Ғылыми жоба "Бес саусақтың өлшем атаулары"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба "Бес саусақтың өлшем атаулары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жоба қазақ халқының шамаларды өлшеу дәстүрі туралы және шамалардың өлшем бірліктері туралы түсінігін орнықтырып оларды өлшеуге, есептеуге арналған. Халықтық өлшем атаулары тым ерте кездерден, ғасырлар бойы қолданыла бастаса да, күні бүгінге дейін қазақ және түрік тілдерінде, тіл қолданысынан шықпай, өлшем мағынасындағы ұғымды бейнелеп баяндаудың бір тәсілі болып саналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы








Тақырыбы: «Бес саусақтың өлшем атаулары»



Секциясы: тарих, этномәдениеттану













Аннотация

Бұл жоба қазақ халқының шамаларды өлшеу дәстүрі туралы және шамалардың өлшем бірліктері туралы түсінігін орнықтырып оларды өлшеуге, есептеуге арналған.

Халықтық өлшем атаулары тым ерте кездерден, ғасырлар бойы қолданыла бастаса да, күні бүгінге дейін қазақ және түрік тілдерінде, тіл қолданысынан шықпай, өлшем мағынасындағы ұғымды бейнелеп баяндаудың бір тәсілі болып саналады.

Өлшем – мөлшер, мөлшердің сандық бірлігі. Мөлшерсіз дүние жоқ. Әлемнің де, табиғаттың да өзіндік жарасымды өлшемі, мөлшері бар. Өлшем – өндірілетін өнімдердің, күнделікті тіршілік-тұрмысқа қажетті заттардың сандық және сапалық көрсеткіші. Өлшемнің ұзындық, қалыңдық, көлемдік, сондай-ақ жол сапарға байланысты қашықтық мөлшері бар. Ата-бабамызда бұл замандағыдай дәл өлшейтін аспап-жабдықтары болмаған. Сондықтан да ертеде мөлшер негіздеріне қоршаған орта көріністері, төңіректегі табиғи заттардың, бүтін бітімі немесе бөлігі, еңбек құралдарының үлгісі, мал өрісі көші-қон шегі, өзге де материалдар сандық және салыстырмалы түрде, сондай-ақ адамның дене тұрқы да алынған.












Зерттеудің мақсаты: өлшем атауларындағы бес саусақпен өлшенетін өлшемдердің маңызын айқындау.

Зерттеудің міндеті: бес саусақпен өлшенетін өлшемдер туралы мағлұмат беру;

- құрамында ұлттық-мәдени компоненттері бар, қазақ тіліндегі бес саусақтық өлшемдерді топтау,технологиясын үйрену;

- практикалық жұмыс барысында,ұзындық өлшем атауларының қолданылуын көрсету.

Зерттеудің нәтижесі:әр жұмысты істеген кезде одан қандай да бір нәтиже шығару;

  • Іздену барысында нәтижеге жету үшін бұл тәжірибе бес саусақтың өлшем атауының маңызы бар екендігін анықтауға жасалды.Саусақпен өлшенетін ұзындық өлшемдері арқылы өлшенді.

Зерттеудің кезеңдері: зерттейтін жұмысымыздың тақырыбымен танысу;

  • мәліметтерді жинақтау:

  • Тәжірибе жүзінде зерттеу.

Зерттеудің өзектілігі: көне өлшем бірліктерін қазіргі өмірге байланысты тиімді пайдалана отырып, қазақтың ұлттық мәдениетін қайта жаңғырту . 

Мазмұны:

Аннотация....................................................................................................... 4

I. Кіріспе...................................................................................................... 7

ІI. Негізгі бөлім.......................................................................................... 8

II.I. Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері...................................... 9

ІIІ. Практикалық бөлім............................................................................. 17

IV. Қорытынды........................................................................................... 21

V. Пайдаланылған әдебиеттер................................................................. 22





І. Кіріспе

Қазіргі таңда мемлекеттік тілге, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беріп отырған кезеңде ұрпақтарымыздың ұлттық тәрбиенің бастау бұлағының бірі – ата-бабаларының нысан еткен өлшемдік жүйесін тереңірек тани түсуіне жол ашқан дұрыс. Бұл білім жастардың ұлттық салт-сананы жаңғырта түсуіне, рухани құндылықтардан нәр ала берулеріне септігін тигізе бермек. Халықтық өлшем бірліктері ежелден келе жатқан икемді қолданыс жүйесі. Тілімізде ұзындықты, енді, қалыңдықты, биіктікті, тереңдікті аңғартатын атаулар жеткілікті. Заттың тұрқын өлшеуде ғана қолданылып қоймай, сөздік қорымыздың молаюына септігін тигізіп отыр деуге болады.

Əр халықтың тұрмыс–тіршілігіне, өмір талабына сай, ғасырлар бойықалыптасқан өлшеу бірліктері бар. Олар сол халықтың математикалық білімінің бір бөлігі болып табылады. Байырғы өлшеуіштер туралы мəліметтерді үлкен кісілердің аузынан,фольклорлық шығармалардан, сөздіктер мен əмбебап кітаптардан аракідіккездестіруге болады.

Ойымызды жинақтайтын болсақ, халықтық өлшемдерге назар аудара отырып, ата-бабаларымыздың ой ұшқырлығына, озық ойларына қайран қалмасқа шара жоқ. Жұлдызшылардың жыл мезгілдерін, мал төлдету, бие байлау, күзем алу, жайлау, күзеуге, қыстауға көшу мезгілдерін жариялап отыруы да әр іске тиянақтылықпен назар аударғандықтарын аңғартады. Күні бүгінге дейін жұлдыз-жорамалшыларымыз өз қызметтері арқылы халық игілігіне қызмет жасауда, әсіресе ауа райын болжау мен алдын-ала апаттарды ескертуде болжамдары көпшілік көңілінен шығып жүр.Табиғаттың сыры терең, құпиясы шексіз. Адам баласы соның небір тылсымдарына бойлап, ғажайыптарына үңілуден бір сәт те айныған емес.





ІІ.Негізгі бөлім

Біздің ата-бабамыз көшпелі ел болған. Күндіз қой бағып, түнде оны күзетіп отырып табиғаттың тылсымына үңіліп, ойға қияға батып өмірлік тәжірибеден оқып үйреніп, ой- өрісі арқылы дүние-танымдық көзқарасын қалыптастырған.Заманында ата-бабаларымыздың кеңінен қолданған«қолдың қары»өлшемі ағылшын«ярдымен»шамалас. АлРесейде
17 – 20 ғасырларда қолданылып келген ағылшынфуты (foot – табан) байырғы қазақ өлшемі«табанға»жуықтау келеді:«табан»өлшеміне қазақ табанның енін алса, ағылшын футы – табан тұрқына тең. Сондай-ақ ағылшынныңдюйм(голландша – үлкен саусақ) өлшемі қазақ халқының байырғы«бармақ»өлшеміне («Бармақ елі қазы») сәйкес келеді. Орыстың«верстасы»мен қазақтың«шақырымы», орыстың«долясы»мен қазақтың«мысқалы», сондай-ақ ағылшынның«фунты»мен қазақтың«қадағы»шығу төркіні, атқаратын қызметі жағынан төркіндес, тектес деуге әбден болады.

Орта Азия мен Қазақстандаұзындықтың ең көп тараған байырғы өлшемдері қолдың қары немесе қары – кеуденің орта тұсынан кере созылған қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралыққа
(
80 – 85 см шамасы) тең ұзындық бірлігі. Кейде оң иықтан бүкіл кеудені бойлай өтіп, кере созылған сол қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралықта (шамамен 1 м) қары ретінде алынады.

Қазақтың ескі өлшемдерінің түрлері көп. Мен осы жұмыстабес саусақпен өлшенетін өлшемдер туралы айтамыз.

Адамның дене мүшелеріне қатысты өлшемдік ұғымдар байырғы халықтық өлшем атаулардың қатарынан орын алады, қолданысқа да өте қолайлы. Халқымыздың сөздік құрамынан орын алған бай өлшемдік ұғымдар ішінен адамның дене мүшелерімен байланысты пайда болған сөздер легі ұзындықты, салмақты, қалыңдықты, биіктікті аңғартады.Адамның дене мүшелерінің ішінде өлшем ұғымдарын құрауға белсене араласатыны, яғни өнімділігі жоғары болып саналатыны – қол.


II.I. Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері

Қазақ тіліндегі ерте кезден келе жатқан өлшемдердің көпшілігі қолмен байланысты: құлаш, қарыс, сүйем, сынық сүйем, елі.

Саусақпенөлшенетінұзындықөлшемдері:

  1. Елі - саусақтың ені не көлденең қалыңдығы.

  2. Тұтам – бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас.

  3. Сүйем - бас бармақ пен сұқ саусақ аралығы.

  4. Сынық сүйем - сұқ саусақтың буыны бүгілгендегі өлшем. Сүйемнің 3/4 бөлігі.

  5. Қарыс сүйем - бас бармақ пен ортан саусақтың арасы.

  6. Қарыс - бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері.

  7. Кереқарыс - бас бармақ пен шынашақтың кере созылғандағы аралық мөлшері. Жарты қарыс деп те атайды.

Ұзындық өлшемдері бір заттың, таяқтың, арқанның ұзындығын анықтайды және ол:

  • елі (шамамен1,5-2 см)

  • екі елі (шамамен 3 см)

  • үш елі (шамамен 4,5 см)

  • тұтам (шамамен8-10 см)

  • сынық сүйем (шамамен14-15 см)

  • қарыс, кере қарыс (шамамен20-22 см)

  • кез (шамамен50 см)

  • аршын (шамамен75см)

  • құлаш (шамамен1,8-2 м).

Енді халық өлшемдерінің негізгі түрлеріне жеке-жеке тоқталайық. Мәселен «елі» сөзін алайық.Елі–сұқ қолдың еніне тең ұзындық бірлігі (шамамен 1,5-2см). Мұнда өлшенетін дененің үстіне қолды салып, оған сұқ қолдан бастап шынашаққа дейін қанша саусақ орналасқанын анықтайды, қатар орналасқан төрт саусақтың ені төрт елі деп аталады (шамамен 7-8 см). Бас бармақтың ені үшін (шамамен 2,2-2,5 см). Кейбір жерлерде қатар қойылған алты арпа дәнінің ені алынған (Бабыр жазбалары XVI ғ). Қазы майының қалыңдығы, ою-өрнектің мөлшері елімен өлшенген. «Елі – саусақтың қалыңдық өлшемі, яғни бір елі – бір саусақтың жалпақтығындай қалыңдық». Сегіз елі, бір-екі елі, төрт елі, жуан елі, бір елі тіркестері түрінде орын алып, заттың ұзындығын білдіреді. Көбінесе халықтық өлшем ретінде жылқы малының қазысының қалыңдығын нақтылауда қолданылады.

Тұтам– алақанның, таяқ немесе арқанды ұстап жұмылған жұдырық енінің өлшемі. Тұтам – зат. Бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас, 4-5 еліге тең ұзындық өлшемі. Қазақ тілінің сөздігінде: «Тұтам – бүгілген саусақтар мен алақан арасындағы жұдырық бойы қуыс кеңістік, уыс. Тұтам– бүгілген төрт саусақ пен алақан арасындағы қуыстың ұзындығына тең өлшем. Бабыр жазбаларында тұтам шамамен
8-10 см тең ұзындық өлшемі делінген. Ертедегі жауынгерлердің қару-жарақтарында өлшем негізінде көбінесе тұтам сөзі қолданылған.

Сүйем – қазақтың ұзындық өлшемін білдіретін метрологиялық сөз. Сүйем– бас бармақ пен сұқ саусақ аралығымен өлшенетін мөлшер осылай аталады. Бір сүйем – 18 см.Қырғыз тілінде осы мағынаны «сөөм» сөзі ұғындырады. мағынасы – біздегі «сұқ қол» екенін білеміз. Тілдік деректер мәліметін қорыта келгенде, «сүйем» сөзінің алғашқы мағынасы – сұқ қол.«Сүйем» метрологиялық бірлік ретінде түркі тілдерінің көпшілігінде қолданылады. Ғалым А.Қ.Тұрышев бұл сөздің мынадай варианттары бар екендігін көрсетеді: қарыс сүйем – бас бармақ пен ортан саусақтың аралық мөлшері, кере сүйем – үлкен және сұқ саусақтың бүгілу арақашықтығы, сынық сүйем - бас бармақ пен сұқ саусақтың бүгілу арақашықтығы.


Сүйем- бармақ пен сұқ саусақтың арасындағы өлшем



Қарыс сүйем- бас бармақ пен ортан саусақтың аралық мөлшері

Сынық сүйем- сұқ саусақтың буыны бүгіліп барып белгіленген өлшем, бірсүйемнің төрттен үш бөлігі.





Қарыс ұзындыққа байланысты қарастырылатын ұғым. Адамның дене мүшесі қар, яғни қолға байланысты шыққан болуы керек. Халықтық, тұрмыстық өлшем бірлігі ретінде қолданылып, күнделікті өмірде де жиі ұшырасады. Қарыс – бас бармақ пен шынашақтың арасының өлшемі. Түсіндірме сөздікте: қарыс – зат. Бас бармақ пен ортан қолдың аралығымен өлшенетін ұзындық өлшемі. Қарыс – толық жазғандағы бас бармақ пен шынашақ ұштарының арасына тең ұзындық бірлігі
(
19-20 см шамасында).

Қарыс- бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері


Құлаш керілген екі қолдың бір ұшынан екіншісіне дейінгі қашықтық өлшемі. Құлаш сөзі көптеген түркі тілдерінде сақталған. Түсіндірме сөздіктегі мағынасы: 1. Иық деңгейіндегі кере созылған екі қол ұшының арасы. 2. Ұзындықты білдіретін өлшем. Құлаш – есепсіз ұзын деген мағынаны білдіреді.Құлаш сөзі екі сөзден құралған: қол + аш (ашу етістігі). М.Қашқарида – кулач сөзі қол + а + ч қолды аш, құлаш жаз, - дейді. Кейін келе бұл сөздің екі сөзден құралғандығы, оның өзінде ашу етістігінің бар екендігі көмескіленіп, құлаш сөзіне аш, жаз ауыс мағыналарында қолданылатын болған. Құлаш сауда-саттық жұмысында, тұрмыста, сондай-ақ салықты өтеу кезінде пайдаланылған. Сондай-ақ құлаштың сала, кере, көш құлаш атты түрлері болған» Құлаш ұзындық өлшем бірлігі ретінде көп елдерде қолданыста болған, әлі де кездеседі. Матаны, еденді, яғни көп заттардың арақашықтығын өлшеуде пайдаланады. Жалпы алғанда, шамамен180-200 см аралығын қамтиды десек қателеспейміз.





























ІІІ. Практикалық бөлім

ХPicture 1
алық өлшемдері – ұлт мәдениеті мен этнографиясының қызықты салаларының бірі болып саналады. «Халық айтса қалып айтпайды» дегендей халық өлшемі анық өлшем десек қателеспейміз. Өйткені, оны ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып және сол арқылы өлшем негіздерін жасаған. Мен зерттеу жұмысымды халық өлшемдерінің негізгі түрлеріне жеке-жеке тоқталып, көптеген қызықты мәліметтер алдым. Жобамның практикалық бөлімінде мен ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыз- көне өлшем бірліктерін пайдалана отырып алжапқыш пішіп, тіктім.

- сұқ саусақтың буыны бүгіліп барып белгіленген өлшем, бірсүйемнің төрттен үш бөлігі болып табылатын - «сынық сүйем» аталатынөлшемдіпайдалана отырып, алжапқышты пішуге дайындадым.

Picture 2
Picture 1
Picture 1
Көне өлшеммен пішіп, қазіргі заманғы сызғышпен өлшеп, екі өлшем бірлігін салыстырдым.

Саусақпенөлшейтін «елі» өлшем бірлігімен пішкенімде оңды болды.

Зерттеу жұмысым қызықты екенін осылай жұмыс жасап жатқанда байқадым.



Қазіргі замандағы тігін ательелерінде анаммен барғанда тігінші-модельерлердің сәнді киімдерді «сантиметровкалармен» өлшеп жатқанын көргенмін. Ал, мен кішкене болса да өз үлесімді«көненің көзімен» жаңартқым келді.

Мысалы, алжапқыш пішкенде «қарыс» 19-20 см болатынын білеміз, сызғышпен өлшегенде де сол 20 сантиметр шықты. 5 «қарыс» -1 метр.

Picture 2
Қандайғажап! Ата-бабаларымыз ешқандай сызғыш,борсыз,компьютерсіз дәлме-дәл керек заттарын өлшеп, қателеспей пішіп,тіге берген!



IV. Қорытынды

Біз бұл зерттеу жұмысымызда бес саусақтың өлшем атауының маңызын ашып көрсеттім. Тақырыпты түйіндей келе мынандай қортындыға келуге болады, мысалы әр үйде сойылатын қысқы соғымның қандай болғанын осы саусақтың елі, шынтақ, кере қарыс деген атауларды пайдаланып аңықтаймыз, арқанның өлшемін, немесе киіз үйдің белдеулерін құлашпен, уықтың өлшемін қарыспен өлшейді. Яғни, күнделікті өмірде кез келген жағдайда қолданамыз. Әр саусақтың атқаратын ролі аса маңызды. Зерттей келгенде қазақ дәстүрлі мәдениеті материалдары жүйелі түрде оқытылмайды. Менің жасаған зерттеу жұмысым қазақтың ұлттық мәдениетінің дамуына тағы бір баспалдақ жасады деген қорытындыға келдік.





























V. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Нұрмағанбетов. Ә. «Сөз сырына саяхат», Алматы.
2. С.Елубаев «Қазақтың байырғы өлшемдері», Алматы,Қазақстан-96ж.

3. А.Құралов «Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы».

4. Ә.Доспамбетов «Қырық қазына», Алматы-1997.

5. С.Қалиев, М.Оразаев «Қазақ халқының салт-дәстүрі», Алматы-1994.

6. Интернет желісі.

7. Кенжеахметұлы. С. «Жеті қазына», Алматы. 

8. «Қырық қазына» - қазақ халқының ауызша есептері, Алматы.
9. «Қазақстан мектебі», 1999 жыл. № 6.
10. «Ақиқат», 1993 жыл. № 6, 43 бет.































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1419
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі