15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жоба "Мағжан Жұмабаевтің шығармашылығындағы арнаулар сыры"
Мазмұны
1.Кіріспе
2. Арнау жаныры туралы мәліметтер мен зерттеулер
3. Мағжан Жұмабаевтың шығармаларындағы арнаулардың сыры
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Осы ұсынылып отырған жобалық жұмысымның жаңалығы ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармаларындағы арнаулардың сырын әр арнауындағы кейіпкерлер жайында оқырман қауым шығарманы оқыған кезде ол адам туралы мәлімет алатындай солар туралы ақпарат жинастырып, оның ақынға қандай жақындығы бар, арнау жазудағы себебі қандай, ол кейіпкер кім деген сұрақтарға жауап іздестіре отырып жасалған жұмыс. Мағжанның шығармаларындағы арнауларының сырын ашу деген тақырып алғаш зерттелуде.
Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты:
Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы арнауларыдың кімге не мақсатапен жазылғандығын анықтай отырып, сырын ашу.
Ғылыми жобамыздың міндеттері:
Арнау жаныры жайында мәлімет жинақтай отырып, ақынның арнау жазу ерекшелігін анықтау.
2. Ақын Мағжан Жұмабаев жайында, өмірі, туысқандары, жолдастары, әдебиет жолындағы қадамдары жайында мәлімет жинастыру.
3. Арнауларын жинастырып, топтастырып өлеңдерін талдау, салыстыра отырып зерттеу жүргізу.
5.Өзіндік пікір,тұжырым жасау.
Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:
-Жинақтау,топтау;
-Салыстыру;
-Өзіндік ой топшылау.
Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Бұл жұмыстың нәтижесінде арнау жайында мәлімет беріліп, осыдан кейін Ақынның адамдарға арналған арнаулары жиақталып төрт топқа топшаланады. Бірінші тобына тусытарға, екінші тобы атақты тұлғаларға, үшінші тобы аз танымал адамдарға, төртінші тобы белгісіз тұлғаларға деп аталған екен. Әр топта тақырыбына сай өлеңідер жинақталған. Содан соң жоспарлы тізбек бойынша ол кім? Ақынға қандай жақындығы бар? Ақынның арнау жазу себебі не? Деген сұрақтарға жауап бере отырып арнаулардың сырын аша білдік деген ойдамыз. Қазақ әдебиеті ғылымына сәл болса да жаңалық болардай жұмыс жасалды.
Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары:Тақырып негізінде жинақталған мәліметтер және де ұсынылып отырған жұмысты қазақ әдебиеті пәндерінде және Мағжантану курстарында қосымша қолдануға болады.Тәрбие сағаттарында пайдалануға болады.
Негізгі бөлім
Арнау жаныры туралы мәліметтер мен зерттеулер
Арнау - әдеби шығарманың басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай оқиғаға байланысты екенін көрсететін, көбінесе өлең түрінде келетін автордың сөзі.
Арнау өлең – белгілі бір адамның бейнесін, мінез-сипатын суреттеу мақсатымен жазылған дербес поэзиялық туынды.
Арнау-тiлек өлеңдердiң шығу тегiнiң күнтізбе әдет-ғұрыптардан күнге, түрлi құбылыстарды киелi деп есептеген анимистiк ұғымнан туындағанын фольклорсенiмдi дәлелдеп жүр. Қазақ арнау-тiлек өлеңдерiнiң табиғатынан да мұны айқын көруге болады.Арнау-тiлек өлеңдерiн орыс фольклортану ғылымында оларды бiр жанр ретiнде қарастыруды ұсынады. Ал В. П. Аникин бұлардың айырмашылығы бағышталған обьектiсiнде ғана емес, орындалу формасында да, яғни «...дети выкрикивают слова закличек нараспев хором, ...а их (приговорок – К.I.) произносит каждый поодиночке», – деп жазады. Бұл пiкiрдi Э.С.Литвин де қолдайды. Кейiнгi зерттеушiлер де осы пiкiрдi жандандырып жүр.Қазақ балаларының репертуарында арнау-тiлек өлеңдерінiң айға, күнге, табиғат құбылыстарына да, жан-жануарларға арналғандары да мол. 1988 жылы «Ақ сандық, көк сандық» жинағында бұл өлеңдер жеке топталып, «Арнау-тiлек» өлеңдер деген айдар тағылды және ғалым Ш.Ибраевтың алғы сөзiнде олардың өзiндiк ерекшелiктерi де бiраз ашылды. Қолымызға жинақталған мәлiметтердiң табиғаты мен оның қазақ балалар репертуарындағы өмiр сүру формасы оларды бiртұтас жанрлық түр ретiнде топтап қарастыруға мәжбүр етедi. Бұл әлi де ойлана түсудi, ел iшiндегi жиналмаған тың мәлiметтердi ауқымдап, жанрлық түрдiң iшкi ерекшелiктерiн тереңiрек саралап, термин мәнiн нақтылай түсетiн мәселе. Жалпы, балалар шығармашылығы дәстүрлi дүниетаным сырларын ұзағырақ сақтайтын алтын қойма. Ыждағатпен көңiл бөлсек, балалар ойынымен аралас жүрген осы шағын шығармалардан да талай қызық сыр тартуға болар едi.
Жасыратын несі бар, күні кешегі Кеңес дәуірі қазақ өлеңінің көсегесін көгертумен қоса, аталмыш арнаулардың да «жұлдызын» жандырған «алтын дәуір» болды.
Француз
халқындағы ХҮІ ғасырларда ерекше көрініс
тапқан одалар мен ХҮ ғасырдан бастап
өзінің жаңа даму сатысына көтерілген
жыраулар шығармаларындағы мақтаулар
тікелей байланысты болмағанымен,
генетикалык жағынан арнау өлеңдерінің
әр елде өзіндік көрініс беруі екені
даусыз. Мұндай мадақтау өлеңдері шығыс
поэзиясында "қасыда" түрінде
көрініс берді. "Касыда" дегеніміз
- бірнеше бәйіт бір ұйқаспен жазылатын
өлең түрі, мақтау жыры. Бұл өлең түрі
кезінде Фердоуси, Науаи, Мактымқұлы,
Низами және т.б. шығармаларында кеңінен
қолданылды.
Ерте дәуір әдебиеті мен
одан кейінгі кез арнау өлендерін саралап
қарастырсақ, арнау өлеңі өзінің құрамына
мадақ жырларын да, аңсау түрінде жазылған
өлеңдерді де, сатиралық тұрғыдағы
шығармаларды да, ағартушылық тұрғыдағы
ірі шығармаларды да қамтығанын
байқаймыз.
Арнау жанры бұрын-соңды
әдебиеттану ғылымында негізінен дәстүрлі
лкрика жанрының бір түрі ретінде
қарастырылып келеді. Бірақ солай бола
тұрса да ешкім арнау жанрының
"философиялық-теориялық,
дидактика-публицистикалық,
махабаттық-достық-сатиралық" табиғатын
жоққа шығармайды. Ал арнау жанрының
табиғатының тақырыбының өзгеруіне
негізгі себеп әлеуметтік жағдай екенін
барлық зерттеушілер мойындайды. Бұл
мойындау ерте кезден бүгінгі күнге
дейін арнау жанры жеке объект ретінде
сөз болғандығын көрсетед.Арнау жанрының
табиғатын анықтауда А.Квятковский
"монологтық поэзияның ежелгі жанры"
деген пікір айтады. Бірақ бұл тұжырымд
автор "Хат формасы" түрінде
түсіндірмек болуы жанр жоғалады деген
ұғымға алып келген. Арнау жырының
монологтық түрде өріс алуы түркі
халықтары, соның ішінде қазақ жыраулық
поэзиясында ерекше дамығанын орыс
зерттеушілері көрмейді, немесе көргісі
келмейді. Бірақ солай бола тұрса да
М.Гаспаровтың "моральдық-философиялық"
немесе дидактикалық мазмұндағы арнауларды
бөле қарастыруы түркі халықтары поэзиясы
арқылы басқа халықтарға тараған арнау
жанрын мойындау секілді.
Сондай-ақМ.Гаспароварнаужанрыныңосығанұқсас
баска жанрлармен ара қатынасын: "По
мере ослабления формальных признаков
грань между посланиями и родственными
жанрами стирались", - дептүйіндейді.
Бірақарнау жанры туралыайтылған ойлардың
бәрі - бұл дәстүрліпоэтикалық жанр
екенінжоққашығармайды.[3,101
бет]
Арнау өлендерінің жанрлық ерекшелігін ашуға көмектесетін әдістің бірі — оны тарихи-әдебиеттік негізде зерттеу. Бұл тұрғыда кезінде Б.Томашевский, Б.Эйхенбаум. Л.Гинзбург және т.б. істелген еңбектері көңіл аударарлық.Бұл ғалымдар арнаудың мазмұнымен қатар стильдік ерекшелігін, генетикалық байланысын, тұрмыстық тақырыптан келелі тақырыпқа көшу ерекшелігі секілді мәселелерге көңіл аударады. Бұл тұжырымдар кезінде жанрдың типологиясын зерттеуге эстетикалық тұрғыда мүмкіндік беріп, оның әдеби процестегі қызметін анықтайды. Бұл тұрғыда қазақ ғалымдары да теориялық тұрғыда еңбек етіп, А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев. З.Қабдолов, З.Ахметов, М.Жолдасбеков (ежелгі әдебиетіміздегі), М.Мырзахметов, Қ.Мәдібаева (зар заманы дәуіріндегі), Т.Қожакеев (сатирадағы), Б.Әбілқасымов (толғаулардағы), С.Медеубеков (термедегі) арнау өлеңдерінің ерекшелігін ашты. Бұрын-соңды айтылған пікірлерді тиянақтай келе, арнау өлендерінің жанрлық ерекшелігі неде дегенге тоқталсақ, арнауға былайша анықтама беругеболады.[4,190бет]
Бұрын-соңды
айтылған пікірлерді тиянақтай келе,
арнау өлендерінің жанрлық ерекшелігі
неде дегенге тоқталсақ, арнауға былайша
анықтама беруге болады.
Арнау - белгілі
бір адресатқа (жеке, немесе жиынтық
ұғымда) арналған. Ол өлең мәтінінің
ішінде көрінетін, автордың белгілі бір
тақырыпқа өзінің объектісімен сырласуы
(философиялық, эстетикалық, қоғамдық-саяси,
өмірлік шығармашылық тақырыптарға)
түрінде пайда болған поэзия түріндегі
шығарма. Арнау адресаты тақырыпта тура
(эксплицитгі) немесе жанама (имплицитті)
түрде берілуі мүмкін.
Екінші
жағдайда кімге бағытталуы шығарма
мазмұнында шақыру, өтініш, сұрақ түрінде
көрінеді. Бұл шығармаға диалогиялық
рең беріп, автордың ішкі толғанысын
шығарма арналған объектімен бөлісуіне
мүмкіндік береді. Шығарманың кез-келген
поэтикалық шартында бұл жанр автордың
өмірінде пайда болған ой-толғанысын,
басқа да мәселелерін поэзия түрінде
жеткізуге мүмкіндік беріп, белгілі
Арнау
жанр ретінде адресатпен диалог құруға
мүмкіндік беретін поэзия түрі ретінде
айқындалады. Бүл оның өзі тектес
жанрлардан өзгешелігін көрсететін
типологиясы. Себебі басқа жанрлар да
белгілі бір объектіге бағышталғанымен
оның мақсаты басқа. Мысалы, оданың
мақсаты - мақтау. Монологтың мақсаты -
ой айту. Ал сатира мен эпиграмма негізінен
күлкі ете отырып, объектімен диалогиялық
қарым-қатынасқа түспейді.
Арнау
өлеңдерінің негізінде күні бұрын белгілі
рөлге ие болған адресатпен диалог құру
жатыр. Бұл жерде адресат дос, дұшпан,
ел, жер, табиғат және т.б. болуы мүмкін.
Адресеттың осындай әртүрлілігі авторға
толғанысын, ажуасын, көңіл-күйінің басқа
сәттерін жеткізуге мүмкіндік береді.
Ал бұл дегеніміз - арнаудың толғау,
терме, өлең, сатира және т.б. жанрларды
өзінің икеміне қарай бұрып өзіндік жанр
туғызу мүмкіндігі деген сөз. Сондықтан
да қай жанр айтылмасын оның құрамында
арнау ұғымының бірге жүруі.
Арнаудың
диалогиялық мүмкіндігі кең. Жырау, ақын
өзінің поэтикалық ойын білдіруге жеке
адаммен де, өз-өзімен де, жер, су, табиғат
құбылыстарымен де, тарих кезеңімен де,
қоғамдық өзгерістермен де кеңесе,
сөйлесе алады. Сондықтан да қазақ суырып
салма поэзиясындағы арнау өлеңдері өз
кезеңіне байланысты өзгеріп отырған
және замана сөзін айта білген. Осы
тұрғыдан келгенде арнаудағы адресат
жиынтық тұлға екенін де ұмытпағанымыз
жөн. Ал бұл жиынтық тұлға арнау жанрын
туғызушы компоненттің бірі болып
саналады. Адресеттың әртүрлі моделі
арнау жанрының әртүрлі түрлерін
туғызады.[5,121бет]
Арнауда шығарманың
тақырыбы ретінде көрінетін ситуациялық
қарым-қатынас бар. Бұл тақырыптың нақты
формасын көрсететін поэтикалық ойдың
белгілі бір объектіге мақсатты түрде
бағышталатындығының белгісі. Солай
бола тұрса да арнауда эпикалық, драмалық
шығармалар секілді қарым-қатынастың
толық, мазмұны, ойды толық баяндау жоқ.
Арнау монологтық ой толғанысы іспетті.
Бірақ жәй монологтық ой емес, белгілі
объектімен (оның нақты, абстрактылы
болуына қарамастан) сырласу.
Арнау
— диалогтық ой айту. Бірақ ол толық
біткен, толық формадағы диалог емес,
соның детальдары. Бұл арнау жанрының
кез-келген сәтте жауап алуға мүмкіндігі
бар екенін де көрсетеді.
Белгілі
объектімен қарым-қатынасқа түсу шарты
арнау жанрының негізгі белгісі ғана
емес, жанрлық форманы тудырушы компоненті
де. Ал бұл жанрдың құрылымын ұйымдастырушы
поэтикалық киімін киіндіруші десе де
болады. Арнаудың
мазмұны үнемі адресатқа бағышталып,
оның қабылдауына лайықталады.
БұлреттеМ.М.Бахтиннің: "...всякое
литературное слово более или менее
остро ощушает своего слушателя и отрахает
в себе его предвосхищаемые возражения",
— дейді. Шындығында да,
арнауөлеңдеріндетыңдаушығашығарманы
бағыштау өте күшті де нақты. Сондықтан
да арнаудыңқұрылысындабіріншікезектеарнаутақырыбы,
содансоңбасқабелгілер көрінеді.
Суырып
салма поэзиясындағы
арнауда
айтылу
интонациясы
да аз қызмет атқармайды. Сондай-ақ
арнаудағы
сұрақ-жауап
конструкциясы,
императив, полемикалық-риторикалық
фигуралар
да жанрды
құраушы
компоненттер
қатарына
жатады.
Бірақ
арнаудағы
диалогиялық
бастама
– арнау
өлеңінің
табиғатына
терең
сіңген
белгі.
Бұл
өз
кезегінде
арнаудың
стильдік
ерекшелігін
анықтайды. Тіпті, арнауда
нақты
адресат айтылмаса да арнау
қуатты
– диалогиялық
мазмұнға
ие
болады
да ол
өз
бойына
тек автордың ой-толғанысын
ғана
емес,
басқаның да ой-толғанысын
жинайды.
Бұл арнаудың семантикалық толық
қандылығын көрсетеді. Сөз
екі
бағыттық
мәнге
ие
болып,
автордың
өз
сөзі
және
адресат сөзі
ретінде
көрінеді.
Арнау
жанры - күрделі жанр. Сондықтан да оның
ерекшелігін
ашуға
түрлі-түрлі
жағынан
келіп
талдау
жасадық.
Қазақ
суырып
салма поэзиясында
тіпті,
Абай арнауларының
өзі
суырып
салып
шығарылғанын
ескерсек,
қазақ
әдебиетіндегі
суырыпсалмалық
поэзияда
арнаудың
өзінді
керекшелігі
бар. Бұл
ерекшеліктер
қазақ
ауыз
әдебиетінде
айтыс,
шешендікөнер, толғау, қара өлең және
т.б. бірігіп
халкымыздың
мол рухани
дүниесін
жанрлық
түрлерін
байыта
түседі.
Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы арнаулардың сыры
Біз білетін Мағжан поэзиясы кесек,тұнба алтын,табиғи күйінде туа қалған артық-кемі жоқ,төл әдебиетіміздегі ерекше құбылыс .Жыр жолдарына араласып,бірге дем алып,толқынымен бірге дірілдеп,бірге шаттана айқайлап,арнасында бірге жүзесің.Немесе,шөлдеп келіп тас бұлаққа бас қойғандай сіміріп жұта бересің-жұта бересің,рахат қаусаріне шөлің қанбай,тағы-тағы дегендей аптыға жұтасың.
Міне,Мағжан поэзиясы осындай төгілмелі жыр жүйесіне жатады.Талантты ақынның қай-қайсы болса да өз қадір-қасиетін жақсы білген,өз деңгейіне жеткізе бағалай да білген.
Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы белгілі бір заттарға және белгілі бір тұлғаларға арналған арнау шығармалары бар. Оларды –ға-ге- барыс септігінің жалғаулары арқылы жасалғанын көруімізге болады. Сонымен қатар арнау ұғымына тағы бір жаңалық ретінде осы арнау түрлерін алып шықпақпыз.
Ақын шығармашылығында адрессаты көрсетілген және адрессаты көрсетілмеген өлең түрлері бар. Сонымен қоса ол арнаулардың барлығы жанама емес тура объектіге арналған.
Ақын шығармаларындағы арнауларын оқи отырып адамдарға арналған өлеңдерін төмендегідей топтауға болады:
Арнау
Адамдарға
Табиғи
құбылыстарға
Қаламыма. Айға.
Жұлдыздарға Бір биге.
Жер
жүзіне. Баланың
қабыр тасына.
туыстарына
Атақты
тұлғаларға
Аз
танымал тұлғаларға
Белгісіз
жандарға
Анама
Злиха. Жарыма. Нағашыларға.
Бернияз
Кулеевке. Жамбыл
Жабаевқа. Абай
Құнанбаевқа Жауға
түскен жауға. Т.б
Алыстағы
баурыма. Р-ға. Ф-ға. З-ға. Жас сұлуға.
Қырғыз, қазаққа. Дін үйреткенге.Т.б
Гүлсімге.
Гүлсім ханымға. Ғазизға. Т.б
Бір оқырман М.Жұмабаев шығармсындағы арнаулар бағытталған тұлғалармен таныс болса, кейбірімен таныс емес. Сондықтан да бұл жұмыстағы негізгі бағыт арналуардағы адамдардың кім екенін анықтап сол адам жайлы мәлімет беру.
Барлық арнаулар төмендегі саты бойынша талданды:
Бұл адам кім?
Мағжанға қандай жақындығы бар
Арнау жазудың себебі
Арнаудың мазмұны
Туыстарына деген тақырыпта бірінші «Анама» өлеңін талдаймыз:
Анасының аты – Гүлсім.
Қанаты ерте қатайып, кіндік қаны тамған туған ұясынан, өскен ортасынан ерте ұшқан ол мәңгі сөнбейтін махаббат, сарғайған сағыныш отына суарылған «Анама» деп аталатын бұл өлеңін ақыл тоқтатып жігіт болып қалған шағында, «Ата-анаңнан без дедің, безбедім бе? Қаңғырып талай жалғыз кезбедім бе? Басыма талай қара күндер туды, Ата-ана, туысқан іздедім бе?» деп ел-жұртынан жырақта жалғыздықтың азабын тартып жүргенде жазған. Ақынның «Жан сөзі» де бізге ана мен бала - бір бүтін, ажырамас ұғымдар дегенді ұқтырады. Кеше анасы түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін әлдилесе, әр қылығына, қимылына мәз болып «жаным», «қарашығым», «құлыным» деп асты-үстіне түсіп еміренсе, сәби сыйлаған Аллаға мың да бір шүкіршілік айтып, бақыттың бесігінде тербелсе, бүгін баласы «Жаным анам - жібек тілді, ақ көңіл» деп анасын айналып-толғанады, оған жан теңгермейді, елжірейді. Ол үшін бұл өмірде анадан қымбат, анадан жақын, анадан асқан ешкім жоқ. «Шет жерлерде теріс жолдан сақтарға, жан балаңа ақ батаңды бере көр», деп бір өзіне ғана сенетінін, әр кез өмір дауылынан сақтайтын ана құшағынан пана іздейтінін жеткізеді.
Түнде тұрып түн ұйқыңды төрт бөлдің,
Тыныш ұйықтасын деп аз сөйлеп, аз күлдің.
Ыңырансам, иә қарным аш, иә тоңған
Екенімді ойламастан тез білдің.
«Жаным - дедің, - қарашығым, құлыным», -
Сүйдің, қыстың, дедің:
«Тәтті қылығың!» -
Қаз-қаз тұрсам, езу тартсам, құласам,
Я жыласам - бәрі жақты қылығым.
Ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабаев анасы жайлы осылай тебіренеді.
Сонымен, Гүлсім кім? Алдымен шыққан тегіне тоқталсақ, бұл жайында ел арасындағы әңгіме, зерттеушілердің ой-пікірлері әлі күнге бір арнада тоғыса қойған жоқ. Біреулер «Гүлсімнің арғы аталары өзбек жерінен келіп, қазақ қызына үйленген адам екен» («Мағжан Жұмабаев шығармалары» Алматы, 1989 ж.) десе, Темірболат Сәлімжанұлы жақында кездесіп әңгімелескенімізде: «Гүлсімнің әкесі Мекке-Мединеге барар жолда сауда-саттықпен айналысып жүрген түркімен екен, Мағжанның атасы Жұмабай қажылыққа барған бір сапарында кездестіріп: «Сен бұл жақта жүрме, бізге ер», деп шақырып алыпты», деп тағы бір тосын әңгіменің шетін шығарды. Үлкен адаммен сөз жарыстырмасам да, бұл әңгіменің қисынға келмейтінін сездірдім. Жұмабай сияқты белгілі адамның айдалада саудамен күнін көріп жүрген түркіменді, бізге белгісіз бір себептермен, өз еліне шақыруы, ертіп келуі мүмкін, бірақ атын да, затын да білмейтін адамның қызын баласына қосты дегенге сене алмай отырмын дедім. Темекең бұған алып-қосарым жоқ дегендей үнсіз қалды. Сол сияқты Гүлсімді өзбекке апарып қосатындай да ешқандай дәйек, дерек жоқ. Мағжанның інісі Сәлтайдың (Сәлімжанның) қосағы Бибізайыпқа іні болып келетін марқұм ақын Хамза Абдуллин «Сұм өмір абақты ғой саналыға» деген мақаласында («Мағжан әлемі» Алматы, 2009 ж. ) Мағжанның анасы Гүлсімнің Әшірбек атты ірі оқымысты әрі іскер қазақтың үйінде дүниеге келгенін жазады.
Жарына арналған «Злихаға» өлеңіне назар аударатын болсақ:
Мағжан Жұмабаевтің жары- Злиха Құрманбайқызы.
Рашит Əл-Каренидің әңгімелеуі бойынша қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың жары Зылиха Құрманбайқызы жазықсыздан-жазықсыз түрмеге қамалған күйеуінің жоқтаушысы, жанашыры бола білді, кейін əдеби мұрасының шырақшысына айналды деген пікірі. Автордың араға жылдар салып асыл ұлымен қайта қауышқан халқының Зылиха Құрманбайқызына да қарыздар екенін жеткізуге тырысқаны өте жөн сияқты.
Итжеккенге айдалған Мағжанға Зылиха байғұс теңізден өтіп, нелер батпақ, тоң жерді белшесінен кешіп, талай рет барған. Тамақ апарып тұрған. Саясатты, ертеңгі тағдырды көп ойламай, көзжұмбаймен асқан ерлікке, жанын шүберекке түйіп, өзін құрбан етуден тартынбаған. Ештеңеден қорықпаған, жасқанбаған. Жары жолында жанын пида қылған əйелдердің бірі Зылиха апай болған.
Ақын арманы – шығармашылық Одақ құру еді. КСРО Жазушылар Одағы сияқты ұйым құруды көздейді. Оған «Алқа» деп ат та қойып үлгерген еді. Бірақ осы арман-мұраты ақынның түбіне жетті. Сол үшін Мәскеудегі түрмеге қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 15. Зылиқа Мағжанды құтқару қамына кіріседі. Мағжанның М. Горький шығармаларын аударған еңбектерін жазушының әйелі Е. Пешковаға хат жазып, көрсетеді. Осы іске М. Горький араласып, Мағжан мерзімінен бұрын бостандыққа шығады.
Мағжан да Зылихаға ерекше риза болып, оған өлеңнен ескерткіш соғып кетті. Қиын-қыстау кезеңде өзіне кімнің сүйеу болғанын ақын былайша жырлайды [2]:
Жас өмірімнің көгін бұлттар басқан күн,
Қайғы-қасірет тасып, бастан асқан күн.
Жан-жағымнан жылы жүзді жан таппай,
Жақын жандар қастық уын шашқан күн.
Жауыз тағдыр созған қолды қаққан күн,
Жан-тəнімді жылан, шаян шаққан күн.
Жапан түзде қара түнде жалғыз қап,
Қан дария боп көздің жасы аққан күн.
Сен көрдің де, келдің тура қасыма,
Сусын беріп, жастық қойдың басыма.
Маңдайымнан сипап, сүйіп, жұбаттың:
«Жаным құрбан, жасыңды тый, жасыма!
Мəңгілікке, міне, қолым беремін,
Тағдыр оғын көтермекке көнемін.
Қайғыланба, атса атар алтын таң,
Жан жолдасым, өлсең, бірге өлемін!» —
Дедің де сен күліп, жолым бастадың,
Жауын, дауыл, оттан, судан қашпадың.
Қасиетті, сиқырлы сөз күшімен
Міне, азырақ есім жия бастадым...
Алтын сəулем, ақ періштем жан салған,
Кім біледі, айырса егер сұм жалған,
Жүргенімде жер жүзінде тірі боп,
Бағынатын, табынатын сен — Аллам!
Бұл Мағжанның Зылихаға арнаған көп өлеңдерінің бірі.
Жоғарыда берілген өлең жолдарынан ақынның өмірінде болған лайсаң жауындардың яғни өмірдің қиын да ауыр шақтарының көп болғанын байқаймыз.Жарының жаныашыр болып, осы қиындықтарды өзімен бірге қарсы алуға шақырғандай. Әрине әр отбасына келген немесе отағасына не жарына келген қайғы да қасірет те ортақ болуы шарт емес пе?!
Ақынның келесі бір арнауы атақты тұлғаларға арналған. Ол қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевқа арналады.
Жан-жақты білімді, қазақ поэзиясын терең білетін талантты ақынға Абай шығармалары ерекше бір рухани құбылыс болды. Өзіне етене таныс Батыс және Шығыс классиктерінің сөз саптауынан алабөтен, әрбір сөзінің астарында қатпар-қатпар қайғы мен зар, мұң мен шер, тұңғиық терең ой жатқан Абайдың әдеби тілді түрлендірудегі қайталанбас талантына баспадан 1909 жылы шыққан өлеңдер жинағынан оқып, табынған.
Мағжан Абай ақынды құлай сүйген жəне оны иісі қазақ
ұстазы данышпан деп білген. Сондықтан Абайды «хакім» атайды. «Алтын хакім Абайға» атты арнайы өлең жазады.(«Шолпан» жинағы, 1912 жыл).
«Хакім» (хаким) – араб сөзі. Білімді, оқымысты, дана,ғалым деген ұғымдарды береді. Хакім əрбір істің себебін іздейді. Яки ол – ғалым.
Хакімі жоқ ел – ел емес, – дейді Абай. Бұл пікірін ол былайша дəлелдейді: «Адаспай тура іздеген хакимдар болмаса, дүние ойран болар еді.»Міне, осы хакім тəжін Мағжан қазақ тарихында тұңғыш рет Абайға кигізіп отыр.
Бұл сөздердің жаны бар. Оған Мағжан жырларын оқып отырып-ақ көз жеткізуге болады. Жас Мағжан Абайға еліктеп, оның ізімен көптеген өлеңдер жазады. ("Жазғытұры", "Күз", "Қысқы жолда", т. б.). Осылай Абай оның сырласына, өмірлік ұстазына айналады. Абайдың ұлылығын жұрттан бұрын таныған да Мағжан еді.
Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанды
Дүние қолын жайып енді күтпес, - деп Абайдың ұлылығына бас иеді.
«Жауға түскен жанға. М.Д.-ға хат» деген арнауына тоқтала кететін болсақ: Бұл арнау жолдары қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалын көсемсөз шебері Міржақып Дулатовқа арналған.
Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын:
«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты», — деп, жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс-әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты – түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ.
М.Жұмабаев осы өлең жолдары арқылы өр мінезді Міржақыптың қашанда күрес шебінің алдында болып, жалынды сөзімен де, тындырымды ісімен де, жеке басының жүріс-тұрысымен де ол өзінен кейінгі жастарға әсер етіп, сонымен қатар халықтың пайдалы әдет-ғұрпын сақтауға, елін, жерін сүйетін тәрбие беруге күш салып, жанын қиғаны туралы баяндайды.
ЖАУҒА ТҮСКЕН ЖАНҒА
(М.Д.-ға хат)
Дамыл көрмей ерте-кеш,
Жұрттың қамын көп жедiң.
Байладың белдi, салып күш,
Тыныштық жүзiн көрмедiң.
Жағаластың жауменен,
“Бермеймiн жұртым, жаным”, – деп.
Алыспақ болдың тауменен,
“Жұрт үшiн төгем қаным”, – деп.
“Оян! – дедiң жұртыңа, –
Бас көтерiп, тiрлiк қыл!”
Ақыл айттың ұлтыңа:
“Таста талас, бiрлiк қыл!”
«Берниязға» деген арнауына тоқтала кететін болсақ:
Бернияз Күлеев бұрынғы Ақтөбе губерниясы Бөрте болысының 5 ауылында 1899 жылы туған. 1917 - 1918 жылдары Б. Күлеев Орынбор қаласындағы қазақтың учительдік семинариясында оқып білім алады. Сол семинарияда оқып жүрген кезінде бір қыдыру өлең және драма жазады. Көп ұзамай оқуын тастап, Бернияз Күлеев Торғай облысында кеңес қызметін атқарады, сол жылдарда шығып тұрған «Қазақ мұңы», «Ұшқын» газеттерінде көп қызмет етеді.Соңғы жылдарында Қазақ Республикасы халық ағарту комиссарятының жолдауы бойынша Қазан қаласында қазақ кітаптарын бастырып шығару ісін басқарады. Бернияз Күлеев аз өмірінің ішінде әдебиет майданында жемісті еңбек етіп, едәуір әдеби мұра қалдырды. Көптеген өлеңдерімен бірге екі - үш поэма жазды. А.С. Пушкин, М.ЮЛермонтов тағы басқа орыс ақындарынан аударма жасады. 1923 жылы 29 қаңтар күні Бернияз Күлеев кенеттен қайтыс болады.
Мағжанның
"Бернияз Күлеев" мақаласымен катар
"Берниязға" атты өлеңі де
...Ұлан
өлді батып қанға, Тыныштық тыпты асау
жан да.
Жалпы мазмұны өкініш, қайғы-мүң
сарынына толы өлең әрі қарай
Өмір,
өлім—мәңгі аңдысқан екі жау, Екі жауды
бауыр қылар
Сол жыр таппай, садақ
тартпай, сабыр ғып, Қан майданда-деп,
бар қайғысын арнау арқылы шегін тарқатады.
Аз танымал адамдарға арналған арнауларының ішіндегі шығармаларының бірі –«Гүлсімге», «Г-ге», «Гүлсім ханымға» дегенге тоқталатын болсақ:
Ал
енді "Мағжандай ақынның сүйіктісі
болған бақытты әйел кім?" дерсіз. Ол
татар келіншегі Гүлсім ханым болатын.
Екеуінің қалай танысып, табысып және
айырылысуы жөнінде М.Жұмабаевтың
шығармаларын құрастырушы ғалымдар
(Х.Абдуллин, Б.Дәрімбетов) мынадай
деректер келтіреді:
"Гүлсім
ханымға" - Гүлсім Камаловаға арналған
алғашқы өлең. Бұл өлеңнің тарихы мынандай:
1920 жылы Омбыдан Қызылжарға көшіп келген
мұғалімдер курсында Мағжан әрі директор,
әрі мұғалім болып қызмет істейді. Сол
кезде Башқұртстаннан Мичурин деген
ауқатты кісі жақында ғана үйленген
Гүлсім деген жас әйелімен көшіп келеді.
Гүлсім Мағжан басқаратын курске
математикадан сабақ беретін мұғалім
болып орналасады.
Гүлсім
курске келген күннен бастап өзінің
асқан сұлулығымен, оның үстіне ерекше
тәкаппар мінезімен жұрттың көңілін
өзіне аударады. Ол ешкімге сәлем де
бермей, берген сәлемін де алмай тіп-тік
келіп, тіп-тік шығып кетеді екен. Бір
күні Мағжан оқытушылар бөлмесіне кіріп
келсе, Гүлсім бір столдың жанында жалғыз
отыр екен. Кіріп келген Мағжанға селт
етіп қарамайды да, Мағжан Гүлсімге
қарама-қарсы отыра қалады. Бірдеңе
айтқысы келіп оңтайлана бергенде үй
сыпырушы татар әйелі кіріп келіп: "Гүлсім
ханым, сізді телефонға шақырады!" -
дейді. Гүлсім шығып кетеді. Мағжан
столдың үстінде қалып қойған Гүлсімнің
қалың дәптерін көреді. Дәптерді алады
да оның бір бетіне табан астында шығарып
осы 8 жол өленді жазады. Сәлден соң
бөлмеге қайтып кіріп: "Мағжан мырза,
мені қожам шақырып жатыр, рұқсат етсеңіз
қайтайын?" - дейді. Ертеңінде Мағжан
басқа мұғалімдермен дәлізде келе жатса,
үйге Гүлсім кіріп, Мағжандарға қарама-қарсы
жүреді. Әдетте, жан адаммен тілдеспейтін,
сәлем бермейтін паң Гүлсім: "Сәлеметсіз
бе, құрметті Мағжан мырза" деп
қастарынан өте шығады. Сол күні сабақ
біткеннен кейін Мағжан Гүлсімге келіп:
"Гүлсім ханым, Сізді орта жолға дейін
шығарып салуға бола ма?" деп сұрайды.
Сонда Гүлсім: "Жоқ, Мағжан мырза, орта
жолға дейін емес, жолдың аяғына дейін
шығарып салуыңызға болады!" - деп
жауап береді...
Кейіннен
Гүлсім Мағжанға өлеңмен былай деп жауап
жазады:
Жүрәклар
тоңірісі отлы!
Көзіңнің шағласын
меннан
Көшір бір озі е алгулға,
Сиқырлы
йылдызым, тездан!
Әйелінің
Мағжанмен қарым-қатынасын сезген Мичурин
арада бір жыл өткен соң Қызылжардан
көшіп кетеді. Ол,тіпті Мағжанды өлтірмекші
болды...
Гүлсім
Камалова – татар қызы. 1914 жылы Петербургтегі
ақсүйек қыздардың педагогиқалық
институтын бітірген. Бірінші дүниежүзілік
соғысқа "шафқатлық тәтесі" (медбике)
болып қатысқан. Революция кезінде еліне
қайтқан соң әкесі әлгі Мичуринге қосқан.
Бота
көз, сиқырлы сөз, Гүлсім ханым,
Әр
жерде өткізсек те өмір таңын,
Кей
уақыт көзіңізге көзім түссе,
Ойнайды
аласұрып неге жаным?!
Бота көз, сиқырлы
сөз, ханым Гүлсім,
Көктегі күн
күлмесін, Гүлсім күлсін!
Гүлсім-Күн,
көкте ақырын жүзе білед-
Сүйдіріп,
күйдіргенін қайдан білсін!
Мағжанның Гүлсімге арнап жазған өлендері көп. Олар "Гүлсімге", "Г...ге", "Айрылғанда", "Тірілдім" және жоғарыда сөз болған "Гүлсім ханымға", "Сүй, жан сәулем" деп аталады.
"Келші,
көзім, күн бетіңді көрейін,
Сүйші,
сәулем, тұншығып мен өлейін.
Жет,
жұлдызым, жылжып қана жібектей,
Жұлдызды
жүзік, Айды алқа ғып берейін"-
деп
басталатын өлеңі де Гүлсімге арналуы
мүмкін.
Ақынның
өмірбаяны туралы еңбектерге қарағанада
М.Жұмабаев екі рет үйленген және ол
екеуінен басқа екі қызға ғашық
болған.
Ақын
өлеңдерін талдап оқыған адам Мағжанның
Гүлсім Қамаловаға ғана өлердей ғашық
болғанын байқайды. Ол Гүлсім көшіп
кеткенде былай деп жырлайды:
Білдім:
бүгін мені тастап кетесің,
Күміс
көбік Ақ Еділден өтесің.
Бота көзім,
өлтіріп кет қолыңнан!
Тірі тастап
кетіп мені нетесің?!
Кейін Москвада тұрған кезінде Мағжан әйелі Зылиқа екеуі трамвайда кетіп бара жатып, Гүлсімге кездесіп қалады. Гүлсім де, Мағжан да үндемейді, беттеріне бір-бір қарап бұрылып кетеді.
Ақынның Ғазизаға деген арнауына тоқталатын болсақ:
Қаладан жиреніп дала қашса да, Мағжан қаланың мәдениетінен қаш деп айта алмайды. Жек көрген қала – мәдениет ошағы, жақсы көрген елі – надандықтың ұясы. Бір жағынан еркіндікті сүйсе, екінші жағынан ол өмірдің тұрақсыз екенін ойлайды. Сондықтан Мағжан қазақтың бұрынғы ақындарының (Абай, Ахмет, Міржақыптың) ізін қуып, халықты өнер-білімге шақырады. Мағжан сондықтан мәдениетшіл романтик болып отыр.
“Өзім
тәңірі, табынамын өзіме,
Сөзім құран,
бағынамын сөзіме.
Бұзушы да, түзеуші
де өзіммін
Енді ескілік келдің өлер
кезіңе”, –
деп ескілікпен ат құйрығын үзеді. “Зура деген қыз түн сайын жылап “құдайға” жалынып жүріп, түрлі жұлдыз болған екен. Сен де оқып, қазаққа жұлдыз болып нұрыңды шаш!” – деп Ғазиза қарындасына ақыл айтады.
Ғазиза қарындасы деген Ғазиза Жұбанова.Ол-сазгер, Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Қазақтың қазіргі замандық музыкасының негізін қалаушы А.Жұбановтың қызы. Гнесиндер атындағы Мәскеу музыкалық училищесін, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын, профессор Ю. А.Шапориннің композиция класын бітірген.
Белгісіз тұлғаларға арналған арнауларының ішіндегі шығармаларының бірі:«З-ға»
Жас күннен бірге ойнап, бірге өстік,
Бір жүріп, сабақты да бірге оқыстық.
Есейіп бірте-бірте ескірген соң,
Жақындық, арамызда артты достық.
Өткен күн жеткізбейді, ол - бір тұлпар,
Алдымда, тірі болсам, талай күн бар.
Кейде у, кейде кәусар суын беріп,
Жанымнан жылжып ақырын өтер жылдар.
Жолығар ұзын жолда талай адам,
Сұлу да, сүйкімді де, жақсы-жаман.
Іш өртеніп, жүрегім шын елжіреп,
Дәл сендей басқа жанды сүю арам!
«...Мағжанның алғашқы әйелі Зейнеп Шоқан Уәлихановтың інісі Жақып төренің қызы Қадишадан туған. Зейнептен Мағжан Граждан атты ұл көрген. Тағдырдың жазуымен ақын үшін қымбат осы екі жан бірінің артынан бірі опат болды. Зейнебі баладан дүние салды. Артынша тұла бойы тұңғышы шетінеді.
Келесі белгісіз тұлғаларға арналған арнауларының ішіндегі шығармаларының бірі:«Алыстағы баурыма»
1919 – 1923 жылы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған түрік халқының азаттық соғысына арналған “Алыстағы бауырыма” атты өлеңі бар.
Алыста
ауыр азап шеккен бауырым,
Қуарған
бәйшешектей кепкен бауырым,
Қамаған
қалың жаудың ортасында
Көл қылып
көздің жасын төккен бауырым.
Алдыңда
ауыр қайғы жатқан бауырым,
Өмірі жапа
шеккен жаттан бауырым.
Түксиген
жүрегі тас жауыз жандар,
Тірідей
терің тонап жатқан бауырым.
Бұл өлең Мағжан Жұмабаевтың жауһар поэзиясы түркі тектес халықтар арасында да алтын қазынаға баланады.
Түркі халықтарының тегі бір тұтастығы мен бірлігін жүрегінен өткізе жырлаған ақынның бірі де, бірегейі - Мағжан.
Мағжан Бекенұлының «Алыстағы бауырыма» атты өлеңі бар. Осы өлеңге арада 80 жыл уақыт өткенде түріктің Фейзуллах Будак дейтін ақыны жауап жазыпты.
Келесі арнаулар «Табиғи құбылыстарға» оның ішіндегі «Айға», «Баланың қабыр тасына» өлеңі
АЙ - ең алдымен, қазақтардың исламға дейінгі байырғы дүниетанымындағы киелі рух иесі ретінде мінәжат еткен аспан денесі.
«Ай көрдім, аман көрдім», - деген тұрақты сөз тіркесінде көрініс тапқан айға тәу ету ғұрпы осы аспан денесіне байланысты ежелгі наным-сенімдер және осыған байланысты атқарылатын ғұрыптардың кіріспесі іспеттес. Айға сәлем беру ғұрпы «Ертеде қазақтар жаңа туған Айға тізерлеп отырып, үш рет еңкейіп мінәжат етеді. Жаздыгүні болса, сол тізе бүккен жерінің шөбін жұлып, отқа тастайды». Ғұрыптың мәні - әулетім оттай қаулап өсе берсін, пәле-қазадан аман болайық дегенді білдіреді. Сондай-ақ, айға қарап тілек тілеп, бет сипайды: «Ай көрдім, аман көрдім, Бұрынғыдай заман көрдім, Жаңа Айда жарылқа, Ескі Айда есірке! Тірілерге жиған бер, Өлілерге иман бер, Аллаһу акбар!» -деп қолын жайған.
Ескеретін болсақ Мағжан Жұмабаев «Ғалия » медресенінде оқып, мұсылманша, діни білім алған. Оның өлеңдеріде Аллаға деген сыйынушылық, Жаратқанның әділдігіне сенушілік.
Сондықтан Мағжан Жұмабаевті Кеңес үкіметі тұсында “ескішіл”, “діншіл” деп айыптайды. Ақын қандай қиындық көрсе де, “тар жол, тайғақ кешуден” өтсе де өлеңдерінде Алладан үмітін үзбейді, бар керегін Жаратушысынан сұрайды. “Айға” атты мына бір өлеңінде:
Ант етіп айырылмасқа бірігейік,
Ас-сусыз, мың бейнетпен жол шегейік.
Тыңдайтын бар ғой тілек әділ Алла,
Көл қылып, қан аралас жас төгейік, - деп Алла тағаланың әділдігін жырға қоссады.
«Баланың қабір тасына» өлеңінде өзгелерді жыламауға шақырып, жұбатып:
Өлгені емес, жерді тастап кеткені –
Шын бақытқа ерте бастан жеткені.
Ізгі оймен, жайлы жәннат төрінен,
Орын алып, ата-анасын күткелі, - дейді. Діндегі жас бала шетінесе, ата-анасын жұмақтан күтеді деген қарапайым адамдар біле бермейтін ұғымды осылай өлеңмен беруі Мағжанның шариғатқа білгірлігін көрсетсе керек.
Қорытынды
Арнау
- белгілі бір адресатқа (жеке, немесе
жиынтық ұғымда) арналған. Ол өлең
мәтінінің ішінде көрінетін, автордың
белгілі бір тақырыпқа өзінің объектісімен
сырласуы (философиялық, эстетикалық,
қоғамдық-саяси, өмірлік шығармашылық
тақырыптарға) түрінде пайда болған
поэзия түріндегі шығарма. Арнау адресаты
тақырыпта тура (эксплицитгі) немесежанама
(имплицитті) түрде берілуі мүмкін.
Екінші жағдайда кімге бағытталуы
шығарма мазмұнында шақыру, өтініш, сұрақ
түрінде көрінеді. Бұл шығармаға
диалогиялық рең беріп, автордың ішкі
толғанысын шығарма арналған объектімен
бөлісуіне мүмкіндік береді. Шығарманың
кез-келген поэтикалық шартында бұл жанр
автордың өмірінде пайдаболған
ой-толғанысын, басқа да мәселелерін
поэзия түрінде жеткізуге мүмкіндік
беріп, белгілі бір нысананы өнер
туындысының объектісіне айналдырады.
Біз
білетін Мағжан поэзиясы кесек,тұнба
алтын,табиғи күйінде туа қалған артық-кемі
жоқ,төл әдебиетіміздегі ерекше құбылыс
.Жыр жолдарына араласып, бірге дем алып,
толқынымен бірге дірілдеп,бірге шаттана
айқайлап,арнасында бірге жүзесің.
Немесе, шөлдеп келіп тас бұлаққа бас
қойғандай сіміріп жұта бересің-жұта
бересің, рахат қаусаріне шөлің
қанбай,тағы-тағы дегендей аптыға жұтасың.
Міне,Мағжан поэзиясы осындай төгілмелі жыр жүйесіне жатады.Талантты ақынның қай-қайсы болса да өз қадір-қасиетін жақсы білген, өз деңгейіне жеткізе бағалай да білген.
Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы белгілі бір заттарға және белгілі бір тұлғаларға арналған арнау шығармалары бар. Оларды –ға-ге- барыс септігінің жалғаулары арқылы жасалғанын көруімізге болады. Сонымен қатар арнау ұғымына тағы бір жаңалық ретінде осы арнау түрлерін алып шықпақпыз.
Ақын шығармаларындағы арнауларын оқи отырып адамдарға арналған өлеңдерін төмендегідей топтауға бөлдік: туыстарына, атақты тұлғаларға, аз танымал адамдарға, белгісіз адамдарға. Осы топтардың бәріне тақырыптар бойынша арнаулар топталып енгізілді.
Бір оқырман М.Жұмабаев шығармсындағы арнаулар бағытталған тұлғалармен таныс болса, кейбірімен таныс емес. Сондықтан да бұл жұмыстағы негізгі бағыт арналуардағы адамдардың кім екенін анықтап сол адам жайлы мәлімет берілді. Барлық арнаулар төмендегі саты бойынша талданды:
Бұл адам кім?
Мағжанға қандай жақындығы бар?
Арнау жазудың себебі?
Арнаудың мазмұны?
Осы жұмыста жазылған мәліметтер бойынша оқушы қауым басқа да оқырмандар да ақынның арнауындағы сонымен қатар өмір жолдындағы болған жағдайлар жайлы толық хабардар бола алады.
Адамдарға бөліміндегі туыстарға деген топшалауға кіретін адамдар: анасы, жары, оларға деген ақынның сезмімі жайлы көптеген мәліметтер берілді.
Атақты адамдарға арналған арнауларының ішінде Абай Құнанбаевқа және Берниязға (Бернияз Кулеев) деген арнауларында олардың ақынмен таныстығы, бір-бірімен тіршілігінде болған қарым-қатынасы жайлы толық мәлімет берілді.
Осы тақырыпта тағы да басқа әдебиет өкілдері туралы мәлімет берілді.
Аз танымал адамдар деген топта: Гүлсімге, Гүлсім ханымға, Ғазизға тағы да басқа да арнаулары бар. Егерде оқырман ақынның осы арнауларын оқып отырып олар жайлы кім екенін? Мағжанның олармен қатынасы жайында еш хабары болмас еді, ал осы жұмысты оқи отырып арнаудағы кейіпкер жайында толық мәлімет береді. Ақынның жоғарыда аталған есімдермен байланысы жайында жазылды.
Ал белгісіз тұлғалардың ішінде тек бір «З-ға» деген арнауын талдап қарайтын болсақ, жоғарыда аталған арнаулардың мазмұнын меңгере отырып, ақынның өз отбасына деген жақындығын, оларға деген шексіз махаббат сезімін, жарына деген сенімділігі мен қиындыққа қарсы тұруға көмек беретін өмірлік адал серігі болғандығына көз жеткіземіз.
Сол уақыттағы ақындармен ара-қатынасының жақсы болғанын, оларға мақтау сөз айтпаса да өз ішіндегі жан айғайы мен ішкі сырын, көңіліндегі күйбең жайттар, толы сезімді байқағанымыз жайлы айтқым келеді.
Осы уақытқа дейін Мағжан Жұмабаев жайында айтылған сөздер аз емес, дегенмен ақынның әлі де болса зерттелмеген дүниелер баршылық. Соның бірі ретінде біздің жасалған жұмыс та осы дүниелерді толықтыра түседі деген ойдамыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Ұлттық поэзия падишасы:Ұлы ақын Мағжан Жұмабаевқа арналады. Алматы-2001ж
2.Кәкішұлы Тұрсынбек «Мағжан-Сәкен»// Ғылыми эссе 1999
3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журнал 2010 ж, наурыз
4. Қабдоллов З. «Сөз өнері», таңдамалы шығармалар 2 том, монография 358 бет
5.Арнау өлендерінің жанрлық табиғаты [Текст] / Тілеуова А. // ҚазҰУ:Филология сер. - 2000. - N5(39). - С. 136-139 б.
6.М. Жұмабаев «Жан сөзі»-Алматы: Раритет,2015-256б
7. Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы Бас редакциясы, 1998 жыл
8. 10. Қазақ әдебиеті журналы № 38 (3254

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген