Материалдар / Ғылыми жоба "Оралхан Бөкей шығармаларындағы табиғат бейнесі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба "Оралхан Бөкей шығармаларындағы табиғат бейнесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
О.Бөкей шығармаларындағы табиғат пен адамның біртұтастығын түсіну
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Наурыз 2020
2828
7 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мазмұны


Кіріспе_______________________________________________2-бет

  1. Теориялық бөлім:

    1. Оралхан Бөкей өмірі______________________________3-бет

    2. Оралхан Бөкейдің шығармашылығы_________________4-бет

  2. Практикалық бөлім:

    1. Оралхан Бөкей шығармаларындағы адам мен табиғат біртұтастығы________________________________________5-бет

    2. «Қар қызы» повесіндегі кейіпкер мен табиғат бейнесі___7-бет

    3. «Мұзтау» повесіндегі табиғат пен кейіпкердің үндесуі____8-бет

Қорытынды___________________________________________17-бет

































Аннотация


Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Оралхан Бөкей шығармаларындағы табиғат пен адам біртұтастығы».

Мақсаты: Жазушы шығармаларын оқи отырып,,әр шығармасында кейіпкерлерінің табиғатпен бірге ,өмір сүрудің мәнін жан-жақты ашатындығын дәлелдеу.

Міндеттері: Жазушының өмірі мен шығармаларымен танысу;Оның шығармаларындағы кейіпкер мен табиғат арасындағы байланысты ашып көрсету.

Зерттеу әдістері: талдау,дәлелдеу,салыстыру

Зерттеу нысаны: Оралхан Бөкейдің шығармалары

Ғылыми болжамы: Оралхан Бөкей шығармалары оқырмандарын өмірді жақсы көруге,талпынуға үйретеді.

Өзектілігі: Өмір адам баласына бір -ақ рет берілетін қымбат сый екенін,оның мәнін түсіну-әр адамға маңызды. көркемдік әлемнің ерекшелігін айқындайтын сипаттың бірі – адам мен табиғат қарым-қатынасы мәселесін бейнелеудегі шеберлік тәсілдері дейді.

Табиғат суреті – пейзаж көркем шығармада маңызды рөл атқарады. Көркем әдебиет мысалдарына қарасақ, табиғатты суреттеуде ежелден келе жатқан, орнықты болған бір үлгілерді байқаймыз

Ғылыми жұмыс кіріспе,негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Негізгі бөлімде теориялық және практикалық бөлімі бар.

Теориялық бөлімде .Оралхан Бөкейдің өмірі және шығармалары туралы жазылған. Практикалық бөлімде Оралхан Бөкей шығармаларындағы кеңістік пен кейіпкер концепциясы ,«Қар қызы» повесі және кейіпкерлер бейнесі

«Мұзтау» повесіндегі табиғат пен адамның үндесуі және

Жазушы шығармаларындағы Жақсылық пен Жамандық бейнесі туралы жазылған. Бұл жұмыстың жаңалығы Оралхан Бөкей шығармаларындағы экзистенциалдық ой ағымын ,яғни өмір сүрудің мәнін түсіне білу,оны сүю,уақытты дұрыс қолдану,айналаңдағы адамдарға жақсылық сыйлау керек екендігін ,сонымен қатар табиғатқа қиянат жасамау,сұлулығын сезіну керек екендігін дәлелдейді. Зерттеу жұмысы толық емес. Әлі де шығармаларын талдауды қажет етеді.Ақын шығармаларын қайта-қайта оқи берсең, адам жұмбақтың сырына терең үңілесің деген ойдамыз.

Оралхан Бөкей шығармаларын талдай отырып,жазушының әр шығармасы адамның сезім тұңғиығына, жан – дүние тереңіне ой – арманына үңіліп,оқырмандарға ой тастайтынын білдік.









Кіріспе

Қоғам мен адам, я болмаса табиғат пен кейіпкер проблемасы қашан да қаламгердің дарын мен парасат-білігін салмақтайтын əдебиеттің рухани өзегі. Кейіпкерсіз көркем шығарманың, кеңістіксіз кейіпкердің көрінуі мүмкін болмағандықтан, осы екеуінің арасындағы жанды байланыстардың өзгермелі күйін суреткерлік құдіретпен бере білу — жазушы көркем туындысының шынайы сапалық өлшеуіші.70-жылдардағы қазақ прозасында авторлық «Меннің» берілу амалдары күрделене түсті. Қаламгерлердің шығармашылық ізденістеріндегі стильдік процестер түрлі бағыттарда жүріп жатты. Адам тұлғасын, адамзаттың бүгінгі рухани құндылықтарын безбендеуге келгенде бейнелеудің дəстүрлі принциптерімен қоса, балама сарындардың да орын тебе бастағанын аңғару қиын емес.

Оралхан Бөкей көркемдік әлемнің ерекшелігін айқындайтын сипаттың бірі – адам мен табиғат қарым-қатынасы мәселесін бейнелеудегі шеберлік тәсілдері дейді.

Табиғат суреті – пейзаж көркем шығармада маңызды рөл атқарады. Көркем әдебиет мысалдарына қарасақ, табиғатты суреттеуде ежелден келе жатқан, орнықты болған бір үлгілерді байқаймыз. Мәселен, бір үлгіде табиғат суреті оқиғалардың қандай жерде болғанын көрсету мақсатында ғана беріледі. Екінші бір үлгіде табиғат көріністері қаһарманның көңі-күйіне үндестіріліп суреттелген. Мысалы, қаһарман көңілді, қуанышты жағдайда болғанда табиғат әсем бейнеде көрсетіледі. Бұған керісінше, егер қаһарман ауыр немесе қайғылы жағдайға душар болса, табиғат суық кескінде бейнеленеді. Үшінші бір үлгіде табиғат құбылыстарының суреттері қаһарманды алдынан қуанышты ма, қатерлі ме – қандай да бір оқиға күтіп тұрғанын аңғарту үшін беріледі.





1.Теориялық бөлім



1.1.Оралхан Бөкейдің өмірі

Есімі өзімізге де,өзгеге де кеңінен танымал ерекше талант иесі Оралхан Бөкей әдебиетімізге өзіндік бетімен,өзіндік өрнегін сала келген жазушы еді. Оның алғашқы әңгіме повестерінен-ақ ешкімге ұқсамайтын өзінше сөз саптасы,асқақ мінезі, алғыр зерде-зейіні оқушысын бірден баураған болатын.Жазушының ой мен сезімді қатар өрген шығармалары бірде тұңғиық ойға жетелесе,бірде асқақтыққа,өршілдіке тартып,толғау-толғаныстары кең тынысты,өзгеше үнді болып шығатын.Олардан бірде романтикалық құштарлықты,бірде публицистік от-жалынды, бірде реалистік өткірлікті,енді бірде сағыныш-мұңға бөлейтін лирикалық әуенді айқын аңғарар едік.

Оралхан өзінің-табиғат берген зерде,зейіні,сөзге,сөз өнеріне деген бейімділігі арқасында жастайынан өнерге,әдебиетке,сұлулықа құштар болып өседі.

Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді.

Әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығарған. Керемет даусы бар әнші де болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен.

Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген. 1963-1969 жылдары Оралхан Бөкей С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды.

1965-1968 жылдары ол Большенарым ауданының «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының «Коммунизм туы» («Дидар») газетінде әдеби қызметкер болды.

Оралхан Бөкей 1968 жылы республикалық «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді. Оның журналист боп, жазушы болып қалыптасуына Шерхан Мұртазаның ағалык қамқорлығы ерекше әсер етті. Ешкімге белгісіз Шыңғыстайдағы тракторшы баланың бойынан жалындаған талант отын байқаған Шерхан Мұртаза оны Алматыға жетелеп әкеп, дуылдаған қаламгерлер қауымының қалың ортасына салды да жіберді. өмірінің соңына дейін ол журналистика мен жазушылықты қатар алып жүрді.

1974-1983 жылдары Оралхан Бөкей «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды.

Оралхан Бөкей 1993 жылы 17 мамырда Үндістан жерінде, Делиде қайтыс болды.


1.2.Оралхан Бөкейдің шығармашылығы


1970 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан басылып шыққан «Қамшыгер» атты алғашқы жинағы жас жазушының атағын шығарды. Осы баспадан оның «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1975) әңгімелер мен повестері шығарылды. Оралхан Бөкейдің «Ән салады шағылдар» (1978), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984) әңгімелер мен повестері «Жалын» баспасынан жарық көрді. 1986 жылы оның «Құлыным менің» деп аталатын драмалық шығармалары «Өнер» баспасынан, 1987 жылы «Ұйқым келмейді» деп аталатын творчестволық әңгімелері «Жазушы» баспасынан шығарылды.

Алданған ұрпақ” трилогиялық романы қолжазбалық ойлар күйінде аяқталмай қалған. “Құлыным менің” (1974), “Текетірес” (1976), “Қар қызы” (1982), “Зымырайды поездар” (1984), “Жау тылындағы бала” (1985), “Мен сізден қорқамын” ([[1987]]) пьесалары қазақ және орыс тілдерінде республикалық, облыстық, сондай-ақ, бұрынғы одақтас республикалар театрларында қойылған.

Оралхан Бөкей – есімі дүние жүзіне танымал жазушы. Оралхан Бөкейдің шығармалары дүние жүзінің көптеген тілдеріне орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай және басқа да ұлы халықтар тілдеріне аударылған. Оның өзге тілде жарық көрген шығармалары - «След молний», молодая гвардия, М, 1978; «Поющие барханы», Советский писатель, М, 1981; «Чағылған», Қырғыстан, Фр., 1981; «След молнии», Христо Данов, Болгария, 1981; «Кербұғы», Эстония, 1981; «Крик», Советский писатель, М, 1984; «Үркер ауып барады», Фольк Унд Вельт, Берлин, 1982 Оралхан Бөкейдің шығармаларынан «Кісікиік» (1985, режиссері М.Самағұлов), «Сайтан көпір» (1986, режисері Д.Манабаев) көркем фильмдері және «Кербұғы» (1986, балетмейстер Б.Аюханов) балеті қойылды.

1994 жылы оралхан Бөкейдің повестері «Таңдамалы» 1 том болып, 1996 жылы повестері мен романдары «Таңдамалы» 2 том «Жазушы» баспасында жарық көрді.

Марапаттары:

1976 жылы Оралхан Бөкей «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты,

1978 жылы «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты,

1986 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты наградаларына ие болды.



2. Практикалық бөлім


2.1.Оралхан Бөкей шығармаларындағы табиғат пен кейіпкер біртұтастығы


Қоғам мен адам, я болмаса табиғат пен кейіпкер проблемасы қашан да қаламгердің дарын мен парасат-білігін салмақтайтын əдебиеттің рухани өзегі. Кейіпкерсіз көркем шығарманың, кеңістіксіз кейіпкердің көрінуі мүмкін болмағандықтан, осы екеуінің арасындағы жанды байланыстардың өзгермелі күйін суреткерлік құдіретпен бере білу — жазушы көркем туындысының шынайы сапалық өлшеуіші.70-жылдардағы қазақ прозасында авторлық «Меннің» берілу амалдары күрделене түсті. Қаламгерлердің шығармашылық ізденістеріндегі стильдік процестер түрлі бағыттарда жүріп жатты. Адам тұлғасын, адамзаттың бүгінгі рухани құндылықтарын безбендеуге келгенде бейнелеудің дəстүрлі принциптерімен қоса, балама сарындардың да орын тебе бастағанын аңғару қиын емес.

Соңғы жылдарда кеңістік пен кейіпкер қатынасын көркем зерделеу нəтижесінде өніп шығып, əдеби тенденциялардың бірі ретінде көрініс берген қазақ прозасындағы экзистенционалды ой ағымы бүгінгі күні айрықша назар аударуға сұранып тұрған мəселелердің ішіне енеді. ХХ ғасырда пайда болған, өз идеялық бастауын Гуссерль, Кьеркегор еңбектерінен алатын əлемдік ой ағымындағы бұл бағытты Марсель, Ясперс, Бердяев, Шестов, Бубер, Сартр, Камю, Бовуар, Хайдеггер сияқты философтардың қолдағаны мəлім. Кезінде «өмір сүру философиясы» деп аталған мұндай бағытты тек буржуазиялық идеологияның, буржуазиялық философияның толғамдарының нəтижесінде дүниеге келген теріс көзқарастар бағыты деген түсініктердің басым болғаны да шындық.



Бір сөзбен айтқанда, экзистенциалистер концепциясы əлем жəне жалғыздық ұғымынан өрбиді. Əлемдік философиядағы бұл бағыттың ірі өкілдерін ортақтастырып тұратын басты белгі — адам болмысына «Мен» жəне «Басқалар» ұғымы тұрғысынан келуі. Олар үшін қоғамдық қатынастар сияқты қозғалыс түрлері абстракция, негізгі шындық — субъективтілік. Осындай ой-тұжырымдардың негізгі құяр арналарының бірі — адам өзінің əлемдік жалғыздығын түйсіну арқылы қоғамнан, сондағы қалыптасқан қатынастар мен нормалардан жатсынуы. Экзистенциалистік таным мен олардың ұстанған концепцияларын, теориялық қырларын қарастырған еңбектердің түгелі дерлік келіскен тоқтам бар. Ол — экзистенциализмнің мəдени құлдырау, рухани дағдарыс кезінде күш алатыны. Яғни, экзистенциалистік ой ағымы қоғамдық құрылыстағы жəне əлемдік деңгейдегі қайшылықтар тереңдегенде, санадағы қақтығыстар кезеңінде адам өзінің фəнидегі жалғыздығын барынша түсінеді деген пікірді ұстанады.Өткен ғасырда Г.Марсельдің, Ж. П. Сартрдың қоршаған əлемді қатыгез, трагедия мен қарама- қайшылыққа толы екендігі жайлы пікірлері алдыңғы қатарға шықты. Мұндай ой тек қана француз ойшылдарында ғана емес, жалпы экзистенциализмнің теориялық базисі ретінде танылды. Хайдеггердің «Человек есть и он есть человек, поскольку он экзистирует. Он выступает в открытость бытия, какою яв ляется само бытие, которое в качестве броска бросила сущего человека в «заботу». Брошенный таким образом человек стоит «в» открытости бытия. «Мир» есть просвет бытия, в который человек вступает своим брошенным существом» деген ойы Ж.П. Сартрды «дүние – бос» идеясымен тамырласып жатыр [1; 212]. Экзистенциалистер осы тығырықтан шығудың жолын адамның жеке болмысы, оның «Мені» арқылы шешуге тырысты.

Жазушы О. Бөкейдің əуелгі «Қамшыгер», «Үркер», «Қайдасың, қасқа құлыным», «Мұзтау», «Əн салады шағылдар» кітаптарынан сыншылар мен зерттеушілердің аңғарғаны шығарма бойындағы терең философиялық түйін мен лирикалық желінің шебер үйлесе білуі жəне психологиялық талдау мен публицистикалық сарынның берік жымдасып келіп, авторлық «Меннің» баса көрсетілуі. Бүкіл шығармалары Өмір – Адам – Табиғат желісіне құрылып, айрықша концептуалдық мағына иеленеді.

О. Бөкейдің əлем мен жалғыздық арасындағы қарым-қатынасты көркем игеру барысындағы экзистенциалистік ой-пікірлері «Қар қызы» повесінен анығырақ көрінеді. Дүние тылсымын, адам- жұмбақтың сырын ашуға ұмтылатын қаламгер кеңістік ретінде Алтайдың қатал да, ешкімге сырын ашпас томырық табиғатын алады. Мұнда қазақ прозасына М.Əуезовпен келген, өзінің төл шығармасы «Қамшыгерде» танылған көркемдік амал — табиғатты адам трагедиясымен қабыстыра суреттеу жүзеге асады.

Повесте Алтайдың табиғаты тек географиялық ұғымды білдіре бермейді. Мұнда табиғат аясы — ғаламның кішірейтіліп алынған моделі. Қаламгер ойынша, олардың адамгершілік сапалары, ақыл-ой өрісі, рухани əлемі ішкі еркіндікті тұсаулаған, өзінің шектеулі заңдылықтары бар адамдар қауымының ортасында емес, алып кеңістікпен бетпе-бет, жеке келгенде ашылуы тиіс. Алып кеңістікте осы үшеуінің тағдыры сыналады, олар кеңістікке сол үшін, Хайдеггерше айтсақ, «тасталған». Нағыз өмір мен өлімнің шайқасы осы жерде басталады. Яғни адам өзінің тіршілігі үшін жан дəрмен. Э. Фромм айтқандай: «Человек — часть природы, он подчинен физическим законам и не способен изменить их; все же он выходит за пределы природы. Он отделен, будучи частью: он бездомен и все же прикован к дому, в котором живет вместе со всеми другими существами. Брошенный в этот мир в определенное место и


время, он таким же случайным образом изгоняется из него. Осознавая себя, он понимает свою беспомощность и ограниченность собственного существования. Он предвидит конец– смерть».


Повесте бір-бірінің сырын жетік білетін боп көрінген үшеуі мынау жалпақ əлемде, шет-шегі көрінбестей суық дүниемен жалғыз қалғанда беймағлұм болып келген сырларын ашады. Ең бастысы, олардың кеңістікке деген қатынастарындағы өміртанымдық тайталастары басталады. Демек, экзистенциализмнің шындық, ақиқат өмір мен өлімнің тым жақындап келген аралық ситуацияда ашылатыны жөніндегі идеясы шығарма өзегіне айналған. Жазушы осы бір тартысты ситуацияға кейіпкерлерін əдейі салады да, өлім категориясының мағынасын төрешілік ұғымында қабылдайды.

«Ер-азамат не майданда, не жорықта сыналады деген осы. Ол — Бақытжан осынау қар шағылдардың арасынан достарын ғана емес, өзін де іздеп тауып алғандай еді. Ол ұлы жаңалық ашты — өзін ашты». Ал Нұржан «өте сенімді де, мықты жігіт» деп осы қиын сапарға ертіп шыққан Аманжанға енді басқаша қарауға мəжбүр. «Тəңірім-ау, Нұржанның осы екі жігіттен басқа кімі бар еді? «Аманжан, сен осындай ма едің?.. Пышақ жұмсағаны несі? Жо-жоқ, ауылға енді қайтып бармау керек екен. Не болса да осында қарелінде, адамдары аз кеңістікте өлу лазым екен».



2.2 «Қар қызы» повесіндегі кейіпкер мен табиғат бейнесі


«Қар қызы» повесінде заман ағысынан қалтарыста күн кешкен Қоңқай мен сиыршы шал Оралхан суреттеген кеңістіктің тартылыс күшін реттеп тұрған екі полюс секілді. Тіпті жапан даладағы Қоңқайдың жалғыз үйі — бір адамнан тұратын «мемлекет». «Қоңқай мемлекетінің» өзіндік заңдары мен философиясы бар. Ал сиыршы шал болса, осы Қоңқай үшін ен түзді мекен етеді. Яғни, Қоңқай болмаса тыныштық пен жақсылықтың күзетшісі — сиыршының да болуы мүмкін емес. Бұл — қаламгердің жаратылыс диалектикасы туралы концепциясы. Жазушы повесте табиғатты негізгі фон ретінде ала отырып, оның құпия-сырларымен бірге адам жан сырының қалтарыстарын ашуға ұмтылады. Шығарма сюжетінде, қыс ортасында мал азығы таусылып қалады да, үш жігіт (Нұржан, Бақытжан, Аманжан) ауылдан алыс, ақ қар, көк мұзды тау арасынан трактормен шөп әкелуге шығады. Бір-бірінен айнымайтын тау шоқыларының арасында жолдан адасып, 40 градус суықта қардың тұтқынында қалады. Шөптен бұрын өздерінің үсіп өлу қаупі туады. Сөйтіп, өмір мен өлімнің күресі басталады. Міне, осы кезде кімнің кім екені танылып, адамға тән жақсылы-жаманды әртүрлі қасиеттер ашыла бастайды. Автор мұны бірден жарқыратып жайып тастамай, біртіндеп жеткізіп отырады. Осылайшы сюжет кезегімен шым-шытырық жалғаса береді. Әдеби шығарманың композициясы – бейнеленген заттық бірліктердің және тілдік-көркемдік тәсілдердің ретпен орналасуы мен сабақтастығы, шығарма элементтерінің, белгілердің байланысу жүйесі. Теорияға иек артсақ, сюжет те, композиция да әдеби шығарманың  мазмұнын көркем жинақтайтын формаға жатады.  Бұлардың бірлігімен қатар өзгешеліктері де бар. Композиция барлық шығармада болады, өйткені композициясыз шығарма көркемдік қасиетінен айырылады. Композиция сюжеттен тыс нәрселерді де қиюластырады, яғни ол - сюжеттен кең ұғым. Әр суреткер шығармасының сюжетін өз қалауынша құрады, белгілі бір қалыпқа бағынбайды. Сюжет кез келген көркем шығармада бола бермейді (көбіне лирикалық өлеңдерде). Оралхан Бөкейдің шығармаларында уақыт пен кеңістік композициясы үлкен орын алады. Жазушы шығармаларында жыл мезгілдері: қыс, көктем, жаз, күз өз кезеңдеріне сай айшықты бедерленіп отыруымен қатар уақыттың да өлшемі болып суреттеледі. Шығармаларда суреттелетін оқиғалардың уақыты, мезгілі нақтылы көрініс табады. Таңның қылаң беруі, күннің шығуы, сәуле шашуы, талма түс, бесін, өліара бітіп айдың жаңалануы, айдың толысуы, бәрі де мезгілдік қызмет атқарып тұр. Сонымен бірге жазушы шығармаларындағы оқиғалар, іс-әрекеттер нақты сюжеттік уақыт жағынан алғанда екі-үш тәуліктік мерзімді ғана қамтып көрсетеді. Қалғандары кейіпкерлердің жан-дүниесіне сыналай кіру, ой дүниесін ақтару арқылы лирикалық шегініс, кейіпкер монологтары арқылы беріліп отырады. Оралхан шығармаларындағы сюжет, оқиғаның дамуы тек сыртқы жамылғы сияқты, ал негізгі мәйек – идеалға құштарлық болып табылады. Идеал ұғымы, ең алдымен, суреткердің адам жөніндегі концепциясынан байқалады. Қаламгердің кейіпкерлері – жан дүниелері бай, рухани деңгейі биік, қажырлы, еркіндік сүйгіш, тағдыры қилы арманшыл адамдар.  Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесінің шыншыл шығарма болып түзілуі – автордың көрген-түйгені, өз басынан кешкен оқиғалары әсер еткенінен. Олай дейтініміз – повестегі Нұржан болмысынан авторды айнытпай тануға болады. Егер танығанымыз шын деп сендірсек – осы оқиғаның өз басынан өткендігіне, бір кезде өзінің тракторшы болғанына тірелеміз. Міне, өмірде түйгендерін қорыту, жинақтау деген осы.


2.3.«Мұзтау» повесіндегі табиғат пен адамның үндесуі


Оралхан Бөкей көркемдік әлемнің ерекшелігін айқындайтын сипаттың бірі – адам мен табиғат қарым-қатынасы мәселесін бейнелеудегі шеберлік тәсілдері дейді.

Табиғат суреті – пейзаж көркем шығармада маңызды рөл атқарады. Көркем әдебиет мысалдарына қарасақ, табиғатты суреттеуде ежелден келе жатқан, орнықты болған бір үлгілерді байқаймыз. Мәселен, бір үлгіде табиғат суреті оқиғалардың қандай жерде болғанын көрсету мақсатында ғана беріледі. Екінші бір үлгіде табиғат көріністері қаһарманның көңі-күйіне үндестіріліп суреттелген. Мысалы, қаһарман көңілді, қуанышты жағдайда болғанда табиғат әсем бейнеде көрсетіледі. Бұған керісінше, егер қаһарман ауыр немесе қайғылы жағдайға душар болса, табиғат суық кескінде бейнеленеді. Үшінші бір үлгіде табиғат құбылыстарының суреттері қаһарманды алдынан қуанышты ма, қатерлі ме – қандай да бір оқиға күтіп тұрғанын аңғарту үшін беріледі. Мысалы, С.Пушкиннің «Дувровский» повесінде қыстың күні кейіпкер жолға шығар алдында, үйде тамақ ішіп отырып, терезеден сыртқа көз салады. Тұтасқан қара қою түтін сияқтанып, аспанды бүркеп, жылжып келе жатқан бұлтты, ұшқындаған қарды байқайды. «Боран бола ма, жолда бейнет көрем бе?» деп, көңіліне күдік кіреді. Құдайға сыйынып жүріп кетеді. Бірақ жолы болмайды. Түтін сияқтанған қара бұлт, ұшқындаған қар жаманшылықтың белгісі болады. Жолда Дубровскийді қарақшылар тонап кетеді. Оралхан Бөкей табиғат әлемін кең көлемде бейнелейді. Оқиғаларды дамыту, шығарманың мәнін ашу, айтылатын ойды өткірлеу, қаһармандардың тағдырын таразылау, осылармен қатар көркем туындының эмоциялық әсер-қуатын арттыру мақсатында табиғат көріністерін жанды етіп суреттеуге, сүйтіп табиғаттың эстетикалық образын жасауға ұмтылып отырады.

Жазушының қай шығармасын алсақ та, табиғат көрінісі шығармада көтерілген мәселеге, тартыстың сипатына, кейіпкерлердің адамшылық қалыптарына қатысты бейнеленеді. Пейзаж шығарманың идеясын ашуға, образдардың сипатын толықтыруға қызмет етеді. Бұл суреттерден жазушының ой-толғанысының тереңдігі көрінеді.

Мұзтау” повесінде табиғаттың адасқан адамға сүйеу болғаны бейнеленеді. Бір үңгірде тығылған қазына бар екен дегенді естіген дүниеқор Ахтан сол байлықты өзі иемденбек болып, түнде жасырынып барып үңгірге түседі. Үңгірдің қабырғалары мұздақ екен, Ахтан аяғы тайғанап құлайды, талықсып біраз жатады. Есі кіргенде мұздай терең шұңқырда жатқанын біледі. Тырмысып жоғары шықпақ болады. Бірақ аяғы тайғанап жығыла береді. Таң атып үңгірде азырақ жарық түскенде Ахтан шұңқырда құлай өліп жатқан адамның денесін көріп қатты шошиды. Өліктің киімінің сыртынан буылған жалпақ күміс белдігі, аяғында ұзын қонышты саптама етігі бар. Өліп жатқан адам – өзінің  әкесі екенін Ахтан осы заттардан таниды. Әкесінің де үңгірден тығылған қазынаны аламын деп жасырынып жалғыз келіп, құлап өлгенін түсінеді. Үңгірден шыға алмаса Ахтан да осылай өледі. Ахтан үрейленеді. Үңгірден шығуға қайтадан тырмысады. Жоғарыдан түсіп тұрған кішкентай сәуле сонда бұған әл береді. Ахтан ептеп жоғары көтеріледі. Повесте Ақтан Жесірді қарызынан құтқару үшін Тəңірқоймасына барады. Ал Тəңірқоймасының қойны тұнған байлық. Өмірдегі небір зұлымдықтар байлыққа деген ашкөздіктен туады. Ақтанның əкесі де оңай олжа тапсам деген дүниеқоңыздықтың құрбаны болған.

Ақтан шыңырауға түсіп өмір мен өлім арасындағы ауыр халді басынан кешіреді. Қапастан шығып өмір сүру үшін жанкештілікпен күреседі. Үңгірден суықтық сезілсе, аспаннан жылу білінеді. Ал Мұзтау айнадай жарқырап, сəуле таратады. Мұның барлығы Ақтанның өмірге деген сүйіспеншілігін арттырады. Тəубасына келген Ақтан əкесінің өлігін аттап шықса да, сол үңгірден аман шығар рухани күш-қуатты тек табиғаттан алады. Тəңірім-ау, қандай ыстық еді мынау қар, не деген түпсіз де мөлдір аспан! Айналайын күнім, сенің нұрың шығар мені мұз үңгірден алып шыққан! Тəңірім-ай, қарағай мен самырсынның иісінен артық не бар екен жалғанда! Бисмилла, оразамды тіршіліктің ақша қарымен ашайын. Осындай да тəтті қар барын қалай сезбегенмін... Құдай-ау, тіршіліктің осыншалық ғажайыптығын, осыншалық сұлулығын қалай ғана көрмей келгенмін! Аспан! Күн! Орман! Адам!, — деп Ақтан табиғат сұлулығымен қайта қауышқандай болады. Енді осы үзіндінің аудармасын қа

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!