Ғылыми жоба экономика

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғылыми жоба экономика

Материал туралы қысқаша түсінік
Экономика секциясы бойынша ғылыми жоба үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

І. Кіріспе

Сүт және сүт өнімдері-құнды азық-түлік өнімі. Олар жоғары биологиялық қасиеттерге ие. Сүт өнімдерінде көптеген минералдық заттар мен барлық дәрумендер бар. Сүт әртүрлі жастағы адамдардың тамақтануына, сондай-ақ емдік тамақтануға кеңінен қолданылады. Сүттен адам кальцийдің негізгі мөлшерін алады. Халықтың тамақтануында сүт наннан кейін екінші орынға ие. Менің бұл зерттеу жұмысты таңдау себебім менің сынып жетекшіммен бірге сиырды бағудың пайдасы туралы әңгімелесу болды. Қазіргі нарық заманында белгілі мамандық алумен қатар қосымша табыс табу үшін кәсіппен айналысу қажет деп санаймын. Себебі кәсіп ол қосымша табыс көзі әрі халыққа да пайдалы. Біздің ауылымыз Батыр жаңадан құрылған елді мекен, сондықтан бұл жерде жаңа кәсіп ашып үлкен нәтижелерге жетуге мүмкіндік мол. Себебі ауылымызда кәсіппен айналысудың деңгейін тәй-тәй басып келе жатырған сәбидің қадамымен теңеуге болады. Сауда-саттықпен айналысатын бірнеше дүкеннен басқа санаулы шаруа қожалықтары бар. Оларды атап өтетін болсақ: 2 шағын түйе шаруашылығы, 3 шағын сиыр шаруашылығы, ұсақ мал бағатын 6 шаруашылық және тауық, бөдене бағып пайда көріп отырған ьірнеше отбасылар бар. Ата-бабамыз бұрынғы кездерден бастап төрт түлік малды бағып, азық қылған, терісі мен жүнінен әртүрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасап күн кешкен. Төрт түлік малдың әрбірінің өз ерекшеліктері мен артықшылықтары бар. Менің таңдаған «Зеңгі баба» тұқымдасы төрт түліктің ішіндегі ең көп пайдалысы деп ойлаймын. Сондықтан да мен зерттеу жұмысым арқылы осы ірі қараның бір түрі-сиыр туралы мәліметтер жинап, оны бағу және табыс көзіне айналдыру туралы айтқым келеді.

Бүгінгі таңда малды бағып өсіруден гөрі, сатып алып сойып пайда көруді тиімдірек деген жаңсақ пікірлер туындауда. Көптеген адамдар бұл туралы ойланбайды. Егер көп мөлшерде бағуды қиын көрсеңіз, отбасын асырау үшін ғана ұстаңыз. Өйткені, сүт, қаймақ, май, ірімшік жасап сатуға болады. Өзің өндірген өнім сондай керемет, сондай дәмді. Бірақ ол үшін тынымсыз жұмыс істеу керек.

Неге адамдар сиырды ұстағысы келмейді? Мүмкін бұл тиімді емес пе? Сондықтан, менің зерттеу тақырыбым дәл осы мәселені шешу болып табылады.

Әр адам, тіпті бала сүт өте пайдалы екенін біледі. Сүттен көптеген пайдалы өнімдерді дайындауға болады. Сонымен бірге ет өнімдерін өзіміз үшін және сату үшін өндіруге болады. Бірақ сиырды бағуда көп еңбектену керек және бұл көп күш талап етеді. Мүмкін, адамдардың айтқанындай пайдасы жоқ шығар?

Мақсаты: сиырдың сүт, ет өнімдерінен пайда алуға болатынын және сүттің шын мәнінде пайдалы екенін анықтау.

Міндеттер:

- Қосалқы шаруашылықтағы ірі қара мал туралы әдебиетті оқып үйрену

- Қосалқы шаруашылықтағы жануарларға бақылау жүргізу

- Сиырдан пайда алуға бола ма?

- Жыл бойы сиырды ұстау үшін шығындар мен пайданы есептеу

- Ауыл отбасына бүгінгі таңда сиырларды үй шаруашылығында ұстау тиімді ме?

Болжам : қосалқы шаруашылық отбасы бюджетін толтыруға көмектеседі

Зерттеу әдісі:

- Бақылау, салыстырмалы талдау;

- Ақпарат көздерін зерттеу.

Жұмыстың теориялық маңыздылығы-

- Зерттеу барысы мен нәтижелері үй маңындағы шаруашылықтан түсетін экономикалық шығындар мен пайда туралы білімді кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік береді.

Практикалық маңызы:

- ауылдық отбасы бюджеті үшін қосалқы шаруашылықтың пайдасын анықтау.

Қолданылу аясы: Жеке кәсіпкерлік.

Жаңалығы: Сиыр шаруашылығы өте пайдалы.



















ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Алғашқы сиырлар қалай пайда болды?

Сиыр шаруашылығы, мүйізді ірі қара шаруашылығы — мал шаруашылығының басты салаларының бірі.Аса қажетті азық-түлік (сүт, май, ет, тағы басқа сойыс өнімдері), бағалы жеңіл өнеркәсіп шикізаттарын (тері, қылшық, мүйіз, тағы басқа) береді.

Сиыр өсіру осыдан 7 — 8 мың жылдай бұрын жабайы сиырларды (тур, зубр, бизон, бантенг, зебу, қодас) қолға үйретуден басталды. Қазақстанда ерте замандардан бері күтімді аса қажет етпейтін жайылым малдары (қой, ешкі, жылқы, түйе) көптеп өсіріліп келді. Мүйізді ірі қара шаруашылығы (әсіресе сүтті бағыттағы) 19 ғ-дың басынан еліміздің қара топырақты құнарлы аудандарына орыс шаруаларының жаппай қоныстануына, қалыптасқан саяси-әлеуметтік өзгерістерге сай, жергілікті халықтың көшпелі тіршіліктен тұрғылықты өмір сүруге ауысуы нәтижесінде қарқынды дами бастады.

1820 — 65 жылы Орталық Қазақстанның мал шаруашылығында сиырдың үлес салмағы 0,7 — 1,7%-ды, 1899 — 1916 жылы 17,3 — 22,8%-ды құраған. 20 ғ-дың бас кезінде сиыр түлігінің саны 5,0 млн. бастан асқан. 1917 — 1922 жылы сиыр малының 1/3 бөлігі шығынға ұшыраса, 1930 — 40 жылы олардың саны қарқынды өсті. Осы мақсатта өнімділігі аз жергілікті мал тұқымы еуроп. тұқымдар — герефорд, швиц, симменталь, голланд сиырларымен, қырдың қызыл сиырымен будандастырылып, малдың мол өнімді тұқымдары алынды. 1974 жылы мүйізді ірі қара саны 5,36 млн-ға жетіп, жылқы, түйе түліктерін қоса есептегендегі мөлшерден 5,3 есеге басым болды.

Ұзақ уақыт жүргізілген ғылыми практикалық жұмыстардың нәтижесінде елімізде алғашқы етті мал тұқымы — қазақтың ақбас сиыры, сондай-ақ сүтті-етті тұқым — алатау сиыры мен сүтті тұқым — әулиеата сиыры шығарылды. Осымен қатар қырдың қызыл сиыры мен симменталь сиырының белгілі бір аймақтардың табиғи-шаруашылық жағдайына бейімделген жаңа түрлері алынды. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің дамуында мүйізді ірі қара шаруашылығы ерекше орын алады. Оның 93,5%-ы шоғырланған жеке меншік иелігіндегі шаруашылықтарда мал санының өсуі орта есеппен 5,9 — 6,5%-ға, ет, сүт өндіру мөлшері 3,5 — 6,0%-ға өсті.

Республикада сүтті бағыттағы сиырлардың 7 тұқымы, олардың жоғары өнімді табындары — 16 тұқыммал зауыты мен 80 тұқыммал шаруашылығында, етті бағыттағы сиырлардың 5 тұқымы, жоғары өнімді бөлігі — 11 тұқыммал зауыты мен 30 тұқыммал шаруашылығында өсіріледі. Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан өзге облыстардың тұқыммал шаруашылықтарында өсірілетін сүтті сиырлар барлық асыл тұқымды сиырлардың 68%-ын, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан басқа аймақтарда өсірілетін асыл тұқымды етті сиырлар 32%-ды құрайды . Республика бойынша мүйізді ірі қараның үлес салмағы: қара-ала сиыр тұқымы— 30,7%, симменталь — 24,3%, қырдың қызыл сиыры — 20,4%, алатау — 17,3%, әулиеата — 5,3%, айршир — 1,3%, латыштың қызыл-қоңыр сиыры — 0,7% болса, етті бағыттағы сиырлар негізінен отандық сиыр тұқымдары — қазақтың ақбас сиырлары (84,4%) мен әулиекөл сиырларынан (11,3%) тұрады.

Мал өнімділігін арттырудың тиімді жолы — төлдерінің сапасы бойынша тексерілген, жақсартушы бұқалардың ұрықтарын сақтау және кеңінен қолдану. Сондықтан Сиыр өсіруде бастысы бағалы қасиеттерін төлдеріне тұрақты бере алатын тұқымжақсартушы бұқалар алу және өсіру жұмыстарын жолға қою болып табылады. Малды өнімділік бағыты, жас-жыныс, тұқымдық ерекшелігі мен физиологиялық күйіне орай жайылым мен қолда құнарлы азықтандыруды ұйымдастыра білу мүйізді ірі қара түлігінің өнімділік қасиеттерін биологиялық және шаруашылық тұрғыдан тиімді деңгейге дейін тұрақты арттыруға мүмкіндік береді. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ж [1]

Қазір ауылда сиыр басты жануарлар болып табылады. Олар негізінен сүт пен етке байланысты өсіріледі. Сүттен ірімшік пен май, йогурт, айран мен сүзбе, қаймақ және басқа да сүт өнімдері өндіріледі. Жыл сайын сиырдың бұзауы туады. Бұзау анасы тоғыз айға дейін тамақтанады, бірақ оны шөп жеп бастаған кезде үш айлық жасында алуға болады. Сүт тұқымды сиырлардың жылдық орташа сауымы 4-5 мың кг.

Біздің тек үш отбасы сиырды ұстайды. Сондай-ақ маған сыныптастарымның үйінде отбасылары сиырларды ұстайды ма? Ол үшін мен сынып оқушылары арасында сауалнама өткіздім.

. 1. Сізде сиыр бар ма?

2. Неге сиырды ұстайды?

3. Сен сиыр бағар ма едің?

2.2 Сиырды ұстау ерекшеліктері

Малды сүт-тауарлы фермаларда ұстау жағдайлары шаруашылық және басқа нақты жағдайларға байланысты болады. Қазіргі уақытта ірі қара мал фермаларында мал басын ұстаудың үш тәсілі қолданылады: байланатын, байланбайтын, құрамдастырылған.

Малды байлау тәсілімен ұстау сүт және ет-сүт фермаларында қолданылады. Ол бойынша мал қыста байлаулы орындарда, ал жазда – жайылым алаңдарында немесе лагерлерде ұсталады. Осылайша ұстау тәсілі кезінде әр малға байлау жабдығы, астауы, автоматты азықтандыру орны және қиын жинайтын құралдары бар белгілі орын бөлінеді. Бұл ретте сиырларды ұстау көп еңбек шығынан және ақша қаражатын талап етеді. Алайда, байлап ұстаған кезде сиырларды нормалы түрде жеке және топтап азықтандыру, жемазық пен астына төсейтін мпатериалды үнемдеу, әр малды жеке күту мүмкін болады.

Байламай ұстау тәсілі мал орын-жайда байланбай топталыпұсталады. Бұлайша ұстау кезінде мал жемазық пен суды еркін пайдаланады. Ұстаудың бұл тәсілі малды жайлау процесінжеңілдетуге, қажетті техникалар санын азайтуға, азайту есебінен амортизациялық аударымдар мен көліктік операциялар мен өнімнің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді. Алайда, бұлайша ұстау үшін жемшөп, өндірістік орын-жай мен астына төтейтін материал мол болуы қажет.

Құрамдастырылған ұстау тәсілі кезінде мал орын-жайда байлаулы, ал көктемгі, жазғы және күзгі жылы мерзімде - адаңдарда бос жайылады. Бұлайша ұстау тәсілі байлаулы және байлаусыз ұстау тәсілдері элементтерінен тұрады. Малды топтап нормалы түрде азықтандыру қажет, осылайша ұстау тәсілі кезінде жайылып азықтандырылатын алаңдардағы астауларда мал тамақтанған кезде оларды бекітетін жабдықтар орнатылуы тиіс.

Малды ұстаудың осы қарастырылған тәсілдерінің арасынан байлап ұстау тәсілі қолданылады, өйткені шаруашылық сүт фермасын ұстауды жоспарлап отыр. Малды осылайша ұстау тәсілі шаруашылықтың жемазық пен астына төсеу материалдарын үнемдеуге, сиырларға дербес күітім жасауға и мүмкіндік береді.

2.3 Сиыр сүтінің пайдасы

Сиыр, ешкі, қой және басқа да жылы қандылардың сүті емшек бездерінде – желінінде қан арқылы келетін азықтық заттардың күрделі құрылымдалуы арқылы пайда болады. 1 л сүтті синтездеу үшін желіннен 400-500 л қан өтуі тиіс. Сүт және сүт өнімдері өзінің азықтық құндылығымен ерекшеленеді.

Сүт және көптеген сүт өнімдері тез бұзылатын өнімдер санатына жатады, өйткені микроағзалардың дамуы үшін өте қолайлы орта болып табылады. Оған жаңа сауылған сүт жатпайды, сауылғаннан кейін 2-3 сағат бойы құрамында микробқа қарсы табиғи заттарының болуы арқасында оның сақталу тұрақтылығы жоғары болады. Бұзаулағаннан кейін 6-8 күн бойы оның сүті уыз болады, түсі сарғылт, қоймалжың, ерекше иісі және дәмі қышқылтым болып келеді.

Сүт өнімдері мынадай топтарға бөлінеді: сүт өнімдері – сүт, кілегей, қышқыл сүтті сусындар, қаймақ, ірімшік, сыр; сүт консервілері; май; балмұздақ.

Қазақстан Республикасында 6 сүтті мал тұқымы және 2 сүт-ет бағытындағы аралас өнімді тұқымы тараған.

Сүтті мал тұқымының 5-і бейімделген болып табылады.

Қара-ала сиырлар барынша көп және Ресейден, Литвадан, Латвиядан, Эстониядан әкелінген болып табылады. Қазіргі уақытта малдың осы тұқымы елдің барлық табиғи-климаттық аймақтарында өсіріледі. Сиырлардың өнімділігі 2,2-6,0 мың кг сүт көлемінде және одан жоғары аралықты қамтиды.

Қырдың қызыл тұқымды сиыры негізінен республиканың солтүстігінде және ішінара батыс өңірінде (Ақтөбе облысы) тараған. Республикада осындай тұқымды сиырдан орташа 2,0-4,0 мың кг сүт алынады. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап қырдың қызыл тұқымды сиырларының сүт өнімділігін арттыру мақсатында оларды эстондық қызыл, латвиялық күрең, даттық англер және қызыл тұқымдылармен будандастыру жүргізілді. Соңғы 20 жылда будандастыруда қызыл-ала голштиндар пайдаланылады. Селекциялау жұмысы сауымында 4,5-5,0 кг сүт беретін қырдың қызыл малынан мол сүт алуға бағытталған.

Латвиялық күрең тұқым бір асыл тұқымды табынның шеңберінде ғана ұсталады және тауарлы сүт өндірісінде ерекше орын алмайды.

Симментал, қара ала, әулиеата тұқымдарының сүттілігін ұлғайту үшін селекцияға қатысқан Айрышир тұқымы қазіргі уақытта жойылған.

Сүт бағытындағы өнімді малдардың арасында Оңтүстік Қазақстан және ішінара Жамбыл облыстарында кеңінен тараған отандық әулиеата қара-ала тұқымын бөліп көрсетуге болады.

Бұл тұқымның ерекшелігі Оңтүстік Қазақстанның ыстық ауа райына, таулы алқаптар мен таулы шалғындарда жайылымда ұстауға бейімділігі, сондай-ақ қан арқылы жұғатын ауруларға (тейлериоз, приоплазмоз) тұрақтылығы болып табылады. Осы тұқымның негізінде қара-ала тұқым мен Еуропадан, Солтүстік Америка мен Канададан әкелінген голштиндер генефондын пайдалана отырып ішкі сүтті қара-ала тұқымды алуға арналған селекция жүргізілуде.

Сүтті-етті тұқымдар отандық алатау және бейімделген симментал тұқымдары арқылы ұсынылады.

Алатау тұқымы жергілікті қазақтың малын Еуропадан әкелінген швиц тұқымымен будандастыру арқылы алынды және 1950 жылы дербес тұқым ретінде танылды. Республиканың оңтүстік-шығысында кеңінен тараған. Көптеген асыл тұқымды шаруашылықтарда майлылығы 3,8-4,0% 4 000 – 5 500 мың кг сүт сауылады. Жас малдар денесінің ірілігімен ерекшеленеді және жақсы бордақыланған тайыншалар 18 айда 500 кг таза салмаққа жетеді, оның массасының 1 кг өсіміне 6,5-7,0 жемазық бірлігі жұмсалады.

Алатау тұқымында сауылымында 5,0 кг сүт, тұқымдық ядросында тиісінше 7,0-11,0 мың кг сүт беретін американыдық селекцияның швицтерін пайдалана отырып ішкі тұқымдық күрең «Ақ-Ырыс» түрі алынды.

Ірі қара малдың симментал тұқымы Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кеңінен тараған елімізге бейімделген ертеден келе жатқан түрлерінің бірі. Симментал малының негізгі массиві қазақ, қалмық, қырдың күрең тұқымдарын Ресейден, Украинадан, Австриядан , Швейцария мен Германиядан әкелінген бұқалармен будандастыру арқылы (1932-1950 жж.) алынды.

Қазіргі уақытта монбельярд, немістің ала, айыршир және қызыл-ала голштин тұқымдарымен күрделі будандастыру жолымен ішкі тұқымдық қызыл ала түрі алынды (2009ж.).

Сиыр сүті, әрине, құнды азық-түлік өнімі. Сүттегі қоректік заттар өте көп-200-ден астам және олардың негізгілері ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер және минералды тұздар деп атауға болады. Бұл құраушылардың барлығы ағзаның қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету және тамақтандыруда маңызды рөл атқарады. Сүт майы да құнды және ол тағамдық майлардың ең жақсысы болып саналады.

Ежелгі Шығыста сүт жүйке жүйесі мен психикалық бұзылуларды емдеу үшін қолданылған. Шығыс медицина қызметкерлері сүт интеллектінің дамуына ықпал етеді, адамды ақылға қонымды етеді, оған қоршаған әлемді түсінуге және зұлымдықтан жақсылықты ажыратуға көмектеседі деп санайды.

Қазіргі дәрігерлер де ұйқысыздықты болдырмау үшін түнде сүт ішуді ұсынады. Әрине, сүттің ұйықтататын әсері жоқ-ол асқазанға жағымды әсер етеді және ағзаны т ыныштандырады.

ІІІ. Практикалық бөлім

3.1 Сүт сапасы тексеру

Сүт сапасының басты көрсеткіштерінің бірі-майлылық. Сүт майлылығы көптеген факторларға байланысты. (тұқым қуалаушылық, жасы, тамақтану, температура). Үй сиырынан алынған сүт майлы және бағалы. Сүттің майлылығын анықтау үшін зертханаларда және арнайы аспаптарда (бутиромерлермен) жүргізілетін әр түрлі әдістер әзірленген.

Тәжірибе №1

Мен сиырдың сүтінің майлылығын анықтадым.

Үйде сүттің майлылығын анықтау үшін тек биіктігі 12-15 см стақан, миллиметрге бөлінген сызғыш және, әрине, тексеру өнімінің өзі, яғни сүт қажет. Дайындалған стаканда фломастер түбінен 10 см деңгейінде сызық салу керек. Содан кейін стаканға сүтті көрсетілген белгіге дейін құю керек. Сүтпен стақан үстелде, бөлме температурасында шамамен 10-12 сағатқа қою керек. Осы уақыт ішінде стаканға құйылған сүттің бетіне кілегей жүзуі керек. Олардың ішінен пайда болған қабаттың биіктігін миллиметрмен бөлінген сызғышпен өлшеу қажет. Енді сүттің майлылығы пайызын анықтау керек Мұны істеу қиын емес. Сүт қабатының биіктігі, яғни 100мм, 100% деп есептеу керек. Сүт бетінде пайда болған кілегей қабатының миллиметр саны және өнім майлылығының пайыздық үлесі болып табылады. Әрине, "көзбен" миллиметрдің оныншы бөлігін өлшеу мүмкін емес. Бірақ осындай қарапайым тәсіл арқылы шамамен майлылықты анықтау өте оңай.

Қорытынды: майлылығы 8% құрады ( 1 сурет.1,2 )

Тәжірибе №2

Дүкенде сатып алынған сүт.

Қорытынды: бұл сүт сұйылтылмаған және жасанды. Майлылығы-3,2%

Үй сүті майлы, бұл пайдалы және табиғи. (1-қосымша 3,4-сурет)

3.2 бір сиырды ұстауға арналған шығыстар. (2-қосымша 1 кесте)

1. Бір сиырға күніне орта есеппен 5 кг Шөп және 2 кг құрама жем қажет.

Сиырды 4 ай қорада ұстау керек, ал қалған 8 ай сиырды жайылымға жібереді. Жыл ішінде сиырға қанша азық қажет?

Шөп шығындарын есептейміз.

Бір сиырға 5кг х 120 күн = 600 кг шөп.

1 түк-500 тг, 1 түк 20 кг-ға тең.

1 тонна (1000кг) = 50 түк = 25000 теңге

1 кг шөп = 25000 : 1000 кг = 25 теңге

Демек: 25 теңге х 600 кг = 15000 теңге

Шөп сатып алу үшін (600кг) 1 сиырға 15000 теңге кетеді.

2. Құрама жемге қанша шығындалатынын есептейміз.

2 кг құрама жем х 365 күн = жылына 730 кг.

Бір жыл ішінде бір сиырға шамамен 730 кг құрама жем қажет.

100 кг құрама жем бағасы 7400 теңге, 1 кг құрама жем – 74 теңге .

730 кг құрама жем құнын есептейміз: 74тг х 730 кг =54020 теңге

1 сиырға құрама жем сатып алу үшін 54020 теңге кетеді.

3. Біз 1 сиырға арналған шөп пен құрама жем шығыстарын қосамыз:

15000 + 54020 = 69020 теңге

Қорытынды: бір сиырды ұстау үшін біз 69020 теңге жұмсадық.

3.3 Дүкенде сүт өнімдерін сатып алуға жұмсалатын шығындар

( қосымша, 2-кесте)

1.Егер дүкенде сүт, ірімшік, қаймақ сатып алса, онда бұл шығындар алынады:

Сүт 1 литр (365 күн) х 240 теңге= 87600 теңге

Қаймақ 500гр (аптасына 1 рет – 52 рет) x 500 теңге =26000 теңге

Ірімшік 1 кг ( аптасына 1 рет - 52 рет) х 2000 теңге = 10 4000 теңге

Айран 1 литр (аптасына 2 рет-104 рет)х 300 теңге= 31200

Сары май 1 кг (айына 2 рет-24 рет)х 2500 теңге=60000 теңге

Жалпы есеп : 86700+26000 + 10 4000 + 31200+60000 = 307900 теңге

Қорытынды: дүкенде сүт өнімдерін сатып алуға 307900 теңге кетеді.

307900-69020 = жылына 238880 теңге үнемделеді

Қорытынды: сиырды бағу өте тиімді.

Егер сиырдың құнын (150 000 теңге) ескеретін болсақ, сатып алу 1 жылдан кейін өзін ақтайды. Егер артық сүтті сатпасаңыз, сиырды ұстау тиімсіз. Сүтті халыққа литріне 300 теңгеден сатуға болады. Пайданы есептейміз. Ол үшін сиыр өнімдерін өндіру мен нарықтағы бағасын және тұтыну мөлшерін анықтауымыз қажет.



3.4 Бір сиырдан түсетін сүт өнімі табысы.

( 2 қосымша, 3-кесте) сиыр күніне орташа 10 литр сүт береді :10х 365 = 3650 литр сүт

Сауын кезеңі шамамен 9 ай және одан 1 ай бұзау сүттеуді алып тастаймыз. Есептейміз :

270 күн х 10 л= жылына 2700 литр (орташа).- 1 сиыр береді

3.2 сүт тұтынуды есептейміз ( қосымша 2, таб.3

Сүт күн сайын 1 литрден( 365 күн) – 365 литр

Қаймақ аптасына 1 рет (52 рет) , 1 литр алу үшін 10 л сүт қажет, барлығы: 10 х 52 =520 литр

Сүзбе аптасына 1 рет ( 52 рет), 1 кг сүзбе алу үшін 5л сүт қажет. Барлығы: 5 х 52 = 260 литр

Бұзауды сүттеу үшін 30 күн 5 литрден ( 5 Х 30 = 150 литр)

Қосамыз: 365+ 520+260 + 150 = 1295 литр сүтті бұзау үшін өзіміз де тұтынамыз. Енді артық сүтті табамыз.

Есептейік : 2700 л-1295 = 1405 литр сатуға болады

Нарықта 1 литр сүт орташа 300 теңге тұрады.

1405 литр х 300 теңге= 421500 теңге жылына пайда түседі.

Қорытынды: ауыл отбасына сиырды жеке қосалқы шаруашылықта ұстау тиімді.

3.5 Ет өнімін өндіру және табысы

Енді ет өнімдерін өндіру және тұтыну мен сату арқылы түсетін пайданы есептеп көрейік. Алдымен етті тұтыну жөніндегі мәліметтерге шолу жасайық.

Етті тұттыну көрсеткіші бойынша Қарағанды (22,3 келі адам басына), Павлодар (22 келі) және Алматы (21,8 келі) облыстары көш бастап тұр. Қалалық жерлерле Атырау (23,9 келі), Шығыс Қазақстан облысы (23,4 келі) және Ақмола (22,8 келі) облыстары көш бастады. Ауылды жерлерде ет тұтыну көрсеткіші бойынша Алматы (22 келі), Қарағанды (21,7 келі) және Маңғыстау (20,5 келі) облыстары тізімнің басында тұр. (Kaz.tengrinews.kz)

Ересек Сиырдың салмағы 250 — 600 кг, ең таңдаулысы 1000 кг; бұқасы 300 — 900 кг; ең таңдаулысы 1600 кг-нан асады. Демек бір сиырдан орта есеппен 250-400 кг, ал бұқадан орташа 1000 кг ет өнімін алуға болады.

Қай түлік болмасын, олардың еттілік қасиетін жетілдіру селекция жұмысының түбегейлі мәселесі. Малдың еттілігін мына төмендегі көрсеткіштер арқылы бағалайды: тірілей салмағы, сыртқы дене пішіні, тәулігіне қосатын салмағы, тез жетілгіштігі, сойыс салмағы мен оның шығымы, ұшасының салмағы мен шығымы, ұшасының морфологиялық құрамы, сұрпы етінің химиялық және биохимиялық құрамы, т.б.

Малдың нақтылы ет өнімі, негізінен сойғаннан кейінгі алынған ұшасының салмағы мен оның сапалық көрсеткіштері арқылы сипатталады. Ұшаның құрамына қоректік қасиеті әр түрлі ет, май, сүйек және дәнекер тканьдері мен шеміршек, сіңірлер кіреді. Ұшаның құрамында шеміршек пен сүйек аз болып, майлы сұрпы еті көп болса, соғырлым оның қоректілігі күшті нәрлілігімен сіңімділігі жоғары болады. Малдың еттілік қасиеттерін тірі кезінде және сойғаннан кейін тексеріп бағалайды. Малдың тірі кезінде, оның еттілік қасиетіне дұрыс баға берудің селекциялық маңызы үлкен. Селекция мақсаты тәуір деп таңдап алған малдан өзіне ұқсас ұрпақ алу. Малдың тірісінде еттілік қасиетін ауық-ауық салмағын өлшеу, соның деректері бойынша тәулігіне қосатын салмағын есептеу арқылы бағалайды.

Сонымен қатар малдың еттілік қасиетіне, оның сырт пішініне, үлкен-кішілігіне қарапта біршама толық баға беруге болады. Мұндай жағдайда малдың еттілік қасиеті мен тығыз байланысты дене биіктігі мен тұрқының ұзындығы, кеудесінің жалпақтығы мен кеңдігі, орамы, бөксесінің орамы сияқты дене мүше өлшеулерімен көзбен бағалау толықтырады. Малдың еттілік қасиетіне баға бергенде оның қондылығына баса көңіл аударылады. Мұны әсіресе малдың ерте май жинайтын құйрықтың түбін, шабын мықынын, белін, арқасын, қабырғасын және төсін қолмен ұстап бағалайды.

Малдың еттілік қасиетіне әсер ететін жағдайлар және ет өндіруді көбейту жолдары. Малдың еттілігі шаруашылыққа пайдалы көптеген биологиялық ерекшеліктерінің бір-біріне күрделі әсері негізінде қалыптасады. Еттіліктің сандық та, сапалық та көрсеткіштері малдың түріне, тұқымына және нәсілдік қасиеттеріне, бағып–күту, бордақылау технологиясы ерекшеліктеріне және т.б сыртқы орта жағдайларына байланысты. Сапалы да мол ет өнімі, етті бағыттағы мал тұқымдарынан өндіріледі. Мысалы, арнайы етті бағыттағы сиыр тұқымдарының сойыс салмағының шығымы 68-70%-ке дейін, кейде бұдан да артық болса, сүтті-етті бағыттағылардікі 55-60%, таза сүтті бағыттағылардікі 45-60% болады. Егер бұрын малдың тез жетілгіштігіне аса мән берілсе, қазіргі уақытта ұзақ өсіп, денесінен негізінен белокты көп түзіп, майы аз, көп ет беретін мал тәуір деп есептелінеді. Сондықтан барлық жерлерде етті бағыттағы шароле, лимузин, киан сияқты ірі тұқымдар жоғары бағаланып отыр. Сол сияқты жабайы түрлермен будандастыру арқылы, майы аз, мол ет алынатын асана мал тұқымын шығаруға үлкен бетбұрыс жасалып отыр. Осы жолмен брангус, брафорт, бифола және т.б. жаңа етті бағыттағы тұқымдар шығарылды. ebooks.semgu.kz(Ірі қараның экстерьері, интерьері, конституциясы, биологиялық және өнімділік ерекшеліктерімен жете танысу)



Ет өнімдерін тұтыну көрсеткіштері

Өнім түрі

1 адамға жылдық тұтыну мөлшері


Отбасында орташа тұтыну мөлшері

1

Ет өнімдері

20,5 кг


20,5*5=102,5 кг







Өндірілетін ет өнімдері мөлшері

Өнім түрі

Бас саны

Өнім массасы

1 кг өнімнің нарықтағы бағасы

Жалпы құны

1

Ет

2

900 кг

1700 тг.

1530000







Ет өнімінен түсетін пайда

Өнім түрі

массасы

бағасы

Жалпы құны

Түсетін пайда

Өзі тұтыну үшін

102,5 кг

1700 тг

174250 тг

1355750+

174250 =1530000тг

Сату үшін

797,5

1700 тг

1355750 тг



Енді қорытынды есептеу жүргізейік. Сүт өнімінен түсетін пайда 412500 тг және оған ет өнімінен түсетін 1355750 тг қосамыз , барлығы 1768250 тг таза пайда табуға болады.

Демек, сиырды бағу арқылы мол табыс табуға болады екен және отбасымен бірге табиғи өнімдерді тұтынуға да мүмкіндігіміз болады. Сондықтан біз сиырды ұстаймыз!

















Қорытынды

Демек,барлық қиындықтарға қарамастан "сиырды ұстау" тиімді, ол шын мәнінде ауылдық отбасы үшін қосымша табыс көзі болып табылады. Сиыры бар отбасын ет және сүтпен толық қамтамасыз етуге болады. Сонымен бірге бақша үшін көкөністерді өсіру үшін қажетті көң алынады. Оның қажетін өз пайдамызға жаратып, артығын сатып пайда табуға да болады. Консерванттар мен химиялық қоспасыз тұтынылатын өнім денсаулыққа пайдалы. Болашақ ұрпақтың салауатты да саналы болып өсуі үшін маңызы өте зор. Қосалқы шаруашылықтан пайда табу үшін экономикалық көзқарас, еңбекқорлық қажет. Тұрғындардың көпшілігі бастапқы шығындарды емес, күнделікті сиырды бағуға байланысты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізе білу керек. Өйткені сиырды сақтау үшін күн сайын ерте тұрып, жатып, азықты дайындау, сүт өнімдерін өткізуді жолға қою қажет. Сонда ғана жақсы күтілген малдан жақсы пайда таба аламыз. Қазіргі таңда көпшілігіміз оңай ақша табу жолдарын іздеп әуре болып, алтын уақыттарын босқа өткізуде. Кейбірі соның салдарынан алаяқтарға кезігіп, қолындағы барын беріп жер сипалап қалуда. Кейбір жастар оқуын бітіріп бос уақытын көше кезу мен смартфонға үңілуге жұмсауда. Оның орнына белгілі бір кәсіппен айналысып өз отбасыңның және мемлекетіміздің экономикасының дамуына үлесімізді қосуға жұмыстануымыз керек. Менің ойымша ата-бабамыздан келе жатырған кәсібіміздің бірі сиыр бағуды қолға алып мол табыс алуға болады. Бұл бір жағынан кәсіп болса екінші жағынан мол табыс. Осындай қызығы мен қатар қиыншылығы мол және қосымша табыс көзі болып табылатын кәсіппен айналысуға барлық жастарды шақырамын!!!



















Қосымшалар

1 кесте. Сиыр бағуға қажетті азықтар.


шөп

жем





69020 теңге

1 тонна бағасы

25000 тг

74000 тг

4 айға қажет

600 кг

730 кг

Жалпы шығын

15000 тг

54020 тг



2 кесте . Сиыр өнімдерін тұтыну көрсеткіштері(дұкеннен сатып алу)

Атауы

сүт

қаймақ

ірімшік

Сары май

Айран



1 дана бағасы

1 л

240 тг

500 г

500 тг

1 кг

2000 тг

1 кг

2500 тг

1 л

300 тг


саны

365 күн

52 рет

52 рет

24 рет

104 рет


Жалпы баға

87600 тг

26000тг

104000тг

60000 тг

31200 тг

307900 тг

3 кесте Сиыр өнімдерін өз қажетімізге тұтыну көрсеткіштері

атауы

сүт

қаймақ

ірімшік

бұзауға

Күн саны

365

52

52

30

Литр

1

10

5

5

барлығы

365

520

260

150


Жалпы 365+520+260+150=1295 литр



12


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.03.2025
169
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі