жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жоба: «Біржолғы ыдыстардың зияны.» 4 сынып
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облыстық Білім беру басқармасы
Кіші Ғылым Академиясының аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы
Ісмет Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебі
ОҚУШЫНЫҢ ТЕГІ, ЕСІМІ, ӘКЕСІНІҢ ЕСІМІ
Кәдірбек Мереке Нағашбекқызы
СЫНЫБЫ
4-сынып
Тақырыбы: «Біржолғы ыдыстардың зияны.»
Бағыты:Жаратылыстану-математикалық
Секция: Адам денсаулығы
Ғылыми жетекшісі: Байкөбекова Айнұр Жолдасқызы
Ісмет Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Созақ ауданы, Таукент кенті
2017жыл
Ісмет Кеңесбаев атындағы 4-сынып оқушысы Кәдірбек Мереке
«Біржолғы ыдыстардың зияны»тақырыбындағы ғылыми жоба жұмысына
Пікір
Оқушы Кәдірбек Мереке бұл жұмысында біржолғы ыдыстардың адам организіміне тигізетін зияны туралы талқылаған
Біржолғы ыдыстардың адамға тигізер пайдасы мен зиянын және ең қаупі - сапасыз ыдыстарды тұрақты пайдалану - асқазан қатерлі ісігіне де әкелетінін ашып қана қоймай, нақты деректер негізінде зерттей білген. Біржолғы ыдыстардың бізді қоршаған ортаға, жан-жануарға кері әсерін нақты дәлелмен ашып жазған және оларды қолдану ережелерін анықтаған.Кері әсерлерімен күресу жолдарын көрсеткен.
Оқушы бұл жұмыста көп ізденген, тың ойларды жеткізе білген. Ғылыми жұмысты оқи отырып оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады. Ғылыми жетекшісі:
Байкөбекова Айнұр Жолдасқызы
Ісмет Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі
Менің ұсынысым:
Қазақстанның әр бұрышына біржолғы ыдыстарды қайта өңдейтін зауыттар салса, біржолғы ыдыстармен күрес қарқынды жүріп кетер еді.
Біржолғы ыдыстармен салыстырғанда, қағаз ыдыстары сапалы, зиянсыз, әрі ыңғайлы екені туралы түсіндірме жұмыстары дұрыс қолға алынса.Қоршаған ортаны қорғау барысында балалар құтыларды жинап, алған ақшасын өз еңбегін адал пайдаланса.
Ғылыми жобаның мазмұны
I.Кіріспе.........................................................................................7- бет
ІІ.Негізгі бөлім
Пластикалық бөтелке несімен қауіпті?...................................... 8- бет
Полистиролдан, Поливинилхлоридтен жасалған ыдыстар......10- бет
Полипропилен, поливинхлорид, полистирол
ыдыстарын айыру белгілері........................................................11- бет
Елімізде мұндай ыдыстарды пайдалану ережесі айтылмайды..12- бет
ІІІ.Зерттеу бөлімі
Біржолғы ыдыстарды пайдалану ережелері......................15- бет
Дұрыс таңдау — қағаз ыдыс................................................16- бет
Сапасыз ыдыс-аяқ қатерлі ісікке бастайды........................17- бет
Пластикті қайта өңдеу бойынша өндіріс...........................22- бет
ІҮ.Қорытынды-------------------------------------------------23- бет
Ү.Пайдаланған әдебиеттер --------------------------------24- бет
Аннотация
Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты: Ғылыми жұмысты жазу барысында оқушы біржолғы ыдыстардың адам өміріне тигізер зиянын туралы жазу.
Ғылыми жобамыздың гипотезасы: Онда пластмасса ыдыстар неден жасалады? Полипропилен, поливинхлорид, полистирол ыдыстарын айыру белгілері Сапасыз ыдыс-аяқ қатерлі ісікке бастайтыны Дұрыс таңдау — қағаз ыдыс екені және біржолғы ыдыстарды пайдалану ережелері ескерту.
Ғылыми жобамыздың зерттеу кезеңдері:
1.Біржолғы ыдыстардың адам өміріне зияндығы туралы
мәліметтер жинастырдым.
2. Түрлі химиялық улы заттардың түрлерімен таныстым.
3.Жинаған әдебиеттерді талдадым.
4. Біржолғы ыдыстардың адам өміріне зияндығы туралы және өсімдік, жан-жануарларға зиян екенін дәлелдедім.
5. Біржолғы ыдыстардың қалай өндірілетінін және екінші рет қалай өндірілетнімен таныстым.
6.Сыныптас құрбыларыммен сұхбаттасу барысында біржолғы ыдыстардан қоршаған ортаны қалай тазартуға болатын әдістерін талқыладым.
7.Өзіндік пікір,тұжырым жасадым.
Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:Тақырыбымды ашу барысында адам денсаулығын сақтау жүйелеріне шолу жасалды.Өзіндік тұжырым жасала отырып,салыстыру әдісі де қолданылды.
Ғылыми жобамыздың жаңашылдығы: Соңғы 10 жылдың ішінде сапасыз ыдыстардың көп шығуына байланысты денсаулыққа зиянын тигізетін ыдыстар мәселесі қиындыққа айналуда екенін айтпақпын
Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Бұл жұмыстың нәтижесінде біржолғы ыдыстардың адам өміріне зияндығы туралы және өсімдік, жан-жануарларға зиян екеніне көз жеткіздім.Өз қатар құрбыларының біржолғы зиянды ыдыс жайлы түсініктерін білді
Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары:Тақырып негізінде жинақталған материалдар дүниетану пәндеріне қосымша қолдануға болады.Тәрбие сағаттарында пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі : Біржолғы ыдыстардың адам өміріне зияндығы туралы жинақталған мәліметтер негізінде дәлелдеу.
Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты:
Біржолғы ыдыстардың зиян екеніне көз жеткізу. Адам денсаулығының қымбаттылығы, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екеніндігін түсіндіру
Ғылыми жобамыздың міндеттері:
-
Біржолғы ыдыстар түрлері
-
Біржолғы ыдыстардың адам денсаулығына зиян екенін анықтау
3. Біржолғы ыдыстардың табиғатқа келтірер зиянын анықтау
4. Өзіндік пікір,тұжырым жасау.
Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:
-Жинақтау,топтау;
-Салыстыру;
-Өзіндік ой топшылау
Abstract
The main objective of the research project is: The scientific work of the students time to write about the negative impact on the life of the dishes.
Scientific hypothesis of the project: It is what plastic containers? Polypropylene, PVC, polystyrene containers evidence of quality dishes cancer started to select the correct paper containers and single-use containers that warning.
Scientific research stages of the project:
1.Birjolğı dishes on the dangers of human life
jïnastırdım information.
2. I met different chemical toxic zattardıñtürlerimen.
3.Jïnağan analyzed the literature.
4. The non-recurring items about the dangers of human life and plant, proven that the harm to the animals.
5. How is the second time non-recurring items produced and how I met öndiriletnimen.
During the conversation with my girl friends 6.Sınıptas discussed methods of cleaning vessels in a single environment.
7.Özindik opinion, have made a conclusion.
The method of scientific research project: At the opening of the Taqırıbımdı jasaldı.Özindik concluded with an overview of the systems of protection of human health, to compare the method used.
The novelty of the research project is: The last 10 years of poor health as a result of a lot of the dishes will say that this is a difficult issue that affects vessels
The results and the results of scientific work: This work is a result of one-time items and about the dangers of plant life, make sure that the harm to the animals in jetkizdim.Öz peers learned the concepts of single-use containers of harmful
Scientific and practical areas of application: Theme disciplines of materials collected on the basis of knowledge of the world can use more boladı.Tärbïe hours of use.
The relevance of the research: the proof of the non-recurring items on the basis of the information collected about the dangers of human life.
The main objective of the research project is:
Make sure that the damage to non-recurring items. People need to live the high cost of health, wealth, explaining that at
The scientific objectives of the project:
1. The non-recurring types of vessels
2. The definition of non-recurring items that affect people's health
3. To determine the damage caused by the nature of the non-recurring items
4. Your own opinion and conclusion.
The method of scientific research project:
-Jïnaqtaw, Grouping;
-Salıstırw;
-Özindik Mental vision
1.Кіріспе
Пластикалық немесе біржолғы ыдыстар
Көп нәрсенің зиян екенін біле тұра, тұрмыста қолданамыз.Бұл адам табиғатына мәңгілік енгізген өзгермейтін компьютерлік бағдарлама іспетті.Бүгінде адам ағзасына, денсаулығына пайдалы заттарды кездестіру мүмкін емес.Күнделікті тағамдардан бастап, тамақ ішетін ыдысымыз да адамзат үшін зиянды дейді мамандар пластикалық немесе біржолғы (одноразовый) ыдыстар қазіргі таңда молынан өндіріледі. Себебі, мұндай ыдыстар сұранысқа ие. Неліктен? Өйткені, табиғат аясына демалуға шыққанда салдырлатып шыны, фарфор ыдыстарды алып шыққаннан гөрі әлдеқайда тиімді. Оның үстіне бағасы түкке татымайтындықтан, сауда орталығында сусын сататындар ақша үнемдеудің рахатын көруде. Ал зиянына келетін болсақ, пайдасының үлесін шаңына ілестірмейді. Пайдаланылған пластикалық ыдыстарды отқа жағуға болмайды. Иісі улы. Амалдың жоғынан қоқысқа тасталынады. «Былай тартсаң, арба сынады, былай тартсаң, өгіз өледі» демекші, тонналап өндірілетін біржолғы ыдыстардың бәрі бірдей қоқысқа тасталса, қала немесе өзге елді мекен қоқыс аралына айналуы ғажап емес. Екіншіден, пластмасса ыдыстардың құрамы да оңып тұрған жоқ. Полистирол, полипропилен, поливинилхлорид секілді химиялық құрамды ыдыстарды ережесіз пайдалану аса қауіпті.
Ерте заманнан бері ата-бабаларымыз жан мен баланың тәттілігіне, құдай
қосқан қосағының амандығы мен дендерінің саулығына ерекше қарады.
Денсаулықтың зор байлық екенін бағалай білген олар барлық жақсылықпен кемшіліктердің де тікелей адамның денінің саулығына тәуелділігін ертеден білді, мән берді және қорғану жолдарын іздестіріп, оны байытып отырды.
Ұрпақ пен халқының денсаулығының күшті, ұрпағының өмірге дендері сау болып келуіүшін, адам денсаулығын зертеу ғылыми жағын дамытып отырды. Олар табиғаттың экологиялық тазалығына, жылдың төрт мезгілдік өзгерісінің адам денсаулығына кері әсерлеріне, күтінбеу мен сақтанбаудың да денсаулыққа кері ықпал ететініне, жеңіл сенімділік пен аңғарымсыздықтың зияндылығына, қоғамдық, жеке тұрмыстық және санитарлық тазалықты сақтамаудан пайда болатын сырқаттық аурулардың тууына қарсы тәрбиелік шараларын халық арасында іске асырып отырды. Сондықтан, мен сол дәстүрді қайта жаңғыртып, оны өз құрбыларымның түсінгенін қаладым.Ұлтымыздың саулығы үшін өз үлесімді қосу үшін осы тақырыпты таңдадым.
Негізгі бөлім
Қазіргі кезде пластикалық бөтелкеден су ішпеген
адамды табу қиын шығар. Тіпті жаз мезгілі басталғалы көшеде
пластикалық бөтелкеге құйылған сусындарды(сарыағаш, макси шай,
кока-кола, фанта т.с.с) өзімен бірге алып жүретін адамдар саны
көбейді. Ал көпшілік адамдар сол пластикалық бөтелкенің өз
денсаулығына орасан зор залал келтіріп отырғанын сезбейді
де.
Пластикалық бөтелке несімен
қауіпті? деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
Әлемдегі көптеген елдердің ғалымдары пластикалық бөтелкенің зиянын
зерттеп ашып қойған. Тіпті кейбір елдерде оны шығаруға біртіндеп
шектеулер де қойылған екен. Пластиканың негізі болып табылатын
пластик пен полимердің (пластикалық бөтелкелер, бір рет
пайдаланатын ыдыстар (одноразовый посуды)) адам ағзасына тигізетін
зияндары мынадай:
Біріншіден: пластикалық бөтелкедегі су немесе
әртүрлі сусындарды пайдаланатын
адамдарда жүрек-қантамыры және диабетке шалдығу қаупі
жоғары болады. Бұған себеп пластикалық бөтелкенің
құрамына қосатын бисфенол А заты. Өкінішке қарай бисфенол А ны тек
сусын және сыра құятын заттарға ғана қоспайды, сонымен қатар
балалар бөтелкесі, азық-түлік салатын орауыштар және ойыншықтарға
да қосады.
Екіншіден: анықталғандай бұл
элемент жыныс жетілуін тездететін, мінез-құлықтың
бұзылуын, сонымен қатар сүт бездері мен простата обырын(рак)
дамытатын, құрылысы бойынша әйелдің жыныс экстроген
гормондарына ұқсас.
Бисфенола
А жоғары концентрациясы
кезінде еркектерде сперма, ал әйелдерде жатыр нашарлайды.
Дәрігерлер жүкті әйелдерге пластикалық ыдыстардан сусын ішпеуге
кеңес береді.(құрсақтағы балаға зиянды болғандықтан). Яғни кемтар
балалар туылуы мүмкін. Сонымен қатар ғалымдар бисфонол А ны ДНК
құрамын өзгертуге қауқарлы деп болжайды. Яғни мутация қан арқылы
тұқым қуалайды деген сөз.
Британдық ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек бисфенол А адам ағзасына
зияндығымен қоса бауырды да аса зақымдайды
деген.
Сенесіз
бе? Пластикалық заттар,
соның ішінде пластикалық
бөтелке қоқыс қалдықтары түрінде
(суда, кез келген жерде жатып
ақ)4000 жылға дейін сақтала
алады екен.
Пластикалық бөтелкені өртеп түтінін жұтсаңыз бұл кезде өте көп улы
заттар бөлініп, қауіптілігі аса жоғары болады. Сондықтан адамдар
тұратын жерде пластикалық бөтелкені өртеуге мүлдем болмайды.
Дегенмен бір қуантарлығы — егер пластикалық бөтелкедегі сусындар
мен пластикалық қаптамалардағы тағамдарды көп пайдаланбасаңыз
бисфенол А ағзадан бір тәулік ішінде шығып кетеді екен.
Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда. Егер білмеген болсаңыз енді сусындар
сатып аларда пластикалық емес әйнек немесе шыны ыдыстағысын
таңдаңыз. Тағы айта кетерлік бір жайт, босап қалған пластикалық
бөтелкеге(баклашка) қымыз, сүт, айран, тіпті шай, компот құйып
жатамыз. Баклашканы осындай сусындар құятын ыдыс ретінде
пайдалануға мүлдем болмайды, мұндайда бөтелке құрамындағы химиялық
заттар бөлінеді де сусыныңыздың құрамын өзгертеді, ағзаға зиянды
әсері зор.
Полистиролдан жасалатын ыдыстар негізінен ақ түсті. Салқын тағамдарға арналған. Ыстық су, шай, кофе құйғанда «стирол» бөлініп шығады. Стирол – суда нашар, спирт пен эфирде жақсы еритін түссіз улы газ. Полистиролдан жасалған ыдысты микротолқынды пешке салуға болмайды. Улы заттар бөледі. Зиянды.
Полистирол ыдыс салқын тағамға арналса, полипропилен, керісінше, ыстық тағамдарға арналған +150 градуста өз қалпын сақтайды. Мұндай ыдысқа алкогольді немесе спиртті ішімдіктерді құю өте қауіпті. Майлы тағамды да бұл ыдысқа салуға болмайды. Соңы жақсылыққа апармайды. Бұл шарттар орындалмаса, формальдегид бөлініп шығады. Формальдегид – (лат. formica – құмырсқа, халықаралық атауы – метаналь, ескіше – құмырсқа алдегиді) екінші топтағы аса қауіпті түссіз газ. Ол адамның тыныс алу жолдарына, көзге және теріге аса зиян. Және адамның жүйке жүйесін зақымдайды. «Егер оның мөлшері қауіпсіз шамадан көп мөлшерде асып кетсе, барлық тірі жанды құртып жіберуі ғажап емес» дейді мамандар. Формальдегид негізінен көлік газдарынан тарайды.
Поливинилхлоридтен жасалған ыдыстардың сыртқы пішіні көз қызықтырарлық және өте ыңғайлы. Десек те, винилхлорид- атты улы химиялық зат бұл ыдыстың бар пайдасын жоққа шығарады. Винилхлорид – бауырдың қатерлі ісігі (рак), тері, сүйек пен аяқ-қолдың зақымдануы секілді аурулар туғызады. Винилхлорид аэрозоль баллондарында, газ тасымалдаушы және медицинада наркоз ретінде қолданылып келген. Тек 70-жылдары ғана оның улы қасиеттері анықталды. Поливинилхлоридтен жасалған бұйым үстіне ауыр зат қойғанда, орнында із қалады. Полистирол ыдысты бүктесе, сынып кетеді. Ал полипропилен ыдыс деформацияланғанда, майысып орнына қайтып келеді.
Полипропилен, поливинхлорид, полистирол ыдыстарын айыру белгілері
Поливинхлорид ыдысына салмағы ауыр қатты затты қойғанда, ыдыс үстінде бірден іздер пайда болады. Ал басқа ыдыстарда із қалмайды. Полистирол ыдысы деформация кезінде қатты дыбыс шығарып, сынып кетеді. Полипропилен ыдыс деформацияланғанда майысып, қайта орнына келеді.
Біржолғы целлофан қапшықтар да бір қарағанда, түк зияны жоқ секілді. Ал анығында Жер-Анаға жасайтын қатері ұшан-теңіз. Оның құрамында экологияға қауіпті күкірткөміртек атты қоспа бар. Күкірткөміртек – улы қосылыс, түссіз, оңай жанады. Ауамен жарылғыш қоспа түзеді. Жасанды жібек, желім мен тыңайтқыштар алу үшін шикізат ретінде қолданылады. Жүйке жүйесі қызметін нашарлатады. Есірткілік әсері бар.Полиэтиленді қапшықтар ең алғаш 1957 жылы АҚШ-та шығарыла бастаған. Сарапшылардың айтуынша, 2002 жылға дейін әлем бойынша 4-5 триллион полиэтиленді қапшықтар өндірілген. Мүмкін бұл көрсеткіш нақты өндірілген көлемге қарағанда әлдеқайда аз шығар. Әйтеуір, Жер-Ана бәрін көтеріп жатыр. Әлемдік табиғат қорының есептеуінше, мұхитқа 6 миллион 300 мың тонна қоқыс тасталған. Ол қоқыстың қомақты бөлігін біржолғы ыдыстар құрайды екен. Осының салдарынан, 1 миллион құс, 100 мың теңіз жануарлары мен балықтар қырылып қалған.

Бір жолғы ыдыстардың адам ағзасына да қауіпсіз емес екені белгілі. Оларды бірнеше рет пайдалануға болмайды және ультрафиолет сәулелі, оттегіне бай азық түрлерін салуға болмайды. Сондықтан да біржолғы ыдыстар деп аталады.
Елімізде мұндай ыдыстарды пайдалану ережесі айтылмайды. Ал, әлем елдерінде, мысалы, Дания үкіметі 1994 жылдан бері полиэтиленді қапшықтарды тегін берушілерге салық салатын болды. Осы шешімнен кейін біржолғы ыдыстарға сұраныс 90 пайызға құлдырады. Ал Германияда біржолғы ыдыстарды пайдаланғысы келген тұтынушы ақша төлеп, сатып алады. Және жинауға, қайта өңдеуге сатушы рұқсат алады, әйтпесе жауап береді. Сол себепті, саудагерлер мұндай ыдыстарды сатуға ықылассыз. Ирландияда полиэтиленді қапшық орнына түрлі мата сөмкелер пайдаланылады. АҚШ-тың бірқатар штаттары біржолғы ыдыстардан мүлдем бас тартты. Сингапур, Бангладеш, Тайваньда пластик ыдыстар құбырларды бітеп, өзеннің еркін ағуына зиян келтіретіндіктен, қолдануға тыйым салынған.

Австралия 2004 жылдан бері полиэтиленді ыдыстарды қолданбайды. Ағылшындар биоыдырағыш (биоерігіш) қапшықтар қолданады. Шынымен-ақ, бұл құрал тиімді және қызметі жарты жылға кепілдік береді. Көмірқышқыл газы тисе болды, аты айтып тұрғандай, ыдырап кетеді. Целлофан мен полиэтиленді ыдыстардың жалпы тіршілікке зиянын білдік. Олай болса, пайдасынан зияны көп біржолғы ыдыстардан құтылудың қандай жолы бар? Шешілмейтін түйін жоқ. Әрине, бар. Үкімет басындағылар, бюджеттен ақша бөліп, Қазақстанның әр бұрышына пластикалық ыдыстарды қайта өңдейтін зауыттар салса, біржолғы ыдыстармен күрес қарқынды жүріп кетер еді. Орта есеппен 50-100 теңге аралығында баға қойса, оларды жинайтындардың қарасы сөзсіз көбейеді. Әсіресе, балалар құтыларды жинап, алған ақшасын өз еңбегі болғандықтан, үнемдеп ұстауға машықтанар еді.

Бұдан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Балалар компьютер алдында да күндіз-түні отырмай, еңбек етеді. Ең бастысы – табиғат аясы тазарады. Ал олардың орнына матадан жасалғанын тұтынсақ ше? Немесе біржолғы ыдыстарды қатты қағаздан-ақ жасауға болады. Қағаз ыдыстарды пайдаланғаннан кейін, отқа жағамыз ба, басқа бір қажетке жаратамыз ба, қалауымыз біледі. Сондай-ақ, қағаз ыдыс температурасын ұзағырақ сақтайды. Қызу өткізгіштік қабілеті де төмен. Ыдысты ұстағанда қол күймейді. Микротолқынды пеште қыздырғанда улы заттар бөлмейді. Технология жетістігінің арқасында қағазға желім жапсырылмайды. Қысқасы, пластикалық ыдыстармен салыстырғанда қағаз ыдыстар сапалы, зиянсыз әрі ыңғайлы.
Жыл сайын көлемі мен тереңдігі әр түрлі, қызылды-жасылды пластик стақандар, тәрелкелер, қасықтар мен шанышқылар тонналап өндіріледі. Қазір басқосу кештері, жұмыс кеңсесіндегі атаулы күндерді тойлау, қызмет бабындағы кофе-брейктер, сонымен қатар табиғат аясына серуендеуге шыққан адам міндетті түрде біржолғы ыдыстарды пайдаланады. Бұл ыдыстардың басты артықшылығы: уақыт пен қалтаны үнемдейді, пайдалануға жеңіл. Ал зиянды тұстары екі есе көп.
Бір рет пайдаланғаннан кейін, пластикалық ыдыстарды отқа жағуға болмайды, сондықтан қоқысқа тастауға тура келеді. Ал өте көп мөлшерде тасталған ыдыстар қаланы түгел қоқыс аумағына айналдырып жіберуі мүмкін. Адамның денсаулығына әкелетін зияны ұшан-теңіз. Бірақ, өндірушілер оны жоққа шығарады.
Біржолғы ыдыстарды пайдалану ережелері
Аты айтып тұрғандай, бұл ыдыстарды тек бір рет пайдалану керек. Бірнеше қайтара жуғанмен де, ол түбегейлі тазармайды. Есесіне, құрамынан улы заттарды бөліп шығарады. Пластикалық ыдыстарды нақты белгілеріне сүйеніп пайдаланса, зияны азая түспек. Дүкендердегі йогурт ыдыстары сүт қышқылымен реакцияға түспейді. Сондықтан, олар зиянсыз болып саналады. Бірақ, бұл ыдыстарға басқа сұйықтықтарды құю қауіпті. Біржолғы стақандарға газды су, қышқыл шырын, ыстық шәй құйылса, ол қауіпті ыдысқа айналады. Ыдыстың зияны адамның сезу мүшелеріне білінбегенімен, ішкі мүшелерінің қызметін бірте-бірте әлсіретеді.
Пластикалық ыдыстарда тағамды ұзақ уақыт сақтауға болмайды. Микротолқынды пеште қыздыру тіпті қауіпті. Пластикалық ыдыстар мұздатқышқа төзімді, ол тағамның құндылығын сақтай алады.
Күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған біржолғы ыдыстарды ұқыпты қолданыңыз.
Дұрыс таңдау — қағаз ыдыс
Қағаз ыдыстар табиғи заттардан жасалады. Пайдаланып болғаннан кейін, оңай көзін жоюға болады. Қағаз ыдыс, сондай-ақ ас температурасын ұзақ уақыт сақтап тұрады, қызу өткізгіштік қабілеті де баяу жүреді, сондықтан, ыдысты ұстаған қол күймейді. Микротолқынды пеште қыздырылғанда да, улы заттарды шығармайды.
Қағаз стақандар өте жұқа қатырма қағаздан жасалады. Ал қағаздың ағаштан жасалатыны белгілі. Стақанның бір жағы ламинатталады. Технология жетістіктері арқасында стақандарға желім қолданылмайды. Пластмасса ыдыстармен салыстырғанда, қағаз ыдыстары сапалы, зиянсыз, әрі ыңғайлы.
Сапасыз ыдыс-аяқ қатерлі ісікке бастайды

Халқымыздың «аяғына (ыдыс) қарап, асын іш» деген сөзінің маңызы бүгінде күрт артып барады. Рас, бабаларымыз бұл сөзбен ыдыстың тазалығына көбірек тоқталса, бүгін одан бөлек сапасына да қатаң назар аудару қажет болып отыр. Өйткені республикалық СЭС мамандары көтерме сауда орындарындағы арзанқол керамика және фарфор ыдыс-аяқтарынан қорғасын, мырыш, кадмий сынды адам денсаулығына қауіп төндіретін химиялық заттардың мөлшері қалыптан 20-30 есе артық екенін анықтапты. Санитарлардың айтуынша, мұндай ыдыс-аяқтардың беттеріндегі әсемдік бояулары да құйылған тағамның температурасына байланысты еріп, ағзаға зиян келтіреді. Ең қаупі - сапасыз ыдыстарды тұрақты пайдалану - асқазан қатерлі ісігіне де әкеледі екен...
Сапасыз әрі арзанқол ыдыс-аяқ,
ойыншық, тағамдардың денсаулыққа қауіптілігі бірінші мәрте
көтеріліп отырған жоқ. Жоғары мінберлерде де сөз болды. Сол үшін де
кеден қызметінде «Янтарь - 1А» сынды радиациялық сәулелердің
мөлшерін анықтайтын қондырғылар орнатылған. Алайда не мемлекеттік
стандарты жоқ, не қорабы мен оны жасап шығарған фирманың таңбасы
мен атауы да көрсетілмеген ыдыстардың бәрі контрабандалық жолмен
әкелінетінін ескерсек, әлгі біз айтқан қондырғылардан пайда шамалы
болып отырғанына көз жеткізуге болады. Көз жеткізудің екінші жолы -
былайғы жұрт «барахолка» атап кеткен қара базардың ыдыс-аяқ сататын
бөлігін бір аралап шығу. Стандарты да, сапасы да бар ресейлік
қымбат ыдыстарды халықтың жұқалтаң қалтасы көтермесі белгілі, ал
шығыстағы шекарадан еніп жатқан арзанқол ыдыс-аяқтың жайы
жоғарыдағыдай.
Республикалық СЭС токсикология зертханасының дәрігері Бақыт
Нұрхалықованың әңгімелеуінше, бетінде бояуы мүмкіндігінше аз
ыдыс-аяқтарды алған дұрыс. «Сұлуынан - жылуы» дегендей,
әдемілігінен гөрі, сапасы мен қауіпсіздігіне назар аударған
абзал.
- Бәрінің бетіне күйе жағуға тағы болмайды, дегенмен стандарты жоқ ыдыстардың көбінде ыдыс-аяқтарды безендіру техникасы сақталмаған. Мәселен, біздің жасаған бір сараптамамызда ыдыс-аяқ бетіндегі әшекей бояуларда қорғасын тұзының мөлшесі 5 есеге, мырыш 8 есеге, кадмий 20 пайызға артық болып шықты. Бұл кез келген температурада да адам денсаулығына қауіпті, ал оған ыстық тағам құйылғанда, химиялық қоспалар еріп, қауіп одан ары арта түседі. Стандарт бойынша, фарфор ыдыстарға сурет салынғаннан кейін ол 1500 градуста қыздырылуы қажет. Бұл жағдайда бояу тамақтың температурасына төзімді болады. Ал жасалу техникасы сақталмағандықтан, бояу еріп, тамақпен бірге асқазанға түседі, адамды ауруға шалдықтырады. Тағы бір жағдай, пластмассалық ыдыстарға қатысты. Әйелдер қауымы жақсы біледі, мұндай ыдыстар тамақ температурасы сәл жоғары болса, балқып, формасын өзгертеді, қақпағы болса, ол жабылмай қалады, оған қоса, түсі де тез өзгеріп шыға келеді. Ал оны әзірлеу техникасы сақталған жағдайда, мұндай үдерістер орын алмас еді. Балқыған ыдыстан оның бетінде бояу болмаған күннің өзінде химиялық зиянды заттар бөлініп шығады. Сондай-ақ қазір тамаққа түрлі қышқылдар, дәмдеуіштер қосылатыны белгілі. Олар да ыдыс құрамындағы заттармен, бетіндегі бояулармен реакцияға түсуі мүмкін, -
Дейді Бақыт
Нұрхалықова.
СЭС дәрігерінің сөзін токсиколог дәрігерлер де қуаттап отыр.
Олардың айтуынша, сапасыз ыдыс-аяқтардан улану - тамақтан уланумен
бірдей. Алайда улану диагнозымен ақ халаттылар алдына барғанда,
оның ішкен тамағы ғана тексеріліп, ыдысы көлеңкеде қап қояды екен.
Токсикологтар ыдыс-аяқтарды да тексеруден өткізетін уақыт жетті деп
есептейді. Әсіресе, пластмасса ыдыстарды қатаң бақылауда ұстау
қажет. Өйткені оған деген сұраныстың жоғарылығы - сапасын да тым
төмендетіп барады. Төмендеткені сондай - бүгінде пластмасса
ыдыстарға формальдегидпен қатар, асбест те қосыла бастапты. Ыдыстың
шыдамды, төзімді болуы үшін осылай еткен болар, алайда құрылыстың
өзінде тыйым салына бастаған асбесттің ас үйде қолданылуы - өзіңді
жыланға шақтырғанмен бірдей. Өйткені асбест те, формальдегид те
адам ағзасындағы қатерлі ісіктердің пайда болуына, бүйрекке тас
жиналуына, қуық жолдарының ауыр дертіне әкеп соғады. Пластмасса
ыдыстарға, әсіресе, көп балалы отбасылар құмар. Шыны ыдыстарды шақ
келтірмейтін бала пластмассаны қалай ұрғыласа да, тоздыра алмасы
белгілі. Есесіне, сол ыдыс, баланың денсаулығын
тоздырады.
Айтудың азы жоқ, десе де, қалтасы жұқалтаң халықты «қымбат ыдыс
алмадың» деп тағы да айыптай алмайсың. Отандық ыдыс-аяқ өндірісі
жолға қойылғанда, мұндай жағдай болмас та еді. Отандық өндіріс
демекші, тұп-тура бір жыл бұрын Талдықорғанда «Ысқақов» ЖК цехын
ашқан Нұржан Бексенбаев сұйық тағамдарға арналған пластикалық
ыдыстар шығарып бастағанда, енді Өзбекстан, Қытай және Ресейден
келетін мұндай өнімдерге зәрулік азаяр деп үміттенген едік. Өйткені
Нұржан мырза өз өнімдерінің тек Қазақстанның қажеттілігін ғана
қамтамасыз етіп қоймай, Армения, Әзербайжан, Тәжікстан сынды таяу
шетелдерге де жөнелтілетінін айтқан-ды. Алайда цехтың шығарған
ыдыс-аяқтарын базардан кезіктіре алмай жүрміз. Сатушылар отандық
өнім іздегенге күле қарайды... Күлгеннен гөрі, жылаған орынды болар
еді...
Экологиялық проблемаларды айтқан кезімізде, қазір полиэтилен қалталар мен пластик ыдыстардан көз аша алмайтын болдық. Өйткені, бұларсыз азық-түлік, көкөніс, жеміс-жидектерді алып жүру мүмкін емес. Дәмі алуан түрлі сусындар, сұйық майлар мен минералды сулардың ыдыстары түгел пластиктен жасалған. Үй тұрмысында пайдаланылған қалдықтармен тасталған полиэтилендер желмен ұшып даланы жауып қалуға аз-ақ қалғандай. Мұны теміржол мен асфальт жол бойынан анық көреміз. Арнайы мәліметтерге жүгінсек, жалпы қоқыстардың жойылу мерзімі өте ұзақ уақытты қажет етеді екен. Айталық:
- тропик жемістер (банан, апельсин), мақтадан жасалған маталар, қағаз – 6 ай;
- зығыр талшығынан жасалған арқандар – 1,5 жыл;
- сүт, шырын құйылған пакеттер, жүн маталар –5 жыл;
- фильтрлі сигарет тұқылдары – 12 жыл;
- полихлорвинил пакеттері – 20 жыл;
- синтетикалық киімдер, аяқ киімдер – 40 жыл;
- металл өнімдері – 100 жыл ішінде толық жойылып бітеді екен.
Әйнек пен шыны ыдыстар сынықтарының жойылып кетуі үшін 1 миллион жыл керек екен. Ал, сұйық май, минералды су мен сусындардың пластик ыдыстары ешуақытта жойылмайды екен.
Пластмассалар тез жанатындықтан өрттің шығуына себепші болуы әбден мүмкін. Олар жанған кезде улы заттарды бөледі: көмірсутек оксидін, циан сутегін, хлорлы сутекті, акролеин, азот тотығын, түрлі алифатикалық және хош иісті көмірсутектері. Ал, мәселен, көмірсутегінің қостотығы демалған кезде қандағы ауаны толығымен қысып тастауға бар. Бұл өте қауіпті.
Сенбіліктердегі «тазарту» әдісі де зияннан басқа ештеңе әкелмейді. Әсіресе, жанған алауға полиэтиленді пакеттер, пластикалық ыдыстар түсер болса. Алаудың қызуы пластиктің толық жанып кетуі үшін жеткіліксіз. Осы алаудан шыққан қалың қара түтін канцерогенді заттектерді - жартылай хош иісті көмірсутектерді бөледі. Нейлон, поролон, басқа да көптеген синтетикалық маталар жанған кезде цианидтер бөлініп шығады (көгерткіш қышқыл тұзы). Ал, ПВХ-пластик (линолеум қиындылары, пластик бөтелкелердің қақпақтары, тері алмастырғыш, ойыншықтар, кленка, сымдар, ескі фламастерлер және басқалары) жанған кезде жоғары уытты заттектердің кем дегенде 75 түрін бөлінеді. Оның ішінде диоксиндер де бар. Міне, шартты шіру мерзімі:
Көлік аккумуляторлары – 100 жылға дейін
Фольга – 100 жылға дейін (қаңылтыр – 90 жыл)
Электр батарейкалары – 100 жылға дейін
Резинді дөңгелектер – 100 жылдан аса
Пластик бөтелкелер – 100 жылдан аса
Полиэтилен үлдір – 200 жыл
Әйнек – 1000 жылдан аса.

Пластикті қайта өңдеу бойынша өндіріс

Жыл сайын Қазақстанның ірі қаласында 700 мыңға жуық әр түрлі тұрмыстық қалдықтар тасталады.Алматылықтардың тіршіліктегі қалдықтары көбінесе кәдеге дұрыс жаратылмай жатады. Яғни, оларды жәй ғана полигондарға апарып, жерге көміп тастайды. Алайда, жаңадан шығып келе жатқан осы бизнестің кәсіпқойларының айтуынша, қалдықтар арқылы топырақ құнарлығын осылайша қалпына келтіру ешқандай нәтиже бермейді. Бұл ақшаны жерге көмгенмен бірдей. Іске асырылып жатқан технологиялар қалаларды қоқыс тастайтын жерден босатады. Солардың арқасында қалдықтар табиғи көз болып табылатын заттар мен материалдардың арзан көзі болады. Бүгінгі күні тұрмыстық қалдықтар – бұл азық-түлік, қағаз, металл бұйымдары, кішкене әйнектер, көбінесе бөтелкелер, көптеген пластиктер, және пакеттердің қалдықтары. Қайтадан өңдеуге қалдықтардың көбісі келе бермейді. Қазақстанда әзірге қағаз бен пластик қайта өңделеді. Макулатура картон өндірісінде қолданылады. Ал қайта жасалған пластмассадан гүл қауашақтарын, шелектер, кәрзеңкелер және басқа да заттар жасалады. Қоқыс тасушылар қоқыста қабылдауға арналған контейнерлердің ішіндегісін салғаннан кейін олар полигон – қоқыс тастайтын жерге барады. Онда жұмысшылар пластамассадан жасалдан заттарды табады жа оларды жұк таситын көлікке салады. Толтырып алғаннан кейін олар қайталама шикізат жасайтын зауытқа келеді. Пластмассаны көлікке көп қылып салады, тіпті кузовты ашқан кезде шикізат сыртына шығып кетіп құлап жатады. Зауыт қалдықтарды сатып алады екен. Жеткізушілерге оларды көп мөлшерде сатқан тиімдірек. Алайда, бұл пластиктердің бәрі қайта өңдуге келе қоймайды. Өйткені қайталап өңдеуге полипропилен мен полиэтиленнен жасалған өнім ғана келеді. Бұлар пластмассаның ең жұмсақ түріне жатады.Мәселен, пластик қағаз. Оның қақпағы полипропиленнен жасалған. Заттаңбасы – полиэтилен. Ал бөтелке полистиролмен үрленген. Яғни, мұнда қақпағы мен заттаңбасы ғана қайта өңдеуге жарайды. Полистиролдан жасалған өнім – қатты материалдан жасалған – балқытып, қажетті жағдайға келтіруге болмайды. Сондықтан, әкелген қалдықтың бәрін жұмысшыларға өз қолдарымен реттеуіге тура келеді. Іріктеуден өтпегендерді қайтадан полигонға апарады.
Ал пластик ыдыстардың қайдан шығып, қандай материалдан жасалуы мүмкін екендігін білсеңіз, тіпті шошынасыз. Мәселен, Ресей журналистері «пластик ыдыстар ВИЧ инфекциясы бар шприцтерден жасалады екен» деген мәлімет естіп, соның түбіне түскен. Том қаласындағы зауытына арнайы барып, ыдыстың жасалу процесін түгел көзбен көрген. Әлгі сыбыс түбегейлі негізсіз болмаса да, ВИЧ инфекциялы шприцтерден ыдыс жасалмайтыны, олардың осы зауытта балқытылып, одан көше сыпыратын пластик сыпырғыларға жұмсалатынын анықтаған. Дегенмен ол да қауіпті ғой.
Қорытынды
Пластик, шыны ыдыстар, күймейтін таба бізде бар ма? Бар. Оны зерттеп, қадағалап жатқан адам бар ма? Саудада жүрген ыдыстардың төркіні Қытай екенін білеміз. Сол Қытай оны қалай жасап жатқанын кім білсін? Демек, бізге осы жағын қадағалайтын кез жетті. Кім білсін, кейінгі кездері көбейіп кеткен ауру – жұмбақ аурулардың түбі осында жатқан шығар?!*Соңғы 10 жылдың ішінде сапасыз ыдыстардың көп шығуына байланысты денсаулыққа зиянын тигізетін ыдыстар мәселесі қиындыққа айналуда.
Міне, балалар, мұндай қалдықтар топырақ бетін жауып қалады. Яғни, ауа құрамындағы азоттың, оттегінің, ылғалдың топыраққа сіңуіне кедергі жасайды. Олай болса, өздерің пайдаланған полиэтилен мен пластик ыдыстарды жинап, ата-аналарыңмен бірге өртеп жібергендерің жөн. Зиянды нәрселерді далаға төкпеуге, шашпауға тырысыңдар.
Осы жайтты өздерің оқып қана қоймай, құрбыларыңа да айтудан жалықпаңдар. Өйткені, табиғат – баршамыздың ортақ үйіміз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.«Ұлан», №3,22.01.2013 Аяпберген НҰРЫМЖАН,
2.Нұрболат Аманжол http://baq.kz/news/5156
3.Интернет материалдары
4.Зядан Қожалымов Өтейбойдақ танушы-ғалым
5.Мөлдір бұлақ Жас зиялыларға арналған танымдық журнал
11

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген