Материалдар / Ғылыми жоба Қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік мәні
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба Қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба Үлгі ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2023
162
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫ


















Ғылыми жобаның тақырыбы:

Қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік мәні






Бағыты: Гуманитарлық бағыт

Секциясы: Қазақ әдебиеті

Жоба авторы: Сайлаубекова Аялы Архатқызы 5 «А» сынып

Жоба жетекшісі: Шортанова Жадыра Рахымовна



2018-2019 оқу жылы


Ғылыми жобаның тақырыбы: Қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік мәні


Зерттеу мақсаты:


1. Ертегілердің бала тәрбиесіндегі ролін ашып көрсету.

2.Қазақ ертегілерінің өміршеңдігін дәлелдеу.

3.Ертегі жанрын тәрбие үрдісінде қолдану жандандыру.

4. Ертегілерді насихаттау жолдарын көрсету;


Зерттеу болжамы:


Ертегілердің маңызын зерттеу, ертегілерді күнделікті өмірде қолдануға үйрету.


















Зерттеу жаңалығы:

1.Ертегіні күнделікті қолданудың жаңа түрлері.

2. Аудиодискілер шығару, күнделікті қолданылатын қағаз, полиэтилен пакеттер сыртына ертегі кейіпкерлері суреттерін шығарса.

3.Ойынға киетін бас киіміне, футболкаларға қазақ ертегілерінің атын жазып, кейіпкерлерінің суретін салса.

4.Дәптер, күнделік, қойын дәптер сыртында насихатталса.

5. Шоколад қораптары сыртына суреттерін салу.

6.Компьютер, ұялы телефон беттеріне қазақ ертегілерінің суреттері шықса.

7.Қазақ ертегілерін дәріптеп, насихаттау туралы арнайы заң немесе ереже қабылдау керек.


Зерттеу нәтижесі:

1.Зерттеу жаңалығын дәптер, күнделік шығаратын баспаханаларда қолдануға болады.

2.Пакеттер шығаратын шағын кәсіпорындар жүзеге асыруына болады.

3.Аудиодискілер шығарып балабақшаларда, үйдеұйықтар алдында тыңдауға болады.

4.Қазақ ертегілерін дәріптеу және насихаттау туралы заң немесе ереже керек деген ұсыныс заңдастырылса, онда бұл мәселе мемлекеттік дәрежеде шешіледі.









АННОТАЦИЯ


Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы «Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні» деп аталады. Ертегілерге деген қызығушылықтан оны зерттеу туралы ниет туындады. ертегілері .Әлемде ертегісі жоқ ел жоқ.Бірақ әр елдің, әр халықтың сол халықтың сарқылмас рухани қазынасы.

Әрі ертегі арқылы біз өткен ата-бабаларымыздың ой-қиялдарын, тұрмыс-салтын, тіл байлығын білеміз. Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Мысалы, балаларға арналған арналған ертегілер баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.Өкінішке орай қазіргі кезде радио, телевидение арқылы шетелдік ертегілер желісімен түсірілген көркем фильмдер, мультфильмдер жиі көрсетіледі.Ондағы кейіпкерлер есімі, жер-су аттары таныс емес және біздің менталитетімізге жат оқиғалар баяндалады.Ал, қазақ ертегілерін көру немесе тыңдау олардан көрі әлдеқайда тиімді. Мен өзімнің зерттеу жұмысымды қазақ ертегілерін зерттеп, оқып, оларды қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда қалай дамыту керектігін және насихаттау жолдары туралы өз жаңалығым мен ұсыныстарымды көрсеттім.Бұл жаңалықтарым әрі пайдалы, әрі тиімді.














КІРІСПЕ

Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіп келді.Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілерде адам баласының еңбекке, тұрмыс тіршілік жағдайларына байланысты туған.Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неден болатынын толық түсінбеген ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөнінде өз жай күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Бертін келе адам баласының ой-өрісінің ұлғайып өсуі ертегілердің туындауына көп әсер еткен. Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен, мұнымен қатар жаңа ертегілер туа бастайды және онда халықтың тұрмыс-салты, іс-әрекеті басты орын алады.Бұлардың бәрін халық ертегілері арқылы көркемдеп, әр түрлі образдар арқылы бейнелейді. Ертегі балалардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейтеді.Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.

Нелер жауыздық, зұлымдық жасаушылар, тоғышарлар, ел арасындағы алаяқ қулар т.б. халық ертегілерінде жиіркенішті роль атқарады. Оларға халық арасынан шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі етеді.

Ертегілердің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшеліктері бар.Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады.Ертегі баяу басталып,оқиға желісі күрделене түседі.Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталады.Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекеттер өткір сықақ- мысалмен бірігіп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді.Мысалы: Тазша бала туралыертегілердегі әке-шешесі жоқ басы таз Тазша атанған баланың баланың тапқырлықтары ханның ақылынан да асып кетеді. «Қырық өтірік» ертегісіндегі шындыққа келмейтін қиял-ғажайып оқиғаларды қызықты етіп баяндау арқылы тазша бала ханның байлығына ие болып, қызын алады.Ертегіні тыңдаған балалар жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегіні қызықты етіп жеткізу айтушының шеберлігіне байланысты.

Қазақ халық ертегілері — ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі болып табылады. Қазақ халық ертегілері – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Қазақ халық ертегілерінің асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп мән — мағынасының артып отырғандығында. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет-ғұрпын, нанымы мен сенімін білдіреді. Ертегілер қоғам дамыған сайын адамның да ой-санасын өскен, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Қазіргі заманның жетістіктерін көре отырып, ертегі оқиғаларындағы халық арманының іске асқаның байқаймыз.



















Қазақ халық ертегілерінің түрлері

Қазақ ертегілері өзінің тақырыптары, көтерген мәселелері, мазмұнына байланысты қиял-ғажайып ертегілері, тұрмыс-салт ертегілері, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер болып бөлінеді.

Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы қиялға, фантазияға құрылады, өмірде болмайтын нәрселер туралы баяндалады. Кейіпкерлері қиялдан туған жалмауыз, жезтырнақ, мыстан кемпір, алып дәу және солармен күрескен батырлар болып келеді. Сонымен қатар адамға көмектесетін қанатты тұлпарлар, құстар да қиялдан туған бейнелер. Қиял-ғажайып ертегілері адамдардың арманы мен қиялын танытады, болашаққа деген сенімін білдіреді. Ертегінің қарапайым кейіпкері арманына жету үшін жолында кездескен барлық кедергілерді ақылмен, айласымен, достарының көмегімен жеңіп отырады. Қиял ғажайып ертегілер: «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Ыста тас», «Алтын сақа», «Тас болған шаһар». Қиял ғажайып ертегілер қазақ ертегілерінің ішінде ең көнесі болып табылады. Қиял-ғажайып ертегілері көп дәуірді бастан кешіргендіктен, өзгерістерге де көп ұшыраған. Қазақ қиял-ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері «ай десе-аузы, күн десе-көзі» бар сұлу, не алтын шашты қыз, солармен қатар айдаһар, жеті басты жылан, алып қара құс, тұлпар ат, басы алтын, арты күміс киік сияқтылар араласып отырады. Бұлардың бір тобы ертегі кейіпкерінің досы болса, бір тобы қас жауы болып әрекет етеді. Бұл кейіпкерлердің арасында кейде дос, кейде қас болып кездесетіндері де бар. Оларға таусоғар, көлжұтар, көреген, желаяқ, саққұлақ, жұмбақ жар, жылан патшасы, басы алтын киәк жатады.Қиял ғажайып ертегілерінде зұлымдықты жеңетін күш-адам. Ол не әлсіз бала жігіт, не кедейдің жалғызы, не адал еңбекпен күнін көрген аңшы мен мерген ер болып келеді. Қиял-ғажайып ертегілеріндегі адамға дос күштерден адамзаттың арманын тануға болады. Мысалы, «алты айлық жерді алты аттайтын тұлпар», өзі ұшатын кілем, көреген батыр, саққұлақ, желаяқ адам-адамның ұлы армандарын білдіреді. Адам аяғы баспаған жерді көрсем, танысам, табиғат құпиясын ашсам деген арманынан туған дүниелер қиял ертегілерде кеңінен орын алған.

Ертегілер өз сюжетіне байланысты халық ертегілері қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, жануарлар туралы болып бөлінеді.Халықтың қиял-ғажайып ертегілерінен аңшы мергендер, қайраты мол ер жігіттермен қатар еңбек адамдарының да ерліктері орын алады. Еңбек адамдарының неше түрлі ғажайып жағдайда жасаған ерлік істері, оларға ұшатын кілем, сөйлейтін жануарлар тағы басқа заттар көмектеседі.

Тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкері қарапайым адамдар. Адамдардың шыншылдығы, озбырлығы және өмірдегі қиындықтар жайлы баяндалады. Бұл ертегілер өте қысқа, сюжеттері бір бағытта болып келеді. Тұрмыс-салт ертегілерде қойшы малшы, бақташылардың тұрмысы суреттеледі. Бұл ертегілерінің өзіне тән. Қазақ халық ертегілерінің ерекшелігі — өмірде болатын жағдайлар мен болмайтын нәрселердің араласып отыруы. Тұрмыс-салт ертегілеріне «Бозынген», «Аю, түлкі және қойшы», «Арыстан мен кісі» сияқты шағын, тәрбиелік мәні зор ертегілер жатады. Жан-жануарлар туралы ертегілері барлығымызға жақсы таныс, олардың кейіпкерлері: қу түлкі, қорқақ қоян, озбыр қасқыр. Бұл топқа «Аю, қасқыр, түлкі, бөдене», «Аю, түлкі және арыстан», «Қоянның зары», «Күшік пен мысық» т.б. ертегілер жатады
Қазақ халық ертегілері жас ұрпақты тәрбиелеумен қатар, олардың бойына өз халқының игілігін дарытып, ана тілінде ойлау және мәдениетті сөйлеуіне, сауатты жазу дағдыларына барынша мол әсерін тигізеді. Сонымен қатар, қазақ халық ертегілерін пайдалану оқушыларды қызықтырады, дұрыс сөйлеуге үйретеді, логикалық ойын жетілдіреді. Балалардың ой-өрісін кеңітіп, дүниені молырақ танытатын ертегілер бала ұғымын, түсінігін, дүние танымын кеңейтеді. Тілін ұстартып, ұштай түседі, ойлау мен қиялын дамытады. Мысалы: «Қаңбақ шал» ертегісіндегі қауқарсыз шалдың ақылмен жеңуі, дәулердің күші көп, ақылы аздығы тыңдаушынықызықтырып, тіпті ертегіні баяндаушыға қосылып айтып кеткісі келетіндей әсерге бөлейді.

Халқымызда қай тақырыпта да табылатын, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерлік ертегілері қаншама?! Ол ертегілер арқылы бала өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін біледі және ой өрісі, қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді. Мысалы: «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» деген мақалды, «Жаман дос жолдасын жолда қалдырар» деген мақалдарды «Екі дос», «Кедей мен бай» атты ертегі желісінен оқуға болады.

«Бай баласы мен жарлы баласы» атты қызықты ертегі арқылы еңбек адамның кез келген қиыншылықты жеңуге үйрететінін және өмірлік тәжірибесі арқылы жеңіске жететінін көреміз және «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды дәлелдей түседі.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте тартымды, қызықты. Бұл ертегіде мақта қыздың досы мысық мақта қыздың тілін алмай қатығын төгеді де, оны қайтарып беру үшін көптеген адамдарға жолығып, көп қиыншылық көріп барып, қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс қимылына жауап беруге, үйренуге қателік тәрбиелейді.

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі аңғалдықтың кесірін, шапшандықтың пайдасын айтады.Онда аңқау түйе жыл басынан құр қалады, шапшан тышқан жыл басы атанады.

«Шық бермес Шығайбай» ертегісі сараң, қайырымсыз байларды қарапайым кедей Алдардың ақылмен алдап кетуін баяндайды.

Қазіргі кезде теледидардан көптеген шетел мультфильмдері жиі көрсетіледі. Мысалы, «Балапан» телеарнасында күнделікті Қазақстан телеарнасында сенбі, жексенбі күндері «Дара» ағылшын ертегісі, «Кайлан» қытай ертегісі, «Спорт Кус», «Диего» ағылшын ертегісі , ал сенбі күні «Барби күнделігі» деген шетел мультфильмдер болады.Ал,Еуразия телеарнасында жексенбі күні «Робот» деген шетел мультфильмі болады.Осы шетел мультфильмдерінің орнына қазақ ертегілерінің желісі бойынша мультфильмдер көрсетілсе.Тек қана «Қазақстан» телеарнасында ғана Алдар Көсе ертегісі желісі бойынша және басқа да мультфильмдер көрсетіледі.

Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасымен келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін талантымен дарындылығымен, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрсеткен.Қасиетті ертегілер арқылы тәрбие берген, салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалған.Сонымен қатар еліміз егемендік алғалы мемлекеттік тілде сөйлеуіне , бұл қасиетті ертегілердің халық ауыз әдебиетінде ең маңызды орын алатыны сөзсіз екенін салыстырып көрсету.

Халқымызда «Ізденген жетер мұратқа» деген сөз бар.Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау-дамуды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. Дүниеде балалар біле бергісі келетін олар «Ол кім?», «Бұл не?», «Неліктен?», «Қайда?», «Қашан?» деген сұрақтарға жауап іздеп, бір тыным таппайды. Олардың осылайша ізденімпаздық танытуы табиғи заңдылық.

























ҚОРЫТЫНДЫ


Мен өзімнің ғылыми жобамды қазақ халқының әр ертегісінің өзіне тән ерекшелігін саралай білуге арнадым. Жобамдағы мақсат қазақ ертегілері адам өміріне байланысты іс-әрекеттер, күнделікті тұрмыстағы заттар арқылы берілсе, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Адамның балалық шағы ертегімен тығыз байланысты. Біз әжемізден ертегі айтып немесе оқып беруін жиі сұраймыз. Сиқыры бар оқиғаларды тыңдауды тағаттана күтеміз. Көңілді де аянышты, қорқынышты да күлкілі олар бізге біраздан таныс. Олармен біздің әлем, жақсылық пен жамандық, әділет туралы алғашқы көзқарастарымызды қалыптастырады. Бір қарағанда жәй кішкентай ғана әңгіме сияқты, ал шын мәнінде осы әңгімелерде халық даналығы, мейірімдік пен зұлымдық туралы түсінік жатыр. Кейде өмірде қиын жағдайлар кездесіп жатады. Не істеу керек? Қандай дұрыс шешім қабылдау керек? Осы сұрақтарға жауап табу үшін ертегі бізге асығады. Ертегілер бізге сонау ерте заманнан келді. Ертегіге біз сенеміз, ондағы оқиғалар кейде өзімізбен болып жатқандай, қорқынышты жерінде көзімізді жұмамыз. Ең негізгісі – бәрі де жақсы аяқталатынына сенеміз. Қазақ халық ертегілері тұнып тұрған даналық.

Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды бала санасына лайықтай жеткізуді мен өзімнің жаңалығым деп таптым.

1. Күнделікті пайдаланатын заттар арқылы.Мысалы, ойынға киетін кепка, футболка , сумка және күнделік сыртына, қағаз пакет, қойын дәптер, шоколад сыртына шетел ертегілерінің суреттерін жапсырғанша, қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің суреттерінің суреттері салынса;

2. Қазақ ертегілер кейіпкерлерінен ойыншық жасап, драма театрларда ойын көрсетілсе (қуыршақ театры)

3. Көлеңке театры (теновой театр). Қазақ ертегілерінің мазмұнын көлеңке театры арқылы көрсетілсе;

4. Аудиодискілерге жазылып, балабақшаларға таратылса. Үйде ұйықтар алдында балалар тыңдаса.

Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологиялар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын өз ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар.

Менің ұсынысым: Осы айтылған пікірім мен ұсынысым туралы ереже немесе заң қабылданса, бұл мәселе мемлекеттік дәрежеде шешілер еді.

























ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. Martebe.kz сайты

  2. « Қазақ ертегілері» Жазушы баспасы 2001 ж

  3. «Ертегілер әлемінде» журналы 2012 ж

  4. «Балаларға базарлық» Балалар әлемі баспасы

  5. Ертегілер I том Жазушы баспасы 1989 ж 280 бет

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!