибе алуға болады.
Кейбір семинар сабақтары ғылыми-практикалық конференция, оқу-әдістемелік және ғылыми семинарлар, педагогикалық консилиум түрінде өткізілуі мүмкін.
Семинар сабағына дайындық бірнеше сатыдан (этаптан) тұрады:
1. Теориялық - ұсынылған әдебиетпен таныстырылады, конспектілер, рефераттар, баяндамалар дайындалады.
2. Теория-практикалық - нақты материалмен теориялық білімді толықтырады, студенттер мұндағы қызметті практикалық тапсырма нәтижелерін семинар сабақтарында бейнекөрініс, диаграмма, кесте, аннотация және т.б. түрінде бекітеді.
3. Презентациялық - студент аудитория алдында баяндама жасау тактикасын ойластырады.
4. Аналитикалық - ұсынылған семинар сабағының тақырыбын талдау әдісін үйренеді.
Тренинг сабақтарының әдістемесі
Тренинг сабақтарын өткізу - ол адамның мінезі мен қызметін басқару моделін жетілдіру.
Тренинг мақсаты - мамандардың әлеуметтік психологияға көзқарасын кеңейту және олардың оқушылармен этикалық қарым-қатынас деңгейін көтеру, эмпатийлігін, рефлексиясын позитивті бағыттауды қалыптастыру.
Мазмұны жағынан тренингтік сабақтар белгілі бір тақырыптың логикасымен байланыста, қысқа мерзімді сипатта болатын, әдістеме негізіне синтетикалық келіс алынғандықтан, кәсіби окытудың әртүрлі әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Сабақта психокоррекциялық және тренингтік сабақтар оқыту контекстін үш бағытта бекітеді:
1. Ол білім береді және оны пайдалануға мүмкіндік береді.
2. Дағдыны алуға немесе коррекциялауға мүмкіндік береді.
3. Кез келген тренингтік сабақ тұлғаның немесе болашақ кәсіпкердің кәсіби позициясының мақсаттарын, мотивтерін сезіндіреді.
Оқыту формасы ретінде тренингтік сабақтардың айрықша белгілеріне:
- топтағы тұрақты оқушы немеее қатысушылар саны (10-12 адам);
- тренингке қатысушының тұлға дамуындағы дербес және кәсіби жетілуі үшін қажетті белгілі бір білім және практикалық дағды жиынтығын алуға бағытталуы, қатысушылар арасындағы еркін қарым-қатынас, ой еркіндігі, психологиялық қауіпсіздік.
Тренинг сабақтарының негізін мына принциптер құрайды:
1.Өзара әрекетті (әрекеттесуді) диалогтандыру, тренинг мүшелерінің бір-біріне сыйластыққа негізделген тұлғалар арасындағы тең құқылы, толыққанды қарым-қатынас.
2.Кері байланыс, яғни тренинг мүшелерінің бір-бірімен, басқа мүшелерден тренингтегі олардың істеген жұмыстары туралы ақпарат алмасуы.
3.Шығармашылық, зерттеу позициясы, яғни өзін және бірін-бірі оқытуға нұсқау беру. Бұл тренинг мүшелерінде мінездің жаңа моделін қалыптастыру, өзінің кәсіби-тұлғалық қасиеттерінің ашылуы.
4.Эмоционалдық және интеллектуалдық салалардың гармонизациялануы, яғни тренинг мүшелерінің эмоционалдық күйлеріне көңіл бөлуі.
5.Қатысу еріктілігі. яғни тапсырманы брындауда жауап берілетін сұрақтарды таңдап алу еркі.
Бұл принциптер тренинг мүшелерінің келесі нормалар мен ережелерді орындауына мүмкіндік береді:
- белсенділік;
- конфеденциалдылық;
- "жоқ" деп айта білу;
- алдамау;
- қостау, жәрдем беру:
- барлығына қатысу;
- жеке пікір құқығы;
- басынан аяға дейін жұмыс істеу;
- қазір және осы жерде болып жатқаны туралы өз атынан сөйлеу.
Тренинг сабақтарын дайындаудың негізгі сәттері:
1. Тренинг мақсаттарын анықтау.
2. Тренингті жобалау.
3. Оқыту климатын жасау.
Әрбір тренинг сабақтарының келесі алгоритмі болады:
1. Оқытушының немесе жетекшінің сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтуы.
2. Қатысушылардың амандасуы.
3. Тақырып бойынша жаттығулар жүйесін орындау.
4. Сабақтың рефлексиясы.
5. Сабақты талдау.
6. Үйге тапсырма.
Оқу тренингтерін ұйымдастыруда окытушы мынадай қиындықтармен кездесуі мүмкін:
1. Студенттердің тренингтің мәнін толық білмеуі.
2. Уақыттың шектеулі болуы толық жауап алуға кедергі болады.
3. Сабақ мүшелерінің рухани салада дамуы туралы мәселелерін жүзеге асыруда өте күрделі болып көрінеді.
4. Жеке студенттер арасындағы достығы және симпатиясы жұмыстың ашықтық, адалдық принципінің бұзылуына: себеп болады, өйткені өз ақпаратын полемикаға кірмей қорғап қалу.
Бұл қиындықтар әсерін азайту үшін (нивелирлеу) студенттерге "Тренингтер күнделігін" жүргізу ұсынылады.
Тренинг сабақтары соңында экспресс-сұрау жүргізіледі.
1. Тренинг сабақтарының максатын не деп білесіз?
2. Сіздің кәсібилігіңізге жеке сабақ және жалпы пән қалай әсер етті?
3. Тренинг процесі нәтижесінде педагогикалық және тұлғалық әсерлесу механизмін меңгере алдыңыз ба?
4. Тренинг сабақтары сізге тұлғалық және кәсібилік тұрғыда не берді?
Семинар сабағы: «Мен өзіме сұрақ қоямын: «Heгe мен оқытушы болғым келеді?». Сабақ түрі: рөлдік ойын.
Ойынды өткізу технологиясы.
Мақсаты: даму техиологиясын анықтау.
Педагогтың кәсіби қызметін орындауға және оны корректілеу жолдарына мотивациялық дайындығын және кәсіби даму теңденциясының бағытын анықтау.
Материал: педагогтың таңдап алған кәсібіне қатысты және мотивтерді зерттеудің диагностикалық әдістемелер жиынтығы.
Ойынның мазмұны
Кіріспе кезеңі. Оқытушы студенттерге кәсіпкердің қалыптасуы оқытушы тұлғасының мотивациялық сферасының белгілі шамада қайта құруына бағыттауы нәтижесінде жүреді. Педагогтардың көпшілігіне бірқатар сұрақ жауаптарының өте маңызды екені де жасырын емес: «Мен қайдамын?», «Мен неге осындамын?», «Кәсіп менен не талап етеді және басқалар оны қалай бағалауы мүмкін?», «Бүгін ойын барысында сіздермен бірге осы сұрақтарға жауап іздеуге және оқытушының қызметінде жоғары нәтижелер алудағы қозғаушы күші неде: құптау мотивациясы және табыс мотивациясы, өктемдікке ұмтылу мүмкін тағы басқа нәрселер?».
Қатысушыларға диагностикалық әдістер жиынтығы таратылып жұмыстың әрбір кезіндегі мазмұнымен таныстыра отырып, таңдап алынған кәсіпке әрбіреуінің қатынас дәрежесінен мотивация деңгейін анықтау ұсынылады.
Бірінші кезец (этап). Қатысушылар алынған нәтижелер негізінде ойын топтарын калыптастырады. Ойын топтарының атауларының үлгісі «Мен ең сүйкімді және тартымдымын», «Мен өз борышымды атқарып жүрмін», «Менің білімім тәрбие игілігі үшін» және т.б.
Екінші кезең. Ойын микро топтары арасында диагностикалау нәтижелері талданып, оның негізінде коллективтік пікір қалыптастырылады және оны ұсыну формалары таңдалады.
Үшінші кезең. Әрбір ойын тобының коллективтік ойынның презентациясы. Кәсіби қызметтің тиімділігін бекіту немесе арттыру үшін және негативті жақтарын алып тастау жолдарын ұсыну.
Төртінші кезең. Ойын қорытындысын шығару, алынған нәтижелерді талдау. Ойын рефлексиясы: әртүрлі категориядағы педагог қызметкерлердің кәсіби бағыты мен мотивінің жалпы көрінісін жасай білдік пе? Әрбір қатысушы педагог қызметін өзінің таңдауының мотивациясын қаншалықты сезіне білді?
Диагностикалық әдістемелер
1. Сұрақтар парағы сауалнама: «Табыс мотивациясы және сәтсіздік қорқынышы».
Нұсқау: сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деген жауап беріңіз; сұрақтарға ұзақ ойланбай жылдам жауап берген жөн. Ойға алғаш келген жауап әдетте тура болады.
Сұрақтар парағы, мәтіні:
1. Жұмысқа кірісерде табысты болатынына оптимисше сенім артамын
2. Қызметімде белсендімін.
3. Инициатива көрсетуге бейіммін.
4. Жауапты тапсырмалар орындауда мүмкіндігінше оларды орындамау үшін себеп іздеймін.
5. Көбінесе жеңіл тапсырмаларды немесе қиын емес тапсырмаларды таңдаймын.
6. Қиындықтармен кездескенде олардан бас тартпаймын, керісінше оларды өту жолдарын іздестіремін.
7. Табыс пен сәтсіздіктер алмасып келгенде өз мүмкіндігімді көтермелеп жоғары бағалауға бейіммін.
8. Қызметімнің жемістілігі, негізінен, сырттан жасалатын бақылауға емес, өзімнің мақсаттылығыма байланысты деп санаймын.
9. Жетерліктей қиын тапсырманы орындау кезінде уақыттың аздығы қызмет нәтижесін нашарлатады.
10. Мақсатқа жетуде табандылық көрсете аламын.
11. Өзімнің болашағымды әжептәуір ұзақ перспективаға жоспарлауға бейіммін.
12. Егер тәуекелге баратын болсам қалай болса солай болсын деп емес, ақылмен істеймш.
13. Мақсатқа жетуде, әсіресе сыртқы бақылау болмаса онша табанды емеспін.
14. Алдыма өте қиын емес немесе орта салмақты, бірақ өте алатын реалды мақсаттар қоюды таңдаймын.
15. Тапсырманы орындаудағы сәтсіздік оның тартымды-лығын төмендетеді.
16. Табыс пен сәтсіздіктің кезектесуінде өз сәтсіздігімді асыра бағалаймын.
17. Өз келешегімді тек жақын болашақка жоспарлаймын.
18. Тапсырма ауыр болса да, оны орындау кезінде уақыт-тың жетіспеуі қызмет нәтижесін жақсартады.
19. Сәтсіздікке ұшырасам да, тапсырманы орындаудан әдетте бас тартпаймын
20. Егер тапсырманы өзім таңдаған болсам, сәтсіздік жағ-дайында оның тартымдылығы өседі.
Сурақтар қағазының кілті:
Иә: 1, 2, 3, 6, 8, 10, 11, 12, 14, 16, 18, 19, 20.
Жоқ: 4, 5, 7, 9, 13, 15, 17.
Нәтижелерді өңдеу: Тексерілушінің жауабының кілттегімен сәйкес келген жауапқа бір ұпай беріледі. Барлық ұпай саны есептеледі.
Егер алынған ұпай саны 1 мен 7 аралығында болса, онда мотивация диагностикасы сәтсіз болады (сәтсіздік қорқынышы).
Егер алынған ұпай саны 8 бен 13 аралығында болса, онда мотивациялық полюс айқын емес. Ол Адам сенімсіз, табыска үмітсіз.
Егер алынған балл саны 14 пен 20 аралығында болса, онда мотивация сәтті болып диагностикаланады (табысқа үміткер).
2. Мақұлдау мотивациясын өзіндік бағалау шкаласы.
Нұсқау: төменде келтірілген пайымдаулардың әрқайсысын үқыпты оқып алыңыз. Егер олар сіздін мінезіңіздің ерекшеліктеріне сәйкес деп тапсаңыз «иә», егер сай болмаса «жоқ» жауабын жазыңыз.
1. Кітапханаға кітаптарды қайтармас бұрын мен олардың әрқайсысын мүқият оқимын.
2. Біреуге көмек көрсеткенде мен оны еш күдіксіз істеймін.
3. Мен денсаулығыма үнемі көңіл бөлемін.
4. Үйде тамақ ішкенде асханада отырғандай отырамын.
5. Менің ешқашан ешкімге антипатиям болмайды.
6. Өз күшіме сенбегендіктен бір рет мен бір істі істемей тастаған жағдай болған.
7. Мен кейде қасымызда жоқ адамдар туралы сөз еткенді жақсы көремін.
8. Қарсыласым кім болса да мен оны мүқият тыңдаймын.
9. Өзімді ақтау үшін бір қомақты себеп ойлаған жағдайым болған.
10. Адамның ақаулығын пайдаланған кезім болған.
11. Өз қатемді әрқашан мойындауды жақсы көрем.
12. Кейде адам қатесін кешірудің орнына, мен оған сондаймен жауап беремін.
ІЗ. Менің айтқанымның істелуін талап еткен жағдайым болған.
14. Менен көмек сұрағанда, оған менен неге сұрайсыңдар деген ішкі қарсылығым болмайды.
15. Менің пікіріме қарсы пікірлер айтылуына менің ешқандай ренішім болмайды.
16. Ұзақ мерзімді жолға шығар алдында не алатынымды мүқият ойластырамын.
17. Баскалардың жетістіктеріне қызғанышым болған.
18. Кейде біреулердің сұрақтармен маған келіп сұрауы мені ашуландырады.
19. Адамдарда жағымсыз жағдайлардың болуын кейде сендерге сауап солай болғаны дұрыс болды деп ойлаймын.
20. Жағымсыз нәрселерді мен ешқашан күлімсіреп айтқан емеспін.
Нәтижелерді өңдеу кілті:
«Иә»: 1,2,3,4,5,8, 11, 14, 15, 16,20.
«Жоқ»: 6, 7, 9, 10, 12, 13, 17, 18, 19.
Мотивацияны қолдау көрсеткіші «жұмысшы» сұрақтардың жиынтық көрсеткіші болады. Ол неғұрлым жоғары болса. мотивацияны қолдау соншалықты жоғары болады, яғни адамның басқалармен салыстырғанда әлеуметтік нормаларға сәйкестігі толық дайындалғанын көрсетеді. Төмен көрсеткіштер дәстүрлі нормаларды қабылдамаушы және өзіне қажетсіз жоғары талаптылықтың дәлелі болады.
Қазіргі кезде мұғалім мәртебесі жайлы жиі әңгіме қозғалып жүр. Бедел сатып алатын дүние – мүлік емес, ол мұғалімнің біліміне байланысты. Өз пәнін жетік білетін ұстаз сыныптағы оқушының бар ынта – ықыласын өзіне аударып, сабақты қызықты өткізеді, өтілетін тақырыпты толық меңгермеген мұғалім алдындағы шәкірттеріне не берсін? өкінішті болса да айтайын, ондай әріптестеріміз әлі де арамызда кездеседі. әрине, оған себеп те көп.
Ащы болса да шындық қазір мұғалім мамандығына баратындар оны табыс табудың көзі деп түсінеді. Өйткені, қалада, ауылда болсын мұғалімге жұмыс табылады. Осылайша мәртебелі мамандығымыз «екі қолға бір жұмыс» демекші, болсын болмасын нан табатын кәсіпке айналып шыға келді. Сайып келгенде, орын алған осындай жайлар мектептегі білім сапасына, мұғалім беделіне кері әсерін тигізуде.
Ендеше мұғалімнің қоғамдағы орнын, беделін көтеруді жан – жақты ойластырып, мұғалімнің мәртебесі немесе мұғалімнің қоғамдағы орны туралы заң қабылдануы қажет деген ойдамын. Жансейіт Түймебаевтің дәрігерлер адам денсаулығын қорғау жолында ант қабылдайды, мұғалімдер шәкірт тәрбиелеу мен оқытуда өздеріне неге осындай талап қоймсақа деген пікіріне толық қосыламын.
Мұғалім – үнемі ізденісте, қоғам дамуымен бір жүретін тұлға. Өйткені, қазіргі жас ұрпақ сауатты, компьютердің құлағында ойнап, баспасөзді қалт жібермесе, көгілдір экраннан әлемдегі жаңалықты бойына сіңіреді. Нендей сұрақ пен сауал болмасын мұғалім дайын болуы керек. Бұл пәнге қатысты емес, баланың ой - өрісін дамыту мәселесіне қатысты ойым.
Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, бәсекелестікке қабілетті болуы үшін – ең алдымен жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие, ғылым жаңалықтарынан сусындату міндеті тұр. Ал оның қайнар көзі ұстаз еңбегінен басталады. Жоғарыда айтқандарыма қосарым, мұғалімдердің дені - өз жұмыстарынан нәр алып, жаны жадырап жүргендері шамалы. Көп жылғы еңбегі бар ұстаздар да, «біріне тартса, біріне жетпейтін» тірлік кешіп келеді. Елбасымыз Н. Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің съезінде: «Білім беру мен ғылымның дамуы – бұл саяси әрі жалпы ұлттық міндет» деп алдымызға айқын мақсат қойды. Бұл мұғалім беделін көтерудегі оң қадам. Ал бедел өздігінен келмейтінін біліп, оны осы жолда өзіміз көп ізденіп, оқушы жүрегіне жол тауып, кәсіби шеберлік шыңынан көрінуге ұмтылғанымыз абзал. Ширек ғасырдан астам қоғамдағы басты буын – оқушыларды оқытумен бірге тәрбиелеуде тәжірибе жинақтағандай.
ҚОРЫТЫНДЫ
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман — уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», — деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет.
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог — өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру — педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептеймін.
Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.

Педагогикалық шеберліктің негізі - балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу - тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.
Педагогикалық шеберлік – балаларды сүйетін, жүрек қалауымен жұмыс істейтін, әрбір педагогтың қолы жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріп отыратын өнер. Мұғалімдік мамандыққа үйретуге болмайды, бірақ одан үйренуге болады. Шебер мұғалімнің пайда болуы тек қана оқу жүйесіне емес, сонымен қатар оқушылардың күш салып оқуына байланысты. Педагогикалық шеберліктің дамуы мұғалім дайындығының координациялық аспектісінің орталығы болып табылады. Сол себепті ол психологиялық-педагогикалық цикл дисциплинасының көңіл бөлінген орталығы. Педагогикалық шеберлік негіздері курсы және басқа да психология, педагогика, педагогика тарихы пәндері студентке кәсіби дайындықты қалыптастыруы жайында түсінік беруі керек. Педагогикалық шеберлік:
- пәндік білімі (кәсіптік құзырлылық, арнайы кәсіби даярлығы, оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибесі, ғылыми біліктілігі);
- педагогикалық технология (сөйлеу мәнерінің техникасы, ойлау логикасы мен нақтылығы, талдауларының нақтылығы, бейнелі көрсетілімдері, қажетті құралдарды таңдай білу дағдысы, формалары мен тәсілдері);
- педагогикалық шығармашылық (шығармашылық талдау, стандартты емес ойлау, жаңа ақпараттар іздестірудегі қажеттілік, экспериментке ұмтылыс);
- педагогикалық стиль (педагогикалық нақтылық, өзінің және өзгенің әрекетін қабылдай және бағалай білу дағдысы, педагогикалық бағыттағы тіл табысу мен әрекетшілдік, педагогикалық тактика мен этика, тыңдай және тыңжата білу дағдысы, адамдардың ішкі дүниесін тануға қызығушылық).
Жалпы алғанда, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі – бұл өте жоғары деңгейдегі, әрі ұдайы жетіліп баратын тәрбиелеу және оқыту өнері. Шеберлік негізі – жеке тұлға мәдениеті, білім мен өрісті дүниетаным және осы сапалармен кірісе ұштасқан педагогикалық техника мен озат тәжірибе. Шеберлікке көтерілудің басты шарттары: теорияны білу, оқу-тәрбие үрдісінің тиімді технологиясын пайдалана білу мен оны нақты жағдайларға орай сәйкестендіре таңдау, көзделген деңгей мен сапаға байланыстыра нақтылау, болжамдау және жобалау.
Шеберлікке жету кезеңдері келесідей:
-озат мұғалімдер тәжірибесін бақылау;
-үздіксіз біліктілік көтеру;
-арнайы әдебиеттерді оқу,
-өз оқу істерінде оқытудың жаңа әдістерін ендіру.
Нағыз ұстаз бейнесін Әбунасыр Әл-Фараби сөзімен түйіндесек: «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеу керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына, шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді.»
Осындай ұстазға тән мінез-құлық ізгілікпен ұштасып, бала жүрегінің төрінен орын алған жағдайда жас ұрпақтың рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған елін сүйер абзал азамат болары сөзсіз.
Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. « Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар » деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интнллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.
Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі қарым-қатынаста болуымен және рухани араласуымен сипатталады. Сол себепті мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы оның интеллектуалдық мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы ұстаздық қызметті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды. Баланың тұңғыш ұстазы-оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін мұғалімі. Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен жүзеге асырылатыны айқын. Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы түсініктен абстрактылы ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын.
Сондықтан мұғалімнің алдындағы басты міндет - оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу. Сөз соңында айтарым, білім ұстаз бен шәкірттен өз жұмысына селқос қарауды, немқұрайдылықпен жайбасарлықты көтермейтін, керісінше тек ілгерушілікті, талапты, қайрат – жігер, биік талғамды қажет ететін сала. Осы ізгіліктер ұстаздардан табылса, қалған өмірде кездесетін ұсақ –түйекті жеңетінімізге сенімдімін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
-
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы, 2011.
-
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдау.
-
И.Л.Подласый. Педагогика.- Москва,2005.-79б.
-
Қ.Қ.Жарықбаев., С.Қ.Қалиев. Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер антологиясы.- Алматы, 2002.-38б.
-
З.Әбілова.Этнопедагогика.- Алматы,2007.-79б.
-
С.Қ.Қалиев., Қ.Қ.Жарықбаев. Қазақ тәлім-тәрбиесі.- Алматы,1999.-17б.
-
С.Әбенбаев. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістері.- Алматы, 2009.-43б.
-
И.Н.Баженова. Педагогикалық ізденіс.- Алматы, 2000.-38.
-
В.А. Сластенин, И.Ф. Исаев., А.И.Миченко. Педагогика. –М., 2007.43с.
-
Ушинский К.Д. Педагогические творчество.-М.,1990-29с.
-
Макаренко А. С. Избранные педагогические произведения. – Москва, 1999.-17с.
-
Сухомлинский В. А. Балаға жүрек жылуы. – Алматы, 1999.-26б.
-
И.Б.Зязюна.Основые педагогического мастерства.-М.,2005.-64с.
-
Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова. Педагогика. –Алматы,2004.- 178б.
-
С.Ұзақбаева. Тамыры терең тәрбие.- Алматы, 1995.-123б.
-
Рувинский Л.И. Основые общей психологии.-М., 1989.-42с.
-
Аббаньяно Н. Экзистенция как свобола // вопросы философии.-2000.-17с.
-
Шадриков В.Д. Проблема системогенеза профессиональной деятельности.-М.,2000.-39с.
-
Сағындықұлы Е. Педагогика. –Алматы,2007.-64б.
-
Подласый И.П. Педагогика. -Москва,2002.-74с.
-
Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс.- Алматы, 2002.-239б.
-
Сидалиев К.Б.Тәрбие теориясы. –Алматы, 2000.-23б.
-
А.Н. Каримов Педагогикалық қызмет және педагогикалық шеберлік негіздері.-Алматы, 2011.-42б.

Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, -Алматы, 2000.-268 б
-
Кнебель М. Поэзия педагогики.-М., 1999.-49с.
-
Т.М.Баймолдаев, Т.А.Ботағариева, Б.Т.Ортаев. Педагогика.– Алматы, 2015. – 234б.
-
Қаракулов К.Н. Педагогика. -Алматы, 2014.-142б.
-
Маслоу А. Мотивация и личность.-М.,1999.-42с.
-
Дүйсенбаев А.Қ. Педагогика. -Алматы, 2016.-258б.
-
Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы, 2000.-124б.
-
Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Педагогическое творчество.-М.,2002.-56с.
-
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. //Білім әлемі. Алматы., 2004 ж. №6.
-
Тұрғынбаева Б.А. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту. Алматы, 1999 жыл. 10-13б.
-
Бастауыш мектеп. Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал . Алматы,№3,2008, 7-8бет. №10, 2009, 16-18бет.
-
Сабыров Т. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. Алматы 2003ж.
-
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1986ж.
-
Берікханова А.Е. Педагогикалық мамандыққа кріспе. Оқу құралы.: А.2009ж.
-
С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев «Педагогика» Астана 2003.
-
Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.
-
Хмель Н.Д.Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процессАлматы“Ғылым”2002 жыл.
-
Қожамқұлова Ж. Ұстаз беделі қалай жоғары болмақ?// 2003 жыл, №1.
-
Ж. Әбиев, А.М. Құдиярова, С. Бабаев «Педагогика» Алматы 2004.
48
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жоба

шағым қалдыра аласыз