Ғылыми жоба Салт-дәстүрлердің психологиялық сипаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба Салт-дәстүрлердің психологиялық сипаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жұмыста берілген ақпараттар салт-дәстүр туралы тәрбие сағатына, немесе мақала жазуда керек деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Абай облысы білім басқармасының

Семей қаласы білім бөлімі» ММ







Тақырыбы: «Салт-дәстүрлердің психологиялық сипаты»



















Семей

2022-2023 оқу жыл



Мазмұны



КІРІСПЕ..................................................................................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ. САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘНІ ............4-9

ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ.............................................................................10-11

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................12

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................................................13






Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қалыптастырды және оларды қатаң ұстады. Тек қазақ халқы ғана емес, дүниежүзіндегі әр ұлт уақыт өте келе ғұрып-дәстүрлерін өмір заңына айналдырды. Қазақтың салт-дәстүрі – қазіргі әлемдік бәсекелестік пен жаһандану заманында қазақтың ұлт ретінде сақталуын, өркендеуі мен дамуын қамтамасыз ететін бірден-бір құрал. Яғни, қазақты қазақ ететін қарудың бірі – салт-дәстүрлеріміз.

Ғылыми жобамда салт-дәстүрлердің теориялық жағына ғана емес, практикалық тұсына да назар аудардым. Осы тұрғыдан келгенде таңдап алынған тақырыпты өзекті деп санаймын.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер оқушы қауым салт-дәстүрлердің мәнін ғана емес, психологиялық-медициналық жағынан маңызын түсініп, қорытынды шығарса, болашақта Қазақстанның ары қарай дамуына үлес қосады деген сенімдемін.

Зерттеу міндеттері:

  1. Оқушыларды салт-дәстүрлермен таныстырып, қай кезде, қалай орындалатынына талдау жасау;

  2. Кейбір салт-дәстүрлердің психологиялық мәнін түсіндіру, ұлттық таным-түсінік тұрғысынан пайымдау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  1. Салт-дәстүрлерге анықтама берілді, ұлттық таным-түсінік жағынан сипатталды;

  2. Салт-дәстүрлер психологиялық-медициналық тұрғыдан талданды.





НЕГІЗГІ БӨЛІМ. САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘНІ

Сүйінші (салт). Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші, сүйінші!» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі: «қалағаныңды ал», - дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. [1;169]

Психологиялық мәні. Сүйінші сұрау – құндылықтарды мойындау, тарату мен көбейтудің, қуанышты бөлісудің, оның «жұғуы» мен таралуын қамтамасыз ететін құбылыс. Хабар сүйсініп қабыл алынады, «сүйсініп естідім» деп ниетін білдіреді. Сүйінші арқылы жақсы хабардың маңыздылығы айқындалады. Сонымен қатар адамның қатынасы анықталады. [2;230]

Сүйіншіге ұқсас қазақ халқының тағы бір салты – көрімдік.

Көрімдік (салт). Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға, тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Бір отбасындағы қуанышты хабарға өзгелердің ортақ екенін білдіретін, функционалдық қызметі жағынан мәні бар сүйінші мен көрімдіктің уақыт деңгейінде және мазмұнына қатысты кішігірім айырмашылықтары бар. Көрімдік беру – сүйсініп естіген жақсы хабардың себепшісін өз көзімен көргенде оны мойындап, қуанышын сыйлы дүние арқылы көрсетуі. Қуаныштың себепшісін көзбен көріп, қолмен ұстап, оны толық мойындауға нүкте қоюды білдіреді. Көрімдік арқылы оны берген адам осы қуаныштың өзіне де жұғысты болғанын қалап, қуаныштың «жұрнағын» «сатып алу» арқылы өз отбасында да жақсы болуынан үміт еткен. [2;230-231]

Жоғарыдағы үзіндіден көрімдіктен басқа тағы бір қазақтың салты – шашуды көріп тұрмыз. Ұлтымыздың дағдысы бойынша, қуанышты жаңалықтың себепшісін көруге келген адам алдымен шашуын шашып, одан кейін ғана көрімдігін берген.

Шашу (ғұрып). Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Шашуға қарапайым құрт-ірімшіктен бастап, күміс теңге, алтын ділдәға дейін шашылады. Шашылған шашуды тойға келгендер теріп алып, ырымдап балаларына апарып береді.

Психологиялық мәні. Алдымен, шашу арқылы қазақ жақсылық жаршысына өз қатынасын білдірген. Шашу ретінде жылы-жұмсағы мен бар тәттісін, күмісі мен алтынын, яғни құнды заттарын шашады, оны жиналған қауым жиып-теріп алады. Бұл жерден көретініміз, жақсылық көп болсын, жұғысты болсынға сайса, екінші жағынан өмірге құлшыныс пен өміршеңдік артсын, жұқсын деген халықтың сенімі жатыр. [2;244]

Халқымыздың бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтпаған дәстүрінің бірі – бата беру.

Бата (бата беру, бата алу), (дәстүр). «Батамен ел көгерер» (мақал). Ақ тілеудің белгісі – бата. Ол кез-келген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ең жақсысын халық «ақ бата» деп қастерлейді. Батаның бірнеше түрлері бар. [1;107]

Психологиялық мәні. Адам түрлі бастамалар мен адам өміріндегі әр-қилы жағдайларда демеу, қолдауға зәру болады. Бұндай кезде «жақсы сөз – жарым ырыс». Батаның психологиялық мәні сенім мен бойдағы күшті еселеуге бағытталған. Позитивті психологиядағы позитивті ойлаудан қазақтың батасының ерекшелігі бар. Бата өмірін мәнді өткізген, ниеті түзулігі арқылы сыйлы адамдардан, немесе жолаушы қонақтардан, жалпы болып-толған немесе ниеті таза кісілерден сұралған. Сонымен бірге, батаны көп жасаған қариялардан, ата мен әкеден сұраған. Бұдан баланың тіршілік етуі мен өмір сүруі барысында өз тамырына сүйенгенін, тамырсыз діңгектің қатаймайтынына халқымыздың нық сенімін көреміз. [2;233]

Қазақ ұлтының тағы бір әдемі дәстүрі – сарқыт сұрау. Сарқыт сұрау салты өзімізге жақсы таныс той-мейрамдардан ата-әжелеріміз әкелетін сарқыттан айырмашылығы бар.

Сарқыт сұрау. Қазақта, көп жасап, көпті көрген беделді ақсақалдар мен қадірменді әжелерден, сондай-ақ, көсемдер мен шешендерден, ақындар мен батырлардан, әншілер мен күйшілерден ұрпақтарымызға шарапаты тиіп, өнерлері дарысын, немесе біз де сол кісілердей ел құрметіне бөленген жақсы адам болайық деген ниетпен «сарқыт» сұрайтын әдет бар. Мысалы, балаларым осы кісі сияқты өнер-білімді, үлгі-тағылымды болса екен деген біреу, ас ішіп отырған әлгі ақсақалдан немесе өнерпаздан: «балама сарқытыңызды беріңіз, сіз секілді өнегелі болып өссін» деп, оның сарқытын сұрайды.

Психологиялық мәні. Сарқыт беру халқымыздың маңызды құндылықтарына және өмірдің мәніне назар аудартады. Сарқыт беру көрінгеннің маңдайына бұйыра бермейді, оны өніп-өскен, өмірінде сыйлы, құрметті, халық иойындаған адам береді. Яғни, қазақ үшін басты құндылық – сарқыт беретін адамның ғұмырындай әрбір ғұмырдың мәнді, сыйлы, ұзақ, мойындалған, барынша мағынаға толы болуы. Сонымен бірге, өз ұрпағының көп жасауын, көпті көрген, беделді болғанын, көсемдер мен шешендердің, ақындар мен батырлардың, әншілер мен күйшілердің көп болып, халықтың майдаланбай, ұсақталмауын тілеуін сарқыт арқылы жүзеге асырған. [2;232]

Сәби дүниеге келгенде маңызды дәстүрдің бірі – бесік жыры.

Бесік жыры (салт).

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем!

Жылама, бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін,

Байқұтанның құйрығын

Жіпке тағып берейін...

Сәби тәрбиесі мен мінез-құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны мүлде бөлек. Ол баланың көкірек көзін ашады, жан - жүйесін тербейді, сезімін сергітеді, көңіл - күйін көтереді. Есейе келе өнерге, сөз өнеріне бейімделеді. Бесік жырында ұлттық тәрбиенің үздік үлгісі жатыр. [1;66]

Бесік жырларын мазмұны мен поэтикалық құрылымына қарай дәстүрлі бесік жырлары және суырып салма бесік жырлары деп екі топқа бөлуге болады. [2;37] Әдетте, бесік жыры дәстүрлі түрде бәрімізге белгілі «Әлди, әлди, ақ бөпем» деген жолдардан басталады.

Психологиялық мәні. Баланың болашағы оның балалық шағы қалай өткендігіне тікелей байланысты екенін ғылым дәлелдеген. Бала психологиясында бесік жыры баланың 1,5-2 жасқа дейінгі тіл табысу мен шүйіркелесудің ең алғашқы және жалғыз нысаны ретінде танылса, 3-4 жасқа дейін ана мен баланың қарым-қатынасындағы ерекше орынды иеленуін жалғастырады. Физиологиялық тұрғыдан алсақ, зерттеушілер адамның сәби кезінде миының сол жақ сыңарының функциясы тілді меңгеру арқылы қалыптасатынын анықтаған. Бесік жырының ритмика, рифма, ассонанс, ассоциация сияқты құрамдас бөліктері мидың жүйелі түрде қызмет етуіне әсер етеді. Сондықтан, бесік жыры сәбидің тілді меңгеруін, оның миының дамуының алғышарты екені ғылымда дәлелденген.

Бесік жыры – ананың сәби бойындағы үрейді, мазасыздықты басып, өз мейірімін оның мүмкіндіктеріне сай әуезді тілімен беруі. Өз сезімін жылау арқылы әлемге жеткізген сәби дауысына анасы әуезді әуенмен үн қатса, бала өз үнінің маңызды екенін бойына сіңіреді. [2;39]

Қазақ халқында адам қайтыс болған кезде орындалатын салт- дәстүрлердің орны бір төбе. Соның бірі - «ой бауырымдау» кейде дауыс шығарып келу деп те аталады. Дауыс шығарып келу – қазақтың өлік жөнелту салтындағы аза тұту, қайғыру жосыны. Қайтыс болған адамның жақын туыстарына көңіл айтуға келген ағайын-туыс, ауыл-аймақ, таныс-біліс адамдар үй маңына жеткенде ат-көлігін қалдырып, «ой, бауырымдап!» дауыстай жылап келеді. Қазіргі кезде ер адамның бұлайша дауыс қылып келу салты негізінен оңтүстік және Жетісу өңірінде сақталған. «Ой, бауырымдау» әйел адам қайтыс болса көп қолданылмайды.

Психологиялық мәні. Жақыны қайтқанда адамның бойында шок, есеңгіреу, сең соққандай болу сияқты психологиялық үрдістер болады. Табиғи болғанымен адам денсаулығы мен әл-ауқаты үшін кері әсерін тигізетін деструктивті үрдістердің ұзаққа созылмауының бірден-бір жолы – іштегіні шығару. Сырттан келгеннің бауырымдап келуі – қазаға қайғырып отырған жақын адамның жүрегін жібітіп, бойдағы деструктивті үрдістердің жас арқылы шығуына ықпал етеді. [2;200]. Бұдан шығатын қорытынды, дауыс шығару, біріншіден, қайғыны іште сақтап қалмай сыртқа шығаруды білдірсе, екіншіден, қайғырып отырған адамдардың жалғыз емес екендігін білдіртеді.

Арыздасу (ғұрып). Бұл өмірден өтіп бара жатқан адам соңғы сағатында туған-туысқандарымен, бала-шағасымен соңғы рет тілдесіп, олармен қоштасады. Қатесі болса кешу сұрайды. Өсиетін, арманын айтады. Арыздасу – тірі адамның соңғы тілдесуі, ақырғы сөзі. [1;262]

Психологиялық мәні. Арыздасу арқылы психологиялық тұрғғыдан ажал құшағында жатқан адам мен оның артында қалған адамдарға қатысты бірнеше фундаментальді мәселелер шешіледі. Біріншіден, «Арыздасу» көп айтыла бермейтін, бірақ «Ар ісі» деген ұғымнан шыққан салт» деп айтылды. Арыздасу арқылы адам өз өміріне көз жүгіртеді. Ар-ұятымен қатынасқа түсіп, сүрген өмірінің мән-мағынасы мәселесімен кездеседі. Екіншіден, ажал құшағында жатқан адам артында қалып бара жатқан жақындарымен қош айтысуына мүмкіндік беріледі. Арыздасып үлгерген адам қара жамылу барысында, қайтыс болған адамның өсиеті мен қоштасу барысындағы әрекеті мен сөздеріне сүйеніп, қайғыдан тезірек айығады. Үшіншіден, арыздасу арқылы атадан балға отбасылық және рухани құндылықтар берілуі жалғасады. Яғни, арыздасу барысында қалған өсиет арқылы қайтыс болған адамның өзі өлгенімен құндылықтары балалары арқылы жалғасын табады. [2;181-182]

Қаза ғұрыптарының ішінде маңызды салт-дәстүрдің бірі – жоқтау.

Жоқтау (салт). Жоқтау – аза ғұрпын көтере түсетін, қайғыны басатын, қазаға аса лайықты қаралы салттың бірегей түрі. Қайтыс болған адамның жақсылығын, елге істеген қызметін, жақсы қасиеттерін паш ететін тұрмыс-салт дәстүрі, жыры, зарлы өлең. [1;265]

Жоқтау кейде дауыс шығару, дауыс айту деп те аталаы.

Психологиялық мәні. Жалпы алғанда, қайтыс болған адам мен артында қалған адамдарды өмір байланыстырады. Осы өмірлік байланыстың үзілуін мойындау – тек жоқтау арқылы жүзеге асады. Сонымен бірге, психологияда жан тапсырған адам артында қалған адамдардан өзі кетпегендіктен, қаза болған кезде, қайтыс болған адамнан артында қалған адамы өзі кетуі керек. Жоқтау айтудың психологиядағы маңызы зор, себебі, тек жоқтау арқылы адам қайтыс болған адамның енді бұл өмірде жоқ екендігін ұғынып, жоқтығын мойындай бастайды. [2;190-191]

Қазақ ғұрпында қайтыс болған кісінің артынан қайғырып, жоқтау айтылса, жоқтаудың артынан тоқтау айтылған. Қазақ халқы жылағанды жұбатып, мұңайғанның көңілін көтеріп, сергітіп, оларды қайғы-қасіреттен айықтыруды өздерінің адамдық және азаматтық парызы санайды. Сондықтан да, жылап-сықтап, қайғы-қасірет шеккендерді көргенде жаны ашып, оларға қолдарынан келгенше қолдау көрсетеді. Әсіресе, өлім-жітім жағдайында қабырғалары сөгіле жылағандарға әлсін-әлсін «тоқтау қылыңдар, қайрат қылыңдар» деп, жылауын тоқтатып, жұбатып отырады.

Психологиялық мәні. Тоқтауды адамның өзінен бұрын өзгенің айтқаны дұрыс. Бойын мұң торлаған адам бар күшін мұңмен күреске арнайды. [2;196] Осы тұста, тоқтау айту – қайғы жамылған адамның мұңнан арылуына, ары қарай өмірін жалғастыруға себепкер болды.

Практикалық бөлім

1. Салт-дәстүрді қаншалықты білесің?

а) жақсы ә) орташа б) білмеймін/жауап беруге қиналамын

2. Салт-дәстүр біздің болашағымызға керек пе?

а)иә ә) жоқ б) жауап беруге қиналамын

3. Салт-дәстүрлер туралы ақпаратты қайдан аласың?

а)үйден ә) мектептен б) кітаптан/ғаламтордан

4. Қалай ойлайсың, салт-дәстүр мектепте жеке пән ретінде оқытылуы керек пе?

а)иә ә) жоқ б) жауап беруге қиналамын

5. Салт-дәстүрлер адамның денсаулығына (психологиясына) әсер ете ме?

а)иә ә) жоқ б) жауап беруге қиналамын

Сауалнамаға 11 сыныптан 10 оқушы қатысты. «Салт-дәстүрді қаншалықты білесің?» деген сұраққа 8 оқушы «орташа», 2 оқушы «жақсы» деп жауап берді.

«Салт-дәстүр біздің болашағымызға керек пе?» деген сауалға 9 оқушы «иә» деп жауап берді.

«Салт-дәстүрлер туралы ақпаратты қайдан аласың?» деген сұраққа 5 оқушы үйден, 3 оқушы кітаптан не ғаламтордан алатынын айтты.

«Қалай ойлайсың, салт-дәстүр мектепте жеке пән ретінде оқытылуы керек пе?» деген сұраққа 7 оқушы «иә» деп жауап берді.

«Салт-дәстүрлер адамның денсаулығына, психикасына әсер ете ме?» деген сұраққа 6 оқушы «жоқ», 2 оқушы «иә» деп жауап берді.

Сауалнама қорытындысы: оқушылар салт-дәстүрдің маңыздылығын, қажеттігін түсінеді, бірақ практикалық тұрғыдан (медициналық, психологиялық маңызы) білімдері жеткіліксіз, салт-дәстүрге қызығушылықтары бар, және жеке пән ретінде оқығылары келеді.

Сауалнама қорытындысы бойынша менің ұсынысым:

  • Мектепте салт-дәстүр туралы тереңірек оқытылса (жеке пән не клуб деңгейінде);

  • Салт-дәстүр туралы қызықты іс-шаралар ұйымдастырылса.























Қорытынды

Көріп тұрғанымыздай, қазақ салт-дәстүрлерінің медициналық, әсіресе психологиялық маңызы бар. Балаларды кішкентай кезінен бастап отбасында ата - анасы, одан кейін мектепте ұстаздар қауымы, көпшілік ортада ақсақалдар халқымыздың салт - дәстүрлерін үйретіп, айтып отырса, бұл ең үлкен жеңісіміз болатын еді. Осы жобам арқылы достарымның, сыныптастарымның бойына қазақтың салт - дәстүріне деген қызығушылықты қалыптастырып, қазақ халқының салт - дәстүрі мен әдет - ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындырып, олардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыруға себепші болады деп ойлаймын. Балалар, атадан балаға мұра болып қалған салт - дәстүрімізді ұмытпай, қазақ деген халықтың патриот ұрпағы болу біздің борышымыз.

Қорыта келгенде, мен осы зерттеу жұмысымда салт-дәстүрдің психологиялық бейнесіне баса назар аудардым. Және жұмысымды қорытындылай келе, осы күнге дейін жеткен салт-дәстүрлеріміз қазақ халқымыздың өмір сүруіне, халық болып сақталып өмір сүруіне бірден-бір себепші деп айта аламын.









Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері / Кенжеахметұлы С. - А.: «Алматыкітап», 2007. – 284 б.

2. Қазақтың жазылмаған психологиясы - салт-дәстүрлердің, ұлттық ойындардың психологиялық астарына талдау / Е.Жаубай, Н.Молдабайқызы. - Нұр-Сұлтан: «Мuqaba», 2020. - 272 б.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2023
396
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі