400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба Шығыс Қазақстанның жүйрік тұлпарлары 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ № 1 ОРТА МЕКТЕБІ КММ








Тақырыбы: Шығыс Қазақстаның жүйрік тұлпарлары





Секция: Өлкетану




















Орындаған: 2А сынып оқушысы

Хурмет Азиза Жигеровна

Жетекшісі: Мухаметкалиева Майрагул Кинаятовна






Өскемен, 2019ж



МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Негізгі бөлім

1 Қалай пайда болған.

Эксперементтік бөлім

1 Жылқының ішкі сипаты

Қорытынды



































ТҮЙІНДЕМЕ



Зерттеліп отырған тапсырмам бойынша Шығыс Қазақстанның жүйрік тұлпарлары болып табылады. Жалпы алғада жүйрік жылқылардың шығу тегі мен олардың сыртқы және ішкі бітімдерінің құрылымы ашылық жазылған. Зерітеліп отырған жұмысып айтарлықтай толық ашылмаған, бірақ келешекте осы тақырыпты толық ашып зертеуімді жалғастырамын


































КІРІСПЕ


Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында, салт-санасында төрт түлік малдың алатын орны ерекше. Қазақ арасында амандықты тілейтін "Мал-жан аман болсын" тіркесінің құрамындағы "жан" сөзінен бұрын "мал" сөзін айтуының өзі малды  қадірле­гендіктен, елдің қарны тоқ болу, аман болуының алғы шарты малының амандығын білдіруден айтылғаны анық.

Қазақ халқының дүниетанымында киелі саналатын жануардың бірі - жылқы малы. Жылқы - қазақты әлемдік деңгейге танытқан материалдық игіліміздің биігінде тұр. "Ат - ер қанаты", "Жылқы - малдың патшасы". Осы нақыл сөздерде еліміздің, елдігіміздің сәні мен мәні жатқандай. Көшпенділердің өмірі аттың жалында, ердің қомында өтті. Жылқымыздың өткен замандарда көптігі болар: "Жылқылы елде жау көп, жатақ елде дау көп",-депті бабаларымыз.

Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларын тұлпар, сәйгүлік, арғымақ деп ерекше қастерлейді. Соған сәйкес оларды ерекше күтімге алған. Өйткені, дәстүрлі қазақ қоғамында сәйгүліктер тек қана иесінің емес, бүкіл әулетінің, елінің мәртебесін асқақтататын түлік төресі болып саналған. Халқымыздың жылқы малын қасиетті деп санағандығының белгісі арғы заманға бармай-ақ қояйық, Құлагер, Айтұмар, Абат қарттың қасқа биесін арулап көмген. Бірақ жылқыда зират бола ма? Иә, санаулы ғана сәйгүлікте бар. Бүгінгі ұрпақ бұны да білгені дұрыс деп ойлаймын.












НЕГІЗГІ БӨЛІМ



  1. Қалай пайда болған.


Ағылшын жылқылары XVII ғасырдан бастап өмір сүреді. Олар шығыстың араб, варвар, түрік, түрікмен және еуропалық неополитан, испан тұлпарларымен шағылыстыру нәтижесінде пайда болады. Жаңа тұқымды шығару барысында жүйрік әрі төзімді жылқылар таңдалынады. Содан болар, ағылшын жылқысы жылдамдық бойынша кез-келген тұқымдағы жылқыны басып озады. Олар аталық жағынан үш айғырдан тараған деген деректер де бар. Тарихта 1683 жылы болған Вена түбіндегі қырғында австриялықтар мен поляктардан ойсырай жеңілген түріктер Бейерлей-Терк атты араб жылқысынан да айрылып қалады. Жүйрік жылқылардың арғы тегі осы жылқыдан бастау алса керек. Сонымен бірге, ортаазиялық жылқы Дарлей-Арабиан Алепо қаласында сатылымға шығарылып, кейіннен Англияға 1710 жылы жеткізіледі. Ал үшінші айғыр солтүстік африкалық жылқы Годольфин-Арабиан дейді зерттеушілер. Әлемді аузына қаратып, дүбірлі додада топ жарып жүрген ағылшын тұлпарлары осы үш жылқыдан таралған көрінеді. Айғырлардан 1748 жылы Матчем (Годольфин-Арабианның немересі-авт.) атты жылқы туылса, араға он жыл салып Херод (Бейерлей-Терктің шөбересі-авт.), сондай-ақ, 1764 жылы Эклимпс (Дарлей-Арабианның шөбересі-авт.) айғырлары алынады. Осыдан кейін жылқыларды бір-бірімен қосып, ағылшын жылқысының тұқымын көбейту шаралары өз жалғасын табады. Англияның оңтүстігінде оларды қолдап шағылыстырса, ал солтүстікте үйірлік шағылыстыру тәсілі қолданылады.

Жаратылысынан жүйрік келетін жылқы тұқымы тек XVIII ғасырдың соңғы жылдарында ғана сыртқа шығарыла бастайды. Оның өзінде оларға француздар мен американдық ат зауыттарының ғана қолы жетті. Кейінен барып күллі Еуропаға тарала бастайды.




Эксперементтік бөлім


Жылқының ішкі сипаты

Жүйрік жылқыны ішкі ағзалары: жүрек, бүйрек, өкпе, бауыр, көкбауырының сипатын жетік білу арқылы тануға болады. Бұл ағзалардың қызметі жылқының жүйрік немесе шабан болуына тікелей байланысты. Жылқының жүрек қызметін көзі арқылы, өкпесін танауы арқылы, бүйрегін құлағы арқылы, бауырын тілі арқылы, көкбауыр қызметін кеңсірігі арқылы тануға толық негіз бар. Осылай жүйріктің ішкі сипаттарын білуге болады.

Көкбауыр сипаты. Шын жүйріктің көкбауыры өте кішкене болады. Көкбауырдың үлкен-кішісін жылқының тіс етіне қарап айырады. Көкбауыр кішкене болса, жылқының тіс еті ақшыл, жұқалтаң келеді. Көкбауыры үлкен болса, тіс еті барбиған, ісінген, өңі қызғылт болады. Сондай-ақ, көкбауыры кіші жылқының тағы бір сипаты: кеңсірігі кебіңкі келеді. Егер көкбауыры үлкен болса, кеңсірігі дөңес болады. Көкбауырдың үлкен-кішілігін жылқының аламайына қарап та айырады.

Бауыр сипаты. Жүйрік жылқының бауыры кіші болады. Сыртынан аңдағанда: салқы һәм жазық пошымдас. Бауырдың айнасы – тіл. Яғни, бауыр сипатын атбегілер жүйріктің тілінен байқап біледі. Бауыры кіші жылқының сипаты: тілі ұзын һәм жұқа, ақшыл келеді. Ал, тілі қызыл әрі қалың болса, ондай жылқыдан жүйрік шықпайды.

Жүрек сипаты. Дода-дудан қорықпайтын, тау-тасты елемейтін жүректі жүйріктің басты белгісі: көз айнасы қарақызыл немесе күрең түсті болып келеді. Құлақ түбі жуан, жүрген сайын екпін қосып отырады. Егер от шашқан қой көзді, құлағы жатаған, жүргенде жан-жағына алаңдағыш болса ол жүрегі нашар жылқы болғаны. Мұндай жылқы топты көргенде қалшылдап, дірілдейді, қасындағы атқа тығылғыш әрі алып қашады, қарайған-құрайғаннан жалтылдап үркіп отырады. Жетекке жүрмейді, иесіне сенбейді, шылбыр қашаған болады. Құлағы екі тарапқа жайыла біткен жылқы да қорқақ сипатқа ие. Жүрегі жақсы ат үркіп қорықпайды. Топты көргенде, алыс жолға жүргенде ажаттанып тізгін басып отырады. Жетекке желмаяша ылпылдайды. Қысқасы, иесінің ықпалына көнгіш аттардың жүрегі сау болады.

Өкпе сипаты. Өкпесі жақсы жылқының танауы кең болады. Дем алғанда, дем шығарғанда кеңсірігі жайынның желбезегіндей желбіреп тұрады. Нақтырақ айтқанда, өкпесі кең жүйріктің танауы ақбөкеннің танауына ұқсас келеді. Мұндай кең танаумен шапқан жүйрік еркін тыныстап отырады. Жүйріктің танау желбіршегі жайбарақат тұрғанда қусырылып, шапқан кезде кеңейіп, үлкейіп кетеді. Ал, мұрынның ішіндегі шершеуде 3-5 тесік болады. Бұл тесіктердің саны көп болған сайын жақсы. Ал, танау тесіктері тар немесе шершеуінде тесігі жоқ жылқылар ішке тартқан ауаны сыртқа толық шығара алмай қысылады да, өкпесінің көлемі үлкейіп қабырғасына тіреліп, тынысы тарайып, ентігіп, бауыр жаза алмай қиналады.

Бүйрек сипаты. Жүйрік аттың бүйрегі кішкене болады. Бүйрегі кіші жылқының сипаты: құлақ түбі шой, іші кең болып бітеді һәм ұшы жұқа, үшкілденіп келеді. Құлақ терісі қалың жылқыдан жүйрік шықпайды.

Қыраннан көрдім қылыш қияқтыны,

Тұлпардан көрдім құрыш тұяқтыны,

Табаны таға ілмесе тимей тұғын,

Тұяғы тасты саздай илей тұғын,

Көрмедім күрең бесті сияқтыны.

(«Жапал батыр мен Таңшебер қыз»)

Жылқының сыртқы сипаты

Жүйрік жылқының ішкі сипатынан басқа сыртқы сипаттары да болады. Осы сипаттарын білу арқылы жүйрік жылқыны танудың мүмкіндігі бар.

Маңдайы кең, иегі сүйір, қабақ сүйегі үлкен және шығыңқы етсіз, жон арқасы жалпақ, қарны, көк еті және бұлшық еттері буылтық, омырауы салпы, төрт тұяғы дөңгелек үлкен болуы шарт.

Жіліншігі ұзын сидам, тұмсығы үшкіл, сағалдырығы, тілі және құлағы басқа жылқыдан ұзынша келеді.

Екі құлағының түбі етті, құйрығы мен шат сүйегінің тұтасқан жерлері жуантық және қабырғасының аражігі қалың болады.

Мойын бітімі сопақша, екі құлақтың қалқанша ұшы жұқа, сан етінің төменгі жілікпен тұтасқан буыны және бақай сүйегі жіңішке келеді .

Кәрі жілігі, жақ сүйектің шөп шайнайтын тұсы, сауыры, құйрығы басқа жылқыға қарағанда шолақ, қысқалау сипатқа ие.

Танауының қос тесігі және көзінің үстіңгі оймасы үлкен, төрт тұяғы жалпақ, шабы алшақ (алшиған) болады.

Маңдай төбесі, шоқтығы, ұша, сегізкөзі биік келеді.

Артқы тұяқтары алдыңғы тұяқтарынан үлкен болады.

Құлағы жалынан биік шығып, артынан қарағанда ашық көрініп тұрады.

Кекілі көз аясын жаппайтындай жұмсақ, жібек сияқты есіліп тұрады.

Қарыны жұмыр, мінезі сергек, жайлы келеді.

Төрт жіліншігі, жон арқасы, сағалдырығы, тұмсығы, тілі, құлағы ұзын болуы шарт. Яғни, жылқының осы аталған мүшелері ұзын болса, бұл жүйріктіктің белгісі.

Құлағының түбі, бас бітімі, саны, құйрық түбі, шат сүйегі кең біткен және мойыны, алқымы, тұмсығы сүйір, қос құлақтың қыры мен ұшар ендігі жұқалтым жіңішке болады.

Төрт тұяғы, қос танауы, құлақ үңгісі, бұты, ауыздығы зор болып келеді және құйрық ұшы, қапталы, бақайы, тістеулігі қысқа, маңдайы, шоқтығы, сегізкөздің ұшасы биік болады.

Төрт аяғы биік сидалы, буындары шор бунақты, желкелігі мен шоқтығы жалғасқан түйнек сіңірлі, аяқтарының арасы алшақ келеді.

Сүбе қабырғасы мен мықынының арасы жақын, қабырғасының иіні доғал, арасы жиі, кеңсірігі кең, жалы ұзын, кеуденің ойынды еті үлкен, бұты алшы талтақ, көк еті қалың болады.

Бақайы тік қысқалау, қылтасы түзу әрі ұзын жылқының аяқ алысы жеңіл келеді.

Терісі жұқа, жүні тақыр, жұмсақ, айналым орайы көп жылқы еркін әрі жылдам қозғалатын болады.

Бас пішіні ұзын сопақша, етсіз, маңдайы жалпақ, иек сүйегінің шұңқыры терең, астыңғы ерні жер тіреген, танауы сүйір, езуі қалың болады.

Тісінің ойығы бүтін, қыры өткір, дара ат азуы сыртына шығыңқы болады.

Құлынқара

1985 жылғы аламандағы Тайжиреннің жеңісі «Ленин» ұжымшары жүйріктерынің Алматы орталық ипподромындағы тұңғыш биігі емес еді.Осы жеңіс салтанатынан бір мысқал кем емес бұл ипподромындағы алғашқы тұсау керек 1970 жылв Қазақ КСР-нің 50 жылдық мерей тойына арналған республикалық бәйгеде орын алған болатын. Бұл аламанға әр облыстан іріктеуден суырылып шыққан бір жүйріктен қатысты. Шығыс Қазақстан облысы аңызға айналған Құлынқараны қосты. Қазақтың әйгілі жазушысы Ғабит Мүсірепов Құлынқараны кейін очерк жанрының классикалық үлгісіне айналған, республикалық «Лениншіл жас» жастар газетінде жарияланған «Бошайдың үш қарасы» шығармасында арқау етті.

Сиректе сұлу тұрпатты Желмая (шабандозы Ершок Саханов) жорғаға арналған 13 шақырымдық қашықтықта бәсекелес шақ келтірмесе, 30 шақырымдық аламанда Бұланқара (шабандозы тағыда Ершок Саханов) екінші келді. Ат жарыстың үш түрі де новобересокалықтарға жүлде сыйлады.

Ғабит Мүсіреповтын очеркі дәл осы жарысқа арналған болатын. Қазақ әдебиетінің классигі аламан бәйгенің қорытынды кезеңінде жанкуйерлер тарапының күтпеген наразылығын айырықша атап өтеді: «...30 километрлік бәйгеде «Бұланқара» екінші болып құйрық тістесе келеды. Отырған жұр дүр ете түсті. Сыртқы шеңбер көп жылдар бұрын салынған, ал ішкі жол осы жарысқа арналып төселген. Сірә, бұл толықтай бір мақсатта – 1985 жылдан бастап барлық жарыстан жеңіп келе жатқан Тайжиренге тең емес жағдай тудыру үшін әдейі жасалған. Бізде нақты ресми мәліметтер жоқ. Дегенмен, Жидебайдағы ішкі шеңбер сырқы айналымнан бірнеше жүз метрге қысқа. Бұл айырмашылық жағдайын шамамен Алматы орталық ипподромы жолының техникалық мінездесін пайдалануға болады.

Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың мерей тойына арналған жарыс Тайжирен үшін қатерлі сын болды. Бәйге кезінде орын арналған бұл жәйт адамның қарадүрсін арамзалығының бекзат жануарлар бәсіне де ожарлықпен басып кіретінінің көрінісі болды. Осылайша, бестіден шығып келе жатқан Тайжиреннің тамаша жүйріктік дәуреніне нүкте қойылды. Тұяғынан жел гулеген бұрынғы шабысты қалпына келтіру мүмкін болмады.

Халқымыз ежелден – ақ төрт түлік малдың ішіндегі төресі деп жылқыны таныған. Оны өзге малдан ерекше күтіп баққан. Түгінің түсіне, жаратылысына сай ат қойған.

Ауылға келген қадірменді қонағына дәулетінің көлеміне қарай күмістен құранды ер салған. Жібек жалдың арғымақ не сауырна су төгілмес жорға мінгізген. Қонақасына да бабына келтіріп пісірген жылқы етінің жылы – жұмсағын тартып, артынан қазының майы салып ашытылған қымызбен сыйлаған. Адам тәрбиесінде ерекше орын алатын халықтық салт-дәстүрдің көптеген тамаша көрінісі жылқы малына байланысты болады. Жас баланың сүндеттегенде сүндет атын сайлау, жиген ауылға қыдырып келгенде нағашы жұртының бәсіреге тай, құнан атауы соның куәсі болса, адам болмысындағы жағымды, жағымсыз мінездерді сынағанда да жылқы малының мінезіндегі ерекшеліктер салыстырмалы түрде алынатын болған.






Жылқының ерекше қасиеті тек батырлар жырында, ерте замандарда ғана жырланып қойған жоқ. Ол бүгінгі күндеде бар. Қазақтың қанында бар ат құмарлық қасиет неше заман өтсе де жоғалмақ емес. Кешегі Тайбурылдың, Байшұбардың, Тарланның көзіндей болған Құлагердің аяулы тұлғасын қазақ баласы әзірде ұмыта қоймас. Оған арнап жазылған Ілиястың «Құлагер» поэмасы көркемдігі келіскен ғажайып туынды.

Тұңғыш олимпиада чемпионы болған, Жамбыл облысындағы Луговой асыл тұқымды жылқы зауытының тұлпары Абсентті біздер әкелеріміздің айтуынан білеміз. Бүгінде жылқы зауытының алдындағы тас тұғырға қойылған Абсенттің тас мүсіні еліміздің жылқыға көрсететін биік құрметінің куәсіндей.

Ел көлемінде өткен үлкен жарыстарды ат бәйгесі өтеді. Дала төсін күңіренте шапқан сәйгүліктердің тұяғының дүбірінен, қиқу сала айқайлап ата аруағын шақырған, шаң тозаң толған тамақтан қарлыға шықсада қуаты қашпаған құдіретті дауыстан арқаң қозып, көзіңнен жас та шып-шып шығып кетеді. Қанымызда бар болғандықтан шығар.

Қалай болған күнде де жылқы малының халқымыздың дүние танымы мен қадір – қасиетінің төрінде ерекше орын алғандығына ешкімнің дауы жоқ.



























Қорытынды


Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы жылқы саны жағынан көш бастап тұр. Екінші орында — Алматы облысы, үшінші орында — Түркістан облысы. 2000 жылдан бастап Қазақстанға таза қанды жылқылар әкеліне бастады. Олар — араб, ағылшын және ақалтеке жылқы. Осы жануарлар ұлттық спорт саласына оң нәтижелер әкеліп жатқанымен құнды.


Алайда ғалым елге таза қанды жылқылардың әкелінуінің теріс тұстары да бар екенін айтады. Бұл негізінен селекция жұмыстарының жүйесіз жүргізілуімен байланысты. Өкініштісі сұрыптаудың негізгі қағидасымен жүргізілмегендіктен, қағазға түсірілмегендіктен, кей кездері қымбатқа шет елден әкелінген жылқылардан не спорт, не өнімді бағытқа сәйкес келмейтін жылқы тобын шығарып жатқан жайлары да бар. 

"Әлемде жеті атаға дейін қыз алыспайтын қазақ ұлтының ғана қаны таза. Сол секілді ағылшын, ақалтеке және араб жылқылары бес "атаға" дейін бір-біріне қосылмайтынымен ерекше. Бұдан бөлек оларда міндетті түрде паспорт болады. Ал осы құжатты қолға алу үшін, алдымен, жалынан алынған қыл Чехиядағы зертханаға жіберіледі. Бұл зерттеу жұмысын жүргізуге 500 доллардай ақша жұмсалады. Кейін осы зертхана араға бір ай салып құлынның қаны таза немесе таза еместігін анықтап береді", — дейді ғалым.

Мұнымен қатар, ғалым Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласындағы тұжырымдарды толықтай қолдайтынын жеткізді. Мақалада айтылғандарды жүзеге асыру үшін мемлекеттік деңгейдегі үлкен бағдарламалар қажет екеніне назар аударды. Сондай-ақ, бүгінгі таңда іске асырылып отырған "Құлан" бағдарламасы туралы айтып берді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
606
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі