400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба "Сахнадағы әдебиет туындылары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мұғалімдерге де, оқушыларға берер пайдасы мол. БҚО-дағы театр сахналарында көрсетілген әдеби туындылар туралы баяндалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

Теректі ауданы Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі









Тақырыбы:


«Сахнадағы әдебиет туындылары»


(ғылыми жоба)









Орындаған:

Құрманбаева Қарылғаш Құрманбайқызы

«Қазақ тілі мен әдебиеті»

пәнінің мұғалімі












Орал – 2019



Зерттеу жұмысының мақсаты: Өзіміз шама-шарқымыз жетіп сахнада ойнаған, өз басымыздан кешкен, актерлық жүректен өткізген, режиссерлық тұрғыдан зерделеген тәжірибемізді, өз халқымыздың һәм өзге ұлттардың ғалым-теоретиктерінің пайым-тұжырымдарын басшылыққа ала отырып болжау, сахнадағы сөз сиқырын саралау.

Зерттеудің міндеттері:

- ұлттық театрдың алғашқы қойылымдарындағы драма, пьесалардың алатын орны мен атқаратын ролін анықтап, сахна өнерінің жалпы даму процесіне тигізер әсерін зерделеу;

- бүгінгі театрдағы дәстүрлі шешендік өнердің жекеленген сипат белгілері мен көріністерінің ықпалын, және оның сахнада орнығуының теориялық ұстанымдарын ажырату.

Зерттеу құрылымы. Кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер және қосымшадан тұрады.

















Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Оралда қазақ театры 1934 жылы ашылған, онда қазақтың тұңғыш режиссері Жұмат Шанин, атақты ақын Қасым Аманжолов еңбек еткен. 1948 жылы Оралдың қазақ музыкалық драма театры жабылып, әртістері қазіргі Атырауға ауыстырылған. Тек еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Оралға театр қайта оралған екен.

1993 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай ең алғаш рет Мұхтар Әуезовтің «Қаракөз» трагедиясымен ашылған киелі шаңырақтың өнер жолында жеткен биігі, көзайым көрерменнен алған бағасы бір төбе.

Жыл сайын театрдың жаңа маусымы «Махамбет» спектаклімен ашылуы дәстүрге айналған. Мұның басты себебі Махамбет бабаның аруағына табыну, екіншіден, аруақтан аттап кетпеу. Мысалы, Мәскеу театры дәстүрлі маусымын Антон Чеховтың «Чайкасымен» ашып келеді екен өмір бойына. Театрдың репертуарындағы негізгі екі үлкен қойылым «Махамбет» пен «Құрманғазы».

Батыс Қазақстан Облыстық Орыс Драма Театры (А.Н. Островский атындағы), 1859 жылы Орал қаласында ашылған. Ғимараты 1858 жылы тұрғызылған. Театр труппасы 1859 жылы күзде А.Н. Островскийдің “Кедейлік кемістік емес” атты комедиясымен шымылдық ашқан. Алғашқы кезде труппада әуесқой актерлар ойнаған. 1890 жылдан бастап кәсіби театрға айналған. Қазан төңкерісінен кейін театр заман талабына сәйкес қайта құрылған. Оның сахнасында орыс классикалық драматургиясы туындыларымен қатар кеңес драматургтары А.Н. Афиногеновтің, В.Н. Билль-Белоцерковскийдің, В.В. Вишневскийдің, Н.Ф. Погодиннің, К.А. Треневтің шығармалары, сондай-ақ, шет ел әдебиетінен Ф. Шиллердің “Қарақшылары”, “Зұлымдық пен махаббаты”, Лопе де Веганың “Қой бастауы”, тағы басқа туындылар қойылған. Театрда әр жылдары Қазақстанның халық әртісі Н.К. Ангаров, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі З.М. Акимова, т.б. өнер көрсетті. Режиссерлер Ресейдің еңбек сіңірген әртісі В.К. Данилов пен П.П. Поддубный қызмет еткен. 1960 жылы театрға белгілі орыс драматургі А.Н. Островскийдің есімі берілді. XX ғасырдың 60-жылдарынан кейін театр сахнасында Островскийдің “Жылтырағанмен жылытпайдысы”, “Жазықсыз жапа шеккендері”, Чеховтың “Ваня ағайы” мен “Шағаласы” Н.С. Лесковтың “Мценск уезінің леди Макбеті”, А.М. Горькийдің “Васса Железновасы”, М.А. Шолоховтың “Көтерілген тыңы”, Ғ. Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлуы”, С. Мұқановтың “Шоқан Уәлихановы” мен “Ботагөзі”, С. Жүнісовтің “Ажар мен ажалы”, У. Шекспирдің “Ричард ІІІ-сі”, Т. Уильямстің “Үміт трамвайы”, Б. Нушичтің “Философия докторы”, Э. де Филиппоның “Филумена Мартуроносы”, т.б. драмалық шығармалар қойылған.















Қос театр тарихына шолу

1997 жылы осы театрға бас режиссер болып келіп, алты айлап жарықсыз, жылусыз жұмыс істеп, тоқыраулы жылдарда да театрдың тұралап қалмауына ерен еңбек еткен режиссер, кино және театр актері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР-ның еңбек сіңірген артисі Сердеш Қажымұратовтың еңбегі зор. Дәстүрлі бағытта жұмыс істейтін режиссер соңғы жылдары Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілер», С.Балғабаевтың «Қыз 20-ға толғанда», Д.Исабековтің «Әпке» қойылымдарын қойған. Сердештің қойылымдарынан заманауи режиссерлік әдіс-тәсілдерді таппайсыз, ол театр бағытын өзгертуге не көрермен талғамын басқа бір жаңа арнаға бұруға талпынбаған. Есесіне театрға келген адам отбасылық құндылықтарды насихаттаған, қазақы болмысын жоғалтпаған, өмірдегі қарама-қайшылықтарды қарапайым ғана түсінікті тілмен жеткізетін дәстүрлі дүниелерге куә болған.

Бұдан кейін Орал театрының кәсіби өнер ордасы атануына режиссер, ҚР еңбек сіңірген артисі Мұрат Ахманов та ерекше үлес қосқан. Ол бас режиссер болған 2001-2006 жылдары театрда Т.Ахтановтың «Ант», Шекспирдің «Ромео мен Джульетта», Х.Ерғалиевтің «Құрманғазы», Р.Отарбаевтың «Сырым батыр», Иран-Ғайыптың «Қорқыт», «Махамбет» сынды көлемді полотнолары қойылды.

Көрерменнің іздеп келіп қарайтын сүйікті қойылымдар авторлары атанған талантты режиссерлар Асхат Маемиров (1997-2009 ж.ж.) пен Мұқанғали Томанов. Асхат Маемиров бір ғана «Зоопарк» қойылымымен талай бәйгеде топ жарған. Оның «Қара шекпен» (Г.Хугаев), «Қасірет драмасы» (Е.Аманшаев), «Махаббат жағалауы» (М.Байджиев), «Ғашықсыз ғасыр» (С.Балғабаев) қойылымдарында бүгінгі күннің әңгімесі, адам жанының өзекті мәселелері шебер қиысқан.

Ал 2006 жылдан бергі театрдың бас режиссері Мұқанғали Томанов – жыл сайын екі-үш жаңа премьераларымен театр қоржынын байытып, өндіріп жұмыс істеп келе жатқан режиссер екен. Оның режиссурасындағы А.Камюдің «Калигула», Р.Кунидің «№13», И.Шприцтің «Кентавр мен қыз», М.Ғапаров «Ешқайда апармайтын жол», Г.Хугаевтың «Қиқарлар», Б.Шоудың «Адам арбайтын үй», М.Ладоның «Болмаған оқиға», Т.Жүженоғлының «Көшкін», Г.Гориннің «Атың өшсін, Герострат!..» қойылымдары – репертуарға қосылған керек тақырып, әрі тың шешімдерімен ерекшеленеді.

Күні бүгінге дейін театрда 100-ден астам қойылым сахналанған. Соңғы жылдары С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр», Д.Исабековтің «Әпке», Т.Жуженоғылының «Көшкін», А.Цагарелидің «Ханума», А.Чеховтың «Бәстесу», Г.Гориннің «Атың өшсін, Герострат», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», Ж.Шевренің «Күтпеген қайырымдылық» туындылары қойылған.













Театрдың әдебиет туындыларын сахналаудағы жетістіктері

2003 жыл ЮНЕСКО шеңберінде батыр, ақын Махамбеттің 200 жылдық мерейтойы тойланған. Осы қасиетті есімге арналған ХІ республикалық театрлар фестивалі батырдың қаны тамып, арғымағы адырларын аттаған Ақ Жайық жерінде өтетін болып шешілген. Орал театры бұл додаға белгілі драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Иран-Ғайыптың «Махамбет» трагедиясымен (режиссері Мұрат Ахманов) қатысып, І орынды жеңіп алған.

2005 жылы Каир қаласында өткен VІ Дүниежүзілік театрлар фестиваліне жолдама алған. Өнер ордасы эксперименттік бағыттағы бұл фестивальда Иран-Ғайыптың «Қорқыт» қойылымын (режиссері Қуандық Қасымов) апарып, абыройлы оралған.

2008 жылы Ақтаудағы ХVІ өнер бәйгесінде А.Камюдің «Калигула» қойылымы (реж. М.Томанов) «Ең үздік дебют» атанып, театр артисі Қуаныш Амандықов Калигула ролі үшін «Ең үздік ер адам бейнесі» жүлдесін жеңіп алған.

Осы жылы театрда балаларға арналған кіші зал ашылған.. Қазірде театр репертуарында «Қошқар мен теке», «Шректің басынан кешкендері», «Капитан-қасқыр», «Мүйізтұмсық пен керік» сынды жиырмаға жуық ертегі жүреді.

2009 жылы АҚШ-тың Риджфилд қаласында өткен М.Чехов атындағы халықаралық театр фестивалінде Қазақстан атынан тұңғыш рет Э.Олбидің «Зоопарк» психологиялық драмасы (режиссері А.Маемиров) қатысып, «Ең үздік қойылым» ретінде фестиваль лауреаты атанған. 2010 жылы осы қойылым Алматы қаласында өткен Орталық Азия елдерінің ІІІ Халықаралық театрлар фестиваліне қатысып, театр артисі Данияр Базарқұлов «Ең үздік ер адам бейнесі» жүлдесін жеңіп алған.

2011 жылы театр Қырғызстан халық суретшісі, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері Маратбек Шарафидиновтің 60 жылдық мерейтойына орай Бішкекте өткен халықаралық театрлар фестиваліне барып қайтқан. Өнер ұжымы Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясын (реж. Қ.Қасымов) қойып, театр директоры Құжырғали Төлеуішев пен актер Боранбай Молдабаевқа «Қырғыз Республикасының өнер қайраткері» төсбелгісі табыс етілген.

2012 жылдың қыркүйегінде Оралда КСРО және Қазақ КСР-інің Халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Халық Қаһарманы Ә.Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХ республикалық фестивалі өткен. Ақ Жайықта екінші рет ұйымдастырылып отырған өнер додасында театр ұжымы Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» этно-символикалық драмасымен (реж. Қ.Қасымов) қатысып, Х.Бөкеева атындағы арнайы сыйлықты иеленген. Сондай-ақ театр актрисасы, ҚР мәдениет қайраткері Бибігүл Исалиева осы қойылымдағы Қамқа ролі үшін «Екінші пландағы үздік актриса» сыйлығын жеңіп алған.

2012 жылдың қазан айында Қостанайда өткен І.Омаровтың 100 жылдығына арналған республикалық театрлар фестиваліне Г.Гориннің «Атың өшсін, Герострат!..» трагикомедиясымен (ауд. Қ.Төлеуішев, реж. М.Томанов) қатысып, 7 аталым бойынша жеңімпаз атанған. «Әлемдік драматургияны үздік аударғаны үшін» (театр директоры Қ.Төлеуішев), «Ең үздік режиссерлік жұмыс» (бас режиссер М.Томанов), «Ең үздік ер рөлі» (арт. Б.Өтеғалиев, Е.Есендосов, М.Бектенов), «Ең үздік әйел рөлі» (арт. Т.Мүтиғуллина), «Ең үздік эпизодтық кейіпкер» (арт. Т.Жігеров) жүлделеріне ие болған.

2013 жылы өнер ордасы Театр қайраткерлері одағының 50 жылдығына орай ұйымдастырылған шаралар аясында Г.Гориннің «Атың өшсін, Герострат!..» трагикомедиясын – Алматыда және Астана қаласының 15 жылдығына орай ұйымдастырылған «Сахнадан сәлем!» атты республикалық театрлардың фестиваль-көрсетілімінде Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» қойылымымен елордада өнер көрсеткен.

Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры Еврипидтің «Троя арулары» трагедиясын, ал А.Островский атындағы драма театр Жан Батист Мольердің «Лекарь поневоле» комедиясын сахналаған. Қос классикалық шығарманы да елордалық көрермен ыстық ықыласпен қабылдаған.

«Троя арулары» - Орал театрының олжалы қойылымдарының бірі. Осы шығармамен өнер ұжымы шетелдегі екі халықаралық фестивальға қатысып, екеуінде де Бас жүлде мен «Үздік режиссер», «Үздік әйел бейнесі» аталымдарын жеңіп алған. Оның бірі Қырымда өткен «Боспорские агоны-2015» антикалық өнер фестивалі, екіншісі Македониядағы «Стоби-2016» өнер бәйгесі. Бұл жолы да көрермен актерлердің тамаша ойынына тәнті болып, Тілектес Мейрамов секілді театр тарландары туындыға жоғары баға берген. Шығарманы аударған ақын Қайрат Жұмағалиев.



«Қара шекпен» шығармасының қойылымы

Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығының жанынан құрылған «Дат» театры осетин драматургы Георгий Хугаевтың шығармасы бойынша «Қара шекпен» әфсанасын ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында қойған.

Аталмыш спектакльде қашанда адамның досы саналатын иттен бастап аңдар түрлі іс-әрекеттерімен көрінеді. Мұның терең астары да жоқ емес. Яғни олардың іс-қимылдарынан адамдардың кей қылықтары қылаң береді. Кәсіби актерлер емес, аудандағы түрлі салада қызмет ететін адамдар ойнайтын қойылым барынша әсерлі шыққан. Шопанды аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Мәулет Жұбатов бейнелесе, Тұзар мен Көкшуланды журналистер Әділет Орынбасаров пен Күлімхан Тасенова шығарған. Ал әнші Таңат Жексенбаев Көкжал кейпінде көрінген. Қойылымнан кейін Теректі ауданының әкімі Мұрат Мұқаев пен облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов ауыл әртістеріне ризашылықтарын білдірген. . Бұл - «Дат» театрының сахнаға шығарған алғашқы қойылымы. Айта кетсем, Г.Хугаевтың аталмыш шығармасын кезінде Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының директоры қызметін атқарған, қазір зейнеттегі Құжырғали Төлеуішев аударған болатын. Оны режиссер Асхат Маемиров әуелі БҚО театрында, содан кейін Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрында қойған.



«Мұқағали, Нұрғиса» драмасының қойылымы

Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының сахнасында Нартай Сауданбекұлының «Мұқағали, Нұрғиса» драмасының қойылымын тамашаладым.

Мұқағали қазақтың поэзия ақыны, Нұрғиса композиторы екенін бұрыннан білетінмін. Осы драманы көргенде олар туралы көп мәлімет білгім келді. Сол себепті осы драманы зерттеуге кірістім.

Зерттеу барысында білген мәліметтерім:

Қойылымның кейіпкерлері – қазақтың аңызға айналған қос тұлғасы композитор Нұрғиса Тілендиев пен ақын Мұқағали Мақатаев. Пьеса авторы Нартай Сауданбекұлы бұл шығарманы ерекше тебіреніспен жазған.

Шығармаға ақын өмірінің соңғы күндері, қаламгер мен сазгердің шығармашылық тандемі, «Құстар қайтып барады», «Саржайлау», «Есіңе мені алғайсың...» әндерінің шығу тарихы өзек болған. Басты рөлдерді Орал театрының танымал тарландары – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сердеш Қажымұратов (Нұрғиса) пен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер Ербол Есендосов сомдаған. Драмада сазгердің жары Дариғаны сомдаған Ақмарал Амандықова мен Мұқағали жырын жатқа соғатын Салауат Түменовтің ойыны да ерекше қанық, нанымды шыққан. Қазақтың маңдайына біткен ұлы тұлғалардың өмірі, тағдыры көз алдыма келгендей болды. Осы көріністі әсерлі жеткізген актерлардың шеберлігіне ризамын.



Қорытынды

Қорытындылай келе, Батыс Қазақстан облысындағы қазақ драма театрының еңбегін барша қазақ және әлем танығанын айтқым келеді. Театрдың алған жетістіктері өте көп. Бұл жетістіктері арқылы олардың сахнаны, өнерді қалай қадірлейтінін көруге болады. Олар қазақ елінің өнерін бүкіл әлемге паш етті. Драма театрдағы актерлердің туындыларды сахналаудағы рөлін көрермен өте жақсы бағалайтынына сенімім мол. Мен де қазақ және әлем әдебиетінің туындысын сахналауды, соның ішінде өзімнің туған жерім Батыс Қазақстан облысының театрларының қойылымдарын сіздерге таныстыруымның өзі әдебиет пен өнерге қосқан үлесім деп ойлаймын. Мен де, Қазақстан елінің азаматы ретінде әдебиет туындыларының сахналануына үлес қосқым келеді.



Ұсыныс: Еліміздің әдебиет туындыларын сахналау және көрерменге ұсыну мақсатында мектепте немесе театрларда шағын үйірме ашылуы.

















Қосымша

Бейімбет Майлиннің туғанына 95 жыл толуына орай Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Үш бәйтерек, үш тағдыр» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Кеш барысында 9-10-11-сыныптар үш бәйтерек шығармаларына сахналық қойылым көрсетті.













Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Құндақбайұлы Б. Заман және театр өнері. – Алматы: Өнер, 2001 – 520

б.

  1. Мастерство режиссера. I-V курсы: учебное пособие. – М.: Российский

институт театрального искусства – ГИТИС, 2016. – 392 с.

  1. Қазақ театрының тарихы.– Алматы: Ғылым, 1975. – Т.1. – 398 б.

  2. Қазақ театрының тарихы.– Алматы: Ғылым, 1978. –Т.2. – 429 б.

  3. Кундакбаев Б. Путь театра. Путь театра (Каз. акад.театру драмы им. М. Ауэзова – 50 лет). – Алма-Ата: Жалын, 1976. – 264 с.

  4. Құндақбаев Б. Уақыт және театр: Зерттеулер мен мақалалар. –

Алматы: Өнер, 1981. – 328 б.

  1. Құндақбайұлы Б. Театр туралы толғаныстар. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2006. – 320 б.

  2. Нұрсұлтан Е. Қазақ сахнасындағы «Гамлет» трагедиясын интерпретациялаудағы жаңа тенденциялар // «ХХ-ХХІ ғасырдың басындағы өнертанудың мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы: ҚазҰӨА, 2016. – 462 б.

  1. Жақсылықова М. Қазақ кәсіби актерлік өнерінің даму ерекшеліктері: Зерттеулер, мақалалар. – Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; Дәстүр, 2014. – 384 б.

  2. Тұранқұлова Д. Сахна тілі: оқу құралы. – Алматы: Білім, 2011. – 264 б.

  3. Еркебай А. Оралға Ромео мен Джульетта келді // Ана тілі. - 2007,

тамыз – 23.

























8


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
458
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі