жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жоба: "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі"
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы
«Петропавл қаласының білім бөлімі» ММ
Қазақ мектеп-гимназиясы
Бектурова Дария Булатовна
10 «Ә»- сынып
Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі
Бағыты: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»
Секция: Этномәдениеттану
Ғылыми жетекші: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сураганова Айнагүл Қанатқызы
Ғылыми кеңесші: Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ
«Қазақ филологиясы» кафедрасының
аға оқытушысы, ғылым магистрі Жазира Көкбас
Петропавл, 2018 жыл
Мазмұны
КІРІСПЕ............................................................................................................................3
І БӨЛІМ. ҚЫЗ ТӘРБИЕСІНДЕГІ БАСТЫ БЕЛГІЛЕР
1.1 Қазақ отбасындағы қыз тәрбиесі........................................................ .....................5
1.2 Қыз бала бойына дарыту керек қасиеттер...............................................................7
ІІ БӨЛІМ. ҚЫЗ БАЛАҒА ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Ұлттық салт-дәстүрлер арқылы қыздарға тәрбие берудің ерекшеліктері...........9
2.2 Көркем шығарма арқылы қызға тәрбие берудің рөлі..........................................13
ІІІ БӨЛІМ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚЫЗ ТӘРБИЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 Оқушыларға қыз тәрбиесі бойынша тәрбиелік-эксперимент жұмыстары.........20
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................................30
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Аңдатпа
Ғылыми жоба жұмысының тақырыбы: «Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі» деп аталады. Ғылыми жоба жұмысы кіріспе, тарау, әрбір тарау 2 тараушадан қорытынды бөлімнен тұрады. Соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
Ғылыми жоба жұмысының І тарауы қыз тәрбиесіндегі басты белгілері деп аталып, бүгінгі қазақ отбасындағы қыз тәрбиесі қарастырылған. Жалпы, қазақ халқының о бастан қыз тәрбиесіне ерекше мән беруі, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, ата-ананың қыз тәрбиелеудегі мәселелері анықталады. Қыз баланың бойында болатын жақсы қасиеттері жайлы айтылады.
ІІ тарауы қыз балаға тәрбие берудің әдіс-тәсілдері деп аталып, ұлттық салт-дәстүрлері арқылы қыздарға тәрбие беруге болатыны айқындалады. Көркем шығарма арқылы қыз балаларға тәрбие берудің жолдары баяндалады.
ІІІ тарауы қазіргі кездегі қыз тәрбиесінің ерекшеліктері деп аталады. Оқушыларға қыз тәрбиелеудің басты мәселелері бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмыстары талданып, көрсетілген.
Қорытынды бөлімінде зерттеу тақырыбы бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар берілген.
Абстракт
Тема исследовательской работы: “Воспитание девочек – воспитание нации”. Работа состоит из введения, глав и разделов. В конце работы дан список используемой литературы.
В первой главе рассказывается о главных критериях в воспитании девочек и предусматривает воспитание девочек в современной казахской семье.
Казахский народ особое внимание уделял воспитанию девочек, прививая любовь к национальным ценностям. И в этом огромная роль ложится на плечи родителей. Рассказывается о хороших качаствах девочек.
Второй раздел называется “Методы и примеры воспитания девочек”. Через традиции определяется воспитание девочек. В главе также рассматривается влияние художественной литературы на воспитание девочек.
Третий раздел называется “Особенности воспитание девочек в современном мире”. По основным проблемам воспитания девочек проводились исследовательские работы в текстах.
А в заключительной части исследовательской работы были проведены итоги о воспитании ребёнка и были предложены рекомендации.
Кіріспе
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі –тәрбие. Ата-ананың міндеті –жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ келіншектерінің бойында ізеттілік, ар – ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе – көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. «Қызға - қырық үйден тию» - деген мақал – ауыл болып, ағайын болып қызға ақыл айту, өсиет айту, өнеге көрсету деген сөз. Олай болса қыз тәрбиесі тек әке мен шешенің ғана емес, ағайын – туыстың, бүкіл ауылдық қоғамның мәселесі болуы тиіс.
Зерттеудің өзектілігі: Қыз – бүкіл ұлттың айнасы. Сондықтан да, қыз тәрбиесі арқылы, оның қалай сөйлеп, өзін қалай ұстауы арқылы бүкіл ел болмысы көрінеді. Яғни, қыз тәрбиесіде барша халық тәрбиесі көрініс табады. Қазақ отбасындағы қыз тәрбиесін зерттей отыра, қазіргі кездегі тәрбиеге көңіл бөліп, қыз тәрбиесіндегі басты белгілер мен қағидаларды анықтау өзекті мәселе болып отыр.
Ғылыми жоба жазу барысында көздеген мәселелердің бірі ұлттық тәрбиенің маңызы мен көркем шығарма арқылы қыздарды тәрбиелеудің рөлі.
Зерттеудің мақсаты: қазіргі қыз балаларға ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіре отырып, сапалы білім беру; көркем шығармаларды оқыту арқылы қыздарды тәрбиелеу.
Зерттеу міндеттері:
- қыз бала бойында болу керек қасиеттерді саралап көрсету;
- қыз баланы салт-дәстүрлер аясында тәрбиелей отырып, ұлттық тәрбие беру;
- өткен замандағы қыз тәрбиесі мен қазіргі кездегі қыз тәрбиесін салыстырып, айырмашылығын анықтау.
Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттер кіреді. Тарихқа көз жүгіртсек, Айман, Құртқа, Назым сияқты қыздарымыз, Домалақ ана, Айша Бибі сияқты аналарымыз нағыз қазақ әйелдерінің үлгісі болды. Аналарымыз «баланы жастан» деп, бала тәрбиесін құрсақтан бастаған. Ұлжан ана данышпан Абайды ғұсыл-дәретсіз емізбегені –адамзаттың баласын тәрбиелегені болып табылады. Қазіргі қазақ қыздарының жүріс-тұрысы, өз бойын күтуі, киім киісі, үлкен-кішіге ұшырамы мүлдем өзгеше. Жастар тәрбиесінде «ұзын арқан, кең тұсауға» түсіп кеткені айдан анық. Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт – қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Отбасы қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Сондықтан да бүгін жалпы берілетін тәрбиенің ішінен
3
қыз бала тәрбиесіне байланысты тұстарын бөліп алғандығы негізгі мақсатым:
адамгершілігі мол, әдепті, инабатты, сыпайы қыздарымызды тәрбиелеп шығару. Бұл бағыттағы жұмыстардың көпшілігі ата аналармен қоян-қолтық араласуды тікелей қажет етеді.
Зерттеу нысаны: қыз балаға дұрыс тәрбие берудің маңызы.
Зерттеу жаңалығы мен дербестік мәні: өткен заманымыз бен бүгінгі күнгі қыздар мен олардың тәрбиесін салыстыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: қазіргі таңда қыз бала тәрбиесінің қандай деңгейде екенін қарастыру.
Зерттеу әдістері: зерттеу, салыстыру, жинақтау, сұхбат, сауалнама, қорытындылау.
Практикалық маңызы: ғылыми жұмыс арқылы қыз бала тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайтының айтып, тәрбие беруге көмектесу, отбасылық тәрбиені насихаттау.
Күтілетін нәтиже: біздер халықтың төл ерекшеліктерін терең меңгеріп, оларды жас ұрпақ тәрбиесінде алатын рөлін айқындап алуымыз керек. Ертеңгі болашағымыз - өскелең ұрпаққа сол тұрғыда білім мен тәрбие беруіміз қажет-ақ. Ұлттық тәрбиенің қыз тәрбиесіндегі әсерін анықтау. Көркем шығармалардың қыз тәрбиесіне әсер етуін аңықтап көрсету. Қыз бала тәрбиесіне аса назар аудартуымыз керек.
4
І БӨЛІМ. ҚЫЗ ТӘРБИЕСІНДЕГІ БАСТЫ БЕЛГІЛЕР
1.1 Қазақ отбасындағы қыз тәрбиесі
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Ана – адамды өмірге әкеледі, өзінің ақ сүтімен алғашқы тәрбиесін береді, адамды адам етіп тәрбиелейді, аяғынан тұрғызып, азамат етіп өсіреді. Сондықтан да ертеңгі ананы тәрбиелеу – баршамыздың төл міндетіміз. Қыз тәрбиесінен ешкім де қалыс қалмауы керек. Қыздың теріс қылығына оның ата-анасы, туыстары, ауылдастары ғана емес, кез келген адам тиым сала алады. «Қызға қырық үйден тиым, тіпті құлдан да тиым» деген сөзде қаншама философиялық ой жатыр. Яғни, қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы ғана емес, бүкіл ауылы, ел-жұрты жауапты.
Мұхаммед Пайғамбар «Кімнің үш қызы болып, оларға дұрыс тәрбие берсе, маңдай терімен тапқанына киіндіріп бақса, олар сол үшін тозақ отынан қалқан болады», – деген. Шынымен де қыз бала тәрбиесінің ата-анаға оңай түспейді. Қыз баланың ары мен абыройы, сыры мен сымбатын сақтауы, келешек өміріне даярлығы әрқайсысы өз алдына дербес тақырып. Қазақ халқы қыз баланың қадір-қасиеті мен қылығы ұлттың ұлылығын танытады деп халықтық болмыспен астастырған. Сондықтан қыздың тәрбиесіне ерекше мән беріп, сол тәрбиені қалыптастырудың жолына барлық игі жақсылықты топтастырған. Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған. Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген. Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді.
Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген екен, соған тоқталайық. Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі –тәрбие. Ата-ананың міндеті –жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған. Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ келіншектерінің бойында ізеттілік, ар – ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе – көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, т.б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған. Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, жанұя ұйтқысы деп түсінген халқымыз оның еңбексүйгіш, өнерлі болып өсуімен қатар көрікті болып өсуіне де ерекше көңіл бөлген. Әсіресе қыз баланың көрікті
5
болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі - шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты», «Қаз омырау кеудеге, құлап түссе қос бұрым». Сонымен қатар қыз тәрбиесіндегі жеңге рөлі де көзден таса болмайды. Бұл байланысты аталарымыз «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді» деп тұжырымдаған. Өйткені әке-шеше айта алмайтын сырды жеңге жеткізеді. Қыздың балғын болмыс-бітімі мен тәрбиесінің басы-қасында аяулы жеңгелер жүреді. Қазақтар әдетте елге келін болып түскен қыз өз елінің барлық жақсы қасиеттерін, рухани – моральдық құндылықтарын өзімен бірге ала келіп, табалдырығын аттаған босағасының игілігіне, қала берді бүкіл сол бір қалың елге сіңірген. Бұл жақсы үрдіс, ғибратты кәде бүкіл ұлттық бірлігіне, рухани болмысына игі ықпалын тигізген. Сондықтан да халқымыз қыздарына төрден орын беріп, қонақ деп еркелетіп, парасаттылыққа баулып еркін өсірген. Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Әр ата-ана өз қызын өнегелі етіп өсіруге бар күшін салады. әр қыз өз отбасының тәрбиесінен ұядан ұшып, өмір деген үлкен әлемге қанат қағады. Қазақ қыздарына ғасырлар бойы осындай отбасылық тәрбие берумен өсірді. Өткенге қарап отырсақ ата-бабаларымыз қыздарын жақсы келін болуға емес, әр саладағы жақсы мамандар мен бірге «Ана» болуға тәрбиеледі.
«Қызға - қырық үйден тию» - деген мақал – ауыл болып, ағайын болып қызға ақыл айту, өсиет айту, өнеге көрсету деген сөз. Олай болса қыз тәрбиесі тек әке мен шешенің ғана емес, ағайын – туыстың, бүкіл ауылдық қоғамның мәселесі болуы тиіс. Қазір «жастар азып барады» , «жастар тәрбиесіз» дегенді жиі айта бастағандаймыз. Біле білсек, бұл жастардың емес, мына біздердің, яғни ата-аналардың, қоғамның қасіреті. Өйткені, нарық қыспағына тап болған, дәулеті шағын отбасынан шыққан жастар тұрмыс тауқыметке көп шалдығады. Сондықтан бұл мәселеде мемлекет, қоғам болып ойланатын жағдайлар тым көп. Мұның өзі үлкен бір тақырыпқа өзек болар ауқымды мәселе дер едік. Жалпы алғанда, аналардың жағдайы, бала тәрбиесі қоғам үшін де қажет. Дені таза, ширақ туып, ширап өскен, сіз – бізбен тілі шыққан, ата-анасын, ағайын-туысын, үлкені сыйлап өскен ұл мен қыз халқымыздың болашағы, қоғамымыздың тұтқасы болмақ. Әр қыз өз отбасының тәрбиесімен ұядан ұшып, өмір деген үлкен әлемге қанат қағып жатады.Қыздың әрбір қылығы ата-анадан алған тәрбиесімен бағаланады.Тәрбиелі отбасынан шыққан қыз қылығымен сүйкімді болады. ‟ Шеше көрген тон пішер,Әке көрген оқ жонар ”, ‟ Шешесіне қарап қызын ал ”- демекші қыз бала ата-ананың айнасы. Бүгінгі күннің Еңлік пен Жібектеріне айтарым,қызға тән қылықтарыңды ешқашан жоғалтпаңдар дегім келеді.
Баланың ана құрсағында пайда болуына, оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына, алғаш атқа отыруына, алғаш жолға шығуына арналған жеке-жеке әдет-ғұрпымыз, жол-жоралғылармыз бар. Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың ролін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді. Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп
6
тәрбиелейді. Ол адамды өзінің тілінде, ана тілінде сөйлетеді. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Қазақ отбасында қыз барлық ұлттық салт-жоралғыраға сай тәрбиеленіп, барлық жақсылықты бойына сіңіріп өседі. Халқымыз қыз баласын көркіне ақылы сай етіп тәрбиелеуге аса назар аударады.
1.2 Қыз бала бойына дарыту керек қасиеттер
Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт - қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Біз қыз баланың бойынан нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді көргіміз келеді. Сондықтан да болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу қазіргі отбасындағы үлкен міндет. Ал ұрпағымыздың бойына ұлттық тәрбиені, имандылық қасиеттерді сіңірсек, халқының әдеп-салтын жақсы білетін, ата-анасын сыйлайтын, ел үшін еңбек ететін ұрпақ тәрбиелеген боламыз.
«Қызға қырық үйден тыйым» дейді қазақ. Бүгінгі күн қазақ қызының бейнесін, болмысын ұмытып бара жатқан сияқтымыз. Жалпы, қазақ қызы қандай болуы керек? Ол жайлы ойлай бермейміз де. Күнделікті болмасын, ең құрығанда, әредікте өзімізге «Мен «Қазақ қызы» деген үлкен атқа лайықпын ба?» деген сауал қоймаймыз да. Бәлкім, бұл үлкен атауға бәріміз дерлік сай шығармыз. Өнегелі, тәрбиелі қыз бала қандай болуы керек? Қыз- өмірдің қызғалдағы, қыздар болашақ ана, бақыт- байлық ошағы, адамзаттың өсіп-өркендеп, тәлім-тәрбие алатын қасиетті ұясы. «Тәлімді ана - тәрбиелі келін» атанады. Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі жан дүниесімен тығыз байланысты. Ендеше, ішкі жан-дүние – мінез-құлық. Дауыс көтеріп, дөрекі сөйлесең, сыртқы бейнең қанша сұлу болып, әдемі киініп тұрсаң да жарасым таппайды. Адаммен қарым қатынасы сөз ғой, міне, сондықтан да айналаңнан күнделікті өмірде жақсы, жанға жағымды сөзбен даусыңды, сөйлеу мәнеріңді түзетіп, жақсылықты бойыңа жинау керек. Рухани байлығың білім мен тәрбие. Сыртқы киім киісі, жүріп-тұрғаны көңілге қонымды, күнделікті сабағын тиянақты оқып жүретін оқушыны ұстаз да, ата-ана да мақтаныш тұтады. Теледидардан, көргеннің бәріне еліктеуге, үйренуге болмайды. «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» - деген бар, сондықтан жақсы мен жаманның арасын ажырата білу керек. Батыстың мәнсіз музыкасын тыңдап, соған бой алдырып, еліріп қисаңдаған қыздардан не күтуге болады? Қазақтың әсем сазын, асқақ әуенін бағалап тыңдай білгенге не жетсін. Ашық-шашық киінгеннен жақсы көрінбейсің, керісінше көрген адам «Мынаны айтатын ата-анасы, ұстазы жоқ па?» - деген ойға қалады. Ерсі бояну да көруге қолайсыз әсер қалдырады. Көпшілік орындарда қатты күлу, қатты сөйлеу, мініп келе жатқан көлік ішінде үлкенге орын бермеу, ешкіммен санаспай өз беттерінше даурығып дөрекі сөздер айтып, айғайлап сөйлеу өте ұят, өзімшіл өркөкіректікті көрсетеді. Қалай болса солай сөйлеу, киіну талғамсыздық пен тұрпайылық белгісі. Үлкеннің айтқан сын
7
ескертпесін, ақылын өзімдікі дұрыс демей, « Қалай айтылды? Неге айтты?» деп, өз-өзіңе талдау жасаған дұрыс. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген бар. Әрбір қыз бала өзінен кейінгілерге үлгі болуы керек. Үлкенді сыйлайтын, кішіні сипайтын жақсы қыз - өнегелі, тәрбиелі қыз. Әрбір отбасында «баланы бастан.....» - деп басталатын тәрбие қандай тағылым, десеңізші? Оны ата-бабаларымыз қоғамдық орта тәрбиесімен қандай шеберлікпен ұштастырған. Адамды ақ жолға бастайтын жеті жетекшісі бар, осыны бойына сіңіре білген, қалыптастыра білген адам тәрбиелі адам.
Қыздар тәрбиесі қоғамда рухани құндылықтарды, ұлы мұраттарды иманды және инабатты бәсекемен қалыптастырады. Бұл адамның ішкі түйсігіне өрелі қасиеттерді алға шығарады. Сол адамдық қасиеттерді бойына сіңіре білген жандардан тараған ұрпақ ақыл мен алғырлықтың бүкіл бітім-болмысын оданда артығырақ жақсартады. Қызды тәрбиелеу, өсіру, бойжеткізу ең маңызды мәселе. Қыз өсіру гүл өсірумен бірдей! Гүлге әлсін-әлсін су құйып,ауа жеткізіп, арам шөптерден тазартып отыру керек. Бұндай тиянақты күтім болмаса гүл солып қалады. Қыз да сондай. Оған тәлім мен тәрбие, өнер мен өнеге беру маңызды мәселе болып табылады. Əдептілік, инабаттылық, сыйласу қонақ күту жағынан халқымыз алдына жан салмаған. Əрбір бойжеткен қыз бала , əке-шешнің ортасындағы бұлғақтаған бал дəуренін қалдырып, басқа бір үйге барып келін атанады. Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп түтінін түтетеді, ана болып өмірге перзент əкеледі. Жар құшып, ана болу – қыз баланың мақтанышы əрі бақыты. Данышпан ақын Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білек» деген еңбегінде « Қызға үлгі көрсет, ерлік ізгілікті басшылықа ала отырып, әдеп пен инабаттылықты үйрет. Сұрағанын бер, көз алдыңнан таса қылма, мықтап күзет. Мезгілі жеткенде тұрмысқа бер» дей келе қыз баланың барлық талап – тілегін орындау арқылы қатал ұстауды міндеттеген.
Қазақ
отбасында әрдайым: «Әдепті бол,
тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма»
деген сияқты сөздерді балаларының
құлағына құйып өсірген.
Қазақ
отбасында өз баласын мейірімділікке,
имандылыққа баулып өсірген. Үнемі
отбасында осылай тәрбие көрген бала
ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал,
тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана
әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді,
өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық
танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен.
Сонымен қатар, балаларының ер-азамат
болып, халқына еңбек етулерін басты
міндет етіп қойған. Қыздың бойындағы
ізеттілік, көргенділік нәресте
кезінен ана сүтімен бойына сіңген.
Қатты күлмеу, айқалап сөйлемеу, үлкеннің
жолын кеспеу, ыдыс –аяқты сылдырлатпау,
алдымен кіріп, артымен шығу, есікті
теуіп ашпау, босағаны кермеу, үлкендерден
жоғары отырмау тәрізді тіпті қыз баланың
отырысына, жүрісіне, киім киісіне, дауыс
ырғағына дейін мән берілды. Мейірім
бала кезден, ең жақын адамын сүюден
басталады. Әрбір қыз балаға ата-анасын,
туыстарын, ұстаздарын сыйлап, қадірлей
білуді үйретсе, болашақта одан елін
,жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын
ардақтайтын, балаларын жақсы көретін
қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару
шығатыны сөзсіз. Қыз баланың
8
жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы-құрдастарының, дос-жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан: ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген екен. Қазақ халқы бойжеткен қыздың киім киісіне де ерекше көңіл бөлген. Мысалы: «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ» деп қыз балаларға қынама қамзол, дүрия бешпет, кәмшат бөрік, қос етек көйлек кигізген. Халқымыз қыз баланың көркіне оның ақыл – ойы мен мінез – құлқы сай болуын қалаған. «Қызым үйде, қылығы түзде», «Қыз ақылы шешеден» т.б. мақал – мәтелдер соған арналған.
Халқымыз бойжеткен қыздың алдына келешектегі өмірлік міндеттерін қойып, орындап отыруды қыздық абыройы деп санаған. Олар: ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, қабаң шытпай жүру, үлкендердің алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, ұрпақ тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрлерін құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, арқан, жіп есе білу, сиыр сауа білу, кілем тоқып, кесте тіге білу, т.б. секілді мінез-құлықтық қасиеттер мен дағды икемділіктері. Қыздың намыс мен ары, адамгершілігі оның оқуға, қоғамдық пайдалы істерге, отбасына, құрбы-құрдастары мен ұжымға қарым-қатынасына байланысты. Әрбір қыз балаға ата-анасын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін,өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз. Қыз баланың бойына сыпайлық, мейірбандық, адалдық, сезімталдық және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді кішкентайынан бастап дарытуды халқымыз өте ежелден қолға алған. Қазақ қызы өзіне өмірлік жолдас, жар таңдауға ерекше жауапкершілікпен, сақтық, ұстамдылықпен қарап, оның маңызын санасымен аңғарып, жүрегімен түйсінген. Бұл істе ұшқалақтыққа, орынсыз тәуекелге жол беруді өмірлік қауіп санаған.
Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Бойжеткен қыздар қазақ қызына тән қасиеттерді жоғалтпай, инабаттылықты, адамгершілікті, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсете білетін болуы керек. Адамның кішкентай кезінен қалыптасқан мінезін өзгерту мүмкін емес, сол себепті қазақ қыздарын кішкентай кезінен дұрыс тәрбие беріп өсіру жөн. Ата-анасы да көреген, ақылды, адамгершілігі мол, инабатты, өз кездерінде дұрыс тәрбие алған, кішіге үлгі бола алатын адамдар болуы керек. Сонда ғана қыз дұрыс тәрбиеленеді. Оған ненің бұрыс ненің дұрыс екенін, қазақ қызы қандай болу керектігін, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету керектігін, сыпайы, нәзік болу керектігін кіші кезінен үйретер болса қыздар тез ұғынып алады.
ІІ БӨЛІМ. ҚЫЗ БАЛАҒА ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Ұлттық салт-дәстүрлер арқылы қыздарға тәрбие берудің ерекшеліктері
Бүгінгі таңдағы білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру,
9
салт дәстүрге тәрбиелеу.Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Ұлттық сана-сезім, адамның рухани өмірінің қалыптасу деңгейінен адамның ана тіліне, туған елінің мәдениеті мен тарихына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік пен адамзаттығы көрінеді. Мектеп-қазіргі қоғамда ең басты тәрбие орнының бірі болып саналады. Ал мектептегі басты тұлға-мұғалім. Өркениетті әлемге бет түзеп тәуелсіз мемлекеттің шаңырағын көтеріп жатқан еліміз үшін кезек күттірмейтін ұлағатты міндет-ұрпақ тәрбиесі дейтін болсақ, оның негізгі тірегі ата-ана мен ұстаз еңбегі екені белгілі.Қазақтың «бала тәрбиесі-бесіктен» дейтіні де осыдан.
Баланы бесікке бөлеп, жырмен жұбату отбасының ғана салты емес, халықтық дәстүрге айналған. Ана тілінен, ана арманынан ұлы ниет жоқ. Сол жақсы ниет, сол ана тілі бала құлағына бесігінен сіңеді. Сол ана тілін құлағына сіңіріп өскен баланы жас кезден бастап еліміздің көк байрағына, елтаңбасына, әнұранына айрықша құрмет сезіммен тәрбиелеу керек. Қазақ отбасында ұл бала тәрбиесінде әкенің, қыз бала тәрбиесінде шешенің орны ерекше. Халық тәрбиесі ең алдымен еңбекке негізделген, сондықтан ер баланың негізгі жұмысы сыртқы шаруашылық жұмыстарын жүргізу болған. Ал қыз баланы «жат жұртқа жаратылған» деп ерекше мән берген.... Халқымыздың ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуға ғасырлар бойы жемісін үзбей жалғасып келген өзіндік салт-дәстүр бар. Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болып, санамызды оятып, өмірімізге зор өзгерістер әкеледі. Тоқырау жылдарында қол үзген рухани асыл қазынамыз сал-дәстүрімізді жаңғыртудамыз. Қазіргі жағдайда оқушыларды ұлттық салт дәстүрге тәрбиелеу ең маңызды мәселе. Өйткені жас ұрпақты өнер сүйгіштікке, адамгершілікке, ізгі дінін салтын сақтауға тәрбиелеу-біздің бірінші кезекті бағытымыз.
ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-
тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттары айқындап педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейтесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн.» Олай болса, басты мақсат-жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сқтай отырып тәрбиелеу.
Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:
-оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
-жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
-ана тілі мен дінін оның тарихын мәдениетін өнерін салт-дәстүрін рухани-мәдени мұраларын қастерлеу;
-жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
10
Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ ағайын-туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, руын ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыздың өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім», «Жеті атасын білген ұл, жеті ұрпақтың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық елжандылық отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен. Қазіргі медицина ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға дейін қыз алыспай қанның тазалығын, яғни ұлттың таза болуына әкеледі екен, екіншіден қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып ынтымағы бір болсын дегеннен болса керек. Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтарға осы ұлттық тәрбиені сіңіріп, оның ерекшелігін терең білуге, құрметтеуге тиіспіз.
Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор мәні үлкен.«Баланы жастан» демекші мектеп оқушыларының санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы –салт-дәстүрін дұрыс жеткізе білсек ертеңгі күні олардың зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.
Қоғамның белгілі қайраткері М.Шаханов «Халыққа ең бірінші ұлттық рух болуы керек» дегенін әр кез есте сақтап еліміздің жарқын болашағы үшін атсалысуымыз қажет. Ол үшін біз ұстаздар қауымы оқушыларға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай олардың тәрбиелік түп-тамырын, мәнін алтын дінгегін түсіндіре білуіміз керек. Ұлттық тәлім-тәрбиенің ірге тасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені, бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы- отбасында, екінші-мектепте болғандықтан ата-ана мектеп, яғни мұғалімдер мен жұртшылдықтығы байланысты болуы шарт. Салт-дәстүрді дәріптеуде Наурыз мейрамы, Ораза Айт күндеріне байланысты имандылық тәрбиесі сынып сағаттарында өткізіліп тұруы тиіс.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» демекші, ата дәстүріміздің қалыптаса беруіне отбасы тәрбиесінің ықпалы зор. Әйтседе, күнделікті тірлікте ортақ тәрбие құралы –бұқаралық ақпарат құралдарын баса пайдаланып келеміз.
Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай деген:
«Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды».
Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда азаматтық игіліктерін, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып қала бермек.
Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін , тарихын білу, оны қастерлеу әрқайсысымыздың борышымыз.
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі-өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың
11
тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, үлгілері мен өнегелері-соның айғағы.
Қазақ халқы о бастан бала тәрбиесін бәрінен жоғары қойған. Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, сапалы білім бере білген. «Адам ұрпағымен мәңгі жасайды» деген халқымыз бар ықыласын балаға бөліп, болашағын бағамдаған. «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлттың тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» – деп, кезінде ғалым М. Жұмабаев айтып өткеніндей, ұлт тәрбиесін білім алушыға дұрыс деңгейде бере білсек, бүгінде белең алып жатқан жастар арасындағы келеңсіз оқиғалардан арылуға жол салған болар едік. Ұлттық тәрбиелік білім жас ұрпақты әсемдікті игеруге, сұлулықты сезініп, қастерлей білуге, оны өз бойына дарыта білуге, яғни, эстетикалық тәрбие бере білуге, ең бастысы рухани даму сипатына жетелейді. Ұлттық тәрбиелік білім беру арқылы, жас өскелең ұрпақты халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпымен таныстырып, адамның ішкі сезімін, жан дүниесін түсіне білуге бағыттауға ұмтыламыз. Қазақ отбасында ұлттық тәрбиенің негізі – халықтық педагогика болғандықтан, баланы ұлттық салт-дәстүрлер аясында тәрбиелегенін кәрі тарих та дәлелдеп береді. Яғни, құрсақ тойы, шілдехана, сүйінші, қырқынан шығару, бесік тойы, тұсау кесер, сүндетке отырғызу тағы басқа салт-жоралғылар қатаң ұсталып, басшылыққа алынып отырған. Бұлардың ұлттық ерекшеліктері мен тәрбие негіздері бар. Халқымыздың тәлім-тәрбие беретін әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері мәдени құндылықтарымыздың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, қиын балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы.
Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт – дәстүрлер.Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт – дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына сенімдімін. Ұрпақ жалғастығын бәрінен жоғары қою, өле-өлгенше баласына қамқорлық көрсету әлемнің бірқатар елдерінде сақтала бермейтін дәстүр. Жасыратыны жоқ біз қызбаланы тәрбиелеуде ұлттық тәрбие, ұлттық педагогика негіздерінен алшақтап кеткенбіз. Атам заманнан келе жатқан салт-дәстүрдің қуанышы мол, қызықтысы – ұлын ұяға қондыру, қызын қияға ұшыру, бір сөзбен айтқанда қыз ұзатып, келін түсіру болған. «Алып анадан туады» дегенді түптей түсінген қазақ елінде Ананы ардақтау, Ананы сыйлау, оның ішінде жаңа түскен жас келінді құметтеу бұзылмас
12
салт-дәстүрге айналған. Ұлттық салт-дәстүрімізді білу, оның астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда әсірісе қазақ қыздары үшін ауадай қажет. «Қыз тәрбиелей отырып- ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді. Ұлттық тәлім-тәрбие алған қыз өскенде жақсы келін, аяулы ана болатыны сөзсіз. Константин Дмитриевиы Ушинский айтқандай «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс» - дейді, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап, сол рухани рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен. Сондықтан да біз жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде халқымыздың салт-дәстүрін, ерлік үлгілерімен сабақтастыра жүргізуді орынды деп санаймыз.
2.2 Көркем шығарма арқылы қызға тәрбие берудің рөлі
Атадан балаға мұра болып келе жатқан асыл қазынаның бірі - кітап. Кітап - жақсылыққа үйретіп, қиын кезде көмек бере алатын адал дос. Білімнің қайнар көзі шоғырланған жер де - осы кітап. «Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Шынында да, кітап оқу бізді жан-жақты жетілдіреді ғой. Кітап оқитын адамның, сол жерден алған білімін қолдана білген адамның үлкен белестерден көрінетіні сөзсіз. Кітап оқудың нақты пайдасы жайлы айтып кетсек:
1. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі.
2. Кітап оқу – жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адамның есте сақтау қабілеті жақсы болады. Ол тез ойлап, тез қорыта алады.
3. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді.
4. Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
5. Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады.
6. Кітап
оқу – адам бойындағы шығармашылық
қабілеттерді дамытады.
Расымен
де, зерттеп қарайтын болсақ, кітаптың
бізге берер пайдасы аз емес. Көрсетілген
тізім солардың аз бөлшегі ғана. «Кітап
– алтын қазына»,-деген мақал осыдан
шықты. Біз кітапты оқи келе көп сұрақтың
жауабын таба аламыз. Ал белгілі бір
тарихи кезеңдегі кітапты алып оқитың
болсақ, сол кездегі тарихты, тұрмыс пен
әлеуметтік жағдайды біле аламыз. Тіпті,
сол кездегі адамдарға қарап, олардан
үлгі ала аламыз. Біз қазір басымыздан
өткеріп жатқан мәселелер ертеде де
болды. Сондықтан да, бір проблеманың
шешімі жоқ десек, кітап сол мәселені
шешуге көмектеседі. Көргеніміздей
кітаптың берер пайдасы, тигізер әсері
өте көп. Сондықтан да, кітап оқуды ешқашан
ұмытпауымыз қажет.
Өкінішке орай көркем әдебиетке деген балалардың қызығушылығы аз.
13
Балалардан, жасөспірімдерден, тіпті үлкен адамдардан сұрайтын болсақ, олардың көбі кітап оқуды ұнатпайтының айтады. Әдебиетке деген қызығушылық жылдан жылға азайып барады. Оның себептерін күнделікті қолданыстағы ғаламтордан, әлеуметтік желілер мен компьютер секілді құралдардың әсері деп есептеймін. Қазір техника дамыған кезеңде барлық ақпарат ғаламтордан оңай табылады. Бірақ соған қарамастан ең сенімді ақпарат көзі – кітап. Өкінішке орай, бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыру – ата-ананың қолында. Қазіргі уақытта қазақ балалары қазақ әдебиетіне жақын емес деп есептеймін. Ал кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру қиынның қиыны. Сондықтан да, мен балаларды көркем шығармалар арқылы тәрбиелеу қажет деп ойлаймын.
Бірулер көркем шығармалар арқылы балаларды тәрбиелеу өткен заман қағидасы десе, екіншілер әдебиеттің берер пайдасы көп болғандықтан, балаларды сол арқылы тәрбиелеу керек деп айтып жатады. Әдебиетімізге үніліп қарайтын болсақ, неше түрлі көркем шығармаларды таба аламыз. Мысалға, қарапайым ертегілердің берер үлгі-өнегесі аз емес. Ал жазушыларымыздың шығармаларын алып қарасақ, олардың астарында терең мән жатыр. Көркем шығармалар балаларға үлгі-өнеге беретіндіктен, олар балаларды тәрбиелеуге көмек береді деп есептеймін.
Балалар
әдебеті шығармаларының мазмұны идеясы
оларды еңбекке, ғылымға әр қилы
мамандықтарды игеруіне үлес қосады.
Ертегілердің танымдық-тағлымдық рөлі
К.Ушинский Д.Макаренко, В.Сухамлинский
еңбектерінде ерекше көрініс тапқан.
Аса көрнекті педагог В.Сухамлинский
өзінің педагогикалық қызметінің өн
бойында мектеп оқушыларын тәрбиелеу
және дамыту мәселелерімен шұғылданды.
Ол ертегілерсіз дворчествасыз, қиялсыз
толық мәнінде тәрбие жүзге аспайды деп
саналады.
Жалпы қазақ ертегілерінің ел арасынан
жиналып баспаға шығуы XIX ғасырдың II
жартысынана басталады деуге болады.
Бұл ретте Ш.Уәлиханов, Т.Потанин, В.Радлов,
Э.Диваев, И.Березин, А.Алекторов және
т.б аталуға болады.
Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін
зерттеуге М.Әуезов, М.Ғабдуллин,
С.Садырбаев, С.Қасқабаев және басқалардың
қосқан үлесі елеулі болды.
Ауыз әдебиеті —халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Әрі ұлттық рухани мәдениеттің ғасырлар тізбегіндегі тарихи өзгерісін, этникалық санамен қарайлас жүріп өткен жолын да көз алдымызға елестете алады. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады. Халықтың тарихи зердесі, философиялық ой-түйіндері,
14
педагогикалық тәжірибесі, адамгершілік нормалары, кәсіптік әдебиетке тән көркемдік сұраныстары, театрлық өнерге тиесілі есесі ауыз әдебиетіне жүктеледі. Шілдеханадан бастап рулар арасындағы дау-дамайларға, бесік жырынан бастап жоқтауға, ем-домнан бастап лирикалық өлеңдерге, ырым-түсініктерден бастап қоғамдық дүниетанымдық аңыз-әңгңмелерге, мифтік сенімдерден бастап қоғамдық ой-пікірлерге дейінгінің бәрі де фольклорға тоғысты.
Өз ұрпақтарының тәрбиесі ерлі-зайыптыларға,ата-әжелерге ортақ іс,жауапты міндет болған. Көбіне ата-әжелер есте жоқ ерте замандағы, ауыздан-ауызға тарап келген ертегілер арқылы бала тәрбиесіне көңіл бөлген. Балалар әдебеті шығармаларының мазмұны идеясы оларды еңбекке, ғылымға әр қилы мамандықтарды игеруіне үлес қосады. Аса көрнекті педагог В.Сухамлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп оқушыларын тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен шұғылданды. Ол ертегілерсіз, қиялсыз толық мәнінде тәрбие жүзге аспайды деп саналады. Балаға адамдық қасиеттің нәрі ертегі арқылы ана сүтімен қоса сіңіріледі. Ертегі – ауыз әдебиетінің ықылым заманнан келе жатқан көне де мол мұрасы. Бала жанын қоректендіретін рухани қор - айналадағы барлық табиғат болмысы, жанды мақлұқтың бәрімен табыстыратын, терең де таң ғажайып сырларға толы ертегілер. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, мейрімділікті, имандылықты егетінде осы –ертек. Халық жырауларының термелерін, ертегілерді тыңдату – бала бойына патриоттық сезімін ұялататын бірден-бір тәсіл болмақ.
Көркем шығарма - өмір мектебі. Көркем туындыда халықтың тарихы жүріп өткен тағдыры, өмір белестері, елдік-ерлік дәстүрлері, тұрмыс салты, өзіндік тілі, діні жинақталған, табиғаты кескінделген, адамгершілік ұғым-түсінігі көрініс табады. Көркем шығарманы оқыту арқылы бастауыш сынып оқушалырының патриоттық сезімін қалыптастырамыз, дүниеге көзқарасын дамытамыз.Көркем шығарма балаларда алуан түрлі сезім, ой туғызады. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі ең алдымен отбасы мен бастауыш сыныптардағы білім мен тәрбиеге байланысты болса, екіншіден балаға жақын ұлттық көркем шығарманы оқу арқылы қалыптасады. Көркем шығарма арқылы жеке тұлғаның рухани әлеміне мақсатты түрде әсер ету үшін ең алдымен бастауыш сынып оқушыларының көркем шығармаға деген қызығушылықтарын оятып, оны әсерлі оқи, тыңдай білуге баулу қажет. Ұрпақ тәрбиесінде көркем шығармалар баланы елжандылыққа тәрбиелеу құралы екені сөзсіз.
Барлық дәуір әдебиетің алып қарайтын болсақ, сан түрлі тақырыптарға жазылған өлең-жырларды, романдарды, повестерді, поэмаларды кездестіреміз. Олардың тақырыптары терең әрі шексіз сияқты. Сол сияқты қазақ қыздары, жалпы қыз тәрбиесі жайлы жазылған талай шығармалар баршылық. Қыз баласы ұлттық тәрбиені осы мән-мағынасы терең кітаптар мен туындылардан алады. Қазіргі таңда қыз тәрбиесіндегі басты мәселелер қатарына ана тілін, ата тарихын, салт-дәстүрлерін білмейтін қыз балалар, ашық-шашық киімдердегі қыздар, әдептілікті сақтамайтын, қыз бойына тән емес қылықтар жасайты қыз, жалпы тура жолдан ауытқыған қыз баласы болып отыр. Қыздарды тура жолға салып, дұрыс тәрбие беретін – көркем шығарма. Осының алдын ала және де жоя алатын қару да – осы көркем шығарма. Ана тіліндегі кітаптар қыз балаға ана тілінде ойлуға, оқуға және де дұрыс сөйлеуге баулиды. Көтпеген қазақ жазушыларының
15
туындылары белгілі бір тарихи мәселеге жазылғандықтан, көркем шығарма қыздардың ата тарихына көз жүгіртіп, ата тарихын есте сақтуға әкеледі. Туындыдағы ұсталынатын салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптар қыздың осы салт-жоралғылармен тереңірек танысуына жол береді. Сонымен қатар көркем шығармадағы қыз бейнесіне назар аудара отырып, қыз өз-өзіне нағыз қазақ қызының қандай болу керектігін ұғады, сондай болуға ұмтылады. Кітап әдептілікке жол алып, дөрекі сөйлемей, инабатты қыз болып өсуге септігін тигізі мүмкін. Сондықтан да қыз бала тәрбиесінде көркем шығарманың алатын орны ерекше деп есептеймін.
Ешкім де идеал әйел болып туылмайды, мінсіз адам жүре қалыптасады. Оған себеп болатын өмірлік тәжірибе мен даналық толы кітаптар. Солай, кітап – тәрбиелеуші... Осы орайда қыз баласы қандай кітаптарды оқуы тиіс деген сұрақ туындайды. Әлем мойындаған, миллиондаған әйелдің көңілінен шыққан ана тіліміздегі бестселлерлер қыз бала тәрбиесінде өз орының алуда. Сонымен, егер кітап оқуды жаныңыз сүйетін болса, әрдайым ақылыңызға азық іздеу мақсатында әдеби кітаптар іздеп жүретін болсаңыз, төмендегі кітаптарды тауып алыңыз. Ұсынылған шығармалар заманауи әйелге қатысты қарым-қатынас, әлеуметтік жетістік, өзін-өзі дамыту, өзін және ер азаматты түсіну, бақытқа жету, бала тәрбиесі, стиль, этикет мәселелерін қамтиды.
1. "Махаббат, қызық мол жылдар". Әзілхан Нұршайықов. Бұл роман 1970 жылы жарық көрді. Шығарма екі жастың арасындағы махаббат туралы баяндайды. Автор соғыстан он екі мүшесі түгел болып келген жас солдаттың өмірі, ойларын жасырмай, көпшілікке паш етеді. Оның 33-аудиторияда өзін гүлге толған бақта отырғандай сезінуі, қыздардың тастай қылып өрілген бұрымдарына көз салуы, достарын, өз махаббатын табуы, болашағына жол ашып, өз жолын табуы да тағы баяндалады. Автордың мақсаты Ербол мен Меңтай жақсы жігіт, білімді қыз екенін көрсетіп қана қою емес, солар арқылы халқымыздың бойындағы кейінгі ұрпаққа , арғы, алыс болашаққа үлгі боларлық дәстүр, қасиеттерін насихаттау. Сол қасиеттерді Меңтай мен Ерболдың бойына өлшеп піше отырып, жұртқа жарасымды үлгі ұсыну еді. Махаббаттың тұмарына айналған төл туынды әрқашан оқырман қауымның ыстық ықылас-ілтипатына ие болып келеді. Шынайы сезім мен зұлым күштің өмірдегі арпалысына негізделген. Басты кейіпкер Меңтайдың бойынан қазақ қызына тән қылық пен мінезді көресіз, үйренесіз. "Апамның айтқандарын" міндетті түрде жазып, жаттап алуыңыз керек. Сондай-ақ, автордың жарына арнап жазған "Мәңгілік махаббат жыры" кітабы да идеал әйелдің бейнесін көрсете алады. Ербол — шығарманың негізгі кейіпкері, ақкөңіл, досына адал, аңғал,шығарма басында біраз ұяң болып сипатталатын кейіпкер.Меңтай — шығарманың негізгі кейіпкері, адал, ақылды, сұлу,сабырлы,сыпайы жəне Ерболдың жары. Менің ойымша роман қыз баласына өзінің он әсерім тигізеді. Меңтайға қарап көп үлгі-өнеге аламыз. Нағыз қазақ қызын көз алдымызға елестетіп, сондай болуға талпынамыз. Сондықтан да, “Махаббат, қызық мол жылдар” атты роман осы тізімнен өз орнын тапты.
2. Фариза Оңғарсынованың "Дауа", "Жүрек күнделігі", "Шашы ағарған қыз", Күләш Ахметованың "Күн шыққанда күліп оян", "Жапырақ – жаздың жүрегі"
16
атты жыр жинақтары да әйел дүниесінің жан айқайын паш етеді. Ақынмен бірге
сырласасыз, мұңдасасыз... Оңғарсынова Фариза Оңғарсынқызы – 5 желтоқсан 1939 жылы Ақтау облысы Новобогат ауданында туған қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты. Ахметова Күләш Ділдәқызы – 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстан Талас ауданы Киров ауылында дүниеге келген ақын, журналист, аудармашы. Осы екі ақынның шығармалары ұқсас болғанымен, ішінде жатқан мән-мағына тым бөлек. Қыз баласының қаламынан туған өлеңдер болсын, романдар болсын, повесть не поэма болсын барлығы да қыз жүрегінде ерекше орын алады. Фариза Оңғарсынова, Күләш Ахметова өлеңдерін оқығанда өзінің апанмен сөйлескендей сезімге бөлінесін. Сондықтан фариза оңғарсынова мен күләш Байсеитова сынды ақындарды қыз жанын, жалпы ел жанын жақсы түсінген қазақтың ақын қыздары деп атай аламыз. Менің ойымша қазақ ақын қыздарының жазып қалдырған өлең, өсиеттерін оқып, одан ғибрат ала алсақ, сол алған өсиет, алқылды дұрыс пайдалана білсек, жақсы, тәрбиелі, инабатты да, ибалы азамат болып өсетінімізге күмән жоқ.
3. “Ақбілек”. Жүсіпбек Аймауытов. Ақбілек – Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан туған роман. Роман тұңғыш рет 1927 жылы «Әйел теңдігі» журналында жарияланды. Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды.Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты, көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры,.әйел теңсіздігі. «Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды.Соған қарамастан өмірге деген құштарлық сезімінен айырмады. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді. Қиындықтарға қарамай, оқу оқып, өз бақытына жеткен қазақ қызы әлбетте өсіп жаттқан қыз балаға үлгі береді.
17
4. "Ұлпан". Ғабит Мүсірепов. Ұлпан - Ғабит Мүсіреповтың 1974 жылы тарихи ел шежіресінің мазмұны негізінде жазған романдарының бірі. Бұл роман үш бөлімнен және жиырма төрт тараудан тұрады. Ұлпан романында тоқсанға жуық образдар бар. Туындыда қарапайым қазақ қызының ел анасына айналуына дейінгі оқиғалар баяндалады. Қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы мәселесі де қалыс қалмаған. Әрбір адам кітапты оқып шыққаннан кейін қазақ болып туылғандығын мақтан тұтып, өмірлік мақсатын айқындай алады деп ойлаймыз. Ер азаматты қадірлеуді, ата-анаға, ел-жұртқа қамқор болуды үйрене аласыз. Әр жазушы, ең алдымен, өз туған халқының көкейіндегі ойын, жан-сырын кемеліне келтіре жырлаумен ғана мұратына жетеді. Сол сияқты өзі өсіп-өнген ортаның, қазақ елі әйелдерінің асыл қасиеттері Ғабит Мүсіреповті де ертеден-ақ толғандырып, ойландырған секілді. Ал автордың аналар жайлы жазған шоқтығы биік шығармасы –«Ұлпан» романы. Романдағы Ұлпан бейнесі өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі берерліктей сомдалған. Ұлпан – аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен. Ол ақылды әрі батыл болып өседі. Ұлпанның мінезі де ашық, жарқын, ақ көңіл. Әрі өз ой-пікірін ашық, нақты жеткізетін болған.Ұлпанның тұла бойы толып тұрған ерлік пен езгілік, ақыл мен парасат, әділдік пен адамгершілік. Ұлпан көптеген қиын кезеңдерді басынан өткізеді. Соған қарамастан, ол барлық қиыншылықтарды өзінің сабырының арқасында жеңіп, төтеп бере алатын болады. Сондықтан да, ел анасының берер үлгі-өнегесі көп деп есептеймін. Сонымен қатар, Ұлпан образын терең түсінүге септігін тигізетін кейіпкерлерден де үлгі алуға болады. Жаман кейіпкер сияқты болмауға, оның қатліктерін қайталамауға, жағымды кейіпкердей болға ұмтылдыратын алтын қор – көркем шығарма.
5.
"Айналайындарым менің". Ділдә
Матайқызы. Жас ұрпаққа арнап ұлттық
салт-сананы, дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды
өмірбаяндық деректермен байланыстыра
отырып өсиет етіп жазған Ділдә Матайқызы
Тасмағамбеткелінінің бұдан бұрын жарық
көрген «Тәрбие туралы толғаныс» атты
кітабы оқырмандардың ыстық ықыласына,
үлкен құрметіне бөленген. Сол қалың
оқырманның өтінішіне орай, туған
тарихымыз, саяси-әлеуметтік тың
көзқарастар, алуан түрлі өмірлік
мысалдармен толықтырылып, қайтадан
жазылған бұл жинақ та сіздердің сырлас
достарыңызға айналар деген сенімдеміз.
Сонымен,
өмірден көргені мен түйгені көп мейірбан
ана Ділдә Матайқызының «Айналайындарым
менің» кітабы жас ұрпақтың тәрбиесіне
арналған. Автор өзінің өмірбаяндық
деректерін ұлттық салт-санамызбен,
дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен
байланыстыра отырып кейінгі толқын -
жас ұрпақтың санасына ғибратты әңгімелерді
құяды.
«Таң
торғайы шырылдағанда ұлы төсегімнен
көтеріліп, жарық дүниенің нұрына жүзімді
шәйіп: «Иә, жаратқан ием, әр пендеңе
ынсап, қанағат бере гөр. Бауырын бүтін,
басын аман ете гөр. Ел мен ерімізді
жақсылыққа жолықтыр. Ақ сөйлеген адалдың
«бұ дүниеде жиғаны бұйырғай, о дүниеде
иманы бұйырғай», - деп тілек ететінім
бар» деген әдемі де әсерлі, оқырманын
бірден баурап алатын жолдарымен
басталатын кітап жеңіл оқылады. Оқырманын
ойландырады, ойландыра отырып, Отан
сүйгіштікке, туған жалқы мен ана тілін
шексіз сүюге, қайратты да қайсар, өжет
те ержүрек әрі ақылды һәм парасатты
болып өсуге тәрбиелейді.
Кітап
өн бойындағы аңыз әңгімелерімен құнды.
18
6. "Бабалар аманаты". Зейнеп Ахметова. Кезінде «Шуақты күндерімен» оқырман жүрегінен орын алған Зейнеп Ахметованың «Бабалар аманаты» атты кітабы қазақ келіндерінің төлқұжаты болу керек секілді. Халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының келіні, батыр атамыздай тектінің тұяғы, асылдың сынығы - жазушы Бақытжан Момышұлының жан жары Зейнеп апа бұл кітапты ұзақ жылдар жүргізген күнделігінің негізінде жазған. Мұндағы басты әңгіме арқауы батыр атамыздың баяндауында ұсынылады. Автор осыдан отыз-қырық жыл бұрынғы оқиғаларды күні кеше ғана өткендей, тап қазір ғана болғандай көз алдыңызға келтіріп, сондағы Момышұлы шаңырағында айтылған әңгіме, шертілген сырды шешен тілмен баяндайды.
7. “Бақытсыз Жамал”. Міржақып Дулатұлы. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің бұл жанрдағы тұңғыш жетістігі, тұңғыш роман. Әдеби ортада өзінен кейінгі көтерер жүгі, мақсатты мен бағыты бір көптеген романдарға алғышарт болды. Тек көркемдік жағынан ғана емес, тіл, форма жағынан да біраз дүниелерге сара жол болғаны анық. Роман алғаш жарық көргеннен бастап қазақ әйелдерінің бас бостандығының жаршысына айналды. 1910 жылы Қазанда басылып шыққан кітап қолдан-қолға тимей қазақ арасына тез тарап кетті. Сауаттысы жатып кеп оқып көзіне жас алса, сауатсыз халық сол оқығандарды жағалай отырып тыңдайтын. Сора-сора жас алып, өз бастарындағы жағдайды жіте көріп, сезіне жәбірленетін. Негізгі өзек әйел бостандығы болған соң әйел қауымы өре түрегелді. Талай басыбайлы әйел затына ой салғаны анық. Осы әйел бостандығын екі жас Ғали мен Жамал арасындағы махаббат мәселесі арқылы беру, романның оқырманның жанына жол тапқан кілті десек қателеспейміз. Роман сол кездің өзінде екі рет басылып (1910, 1914) шыққандығының өзі көп дүниені айтқандай. Сол заман, сол кездің саяси көзқарасымен қарағанда бұндай тақырыптағы роман екі рет қатарынан басылу ел қалауы, талабы екендігі анық. Содан бері басылып келеді. Оқырманын әсте жоғалтқан емес. Қандай шығарма болсын өз заманында, өз әлеуметтік ортасында құнды болмақ. Заманың қалай болса жасар амалың да солай болмақ. Әр әдеби туынды, көркем шығарма өз заманының көркем бейнесі. Жоғын жоқтап, барын түгендейтін жансыз жанашыры. Дәл қазір бұл романның көркемдігін осы заман талабымен, талғамымен көрсете алмасымыз анық. Ол заман келмеске кетті. Роман формасы да өлеңмен басталып, қара сөзбен өріледі. Осы тұста автордың ақындық қасиетін баса айтып кеткен абзал. Роман әр тұсында жаңа бір белес, жаңа сюжет желісіне ауысқанда өлең арқылы ауысып отырғанын байқаймыз. Ғалидың да Жамалдың да аузына автор ішкі сезімін, толғанысын өлеңмен салып отырған. Романда өзінен кейін әлі күнге дейін қолданылып келе жатқан тәсіл - хат. Ғали мен Жамалдың бір-біріне хат жазып хабар алысып, бағыт-бағдар алысқаны бір дара мотив екендігі белгілі. Романда екі жастың басты жауы, қасіреті мен қайғысына бастауы болған Байжан мен санасыз Әке Сәрсенбайдың портреттері мен қоса Ғали мен Жамалдың портреті шебер жасалған. Біріне тоқталсақ, автор Ғалидің портретін жасауда біршама суреттеуге барады. «Бұл жігіт орта бойлы, қияпатты, азырақ бетінде қорасан дағы бар, жаңа мұрт шығып келе жатқан, сөйлеген сөзі сыпайы, әдепті, киімі ноғайшалау, Ғали есімді бір зат еді. Көлденеңнен қарап салыстырғанда бұл үйдегі жігіттердің афзалы Ғали,
қыздардың афзалы Жамал секілді көрініп, екеуінің қатар отырулары бек жарасып
19
кетті». Романда Ғалидің даралық бейнесі уақыт өткен сайын өсіп отырады, өсіп отырады. Жиын-отырыстарды. Ауыл арасындағы адамдардыңжиі мақтаулары мен ауызға алулары биікке көтеріп отырады. «Оқыған... білімді... өнерлі... көзі ашық... келбетті...» деген сияқты. Ал Жамалдікі даралық образға романның бел ортасына жетпей көтерілген. Оның зеректігі, алғырлығы, асқан сұлулығы, шешендігі, туралығы бәрі-бәрі дара, типтік образға жеткен десек те болады. Тең теңімен, тезек қабымен. Теңіне жете алмай кеткен талай қазақ қыздарының тағдыры жатыр. Қорыта айтқанда М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» романын жазу үстінде қазақтың өзіне дейінгі дәстүрлі әдебиетіне сүйенген. Орыстан, батыстан үйренді десек мықтап қателесеміз. Қазақтың арыдан беріге дейінге фольклоры мен маржан әдеби жауһарлары тоғысып романның көркемдік тіліне, стиліне, формасы мен құрылысына қызымет еткен.
Осы жеті кітапты әр қазақ қызы оқып шығуы қажет деп ойлаймын. Сонымен қоса, қыз тәрбиесінде көркем шығармалардың алатын орны ерекше деп ойласаңыз, нақты осы шығармалар соған дәлел. Көркем шығармалар – бұрынғы және қазіргі өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге көмек береді. Болашақ ұрпақты да тәрбиелеуде өз әсерін тигізетініне күмәнім жоқ. Сондықтан кітапты мәңгі білім көзі деп айтсақ та болады. Әжелеріміз өскен, аналарымыз өскен көркем шығармаларда біз де өссек болашақта жақсы, елге пайдамыз тиетін, ана тілі мен ата тарихымызды білетін, салт-дәстүрлерімізді құрметтейтін азамат бола аламыз. Сол себепті көркем шығарма арқылы қыз балаға тәрбие берудің рөлі зор.
ІІІ БӨЛІМ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚЫЗ ТӘРБИЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 Оқушыларға қыз тәрбиесі бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмыстары
(«Айқын» газетіне алынған мәлімет)
Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовқа көзі тірісінде «XXI ғасырдың қыздары туралы пікіріңіз қандай?» деген сұрақ қойып, қарт қаламгердің пікірін білген едік.
Әзілхан Нұршайықов:
– Қазіргі қыздардың түрі, түсі бұрынғы ғасыр қыздарына ұқсағанымен бұлар ұлттық үлгіден ауытқып бара жатыр. Қазір көптеген қыздар ана тілінен алыстап, ұлттық дәстүр, салт-санадан мақұрым болып барады. Олар үйде де, көшеде де, аудиторияда да, мекемеде де қазақша сөйлеспейді. Қазақ кітаптарын оқымайды. Радио, теледидардың қазақ тіліндегі хабарларын тыңдамайды. Қазақ тілінде ән салынып, қазақ күйлері тартылып жатса, ол каналды өшіре салады. Қазақтың тамаша ұлттық салт-дәстүрлерінен мүлде хабарсыз. Оны білгілері де келмейді. Бір сөзбен айтқанда қазіргі қазақ қыздарында ұлттық рух жоқ.
Қазіргі қыздар тым сәнқой. Сәнқойлығы сондай, көп қыздар жазда жалаңаш (ашық-шашық деген мағынада), қыста жалаңбас жүреді. Жылуы жоқ жұқа бешпет, капрон шұлық киіп, қалтырап сабаққа не қызметке барады. «Қарағым-ау, бүйтіп жүріп денсаулығыңды жоясың ғой!» дегің келеді оларға. Жоқ, оларға денсаулық емес, сән керек. Санасын сән билеп кетсе, не дерсің оларға?! Қазіргі қыздар тарқылдап күледі, қайқаңдап жүреді. Үлкендерге ізет жасауды білмейді – ұлттық сыпайылық жоқ. Қазіргі көп қыздар жігіттермен көшеде сүйіседі, көз таса
20
жерде — «құлай» кетеді – ұлттық ұстамдылық жоқ. Қазіргі көп қыздар пәктігін
сақтамайды. Пәктігі жоқ қыз байға тигенде бақытсыз болатындарына мән бермейді. Пәктігінен ерте айрылған қыз салдақы болады. Салдақыдан сарамас туады. Ұлт ұрпағы осылай азады. Қазіргі көп қыздар махаббатты мансұқ етті. Көшеде сүйісе салып, күйеуге шыққан қыз алты күннен, немесе алты айдан кейін ажырасып тынады. Қайтадан қылмыңдап, «қыз» бола қалады. Қазіргі көп қыздар күйеуге тисе, бір баладан артық көтермейді. Сонда ұрпақты кім жалғастырады, ұлтты кім көбейтеді? Қазіргі кейбір қыздар жас кезінде жүргіш болғандықтан ұлғайғанда жалғыз қалады. «Кәрі қыз» атанып, өксікті өмір өткізеді. Ондай өмір кімге керек? XX ғасырдың қыздары жасырын жердің бәрін жауып ұстайтын. Қыздардың қос анарын торситып, кіндігін көрсетіп, сандарын жарқыратып жүруі еркектерді «ереуілге» шақырады. Ойнасқорлық осыдан туады. Тал бойыңдағы ақ жүзің мен ақ білегіңнен өзге құпия жерлерді қымтап ұстасаң өлмейсің, ешқандай қызықтан құр қалмайсың. Мәдениетің төмендеп, ақылың азайып кетпейді, қыздар. Денені жалаңаштап ұстау сән емес, санасыздыққа саятынын, оның ақыры сексқұмарлыққа соғатынын ұмытпаңдар, айналайындар. Біздің қыздарымыздың көбінің теледидарға еліктеп, байға шықпай, бала таппай, сексқұмар болып бара жатқаны жаныңды қинайды. Ал қазақтың кейбір зиялы деген азаматтарының, үлкенді-кішілі шенеуніктердің, қалталы байлардың жас қыздардың «шырынын» соруға құнығып алғаны қаныңды қайнатады. Осының бәрі ұлтымыздың соры екенін ұғынсақ етті. Экономикамыз өсіп келеді, еліміз байып барады дейміз. Рухың өшіп, ұлтың азайып азып кетсе, ол экономика кімге керек? Не пайда? Осыны да ойлауымыз керек қой! Қыздардың бәрі бақытты болғысы келеді. Бақытты болу үшін байға ти, бала тап. Ұрпақ өсір. Ұлтыңды көбейт. Сөйтіп, артыңда алтын із қалдыр. Бақыт деген осы! Қыздар! Бой түзеп, «Болашақта» оқығандарыңа мастанбаңдар. Университет тауысып, үкілі қызметке қолдарың жеткеніне мақтанбаңдар. Сендерің затың әйел болғандықтан ең басты міндетің ана болып, бала өсіру екенін ұмытпаңдар. Ең басты парызың – ана болу екенін ұмытпандар. Осы ұлы қызметті ойдағыдай атқарғаннан кейін қызмет істесең де кеш қалмайсың. Кеңседе отырып «қағаз кемірмеймін» десең, Ана болу да –ұлы қызмет! Ал өне бойыңды талант кернеп бара жатса оның жөні басқа . Ертең ұлттың ұрпағын тәрбиелейтін, қыздар сендерсіңдер. Біздің ұлттық ұлылығымызды жойып, «Халық» деген қасиетті аттан айырып, әлде бір ұсақ ұлыс-аймаққа айналдырып жіберу де, қыздардың қолдарыңда. Қыздар пәк болмай, тәні таза, жаны ұлағатты болмай, ұлт сақталмайды, азғындап, азып-тозып бітеді. Ұлттық ұлы жауапкершілік өз мойындарыңда екенін ұмытпаңдар, қыздарым, қарақтарым, қалқаларым!
Әзілхан Нұршайықовтың сөзімен келіспеуге болмайды. Өткен ғасыр мен қазіргі кездегі қыздар мен олардың тәрбиелерін санайтын болсақ көптеген айырмашылықтарды көре аламыз. Жүріс-тұрысынан бастап, киім үлгісіне дейін, сөйлеген сөздерінен, ойлаған ойларына дейін барлық жағдайда көп айырмашылық көруге болады. Әрине, тәрбиелі, инабатты қазақ қыздарының мүлдем жоқ екенің айта алмаймыз. Себебі әр дәуірде, қай заманда болмасын ерекшеліктер бар. Бірақ өкінішке орай, нағыз қазақи қыздар күннен күнге жоғалып барады.
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
21
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын - деп халқымыз қыз туралы жырлаған екен.
Осыған қарап-ақ, қыз атаулының жүзі жарқын, кісі алдында ұяң екенін көруге болады. Әр ұлт, әр халық өзінің ерекшелігі мен тарихы арқылы мақтанады. Сол сияқты, қазақ халықының айта кетер тағы бір ерекшелігі, қыздарының ибалылығы мен инабаттылығы және көне жәдігеріміз болып табылатын құнды әшекейлеріміздің өзіндік сәні мен берер мәні. Қазақ қызы қандай болған көнеде, қандай болды қазір де? Қазақ қызы дегенде ең алғаш тарих беттері көз алдымызда ашылады екен. Сонымен, тарих бойынша ең алғашқы қазақ қызы кім? Не болмаса қазақтың алғашқы ханымдары кімдер? Қазақтың басына қауіп төнген сын сағатта атқа мініп, жауға қарсы шапқан апа-аналарымыз қандай еді?! Тұмар патшайымнан бастап, Бопай ханшайымға дейінгі батыр аналарымыз елдің ертеңі үшін күресті. Ал екінші дүниежүзілік соғыстың оты тұтанған сәтте Мәншүк пен Әлия сынды жүздеген жауынгер қыздар майданға аттанды. Осындай батыр аналарымыздың ізін қазақтан шыққан тұңғыш әйел-генерал Сәуле Айтпаева жалғастырды. Бұл кісілерден алынар өнеге мен тәлім қандай болмақ? Әрине, «Отан үшін отқа түс күймейсің, арың үшін алыссаң өлмейсің» деген мақалдың түп тамырын сұрағымыздың жауабын тапқандай боламыз. Қазақ халқының қыздарымен мақтанар тұстары көп-ақ. Өйткені, қазақ бұрымдылары тек батыр ғана емес, сонымен қатар, биші, күйші, әншілері де болған. Атап айта берсек парақ беттері толассыз қалар. Сонау тарихтан сыр шертер болсақ, көптеген шаң басқан мәліметтерді қазіргі уақыт талабы деп түсінетін қыздардың құлағына алтын сырға болары анық. Бұл сөзбен өзіміздің құндылыққа толы тарихи толқында өсіп өнген, қазақи дәстүрді көріп бой түзеген қыздардың қазіргі уақытта да бар екендігі және заман талабына сай өмір сүріп те қазақилығымызды сақтап қалуға болады дейтін қыздардың бар екендігін тілге тиек етіп отырмыз. Тізгінімізді қазіргі қоғам түсінігіне бұра кетсек, әрине, тәуелсіз Қазақстан ХХІ ғасырдағы тарих сахнасында, бірақ ол, біздің қазақилығымыздың тамырына балта шабу деген сөз емес. Бұрынғы қазақ қызы, қазір де сол қазақ қызы. Тек, уақыт өтті, ел дамыды, түсінік өзгерді. Дегенмен ұлтымыздың ұлылығы және қазақ қаны өзгерген жоқ. Қоса кететін жайт, ата-бабаларымыз бен әже-апаларымыздың берген тәлімі мен тәрбиесі, өнегесі мен қалдырған өнері өзгермес мұра болып қалды және қалары даусыз. Қазақы нақышты да, сән әлемінде де негізгі мәнге ие болған не ие болып отырған көптеген үлгідегі киімдер мен әшекейлердің ұтымды орналасуы, қазіргі таңда алғашқы бестікте тұрғаны мәлім. Осыған орай, әрбір қазақтың қыз-келіншектері өзіне жарасымды етіп, ұлттық нақышта киінер не киінбесі оның қазақтық сипатынан айырады деген түсінік емес. Қорыта келгенде, біз, қазақ қызымыз! Шежіреміз шырайлы, тәрбиеміз тәлімді. Әке тәрбиесін алып, ана мейірімділігін көрген халықпыз, уақыт қанша өзгерсе де, қалыптасқан қанымызда бар ибалылық өзгермес! Тарихымыз терең, дініміз берік, салтымыз сақталған заманда қазақилығымызды жоғалтпауымыз керек.
Оқушылар арасында сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнама негізінен томендегідей сұрақтарды қамтыды:
Барлығы 50 оқушы
Қыз бала тәрбиесі жайлы оқушылардың сауалнама көрсеткіші
22
Қыз тәрбиесі отбасындағы тәрбиенің жемісі ме?
Өткен заман мен қазіргі кездегі қыздардың айырмашылықтары бар ма?
Қыз баланы ұлттық салт-дәстүрлер аясында тәрбиелеу дұрыс па?
Қыз тәрбиесі қоғамға әсер етеді дегенге келісесіз бе?
Көркем шығармалар қыз бала тәрбиесіне өз әсерін тигізе алады ма?
23
Қазіргі замандағы қыздар тәрбиесінің ақсап бара жатқанына келісесің бе?
Қыз тәрбиесіне көп көңіл бөліну керек пе?
Өзіңіздің отбасындағы қыз тәрбиесін дұрыс денгейде деп айта аласыз ба?
24
Қыз бала бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыз?
Сіздің ойыңызша қыз баланы қалай тәрбиелеу керек?
Диаграмма арқылы оқушылардың қыз тәрбиесі жайлы не ойлайтыны белгілі болды.
1-сурет. Сауалнама толтырып отырған оқушылар
2-сурет. Мұғалімдерден алынған сауалнама
25
Сауалама сұрақтары:
1. Қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болуы керек?
2. Қыз баласы өзін қонақта, театрда, сабақта, спорт залда, асханада қалай ұстау керек?
3. Қазіргі қыз балалардың киім үлгісі жайлы не айта аласыз?
4. Қыз бала тәрбиесіне өз әсерін тигізе алатын қандай көркем шығармаларды білесіз?
5.Қыздарға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіз?
6. Қазіргі замандағы қыздар тәрбиесінің ақсап бара жатыр
дегенге келісесің бе?
Мұғалімдер сауалнама арқылы қыз тәрбесі жайлы білгендерін жазып, өз ойларымен бөлісті.
3-сурет. Эссе «Қазіргі кездегі қыз тәрбиесі»
26
Оқушылардан қыз тәрбиесі туралы шағын эссе алынған болатын. Яғни, олар өткен және бүгінгі кездегі қыз бала тәрбиесінің айырмашылықтары жөнінде ойларымен бөлісіп, дұрыс тәрбие алу жайлы қағаз бетіне өзіндік ойларын түсірген болатын. Көбінесе оқушылар өткендегі және қазіргі кездегі қыз балалардың жүріс-тұрысын, сөйлеу мәдениетін салыстырып жазды. Сонымен қоса, кейбір оқушылар эссе сонында қыз балаларға ұсыныстар айтып қалдырды.
Әжеден алынған сұхбат кезінде әже өз заманындағы қыз балалар жайлы айтып, қазіргі қыз тәрбиесіне көптеген ұсыныстар берді. Сұхбат:
-Сұхбатымызды
қыз баланың тәлімі мен тәрбиесіне
арнамақшымыз. Енді қазақ қызының тәрбиесі
– күллі қазақтай ұлттың тәрбиесі деп
білемін. Сіздің ойыңыз қандай?
-Жалпы
қыз – өз ұлттың айнасы. Ал қазақтың қызы
– қазақтай ұлттың айнасы. Қыз баланың
қашанда дұрыс жүруі ата-ананың мәртебесі.
Қыз баланың тәрбиесіне жеңіл көзбен
қарауға мүлде болмайды. Шешесіне қарап
бой түзейтін қыздар үшін ана берген
тәлімнің ықпалы ерекше. Мен қыз баланың
бойынан нәзіктік, ұяңдық, инабаттылықты,
сыпайылықты, іскерлікті, шеберлік пен
ақ ниеттей қасиеттерді көргім
келеді.
-Қазір молшылықтың заманы.
Заттай байлықтың құны өршіп тұрған дәл
қазіргі кезде, қыздарымыз өмірлік жар
таңдар алдында материалдық құндылықтарға
көп мән беріп жатады. Осыған сіздің
айтарыңыз қандай?
-Тұрмыс құру дегеннің
өзі өмірдің ең үлкен жауапкершілігі.
Жігіттің бойындағы адамгершілігі мен
рухани байлығына мән бермейді, бүгінде.
Некелеседі, кейін түсініспей арты
ажырасуға әкеліп жатады. Материалдық
жағдай, заттай байлыққа қарайтын қыздарды
мүлде түсінбеймін. Өмірлік жар –
қызығынды бірге бөлісіп, қиын кезде
қолдап, саған көмек беретін адам.
-Бауыржан
Момышұлы «немересіне ертегі айта
алмайтын әжелер мен баласына бесік
жырын арнамаитын аналардан қорқамын»
деген екен. Сіз ше? Қазіргі қыз бала
тәрбиесіне келгенде сізді не
алаңдатады?
-Қыз баланың тәрбиесіне
келгенде алаңдататын мәселе өте көп.
Қазіргі қыздардың көбі бүлініп кеткені
баршамызға мәлім. Өздерінің қазақи
қасиеттерін сақтамай, ұлттық тәрбиеден
ауытқыған сияқты. Мені алаңдататын
басты мәселе: қыздардың өзінің ана
тілін, ата тарихын, салт-дәстүрлерін
білмеуі. Қыз баланың орынсыз жүруі,
кешке шығып, таңда үйге кіріп жатуы,
ата-анасының айтқанына мән бермеуі
мұның аяғы жақсылыққа әкелмейді. Сонымен
қатар, жаман әдеттерге салынған қыздар,
олардың ашық-шашық киінуі, шектен тыс
боянуы, үлкендерді сыйлаудан қалғаны
мені алаңдатады.
-Қыздарға айтар
тілегіңіз, қыз бала тәрбиесәне
ұсыныстарыңыз ба ма?
-Қыз баланың
тәрбиесі – ата-ананың мерейі, бүкіл
ұлттың айнасы. Сондықтан да, қыз өзін
қайда болмасын дұрыс ұстауы керек.
Үлкенмен болсын, кішімен болсын мәдениетті
сөйлеуі шарт. Қызға тән емес қылықтарды
жасамауы қажет. Сонда ғана қыздар
өздерінің ұяңдылығын, инабаттылығын,
сыпайылылығын, салмақтылығын сақтайды
деген ойдамын.
Сонында мейірбикелерден сұхбат алынды. Нәтижесінде қыз балаға ашық-шашық киім кию, арақ ішіп, темекі шегудің зияны түсінікті болды. Медиктерден
27
осы мәселелер жайында көптеген деректер берді.
4-сурет. Мейірбекеден сұхбат алу
Сұхбат:
-Қазіргі қыздар тар киімдер киеді. Сол жайлы не ойлайсыз?
- Тар киім денені қыздырады. Күннің астында ашық жүру гипертермияны туғызады. Сонымен қатар, күн сәулесінің зияны терінің мерзімінен бұрын қартаюына алып келеді. Дәрігерлер тар шалбар мен жабысқан тар кофтаның денсаулықтың бұзылуына бірден-бір себеп болатындығын баса айтады. Мысалы, киімнің ішті қысуынан дем алу барысында диафрагманың толыққанды түсуіне кедергі келтіреді әрі өкпенің гипервентилляциясын туғызады. Өкпенің гипервентилляциясы – бұл шамадан тыс жылдам немесе терең дем алу. Мұндай тыныс алу өз кезегінде бас айналу, әлсіздік, ентігу сияқты және басқа да белгілерді туғызады, қандағы оттегі мен көмірқышқыл газы балансының бұзылуына әкеледі. Тар шалбар киюдің тағы бір жағымсыз салдары – қыжылды тудыру. Оның себебі қысымның әсерінен асқазан қышқылы өңешке көтеріледі. Тар жағалы жейделер мен водолазкалар мойын артериясын қысады және көзішілік қысымды жоғарлатады. Бұл глаукоманың пайда болу себебін туғызады. Глаукома – көздің ішкі қысымының жоғары көтерілуінен болатын созылмалы көз ауруы.
-Қазіргі қыздар темекі тартуға әуес. Бұл олардың денаулығына қандай әсер тигізеді?
- Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам улы заттар: никотин, көмір қышқыл газы, көміртек тотығы, аммиак, шайырлы заттар және 12 000 жуық химиялық қосылыстар болады екен. Оның 196-ы — улы және 14-і наркотик тәріздес. Егер қыз жүктілік кезінде темекі шегетін болса, ерте түсік болуы мүмкін, қан кетеді, сәби іштен жетілмей қалады, баланы аман сақтап қалу екіталай. Ол анадан салмағы аз, аурушаң бала дүниеге келеді. Темекінің құрамындағы улы зат – никотин жүректің тамырларын қатайтады, тарылтады, қан ұйиды, аяғында некроз ұлпалар пайда болады. Өкпенің, тыныс жолдарының қатерлі ісігіне
28
шалдықтырады.
-Ал алкогольді сусындар жайлы не айта аласыз?
-Қазір қазақтың қызы да, әйелі де арақ-шарап ішетін болды. Қазақстан әлем бойынша ішімдікті көп ішетін 188 елдің қатарында 34-ші орында тұр. Елімізде
жарты миллионға жуық адам алкогольді ішімдіктің уысына түсіп, уын ішіп жүр. Бұлардың ортасында әйелдер ойып тұрып орын алады. Әйелдер ерлерге қарағанда арақтың ырқына тез көнеді. Ерлер бес-алты жыл ішкеннен кейін араққа салынып кететін болса, әйелдерге екі-үш жыл жеткілікті екен. Себебі ер адамның ағзасында спиртті ішімдіктің зардаптарынан сақтандыратын ферменттер асқазан мен бауырда болса, әйелдерде тек қана бауырда ғана болады екен. Әйелдердің тез маскүнем болатыны, бірақ өте қиын емделетіні содан болса керек. Маскүнемнің балалары көбіне ауру, кеміс, ақыл-есі кем болып туады екен. Мына статистикаға қараңыз: ішкілікті аз да болса ішетін әйелдердің өмірге әкелетін сәбилерінің 80-90 пайызы әлсіз болады, олар болашақта психикалық қиындықтарға ұшырайды, сөйлеу мүшелерінде кемістік байқалып, терісінде түрлі аурулар болады екен. 40-50 пайызының жыныстық мүшелерінде кемістік байқалып, аяқ-қолының саусақтары қисық болып жаратылады. Ал 20-30 пайызында балалар жүрек ауруына шалдығып, көру қабілеті төмен, 10 пайызының бүйрегі толық жасамайтын күйінде өмірге келеді.
- Сыраны алкогольді ішімдік емес деп адамдар өзін өзі алдайды. Сол жайлы не айта аласыз?
-Сыраны көп ішкен адамның бүйрегі, бауыры, жүйке жүйесі, асқазаны, өт жолдары ауырады. Бауыры, бүйрегі ісініп, адамның іші қампиып кетеді. Одан соң жүрегі ауырады. Сыраның құрамындағы көмірқышқыл газы қан тамырларына күш түсіреді. Қан тамырларына күш түскесін жүректің қызмет етуі нашарлап, еті босап, ісініп, сырты үлбіреп кетеді.
29
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ
қыздары мен қазақ әйелдері, жалпы аналар
әлемі туралы толғанбаған тұлғалар
сирек. Заманның бағыт бағдарына қарай
мақал мәтелдер де түрленіп, өзгеріске
түсіп отырады. «Шешесі отырып, сөйлеген
қыздан безін» деп келе, қыздың жақсысын
іздейді. «Ақылды қыз білімге жүгінер,
ақылсыз қыз сөзге ілігер» деп біледі.
Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын
беріп, қыздарды алтынның сынығына балап
өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның
ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл
бөлген. Ата-бабаларымыз «қызға қырық
үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю»
деген мақалға қаншама ой сыйғызған.
Яғни қыз бала тәрбиесіне тек анасы
жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты
болып отырған.
Ал қазіргі заманда
бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио
мен теледидар, газет-журнал, түрлі
кинофильмдер жан-жақты әсер етуде.
Қазақ қыздарының менталитетіне
қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық,
үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету,
ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттер
кіреді. Тарихқа көз жүгіртсек, Айман,
Құртқа, Назым сияқты қыздарымыз, Домалақ
ана, Айша Бибі сияқты аналарымыз нағыз
қазақ әйелдерінің үлгісі болды. Аналарымыз
«баланы жастан» деп, бала тәрбиесін
құрсақтан бастаған. Ұлжан ана данышпан
Абайды ғұсыл-дәретсіз емізбегені
–адамзаттың баласын тәрбиелегені болып
табылады. Қазіргі қазақ қыздарының
жүріс-тұрысы, өз бойын күтуі, киім киісі,
үлкен-кішіге ұшырамы мүлдем өзгеше.
Жастар тәрбиесінде «ұзын арқан, кең
тұсауға» түсіп кеткені айдан анық. Құрбы
қыздардың арақ ішіп, шылым шегіп, түнгі
клубтардың есігін баққанын көргенде
жаның түршігеді. Осындай әрекеттердің
салдарынан қыздар жүкті болып, онан соң
жасанды түсік жасатып, аналық құқығынан
айырылып жатады. Батыстан бел түзеген
түрлі жағдайлар біздің салт-санамызға
өз әсерін тигізіп отыр. Мәліметтерге
сүйенсек, еліміз бойынша жылына 200 мыңдай
жасанды түсік жасалып, 1643 бала ата-ана
қамқорынсыз қалады екен. Ал тағы да
тарих беттерін парақтасақ, халқымызда,
«жетім, жесір» деген ұғымдар айтылмаған.
Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт
– қыздарға берілетін тәлім тәрбие
арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда
«Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің,
әдептіліктің, сұлулықтың символы ретінде
қолданылады.
Отбасы қоғамның бір
бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы –
әйел адам. Сондықтан да бүгін жалпы
берілетін тәрбиенің ішінен қыз бала
тәрбиесіне байланысты тұстарын бөліп
алғандығы негізгі мақсатым: адамгершілігі
мол, әдепті, инабатты, сыпайы қыздарымызды
тәрбиелеп шығару. Бұл бағыттағы
жұмыстардың көпшілігі ата аналармен
қоян-қолтық араласуды тікелей қажет
етеді.
Ақыл да анадан дариды, дана
да әйелден туады. Қыз бала тәрбиесін
ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі
қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал
жар, балалрының анасы. Олардың бойында
имани тәрбие болғанын қалаймын. Бүгін
ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең
ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана
аналарына айналары сөзсіз. Сөз соңын
Елбасымыздың: «Әйел – бесік иесі. Демек,
әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз
түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміз
толық түзелмейді» деген пікірімен
қорытындылағым келіп отыр. Қаракөздеріміз
бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдылығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшелене білгей.
30
Қазiргi кезде қыз тәрбиесіндегі кемшiлiктердiң болуына ата-аналар да кiнәлi. Ата-ана бала тәрбиесiнде басты рөл атқарады. Күнделiктi тiршiлiктiң соңында жүрiп олар бала тәрбиесiне соның iшiнде қыз бала тәрбиесiне жауапкершiлiктi азайтып алған сияқты. Сондай-ақ қыз бала тәрбиесiнiң төмендеуiне қазiргi көгiлдiр экрандағы көрсетiп жатқан шетел филмдерi де әсер етуде. Осы филмдедерге қазақ қыздары елiктеп өздерiн тым еркiн ұстайды, тiптi кейбiр қыздар ата-анасын сыйламай, оларға қарсы келiп жатады. Әрине бұған себеп тек шетел филмдерi ғана емес, қыздардың әдеби кiтаптардi көп оқымауы, театр, музей, көрме залдарына жйi бармауы.
Ұсыныстар
Ендi осы тәрбиенi жақсарту жолдары:
- жанұяда ұлттық тәлiм-тәрбйе беру мәселелерiн көтеру;
-әрбiр ата-ана өз мiндеттерiн, жауапкершiлiгiн бiлу;
-ата-ана мектеппен, жоғары оқу орындарымен, яғни мұғалiмдермен тығыз байланыста болу керек.
-жанұяда қазақша сөйлеу керек;
-әдепсіз сөз, дөрекі айқай- тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе соған орай дөрекі жауап береді;
-қыз баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін анасы не әжесі тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек;
-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.
31
Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тiзiмi:
1.Ж.Байжанова. Қызым саған айтам. - Алматы, 1990. – 568б
2.К.А.Оразбекова. Иман және инабат. - Алматы, 1993. – 152б.
3.Г.Исаева. Шаңырақ шаттығы. - Алматы, 1992. – 352б.
4.Қазақ қызы: өткені, бүгіні, ертеңі. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Алматы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, 2003. І том, 344 бет
5.Бурбаев Т. Ұлт менталитеті А., 2001. 168 б.
6. Әдебиет
айдыны, газет-2006, 21 қыркүйек.
7. Ана
тілі, газет-2004, 29 шілде.
8. Егемен
Қазақстан, газет-2004, 13 сәуір.
9. Таң-шолпан,
журнал-2002, №3.
10. Қазақ
әдебиеті, газет-2004, 19 наурыз.
11. Егемен
Қазақстан, газет-2004, 2 қараша.
12. Түркістан,
газет-2002, 7 наурыз.
13. Жас
Алаш, газет-2000, 1 тамыз.
14.Ж.Қоянбаев,Р.Қоянбаев.
Педагогика.-Алматы, 1998, 2000.
15.
Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы,1999.
16.
С.Қалиев, Ш.Майғаранова, Г.Нысанбаева,
А.Бейсенбаева. Оқушылардың тұлғалық
қасиеттерін дамытудық педагогикалық
негіздері. - Алматы, 2001.
17.
А.С.Макаренко. Тәрбие мақсаты. – М
1958.
18.
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы
балалардың тәрбие тұжырымдамасы. –
А,1995.
19. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, «Мектеп», 1974.
20. Меңжанова А.К. Балаларды көркем шығармалар арқылы адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу – Алматы: Рауан, 1991.
21.«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»президент Н.Ә. Назарбаев

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген