Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба «Геометрия сабақтарында оқушылардың сыни ойлау дағдыларын арттыру жолдары»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы
№58 жалпы орта мектебі
Ғылыми жоба
Тақырыбы:
«Геометрия сабақтарында оқушылардың сыни ойлау дағдыларын арттыру жолдары»
Орындаған: математика пәнінің мұғалімі Байболова Н.
Ғылыми бағыты: сапалы білім – болашақтың негізі
Секция: жаратылыстану
Шығармашылық жоба өзектілігі:
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін геометрия сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын арттыруға жағдай жасау.
Шығармашылық жоба мақсаты:
Геометрия сабақтарында оқушылардың сыни ойлау дағдыларын арттыру жолдарын табу.
Шығармашылық жоба міндеттері:
-
Геометрия сабағында оқушы үшін сыни тұрғысынан ойлау дағдыларының маңызын негіздеу;
-
Геометрия сабағында оқушы үшін сыни тұрғысынан ойлау дағдыларының арттыру үшін тиімді әдіс-тәсілдерін сипаттау;
-
Геометрия сабағында оқушының сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын арттырудағы әдіс-тәсілдерін оқып үйрену;
-
Зерттеу жұмыстарының дағдыларын игеру;
-
Қорытындысын шығару
Шығармашылық жоба зерттеу нысаны мен пәні:
-геометрия пәні;.
- сыни тұрғыдан ойлау технологиясының элементтері;
Зерттеу әдістері:
Қойылған міндеттерді шешу үшін зерттеудің әртүрлі әдістерінің жиынтығы қолданылды. Теориялық: зерттеу мәселесі бойынша дәстүрлі сабақтар мен сын технологиясын пайдаланып өткізген сабақтарды талдау, салыстыру, жүйелеу, қорыту.
Шығармашылық жобаға болжам жасау:
Егер геометрия сабақтарындаоқушылардың сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын арттырсақ, онда;
- геометрия пәнінен білім сапасы артады;
-пәнге деген қызығушылықтары артады;
- оқушы интерактивті тақта арқылы жаңа
ақпаратпен танысып, тақырып бойыншажұмыс істей алады;
- өз пікірін оймен бере алады;
- оқушылар үйренгенін саралап ой-елегінен
өткізе біледі;
Жұмыс жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Геометрияның адам өміріндегі маңыздылығы.
2.Оқытудағы сыни тұрғыдан ойлаудың алатын орны.
3. Геометрия сабақтарында оқушылардың сыни тұғыдан ойлаудағдыларын арттыру жолдары.
4. Зерттеу бөлімі
5. Күтілетін нәтиже.
Қорытынды бөлім: Геометрия сабақтарында оқушылардың сыни тұғыдан ойлау дағдыларын арттыру арқылы, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту түжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға , өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру » - деп айтқан. Бүгінгі таңда еліміздің білім жүйесінде оқыту процесін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Орта білім берудің басты мақсаты- әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық- саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құзіретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету болып отыр. Осы мақсатқа жету үшін педагог ең алдымен білім мазмұнының даму тенденцияларымен оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын білім берудің жаңа технологияларын білу керек.
Негізгі бөлім
-
Геометрияның адам өміріндегі маңыздылығы.
Геометрия (гр.geometrіa, ge — Жер және metrio — өлшеймін) — математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы. Фигуралар кеңістіктік пішіндер болып есептеледі. Геометрия тұрғысынан сызық — “сым” емес, шар — “домалақ дене” емес, олардың барлығы да — кеңістіктік пішіндер. Ал кеңістіктік қатынастар — фигуралардың мөлшері мен орналасуын анықтайды. Мысалы, центрлері ортақ, радиустары 3 см және 5 см шеңберлер қиылыспайды, “біріншісі екіншісінің ішінде жатады” дегенде — шеңберлердің мөлшері мен орналасуы жөнінде айтылып тұр. Мұнда бірінші шеңбер — кішісі, екіншісі — үлкені, біріншісі екіншісінің ішінде орналасқан. Осыған орай кеңістіктік қатынастар “үлкен”, “кіші”, “ішінде”, “сыртында” сөздері арқылы анықталған. “Тең”, “параллель”, тағыда басқа сөздер де кеңістіктік қатынастарды сипаттайды.
“Геометрия” атауы дәл аударғанда “жер өлшеу” болады. Бұл ғылымның алғашқы нұсқалары Ежелгі Мысыр (Египет) елінде шыққан. “Жер учаскелерін өлшеу нәтижесінде — деп жазған біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда өмір сүрген грек математигі Евдем, — мысырлықтар Геометрия ғылымын шығарды”. Жер өлшеу өнерін мысырлықтардан үйренген ежелгі гректер оны алғашқы кезде өз тілінде “Геометрия” деп атаған. Осы сөз кейін көптеген халықтардың тіліне еніп, ғылыми термин болып кеткен. Геометрия заңдылықтарын жер учаскелерін өлшеуде қолдануға әбден болады, бірақ Геометрияның негізгі арнасы ол емес. Геометрияда қолданылатын мәселелер сан алуан. Сондықтан Геометрия ерте заманның өзінде-ақ кеңістіктік пішіндер мен қатынастар жөніндегі ғылым ретінде қалыптасқан. Жер өлшеу ғылымын, соңғы мағынадағы Геометриядан айырып айту үшін, Аристотель геодезия деп атаған. Геометрияны тек жер өлшеу жұмыстары ғана тудырған жоқ. Бұл бағытта ғылыми-практикалық деректердің молайып, қорлануына үй, көпір, пирамида, әскери бекіністер, тағыда басқа құрылыстар салу, арналар қазу, ыдыстардың сыйымдылығын өлшеу, құрылыстарға қажетті материалдардың шамасын алдын ала есептеу елеулі әсер етті. Геометрия ұғымдары дүниеде кездесетін заттардың дербес физикалық қасиеттерін еске алмай, абстракциялап (яғни, дерексіздендіріп), олардың тек мөлшері мен өзара орналасуын ғана қарастыру нәтижесінде пайда болған. Қалыпқа салынып соғылған кірпіштердің, құрылысқа арналып шабылған қырлы тастардың, шеберлердің кесіп, сүргілеп тегістеген бұйымдарының сыртқы тұрпаты — пішіні бірдей болады. Мұндай пішін төрт бұрышты призма деп аталады. Үш бұрышты, бес бұрышты, тағыда басқа призмалар болады. Геометрияда призманың қандай материалдан жасалғандығы есепке алынбайды, оның тек мөлшері мен орналасуы ғана зерттеледі. Цилиндр, конус, шар, Геометрия ұғымдар да осылай қалыптасқан. Сонымен геометриялық денелер — температурасы, массасы, жасалған материалы мен жеке қасиеттері қарастырылмайтын физыкалық денелер денелер.Дененің шекарасы — бет. Ол денені қаптап, қоршап, шектеп, кеңістіктен бөліп тұрады. Бет шектеусіз жұқа болып есептеледі. Жіңішке жіп, бір тал қыл, сәуле, сым, тағыда басқа негізінде шектеусіз жіңішке сызық ұғымы шыққан. Геометриялық денелерді ойша топшылап, шектеусіз кішірейте беруге болады. Осыдан нүкте ұғымы шығады. Нүкте дененің әбден кішірейіп, тоқтаған шектік жағдайы деп есептеледі. Геометрия тұрғысынан алғанда нүктені одан әрі кішірейтуге болмайды. Геометриялық денелердің, беттердің, сызықтардың және нүктелердің кез келген жиыны фигура деп аталады. Айтылып отырған негізгі ұғымдар — нүкте, сызық, бет, дене дүниедегі заттардан (яғни, материядан) алынған. Бірақ материяның физ. қасиеттерінен абстракцияланған. Мысалы, призма жөніндегі теоремаларды ағаштан, тастан, металдан жасалған призмалардың бәріне де және әрдайым қолдана беруге болады.
2. Оқытудағы сыни тұрғыдан ойлаудың алатын орны.
Мемлекетімізде болып жатқан
әлеуметтік—экономикалық өзгерістер білім беру жүйесінің алдында
үлкен міндеттер қойып отырғандықтан ХХ ғасыр табалдырығынын білім
мен ғылымды жаңа инновациялық технология бағытында дамыту
мақсатымен аттауымыз – үлкен үміттің басты нышаны.Есімі
болашағымызға белгілі тұңғыш энциклопедист, «аққан жұлдыз» атанған
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов: «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін
ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген болатын-ды.Егеменді ел
болып, өз бетінше өркендеп, өсу үрдісін таңдаған біздің елімізде
білім берудің бағыт-бағдары Қазақстан Республикасының
Конституциясында, Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында,
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамытудың
Мемлекеттік бағдарламасында және басқа да құжаттарда
негізделген.
Педагогикада білім беру мазмұны өте күрделі көп қырлы түсінікті
білдіреді. Білім беру мазмұны дегеніміз – жеке тұлға қалыптастыруға
адам баласының іс-әрекет, тәсілдерді меңгеру мен жүйелі білім алуы,
іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, ақыл-ойы мен сезімін дамыту,
таным арқылы көзқарасын қалыптастыру. Жалпы білім беру мазмұны, бір
жағынан, оқу-танымдық іс-әрекет, екінші жағынан, іс-әрекеттерді
игерудің құралы болып табылады .
Қазіргі кезде мектептерде оқыту процесін ұйымдастырудың жаңа
модельдерін жасау, оқыту технологияларының жекелеген элементтерін
сабақта қолдану бағытында тың қадамдар жасалынуда. Мектеп
мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндет – ол оқушыға тиянақты
білім беру, білікті ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін мұғалімдер, әрине,
оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірибелерінде қолдануы керек.
Жеке тұлғаны талантты, жаңалыққа жаны құмар етіп шығару үшін
мұғалім оқытудың жаңаша әдістерін қолдану арқылы оқушының сабаққа
деген белсенділігін, шамшыраққа ізденісін, пәнге деген
сүйіспеншілігін арттырады.
Қазіргі техниканың қарқынды дамуы кезінде оқу-тәрбие үрдістерін
ізгілендіру - өзін-өзі дамытып отыратын бәсекеге қабілетті, жоғары
сауатты шығармашыл тұлғаның құндылықтарын қалыптастыруды қамтамасыз
ететін дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс.
Мектепте мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынасын дұрыс
ұйыдастыру арқылы оқушының сыни тұрғыдан ойлау белсенділігін
арттыруға олардың жаңалық ашуға ұмтылып, іздену арқылы жауабын
тауып, өзінің көзқарасын логикалық түрде дәлелдей алатындай
интегративтік (И.П.Рапченко) әдісті пайдалануға болады. Мұнда
оқушының оқу біліктілігімен қатар ойлауы, өзара жақсы
қарым-қатынасы шығармашылық іс-әрекеті қалыптасты.Оқытудың басты
мақсаты өздігінен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру
болғандықтан, тақырып бойынша материалдардың берілуі осы мақсаттың
орындалуына сай келетіндей болуы керек Ұстаздың міндеті – баланың
бойындағы алға жылжуға деген тілегін ескере отырып, сыни тұрғыдан
ойлау дағдыларын арттыру, шығармашылығын жетілдіру.
Республикалық деңгейдегі әлеуметтік тапсырмалардың бірі – жеке
адамды қалыптастыру. «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау»
жобасының оқу жоспары мен бағдарламасын Америка ғалымдары Джинни
Стилл,Куртис Мередит және Чарльз Темпл жасады.Жоба алғашқы кезден
бастап –ақ сұранысқа ие болды,өйткені ең алдымен ол жоба кімге
арналса ,соның қажеттіліктері негізінде құрылды.Сонымен сыни
тұрғыдан ойлауды қалай анықтауға болады? Менің ұсынатын анықтамам
үш пункттен тұрады:
Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау
болып табылады. Ал, сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне
негізделген болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын
басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біз үшін басқа біреу сыни
ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз. Сонымен қатар
ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық
болып есептеледі.Сыни тұрғыдан ойлау – бұл біздің ХХІ ғасырға
жетуімізге мүмкіндік беретін ерекше
қабілет.Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы
емес, жіберілетін пункті болып табылады. Білім адамның сыни ойлауы
онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді тудырады. Кейде «басында түк
жоқ болса ойлау қиын болады» деп айтып жатады. Терең ойлау үшін
фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер мен
концепциялар секілді көптеген «шикізаттарды» оңдеу керек
болады.Үшіншіден,сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін
табуды қажет ететін мәселені анықтаудан
басталады. Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды
дәлелге ұмтылады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің
жолын өзі іздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы
дәлелдермен нақтылай түседі. Сонымен қатар ол сол мәселені шешудің
басқа да жолдарының бар екендігін мойындайды да, өзі таңдап аған
жолдың басқаларына қарағанда ақылға қонымды екендігін дәлелдеуге
тырысады.Бесіншіден, сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау
болып табылады. Сондықтан сын тұрғысынан ойлау саласында
қызмет ететін мұғалімдер шыдамдылық пен басқаны тыңдай білу және өз
көзқарасына деген жауапкершілік секілді өнімді ой алмасуға өте
қажет болатын сапаларды өндеуге ерекше назар аударады. Осылайша
мұғалімдер сабақ процесін сынып бөлмесінен тыс жүріп жатқан шындық
өмірге едәуір жақындата алады. Кез-келген педагогикалық қызмет
идеалды қоғам құруға бағытталады, осы жағынан алғанда сын
тұрғысынан ойлау негізінде тәрбиеленіп жатқан мектептегі бір
сыныптың өзі үлкен мақсаттарға жетуге жасалған қадам болып
табылады.Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз
ойын еркін айтатын болғандықтан әртүрлі пікірлер пайда болады.
Олардың қандай да болмасын – мүмкін қате, немесе толымсыз – ойларын
шыдамдылықпн тыңдап, оқушыларды сенімділікке бастауды өзімнің басты
міндеттерімнің бірі деп есептеймін.Тағы да бір мәселе төңірегінде
ойларымды ортаға салып кетсем. Сын тұрғысынан ойлауда оқушылардың
белсенділігін арттыратын жұмыстарды қолдану мәнді. Тек белсенді
іс-әрекеттер арқылы ғана олар үйрене алатындығы да баршамызға
белгілі. Оқушылар өздерінің іс-әрекеттері мен ойларын сыныптас
жолдастары және мұғалімнің көтереңкі түрде бағалайтынын білгенде,
басқалардың идеяларына, сенімдеріне құрметпен қарайтынына сенгенде,
олар оқуға үлкен жауапкершілікпен, байыптылықпен қарайтығындығына
да зерттеу барысында көзім жетті. .
3.Геометрия сабақтарында оқушылардың
сыни тұғыдан ойлау дағдыларын арттыру
жолдары.
Сыни тұрғысынан ойлау дағдысын арттыру, баланың еркін де терең ойлауына , үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.Оқушының ізденісі жеміссіз болуы мүмкін емес. Дәстүрлі білім беру кезінде оқушының сыни тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болады.Сыни тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шарттарды орындау қажет:
-
Сыни тұрғысына ойлауды үйрету үшін уақыт керек;
-
Оқушыларды ойланып-толғануға , ойын ашық айтуға рұқсат беру;
-
Әртүрлі идеялар мен пікірлер қабылдау;
-
Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
-
Геометрия пәнін терең түсіну;
-
Сыни тұрғысынан ойлауды бағалау;
Тек сонда ғана олар:
-
Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
-
Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес келе ме?
-
Маған бұл жаңа ойлар , идеялар қаншалықты әсер етті? Деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Сыни тұрғысынан ойлау ұғымын белгілі бір идеяны қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу , олардың жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білуге , салыстыра білуге сол идеяларды қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіру керек.
4.Зерттеу бөлімі
«Сыни тұрғысыдан ойлау» оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Оның мақсаты - оқушының ойын ашық жеткізе алуға, пікір алмаса білуге үйрету, кез-келген мәселені сыни тұрғыдан шешуге дағдыландыру болғандықтан, мектептегі тәжірибеде сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін енгіздім. Ондағы менің алдыма қойған мақсатым:балалардың бір-бірімен еркін әңгімелесуін, ойларын өзара қысылмай ортаға салуын, жіберген қателеріне түзетулер жасай алуын , бір-біріне көмек көрсетуін, сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру.Тәжірибе барысында мен оқушыларымды өзара еркін сөйлеп, өзін сенімді сезінетін тұлға ретінде қылыптастыруды көздедім. Сабағымның бірінші кезеңінде ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудан бастадым, ынтымақтастық атмосферасы дұрыс қалыптаспаған сыныптан алдағы уақытта нәтиже күтуге болмайды және жалпы сабақтың барысына кері әсерін тигізеді. Сондықтан, оқушылардың көңіл- күйін ашатындай мына тренингті таңдадым. Қарама-қарсы тұрған оқушылар бір-біріне күлімсіреп тұрып, сәттілік тілейді.Сәттілік тілеушілердің біреуі бір ауыз сөзбен, екіншісі толық сөйлеммен сыни тұрғыдан ойланып, көңіл күйін көтеретіндей жылы лебіздерін айтып,сезімдерін білдірді.Бірінші сабақ болғаннан кейін кедергілер бірден басталды:шаттық шеңберін жасап тұрғанда қарама-қарсы оқушылар бір-бірін дұрыс анықтай алмай, сәттілік тілеуіне көңілім толмады.Осы кедергіні келесі тізбектелген сабақтар топтамасында қайталамау үшін, оқушылармен қатар өзімнің де көңілімнен шығатын тренинг таңдадым, ол «Сағат тілімен достар» тәсілі еді. Бұл жерде оқушылар сағат тілінің әрқайсысына өз сыныптастарын жазып, жасырын тұрған тапсырма: Қол беріп амандасу, бетінен сүю, иығынан қағу,жақсы лебізін білдіру,құшақтап сәлемдесу,сәттіліктілеу,басынансипау,маңдайынан иіскеу,жымию,қолынан сүю,қолын ұстап секіру, ризашылығын айту белгілері бойынша іс-әрекет жасау қажет болатын.Бұл ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында осы тапсырманы таңдаған себебім:өткен сабақтағы көңілден шықпаған тренингтегі кедергіні қайталамау.Жоспарым іске асып, екінші тренинг барысында сыныптың ішін шу басты, бірақ оқушыларымды тоқтатқан жоқпын, керісінше қолдап отырдым. Нәтижесінде, оқушылардың көңіл- күйі қажетті деңгейге дейін көтерілгендерін байқадым.Өткен сабақтағы кедергілерді оқушыларым қайталаған жоқ, бірақ басқа кедергі тағы шықты: тапсырманы орындаған кезде, кабинеттің тарлығы білінді. Екі сабақты саралаған уақытта бастапқы екі кедергінің орнына қалған бір кедергіні,келесі үшінші сабақтың «Шаттық шеңберінде» кетірмеуге тырысып кеңірек кабинетті таңдадым.Екі жағындағы сыныптасына жылы лебіздерін білдіру тапсырмасын орындауда, бірінші сабақтағы жайсыз көңіл-күйлері байқалмады.Тек оқушыларкөңілдерінен шыққан жылылебіздерін білдіріп жатқанда сөйлемдері ұзақ болып кетті де, тақырыптан ауытқып, сәл кедергі орын алды. Бұрын естімеген өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерді естігенде, оқушыларым таң қалып, қуанып көңіл- күйілерінің көтеріңкі екенін бақылап,пайда болған сәл кедергіні кезекті төртінші сабағымда қайталамау үшін, оқушылардың қолына түрлі стикерді беріп, тілек жазғыздым, соңынан оларды бүктеткізіп, араластырып өздеріне қайта тараттым. Сол уақытта олардың жүздеріне күлкі ұялап, қуанып ризашылықтарын білдіріп жатты.Тәжірибе барысында кездескен кедергілер жойылып, оқушылардың кез келген тапсырманы орындауында әбден төселгені байқалды.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптас-тырғаннан кейін, сабақтың екінші кезеңінде топқа бөлуді ұйымдастырдым. Топқа бөлген мақсатым , оқушылардың бір-біріне деген сыйластығын дамыту, пікір алмасу, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісу, кез келген ойды сыни тұрғыдан ойлау арқылы дәлелдей білуге баулу еді. Соған орай стиктерге үшбұрыш , төртбұрыш, шеңбер деп жазып, он екі оқушыны үш топқа бөлдім. Бұл жерде оқушылар алғашқы сабақ болғандықтан болар, топқа бөлу стиктердің түрлерін , ішіндегі тапсырмамен ауыстырып алғандығы болды. Кездескен кедергіден шығу жолын, топтарға бөлуде түрлі стикерді түсі мен ішіндегі тапсырмаға да қарау керек деген ұсыныс айттым. Келесі сабақта сыни тұрғыдан ойлауға байланысты үрленген шардың ішіне түрлі стиктерге жазылған тілектерді жасырып, үш түрде бүктедім, үш топқа бөлдім. Бұл жерде топқа бөлінуде кедергі болған жоқ, себебі өткен сабақта айтқан ұсынысым естерінде болған болатын.Келесі сабағымның топқа бөлуінде оқушылардың есімдерінің әріптеріне байланысты болды. Топқа бөлуде кездескен түстерге байланысты өткен сабақтағы кедергі, келесі сабақтарда орын алмады. Сабақтың келесі кезеңі негізгі тақырыптарды қайталау балатын.Алғашқы сабақта 6 қалпақ әдісін сыни тұрғыдан ойлауға үйрету техникасы арқылы ашпақ болдым. Проблемалық « Мектеп формасы» жайлы ой-толғаныстарын, постер арқылы қорғайтындары туралы айтып кеттім. Осы тақырыптағы мақсатым: 6 қалпақ тәсілінің белгілеріне тақырыпты салып жіктеу.Тақырыпқа бағытталған сұрақтарға: Тақырыптың болашақтағы орны қандай? Тақырыпты 6 қалпақтың белгілеріне қарай жіктеуге бола ма? Ол нені береді? деген жоғары деңгейдегі сыни тұрғыдан ойлауға арналғансұрақтарды қойдым.Тапсырманы орындау кезінде жалпы сынып оқушылары мен қатар бақылаудағы үш оқушы бақыладым. Бақылаудағы төмен деңгейдегі оқушым бас кезінде ештеңеге қатыспай отырды, ортаға тастап отырған құрбыларының идеяларын тыңдады, ал орта деңгейдегі оқушы болса, өзінің түрлі пікір,ой-толғаныстарын айтып отырды, жоғары деңгейдегі оқушы постердегі суретке сын айтты. Осы орайда: Джин Раддоктың «Оқушы үнінің»белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты- қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігі туралы жазған пікірімен келістім.Оқушылар постерлерді қорғауға қосымша уақытты сұрағанда, Харгрис пен Гэлтонның параметрі «Ойлануға берілетін уақыттың ұлғаюы(әсіресе күрделі жауаптар үшін) оқушылардың өз жауаптарын түзетуге, нақтылауға және дұрыстауға мүмкіндік береді.Оның үстіне мақсатқа қатысты жылдамдық туралы ұмытпау керек-жабық сұрақтар тобы орынды болуы мүмкін , бірдей кей жағдайларда сұрақтарға оқушылардың барынша ойластырылған әрі терең жауап бергендері керек » деген ойына сүйеніп, қосымша уақыт бердім. Жауап беруде оқушылармен бақылап отырған оқушылар жауаптарын тұжырымдады.Бақылаған орта деңгейдегі қызыл қалпақты оқушы тапсырманың негізгі идеясын ашып, қызыл қалпақ ішкі сезім эмоциясын білдіріп , ақ қалпақтағы оқушым мектептің оқу ісінің меңгерушісіне барып , мектептегі оқушылар туралы нақты деректер жинап, қара қалпақтағы бақылаудағы төменгі деңгейдегі оқушым негативті ойларынан мысалдар келтіріп, сары қалпақтағы оқушы өзінің позитивті ойларын айтып, міндетті түрде жаңа оқу жылынан бастап орындау керектігі ,жасыл қалпақтағы оқушы мектепке жаңа форма қажет деп, өзінің үлгісін ұсынды, көк қалпақтағы оқушым сары қалпақтың айтқан позитивті ойлары мен келісті.Жаңа мектеп формасын енгізуде оқушыларға үлгілер сайысын ұйымдастырса, орындау нәтижелі болар ма еді?деген осы тапсырманың қорытындысы өзіме ой салды. Оқушылардың бірін-бірі бағалауында Блум таксономиясы бойынша, бұрын оқылған ақпараттарды жаңа және нақты жағдайларда мәселелерді шешу үшін қолдануда әр қалпақ өз бағалауын шығармашылық тұрғыдын тапты. Қорыта айтатын болсам, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқытуда мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Бұл жерде мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыт беруші болып табылады.
Енді геометрия сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру үшін мынадай тапсырмалар қарастыруға болады:
1.Геометрия 7-сыныпта «Үшбұрыштың түрлері» тақырыбы бойынша ассоциация құру.
теңқабырғалы үшбұрыш
Үшбұрыш түрлері
Д оғал бұрышты
үшбұрыш
Теңбүйірлі үшбұрыш
Қабырғалары әртүрлі үшбұрыштар
Сүйір бұрышты үшбұрыш
Тік бұрышты үшбұрыш
2.Геометрия 8-сыныпта «Пифагор теоремасы» тақырыбы бойынша Пифагор теоремасын шығару.
Ежелгі Египет
үнділіктер
гипотенуза
Бір бұрышы 90º
Б ірінші катет
екінші катет
3.Венн диаграммасын құру «Төртбұрыштар» тақырыбында. Оқушылар тік төртбұрыш пен ромбының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.
тік төртбұрыш
ромб
-
Деңгейлік тапсырмалар орындау.
І деңгей : ∆ қабырғаларының ұзындығы 3 см,4 см және 6 см. ∆-тың периметрін табыңдар.
ІІ деңгей: Тең қабырғалы үшбұрыштың Р=39 см. Үшбұрыштың қабырғаларын тап.
ІІІ деңгей: Тең бүйірлі үшбұрыштың Р=16 см. Табаны бүйір қабырғасынан 4 см қысқа. Үшбұрыштың бүйір қабырғасының ұзындығын тап.
5. Нәтиже
Геометрия сабақтарында оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру кезде біраз нәтижелерге қол жеткізе бастағанымды байқадым. Атап айтатын болсам:
-
Оқушы сабақта өзін еркін сезіне бастады;
-
Тақырып мазмұнын аша алуға үйрене бастады;
-
Топпен, ұжыммен, жеке жұмыс жасай алатын болды;
-
Сабаққа ынтасы пайда болды;
-
Есептерді, берілген тапсырмаларды дқрыс орындауға тырысатын болды;
-
Өз бетінше ізденіп, жұмыс жасай алатын болды.
Сыни ойлауға берілетін тапсырмалар, өз пікірін негіздеп, дәлелдеуді талап етеді. Геометрия нақты дәлелдермен тұжырымдалатын ғылым болғандықтан, ондағы амалдарды қолдану да дәлелді шешімдерге негізделген. Әсіресе Блум таксономиясына негіздей отырып тапсырма маңызын арттыру оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгені туралы ақпарат алуыма көп көмектесті. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету бойынша тәжірибемдегі ізденістерді жалғастыра отырып, келешекте мынадай қағидаларды ұстануды ұсынар едім:
-
Тапсырмадағы сұрақтардың маңыздылығын арттыру;
-
Көзбен көретін және ауызша айғақтардың тиімділігін пайдалану;
-
Оқушылар пікірлерін тыңдап, олардың рефлексиясын ескеруге көңіл бөлу;
-
Жаңа тақырыпты түсіндіруде оқушылардың тәжірибесіне сүйену және өмірдегі өз тәжірибесімен байланыстыру;
-
Өз тәжірибемдегі маңыздыны айыра білу және қиындықтарды мойындау;
-
Кездескен қиындықтармен жүйелі жұмыс жүргізіп, шешу жолдарын іздеу;
-
Өз қызметіме сыни көзқараста болу;
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өзбетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін :
-Оқушылардың ойлауына, ойын ашық айтуына рұқсат беру;
-Оқушылардың белсенді іс – әрекетін қолдану;
-Оқушының пікірін күлкіге айналдырмау;
-Оқушылардың бір – біріне жасаған сынның дәлелді, ашық болуын талап
ету.
Оқушылар осыған байланысты сенімділікпен жұмыс жасауға, пікірді
тыңдауға, құрметтеуге, бар ынтасымен оқуға беріледі, баланың
танымдық белсенділігі артады, өзбетінше білім алады, шығармашылығы
артады және ізденеді.
Қорытынды бөлім:
-
Геометрия сабағында оқушы үшін сыни тұрғысынан ойлау дағдыларының маңызын дұрыс түсіндіріп және ауқымды жұмыстар атқарылғандықтан , оқушылардың сыни ойлау дағдылары артты.
-
Геометрия сабағында оқушы үшін сыни тұрғысынан ойлау дағдыларының арттыру үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану.
-
Геометрия сабағында оқушының сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын арттырудағы әдіс-тәсілдерін оқып үйрену;
-
Зерттеу жұмыстарының дағдыларын игеру;
-
Қорытындысын шығару
Осы ғылыми жобамды жазу барысында сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын арттыру оқушылардың еркін сөйлеп, ойын жеткізуге қол жеткізудің тура жолы .
Менің негізгі мақсатым сабақтар көлеміндегі тақырыпты игеру мен қатар кең ауқымды есептерді шешуде сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын арттырды зерттеу еді. Бұл тұрғыда зерттеген еңбегімді пәнге деген қызығушылығын артып, оқулықтарды пайдалана отырып, ізденуімнің арқасында өзімнің білімінді толықтырдым.
Қорыта келгенде, менің жүргізілген зерттеулерім сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын арттыру жолдары түпсіз терең. Бұл тақырып әлі де толығырақ зерттеулерді қажет етеді деп ойлаймын.Қазіргі заман математика ғылымының өте кең, жан- жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білімімді көтеру үшін оқушылардың әрқайсысының үлкен ізденісте жүруі шарт, яғни ғылыми жобамды басқа оқушылар керегіне қолданады деп ойлаймын. Қазіргі таңдағы қоғамның дамуының негізгі факторы- білім, ғылым және демографиялық, саяси тұрақтылық. Олай болса, дәуір қанша құбылғанымен, біздің жас болашағымыздың жақсы болуы білім- ілімсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Сондықтанда да еліміздің президентті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың білім мен ғылымының дамуына баса назар аударуы, оның үнемі өз бақылауында ұстауы- соның айқын дәлелі.
Қолданған әдебиеттер:
-
«Солтүстік Қазақстан» газеті , 2010ж, қыркүйек
-
Интернетwww.google.kz
-
«Математика және физика» әдістемелік журналы
-
Геометрия 7-сынып