Алматы облысы, Алатау қаласы,
Қоянқұс ықшам аудан, №13 орта мектеп
Жоба тақырыбы: «Ғасыр күйшісі -Нұрғиса»
Секция: технология және өнер
Орындаған: 6 сынып оқушысы
Асқар Ерсұлтан
Жетекшісі: Ушкемпирова Карлыга Ермековна
музыка пәнінің мұғалімі
2025-2026 оқу жылы
6-сынып оқушысы Асқар Ерсұлтанның «Ғасыр күйшісі- Нұрғиса» тақырыбында ғылыми жұмысына
Рецензия
«Ғасыр күйшісі – Нұрғиса» атты бұл ғылыми жоба қазақтың ұлы композиторы, дирижері және күйші-домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған. Жоба құрылымы, мазмұны және ғылыми талдау деңгейі талапқа сай жасалған. Автор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына байланысты оның өнер жолын жан-жақты зерттеп, шығармаларының мәнін ашуға ерекше назар аударған.
Зерттеу жұмысында Тілендиевтің «Ата толғауы», «Көш керуен», «Аққу», «Махамбет», «Бабалар сөзі» сияқты әйгілі күйлері мазмұндық және көркемдік тұрғыдан талданған. Автор күйлердегі ұлттық рух, елдік пен ерлік, адамгершілік пен бірлік идеяларын дәл сипаттап, олардың қазақ халқының тарихымен және дүниетанымымен байланысын нақты мысалдар арқылы көрсеткен.
Жобада пайдаланылған әдебиеттер мен дереккөздер орынды таңдалған, материалдар жүйелі түрде талданып, тұжырымдар ғылыми тұрғыда негізделген. Тілді қолдану мәдениеті, жазу стилі мен баяндау тілі жатық, оқырманға түсінікті.
Зерттеу нәтижесінде Нұрғиса Тілендиевтің қазақ музыкасына қосқан үлесі мен оның тұлғалық даралығы терең ашылған. Автордың жұмысы ғылыми ізденіс қабілетін, ұлттық өнерге деген құрметін айқын көрсетеді. Жоба мазмұны мен ғылыми деңгейі жоғары. «Ғасыр күйшісі – Нұрғиса» атты бұл еңбек мектеп оқушыларына үлгі боларлық ғылыми жұмыс болып табылады.
Жетекшісі: Ушкемпирова К.Е.
Аннотация
Бұл ғылыми жоба қазақтың ұлы күйші-композиторы, дирижері, халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеуге арналған. Нұрғиса — ХХ ғасырдағы қазақ музыкасының ең ірі тұлғаларының бірі, ұлттық өнердің жаңа биікке көтерілуіне зор үлес қосқан қайраткер. Жобада композитордың өмір жолы, өнерге келу кезеңі, шығармашылық ерекшеліктері мен қазақ күй өнеріндегі жаңашылдығы жан-жақты қарастырылды.
Зерттеу барысында Нұрғисаның «Ата толғауы», «Көш керуен», «Аққу», «Жекпе-жек», «Махамбет», «Бабалар сөзі» сияқты әйгілі күйлері мен олардың тақырыптық мазмұны талданды. Әр күйдің халықтың тарихы, рухы және болмысымен байланысы айқындалды. Күйлер арқылы композитор елдік, ерлік, ұлттық бірлік және адамгершілік идеяларын насихаттап, қазақ халқының рухани қазынасын байытқаны дәлелденді.
Жобаның өзектілігі - Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын тек музыкалық туынды ретінде емес, халықтың мәдени айнасы, ұлттық рухтың символы ретінде қарастыруда. Зерттеу барысында әдеби және музыкалық деректерге, замандастарының естеліктеріне, күй талдауларына сүйенілді.
Қорытындысында, Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылық мұрасы қазақ өнерінің мәңгілік құндылығы екені айқындалды. Ол - ғасыр күйшісі атануға әбден лайық тұлға, ұлттың рухани мұрасын ұрпаққа жеткізген дара дарын.
Abstract
This research project is dedicated to studying the life and creative legacy of the great Kazakh kuishi-composer, conductor, and People's Artist Nurgisa Tlendiyev. Nurgisa is one of the greatest figures of Kazakh music of the 20th century, a figure who made a significant contribution to the rise of national art to new heights.
The project comprehensively examined the composer's life path, the period of his career, his creative features and his innovation in the Kazakh kui art. During the research, Nurgisa's famous kui, such as "Ata tolgauy", "Kosh keruen", "Akku", "Zhekpe-zhek", "Mahambet", "Babalar sozi" and their thematic content were analyzed.
The connection of each kuy with the history, spirit, and identity of the people was revealed. It was proven that through the kuys, the composer propagated the ideas of patriotism, heroism, national unity, and humanity, enriching the spiritual treasures of the Kazakh people.
The relevance of the project is that Nurgisa Tlendiev's works are considered not only as musical works, but also as a cultural mirror of the people, a symbol of the national spirit. The research relied on literary and musical data, memoirs of contemporaries, and analyses of kuy. In conclusion, it was determined that the creative legacy of Nurgisa Tlendiyev is an eternal value of Kazakh art. She is a person who deserves to be called a singer of the century, a unique talent who has passed on the spiritual heritage of the nation to future generations.
Мазмұны:
Кіріспе......................................................................................................5
І.Негізгі бөлім..........................................................................................6
1.1.Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев өмірі...............................................6
1.2.Н.А.Тілендиевтің шығармашылығы................................................7
ІІ.Зерттеу бөлімі......................................................................................10
2.1.Н.А.Тілендиев мемориалдық музейі...............................................10
2.2. Шығармаларының мәні мен ерекшелігі.........................................10
2.3.Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ домбыра...............................13
Қорытынды..............................................................................................16
Қосымша материалдар............................................................................17
Қолданған әдебиеттер тізімі...................................................................19
Кіріспе
Бұл зерттеу жұмысы қазақ
халқының ғасырлар бойы қалыптасқан күй өнерін жаңа белеске көтерген
ұлы тұлға – Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің өмірі мен
шығармашылығына арналған.
Жобаның
мақсаты – Нұрғиса Тілендиевтің
музыкалық мұрасын зерттеу, оның қазақ мәдениетіне қосқан үлесін
анықтау, шығармаларының тәрбиелік маңызын
ашу.
Зерттеу міндеттері:
-
Н.Тілендиевтің өмір жолын зерделеу;
-
Оның композиторлық, дирижерлік, күйшілік қырларын анықтау;
-
Шығармаларының қазақ халқының рухани өміріндегі орнын көрсету.
Қазақтың музыкалық мұрасы, оның ішінде аспаптық музыка күйлер шежіресі оқиғалармен тікелей байланысты.Кез-келген күйлердің шығу тарихы аңыз әңгімелерге, болған оқиғаларға жанасады.
Бүгін - композитор, дирижер,
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халық қаһарманы
Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толды. Қазақтың біртуар
перзенті - 1925 жылы 1 сәуір күні Алматы облысы Іле ауданында
дүниеге келген. Нұрғиса Тілендиев қазақтың ұлттық өнері мен
мәдениетінде өшпес із қалдырды. Көзі тірісінде халық әндері мен
күйлерін оркестрмен орындаудың үлгісін жасаған.
Сондай-ақ дәулескер күйші «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық
оркестрінің негізін қалады. Күй құдіретін жүрекке жеткізген
композитор 400-ге тарта ән мен романстың авторы. 50-ден астам
драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық, 14
деректі-хроникалық фильмдерге музыка жазған. Артында өшпес із
қалдырған дара тұлға осылай қазақ өнерін әлемге әйгілеп, есімі
тарихта қалды.[2.15]
І.Негізгі бөлім.
1.1.Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің өмірбаяны
Нұрғиса Атабайұлы 1925-жылы 1-сәуірде Алматы облысы,Іле ауданы, Шіліккемер ауылында әкесі Тіленді атақты күйші болған,анасы Салиха Атабай келіні сырнайда ойнаған, өнерлі отбасында дүниеге келген.
Нұрғиса Атабайұлының екі бауыры болған Қаймолда,Баймолда деген Ұлы Отан соғысында,соғысқа аттанып,қайтпай қалған.
Нұрғиса Атабайұлы да 17-жасында соғысқа аттанып үш рет жараланып,1945-жылы соғыс аяқталарға екі ай қалғанда қатты жараланып елге қайтады,ол да бізге берген Алланың сыйы шығар.
Нұрғиса Атабайұлы 4-жасында әкесінен домбыра шертуді үйренеді. Бір күні қораның төбесінде домбыра шертіп отырған бала Нұрғисаны үйінің жанынан өтіп бара жатқан Ахмет Жұбанов естіп,үйіне кіріп апасына музыка мектебіне беруін өтініп сұрайды.5-жасар Нұрғиса жасы жетпегендіктен туған жылын өзгертіп 1925-жылғы деп жазылады да,мектепке барады. Сол бойынша туған жылы 1925-ж.болып аталып өтіп жүр. (Негізгі туған жылы 1927-жыл) Ең алғаш музыка өнеріне де мұрындық болған да Ахмет Жұбанов. Композитор, дирижер, домбырашы, күйші Нұрғиса Атабайұлы; [1.14]
-
1975-жылы Қазақстанның халық әртісі;
-
1978-жылы Қазақ Мемлекеттік сыйлығының иегері;
-
1984-жылы КСРО-ның халық әртісі;
-
1995-жылы Алматы консервоториясының құрметті профессоры;
-
1998-жылы Қазақстанның халық қаһарманы атағын алды;
-
(екінші дүние жүзілік соғысқа қатысып 3-рет жараланған)
-
Отан орденімен, 2-рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталды;
-
2000-жылы өзі тұрған Алматы қаласындағы Қонаев көшесі-96 үйге мемориалдық тақта қойылды;
-
Өзі тұрған осы үй мемориалдық-музей болып 2014-жылы 15-қазан да салтанатты ашылуы болды.
-
1949-1950-жылдарында (қазіргі Қазақ ұлттық консервоториясы, 1950-1952-жылдары Мәскеу консервоториясын (профессор Н.П.Аносовтың класы бойынша оқыды).
-
1953-1961-жылдары Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрының дирижері.
-
1961-1964-жылдары Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде дирижер әрі көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарды.
-
1964-1968-жылдар аралығында Абай атындағы опера және балет театрының директоры.
-
1968-1981-жылдары «Қазақфильм» киностудиясында музыка редакциясының бас редакторы болып істеді.
-
1979-жылы 11-адамнан тұратын ансамбль құрып, концерт қойып жүрді.
-
1981-1998-жылы тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы»халық аспаптар оркестрінде жетекші әрі бас дирижер қызметін атқарды.
1.2. Н.А.Тілендиевтің шығармашылығы
Қазақ филормониясының жанынан Қазақ академиялық фольклорлық- этнографиялық аспаптары «Отырар сазы» оркестрін ұйымдастырды. Алғаш шағын ансамбль ұйымдастырылған, ал 1981-жылдан құрамында 60-адамнан тұратын оркестр болып құрылды. Оркестр құрамындағы аспаптар: қос ішекті, үш ішекті, қобыз, сыбызғы, саз сырнай, жетіген, шаң қобыз, асатаяқ секілді ертеден келе жатқан музыкалық аспаптар мен толықтырылып өз ерекшеліктерімен ұлттық нақышында орындалды. Кейіннен оркестр аспаптары құрамы кең шанақты, шіңкілдек домбыралары, нар қобыз, жез қобыз, мес қобыз, сазген, аса, шертер, адырна даңғыра т.б. музыкалық аспаптармен толықтырылды. [2.8.]
Оркестр халық күйлерімен қатар халық композиторларының күлері мен осы заманғы М.Төлебаевтың, Н.Тілендиевтің, К.Күмісбековтің шығармаларын орындады. Оркестр 1984-жылы Алматы қаласында өткен Бүкіл одақтық фестивальге қатысты.
-
1985-жылы Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы үлкен концерт залында өткен шығармашалық концертке қатысып жоғары кәсіби орындаушылық шеберлік көрсетті.
-
1985-жылы Бүкілодақтық Комсомол сыйлығының лауреаты атанды.
-
1968-1981-жылдары «Қазақфильм» студиясында музыкалық редакцияның бас редакторы.
-
1981-1998-жылдары өзі ұйымдастырған «Отырар сазы»-фольклорлық-этнографиялық оркестрдің көркемдік жетекшісі болды.
-
«Отырар сазы» оркестріне 1999-жылы Н,Тілендиевтің аты берілді,ал 2000-жылы Академиялық деген мәртебеге ие болды. 1982 жылы Нұрғиса Тілендиев «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрін құрды. Бұл ұжым қазақтың ұлттық аспаптарын жаңғыртып, шетелдерде танытты. Нұрғиса өзі оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері болды.
-
1998-жылдан бері «Отырар сазы»фольклорлық-этнографиялық оркестрінің жетекшісі әрі бас дирижері Нұрғиса Атабайұлының қызы Дінзухра Нұрғисақызы басқарып келеді.
Еркін төгілген әсем әуен,сымбатты ырғақ, нәзік лиризм, азаматтық пафос пен динамикалық серпін - композитор шығармаларына тән қасиет.
Нұрғиса Атабайұлын бүкіл республика жұртшылығы ғана емес,бүкіл түркі халқы төбесіне көтеріп мақтан етеді.Қазақтың жан-жүрегін баурап, тебіренткен музыка сазының иесі композитор,орындаушы және домбырашы өнерімен айрықша танылған таланттың бірегейіне қандай құрмет көрсетсек те жарасады.
«Өлді деуге болама айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған»-демекші дана халқымыз біліп айтқан ғой осындай келер ұрпаққа үлгі өнеге боларлық асыл мұра қалдырған, ән мен күйін артында қалған ұрпақтарына шашу ғылып шашып кетті.
Нұрғиса Тілендиев бірқатар кинофильмдер мен мультоптамаларға музыка жазған. «Қыз Жібек» фильміне «Аққу» күйін жазған, киноға түсіру барысында көлдегі аққуларды түсіре алмай қалады,ал аққулар адамдардан үркіп алысқа жүзіп кетеді,сол кезде шыққан күй. Домбыра шертіп отырып күйдің пайда болғанын біледі, күйді естіген аққулар көл жағасына жүзіп келеді,сол уақытта аққуларды киноға түсіріп үлгереді, «Аққу» күйі осылай шыққан. «Менің атым Қожа» фильміне ән жазады, М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Сарыжайлау» әніне музыкасын жазады, осы кинода «Туған ел» әнін де жазған Н.Тілендиев. «Көш керуен» күйі де халықтың ұлт азаттық қозғалыс кезіне орай шыққан күй. [3.11]
ІІ. Зерттеу бөлімі
2.1.Н.А.Тілендиев мемориалдық музейі
Нұрғиса Атабайұлының ән-күйлерін зерттеу барысында мен ол кісіге арналған мемориалдық-музейді барып көзбен көріп,танысуды жөн көріп музыка пәні апайыммен яғни зерттеу жұмысымның жетекшісі Қарлыға Ермекқызымен барып қайтты,маған өте ұнады,үлкен әсер алып қайттым, қызығушылығым одан ары арта түсті.2020-жылы 15-қазанда ашылу рәсімі өтті. Мен мемориалдық музейден көп мағлұматтар алдым.Қонав көшесімен Бөгенбай батыр көшесінің қыйылысында орналасқан үйде Нұрғиса Атабайұлы өмірінің соңына дейін тұрған. Музей көрсем аралағым кеп тұрады-дегендей 2-қазан күні Ұлы композитор, Қ.Р. халық әртісі,х алық қаһарманы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің мемориалды-музейіне саяхат жасадық. Музей 2014-жылы Алматы қаласының әкімінің арнайы қаулысымен халық аралық музейлер күніне орай ашылған. Музей төрт экспозициялық бөлмеден тұрады, кіре бері, қонақ бөлме, жұмыс бөлмесі және демалыс бөлмесі. 1979-жылы Дінмұханбет Қонаев сыйлаған бұл пәтерде 1998-жылы өмірінің соңына дейін, жиырма жылға жуық өмір сүрген. Үстіңгі қабатта Бибігул Төлегенова, астыңғы қабатта Олжас Сүлейменов тұрған, бұл үйде өнер және мәдениет қайраткерлері көршілес тұрған. Музейдің аумағы 167-шарша метрді құрайды. Мемориалдық-музейді басқарып отырған Берікжан Қабдолұлымен кездесіп мол мағлұмат алдым. [1,2,3,4-суреттер]
2.2.Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ домбыра.
Нағыз қазақ- домбыра деп Қадір Мырза Әлі атамыз жырлап өткендей мемориалдық- музейдің күйшісі Құдайберген Еркін ағамыз Нұрғиса Атабайұлының күйлерін шертіп шығу тарихын айтып өтті. Сонымен қатар Нұрғиса Атабайұлы солақай күші, дегенмен ол кісі басқа жұмыстың бәрін тамақ ішу, жазу жазғанда оң қолымен істеген екен. Оның құпиясы әкесі домбыра үйреткенде алдына қарама-қарсы отырып үйренгенде,өзіне солай ыңғайлы болып үйреніп кеткен екен.Ол кісі домбыраны ғана сол қолымен тартқан. Мемориалдық-музей үйі төрт бөлмеден тұрады екен.[1,2,3,4-суреттер]
«Нұрғиса Тілендиев - қазақ даласын сахнаға айналдырып сазға бөлеген жасампаз. Музыка өнерінің ашылмай кеткен жұмбағы, шешілмей кеткен сыры. Таусылмайтын асылы, сарқылмайтын бұлағы, сөнбейтін шырағы, талмайтын пырағы, қалқайған құлағы, лапылдаған жүрегі, құламайтын тірегі, ақиқат шындығы, асқақ үні. Әннің тіккен туы, асқар тауы, күйдің соққан желі, қара дауылы, ақ бораны. Мауқымызды басқан, әні елге ем болған балгер. Бармағынан бал тамған арқалы домбырашы, кеудесінен күй қоздаған күй-құдірет.[4.21.]
Келесі кезекте біз жетекшіміз музыка пәнінің мұғалімі Қарлыға Ермекқызымен Нұрғиса Атабайұлының туған ауылы Шіліккемерге жол тарттық, кәзіргі таңда ауылға Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің аты берілген. Ол ауылда біз ең алдымен Ұмытшақ апаның үйіне кездесуге бардық. Бүгінде ол кісі 90-жаста дегенмен тың екен. Нұрғиса атамызбен әрі көрші, әрі жолдасы Сәрсенбай Қожамжаровтың жары. Етене жақын араласқан. Нұрғиса атамыз армиядан келгенде қайтыс болған ағасының жолдасына (Фатима) әмеңгерлікпен қосады. Нұрғисадан Алмас атты ұл туған соң, жеңгесі сен жассың сенің жолыңды байламаймын, өз еркіңмен өмір сүр, аяғыңа тұсау болмайын деп өз еркімен туған жері сол кезде Павлодар аталған Баянауылға кетеді. Сол кездегі Алмас ағамыз да ержетіп үйлі жайлы болып, бүгінде немере сүйіп отырған ел ағасы. Немерелері де атамыз атақты кісі екен барып қайтайық деп қолқа салған соң алып келеді. Әрине олар аталарын көре алмаған мен үзеңгілес бірге жүрген ауыл адамдары мен кездеседі. Ол кісі немерелерін алып кіндік қаны тамған Шіліккемерге келіп үлкендерден бата алып Ұмытшақ ападан біраз мағлұмат алып, өз еліне барып «Тұлпардан қалған бір тұяқ» кітабын жазып шығарады. Алмас ағамыздың да балалары, немерелері өнерден кенде емес екен. Алмас ағамыздың ұлы Асхаттың қызы Нұрғиса