Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылының М.Ломоносов атындағы орта мектебінің 2 «А» сынып оқушысы Жеңісбек Ынтымақ «Ойсыраған Ойсылқара» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізді. Бұл жұмысында түйе түрлеріне, қазақ халқының тұрмысында ерекше орын алатындығына тоқталды. Түйенің бойындағы барлық қасиеттерді, біздің облысымызда түйе санынң азайғандығын сұхбат жүргізу, салыстыру, қосымша әдебиеттер қолдана отырып, зерттеу нәтижесінде дәлелдеді. Түйені қай қырынан қарастырсақ та, пайдасы зор екенін зерттеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы


Секция: Биология

Жоба тақырыбы: «Ойсыраған Ойсылқара»



Авторы: Жеңісбек Ынтымақ

ШҚО Ұлан ауданы Мамай батыр ауылы

М. Ломоносов атындағы орта мектебінің 3 «А» сынып оқушысы


Жетекшісі: Чукуева Лаззат Толегеновна

Ғылыми жетекшісі: Жаксылыкова Гульмира

Идришевна


















2015 жыл



Мазмұны

1. Кіріспе

2.Негізгі бөлім

2.1. Ойсылқара –төрт түліктің төресі

2.2. Түйенің пайдасы

2.3. Зерттеу жұмыстары

3. Қорытынды

4. Қолданылған әдебиеттер тізімі

6. Қосымшалар

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3














АННОТАЦИЯ

Бұл жұмыста түйе түрлері, атауы, пайдасы туралы мағлұматтар жинақталды. Түйе түрлері салыстырылды, сұхбат, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Шығыс Қазақстан облысы бойынша түйе саны аз екендігі анықталды.



АННОТАЦИЯ

В данной работе изложены материалы о видах и названиях верблюдов, об их пользе. Изложены материалы исследования, бесед с людьми сведущих в этой отрасли, результаты сопоставления. Так же изложено, о том что в Восточно-Казахстанской области мало верблюдов.





ANNOTATION

In this project work we gather information about types and benefits of camels. Types of camels are compared, results of interview and research work are stated. We found out that there are too little camels left in East Kazakhstan region.




Пікір

ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылының М.Ломоносов атындағы орта мектебінің 2 «А» сынып оқушысы Жеңісбек Ынтымақ «Ойсыраған Ойсылқара» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізді. Бұл жұмысында түйе түрлеріне, қазақ халқының тұрмысында ерекше орын алатындығына тоқталды. Түйенің бойындағы барлық қасиеттерді, біздің облысымызда түйе санынң азайғандығын сұхбат жүргізу, салыстыру, қосымша әдебиеттер қолдана отырып, зерттеу нәтижесінде дәлелдеді. Түйені қай қырынан қарастырсақ та, пайдасы зор екенін зерттеді. Сондықтан бұл жұмыс маңызды және өзекті деп есептеймін.


Пікір жазған жетекшісі: Чукуева Л.Т.,

бастауыш сынып мұғалімі

































1. КІРІСПЕ

Қазақ халқы үшін төрт түлік аса маңызды болған. Халқымыз:

«Ең зор түлік – түйемін,

Тікенді шөпті сүйемін.

Пайдалансаң, сүтім – шұбат –

Дертке дауа, жанға қуат» - демекші, осы тақырыпта іздену барысында түйе туралы, түйе түрлерін айыра білу, түйенің ерекшелігін зерттеп қарастыру арқылы жұмысымның маңыздылығын аштым.

Зерттеу жұмысының мақсаты: түйе шаруашылығын дамытудың маңыздылығын білу, етінің, сүтінің пайдасын зерделеу

Міндеттері:

- Жергілікті жердегі түйе тұқымдары туралы білу;

- ШҚО бойынша түйе санын білу, талдау жасау;

- Түйенің етінің, сүтінің, шудасының пайдасын іс-тәжірибе арқылы дәлелдеу;

Зерттеу нысаны: түйе шаруашылығы

Зерттеу әдістері: сұхбат жүргізу, қосымша әдебиеттер, салыстыру, сараптау.





















2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Ойсылқара –төрт түліктің төресі

Ерте заманнан бері Ойсылқара тұқымын төрт түлік малдың қасиетті төресі деп кие тұтқан қазақ халқы, түйе малын да, одан алынатын өнім түрлерін де тиімді пайдалана білген. Түйе – мінсең көлік, саусаң сүт, оны өңдесең емдік қасиеті бар шұбат, қырықсаң – теңдесі жоқ түбіт жүн мен шуда, сойсаң - ет. Түйелер – шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы – 600-700 кг, мойны – иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды. Түйе шөлге шыдамды , бірақ соған қарамастан оларды жазда күніне 2 рет, қыста 1 рет суару қажет, тұзды-кермек суды жақсы ішеді. Қолайсыз табиғат жағдайларында азық ретінде пайдалану үшін өркешіне артық май жиналады. Кеудесіндегі, табандарындағы, шынтағындағы, тізесіндегі қажау сүйелдерінің арқасында ыстық жерде, құмда жата алады. Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.Түйе ботасын он бес, он сегіз ай емізеді. Екі жылда бір-ақ рет боталайды. Асыл тұқымды түйе отыз-қырық жасқа дейін жасайды. Қос өркешті түйенің таза қандысын — бактриан, нардың таза қандысын — дромадер деп атайды. Түйе түрлерін салыстыру:

Түйе түрлері

Аталығы

Аналығы

Салмағы

Дене тұрқы

Түсі

Сыңар өркешті

үлек

аруана немесе мая

13 айда боталайды

үлек- 690 кг

мая – 580 кг

биіктігі -210 см, тұрқы -155 см

қызыл сұр

Қос өркешті

бура

інген

14 айда боталайды

бура-680 кг

інген -570 кг

биіктігі -178 см, тұрқы- 158 см,

қара қоңыр

Қазақстанда қолға үйретілген айыр өркешті түйенің қолтұқымы көбірек кездеседі. Айыр өркешті түйенің ұрғашысын - «інген», еркегін - «бура» дейді. Қазіргі кезде айыр өркешті түйенің қолға үйретілген үш қолтұқымы бар. Олар - қалмақ, қазақ және монгол қолтұқымдары. Қазақстанда көп өсірілетіні - қазақтың айыр өркешті түйесі. Ол құрғақ далалы, шөл-шөлейтті жерлердің табиғи жағдайларына жақсы бейімделген. Аңызақ ыстыққа, үскірік аязға төзімді келеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстанның кейбір аудандарында өсіріледі. Қос өркешті түйе (бактриан түйесі) — негізгі өсірілетін жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Саратов және Чита облыстары. Бір өркешті түйе (дромадер) — Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Сыңар өркешті түйені ғылыми тілде «дромадер» дейді. Қазіргі кезде қолда аруана деп аталатын қолтұқымы өсіріледі. Жабайы түрі жойылып кеткен. Оның жалпы аты - «нар». Ұрғашысы - «мая» немесе «аруана», еркегі - «үлек». Сыңар өркешті түйе ыстыққа төзімді, бірақ қатты аязға шыдамайды. Орта Азия мен Қазақстан жерінде ғасырлар бойы халықтық сұрыптау әдісімен өсіріліп келеді. Қос өркешті қазақ түйелері дене бітімдерінің ерекшеліктері, ірілігі, өнімділігі бойынша 3 тұқымдық типке бөлінеді: оралбөкей, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан түйелері. Орал-бөкей типінің басқаларынан тірілей салмағы мен жүн өнімділігі 5-10%-ға жоғары болғандықтан, асылдандыру жұмыстарында тұқым жақсартушы ретінде пайдаланылып келеді. Дара және қос өркешті түйелерді бір-бірімен будандастырудан алынған будандар дене бітімінің беріктігі, ірілігі, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары мен ауыр жұмысқа төзімділігі бойынша таза тұқымды түйеден айтарлықтай ерекшеленеді. Тірілей салмағы бойынша артықшылығы 20-25%-ға дейін жетеді. Будандардың үлектерін – нар , інгендерін мая деп атайды. Нарлар тек жұмыс күші мен өнім алу үшін пайдаланылып, жұптастыруға жіберілмейді. Жақсы нар бурасы отыз түйеге дейін шегетін болса, қос өркешті түйенің бурасы жиырма түйеге дейін қайытады (шығарады). Түйені көру үшін Өскемен қаласындағы хайуанаттар бағына бардым. Менің көргенім – айыр өркешті бактриан түйесі. Ол Орта Азияда Бактрияда екі мың жыл бұрын қолға үйретілген.







2.2. Түйенің пайдасы

Түйенің еті мол, жүні биязы болады. Мамандардың пікірі бойынша, бір түйенің беретін өнімі 15 қойдың беретін өніміне тең.

Түйе сүтінің, етінің, шудасының медицинадағы пайдасы:

Еті

Шұбаты

Шудасы

75-78% су, 18-21% белок, 3-10% май және 1- 1,2% минералды заттардан тұрады. Қазіргі таңда көптеген елдер түйе етін медицинаға пайдалануда. Оның еті тері аураларына, сорпасы көз ауруына, майы ішек құртын жоюда табылмайтын дәрі көрінеді.

Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына бірден-бір шипа, қанды толықтырады. 2014 жылы ғалым Мұсатілла Тоқанов түйе сүтінен қатерлі ісік ауруына қарсы лактоферрин деген ферментті тапты. Сонымен қатар, құрт ауруына, ішек-құрылыстары, қан аздық және қант ауруына бірден-бір ем түйе сүтінде екенін дәлелдеді. Түйе сүтінің тағы бірқасиеті – адамға күш-қуат беріп, жасын ұзартып, кәрілікті тежейді.

Шудасы да қымбат бағаланады. Оны буын, құяң, бүйрек ауруларына және радиация сәулелеріне қарсы ем ретінде пайдаланады. Шудадан бағалы тоқыма бұйымдар жасалады.



Түйе қазақтың көшіп-қонуы мен қара шаруасы үшін ертеден-ақ пайдалы көлік екені мәлім. Түйе жолсыз шөл жерлерде жүретін «қара жердің алып кемесі» атанған күшті, шөлге шыдамды, сенімді көлігіне айналған. Екінші дүиежүзілік соғыс кезінде түйелерді арбаға жеккен. Өйткені ол кезде көлік пен ат тапшы болып, жүк тасуға амалсыз түйелерді пайдаланған. Соғыс даласына сапар шеккен 350 түйенің көбі жорық даласында қаза табады. Ал Яша есімді түйе әскерлермен бірге Берлинге дейін жеткен.Түйелердің түкіруінен сақтанған жөн. Олар үнемі асқазандарынан керексіз сөлдерді сыртқа шығарып, түкіріп тұрады. Халқымыз түйені өскен жеріне, өсірген еліне, берген кісінің атына, тұқымдарына, күшіне, дене бітісіне, түсіне, бас, құйрық, өркешіне, жасына тағы басқадай ерекшеліктеріне қарай әр түрлі атаған. Түйе түлігін қастерлеп «ұлық» деп те атайды. Түйешіні «ұлық баққан» деп құрметтеп, оған көпшілік жиналған жерде төрдей орын берген. Түйе түлігіне арналған аңыздар бойынша шығарылған күйлер де ел арасына кеңінен таралған. Сүгірдің «Бозінгені», Ықыластың «Желмаясы», Тәттімбеттің «Бозінгені» және т. б. Түйені алғаш жүк тасымалдау мақсатында көш көлігі ретінде үйреткен. Ерте замандардағы ел мен елдің арасындағы сауда-саттық түйелі көш керуендері арқылы жүргізілген. Тарихи деректерде Самарқан саудагерлерінің сапарға Жібек жолы арқылы 30 мың түйемен шыққандығы жазылған.

2.3. Зерттеу жұмыстары

Біздің еліміздің түйе шаруашылығы негізінен Оңтүстік-батыс аймағында дамыған екен:

Қай өңірде

өсіріледі?

Саны

Маңғыстау

48022 бас

Атырау

29889 бас

Қызылорда

33425 бас

Ақтөбе

15295 бас

Жамбыл облысы

5381 бас

Батыс Қазақстан

2980 бас



ШҚО бойынша түйе санын білу мақсатында мен “Шығыс Қазақстан облыстық статистика” бөліміне барып, мамандардан түйе санын сұрап, білдім. Біздің ШҚО бойынша түйе саны – 557, оның 93-і – біздің Ұлан ауданында өсірілетінін білдім. Түйе санын зерттеу бойынша мониторинг жүргізіп, біздің облыс бойынша түйе шаруашылығының дамуы төмен екенін байқадым.























Сонымен қатар, ШҚО бойынша өсіріліп жатқан малдың басқа түрлері мен құс санын біліп, түйе санымен салыстырдым.

Түйе саны

Ірі қара

саны

Жылқы

саны

Қой-ешкі

саны

Шошқа

саны

Құс

саны

5 57

769260

233665

2207180

85238

3276955











Зерттеу мақсатында мен жергілікті жердегі түйе тұқымдарын білу үшін Баяш ауылындағы “Дархан” түйе шаруашылығына барып, түйе бағушы Үміт ағаймен сұхбат жүргіздім. Қазақтың қос өркешті түйесін бағып жатқанын айтты. Неліктен түйені асырап жатқандығы туралы сұрағанымда, түйенің бір ерекшелігі – қыста қолда бағуды, сапалы азықтандыруды және жылы қораны керек етпейтінін, сонымен қатар, шұбаты, еті, шудасы пайдалы екенін айтты.

Не білдім: түйе саны - 60

Шұбаттан түсіретін пайдасы:

Сауылатын інген саны

Қашан сауылады?

Қанша литр шұбат алынады?

1 л шұбат бағасы

Пайдасы

1 інген

шілде-қыркүйек

2 л

600 т

1200 т

10 інген

20 л

12000 т

Еттен түсіретін пайдасы:

Түйе саны

Қай кезде сатады?

Қанша килограмм ет алынады?

1 кг ет бағасы

Пайдасы

1 түйе

күз мезгілі

600 кг

900 т

540000 т

10 түйе

6000 кг

5 млн 400 мың т



Түйе етінің құрамының қандай екенін зерттеп білу үшін Шығыс Қазақстан облыстық ветеринариялық зертханасына бардым. Зертханада мамандардың көмегімен түйе мен сиыр етінің құрамын зерттеп салыстырдым.









Түйе мен сиыр етін салыстыру



Мал атаулары



түсі

құрамындағы заттар

су

май

ақуыз

Түйе

күрең қызыл

78%

3%

19%

Сиыр

қызыл

72,6%

7,1%

16,3%

Түйенің шудасын емге, әсіресе буыны ауырғанда, суық тигенде үнемі пайдаланып жүрген ауылымыздағы Әзиқан әжеймен сұхбат жүргіздім. Ол кісі буыны ауырған кезде шуданы тұзды суға салып, сығып, ұйықтар алдында аяғына таңып тастайтынын, үш күн осылайша ем жасаса аяғы тәуір болып кететінін айтты. Сонымен қатар үнемі иығы қақсағанда басады екен. Түйенің ерекшелігін Абылайхан атамнан да сұрадым: “Түйе 50° С ыстықта 8 күн бойы нәр татпай жүре алады. Жазық дала аймақтың қысы қатты, аязды жерлеріне де шыдамды мал тұқымы” – деді. Төрт түліктің бойында болатын жақсы қасиеттердің бәрі түйе малының бойынан табылады. Сондықтан да қазақ түйені төрт түліктің төресі деп санаған. Түйе шаруашылығының тиімділігін ет өндіру арқылы да арттыруға болады. Ал, түйе сүті мен шұбатының емдік қасиеттері зор. Шығыс ғұламасы Әбу Әли ибн Синаның көз жұмар сәтінде шәкірттері айналасын қаумалап: «Ұлы ұстаз! Сіз кетсеңіз қалың халқымыздың сырқатын кім емдейді?» - деп қиналса керек. Сонда ғұлама: «Қиналмаңдар, анау жүрген түйе бар емес пе?» - деген көрінеді. «Оны қайтеміз десе:Соның сүтін іше беріңдер!» - деген екен. Сондықтан да біздің облысымызда Ойсылқарамызды ойсыратпай, түйе шаруашылығын дамыту керек деп ойлаймын.















Қорытынды

Жергілікті жердегі түйе тұқымын білдім.

Зерттеу жұмыстарын жүргізуде бүгінгі таңда ШҚО бойынша түйе санының аз екенін білдім.

Түйе шаруашылығын дамыту маңыздылығын түсіндім.

Түйе етінің, сүтінің, шудасының пайдалы екендігіне зерттеу арқылы көз жеткіздім.





Ұсыныс:

1.Шығыс Қазақстан облысы бойынша түйе шаруашылығы дамып, көбейтілсе.

2.Шығыс Қазақстан облысында түйе еті мен сүтінен өз еліміздің өнімдері өндірілсе.























Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. С.М. Бахишева. Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы. Алматы. 2011

  2. Р. Аубакирова., М. Нұрбекова. Педагогикалық зерттеу әдістемесі. Астана. «Фолиант» баспасы, 2008

  3. Р.Н.Нұрғалиев. Ол кім?Бұл не? ІІІ том –Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы, 1985,1986 -126-бет

  4. Ғаламтор. Түйе атаулары, тұқымдары

  5. Балдырған журналы, 2007 ж-№4-11-бет









































Қосымша 1







Ынтымақ мәлімет жинақтауда












Ынтымақтың Шығыс Қазақстан ШҚО статистика департаментінің

облыстық статистика мамандарымен сұхбат жүргізуде

департаментіне баруы








Ынтымақтың «Дархан» түйе шаруа қожалығында сұхбат жүргізуі





Ынтымақтың ботаны ұстап көруі Ынтымақтың түйеге мінуі









Қосымша 2


Ынтымақтың Шығыс Қазақстан облыстық ветеринариялық зертханасына барып, зертханашы Гүлназ Оразқызымен еттің құрамын анықтауда









Қосымша 3





Жеңісбек Ынтымақ Әзиқан әжеймен түйенің шудасы жөнінде сұхбат жүргізу үстінде









Ынтымақ атасы Абылайханмен Ынтымақ презентация дайындау үстінде

түйенің ерекшелігі жайлы

сұхбат жүргізуде


























20



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12