Ғылыми жоба: Ақын әже -Балғабаева Қыдыркүл

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба: Ақын әже -Балғабаева Қыдыркүл

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақын әженің өмір жолдарын , өлеңдерін баталарын келер ұрпаққа насихаттау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жалағаш аудандық Білім бөлімі

34 Ә.Бердәулетов атындағы орта мектеп







Автор: Төлепберген Нұрберді 5 - сынып





Тақырыбы: «Ақын әже- Балғабаева Қыдыркүл»





Бағыты: Тарих




Ғылыми жетекші: М.С. Төкен

Тарих ғылымдарының кандидаты





Жетекші мұғалім: Едігеева Гүлдерай











Мазмұны





Кіріспе

1.1 Өмірбаяны................................................................................1-2

Негізгі бөлім:

2.1 Ақындық өнер – тәңірдің сыйы..............................................6-8

2.2 Батаменен ел көгерер ..........................................................



Қорытынды бөлім....................................................................... 9



Пайдаланылған әдебиеттер























Кіріспе

Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі. Алты алаштың анасы болған Сыр елі- киелі жер. Қорқыт баба қобызы әдемі әуенмен тербеген киелі өлке – Сыр топырағы өзгелерден өнер оздырған таланттарға кенде емес. Сыр өлкесі қашаннан хас таланттардың отаны болып табылады.Өлмейтін, мәңгілік өмірді армандау идеясымен үлгі болған Қорқыт адамзат баласын Тәңірін тануға әкелген көріпкел әулие, бақсылығы бар күйші, өнердің пірі.Олай болса , жоғары рухани әлемнің шоғырлануы , топтасуы, бас қосуы осы жерден де бастау алғанға ұқсайды. Қорқыт атадан қалған небір аталы сөз Сыр сүлейлерінің көшімен келешекке қарай озып барады.

«Сыр елі-жыр елі » дейтін қанатты сөздің шығуына негіз болған Жалағаш ауданы – ежелден өлең мен өнер астанасы. Киелі өнердің көшін талай-талай талантты толқын жалғастырып, желісін үзбей бүгінге жеткізді. Менің осы зерттеу жұмысын қолға алғандағы мақсатым- қойнауына қасиет пен құт дарып, шаңырағына өлең түнеген өлке – Сыр елінің өнерін өрістетіп, оған өзіндік қолтаңбасын қалдырумен келе жатқан менің ақын әжем – Балғабаева Қыдыркүлдің өлең жырларын келер ұрпаққа танытуды жөн көрдім

Бүгінгі таңда көркем шығарма оқитын оқушылар аз. Көркем шығармадан нәр алмаған ұрпақтың рухани дүниесінің дамып жетілуі, көркем мінезді тұлға болып қалыптасуы, қазақ тілінің мол қазынасынан сусындап өсуі мүмкін емес. Еліміздің болашағы жарқын болуы үшін, ең алдымен рухани азығымызды реттеу қажет. Осы себепті де тәрбиелік мәні зор, ұрпағының саналы да тәрбиелі болып өсуін қалайтын, ұрпақтарына рухани байлық сыйлайтын ақын әже Балғабаева Қыдыркүлдің бата жырларымен сусындағанын қаладым.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Жергілікті ақын әже Балғабаева Қыдыркүлдің өлеңдерін және баталарын зерттеу, өресі биік құнды дүниелерін, тәрбиесі мен тағылымы мол шығармаларын келешек ұрпаққа үлгі ету.


Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Құдіретті сөз өнерінің барша қасиеті бойынан табылатын тума талант екендігі туралы түсінік беру;

  • Талант иесінің туындыларының дүниеге келуі ұлт өнері үшін , оның келешегі , бүгінгі тарихы мен болашағы үшін ерекше құндылық екендігін таныту;

Зерттеу жұмысында қолданған әдіс-тәсілдерім:

  • Тақырып бойынша материалдар жинақтау;

  • Әңгімелесу;


3

  • Сұхбаттасу;

  • Қорытындылау;

Ғылыми жұмыстың практикалық маңызы: Айналамызда қаншама еңбектері елеусіз қалған «ерекше тұлғалар» бар. Солардың бірі – өз бойларындағы таланттарын аша алмай, бар жігерлерін өз еліне адал ұрпақ тәрбиелеп, мейірімді жар болуға жұмсаған аналар. Мен осындай өнерге бейімі бар аналардың өмір жолдарын зерттеуді дұрыс деп ұйғардым. Және өз жұмысымды осындай аналардың бірі Балғабаева Қыдыркүл әжеге арнадым.

Ақын әжемнің өлең жырларының зерттелуі, талант иесінің туындыларының қырлары мен сырларының насихатталуы, кемел еліміздің патриоттарын тәрбиелеуге ықпалын тигізеді.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



































4



Негізгі бөлім

Өмірбаяны

Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған. (2.115 б)

Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы тәлім - тәрбиенімен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар біртіндеп бойына сіңіре бастайды. Міне осындай әжелердің бірі Балғабаева Қыдыркүл. (2.32)

Балғабаева Қыдыркүл Жұмаділдәқызы 1937 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген.Әкесінің аты Жұмаділдә. Шешесінің аты Палау. Отбасында 5 ағайынды. 3 ұл, 2 қыз. Отбасының жағдайы орташа болды. Әкесі қоймашы болып жұмыс атқарған,шешесі көмекші болып жұмыс істеген. Жастайынан үй шаруасымен айналысқан.Қыдыркүл әжем Мақпалкөл ауылында 10 жылдық мектепті тәмәмдағаннан кейін отбасылық жағдайға байланысты оқуға түсе алмады. Екі жыл отбасының күн көрісіне көмектесіп, шаруашылықта жұмыс жасап, сіңілдеріме қарайлап 1957 жылы осы ауылға тұрмысқа шықтым. Отбасылы болғаннан соңда шаруашылыққа араласып, ата – енемді қарайлап жазда қырға шығып мал бағып жүргенде, отағасымды бір жылдан кейін

5

әскер қатарына шақырылып әкетті. Бұл кезде бір баламен, ата –енесімен қалған еді, отағасы келгенше үй шаруасы, мал жан амандығы менің әжемнің жауапкершілігінде болды. Сол қиыншылықтың бәрің әжем жауапкершілікпен қарап, отбасын жалғыз өзі асырап келді.Сиыр сауу, диірмен тарту, мал жайю деген ауыр жұмыстарды атқару әжемнің мойнында болды. Қазір әжем кіші баласы Нұрланның қолда немерелерімен бақытты өмір сүруде. Әжем өсіп-өніп 9 құрсақ көтерген.Оның 4- уі қыз, 5-уі ұл. Қазір осы балаларынан 32 немере 20 шөбере сүйген бақытты әжем.Қыдыркүл әже күміс алқа және алтын алқа иегері.

.

























6

Ақындық өнер – тәңірдің сыйы


Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең,- дегендей


«Өмір-өлшенбейтін өміршең құндылық. Ол екінің бірінің басына қона бермейтін бақыт. Талант-тәңірдің сыйы. Өнер –өмір. Өлең - өмірдің шуағы. Әлемді түрлі қиыншылықтардан иман мен поэзия құтқарады»,- депті бір ойшыл.

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы, - деп Ұлы Абай атамыз айтқандай өлең шығару ауыр жұмыс. Өлеңді екінің бірі шығара алмайды. (газет беті №55)

Қойнауына қасиет пен құт дарып, шаңырағына өлең түнеген өлке- Сыр елінің өнерін өрістетіп, оған өзіндік қолтаңбасын қалдырумен келе жатқан ана Балғабаева Қыдыркүл өлең жолына 1994 жылдан бастап қолына қалам алды.Алғаш рет өлең жазуға себеп болған жанынан жыраққа яғни Көкшетау қаласына көшіп кеткен баласына деген сағынышын осы өлең жолдары арқылы жеткізген.Ол кездері ұя телефонның жоқтығы, сым телефондардың тым аз кезі хабарсыз қалған баласын уайымдаған ана жүрегінен туындаған жыр шумақ «Көкшетауға» деп аталады. Осы жылдап бастап қазір уақытқа дейін 24 жыл уақыт ішінде әжемнің елуге жуық өлең жырларымен баталары халық арасында таралып жүр.Қыдыркүл әже аудандық облыстық ардагерлер сайысында бата беруден, өлең оқудан байқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленіп келеді. Өлең жазу әжеме нағашыларынан тараған.

Көкшетауға

Көкшетауға хат жаздым үш немерем қасымда

Екі немере ойнап жүрген шығар Көкшетаудың тасында

Жеткіздім ұшырып ұясына

Кеттіңғой қияшеттің қиясына

Аман сау жүрсе екен ұясында

Апау деген бір сөзді қиясыңба?

Есейіп кетсең, бесіктегі баладайсың

Жазатайым өле кетсем

Ішімде кетер жарадайсың

Бұл өмір зымырап өтіп барадайсың

Барайын десем пұл қайдай

Ұшайын десем жер шалғай

Сені маған көретұғын күн қайдай

Өз балам жаным деймін

Немерем балым деймін

Келінімді ханым деймін

Бәрінің қамын ойлар келін болса жаным деймін

Бәріңді әр шаңыраққа жеткізсем

Бәле жәледен өткізсем

7


Бұл өмірден армансызғып өткізсең.

Қыдыркүл әженің өлеңдері мен баталары балаға, анаға, елге, немерелеріне,

мерекелерге арналады


Бесігінді әлдименен тербеттің

Өзің берген ақылынмен ер жеттім

Үлгілі азамат боп өссін деп

Маңдайыңнан тер төктің

Алақаның жұмсақ сенің мақтадай

Ақ сүтінді қалай жүрем ақтамай

Алладан желеп-жебеп сақтаған

Аяғыңа тікен кірет деп арқалаған анашым

Басына күн өтет деп көлеңке болған анашым

Суыққа тонады деп ық-пана болған анашым

Балдарын бір сәт көрмесе

Зар илеген анашым

Ананың орны қай кезде де ерекше ананы құрметтеу, қадірлеу әр баланың парызы, әженің анасына деген сағынышы


Манарбек Еспанов ініме

Бір Аллаға айтар жалғыз арызым

Тілек тілеу жақындықтан парызым

Айналайын Манарбекжан қалсыншы

Ұлағат боп артыңдағы әр ізің


Құтты болсын елге келген қадамың

Берді ел жұртың әр ісіңе баға мың

Алла берсін бір басыңа абырой

Өрлей берсін алға қарай талабың


Абыроймен айшықталып әр адым

Елге берсең береріңді жарадың

Ақ күріштен тау тұрғызып жыл сайын

Толтыра бер ел жұртыңның қанарын


Азаматсың рухың биік жаның кең

Болмасыншы тұлғалардан әлің кем

Абыройың жақсы ісіңмен биіктеп

Болсыншы тек мол несібең тәңірден


Ел ағасы Еспанов Манарбек ағайдың халқына адал қызметін, құрметіне арналған өлеңі.



8


Бөбегім менің бөбегім

Саған арнап тілегімді төгейін

Ата ананың нұры бол

Ел жұртының пірі бол

Досы көптің бірі бол

Қазақстанның жыры бол

Бөбектерім бөбегім

Саған арнап тілегімді төгемін

Күмбез үйді салдырып

Дұшпанның көзін салдырып

Көшіп кетпе шет елге

Кең жеріңді қалдырып

Бөбектерім бөбегім

Саған арнап тілегімді төгемін

Оқып білім аласың

Ақыл ойды табасың

Бөбектерім бөбегім

Саған арнап тілегімді төгемін

Немерелеріне арнап жазған өлең жырлары


Аллаға сыйынатын арызым

Тілек тілеу жақындықтан парызым

Манаржан келген жерің құтты болсын

Келдіңде әруақты еске алдың

Алдыңғы қатарлы көшке алдың

Ақыры болсын баянды

Еңбек еттің аянбай

Ат табандай елің бар

Көркейтетін жерің бар

Жағып бердің фанорын

Астыққа толтырып бердің қанарын

Ел жұртың жүрсін дәріптеп

Кітапқа шықшы әріптеп

Терең ойдан ақыл тағып

Ақылыңмен бағыңды тап

Дұшпандарға балта шап

Аллаға сиынып солға шап

Үй сыртында жау болмасын

Дұшпанның сөзі ем болмасын

Істеген ісің Назарбаев кем болмасын



9



8 мартқа

Ақ құдай деген анамын

Мереке тойға тілек

Айтуға барамын

Құрметің құр қалмасын

Көккірегіңді кір шалмасын

Қызықтарың ортаймасын

Тамашаларың таусылмасын

Гүлдей жайнап күліп ойнап

Дана менен дараларың көп болсын

Ұстаздар нұрлы болсын

Қазақстанның жыры болсын


Бәрінің туған күні құтты болсын

Жастарың жүзге толсын

Құшақтарың гүлге толсын

Орталарың нұрға толсын

Аллаға жалынатын арызым

Балдарға тілек тілеу парызым

Шашу шашам тілектен

Шығарамын жүректен

Күліп ойнап гүлдей жайнап

Отырдың 10 жылдық партада

Тіршіліктің мойнының

Неше түрін арнасын

Әні міні дегенше 40-жылдығы

Ұлды қызды өсіріп

Қызықтардың билеп жүргін ортасын

Аман болсын бастарың

Қашықта болсын қастарың

Ақыл естерің мол болсын

Меннен тілек сол болсын

Ақыл деген оздырмас

Мақұл деген тоздырмас

Дендеріңе қуат берсін

Бірліктеріңе тұрақ берсін

Несібелеріңе бұлақ берсін

Көкірекке жамандықты құйма

Жақсылықты жина

Сонда жетесің Алладан сиға

Бақытын берсін шыраның

Әріптен тілек сұрайын

Өмір берсе бойыма

Балдарымның жеткізсін тойына

10



Ақ халатты абзал жандар

Түксими біздерге қараңыздар

Жылы сөзін бізге

Өмір керек сізге

Таусылған білекті күштеріміз

Сайрайтын қызыл тілде тілегіміз

Ақ құдай деген жан едім

Пенде болған кәрі едім

Жылы сөзің болсын шипа

Арқамнан сипа

Ем болсын бізге

Рахмет айтам сізге




































11

2.2 Батаменен ел көгерер

Қазақ халқының ежелден келе жатқан өзіндік орны бар салт-дәстүрлерінің бірі — бата беру. Халқымыз ақ ниетпен бата беріп, жақындары үшін тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Оны кез келген адам айта бермейді және тойдағы тілектен айтарлықтай өзгешеленеді. Кімге қаратып айтылатынына қатысты да мәтіні өзгеріп отырады.

Бата — біздің дәстүріміздегі үлкен ұғымдардың бірі. Ол халық үшін өте қажет және оны дұға деп те түсінуге болады. Қазір діни баталар көп айтылады. Батаның бұл түрінде "Жамбылдың жасын берсін, Абайдың басын берсін" деген сөздер айтылмайды. Алланың атымен басталып, ислам жүйесімен өрнектеледі", — деді "Халқымыз тілек пен батаның ара-жігін ажырата алады. Бірақ қалай десек те осы тілек пен батаның мүддесі бір. Барлығымыз да жастайымыздан бата алып өстік. Батада үлкен қасиет, үлгі-өнеге, салт-дәстүріміз бен үлкенді сыйлаудың нышаны бар. Үлкеннің сөзін тыңдау, олардан бата сұрау — тәрбие мен тектіліктің көзі деп түсінемін. "Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер" деген сөз тегін айтылмаған.
Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.[3]
  Қыдыркүл әженің шығармасында батаның алар орны ерекше. Ол әрбір қуаныштарда жүрегінен шыққан баталарын немерелеріне, ағайындарына, ел ағаларына арналған.

Бата

Маңдайымыз ашық болсын

Бәле жәле қашық болсын

Жақсылықты жанастырсын

Жамандықты адастырсын


12

Дәулет бақыт мол болсын

Балдар жүрсін биікте

Несібе берсін үйіпте

Ақылы болсын дария

Атағы болсын жария

Бақытың өрінде жүрсін

Құрметтің төрінде жүрсін

Тіл көзден аман болсын

Тыныштық заман болсын

Екі дүниенің абатын берсін

Көп тойдың қабатын берсін


Бата 2

Сәлем бердік әулиелі атаға

Балдарымыз бөлеп жатсын

Ұлағатты ұламалы батаға

Жүзден жүйрік

Мыңнан тұлпар

Шыға берсін

Осы заман баянды бақытты болып

Орнында тұра берсін.

Есіктің алды талды болсын

Қора толған малды болсын

Құдай берген балдарым

Қатарының алды болсын.



Бата 3

Мен берейін батаны

Еске аламыз әулиелі атаны

Балдарымды бөлеп жатсын

Ұлағатты ұламалы батаға

Көсем болсын көсілген

Шешен болсын шешілген

Ел жұртына пана болсын

Ұшқан қанат талмасын

Дұшпан қасына бармасын

Көңілде орман қалмасын

Әруақты бабалар

Қиындықтан қорып жүрсін

Сүріндірмей сүйеп жүрсін

Тарықтырмай демеп жүрсін


13


Зарықтырмай жебеп жүрсін

Бабалар қорғап жүрсін

Әр уақытта қолдап жүрсін

Қайда барса ақ жол болсын

Бата-4

Әруақты бабалар,

Қйындықтан қорып жүрсін,

Сүріндірмей сүйеп жүрсін,

Тарықтырмай демеп жүрсін,

Бабалар қорғап жүрсін,

Әр уақытта қолдап жүрсін

Қайда барса

Маңдайымыз ашық болсын

Жақсылықты жанастырсын

Жамандықты адастырсын

Дәулет, бақыт мол болсын

Балдар жүрсін биікте

Несібе берсін үйіпте

Ақылы болсын дария

Атағы шықсын жария

Бақыттың өрінде жүрсін

Тіл көзінен аман болсын

Тыныштық заман болсын.

Екі дүниенің абатын берсін

Көп тойдың қабатын берсін.

Сая бағым саялатсын

Ая бағым аялатсын

Салулы төсек жатайын

Тұз дәмінді татайын

Сағынышты басқасын

Балдарыма тартайын

Қолыңда бар бір балаң

Тірекші болсын бір данаң

Гүл шоғындай жайнап жүрсін Үш қалаң



Бата-5

Тілегіміз ақ болсын

Көргеніміз нұр болсын

Ер азамат жиналған

Ел жұртымызға бақ қонсын

Қыдыр болсын жолдасың


14

Әулилер қолдасын

Барша халық еліне

Бақ береке орнасын


Қыз ұзату

Анадан балаға тілек

Жасағанға жалынатын арызым

Балдарға тілек тілеу парызым

Шашу шашам тілектен

Шығарамын жүректен

Бір кезде елшек елдің сұрапта

Енді ер жетіп бізден көшіп жыраққа

Баянды бақытты болып тұрақта

Бақыттың базары ақылдың ажары бол

Ата-анаға қуат бол

Ел жұртыңа шуақ бол

Ата-ананың тілегі мол балаға

Тілегіміз кетпесін деп далаға

Жасағанға жалынамыз жалықпай

Ұшып жүрсек қанатпеннен шалықтай

Ауызымыз босамайды гүбірден

Құдайға құлшылық етіп жүгінген

Отбасы босамасын шын күлкі дүбірден

Бұл өмірде тынып жүрсек көңілден

Екі жастық көштірген шаңырағы

Керегесі кең болсын биік болсын

Босағасы мықты болсын

Іші толған қызық күлкі болсын

Жастар жапырақтай жайқалсын

Жақсы істерден байқалсын

Ата-анаға мейрімді ағайынға үйірдім

Ұл-қыздар ұғымды болсын

Ата-ананың ішкен асы жұғымды болсын

Қанатымыз бен қағылы

Ардақтай болып бағылып

Ашық аспан астында

Ұл-қыздардың тойлары

Мәңгілікке жалғаса берсін







15












Мазмұны



Кіріспе...........................................3-4 бет



Негізгі бөлім................................5-15 бет



Қорытынды...................................16 бет



Пайдаланылған әдебиет ................17 бет

















Қорытынды

Бүгін мен ғылыми жобамды қорытындылай келе әже қай кезде де баласының немересінің қамын ойлап, солардың жақсы тәрбие алуына себеп болатын дара тұлға.Әжелердің өсиетін, әңгімелерін, ақыл кеңестерін тыңдап өскен ұрпақ еліміздің қамын ойлар, адалда, парасатты тұлға болып қалыптасатынына сенімім мол. Сондықтан мен өз әжемнің дара жолын үлгі етемін. Әжемнің әрбір сөзін санама құйып, өлең жырларын, бата – тілектерін жатқа айтып насихаттау. Сондықтан жыр күмбезін көтерген елде туған ақын әжеме тілегімді мына өлең жолдарымен білдіргім келеді:

Сүлейлерден үлгі алған

Сырдағы сұлу төбесіз,

Өлшемі жоқ өнермен

Маңайға шуақ себесіз


Мұрасын сезіп жүрекпен

Бабалар қосын жегесіз

Болашақ ұрпақ жолына

Рухани байлық егесіз.


Өзекті өлең өрілген

Мәйегі сөздің терілген

Ертеңін ойлар елінің

Тұлғалар сіздей көбейсін,- дей отырып,

сөзімнің соңында ұрпақ тәрбиесіне, инабаттылық пен ой-өрісінің дамуына, эстетикалық талғам биігінен көрінуін басты назарда ұстаған, өмірін өлеңмен өрнектеген асыл қазына иелерін жоғалтып алмай, келешек ұрпақ қажетіне жарату – біздің еншімізде дей келе, төмендегі ұсынысымды жасаймын:


  • ақынның шығармашылық кештері ұйымдастырылса;

  • Балғабаева Қыдыркүлдің өлең жыр шумақтарымен баталары жеке кітап болып басылып шықса.








16





Ә.Бердәулетов атындағы орта мектептің
5-сынып оқушысы Төлепберген Нұрберді Нұрланұлының

«Ақын әже – Балғабаева Қыдыркүл»
тақырыбындағы зерттеу жұмысына

ПІКІР


Төлепберген Нұрбердінің ғылыми зерттеу жұмысында өз әжесі, жергілікті жердің тұлғасы Балғабаева Қыдыркүлдің өлең жырларымен баталарын келер ұрпаққа таныстыру.
Зерттеу жұмысының І – кезеңінде әженің өмір баянына тоқталып өтті. ІІ -кезеңінде Балғабаева Қыдыркүлдің өлеңдерінің тарихына негізболған жайдайларын айтып өткен өлеңдеріне жан-жақты талдау жасалынып, сараланып, жүйеленіп берілген. Олардың тақырыптық-көркемдік ерекшеліктері айқындалған. Оның ұлттық рухта жазылған өлеңдерінің құндылығы танылып, тереңінен сипаттама жасалынды. 
Ғылыми жоба жұмысы барлық талапқа сай орындалған.
Оқушы зерттеу жұмысын орындауда үлкен жауапкершілік танытты. Берілген тапсырмаларды уақытылы орындап, өз ізденімпаздығын байқатты.
Өз еңбегінде оқушы жасаған жоспарына сай ойын жүйелі баяндау арқылы ақын өлеңдерін талдап, тақырыптың өзектілігін айқындап, мақсат-міндеттерін толық қамтуға тырысқан. 
Зерттеу жұмысын жазу барыснда БАҚ материалдары, әдебиетші зерттеушілерілердің ой-пікірлері жан-жақты талданып, қарастырылғанды.
Соңында жұмыстың жалпы мазмұнына байланысты пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.



Ә.Бердәулетов атындағы орта мектеп

Тарих және география пәні мұғалімі Едігеева Г















Пайдаланылған әдебиеттер:







  1. Алты алаштың анасы болған Сыр елі Ана тілі газеті 2015 жыл

  2. Сыр Сүлейлері кітабы Қ.Есімсейітова 2017 жыл

  3. «Сыр сазы» (өлеңдер,дастан)- Алматы – 2006

  4. Жалағаш жаршысы газеті 2016 жыл № 55

  5. Т.Досымова «Асылды тот баспасы анық болса» «Өнегелі-өмір» кітабы 2007 ж, 49- бет,



































Менің ғылыми жобамның тақырыбы: Ақын әже – Балғабаева Қыдыркүл


Жобаның мақсаты: : Жергілікті ақын әже Балғабаева Қыдыркүлдің өлеңдерін және баталарын зерттеу, өресі биік құнды дүниелерін, тәрбиесі мен тағылымы мол өлеңдерін келешек ұрпаққа үлгі ету.

Жобамның мазмұны Кіріспе, негізгі бөлім, және Қортындыдан тұрады


Әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Міне осындай әжелердің бірі менің әжем Балғабаева Қыдыркүл

Балғабаева Қыдыркүл Жұмаділдәқызы 1937 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген.Әкесінің аты Жұмаділдә. Шешесінің аты Палау. Отбасында 5 ағайынды. 3 ұл, 2 қыз. Отбасының жағдайы орташа болды. Әкесі қоймашы болып жұмыс атқарған,шешесі көмекші болып жұмыс істеген. Жастайынан үй шаруасымен айналысқан.Қыдыркүл әжем Мақпалкөл ауылында 10 жылдық мектепті тәмәмдағаннан кейін отбасылық жағдайға байланысты оқуға түсе алмады. Екі жыл отбасының күн көрісіне көмектесіп, шаруашылықта жұмыс жасап, сіңілдеріне қарайлап 1957 жылы осы ауылға тұрмысқа шықтым. Отбасылы болғаннан соңда шаруашылыққа араласып, ата – енесін қарайлап жазда қырға шығып мал бағып жүргенде, отағасымды бір жылдан кейін әскер қатарына шақырылып әкетті. Бұл кезде бір баламен, ата –енесімен қалған еді, отағасы келгенше үй шаруасы, мал жан амандығы менің әжемнің жауапкершілігінде болды. Сол қиыншылықтың бәрің әжем жауапкершілікпен қарап, отбасын жалғыз өзі асырап келді.Сиыр сауу, диірмен тарту, мал жайю деген ауыр жұмыстарды атқару әжемнің мойнында болды. Қазір әжем кіші баласы Нұрланның қолда немерелерімен бақытты өмір сүруде. Әжем өсіп-өніп 9 құрсақ көтерген.Оның 4- уі қыз, 5-уі ұл. Қазір осы балаларынан 32 немере 20 шөбере сүйген бақытты әжем.Қыдыркүл әже күміс алқа және алтын алқа иегері.


Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы, - деп Ұлы Абай атамыз айтқандай өлең шығару ауыр жұмыс. Өлеңді екінің бірі шығара алмайды.

Қойнауына қасиет пен құт дарып, шаңырағына өлең түнеген өлке- Сыр елінің өнерін өрістетіп, оған өзіндік қолтаңбасын қалдырумен келе жатқан ана Балғабаева Қыдыркүл өлең жолына 1994 жылдан бастап қолына қалам алды.Алғаш рет өлең жазуға себеп болған жанынан жыраққа яғни Көкшетау қаласына көшіп кеткен баласына деген сағынышын осы өлең жолдары арқылы жеткізген.Ол кездері ұя телефонның жоқтығы, сым телефондардың тым аз кезі хабарсыз қалған баласын уайымдаған ана жүрегінен туындаған жыр шумақ «Көкшетауға» деп аталады. Осы жылдап бастап қазір уақытқа дейін 24 жыл уақыт ішінде әжемнің қырыққа жуық өлең жырларымен баталары халық арасында таралып жүр.Қыдыркүл әже аудандық облыстық ардагерлер сайысында бата беруден, өлең оқудан байқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленіп келеді. Өлең жазу әжеме нағашыларынан тараған


Көкшетауға

Көкшетауға хат жаздым үш немерем қасымда

Екі немере ойнап жүрген шығар Көкшетаудың тасында

Жеткіздім ұшырып ұясына

Кеттіңғой қияшеттің қиясына

Аман сау жүрсе екен ұясында

Апау деген бір сөзді қиясыңба?

Есейіп кетсең, бесіктегі баладайсың

Жазатайым өле кетсем

Ішімде кетер жарадайсың

Бұл өмір зымырап өтіп барадайсың

Барайын десем пұл қайдай

Ұшайын десем жер шалғай

Сені маған көретұғын күн қайдай

Өз балам жаным деймін

Немерем балым деймін

Келінімді ханым деймін

Бәрінің қамын ойлар келін болса жаным деймін

Бәріңді әр шаңыраққа жеткізсем

Бәле жәледен өткізсем

Бұл өмірден армансызғып өткізсең. – деген өлеңнен бастап 1994 жылдан бері қолына қалам алып “8-наурыз”, “Бөбегім менің бөбегім” “Балаларыма ес салу Алла болсын көз салу, Тәуелсіздік күніне, Бала туралы , Ұлыма, Ұстаздарға рахмет, Ата ананың тілегі мол балаға, Ат үстінде жүрдім мен қар боратып, Шашу шаштым тілекпен, Бесігінді әлдименен тербеттің, Жомартжан, Мен айтайын өткен заманды, Қыздарым, Айналайын ай балам , Айдана мен Меруерт, Ақ құдай деп оразамды ашамын, Бесігіңді әлдименен тербеттім, Қиындықтан өткен заман ай, Ақ халатты абзал жандар тағы басқа да өлеңдері бар. Әр қайсысының өзіндік тәрбиелік маңызы зор.

Әжемнің бізге арналған өлеңі Бесігіңді әлдименен тербеттің айтыпр берсем.


Менде әжемнің өлеңдерін оқи отырып менде әжем сияқты өлең шығара бастадым. Әжем менің ақылды.

Қазақ халқының ежелден келе жатқан өзіндік орны бар салт-дәстүрлерінің бірі — бата беру. Халқымыз ақ ниетпен бата беріп, жақындары үшін тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Оны кез келген адам айта бермейді және тойдағы тілектен айтарлықтай өзгешеленеді. Кімге қаратып айтылатынына қатысты да мәтіні өзгеріп отырады.

Қыдыркүл әженің шығармасында батаның алар орны ерекше. Ол әрбір қуаныштарда жүрегінен шыққан баталарын немерелеріне, ағайындарына, ел ағаларына арналған. Әжемнің он шақты баталары бар.

Бата

Маңдайымыз ашық болсын

Бәле жәле қашық болсын

Жақсылықты жанастырсын

Жамандықты адастырсын

Дәулет бақыт мол болсын

Балдар жүрсін биікте

Несібе берсін үйіпте

Ақылы болсын дария

Атағы болсын жария

Бақытың өрінде жүрсін

Құрметтің төрінде жүрсін

Тіл көзден аман болсын

Тыныштық заман болсын

Екі дүниенің абатын берсін

Көп тойдың қабатын берсін

ӘУМИН



Бүгін мен ғылыми жобамды қорытындылай келе әже қай кезде де баласының немересінің қамын ойлап, солардың жақсы тәрбие алуына себеп болатын дара тұлға.Әжелердің өсиетін, әңгімелерін, ақыл кеңестерін тыңдап өскен ұрпақ еліміздің қамын ойлар, адалда, парасатты тұлға болып қалыптасатынына сенімім мол. Сондықтан мен өз әжемнің дара жолын үлгі етемін.Сөз соңында төмендегі ұсынысымды жасаймын:


  • ақынның шығармашылық кештері ұйымдастырылса;

  • Балғабаева Қыдыркүлдің өлең жыр шумақтарымен баталары жеке кітап болып басылып шықса.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
31.01.2019
716
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі