Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғылыми жоба Інжіл құсы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аннотация

«Інжіл құсы» тақырыбына жазылған бұл ғылыми жобамда өзімнің ағам екеуміздің асырап алған үй кептерлерінің өсу кезеңін, дамуын зерттедім. Кептерді ұдайы бақылай жүріп адамдар әу баста қалай және неліктен кептерді қолға үйретті екен, кептердің қандай түрлері бар екен, кептерлердің адамға тағы қандай пайдасы мен көмегі бар екен деген сұрақтар туындады. Сосын осы сұрақтарыма жауап алу үшін түрлі журналдарды, интернет беттерін ақтарып, сұрақтарымның жауаптарын таптым. Бұдан кейін әр кезең сайын мінез - құлқындағы өзгерістерді кестеге түсіре отырып, интернет беттерінде берілген кептердің даму кестесін өз кептерімнің даму кестесімен салыстырып жүріп, кептерлердің дұрыс өсіп - жетіліп келе жатқанына көзім жетті. Кептерлерді үнемі бақылай отырып ол өте ақылды, саналы тіршілік иесі екенін де аңғардым.

Кей адамдар кептерді асырау еріккеннің ермегі, оның адамға еш пайдасы жоқ, одан да тауық не қаз асырамай ма деген сөздері де маған ой салды.
















Кіріспе

Үйге көгершіндерді асырап алу үлкен жауапкершілік. Оларды асырап, оған тамақ бере салумен оның алдындағы жауапкершілік аяқталды деу үлкен қателік. Ол жанды әрі саналы тіршілік иесі болғандықтан оны жақсы көре білу керек және оған үлкен күтім керек. Ал қазіргі кезде адамдар пайдасы бар үй жануарларын, құстарын мысалы (сиыр, тауық, қой, ешкі, қаз) асырайды. Олар оның тек пайдалы жағы еті мен сүті, жұмыртқасы үшін асырап бағады. Кептерлерді асырау бұл бұл сұлулықты сезіну болып табылады.

Зерттеген тақырыбым: «Інжіл құсы»

Менің бұл зерттеушілік жұмысымның мақсаты: кептерді қолға үйрету тарихын және түрлері туралы мәлімет жинастыру; кептерлердің өсу кезеңіндегі іс - әрекетін, өзгеруін бақылау арқылы оның қолға бейімділігін анықтау; саналылығы туралы қорытынды шығару; достарыма кептер асырау өте қызықты екендігін, оларды жақсы көру керектігін насихаттау;

Міндеттері:

- интернет желісін, әдебиеттерді оқу арқылы кептердің қолға үйретілуі және түрлері туралы мәлімет жинастыру.

- өз кептеріме ұдайы бақылау жүргізу.

- жиналған мәліметтер бойынша қорытынды шығару.

Болжам: осы жобамда қызықты да пайдалы мәліметтерді айта отырып, достарыма оларды саналы тіршілік иесі ретінде құрметтеу және жақсы көру керектігін түсіндіргім келеді; ал жалпы адамзат атаулы оларды өздері қолға үйреткендіктен олар үшін жауапты екендіктерін естеріне салу.

Зерттеу объектісі: өзімнің кептерлерім.

Зерттеу жаңалығы: Зерттеу барысында интернет желісін, әдебиеттерді оқу арқылы көгершіннің қолға үйретілуі және олардың түрлері туралы мәлімет жинастырдым. Асырап алған кептерлерге ұдайы бақылау жүргіздім. Оның даму кестесін құрдым және оны салыстырдым. Кептер асырау адамның бойында жауапкершілік қасиетін оятып, еңбексүйгіштікке тәрбиелейтінін дәлелдедім. Жиналған мәліметтер бойынша қорытынды шығардым.




























Негізгі бөлім

Құстар - ерекше жаратылыс иесі. Мал бағып, егін шаруашылығымен айналысқан қазақ халқа қазіргі кезде құс асыраумен де айналысып жүр. Оның ішінде кептер асырайтындар көбейді. Кептерлер – құстардың бір отряды Негізі кептердің 150 түрі, ал түркептердің 4 түрі бар. Кептерлер ірілігіне қарай мәстек кептер және тәжілі кептер болып екіге бөлінеді. Кептерлер отрядының екі тұқымдасы бар. Олар: біріншісі – дронттар, екіншісі – кептерліктер. Кептердің қолға үйретілген түрін «көгершін» деп атайды. Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адам жайларына үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа және балауызсымақтары бар құстар. Олардың танау тесіктері терілі қаппен бүркелген. Көгершіндер бүкіл жер жүзіне тараған. Олардың өте көбірек тараған жерлері Малай архипелагы мен Австралия.

Кептерлердің қанатының ұзындығы 180 – 250 мм, салмағы 240 – 350 г. Басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа болады. Кептерлердің көпшілігінің қауырсындары құлпырып тұратын алуан түсті келеді. Үнемі топтанып жүреді. Жұбын жазбайды. Олардың көбі жылына 2 рет, кейбіреулері 4-5 рет жұмыртақлайды. Жұмыртқаны жарып шыққан қызылшақа балапан әбден қанаттанғанша (25 тәулік бойы) ұядан ұшпайды.










Көгершіндерді «бейбітшілік құсы» деп атау тарихынан.

Көгершіндерді қолға үйрету біздің заманымыздан бірнеше мыңдаған жыл бұрын басталған. Көгершіндердің хат таситын, әуестік үшін өсірілетін 150-ден аса түрі бар екен.

Ақ көгершін, көгершін, Әділеттің құсы деп,

Қолқанат құс сен едің. Көз алмастан жолыңнан

Бар, кезіп қайт, ел үшін Бақыт болып қоншы деп,

Кең дүниенің көлемін. Ұшырамын қолымнан.

деп әнге қосқан көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Көгершіннің бейбітшілік құс ретінде аталуы, Нұх Пайғамбардың кемесіне зәйтүн бұтағын әкеліп, топан судың аяқталғанын және Құдайдың адамдармен татуласқандығын жеткізген осы інжіл құсы болған екен. Сонымен қатар осыдан сан мыңдаған жылдар бұрын әйгілі Венераның көгершіндері Марстың дулығасына жұмыртақалаған екен. Соны көрген Соғыс Құдайы соғыстан бас тартып, халықты қантөгістен аман алып қалыпты деген де аңыз бар.

1949 жылдың сәуір айында Париж бен Прага қалаларында бейбітшілік жақтаушыларының Бүкіләлемдік Конгрессі болады. Конгресті өткізуі АҚШ пен КСРО сынды әлемге әйгілі алпауыт екі мемлекеттің атом бомбасын жасап, Жапония жеріндегі екі қаланы қатыгездікпен жойып жіберуі себеп болады. Осындай сынақтарды тоқтатушыларға эмблема керек болады. Олар атақты Пабло Пикассодан эмблема үшін сурет салып беруін сұрайды. Сол кезден бастап П.Пикассоның тұмсығымен зәйтүн бұтағын алып бара жатқан ақ көгершін бейнесі бейбітшіліктің нышаны, эмблемасы болып саналыпты.

Бұл суреттің де пайда болу тарихы туралы ел аузында қызықты аңыз бар. Бұл аңызға сенсек, бір күндері атақты суретшіге бір өте кедей адам келіп: «Пабло, сен ұлы суретшісің, маған бір сурет салып берші. Мен оны сатып, адам секілді тамақтанар едім» ,-депті. Аң –таң болған Пикассо сол заматта «Бейбітшілік» құсының суретін салып береді. Соған қарағанда Пикассо бала кезінде әкесінің бұйыруымен көгершіннің табандарын салып отырған көрінеді. Пикассо көгершінге ерекше ықыласпен қараған секілді. Себебі ол өз қызының есімін Палома (испан тілінде көгершін деген мағынаны білдіреді) деп атаған. Тағы бір қызықты мәлімет бейбітшілік құсы ретінде көгершіннің еркегін емес ұрғашысын алып отырған.

Көгершіннің түрлері

Жер бетінде тек қана көгершіндердің әлемде 30 түрі тіршілік етеді. Атап айтсам: тәжілі кептер, сүрек кептер, тістұмсық кептер, тас кептер, орман кептері, кап кептер, кезеген кептер, көк кептерлер. Кептерлердің түр-тармақтары өте көп, олар көптеген жерлерде кездеседі.


Көгершіннің ерекшеліктері

Көгершіндер - өте сұлу, таза табиғат жаратылысы болып табылады. Олар жұптасып өмір сүреді. Біреуі өлсе екіншісі де құсадан өледі. Жұмыртқасын кезектесіп басады. Анасы балапанын жемсауындағы сүт тәріздес қойыртпақпен асырайды. Олар әр түрлі дәнді дақылдармен қоректенеді.


Көгершіндер туралы қызықты оқиғалар.

Азия халықтарының ортақ мұрасы саналатын «Гигелемаш» дастанын қышқа жазылған екен. Сондағы он бірінші қыштағы сөздерге қарағанда, кеме Ницар тауында қайырылып қалыпты. «Екі күн өтеді, кеме қозғалмайды, төрт күн, алты күн өтеді. Сосын:

Жетінші күн дөп келді,

Босатпай тұр бір құз деп,

Бүкіл хабарды жеткіз деп.

Көкке ұшырдым кептерді. Деп жазылған екен.

Кептер арқылы сәлем жолдау осылай басталған екен.

Мысырдың бір перғауыны өз досына әуе арқылы 1800 түйір шие жіберген екен. Ол 600 көгершіннің тұмсығына бір сабақтағы үш шиеден тістеткен екен.

Алғаш мемлекеттік кептер қатынасын Нұреддин сұлтан 1167 жылы орнатып, әр бағыттағы жолдарды жағалай кептерлерге арналған мұнарлара тұрғызған. Ол әр кептерге 1000 динар ақша төлеген екен. Ал ол ақшаға он қой сатып алуға болады екен. Ал 1249 жылы Мысырға «крест жорығын» жасаушылар келіп қалғанда, бұл хабарды сұлтанға кептер жеткізген. Сол шайқас ортасында Бейбарыс та жүрген екен. 1260 жылы Бейбарыс Мысыр тағына отырғанда әр өзенге көпір салумен қатар «кептер» мұнарасын бұрынғыдан да күшті етеп нығайтқан екен.

Тағы бір аңызға сүйенсек қытайда бір екі ғашық болыпты. Олардың қосылуларына әке –шешелері қарсы болған екен. Екі ғашық бірін бірі сағынып зарығыпты. Сол кезде жылдың бір түнінде бүкіл әлемнің барлық кептері жиналып, қыздың терезесінен жігіттің есігіне дейін тұтаса қанат қағып аспалы көпір жасайды. Сол көпір арқылы екі ғашық жүздесіп, мауықтарын басыпты деседі.


Зерттеу бөлімі (күнделігім)

Түрлі мәлімет көздерінен кептерлер жайлы оқып білгенімнен төмендегідей түйіндіге келдім:

1. Кептерлер 10-15 жыл тіршілік етеді екен.

2. Көгершіндер ешқашан адаспайды екен. Олар өз иесі мен үйін кез - келген жағдайда тауып алады екен.

3. Кептерлер ауа - райын болжай алатын көрінеді.

Өз кептерлеріме ұдайы бақылау жүргізу арқылы оның даму кестесін құрастырдым.

Жасы салмағы Мінез - құлқындағы өзгерістер

Әкелген кезде - кептерімнің қанатының ұзындығы – 120мм. Бойы – 15см. Салмағы – 150г

Бір айдан кейін - қанатының ұзындығы – 125мм. Бойы – 18см. Салмағы – 170г

Екі айда - қанатының ұзындығы – 129мм. Бойы – 19см. Салмағы –200г

Қазіргі кезде - қанатының ұзындығы – 200мм. Бойы – 21см. Салмағы – 250г

Күніне 5 - 6 рет тамақ жейді. Бидай жейді, арасында жоңышқаға жайылады. Көк шөп жейді. Көп су ішпейді. 2- 3 рет су ішеді.

Күніне 5-6 рет аспанға шарықтап ұшады. Ысқырған кезде қанаттарын қағып, билейді. Негізі билегенді ұрғашысынан көрі еркегі жақсы көреді. Таңғы уақытта күркенің үстіндегі шартағында отырғанды жақсы көреді. Кешке ұйықтайтын уақуттында күркесіне қамаймын. Өз ұясын тез тауып алады.

Шомылдырғанды жақсы көреді, яғни ол суға үйренді.

Қазір екі балапаны бар. Аталығы екеуі кезектесіп басып шығарды.


Қазіргі кезде менің көптеген достарым ұялы телефондар мен теледидарға үңіліп отырады. Оның орнына кептер, басқа да үй жануарларын асыраса. Олардың әр түрлі қызықтарын тамашалап, ұшқан кездегі әр түрлі қимылдар жасап, билегенін, сұлулықтарын қарап отыру әлде қайда қызық екенін түсінер еді.

















Зерттеу бөлімі

  1. Мен көгершіндерімді күтіп баптауды әр түрлі істер жасаймын. Яғни оларға жем шашамын, жем беремін, күркесін тазалаймын, ысқырып аспанға ұшырамын, анда санда суға түсіремін. Бұл менің еңбексүйгіштік қабілетімді шыңдайды.

  2. Менің кептерім саналы тіршілік иесі, ол әр түрлі қылықтар шығарады. Ол мені, отбасымды таниды.

  3. Үнемі олармен жақсы қарым-қатынаста болғандықтан, менің оған деген жылы сезімім пайда болды. Әсіресе көзіне қарап отырған ұнайды. Сол арқылы оларға деген көзқарасым өзгерді. Жан-жануарларға деген қызығушылығым артты.

  4. Көгершіндерім мені жақсы көреді. Әсіресе менің қолымнан жем шоқып жегенді, иығыма отырғанды жақсы көреді. Мен де оларды жақсы көремін.

  5. Менің бос уақытым болмайтын болды десем де болады. Себебі мен оларды асырап алғандықтан олардың өміріне жауаптымын. Сондықтан оларға жауапкершілікпен қарауым керек.














Қорытынды

1. Менің көгершіндерім даму кестесіне сай жетіліп келеді.

2. Оларға өз күркесінде, менің қолымда тұрған өте қолайлы.

3. Көгершіндер - саналы, ақылды тіршілік иелері.

4. Көгершіндерім маған оларға жауапкершілікпен қарап еңбекпен айналысуыма үлкен көмегін тигізеді.

5. Менің бойымда жауапкершіліктің қалыптасуына үлкен көмегін тигізді.


Достарыма ұсыныс:

1. Жан – жануарларды, құстарды жақсы көру керек.

2. Уақыттарыңызды тиімді әрі пайдалы өткізу үшін олармен дос болыңдар.

3. Телефон, теледидар қарап отырғаннан осындай әдемі бір үй жануарын асырап оларға күтім жаса.


Ата - аналарға ұсыныс:

Өз уақыттарыңызды үнемдеу үшін балаларыңызды еңбексүйгіштікке баулу үшін оларға өздері қалаған үй жануарынмен достасуларына мүмкіндік жасаңыздар. Сонда сіздің балаңыз еңбекқор, тиянақты, жауапкершілігі мықты азамат болып өседі.











Пікір

Оқушыма ғылыми жоба жазайық дегенімде, өзінің ұсынысымен осы тақырыпты алған едік. Өйткені бұл тақырып алдымен оның жасына сай болса, екіншіден өзіне өте жақын әрі қызықты болды. Ағасы екеуі асырап алған кетерлердің тіршілігіндегі түрлі қызықты да, бұрын біз байқамаған сәттеріне куә болып, оны ұдайы күнделігіне жазып алып жүрді. Және көгершіндер жайлы түрлі мәліметтер мен қызықты оқиғаларды ізденіп оқуға әуестенді. Қазіргі уақытта балалардың барлығы десе де болады. Уйде отырып компьютермен ойнап, теледидардың алдынан шықпайды. Балжан бұл жобада өз қатарластарына және олардың ата - аналарына үй құстары мен жануарларын асырап бақса олардың бойында еңбексүйгішті, жауапкершілік қабілеттерінің қалыптасып, баланың жетілуіне пайдасын тигізетінін дәлелдеп беруге тырысты. Бұл жоба өз мақсатына жетті деген ойдамын. Дегенмен де оқушымның жоспары бойынша көгершіндер әлемін зерттеуді әлі де жалғастырмақшы.
















Қолданылған әдебиеттер:

1. «Сен білесің бе?» энциклопедиясы «Аруна» баспасы

2. «Балдырған» журналдары

3. Интернет желісі





12


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
900
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12