Материалдар / Ғылыми жоба - Қазақ халқының дарынды ұлы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба - Қазақ халқының дарынды ұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарындылық-адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Басқа сөзбен айтқанда, дарындылық- ол жоғары потенциялы бар, шығармашыл тұлға, өзінің алдына ғылыми-техникалық мәселелердіқойып және оны өздігінен шеше білетін тұлға.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Наурыз 2022
439
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ














Ғылыми жоба



Тақырыбы: «Қазақ халқының дарынды ұлы»

Бастауыш мұғалімі : Оразова Айгүл

















2021-2022 оқу жылы

«Дарынды тұлға халқымыздың ең қымбат байлығы»

Н.Ә.Назарбаев

-Дарынды балалар және таланты жастар-әрбір мемлекеттің мақтанышы. Дарынды балаларды қолдап, олардың табиғи талантын барынша дамытуға қамқорлық жасау- Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі.

Жас жеткіншектердің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуыны бағыт бағдар беру. Алайда , әрбаланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаздың парызы. Баланы уақыт талабына қарай икемдеп, санасына өз заманының озық өнегесін сіңіре білу, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.

Дарындылық деген не? Балалар дарындылығы аумағындағы белгілі ғалым Н.С.Лейтестің анықтауы бойынша педагогика тәжірибесінде дарындылықты 3 топқа бөлген:

1.Жоғары балалар

2. Белгілі бір бағытта жоғары нәтижеге жеткен балалар

3. Креативтілігі жоғары балалар.

Қазіргі кезеңде дарындылық ұғымы өте кең көлемде қамтылған, соның ішінде ең жаңашылконцепция американ ғалым Д.Рензулидің концепциясы бойынша дарындылық негізгі үш бағыттан тұрады:

-интеллектуалдық қабілеті жоғары

-креативтілік

-табындылық

Дарындылық-адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Басқа сөзбен айтқанда, дарындылық- ол жоғары потенциялы бар, шығармашыл тұлға, өзінің алдына ғылыми-техникалық мәселелердіқойып және оны өздігінен шеше білетін тұлға.

Дарындылықтың басты ерекшеліктері:

-Ерекше зейінділік;

-Жинақтылық;

-Күрделі ақыл ой жұмысына әрқашан дайын тұру;

-Еңбекке жұмылушылдығы;

-Таным аясы өте кең болуы;

-Ойлау белсенділігі аса тұрақты; дарынды балалардың адамгершілік дамуы қабылдауы өзіндік таным өте нәзік;

-Қиялдары кең;

-Көтерінкі көңіл күйдіжағымды психологиялық ахуалды жақсы көруі;

-Кішкене кезден шыдамсыз болуы;

-Әділетсіздікті көтермейді,өзіне және қоршаған адамдарға талап қоя біледі.

Дарындылықты анықтау бірнеше бағыттар арқылы жүзеге асады:

1. Диагностикалық талдау;

2. Әдістемелік бағыт;

3. Ұйымдастырушылық бағыт;

Диагностикалық талдау барысында ерте жастан дарындылықты анықтау, мұнда ерекше қабілеттердің дамуына, өзгеруіне бақылау жасау, дарынды баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына қолдау көрсету қажет.

Ол үшін оқушыға тестілеу, шығармашылық тапсырмалар орындату, ата-анамен сауалнама, әңгіме жүргізіп, бала әрекетіне бақылау, психологиялық-диагностикалық тренинг жүргізу, ата-анаға ұстаздарға психолог кенесін беру, баланың сыныптастарымен қарым-қатынасына бақылау жасау, жетекшісімен әңгімелесу керек. Диагностика нәтижелеріне сандық, сапалық талдау, мониторинг, рефлекция жүргізу керек.

Әдістемелік бағытқа келер болсақ, дарынды балалармен жұмыстың барлық түрлерін жаңа технологиялар негізінде құру қажет.

Ұйымдастырушылық бағыт- сыныпта және сыныптан тыс қызығушылық клубтары, зерттеу жұмыстарын жазу, жарыстарға, олимпиядаларға, байқауларға қатысу, шығармашылық кештер өткізу арқылы оқушы әрекетін ұйымдастыру.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету-оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби «бейнесі» мынадай қасиеетерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зерттеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды.

Осыған байланысты оқушының дарындылығын анықтап, дамыту үшін әр пәнмұғалімі өзінің алдына мынандай мақсаттар мен міндеттерді қоюы керек:

1.Дарынды оқушының ақыл-ойының эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру:

2. Жан –жақты ақпараттандыру

3. Коммуникативтібейімдеу

4. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалуына көмек көрсету.

Осы мқсаттар мен міндеттерді орындауға мектеп мұғалімдері мынадай жұмыс түрлерін қолдану керек:

1. Икемді оқу жоспарын құру

2. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға, өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету.

3. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру.

4. Сабақтан ақпараттық технология құралдарын, электронды оқулықтарды, интернет желісін пай далану.

5. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру ( мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу)

6. Шеберлер байқауын ( а0ындар айтысын, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі ) ұйымдастыру.

Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға- пәндік олимпиада, сайыстар, дебат, жобалар байқаулары, ғылыми- практикалық конференцияларға (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау), интеллектуалдық турнирлер, ойындар мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге.

Сол сияқты дарынды оқушылармен жұмыс нәтижелі болу үшін, балалардыңтат-тналармен де бірқатар жұмыстар

жүргізу керек. Олар ата-аналардың мектеп өміріне араласып көмектесуі, ата-аналар күндерін ұйымдастыру, мектеп психологы тарапынан ата-ааларға кеңес беру. Дарынды балалардың жеке тұлғасын анықтап, олардың бойындағы қабілеті мен икемділіктерінәрі қарай жетілдіріп дарынды оқушылардың дамуына үлкен үлесін тигізеді.

Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыру арқылы мен де география пәні бойынша дарынды оқушыларды анықтап олармен жұмыс жүргізудемін.

Алдыма қойған мақсатым:

1.Оқушының қызығушылығы мен бейімділігін анықтау.

2.Жеке тұлғаның жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде дарынды оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылыққабілетін дамыту.

3. Оқушы бойындағы талант көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға және өз бетінше іздене білуге жол ашып,жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ету.

Міндетім:

1. Оқушының іс-әрекетін бақылауға алу

2. Қызығушылығы менбейімділігі бағытында сыныптан тыс іс-шараларға қатыстыру

3. Әңгімелесу, талдау, бақылау, сараптау, жүйелеу арқылы баланың жеке қабілетін анықтап, нақты іс-әрекеті арқылы шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру.























Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік Жалпыға міндетті стандарты.

2. Білімдегі жаңалықтар №4-2016

3. Мектеп директоры журналы №4-2015

4.География биология және экология №4-2016


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!