400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба "Ескелді би-даналықтың дариясы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ескелді бидің еңбектері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кіріспе

Мемлекет басшысы тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс, – деп атап көрсетті.

Тұңғыш Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласында: «Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті», — деп жазылған. «Өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, өлкетану бағыты бойынша осындай айтулы тұлғалардың бірегейі, сан ғасырдан бері  есімі халықтың арасында аңыздай айтылып келе жатқан «сөз бастаған шешен, қол бастаған көсем», аталы нақыл сөздері әр қазақтың жүрегінде орын алатын, болашақ ұрпақ үшін үлгі-өнеге болатын, ауданымыздың аты есімімен аталатын Ескелді бидің ескерткіші туралы зерттеу жұмысымызды назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Қазақ жері өзінің бай тарихымен ерекшеленеді. Оның ұлттық тарихы аса ерте замандардан бастау алады. Ел мен жерді қорғау ең алдымен сол ел мен сол жердің тарихын білуден басталады. Ел мен жердің тарихын білу тарихта өткен қасиетті ата-бабалар әруағына тағзым етіп, олардың игілікті істерін еске алудан бастау алады. Ұлт тарихынан білімді болудың басты мақсаты-өткеннен тағылым алу. Осыған орай еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштері білу-біздің тарих алдындағы міндетіміз.

Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор.

Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығы жайында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков ағамыз «Қай халықтың болса да рухани әлеміне саяхат оның көне ескерткіштерімен, тарихи орындарынан танысудан басталатыны мәлім» деп айтып өткен. Ескерткіштерді қираудан, бүлінуден сақтау өткен көне замандарда да өткір мәселенің бірі болып отырған. Мәдени құндылықтардың тоналуы, олардың зақымдануы кез-келген елдің, халықтың тарихын, мәдениетінің күйреуіне, жойылуына алып келеді.

        Бұл тарихи-мәдени мұралар көне тарихтың куәсі, өткенімізден сыр шертіп, бүгінгі күнге дейін сақталып, жетіп отырған ескерткіштерді қорғау мен сақтау, оларды насихаттау әрбір азаматтың еліне, туған жеріне деген жанашырлығы, мәдени мұраларға деген қамқорлығы болмақ.

Біртұтас халық тарихын игеру ең әуелі туған өлкесін танудан басталады. Киелі Ескелді өлкесі айтулы даналардың, қол бастаған батырлардың, дарынды тұлғалардың бесігін тербеген, рухани-мәдени құнары, әлеуметтік қуаты мол аймақ.

Қазақ ұлтының бағына, бақытына орай Тарих-ана әр ғасырда жаужүрек, батыр ұлдары мен қыздарын, аузымен құс тістеген би-шешендерін мол жаратқан. Қазақ жерінің бір сүйемі де солардың арқасында жаудың қолында кетпеді. Осылайша, ол шеті мен бұл шетіне құс қанаты талатын казіргі кең-байтақ өлкемізді, құтты қоныс, атамекенімізді ұлы жорықтарда батыр бабаларымыз білегінің күшімен, найзасының ұшымен қорғай жүріп бізге аманаттап қалдырды. Осы еңбегі үшін халық биікке көтерген, ардақтап, аттарын аңызға айналдырған батырлардың, қолбасшылардың, би-шешендердің ішінде Ескелді Жылкелдіұлының есімі де айрықша жарқырап көрінеді. Қолбасшы, батыр, би, әулие! Адам бойындағы айрықша қабілет, қасиеттерді айқындайтын осынау сөздер Жылкелді ұлы Ескелдінің есімімен ежелден бері тығыз бірлестікте айтылып келеді. Бізге жеткен аңыз, әңгіме, деректерге ден қойсақ, ел сүйген ердің ерекшеліктерін қапысыз иландырады. Бақсақ аталарымыз айтқан «Сегіз қырлы, бір сырлы» тұлпар туған тұлғалы жандарға еліміз қай заманда да кемде болмапты. Үш ғасырды аттап, есімі де, ерлік істері де бізге жеткен сондай тарихи түлғалардың бірі – Ескелді Жылкелді ұлы. Қолымызға ілігіп, қоржынымызға түскен көптеген аңыз, әңгіме, деректерге қарағанда ол кісінің өз заманда қолбасшылық жасап, батыр атанғаны билік құрып, әулиелік байқатқаны күмән тудырмайды. Осы орайда оның дәуірін баса айтуымыз керек-ақ. Ескелді заманы қазақ қауымының өміріндегі ең ауыр да, қасіретті уақыт. «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» жылдары 1723 талай асыл аналар мен абзал жарлады, күнәсіз қарындастарды байлауға түсіріп, адалынан жиналған төрт түліктерді айдауға түсіріп, зар еңіретіп кетті. Тап осы алақұйын, алапат кезеңде Ескелді өзінің туған нағашысы Төле бидің кебін киіп, қазақ жұртының қабырғасы сөгілген қайғылы өміріне «Қайтсем. Сен боламын?» деп арпалысты.


II.2 Дүниеге келуі

Ескелдінің әкесі – Жылкелді. Оның әкесі Жаңғабыл. Ол аса иман жүзді, тура сөзге ту болғандай әділ адам екен. Жанғабыл ел басқарған Жа­лайыр­­дың атақты биі, ойы орамды, талғамы терең, сөзге шешен жан болса керек. Осы Жанғабылдың екі баласының үлкені Жылкелді де, екіншісі Шора екен. Билер алқасының бір жиынында Жанғабыл би атақты Төле бидің үйінде отырып, Төленің қызы Ұланбикеге көзі түседі. Сөз десе сөзі бар, көркі десе көркі бар, өте инабатты қыз екенін байқаған Жанғабыл би Төле биге сөз салып, құда болады. Ақыры Жылкелді Ұланбикемен тұрмыс құрады. Ұланбике әкесінің табындағы тарғыл бұқаның басына жерік болыпты. Ол бүткіл табынды жауға да, аңға да бермейді екен. Бұйымтайшылдар қыз аңсарын әкесіне жеткізге кезде Төле би сөзге келмей, әруаққа атап ақсарбаз шалдырып, тарғыл бұқасын жетектеп жіберіпті. Бірақ жұмсаған адамдарына аманаттап:

Көз жазбай бақылап, көңілдеріңе тоқып қайтыңдар. Қызым басты қай жерінен бастап, қалай жер екен ? – депті.

Жерік апамыз ас піскенше дегбірі қалмай, қайнап жатқан қазанға неше дүркін жақындапты. Ақыры астауға салынып, алдына келегенде Ұланбике апамыз алдымен желке тұсын бір кесіп алып,апыл-ғұпыл жұтып жіберіпті. Содан кейін барып шеке, тұмсық, таңдай тұстарын алып жепті. Мұны естіген Төле би жақсыға жорып, бата жасапты.

Айы күніне жетіп, бірінің қызы, бірінің келіні, ендібірінің құдай қосқан қосағы Ұланбике аман - есен босанып, шамамен 1695 жылы Жетісу өңіріндегі Қараталөзенінің бойында жарық дүниеге Ескелдідей маңдайы жарқыраған ұл келеді. Жылкелді қайын атасына ат шаптырып сүйінші сұратқанда, Төле би ести сала қолын жайып: – «Болашақ жиенім ел бастайтын батыр, сөз саптайтын шешен болады екен, Әумин деп батасын берген екен. Төле би: "Тілекті алла ескерді, Жалайыр еліне ес келді, баланың есімі Ескелді аталсын. Елінің есін жиғызып, халық қамын ойлайтын азамат болып өсер ме екен", — деп, жас нәрестенің ертеңін болжап, шілдеханасына арнайы ақ боз ат шалдырып, дүбірлі той жасаған екен. Аруақты Төле би жаңылмапты. Болжамы дәл келіп, Ескелді ержете келе батыр, шешен, әрі алдындағы күндерді күні бұрын болжайтын, болжап қана қоймай айтқаны дәл келетін ерекше дарын иесі болып өсті.

Ескелді атамыздың шежіресіне тоқталатын болсақ, Ұлы жүздегі он екі ата Жалайырдың бір тармағы Сиыршы руынан өрбіген бес баланың бірі — Тоқымбеттен Бейімбет туады. Одан тараған үш ұлдың ортаншысы — Жанғабыл. Оның баласы Жылкелді— бес ұлдың әкесі. Үшіншісі Ескелді екен. Ескелді бабамыздың анасы Ұанбике, Ұлы жүздің бас биі Төле бидің қызы.

Егер батыр бабаның ғұмыр жолына қысқаша  ден қойсақ. Ескелдінің әкесі Жылкелді  жалайыр тайпасының  ішіндегі берекесі мен бірлігі мол  сиыршы руынан шыққан. Жанғабылдан   екі ұл — Жылкелді мен Шора тараған.  Жылкелді туралы мәліметтерге сенсек,  «жігіттің сұлтаны» атанған өте маңғаз, ақылды жан болыпты. Аңызға сенсек, Ескелді дүниеге келіп, Төле биден сүйінші сұрапты дейді. Сонда Төле би: «Тілекті Алла ескерді, Жалайыр еліне ес келді, Баланың аты Ескелді болсын, Елінің есіне ес қосылып, халқының қамын ойлайтын азамат болсын!» — деп батасын беріпті.   Өзінің туған нағашысы Төле би тәрізді  Ескелді  халқына қамқор,  батыр болып өсіпті.  Ол бала кезінен-ақ батыл, әділетті сөйлеуімен ерекшеленген. Баланың ерекше қабілетін байқаған Төле би  әлденеше рет қиын сұрақтар қойып, жауабына қанағаттанған деген де аңыз әңгімелер жетерлік.


Мысалы, туған нағашысы  ауылына қонақ болып келген Ескелді бала  атасына сәлем берген соң, Төле би:


— Досың қайда, дұшпаның қайда, балам? — деп, баланың бетіне қарапты. Сонда Ескелді сұқ саусағымен жүрегін нұсқап, тілін көрсетіпті. Одан кейін Төле би тағы да:


— Жақсылық пен жамандықтың тұрағы қайда? — депті. Нағашысының бұл сұрағына Ескелді бала оң иығы мен сол иығын көрсетіпті.  Төле би онымен қоймай:


— Білікті адам қандай, ақымақ адам қандай? — депті.  Ескелді көз алдына күн салып, алысқа қарапты. Сәлден соң көзін тарс жұмып, аяғының астына үңіліпті. Баланың жауабын сөзсіз түсінген  би риза болып, алақанын жайып жіберіп,  ақ батасын берген екен деген де аңыз бар.



II.3 Бала Ескелді

Балалық шағы тарихшылардың айтуларына қарағанда 1223 жылғы «Отырар ойранынан» бастап, 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»аралығындағы бес ғасырдан астам уақыт ішінде қазақ елі орта есеппен он-он төрт жылдан артық уақыт бейбіт өмір сүре алмаған. Ер балалардың қабырғалары қатып, бұғаналары бекіп, ат жалын тартып, атқан мінген шағын ата-бабаларымыз армандай аңсаған. Олар «өсер елдің баласы он бесінде баспын дейді» деп, жасөспірім ұландарды ертерек есейтіп, есті қылық көрсетуге қарай тәлімдеп отырған.

Он бесінде отыздағы отағасының ұлағатын байқатқан адамның бірі – әйгілі Абылай болса, екіншісі – Ескелді. Ескелдінің жастайынан зерек, тапқыр болып өсуіне қоршаған ортасы игі ықпал еткен. Ел билеген азаматтар, айыр тілді билер бас қосқанда әкесі Ескелдіні бала кезінен бірге ертіп жұрген. Келе-келе есі кіре бастаған кезде билер шиеленіскен дау-дамайдың шешуін таппай дағдарып отырғанда балаң жігіттің еті қызып, арқасы қозып, сөз сұрай бастаған. Ауыл ақсақалдары, білікті билер оқта-текте сөз кезегін бергенде Ескелді асқан тапқырлықпен, шешендікпен, ақынша ұйқас сөздер тауып, сөйлей жөнеледі екен. Бұған әкесі Жылкелді ұяла қысылып: "Балам, үлкендердің алдына бекер түсесің", — деп, тыйым салмақ болғанда сөз төркінін ұғатын зерделі, зиялы кісілер: "Жылкелді, баланың талабын қайтарма, бұл жерде "ата тұрғанда ұл сөйлегеннен без, ана тұрғанда қыз сөйлегеннен без" деген көне мәтелді қолдану ретсіз, балаңның ұғымы да, түйсігі де бөлек, басқа балаларға ұқсамайды" дегенде, көңілі тасып шабыттанған Ескелді:

Қой асығын қомсынып, 
Шымыр емес демеңіз, 
Қолға жақса сақа ғой. 
Ұл сөйлесе шамсынып,
Жасы кіші демеңіз,
Ақылы асса дана ғой, — деп тоқтаған екен. Бұған әкесі де шаттанып: "Балам, алдыңнан жарылқасын, үй баласы ма десем, ел баласы екенсің, еліңнің ай маңдайлы арысы бол!". — деп, батасын берген екен. Ескелдінің жастайынан зерек, тапқыр болып өсуіне қоршаған ортасы игі ықпал еткен. Ел билеген азаматтар, айыр тілді билер бас қосқанда әкесі Ескелдіні бала кезінен бірге ертіп жұрген. Келе-келе есі кіре бастаған кезде билер шиеленіскен дау-дамайдың шешуін таппай дағдарып отырғанда балаң жігіттің еті қызып, арқасы қозып, сөз сұрай бастаған. Ауыл ақсақалдары, білікті билер оқта-текте сөз кезегін бергенде Ескелді асқан тапқырлықпен, шешендікпен, ақынша ұйқас сөздер тауып, сөйлей жөнеледі екен. Бұған әкесі Жылкелді ұяла қысылып: "Балам, үлкендердің алдына бекер түсесің", — деп, тыйым салмақ болғанда сөз төркінін ұғатын зерделі, зиялы кісілер: "Жылкелді, баланың талабын қайтарма, бұл жерде "ата тұрғанда ұл сөйлегеннен без, ана тұрғанда қыз сөйлегеннен без" деген көне мәтелді қолдану ретсіз, балаңның ұғымы да, түйсігі де бөлек, басқа балаларға ұқсамайды" дегенде, көңілі тасып шабыттанған Ескелді:

Қой асығын қомсынып,
Шымыр емес демеңіз,
Қолға жақса сақа ғой.
Ұл сөйлесе шамсынып,
Жасы кіші демеңіз,
Ақылы асса дана ғой, — деп тоқтаған екен. Бұған әкесі де шаттанып: "Балам, алдыңнан жарылқасын, үй баласы ма десем, ел баласы екенсің, еліңнің ай маңдайлы арысы бол!". — деп, батасын берген екен. Төле би жиені бес жасқа толғанда ұлы жүздің бар жақсысын шақырып, Ескелдіні оң тізесіне отырғызып: "Ақыл-есім орнына келді, енді бір он бес жыл жасаймын" — деп, өзінің де алдағы ғұмырын болжаған екен. Бұл жолы Төле би ең ұлы үш батасының бірін Ескелдіге берген екен. Қызырдың сөзіндей бірінші батасын 
Абылай ханға, екінші батасын Жетісу жерін жау қалмақтан азат етуде айрықша еңбек сіңіріп, теңдессіз ерліктер жасаған Өтеген батырға берсе керек.

Бабамыздың алғашқы билігі жөнінде ел аузында мынандай аңыз қалыпты.Жаз маусымы болса керек , бір байдың ауылы судың бойына келіп қонады. Деміне нан піскен бай суға түсіп жатқан балаларды жатып кеп қуалайды. Байекеңнің астындағы байтал асау екен, тоңқаңдай қашқан балалардан үркіп, тулайды. Байдың бөркі басынан ұшып, алдына түседі дағы,байтал одан әрмен мөңкіп үсиіндегі Байсалбек байды жығып, өлтіріп кетеді. Байдың бауырлары балалдардың елінен құн сұрап, үш-төрт күн жатады. Бітісе алмайды. Сол кезде тайға мінген жеті жасар бала келіп:

Дауларыңыздың билігін маған берсеңіздер, қазір тыңдырайын, - дейді. Әбден қажыған қарттар:

«Қой асығы демеңіз, 

Қолыңа жақса сақа ғой. 
Жасы кіші демеңіз,
Ақылы асса ата ғой,»- деген халқымызыдың қағидалы сөзі бар емес пе, бұл бала кім өзі?- деп орталарына алады. Ол жалайыр ішіндегі сиыршының бір тармағы Тоқымбеттен өрбіген Жылкелдінің баласы Ескелді болып шығады. Өз ара аз-кем кеңесіп алған ақсақалдар:

Біз сені баласынғанымызбен, бір ойға келіп тұрмыз. Айтамын десең, даудың бітімін айта ғой, шырақ!- дейді. Сонда бала :

Рас, менің өзім баламын,

Бала да болса данамын.

Бұл дауыңның жобасын

Ақылға ойлап саламын.

Маған берсең дауыңды

Әзіретті табамын. Тек,

Риза болсаң болғаны

Көпшілік тұрған адамың?!- дейді де, - ердің құны жүз жылқы. Бұл істе тентек төртеу: әуелі ойнап жүрген балалар тентек. Екінші – оларды қуған бай тентек, үшінші - байтал тентек, төртінші – бастан ұшқан бөрік тентек. Төрт тентекке жүз жылқыны тең бөлу керек, - дейді. Елең етіп мәмлеге келген ел келісе кетіпті. Сол күннен бастап, Ескелді бабамыз ел назарына ілігіп, дуалы аңызға айналса керек.

Атамыз ер жеткен шағында, бірде Абылай хан жорық сапарынан келе жатып, жолай Сыр бойын жайлап отырған Жалайыр еліне ат басын бұрыпты. Осы өңірдегі сыйлы кісілердің бірі Жылкелді оны арнайы қонақ етеді. Сый-сияпат көріп, көңілі толған Абылай үй иесін сөзге тартады. — Ақсақал, әңгіме айта отырайық.Сіздің ойыңызша, жол анасы не, су анасы не, сөз анасы не? — деп сұрақ қояды.Адамгершілігі, кісілігі айрықша болса да Жылкелді мүндай тапқыр сөзге орашолақтау-тұғын. Сонда да сұраққа жауап беру керек: - Жол анасы үлкен даңғыл жол шығар. Су анасы — мұхит, сөз анасы тіл шығар, — депті күмілжіңкіреп. Сондасөзге құлақ тігіп отырған Ескелді: —Жол анасы тұяқ болар, су анасы бұлақ болар, сөз анасы құлақ болар, — деп жауап берген.Енді бір деректе, ер жетіп келе жатқан жиенін Төле би сынамақ болған екен. Алыстан сәлем беруге арнайы келген Ескелді әбден кәрілік жеңген нағашы атасына:

Армысыз, ата!
Таудан аққан бұлағым,
Жауға шапсам ұраным.
Сыйынсам да аллаға
Өзіңді айтып тұрамын!
Алты Алаштың өрісің,
Халқымызыдың төрісің.
Өзің ғана табасың
Әрбір істің желісін, — деп, сәлем берген екен. Жақын жолдастарын ертіп, сонау Сыр бойынан Қазығұрт
 етегіне арнайы келген жиеніне риза болғаны сонша бірден өбектемей, ақыл-есінің қаншалықты толысқанын байқау үшін: —Досың қайда? Дұшпаның қайда ? — деп сұрақ қойыпты Төле би. Ескелді сұқ саусағымен жұрек тұсын нұқыпты да, аузын ашып, тілін көрсетіпті. —Жақсылық пен жамандықтың тұрағы қайда? — деп сұрағанда, Ескелді оң иығы мен сол иығын көрсетіпті. — Білікті адам қандай? Ақымақ адам қандай? — деп сұрағанда Ескелді күн көзіне күн салып қарап, алысқа үңіліпті, содан кейін көзін жұмып, төмен қарапты. Сонда қарт би "түсіндім" дегендей басын изеп, "балам, қолыңды жайшы" депті.

Шырағың жанып тұрсын,
Бұлағың ағып тұрсын.
Мың да бір бәледен,
Жүз де бір кесапаттан
Алла тағала қағып тұрсын.
Жазың жайлы болсын,
Қысың майлы болсын,
Отын-суың сайлы болсын.
Саған қастық ойлағанның
Көкірегіне қайғы толсын.
Дұшпаның табаныңда болсын,
Достарың қабағыңда болсын.
Маңдайыңда жұлдыз болсын,
Таңдайыңда бұлбұл болсын, — депті. Бұл жолы Төле би ең ұлы үш батасының бірін Ескелдіге берген екен. Қызырдың сөзіндей бірінші батасын 
Абылай ханға, екінші батасын Жетісу жерін жау қалмақтан азат етуде айрықша еңбек сіңіріп, теңдессіз ерліктер жасаған Өтеген батырға берсе керек.

Қонақтар бой жазып сыртқа шыққанда, жолдастары: — "Достарың кім? Дұшпаның қайда?" дегенде, неге жүрек тұсын нұқып, неге аузыңды ашып тіліңді көрсеттің? — деп сұрағанда, Ескелді: —Қас та, дұшпан да, дос та адамның өзінен. Жүрегің жұмсақ, пейілің кең болса, дос көп. Жүрек — адам денесінің төрешісі. Төреші әділ болса, жұрт айналаңа жиналады, сондықтан достықтың діңгегі деп, жүрек тұсын көрсеттім. Тіл — адамның әрі досы, әрі дұшпаны. Парасатты сөз айтсаң, біреуге жақсылық тілесең, жан-жағың жарқырап жүреді, байқамай, ағат сөз айтсаң — жан-жағың жабыла шағатын жылан-шаянға толады. Мен соны мезгедім. —"Жақсылық пен жамандықтың тұрағы қайда?" деген сұраққа оң иығың мен сол иығыңды неге көрсеттің?,—деп сұрағанда, Ескелді: —Көне аңыздарда Қаһарман, Қатибин деген екі періште адам баласының жақсылығы мен жамандығын екі иығында отырып, үнемі жазып отырады деп, әжем мен атам айтатын. Бұл — жай сөз емес, әрбір пенде адамдықтан асып кетпесін деген тілектен туған. Бала жігіт бірнеше күннен кейін еліне жүрмек болғанда, Төле би жиенін өз ордасына шақырып, ақ бурыл дөненді, күмістеп шапқан ер-тұрманымен алдына көлденең тартып, алмас қылыш сыйлапты. Ескелді нағашы атасы берген түлпарға мініп, алмас қылышын жарқыратып қолына ұстағанда, тұлғасы жауға енді аттанғалы тұрған батырға ұқсаса керек. Сонда Төле би:

Бір алла жар болып,
Қызыр-Ӏлияс шылауыңда болсын.
Атың құтты болсын,
Жаның жұпты болсын.
Табаныңнан мұз өтсін,
Маңдайыңнан күн өтсін.
Үйің ырысқа толып,
Төріңе Қызыр түнесін.
Ғайып-ерен қырық шілтен
Жан-жағыңнан қолдасын.
Мұратың халық болсын,
Алдың жарық болсын! — деп бата беріпті.

Күллі Ұлы жүзді аузына қаратқан Төле биден бата алған соң Ескелдінің абыройы көтеріліп, барша Жалайырдың билігіне араласа бастайды. Өзінен екі жас кіші Балпық би де осы тұста ел басқаруға жарап қалған еді. Екеуі тізе қосып, Орақ батырды қолбасшы етіп, елді үгіттеуге, мәміле жүргізуге от ауызды, орақ тілді Қаблиса (Қабан) ақынды бас етіп, Сыр бойындағы елді Жетісу өлкесіне қарай көшіреді. Бұл оқиға Қалқа Жапсарбаевтың дастанында тамаша суреттелген. Шежіре бойынша оқиға 1767 жылы болған сияқты. Талдықорғанның маңайындағы Үштөбедеген жерде Абылай бастаған қол қалмақтармен бетпе-бет кездесіп қалады. Сол кездегі салт бойынша әуелі екі жақтың батырлары жекпе-жекке шығуы керек. Сонда Долонхор деген қалмақ батырымен Ескелді айқасып, ұзақ арпалыстан кейін аттан аударып, басын кесіп әкелген екен. Сонда қазақтар жаппай шабуылға шығып, жауды қашырған дейді. "Ер Ескелді аталатын" тұсы сол. Осы оқиғадан кейін Ескелді бір топ жасаққа қолбасшы болып тағайындалады. Ол Абылайға былай десе керек:

Алдияр деп айқайлап,
Тұла бойда қан ойнап,
Елім үшін құрсанып,
Қылыш іліп білекке,
Өлімге де бас байлап,
Жеткіз деп құдай тілекке,
Суық ұстап түсімді,
Қайрап қойып тісімді,
Найзаға байлап ақ байрақ,
Жауға шаптым бөгелмей,


Сынағалы күшімді!

II. Қолбасшы,би, батыр, әулие Ескелді

Ескелді бастаған қол Ӏле, Қаратал, Көксу  бойында қалмақ жасақтарына қырғидай тиіп, бекіністерін талқандап, үнемі жеңіске жетіп отырған. Азық- түлік, күш-көлік әкеле жатқан тылдағы керуенін ілгері бастырмай, тау-таудың қуысына тығып талқандайды екен. Ол бастаған қолдың Ӏле, Бақанас жақтағы ерліктері осы күнге дейін ел аузында. Ол Қапалда Қабанбай тобына қосылып, жаралы жауды шекарадан асыра қууда да айрықша көзге түскен.Кейін Ескелді би бастаған қол Аңырақай шайқасына, Аягөз бен Шу өзені аралығын қазіргі Текелі қаласынан әрідегі Жолбарыс сайы, Балдырғанды, Қызқұлаған және Шажа деген жерлерде өткен соңғы шайқастарда асқан ерлік көрсетіп, қазақ жерін жаудан азат етуге орасан үлес қосты.

Күллі Ұлы жүзді аузына қаратқан Төле биден бата алған соң Ескелдінің абыройы көтеріліп, барша Жалайырдың билігіне араласа бастайды. Өзінен екі жас кіші Балпық би де осы тұста ел басқаруға жарап қалған еді. Екеуі тізе қосып, Орақ батырды қолбасшы етіп, елді үгіттеуге, мәміле жүргізуге от ауызды, орақ тілді Қаблиса (Қабан) ақынды бас етіп, Сыр бойындағы елді Жетісу өлкесіне қарай көшіреді. Бұл оқиға Қалқа Жапсарбаевтың дастанында тамаша суреттелген. Шежіре бойынша оқиға 1767 жылы болған сияқты. Ауыз әдебиетін, тарихи деректерді көп жинаған Әубәкір Диваев былай деп жазған: "Үйсіндер Сырдан ауып келген... Сарқырама, Қараөзен, Қуаң деген жерлерден қалмақты қуып, Жетісуға егін салып орналасқан. Үйсіннен Қасқарау Өтеген батыр, Суаннан Қараекенің баласы Дәулет, Жалайырдан Ескелді, Сыпатай, Байқоңыр батыр бесеуі жерге бастап алып келді. Қалмақтан әуелі жерді босатқан Қаракерей Қабанбай, Тарақтыдан шыққан Тәттібай батыр, Қораластан шыққан ер Жауғаш, Ыстыдан шыққан Шой батыр Абылайды хан көтеріп, қалмақты қуған". Бәрі шындық, тек Абылайды әлгі аталғандар ғана емес, күллі қазақтың ру басылары, қолбасшылар хан көтергені тарихтан белгілі. Тағы бір шындық, Бұхар жыраудың ашумен айтқан бір сөзіне бола Абылайды Төле би құл ретінде ұстады деу мүлде қате, ол оның түйесін де баққан емес, ақылына, мінезіне іштей риза болған ұлы би болашақ ұлы ханды өз ұлындай көріп, тәрбиелеп өсірген. Талдықорғанның маңайындағы Үштөбе деген жерде Абылай бастаған қол қалмақтармен бетпе-бет кездесіп қалады. Сол кездегі салт бойынша әуелі екі жақтың батырлары жекпе-жекке шығуы керек. Сонда Долонхор деген қалмақ батырымен Ескелді айқасып, ұзақ арпалыстан кейін аттан аударып, басын кесіп әкелген екен. Сонда қазақтар жаппай шабуылға шығып, жауды қашырған дейді. "Ер Ескелді аталатын" тұсы сол. Осы оқиғадан кейін Ескелді бір топ жасаққа қолбасшы болып тағайындалады. Ол Абылайға былай десе керек:

Алдияр деп айқайлап,

Тұла бойда қан ойнап,

Елім үшін құрсанып,

Қылыш іліп білекке,

Өлімге де бас байлап,

Жеткіз деп құдай тілекке,

Суық ұстап түсімді,

Қайрап қойып тісімді,

Найзаға байлап ақ байрақ,

Жауға шаптым бөгелмей,

Сынағалы күшімді!

Ескелді бастаған қол Ӏле, Қаратал, Көксу бойында қалмақ жасақтарына қырғидай тиіп, бекіністерін талқандап, үнемі жеңіске жетіп отырған. Азық- түлік, күш-көлік әкеле жатқан тылдағы керуенін ілгері бастырмай, тау-таудың қуысына тығып талқандайды екен. Ол бастаған қолдың Ӏле, Бақанас жақтағы ерліктері осы күнге дейін ел аузында. Ол Қапалда Қабанбай тобына қосылып, жаралы жауды шекарадан асыра қууда да айрықша көзге түскен.

Ескелді атамыз би, шешен, батырлығымен қатар әулие адам да болған.

Ескелді бидің әулиелігін куәландыратын бір дерек: сонау бір жылдары Қаратал өңіріне күріш егеміз деп жер қазғанда тік тартылған канал Ескелдінің зиратына тіреліпті. Жергілікті қариялар зиратқа жақындамаңдар, алыстан айналдыра қазыңдар десе, бұл жұмысты басқарушылар: "Әулиеге де, құдайға да сенбейміз"— деп, экскаваторшыны жұмсай беріпті. Алып машина қайта-қайта бұзылып сынса да, аналар өршелене түскен. Ақыры экскаватор құлап, машинист оңбай жараланған. Соңында канал арнасын күмбезден бұрып әкетуге мәжбүр болған. Мұны көзімен көргендер бар!

Көзінің тірісінде әулие атанған, әрі шешен, әрі батыр Ескелді бидің кейбір заттарын ұрпақтары әлі күнге дейін көздің қарашығындай сақтап отыр. Қазіргі Алматы облысы Қаратал ауданындағы Сарыбұлақ ауылында Ескелді-Балпық мұражайы бар. Сонда Ескелді ұрпағы Әлбилан баласы Нұрсағат қария сақтап тапсырған дулыға көрмеге қойылған. Және бір қасиетті мүлкі, атамыздың бас киімі бұрынғы Талдықорған облысындағы (қазіргі Алматы облысы, Ескелді ауданы)"Жетісу" колхозының Екпінді ауылында тұратын Жүнісбай баласы Сүлеймен карияның қолында сақталып келген болса, қазіргі таңда Сүлеймен қарияның баласы Бақберген көзінің қарашығындай сақтап келеді. Бақберген Сүлейменұлы Ескелді атамыздың кесенесінің шырақшысы болып, өскелең ұрпаққа бабамызды дәріптеп, тарихи жәдігерді сақтап келеді.

Бір басында би, батыр, әулиелік ғаламат қасиеті бар аса кемеңгер тарихи тұлға қазақ елінің мүддесі үшін өзінің күш-жігерін жұмсап, ел бірлігін сақтау мақсатында теңсіздікке қарсы тұрып, жоңғар-қалмақ басқыншыларымен аянбай шайқасты, теңдессіз ерліктің үлгісін көрсетті.Өзінің шешендігімен де аты шыққан бабамыздың артына қалдырған тәлім мен тәрбиеге толы ғақлия сөздерін бүгінде ұрпақтары жарыса жаттап, игіліктеріне жаратып жүр.

Бізге жеткен аңыздар мен тарихи деректерге қарағанда, Ескелді батыр бабамыз елге сөзін ғана емес ісін де өткізе білген асқан данагөй адам болған. Сондықтан да оны заманының небір игі жақсылары мен жайсаңдары осы қасиеттері үшін қадір тұтып, құрметтеген, қастерлеген. Ескелді бидің халықты «Жеті жасар бала асырамайды, жеті жасар ағаш асырайды» деп жұртқа тоған қаздырып, егін салдырту, бау - бақша өсіртуі оның ел болашағын ойлаған данышпандығын, кемеңгерлігін байқатады. Халық үшін еңбек етудің мәңгілік үлгісін көрсетіп кеткен ортақ бабамыз, баршамыздың мақтанышымыз Ескелді би аруағы бізді барша істерімізде демеп-жебеп келеді. Ұлы баба Ескелді би: «Ескергенді ескерем» деп артындағы ұрпақтары – бізге ұлағатты сөз қалдырса, біз мұны әрдайым жадымызда ұстай отырып, мәңгілік есте сақтау үшінатамыздың құрметіне ескерткіштер қойылып, аудан, елді мекен, көшелерге атаулары берілуде. Жетісу өңіріне  есімі белгілі  Ескелді би, әулиенің 300 жылдық мерейтойы  1992 жылы  кеңінен аталып өтті.  Талдықорған қаласында ғылыми-танымдық конференция өткізіліп,  Түркиядан, Монғолиядан  және еліміздің түкпір-түкпірінен ғалымдар, жазушылар  мен өнер қайраткерлері келіп қатысты.  Қазіргі кезде Қаратал ауданында бой көтерген баба кесенесіне  тәу етіп баратын адамдардың қарасы өте мол.  Тұрмыс тауқыметін тартып,  қиыншылық көріп, жолы болмай жүрген адамдар ата басына барып, құран бағыштап қайтады.


Ескелді би, Балпық би және Қабан жырау бабалардың, яғни үш атаның ескерткіші  өткен ғасырдың шежіресін шертіп, Талдықорған қаласының  үлкен көшесінің бойына орналасқан.  Ескелді ауданы, ауылы,  мектебі  және көше атаулары бар.  Биылдың өзінде Ескелді бидің ғұмыры жайлы жинақ облыс әкімдігінің қолдауымен  жарық көрді.     Елбасының мақаласында: «Әрбір өлкенің  халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар  перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», — деген сөзіне орай, әулие бабаның ғұмыр жолы жас ұрпақты  отансүйгіштік қасиетке   тәрбиелеуде ең жақсы құрал ретінде пайдаланылып  келеді.  Ескелді би, батыр баба есімі жаңа  ғасырлардың төрінде мәңгі жасай  бермекші. Өйткені  бұл кісі батыр ғана емес, бір жағынан ақылгөй, шешен, би болған адам.  Бір сөзбен айтсақ, әулие деп атанған Ескелді бабамыз ел мен жерін қорғап, сақтап қалған айтулы тұлға.







ЕСКЕЛДІ БИ — ДАНАЛЫҚТЫҢ ДАРИЯСЫ

Picture 1 Picture 2

Қазақстандағы барлық жер атауларының сөздігін шығарып, қай атау, қандай жағдайда, қандай мағынамен қойылған, ол сөздің түпкі түрі қандай болған дегенді ғылыми тұрғыдан анықтап, көрсету керек. Жеріңе қойылған ат еліңнің ұрпақтарға қалдырып кеткен хаты сияқты ғой. Атап айтатын болсақ, Алматы облысы, Ескелді аудан орталығы атамыздың есімімен аталып, Ескелді әулиеге ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің авторлары: мүсіншілер: Байыстан Батырбаев пен Жеңіс Молдабаев, суретші Анарбек Нақысбеков және Сұлтан Дүйсембінов.Ауданға бабамыздың атын беріп,ескерткіш орнатуға елеулі үлес қосқан азамат К.Т.Әбдірахманов еді. Бұл ескерткіш арқылы жас ұрпақ Ескелді биді мәңгі есіне алып жүрері анық. Сонымен қатар, Ескелді бабамыздың бірнеше бой көтерген ескерткіштері де бар. Атап айтатын болсақ, Талдықорғанның қақ ортасында 2006 жылы ұлы арғы аталарымыздың құрметіне, оларға тағзым еткен ұрпақтары көтерген сәулетті монумент анадайдан көз тартады. «Үш ата» деп аталған ескерткіштің скульптуралық композициясында ХҮП-ХҮШ ғасырлар аралығында өмір сүріп, жоңғарлардың қалың әскерлерін талқандауға айтарлықтай үлес қосқан атақты Ескелді би, Балпық би және Қаблиса жырау сияқты үш тарихи тұлға бейнеленген.

Picture 2 Picture 3

Ескерткіш 2006 жылы «Қазақстан» кинотеатрының алдында бой көтерді

Көздерінің тірісінде олар туралы аңыздар ауыздан ауызға тарап, екі көреген саясаткер, ержүрек батыр мен дана би, суырып салма ақын, халқының қорғаушылары болып табылатын бір-біріне адал үш пікірлес серіктестердің абырой-атағына Ұлы Кең даланың халқы шүбә келтірмейтін. Олардың жауынгерлік ерліктері, Ескелді би, Балпық би және Қаблиса жыраудың даналығы мен ақындық шеберлігі туралы бұрынғы және қазіргі ақындар мен зерттеушілер көптеген өлеңдер шығарып, поэмалар, күйлер, трактаттар мен монографиялар жазған. Ескерткішті орналастырудың өзінде үлкен мағына жатыр – үш алып қарттың жанарлары шығысқа қарап, көптеген ғасырлар бойы алдымызда не күтіп тұрғанын асқан шеберлікпен болжай білген, егемен Қазақстанның арайлап атар таңын көріп тұрғандай...























Ескелді би кесенесі


Ескелді би кесенесінің салынуы. Кесене Ескелді бабамыздың - 300 жылдық мерейтойы кезінде халық қаражатымен 1992 жылы салынды. Ол Қаратал ауданындағы Ескелді би ауылының жоғарғы жағындағы Қызылжар өңірінде (Үштөбе  арнасының иініне) орналасқан. Кесене қазіргі заманғы үлгіде салынған,аспан түстес жоғарғы жағы күмбезделінген. Гранит құлпытасы бар. Ескелді би кесенесі республика дережесіндегі ескерткіштер қатарына жатады.

Тарихи тұлғаның туғанына 324 жыл. Мемлекет қорғауына алынған тарихи ескерткішке жергілікті бюджеттен биыл 27 млн. теңге қаржы бөлініп, кесене алдына төсеніштер төселінуде. Жан-жағы қоршалып, айналасына 700 түп ағаш отырғызылған. Атақты Төле би жиенін 12 жасқа дейін қасына ертіп жүріп өзі тәрбиелеген. Кейін Ескелді би хан Абылайдың уәзірі атанып, қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатына етене араласады.

Ескелді би кесенесінің шырақшысы Бақберген Жүнісбаев баба рухына тағзым етушілерге бидің өмірбаянын, түрлі қызықты оқиғаларын айтып отырады. Шырақшының айтуынша Ескелді би кесенесі  4-рет жаңартылды. 2015 жылы бидің ұрпағы академик Еділ Ерғожин бір топ іскер азаматтың қолдауымен молаға заманауи келбет берген.

Ескелді би кесенесі республикалық дережедегі ескерткіштер қатарына жатады.Осындай құлпытастың бірінде:

Торғындай торқа болсын топырағың.

Пейіштей болсын туған атырабың.

Ұрпағың мәңгі - бақи өсе берсін,

Бәйтеректей кең жайған жапырағың, – деп,тікелей ұрпағы Еділ ағамыз бабасының рухына тағзым етіп, ұрпағы атынан өз толғауын жеткізді .


«Ізгіліктен - із қалар, артында бар оңалар» деген қазақтың керемет сөзін ескерсек, баба басна жылына бес-алты рет келіп тәу ететін Ұлы Академик 2015 жылы кесенені заман талабына сай, қайта жөндеуден өткізді. Ірге тасын екі метр тереңдіктен қаздырып, білеу темірлермен өргізе отырып, сапалы бетондап құюдан бастаған Еділ ағамыз Хорезмнен арнайы келген құрылысшылармен кесенені бес – алты айға жетер - жетпес уақытта қалатып, аспан түстес көк күмбезін үлкен зауытта жасатып көтерді. Мұнан соң ай бейнесі ілінген ұшарлары ыстық пен суыққа төзімді қар мен жаңбырға өң бермейтін алтындалған өзгеше құрамдағы металдан жасалған, қарасаң көздің жауын алатын кесене қабырғаларының биік басына орналастырылған мұсылмандық-имани белгілерді Ресейден жасатып алдырды. Одан әрі күмбездің едені көкшіл ақ мәрмәрмен, ал плинтусы Қордайдың қызыл-қоңыр гранитімен көмкерілген. Кесененің ішіне кірсеңіз, күмбез көк аспанмен астасып тұрғандай көрінеді. Әрине, мұның осылай болуына облыс басшысы Амандық Баталов кәнігі құрылысшы ретінде ақыл – кеңес қосқанын ерекше айтып кету керек. Өскелең ұрпақ ұлы бабамыздың ескерткішін ардақ тұтып, тағзым етеді.

Жастарды өздігінен шығармашылық ізденіс жұмыс түрлеріне тарту арқылы рухани жаңғыруды жүзеге асыру аясында экскурсия, туристік-өлкетанулық экспедициялар құрылып, мектеп оқушылары өз өлкесінің тарихын зерттей отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Ескелді бабаның кесенесіне барып қайтты.


ІІ.6. Ер есімі-ел есінде

Асыл азаматтарын ардақ тұтып, туған жерін басқыншылардан азат ету жолында жанын аямаған ұлы бабамыздың есімі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ауданымызға 2000 жылы қайтарылды. Сөйтіп, ұзақ жылдар бойы ескерусіз келе жатқан Ескелді би есімі енді ресми құжаттарға енгізіліп, қазақ халқының тарихында, өмірлік шежіресінде берік орын алды.

Тарихқа оралатын болсақ, 1925-1927жылдары Талдықорған уезіндегі Қарабұлақ селосы аймақтағы болыстардың бірі Ескелді есімімен аталған болатын. Тарихи мұрағат құжаттар бойынша Ескелді болысына Қарабұлақ селолық кеңесі, орталығы Шұбар ауылы болған №1, № 3 ауылдық кеңестері кірген. Бүгінгі күні кезінде елін қоныстандырған ауданға Ескелді есімі екінші рет қайталанып берілді.

Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ ауылына тоқталатын болсақ, Қарабұлақтың іргетасы 1855 жылы қаланып, 1867-1870 жылдары Қарабұлаққа орыстың кедей шаруалары қоныстана бастайды. Осы кезде қазақтар орыстармен «тамыр» болып, ауылы аралас, қойы қоралас болып жақын орналасады. Қарабұлақ кенті Қаратал өзенінің сол жағында, Жоңғар Алатауының бауырайында орналасқан. Талдықорған –Текелі жолының үстінде қос қаланың серігіндей тура ортасында Қарабұлақ кенті арқылы Алматы-Текелі, Үштөбе-Текелі және басқа ауданның елді-мекендерін байланыстыратын автомобиль жолдары өтеді.

Талдықорғанда тұратын ақын, журналист Әли Ысқабаев Ӏле өзенінің Балқашқа құятын сағасында өмір сүрген Найзабай баласы Қосшыбай қарттан Ескелді би айтты деген мынадай сөздерін жазып алған:


Екі жақсы бас қосса,

Бірін бірі қия алмас.

Екі жаман бас қосса,

Кең қонысқа сия алмас.


Жаңбырсыз — жер жетім.

Басшысыз — ел жетім.


Бақ пен дәулет тең келсе,

Адамның толар кемелі.


Қиямет көрсең де ғұмырдан,

Тұяғың таймасын тұғырдан.

Көңіл — гүл,

Тіл — бұлбұл,

Сезім — сері,

Нәпсі — бөрі.


Сабыр — ақыл серігі.


Жаманның дәмесі зор, сөзі қотыр,

Көкірегі қараңғы көр, көзі соқыр.

Әйел — үйдегі ырысың,

Ұл — айбарлы қылышың.

Қыз — түздегі өрісің,

Келін — кеңейген тынысың.


Олақ — міншіл,

Қызғаншақ — күншіл.

Сырғақ — сыншыл,

Бос сөз — былшыл.

Пәнидегі сорлы адам,

Арын төгіп сорлаған.

Қаріп-қасірге шырақ бол,

Жетім-жесірге бұлақ бол.

Жеріне қарап елі туады,

Еліне қарап ері туады.

Ел қонбаса — жер азады,

Жер болмаса — ел азады.


Қатарынан озатын ұл биікте жүреді,

Ез атанып тозатын ұл иықта жүреді.


Ақылды елді оздырады,

Ақылсыз өзін-өзі тоздырады.


Есерліктің белгісі,

Кеуде соғар, керілер.

Өсекшілдің белгісі,

Сөзі жылмаң көрінер.


Жаман болса алғаның,

Дау-дамайда қалғаның.

Өмірдің көріп жалғанын,

Тарылады жан-жағың.


Араға үш жүз жыл салған соң, әрине, көп сөздер ұмытылған. Әйтпесе Ескелді сияқты ел бастаған би, қол бастаған батыр айтқан ұлы сөздер үшан-теңіз болуға тиіс. Бүл әулиенің рухы да, ісі де ұрпақтар жадында мөңгі сақталарына күмән жоқ. Мұны біз Қаратал өзені бойында өткен 300 жылдығына арналған ұлан-асыр тойдан, оған орнатылған зәулім ескерткіштен анық байқадық.[1]





























ІІІ. Қорытынды:

Туған жерін ұмытпайтын адам туған елін қадірлейді. Елді қадірлеу туған жердің рухын бойына сіңіріп өсуінен басталады.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев рухани жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне тоқтала келе, бұл жаңғырудың маңыздылығын анықтап: бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіспіз. Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісімі үйлесіп, ұлттық береке мен бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу екендігін айтып жеткізді.

Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу – Елбасының асыл арманы. Мемлекет басшысының жастарға жаңа бағыт-бағдар бере отырып, болашақ солардың қолында екенін нақты көрсетті. Азды-көпті ел есінде қалған халық туындыларындағы ауызша мәліметтер Ескелді Жылкелдіұлын он екі ата Жалайырдың көшбасшысы ретіндегі орнын, сондай-ақ Жетісу өлкесінің, жалпы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, тарихи-мәдени өміріндегі рөлін, сол тұстағы халық мүддесі үшін атқарған орасан еңбегін баяндайды. Біз жоғарыда тарихи тұлғаның қысқаша ғана ел билеудегі, адал төрелік, әділ кесім етудегі, айбынды батыр-қолбасшы тұлғасында ел қорғаудағы, әулие-көріпкелдікпен ел келешегін жорудағы, мәмілегер елші-дипломат, сөз өнерінің шебері-шешен ретіндегі қырларын сөз еттік.

Ал дала заңдылықтарының, ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрдің білгірі абыздық-шежірешілік қызметі, философиялық ой-түйіндері, шешендік, ақын-жыраулық бейімдері толық қарастырылмады. Сондықтан келешекте Жетісу өлкесінің, жалпы қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы тарихын толықтыруда Ескелді бидің ерен еңбегі ескеріліп, оның тарихи болмысы жан-жақты зерттеледі деген ойдамыз.

Барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінуі керек. Ел үшін жанын пида етудің мәңгілік үлгісін көрсетіп кеткен ортақ бабамыз, баршамыздың мақтанышымыз. Ескелді атамыз бен оның ұрпақтары жөнінде мәліметтер жинақтап, зерттеу болашақ жастардың үлесінде.
































12


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
1343
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі