КІРІСПЕ
Маңғыстау мекені сан ғасырлық салт-дәстүрлердің отаны. Ата – бабамыздан жас ұрпаққа аманат етіп қалдырған ұлттық құндылықтар өте көп. Соның ішінде аса құнды, мәртебесі биік, аса маңызды өнердің бірі – құсбегілік өнері. Маңғыстауда кенже қалған ұлттық құндылығымызды өскелең ұрпаққа жалғастырып жүрген құсбегі, саятшыларда бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздің бірі тууымызда бейнеленген қырын бүркітінің бейнеленуіде бекер емес деп ойлаймын. Аспан еркесін қолға үйретіп, аңшылыққа қолданып, осындай өнерді жас ұрпаққа жалғастыру үшін осы іспен айналысып жүрген кісілердің еңбектерін бағалап, болашақта ос өнердің ел арасында қайтадан жанданып, мәртебесін көтеру мақсатында осы тақырыпты алдым.
І ТАРАУ
ҚҰСБЕГІЛІК
Құсбегілік- бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи, тұйғын, сұңқар, лашын, жағалтай сияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңға, құсқа салатын саятшылық өнер. Құсбегілік қазақ, қырғыз халықтарында ежелден келе жатқан үлкен өнер ретінде саналады. Қазақ халқының арасында бұл өнердің тамаша шеберлері кең дәріптеледі.
Бүркіттің Қазақстан Республикасын мемлекеттік рәміздері белгілерінің бірі болуы кездейсоқ емес. Сонау ерте заманнан-ақ қазақ халқы табиғатпен етене қойындас болғандықтан аң құстың қасиетін айыруға жүйрік болған. Ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, әсіресе, кейінгі ұрпаққа үйретуге айрықша мән берген. Тарихи деректерге қарағанда , құсбегілік өнері бұдан үш мың жыл бұрын пайда болған, біраз үзіліп барып, қайта жалғасын тапты. Қазақстанда және Орта Азияның көршілес мемлекеттерінде қолға үйретілген жыртқыш құстармен, негізінен алғанда қырандармен ежелден ақ аулаған.
Бүркітпенен аң аулау өнері-көшпелі тұрмыстағы қазақтардың ұлттық салтының ең маңызды жақтарының бірі. Құсбегілік өнер соңғы 10-15 жылдың ішінде Қазақстанда қайта жандана бастады. Маңғыстаудың тауларының ұзындығы 117 км, ені 10-15 км-ге созылған батысы мен шығысын Қаратау таулары, оңтүстігі мен солтүстігін Ақтаулардан тұрады. Орташа биіктігі 532-556 м-ге жететін Отпан, Бесшоқы, Қаратау сілемдерінен тұрады. Соның ішінде Маңғыстауда бір ғана жерде, атап айтқанда, Отпан тауда сол таудың өкпе тұсындағы Тұщыбек жеріндеде қайта өрістеді. Қасиетті Отпан тау бүркітшілік өнерді дамытуға өте қолайлы жер. Өзіміз пір тұтатын Отпан таудың көк аспанында қалқып ұшып жүрген тау бүркіті мен сұңқар, ителгі, қаршыға сынды киелі қыран құстарын көруге болады. Себебі Маңғыстау мекені құстар үшін биік таулары мен қырлы, жазық далаларымен, қалың бұталы ағашы мен жылы ауа райымен қолайлы. Әрі бұл мекен тазы жүгіртіп, аңға құс салуға да қолайлы.
«Құсы да иесі де қоразданар, Алпыс екі айлалы түлкі алғанда» дегендей мұнда аңшының мақтануы да, оны мақтау да орынды-ақ. Ел ішінде саятшылық қасиетті, құрметті өнер әрі салт болса, құсбегінің де өзі де беделді, сыйлы адамдардың бірі. Келесі кезекте мен осы салтты ұстанып, Маңғыстау жерінде ұлы құндылығымызды дәріптеп жүрген Айшуақ Асылжанұлы Тайманов туралы сөз ететін боламын.
Маңғыстау мекенінің бұрынғы
және қазіргі құсбегілері

ІІ ТАРАУ
САЯТШЫ АЙШУАҚ АСЫЛЖАНҰЛЫНЫҢ ӨНЕРІ
Тайманов Айшуақ Асылжанұлының -1988 жылы жиырмасыншы ақпанда Маңғыстау ауданына қарасты Тұщыбек жерінде дүниеге келген. Ол бала кезінен әкесіне еріп қақпан құрып өскен. Оның атасы атақты күйші, аңшы, мерген Айдарбаев Тайман еді. Тайман жас кезінен табиғатпенен етене болған адам. Неше түрлі шөптерді айыра біліп, емдік мақсатта пайдаланған. Ел арасындағы әңгіме бойынша, бұрын Ұсынбас атты тау етегінда қасқырлар саны көбейіп, халық зардап шеккен екен. Сонда ел ішіндегі ақсақалдар ойласып, елге тайманды шақырыпты. Тайманның байғампаздығы соншалық қасқырларды бір ай ішінде қырып жойыпты. Жалпы Айшуақ Таймановтың өзі бос уақытында құс ұшырып, қақпан құрумен, саятшылықпен айналысатынын айтады. Құсбегілікпен айналысқанына алты жыл шамасында болған. Міне бұл әкеден балаға ұласқан аңшылық дәстүр енді немереге жалғасты. Осы уақыт ішінде бірнеше үлкен республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. 2018 жылы Астана қаласында Алаштас жолының бойында Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы бүркітшілердің халықаралық турнирінде жеңімпаз атанған. Екі күнге созылған жарысқа Моңғолия, Қырғыстан, Қазақстаннан отызға жуық қыран құстар қатысқан. Қыран құстар сайысында ІІІ- орында , ал кіші құстар сайысында І- орында иемденген.

« Жарысқа бүркіт пен ителгімді апардым. Ителгі – кіші құс. Алатын аңының ең ірісі қоян, үйрек секілді аңдар. Ителгі жыланның түрін айыра алатын, ауызында асыл тасы бар жыланды төбеде ұшып жүріп, ысқырғанда жыланды су түбінде көріп, айыра алатын қасиетке ие құс. Ал бүркіт бабына келсе, қасқырға дейін алады. Баптауына келсек, ең қиыны- бүркітті баптау. Оны аңға салу үшін 40-45 күн қайырады. Төсінде, табанында, қанатының астында, құйрығындағы майларын бөліп алмай, жәймен, баппен азайтады. Ең бірінші орында бүркіттің іш құрылысының тазалығы. Егер қыранның асқазанында май болса, құс салған аңынан айнып бармай қалады. Соның барлығын қадағалп отыру қажет. Құсты баптағанда жем, ақжем, сары бөртпе беріп баптаймыз.» - дейді құсбегі Айшуақ Тайманов. Осыдан қарап-ақ, құсбегілік өнері екінің бірінің қолынан келетін өнер емес екендігін білуге болады.

Саятшы болған адам ең әуелі құс тани білу керек. Қыран құсты баптау үшін томаға, балдық, балай, тұғыр, аяқбау, жемқалта, жемсаптаяқ, бұйала сияқты құрал-жабдықтар пайдаланылады. Оның бәрі таза бұлғарыдан арнайы жасалатын көрінеді. Әдетте бүркіттің бәрі аң ұстай бермейді екен, бүркіттің ұя басар ұрғашысынан ғана қыраншығып аң ұстайды. Еркегі шауыл, түлкі алмайтындықтан оны халқымыз «сарша» деп атайды.
Әр жас кезеңіндегі бүркіттің де атауы әртүрлі болады.
Мысалы:
Бір жастағы бүркітті - балапан
Екі жастағы бүркітті - тірнек
Үш жастағы бүркітті - тастүлек
Төрт жастағы бүркітті - құмтүлек
Бес жастағы бүркітті - көктүбіт
Алты жастағы бүркітті - ана деп атайды екен.
Мұның барлығын Айшуақ Асылжанұлы саятшылық өнерінен алған білімі мен еңбегі. Ол құсбегілік өнерін дәріптеп қана қоймай, артына Ержан Сахарбай атты шәкіртінде алға сүйреп келеді.
Мәселен, 2019 жылы 8-10 қараша күндері Қарағандыда «Ұлы дала мұрасы» атты Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай ұйымдастырылған құсбегілер сайысы өтті. Сайысқа Маңғыстау өңірінен Айшуақ Тайманов екі шәкірті мен бірге қатысқан. Нәтижесінде, Айшуақ Тайманов бастаған құсбегілер екінші және үшінші орындарды қанжығасына байлаған.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, өлке төсіндегі ерекше құндылығымыздың бірі құсбегілік өнері. Бұл аса құнды, мәртебесі биік, аса маңызды өнер.Айшуақ Асылжанұлы Маңғыстауда кенже қалған ұлттық құндылығымызды өскелең ұрпаққа жалғастыру үшін осы іспен айналысатынын айтты. Міне осындай жастар тұрғанда елімізде құсбегілік, саятшылық өнері дамып өрлейді, әлі талай белестерден көрінеді деп ойлаймын. Жалпы Маңғыстау өнеріндегі белгілі құсбегілерді атап кететін болсам, олар: Өтеғалиев Мереке; Советов Өтежан; Есжанов Ертіс; Айшуақ Тайманов; Оспанғалиев Арон; Оразмұхамбетов Қуаныш т.б. және де саятшылық өнерді жоғалтпау мақсатында Маңғыстаудың айрақты тауларының етегіндегі Тұщыбек ауылында бүркітшілер мектебі ашылғалы жатырғанын білдік. Мұнда саятшылар осы уақытқа дейін ата дәстүрді дәріптеп келеді. Оған жыл сайын ұйымдастырылатын қансонар дәлел.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
-
Маңғыстау энциклопедиясы 2008 ж........................................
-
Маңғыстау жануарлары...........................................................
-
Жеті қазына Ж.Қайрамбаев (қыран бүркіт)2007 ж.......................
-
С.Қондыбай Маңғыстау географиясы...........................................
-
«Аң құс және аңшылық туралы»2006ж....................................
-
Қызырұлы «Бүркіт және мұрасы».......................................
-
Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы:
"Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков.
ЖАҢАЛЫҚ:
Біздің Маңғыстау мекенінде осы құсбегілік өнерін жалғастырып жүрген Айшуақ Таймановтың бірнеше шәкірттері бар көрінеді. Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, құсбегілік өнерін жалпы ережелерін, әдістемесін жасап, оны ұлттық спорт ойындар қатарына қосып әрі қарай дамытуымызға болады.
ҰСЫНЫС:
-
Наурыз айында Ұлыс мерекесі қарсаңында тоғызқұмалақ, күрес, арқантартыс, бәйге, көкпар болсын сонымен бірге бүркітшілік, аңшылық сынды спорт түрлері де ұлттық ойындар қатарында болса деймін.
-
Жас ұрпақтың Қазақ еліне деген потриятизмін ояту үшін, осы Мұнайлы ауданында да бүркітшілерге арнап ұлттық спорт мектептерін, бөлімшелер ашылса жақсы болады. Осы арқылы ұмыт қалған ұлттық құндылығымызды қайтадан жандандыра аламыз.
-
Сонымен қатар, мектеп немесе саябақ алдында Абылай ханымыздың бүркітпен бірге бейнеленген мүсін, ескерткіші салынса екен. Себебі кей деректер бойынша Абылай хан 500 аса бүркіт ұстап, аңшылықпен айналысқан көрінеді. Осылайша халықта, болашақ ұрпақта бір риза болар еді.
8
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жоба: Құсбегілік

шағым қалдыра аласыз