Материалдар / ғылыми жоба тақырыбы : 7 санының қасиеті мен ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ғылыми жоба тақырыбы : 7 санының қасиеті мен ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
мақсаты: 7 санының өзіндік ерекшеліктерін қазақ халқының сенімдегі қасиеттерін ашу тереңірек танып-білу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2022
540
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Мазмұны:

1.Аннотация..............................................................................................

2.Кіріспе.............................................................................................................

2.1.Сандардың маңызы

3. Негізгі бөлім...........................................................................................

3.1 Сандардың шығу тарихы………………....................................................

3. 2. 7 саны - қасиетті сан ...........................................................................

3. 3 – санының басқа салалармен байланысы..................... .........................

3.4 7 санына байланысты мақал -мәтелдер

4 .Біздің зерттеужұмысымыз

4.1 Сауалнама нәтижесі

5.Қорытынды...............................................................................................

Ұсыныс

6.Пайдаланған әдебиеттер...........................................................................

















1.Аннотация

Зерттеу жұмысының мақсаты: 7 санының өзіндік ерекшеліктерін, қазақ халқының сеніміндегі қасиеттерін ашу, тереңірек танып-білу.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: 7 санының қасиетін тереңірек аша отырып, соған қатысты есептерді өмірде, яғни сабақ барысында қолдансақ және оқушыларға шығаруға ұсынсақ, онда зерттеуге нәтиже береді. Есептердің тиімділігінде осы есептерді шығаруда оқушының қызығып, белсенді орындауын арттырады.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: 7 санының қасиеті кеңінен қарастырылып, өзіндік қасиеттерінің сыры ашылды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу нәтижесінде алынған материалдарды бастауыш сынып таңдау курстарында, математика сабақтарында, әдіс-тәсілдердің ойын элементтері ретінде пайдалануға болады.

Зерттеудің дербестік нәтижесі:

- Жұмыста 7 санын әртүрлі тәсілмен қосып, азайтудың ең қызықты және тиімді жолымен орындалу түрін, ұлттық дүниетанымына негізделе отырып көрсетілді.

- 7 санын әртүрлі тәсілмен қосып, азайтуда “Сиқырлы математика” кітапшасын пайдаланып, жарыққа шығару;

- 7 санына қатысты ұғымдардан ойын түрлері көрсетілді.

Жұмыстың орындалу әдістері. Дербес ақпараттармен танысу, жинақтау, жүйелеу, қорыту, салыстырмалы талдау жасау, педагогикалық-психологиялық еңбектерді талдау, іріктеу, тұжырымдау.



Зерттеу жаңалығы

Қазақ тіліндегі 7 санымен байланысты ұғымдар жайлы жинақ кітапшасын шығару











2.Кіріспе
«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.

Ұлы ғалым Пифогор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Тіршілік ете бастаған алғашқы кезеңде адам баласы жазу-сызудан бұрын-ақ санауды үйренгені хақ. Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманда санаудағы ондық жүйесі осылай туындаған. Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға көмектескен. Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз “сан” сөзін пайдаланамыз. Ол “саусақ” деген ұғымды білдіреді.

Заман өзгергенмен халықтың сенімі, құпиялылыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді. Бұл қоғамда болған, бола береді де. Ендеше халық ойын түсініп, ата-бабадан келе жатқан киелі сандарға үңіліп, құпиясын түсіне білу қашанда өзекті мәселенің бірі болып қалмақ. Міне менің зерттеу тақырыбыма арқау болып отырған да осы киелі сандардың бірі жеті саны және оның қасиеті. Қазақ елінде жетінің киелі сипатқа ие екендігін ерте байқаған және оның себебін түсіндіруге тырысқан ғалымдар көптеп саналады.




Олардың басым көпшілігі қазақ ұғымындағы 7 – нің киелі мән алу себебін өзге халықтар мәдениетінен іздейді, атап айтсақ, араб – парсы мәдениетінің әсерінен деп қарау орын алған. 7 санының киелі сипат беруі дүниедегі көптеген халықтарға тән құбылыс. Ғылымдар мен дін қағидаларының болжамдарға сай келе бермеуі де мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңызы бар екенін жоққа шығара алмаспыз.

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған. Ендеше ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен ұстанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына, күнделікті тұрмыстағы атқаратын роліне тоқтала отырып, тұжырым жасау әрбірімізді қызықтырары сөзсіз.
















3. Зерттеу бөлімі

    1. Сандардың шығу тарихы

Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика. Оның тарихы ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе қазіргі таңдағы біздер қолданып жүрген сандар пайда болды. Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген. Алғашында олар табиғи сандарды (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) меңгерсе, одан кейінгі кездерде нөл саны пайда болған. 0 – «цифр» деген мағынаны береді. Ежелгі Үнді жерінде цифр – «сунья», арабтарда «сифр» сөзімен түсіндіріледі, яғни «бос орын», «түк жоқ» деген мағынаны білдірген. Цифр дегеніміз – сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер қандай қажет болса, сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Ғылым мен өнердің қайта өркендеген дәуірінде (ХV - ХVІ ғасырларда) математикалық еңбектер латын тілінен аударылып, «сифр» сөзі сол қалпы қалдырылған. Тек алғашқы әрпі ғана «ц» болып өзгертілген. Нөл таңбасы басқа сандарға елеулі өзгерістер әкеліп, санау, есептеу, сату және уақытты белгілеп берді.

Бәрімізге белгілі, ерте кезде біздің заманымыздан бұрын миллиондаған жылдар бұрын адамзат сандарды таяқша, қолдың саусақтары арқылы санап, жазып жүрді. Көптеген уақыт өткеннен кейін біз араб цифрын пайдалана бастадық. Бар жоғы 10 цифрды жазу үшін бір үлкен тақтай кетсе, 35 деген санды жазып көрсету үшін бұдан көп тақтай кетері белгілі.Цифрлардың жазылуына байланысты 7 цифрының қандай құпиясы бар екенін зерттедім. Зерттеу нәтижесінде төменгідей мәліметтерге қол жеткізіп отырмын. 




Қасиетті 7 цифрын талдасақ. Түзулердің қиылысунан пайда болатын жеті сүйір бұрышты сызба. Жеті бұрыш екі жарты жазықтыққа теңдей бөлінбейді, сондықтан 7 : 2 = 3,5. Яғни 7 саны тақ сан.

Адамзат тағылымының даму дәуірінің табалдырығын аттап басқан заманда «артық», «кем», «үлкен», «кіші» ұғымдары туған. Бұлар кейін «тең» ұғымының шығуына негіз болған. Күн көріс қамы тіршілік үшін жүргізілген күрес ерте заманның адамдарын айналасындағы заттарды санауға, нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін айыруға мәжбүр еткен. Заттарды санаудан 1, 2 , 3, 4, 5, … т. с. с. натурал сандар ұғымы қалыптасқан. «Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады. » Кез келген натурал санды он цифр 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 арқылы жазып көрсетуге болады.

Адамзаттың өзі мен өмірі сандарға бағынышты. Біріншіден, ақшаға тәуелді. Екіншіден, адамзат жаратылысынан секундтардан басталып, ғасырлар мен мыңжылдықтарға созылатын уақытқа тәуелді.Сырғанаған уақытты не тоқтата алмайды немесе оның шеңберінен тыс өмір сүре алмайды. Яғни өмірінің ұзақтығы, ішіп-жегені барлығы да санмен өлшенеді. Тіпті ағзасының әрбір клеткасы, қанының құрамы мен сүйегінің салмағына дейін есептеулі. Міне, осы секундтармен, ай, жылдармен өлшенетін адамның өмірінде сандардың атқарар өз рөлі бар. Осы сан алуан сандардың сіз білмеген, біз білмеген сырлары көп екен:

0 саны: Бұл сан абсолюттік символы. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалық жоба бойынша сақина немесе дөңгелек ретінде белгіленеді.

1 саны: 1 санын Пифогор және оның ойшылдары барлық басқа сандардан жоғары қойды. Олар оны барлық санның бастамасы, бар әлемнің басы деп есептеді. Бірліксіз қарапайым санаудың өзі де болмас еді. Графикалық бейнелеуі тік сызық.

 

2 саны: Пифогорлықтарда 2 саны бірліктің жоғалуын білдіреді. Бұл сан махаббат, тұрақсыздық және теңсіздік символы болып табылады. Екі саны бұл жұмсақтық және дәлдік. Ол жылылық пен суықтық, мейірімділік пен қатыгездік, жарық пен қараңғылықтың, байлық пен жұтшылдықтың арасында жүреді.

3 саны: Пифогорлықтарда 3 санының негізінде жан-жақтылық пен бірліктің үйлесімділігі қалыптасқан. Көптеген халықтарда 3 саны есептеудің соңы деп саналды. Оны толықтың, толудың, аяқталудың символы деп есептейді. Ежелгі Грекияда бұл сан бақытты деп саналса, Ежелгі Вавилонда үш құдайға: Күн, Ай, Шолпанға табынатын болған. Діни сенім нанымдарда, ертегілерде 3 саны қасиетті сан болып есептелген. Оның сиқырлығы сол ол алдыңғы екі санның қосындысынан тұрады (1+2=3) үш өткеннің, осы шақтың, келешектің символы.

4 саны: Ертеде бұл сан тұрақтылық пен беріктілік, әділдіктің символы болып саналды. Ол шаршы түрінде болғандықтан, әлемнің 4 бұрышын, жылдың 4 мезгілін, табиғаттағы төрт құбылыс – от, жер, су, ауаны білдірді. Геометриялық бейнелеуі шаршы немесе ромб. Славьян символикасында – Жер. Жапондар мен Қытайлар 4 санын қауіп, сәтсіз сан деп түсінеді. 

5 саны: Пифогордың аса көп көңіл бөлген, бақыт саны деп есептеген, ертеде оны тәуекелге бару символы деп болжаусыздықты, қуаттылықты және тәуелсіздікті жатқызды. Санның дұрыстығы 5-жай сан, 5- саусақ – санау жүйесінің бестігі, 5 – тармақты жұлдыз, 5 – сезім (көру, есту, тітіркену, сезіну, тепе - теңдік). Ислам дінінде әр мұсылман баласы күніне 5 мезгіл намазға жығылуға тиіс.

 6 саны: 6 саны дүниенің жаралуын білдіреді. Әрине Пифогор оны ерекше сан деп есептеген, басқа сандардан ерекшелігі оның өзіне тән ерекше қасиеті бар. Ол өзі бөлінетін сандардың қосындысы мен көбейтіндісінен тұрады. 6 саны 1,2,3 – ке бөлінеді.



Оларды қосып немесе қоссақ қайтадан 6 саны шығады. (1+2+3=1*2*3=6) Мұндай қасиет басқа еш бір санда қайталанбайды. 6- шығармашылық сан.

7 саны: Бұл сан өмірлік екі санның 3 пен 4-тің қосындысы деп қарастырылды. 3 адам - әке, шеше, бала өмірдің негізін қалайды. Ал 4 - бұл жарық, жел, жаңбыр, ылғалдылық жерді жеміс беруге дайындайды. Пифогордың ой қорытуы бойынша, 3 пен 4-тің қосындысы (үшбұрыш пен төртбұрыш символдары), аяқталғанның, тәмамдалғанның, қорытындының белгісі деп саналған. Сондықтан 7 саны қасиетті сан, өйткені адам баласы қоршаған ортаны (жарықты, дыбысты, иісті, дәмді) басындағы 7 «тесік » арқылы түйсінген (2 көз, 2 құлақ, 2 мұрынның екі танауы, аузы ). Мұсылмандарда Алланың қасиетті орны жеті қат аспан деп саналады. Жеті саны - халық ұғымы бойынша қасиетті сан. Жеті ата, жеті қазына, жеті ғашық, жеті күлше тарату, әлемнің жеті кереметі, апта күнінің саны жетеу,ғарыш әлеміндегі «жеті қарақшы».

    1. Жеті саны қасиетті сан

7 саны - жай натурал сан. Жеті саны ертеден сиқырлы болып саналады. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды.

Алла Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады. Ислам дінінің қасиетті кітабы «Құран» - да “Мұхаммед пайғамбар жыл санауымыздың 621-жылы 7-айдың 27-күні түнде елшімен бірге жеті қабат аспанды аралайды. Соңынан ол осы түнді ислам дінінің Мереке күні – Мирад деп белгілейді. Христиан дінінде де “Христос жетінші күні аспанға ұшып барып, жетінші күні қайта дүниеге келеді”


деген уағыз бар. Үнді Мәдениетінде де “жеті” киелі сипат алған сандар қатарына жатады. “Жеті жан”, “жеті мүше” ұғымын көне Үнділер таратқан.

Будда дінінің ертедегі әдебиет нұсқаларында “жеті”-ге байланысты құбылыстар көп кезігуде.

Жеті санына байланысты ұғымдар:

Жеті ата. Қазақтардың таным - түсінігінде жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты - жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: бала, әке, ата, үлкен ата, баба, түп ата, тек ата.Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие. Ол – этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата-бабаларымыз:«Жеті атасын білмеген - жетесіз», «Ататегін айтқанның айыбы жоқ» - деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен.

Жеті қазына: Ер жігіт (1- сурет), Сұлу әйел (2- сурет), Ақыл - білім, Жүйрік ат (3 - сурет), Құмай тазы (4- сурет),Қыран бүркіт (5 - сурет), Берен мылтық (6 - сурет).

Ал, Ислам аңызы бойынша, жеті қазынаға мыналар жатады:

1. Қыдыр (қызыр). Қыдыр дарыған адам бай болады. 2. Бақ. Ол ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады. 3. Ақыл (Байлық пен бақыттың тірегі) 4. Денсаулық 5. Ақ жаулық 6. Тұз (Ол – Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені) 7. Ит. (Адам Ата мен Хауа Ананың алғашқы серігі).

Қазақтардан басқа халықтарда да жеті қазына туралы өзіндік таным, түсінік бар. Мысалы, грек аңыз - әңгімелерінде жеті қазынаға мыналар

жатады: 1. Көк аспан 2. Күн (барлық зат оның шуағынан нәр алады) 3. Ай (түнгі тіршілік нәрі) 4. От (От – Күннің жердегі сүлдесі. Оны пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады) 5. Су. (сусыз тіршілік жоқ) 6. Жер (тіршілік анасы) 7. Ит. [3]

Жігіттің жеті қазынасы:

Жүрдек аты –жігіт қаны, қанаты

Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.

Құмай тазы - бастан берік сенімі,

Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі.

Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы.

Ау жылымы – амал, айла, әдісі

Қара қақпан серті.

Жеті ырыс: 1. Адамның ақыл-ойы, санасы 2. Денсаулық 3. Ақ жаулық (ердің жары) 4. Бала (өмір жалғасы) 5. Көңіл (көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ, береке орнайды) 6. Жер («Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жер тұл») 7. Ит.

Жетісу - Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс  бөлігін қамтитын тарихи-географиялық аймақ. Тарихи деректемелер мен зерттеулерде  Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше болжам бар. [2]. Кейінгі болжам бойынша Жетісудың 7 өзеніне мыналарды жатқызады: Ақсу, Қаратал, Көксу, Лепсі, Іле, Шу, Тентек. (7 сурет)

Жеті ру - Кіші жүз құрамындағы тайпа: Кердері, Тілеу, Жағалбайлы, Рамазан,  Табын, Тама және Керейіт рулары.

Жеті жоқ: 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.

Жеті жетім: Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім.

Иесіз қалған жер жетім.


Басшысы жоқ ел жетім.

Аққу, қазсыз көл жетім.

Жерінен айырылған ер жетім.

Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім.

Жеті жетекші: 1. Адамның басшысы – ақыл,

2. Жетекшісі – талап.

3. Жолаушысы – ой.

4. Жолдасы –кәсіп.

5. Қорғаны – сабыр.

6. Қорғаушысы – мінез.

7. Сынаушысы – халық. (Саққұлақ би)

Жеті шәріп (Жеті әулие): Мекке шәріп, Мәдина шәріп, Бұхар шәріп, Шам шәріп, Қатым шәріп, Құддыс (Мысыр) шәріп, Кәләм шәріп (Құран).

Жеті ғалам: Шығыс, Батыс, Оңтүстік, Солтүстік, Аспан (жоғары ғалам), Жер (орта ғалам), Жер асты (төмендегі ғалам).

Жеті амал: 1. Күннің тоқырауы

2. Қарашаның қайтуы

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!