атасының жалғасы скрипкада ойнайды екен. Ұмытшақ апамыз ауылдың шаруасынан қол үзбеген кісі, зейнетке шыққан соң да ауыл сыртында бие сауып отырады сол жерге Дінмұханбет Қонаев атамыз, Ыдырыс Ноғайбаев аталарымызбен қатар Нұрғиса атамыз қымыз ішуге әдейілеп көптеген жора-жолдастары, ақын-жазушылар, небір өнер майталмандарын ертіп келіп демалып кететін еді деп еске алады. Ұмытшақ апамыздың жолдасы да өнерден құр алақан емес ол кісі де Нұрғиса Атабайұлымен қатар Алматыдағы консервоторияға оқуға түсіп бір жылдай оқып кейін семья жағдайына бола оқи алмай тастап кетеді. Ұмытшақ апамыз өзі ақын жанды кісі екен бірнеше өлеңдерін кітап етіп шығаруға дайындап қойыпты. Соның ішінде Нұрғиса Атабайұлының 90-жылдық мерей тойына арнаған арнау өлеңі де бар екен.
Нұрғиса аға туған күнің құтты болсын.
(90-жылдық мерей тойына арнау).
Туған күніңді халқыңның тойлайтұғын жөні бар,
Нұрғисаның әндерімен көтерілген жолы бар.
Нұрғисаны құрметтейді, бүкіл халық еліміз,
Нұрғиса танытып кетті әндерімен жан жақты.
Нұрғисаның әндері бар, өнегелі салмақты.
Айтылмаған әндері бар,
Айтылмаған әндерін айтады ғой,
Нұрғали Нүсіпжанов әнші ініңіз.
Оқып, білім алған Шіліккемер елің бар,
Әндерің бар ешқашанда өлмейтін.
Атақты сенің даңқың бар,
Халық қаһарманы,композитор атанған.
Жамбыл менен Кенен аталарынан,
Бақытты бол деп бата алған.
Сонымен қатар ауыл тұрғындары кездесіп, Нұрғиса Атабайұлы ауылындағы №26 мектепте болып қайттық. Мектеп оқушылары мен мұғалімдері бізді құшақ жая қарсы алды. Шіліккемер ауылынан көтеріңкі көңіл күймен қайттық.
2.3. Шығармаларының мәні мен ерекшелігі
Нұрғиса Тілендиевтің туындылары тек музыка емес, ел тарихы мен тағдырының көрінісі. Ол халықтық әуендерді оркестрге лайықтап, жаңа стиль қалыптастырды. [4.12.]
Мысалы: «Махамбет» - ерлік пен намыс символы.
«Ата толғауы» - ұлт бірлігі мен даналыққа үндеу.
«Әлқиса» - қазақтың күй өнеріне тағзым.
«Махамбет» күйі - ерлік пен намыс символы
Шығу тарихы: Бұл күй Нұрғиса Тілендиевтің қазақ халқының батыр ұлы- Махамбет Өтемісұлының рухына арналып шығарылған. Композитор Махамбеттің өмір жолын, оның отаршылдыққа қарсы күресін терең сезініп, музыкалық тіл арқылы бейнелеген.
Мазмұны мен идеясы: Күйдің алғашқы әуендері ауыр,
толқынды - бұл Махамбеттің ой толғанысы мен заман қасіретін
көрсетеді. Кейіннен әуен жігерлене түсіп, ерлікке, күреске
ұласқандай әсер қалдырады.
Күйдің орталық бөлігінде найзағайдай ширыққан ырғақтар Махамбеттің
батырлық рухын, еркіндікке ұмтылысын білдіреді.
Музыкалық ерекшелігі:
-
Күйде шертіс пен төкпе күй элементтері шебер ұштасқан.
-
Домбыраның төменгі регистрі батырдың толғанысын жеткізсе, жоғары регистрі - күрес рухын білдіреді.
-
Бұл шығарма - қазақтың азаттық идеясын музыкалық тілде сөйлеткен туынды.
«Ата толғауы» күйі — ұлт бірлігі мен даналыққа үндеу
Шығу тарихы: Бұл күй 1980-жылдары жазылған. Ол - ұлттың өткені мен бүгініне ой тастаған философиялық шығарма. Нұрғиса Тілендиев бұл туындысын ата-бабалар рухына, халықтың өмірлік тәжірибесіне арнаған.
Мазмұны мен идеясы: Күйде бір жағынан жұмсақ
толғаныс, екінші жағынан терең даналық байқалады. Музыка тыңдаушыны
ата-баба аманатына адал болуға, ұлттың бірлігін сақтауға
шақырады.
Бір сәт күй мұңға толып, сосын қайтадан үміт пен сенімге ұласады —
бұл халықтың қиындықты жеңе білетін қайсар рухының
көрінісі.
Музыкалық ерекшелігі:
-
Күйдің құрылымы баяу басталып, біртіндеп өрбиді — бұл уақыт пен ұрпақ сабақтастығын бейнелейді.
-
Оркестрлік нұсқасында қобыз, сырнай, жетіген сияқты ұлттық аспаптардың үндері ерекше үйлесім тапқан.
-
Жалпы әсері — жылы, даналыққа толы, сабырлы.
«Әлқиса» күйі — қазақтың күй өнеріне тағзым
Шығу тарихы: «Әлқиса» сөзі араб тілінен
аударғанда “бастау”, “әңгіме басы” деген мағына береді. Нұрғиса
Тілендиев бұл туындысын қазақ күй өнерінің мәңгілік жалғастығын
көрсету мақсатында жазған.
Бұл — күйдің бастауындағы рухани сәлем іспетті: ата күйшілерге,
Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбетке
арнау.[5.9]
Мазмұны мен идеясы: Күйдің әуені жай басталып, қазақ даласының кеңдігін, күйдің киесін сездіреді. Кейін әуен өрбіп, халықтың қуанышы мен сағынышын қатар өрнектейді. Күй тыңдаушыға «бұл – біздің тамырымыз, күй – халқымыздың жаны» деген ой қалдырады.
Музыкалық ерекшелігі:
-
Күй симфониялық ойлаумен жазылған, яғни бір аспапқа емес, ұлттық оркестрге арналған.
-
Қобыздың зарлы үні мен сыбызғының сыңғыры табиғаттың үніндей әсер береді.
-
Соңында күй шарықтап барып, жеңіл, жылы нотада аяқталады — бұл мәңгілік өнердің жалғасуын білдіреді.
«Аққу» күйі
-
Мазмұны: Табиғаттың сұлулығын, пәктігін, әсемдік пен нәзіктікті суреттейді. Аққу — қазақ ұғымында махаббат пен тазалықтың, рух биіктігінің белгісі.
-
Ерекшелігі: Күйдің сазы өте әуезді, жеңіл, су бетінде еркін жүзген аққудың қимылындай әсер қалдырады. Тыңдаған адамда тыныштық пен рухани сергіс сезімін тудырады. [4.11.]
«Көш керуен» күйі
-
Мазмұны: Қазақ халқының көшпелі өмірін, еркін дала тіршілігін, ата-баба жолын бейнелейді.
-
Ерекшелігі: Күй ырғақты, қозғалысқа толы. Әуеннен көштің баяу, бірақ нық ілгері қозғалысы, мал мен елдің тіршілігі сезіледі. Бұл күйде ел тағдыры мен өмір ағысы көрініс табады.
«Жекпе-жек» күйі
-
Мазмұны: Ерлік, батырлық, ел қорғау рухын бейнелейді.
-
Ерекшелігі: Сазы өткір, екпінді, күрес пен шайқастың ырғағын жеткізеді. Домбыра шанағынан шыққан дыбыстардан найза мен қылыштың айқасы естіледі. Бұл күй — ер жүректілік пен намыстың үні.
«Бабалар сөзі» күйі
-
Мазмұны: Ата-бабалардың даналығы мен аманатын, олардың ұрпаққа қалдырған өнегесін паш етеді.
-
Ерекшелігі: Күй салмақты, байсалды. Әуенінде өткен мен бүгінді байланыстыратын терең ой жатыр. Тыңдаушыны ата-баба рухымен сырласуға жетелейді. [6.8]
Нұрғиса Тілендиевтің күйлері — қазақ халқының рухани байлығының айнасы.
Қорытынды
Өмірінің соңына таман ауруханада жатқанда жазған аяқсыз қалған шығармасы «Реанимация» деп аталады. Нұғиса Атабайұлы бұл шығарманы әрі қарай жазып аяқтайтын музыкант- композиторлар болса өз рұқсатын беріп те қойған.
Қоштасу.
«Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар»-деген ғой дана халқымыз. 1998 жылдың 05 қазан күні Халық Қаһарманы Нұрғиса Атабайұлы дүниеден озды. Бірі кетеді, бірі келеді бұл жаған өмірге күңіренген далаң қалды артыңда,жоқтау айтып халқың қалды артыңда естимісің,естимісің Нұраға.
Өзі айтқандай Жамбыл кесенесінің жанына топырақ бұйырды. Адам баласы сабындай өлшеулі ғұмырында Жетпіс үш жылдық ғұмырында ол өмірдің небір тар жол, тайғақ кешуінен өтті. Бойындағы Алла берген талантты халқына сыйлады.
Нұрғиса Тілендиев – қазақ
халқының рухани символына айналған
тұлға. Ол тек күйші емес, ғасырдың
үнін жеткізген ұлт композиторы.
Оның туындылары бүгінгі күні де жас ұрпақты отансүйгіштікке
ұлтжандылыққа тәрбиелейді.
Нәтиже:
Зерттеу барысында Нұрғиса Тілендиевтің күйлері қазақ халқының
рухани өмірімен тығыз байланысты екені дәлелденді. Оның туындылары
арқылы ұлттың тарихы, салт-дәстүрі мен болмысы көрініс тапқан.
Нұрғиса шығармашылығын қазіргі ұрпаққа насихаттау. Нұрғиса
Тілендиев - ғасыр күйшісі атануға толық лайық тұлға. Оның мұрасы -
қазақ халқының рухани байлығы мен мәдени
мақтанышы.[8.17.]
Туғанына 100 жыл толып отырған Нұрғиса Тілендиев - ғасыр күйшісі, ұлт рухының символы. Оның мәңгілік мұрасы - қазақ мәдениетінің баға жетпес қазынасы.
Қосымша материалдар
Сурет -1.
«Реанимация»
күйі

1,2,3,4- суреттер. Музейге саяхат
Қолданған әдебиеттер тізімі
1.Ғибратты ғұмыр «Қазақстан» баспа үйі. Алматы қаласы 2003ж
2.«Ғасыр сазын тербеген» Алматы 2015ж
3.А.Сейдімбек. «Күй шежіресі» Алматы 2010ж
4.С.Ермеков «Композиторы Казахстана» Алматы 2010ж
5.Қазақ энциклопедиясы, 9 том. Алматы 2007ж
6.Қазақ мәдениеті. «Энциклопедиялық анықтамалар», «Аруна» баспасы. Алматы 2005ж
7.Б.Аманжолов «Нұрғиса Тілендиевтің қазақ оркестрі»
13
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жоба

шағым қалдыра аласыз