Материалдар / Ғылыми жоба, "Айдың дәмі қандай?"

Ғылыми жоба, "Айдың дәмі қандай?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып окушыларына арналған ғылыми жоба жұмысы. Онда ай туралы қызықты мәліметтер келтірілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Наурыз 2023
406
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қалалық білім бөлімі

Береке орта мектебі











Тақырыбы: Айдың дәмі қандай?



Ғылыми жоба үлгісін құрастырған:

4 «Г» сынып оқушысы Рахмет Нұрберген

Жетекшісі: бастауыш пәнінің мұғалімі Ш.Таңатарқызы





Бағыты:

Экология

Секция:

Жаратылыстану







2022-2023 оқу жылы

Атырау қаласы, Береке орта мектебінің 4 «Г» сынып оқушысы

Рахмет Нұрбергенге

П І К І Р



Рахмет Нұрберген өзінің ғылыми жобасында айдың қалай пайда болғанын және ғарышкерлердің мәліметіне сүйене отырып, айды сыртынан қарағанда ірімшікке ұқсатқанымен, дәмі оған мүлдем ұқсамайтынын, бірақ дәмі күлге ұқсайтынын ашып көрсеткен. Мәліметтерді, деректерді өз жасына лайық таба білген. Деректермен дәлелдеген. Жобада айдың беті дәл қазір өзгеріске ұшырап жатпаса да, осыдан миллиардтаған жыл бұрын түнгі "жұлдыздың" барлық ауданында түрлі процестер болғанын, ай бетінен бақылап жүрген кратерлер мен цирктардың пайда болуы ертеректегі оқиғалармен байланысты екендігі анық жазылан. Оның ғарыш кеңістігінде ұшып жүрген метеориттер жердің тартылыс күшімен жерге қарай жақындайтыны, ал жер өзінің атмосфералық қабаты арқылы метеориттерден қорғанатыны, алайда, айда атмосфера болмағандықтан метеориттер соғылып кратерлер пайда болатыны көрсетілген.  Оқушы  бұл жобаны жазу барысында  кеңінен дайындалғанын байқатты. Жұмыс өте үлкен ұқыптылықпен, мұқият жасалған. Нұрбергеннің еңбегі оқушылардың қызығушылықтарын тудырып, оқушыларға көмегін тигізеді деген пікірдемін.



Ғылыми жетекшісі: Биология ғылымының кандидаты Бисенов У.К

























Аннотация



Оқушы өзінің ғылыми жобасында айдың қалай пайда болғанын және ғарышкерлердің мәліметіне сүйене отырып, айды сыртынан қарағанда ірімшікке ұқсатқанымен, дәмі оған мүлдем ұқсамайтынын, бірақ дәмі күлге ұқсайтынын ашып көрсеткен.Мәліметтерді, деректерді өз жасына лайық таба білген. Деректермен дәлелдеген.

 Оқушы  бұл жобаны жазу барысында  кеңінен дайындалғанын байқатты.




Аннотация





































Мазмұны



































Кіріспе

Күн батып қараңғы түскен кезде терезеден аспанға қарасақ бір планета –айды көреміз. Сол ай жайлы білгің келіп көкейіңде жүрген сұрақтардың жауабын және басқа да көптеген қызықты мәліметтерді білетін боласыз.

Ай қалай пайда болды? Айдың пайда болуы туралы бірнеше теория бар. Кейбір ғалымдар жер шарынан бөлініп шыққан жердің бөлігінен ай пайда болған дейді. Ал кейбіреулері айдың жеке аспан денесі екенін, жер орбитасына кейіннен кіргенін айтады. Ай алғашқыда жұлдыз сияқты өте жарық планета болып, уақыт өте келе сөніп қазіргі жарыққа келген. Басқа шырақтан өзгешелігі Ай бізге күндіз де, түнде де көріне алады. Айдың бірдей фазасы 29,5 күн өткен сайын қайталап отырады. Жаңа айдан- жаңа айға дейін, не толған айдан- толған айға шейін 29,5 тәулік өтеді. Онан соң Ай аспандағы орнын ауыстырып, Күннен әртүрлі қашықтықта болып отырады. Жаңа айдың дөңесі күнбатысқа қарап тұрады да іңірде көрінеді, ал ескі, бітуге таянған айдың дөңесі күншығысқа қарап тұрады да, өзі таңмен аралас көрінеді .

Толған ай аспан сферасында Күнге қарама – қарсы, шын түс ортасы кезінде меридиан жазықтығында болады да, оңтүстікті көрсетеді. Бұл кезде Ай Күн бата туады, Күн шыға батады, сөйтіп, ол түн бойы аспанда болады.



























Ай бетіне түскен Күн сәулесінің 7%-і ғана кейін шағылады. Айдың 354 сағатқа созылатын күндізгі уақытында оның беті 130оС-ға дейін қызса, сонша уақытқа созылатын түнінің ортасында — 170оС, ал таң алдында — 200оС-ға дейін суиды. Атмосферасының жоқтығынан Ай бетінің жылынуы мен суынуы Күн сәулесінің түсу бұрышына байланысты тез өзгеріп отырады. Жай көзбен қарағанда Ай бетінде қарауытқан дақтар көрінеді. Олар шартты түрде “теңіздер”, “мұхиттар”, “көл”, “шығанақ” деп аталған. Сыңардүрбімен (телескоппен) қарағанда Ай бетінен тау сілемдері, жарықтар, арналар, шыңдар, аңғарлар мен киіз үй пішінді объектілер, “кратер”, “цирк” деп аталатын сақина тәрізді таулар, ұзыннан ұзақ созылып жатқан жоталар мен тау тізбектері (Альпілер, Аппениндер т.б. делінетін) байқалады. Негізінен аспан тастарының соқтығуынан болған кратерлердің диаметрлері бірнеше км-ден 400 км-ге дейін барады. Цирктердің диаметрі шамамен 200-250 км, ал оны қоршаған тау жоталарының биіктігі 3-7 км. Ай бетін үлкенді-кішілі тас, құм және ұлпа топырақ жапқан. Бұл тастар Күн сәулесі әсерінен желініп жұмырланған. Ғарыш кемелерімен Айдан әкелінген материалдарды зерттеу нәтижесінде, онда тіршіліктің ең жабайы түрінің де жоқ екендігі анықталды. Ай материалының химиялық құрамы Жердегіден өзгеше. Ай жынысында хром, титан, цирконий сияқты элементтер көп, ал алтын, күміс, платина сияқты элементтер аз кездеседі. Онда негізінен темір, титан, цирконий қоспасынан құралған белгісіз минералдар табылды. Ай жыныстары бұдан 3,6-4,6 миллиард жылдар бұрын пайда болған. Бұл — Күн жүйесінің жаралуымен шамалас уақыт. Айдың планеталардан қалған заттардан өз алдына дербес жаралуы мүмкін. Кейін оны Жер өзіне тартып серік етсе керек. Бұл мәліметтер өткен заманда Ай Жерден бөлініпті-міс, Тынық мұхиты соның орны екен деген көзқарастың теріс екендігіне дәлел болып отыр.

Айдағы тартылыс күші жер бетіндегіден 6 есе аз. Сондықтан 60 кг болатын бір адамның салмағы, айдың бетінде салмағы 10 кг болады екен.

"Айдың беті дәл қазір өзгеріске ұшырап жатпаса да, осыдан миллиардтаған жыл бұрын түнгі "жұлдыздың" барлық ауданында түрлі процестер болды. Ай бетінен бақылап жүрген кратерлер мен цирктардың пайда болуы ертеректегі оқиғалармен байланысты екендігі айтпаса да түсінікті. LRO зонды арқылы біз осы процестерді көз алдымызға айқынырақ

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/1657/

«Физика және астрономия» Башарұлы.Р., Алматы 2012ж

елестетіп отырмыз", - депті NASA-лықтар.

Ғарыш кеңістігінде ұшып жүрген метеориттер жердің тартылыс күшімен жерге қарай жақындайды. Жер өзінің атмосфералық қабаты арқылы метеориттерден қорғанады. Ал айда атмосфера болмағаны метеориттер соғылып кратерлер пайда болады.

Күннің тұтылуы оны Ай тасалағанда, Айдың тұтылуы оған Жердің көлеңкесі түскенде байқалады. Егер Ай өзінің Жер айналасындағы қозғалысында Жер мен Күннің арасында келіп қалса (бұл тек қана Ай туғанда болады), онда ол Күнді жауып қалуы мүмкін, онда Күн тұтылады, Ай Жерге көлеңке мен алакөлеңке түсіреді. Жерге Ай көлеңкесі түскен нүктелерде ол тұтылу жартылай болады. Жердің әр нүктесінде тұтылу әртүрлі көрінеді немесе тіптен көрінбейді әрі ол әртүрлі уақытта басталады.

Күннің толық тұтылуы таңғаларлық көрініс. Аспанда қара дөңгелекті және оның айналасындағы тамаша шұғыла Күн тәжін көреміз. Ол – Күннің қатты қызған атмосферасының жарқыраған сыртқы бөліктері.  Күннің толық тұтылуы кезінде қараңғылық тез түседі. Бүкіл көкжиекте қызғылт шапаққа ұқсайтын жарқырау байқалады.

Жер мен Айдың қозғалысы жақсы зерттелгендіктен толық Күн тұтылуының уақыты мен орнын дәл есептеп шығаруға болады. Ал Ай Жердің көлеңке аймағына енгенде, Ай тұтылуы басталады. Айдың тұтылуы тек Айдың толған кезінде, яғни Ай аспанында Күнге қарсы нүктесі маңайында болған кезінде байқалады. Бұл уақытта Ай жерге өзінің барлық жарықталған жарты шарымен "қарайды". Ай батыстан шығысқа қарай қозғалғандықтан, Жер көлеңкесіне бірінші болып Айдың шығыс сол жақ шеті көрінеді. Оның бетінде біртіндеп үлкейетін кішкене кетік пайда болады. Ай орақ пішінде болады. Егер  Ай өзінің Жер айналасындағы қозғалысында толығымен Жердің көлеңкесіне енсе, онда Айдың толық тұтылуы орын алады. Егер ол көлеңке шетін жанап өтсе, онда тұтылу жартылай болады. Айдың толық тұтылуы ұзаққа созылады, екі сағат (1 сағ 40 мин) дерлік болуы мүмкін. Жердің барлық нүктелері үшін ол бір уақытта басталып және бір уақытта аяқталады, әрі Айға қараған Жердің бүкіл жарты шарында бірдей байқалады. Ай толық тұтылғанда, әдетте Ай аса қараңғы болып немесе толық көрінбей қалмайды. Бұл жердің атмосферасының бар болуымен түсіндіріледі. Жер атмосферасынан сынған Күн жарығы оған қызғылт түс беріп таралады және бір жағынан Ай пішінін жарықтандырады. Жер көлеңкесіне Ай жарым-жартылай кіргенде, Айдың толық және шала тұтылуы болады.



Интернет материалдары: https://www.google.kz/ ресурстары.

Толық Күн тұтылуы Жерге Ай көлеңкесінің дағы түскен орыннан ғана көрінеді. Дақтың диаметрі 250 шақырымнан артпайды, сондықтан бір мезгілде Күннің толық тұтылуы тек Жердің аз ғана бөлігінде көрінеді. Толық тұтылу фазасы 7 минут 70 секундтан артыққа созылмайды.

Егер Ай орбитасының жазықтығы эклиптика жазықтығымен дәл беттессе, онда әрбір жаңа айда Күн тұтылуы, ал әрбір толған айда Ай тұтылуы болып тұрады. Айды бақылағанда әртүрлі көрінуіне байланысты 7 фаза, көрінбей тұрғандағысын қосса 8 фазаны ажыратады. Олар: Жаңа ай, Толысқан жарты ай, Бірінші тоқсан, Толысқан дөңес ай, Толық ай, Дөңес ай, Үшінші тоқсан, Кішірейіп бара жатқан ай. Фазалар Айдың Күнге қатысты тәуелдігіне байланысты анықталатындықтан, қолдануға маңызды ретінде 4 фаза қарастырылады. Олар: жаңа ай, толған ай, өсуші ай, кемуші ай.

Айдың тартылыс күші (әрине, күннің тартылыс күшімен бірге) Жердің бұрынғы және қазіргі кезеңдерінің көп бөлігін қалыптастырды. Ай Жердің тыныс алу заңдылығына әсер етеді, бірақ толқындар - бұл айдың гравитациялық тартуының байқалатын нәтижелерінің бірі. Айдың тартылыс күші біздің планетамызға аз әсер ететіні туралы не деуге болады? 2015 жылғы ботаникалық зерттеу айдың тартылыс күші кейбір өсімдіктердің жапырақтарының қозғалуына әсер етуі мүмкін деп болжайды. Зерттеуші Питер Барлоу өсімдіктердің тарихи деректерін, сондай-ақ Халықаралық ғарыш станциясында өсірілген өсімдіктерден алынған мәліметтерді зерттей келе, «лефидді» деп аталатын қозғалыс кезінде өсімдік жапырақтары мен лунизолярлық толқын циклдары арасында өзара байланыс болуы мүмкін деген қорытындыға келді. . Айдың тартылыс күші мен ботаника арасындағы байланысты тереңірек түсіну үшін және айдың ауырлық күшінің флораға әсерінің басқа түрлерін анықтау үшін қосымша зерттеулер қажет. Жапырақтың жүріс-тұрысы мен Айдың тартылыс күші арасындағы байланыс белгісіз болып қалса да, ғалымдар Айдың гравитациялық күші мен Жердегі тіршіліктің аспектілері арасында қызықты байланыстар тапты.

Айға барған ғарышкерлердің арнайы киімдерінен ешқандай иіс өтпейді. Онсызда айда ауа болмағандықтан, дем алып, иіс сезу де мүмкін емес. Айдың бір уыс топырақ алып жерге әкеліп иіскеген ғарышкерлер, айдағы топырақтың қар сияқты жұмсақ және оқ дәрі сияқты иісі бар екенін айтады. Айға алғаш барған ғарышкер Нил Армстронг. Ал осы уақытқа дейін 12 адам барған екен.

https://imektep.kz/kz ресурсында дүниетану пәніндегі «Ғарыш» бөлімінен «Ай» бейнеролигі

Балалар журналы «Алтын бала» Айдың дәмі қандай? 6-11 бет

Ай сыртынан қарағанда ірімшікке ұқсағанымен, дәмі оған мүлдем ұқсамайды. Бірақ дәмі күлге ұқсайды дейді. Ал топтырағы айтарлықтай нашар емес екенін айтады ғарышкерлер.

Қарапайым эксперимент

Мынау өшіргіш, мұны Ай дейік, ал мен Жер болам. Өшіргішті байлап , жіптің екінші жақ ұшын қолыма ұстаймын. Бұл – ай жіпті үзіп, өз бетімен кеткісі келеді деген сөз. Ал шын Айды жерге байлап қойған – тартылыс күші. Жердің өз серігін берік ұстап, басқа жаққа жібермей тұрған жібі осы.



































"Негеш" балалар энциклопедиясы Алматы, 2013ж

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/1657/

  2. Интернет материалдары: https://www.google.kz/ ресурстары.

  3. https://imektep.kz/kz ресурсында дүниетану пәніндегі «Ғарыш» бөлімінен «Ай» бейнеролигі

  4. Балалар журналы «Алтын бала» Айдың дәмі қандай? 6-11 бет

  5. «Физика және астрономия» Башарұлы.Р., Алматы 2012ж

  6. "Негеш" балалар энциклопедиясы Алматы, 2013ж





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