Материалдар / Ғылыми жоба. Тақырыбы "Денсаулығым байлығым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба. Тақырыбы "Денсаулығым байлығым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба денсаулығым байлығым тақырыбында.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2024
87
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өскемен қаласы №13 орта мектептің 2 «Ә» сынып оқушысы Серыкжан Малика Жалағасқызы «Денсаулығым байлығым»

тақырыбына жүргізген ғылыми жұмысына


ПІКІР


2 «Ә» сынып оқушысы Серыкжан Малика кішкентай жасына қарамастан, өте алғыр, пысық, зейінді де зерек бала. Сабағына өте ұқыпты, білімпаз оқушыларымның бірі. Денсаулықты сақтау өте маңызды. Бұл орайда Малика сыныптастарына денсаулыққа зиян келтіретін істерден бойын аулақ ұстауды үнемі насихаттап отырады. Атап айтсақ, ұялы телефондарды, компьютерлерде көп отыру адам денсаулығына кері әсер ететін әңгімелейді.

Сонымен қатар, денсаулықты сақтаудың құпияларын да анасынан біледі.

Серыкжан Маликаның ізденіс жұмысы өзінің денсаулығымен тығыз байланысты болған.Малика тұмау ауруына шалдығып ауруханаға барғанда, өзінде имунитеті төмен және әлсіздік бар екендігін дәрігерлерден естіген.

Малика дәрі дәрмектерді қабылдаудан бас тартқанда дәрігерлер оған спорттың бір түрін таңдап күнделікті шұғылдануын айтқан және оның таңдауы спорттың каратэ түріне түскен. Содан соң спорттың бұл түрімен тұрақты түрде шұғылданып, каратэде үйреніп жүрген жаттығулары медицинада қолданатыны туралы мәліметтер жинады. Малика бұл ғылыми жұмысында спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды әрі сенімді болатындығын зерттеді және анықтады. Өзі жинаған мәліметтер бойынша ой қорытып, пікірін жазды.

Бұл тақырыпты қызуғышылықпен зерттеп, ақпараттық көздерден жинақтаған әдеби кітаптарға және өзінің спортты жеке бақылаған мәліметтеріне сүйене отырып осы ғылыми жобаны ұсынып отыр.

Маликаның іздену қабілеттілігі өте жоғары деңгейде болғандықтан, осы тақырыптың мазмұнын ашып, айқын көрсеткен. Әсірес өзінің сыныбындағы балаларға спорттың адам өміріне тигізетін пайдасын және ең көп тараған спорт түрі екенін көрсетіп жүр. Қазіргі таңда Малика «Денсаулығым байлығым» деген ұранды ұстанады. Денсаулықты күтудің қарапайым түрлерін, «ауырып ем іздегенше–ауырмайтын жол ізде» демекші, жаттықтырушыларынан денсаулықты қалай шынықтыру керек екенін бойына сіңіріп, өсіп келеді.

Шынығып, шымыр болу үшін спорт ойындарының маңызы өте зор екенін қазіргі таңда Малика жақсы біледі.









Жетекшісі: Сағатбекова А.М








Аннотация

Тақырыптың өзектілігі: Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не куш-жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан , әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөліп қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек , үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек. Ауруларды адам ағзасына жолатпау адамдардың өз қолында. Сол себепті әр адам салауатты өмір салтын ұстану керек. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.

Жұмыстың мақсаты:

Зерттеу жұмысының негізі спорттың денсаулыққа пайдалы қасиеттері туралы зерттеп, анықтау. Жас өспірімдерге спорттың денсаулыққа пайдасы бар екендігін насихаттау.

Зерттеу кезеңдері:

1 Кіріспе

2 Негізгі бөлім

3 Зерттеу бөлімі

4 Қорытынды

Зерттеу әдістері:

  • Спорттың каратэ түрі туралы мәліметтермен танысу, зерттеу;

Зерттеу жаңалығы:

  • Денсаулықтың қадірін білу;

  • Спорттың денсаулыққа тиімді жаттығуларына мән беру;

  • Ұялы телефон мен компьютерлерге көп көңіл бөлмей спортпен шұғылдану.





Күтілетін нәтижесі:

Денсаулықты жақсарту үшін спортпен үнемі шұғылдану керектігін сыныптастарына таныстырып олармен бірге жұмыс жүргізу. Іздену нәтижесінде спорттың денсаулыққа тигізер пайдасы мол екендігін түсіну.

Қорытындылардың практикалық қолданылуы:

Серыкжан Маликаның осы салада жазған жұмыстары және мағлұматтары дене шынықтыру пәнінде қолданылады.




















Кіріспе

«Денсаулығым байлығым» деген сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Адам баласы үшін денсаулықтан  асқан  байлық жоқ. Ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін байлығымыз. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз абзал. «Бірінші байлық-денсаулық» «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болу үшін зиянды әрекеттерден яғни ұялы телефон мен компьютерлерге көп көңіл бөлмей спортпен белсене шұғылдануына ықпал ету. Салауатты өмір салтына қалыптастыру. Спорттың каратэ түрінде қолданылатын жаттығулардың ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген ауруларды алдын алуға болады.

Кейінгі жылдарда медицинада спорттық жаттығулардың емдік қасиеттері, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде спорттық жаттығуларды жасау үй жағдайында кеңінен қолдану мүмкіндігі жеткілікті. Спорттық жаттығуларды жасау барысында денсаулықтың жақсаруының алатын рөлі аса зор екені тәжірибеден мәлім. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабалрымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.  Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Бірінші байлық – денсаулық, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт.






3

І. Негізгі бөлім

1.1. Спорттың бір түрі -каратэ жайында түсінік беру.

Каратэ (жапонша – қарусыз қолмен) – қарусыз қорғанудың бір түрі; қол және аяқпен қарсыласы денесінің неғұрлым осал тұсына соққы беруге негізделген. Спорттық жекпе-жектің бір түрі. Рюкю топаралындағы Окинава  аралдарында 15 ғасырда пайда болған. Сол кездегі князь Се Хайси (1470)ж қару ұстауға рұқсат бермеген. Ал жергілікті халық сырт жаудан қорғану мақсатында Каратэні өмірге әкелген. Ол кезде Окинава Жапониямен емес, Қытаймен көбірек байланыста болған. Сөйтіп, Каратэ Қытайдың кунг фу қарусыз күрес түрімен қатар дамыған. Қазір Каратэнің каратэ-до (олимпиядалық спорт түрі), шотокан, кекусинкай, ситро-рю, годзюрю, вадо-рю деген түрлері бар.Қазақстанда Каратэ 1991 жылдан кең етек ала бастады. Каратэден алғаш спорт шебері нормасын орындаған Қайрат Молдажанов. Кейінгі жылдары бұл күрес өнері тез қарқынмен дамып, көптеген қазақ жастары Каратэ түрлерінен Дүние жүзі, Азия чемпионы атақтарын иемденді. Каратэнің каратэ-до түрі 2004 жылы Афинада өтетін 28-олимпиялық ойындар бағдарламасына енгізілді.










ІІ.Зерттеу бөлімі.

Спорттық жаттығулардың адам ағзасына әсерін зерттеу нәтижесі.

Денешынықтыру, спорт және денсаулық бір-бірімен тығыз байланысты. 

Компьютердің, смартфондардың және басқа да құрылғылардың пайда болуымен техникалық прогрестің орын алуы салдарынан, адамның күнделікті өмірі мен жұмысы жеңілдеп,  соңғы он жылмен салыстырғанда физикалық белсенділігі немесе қимыл-қозғалысы бірден қысқарды

Спорттың адам денсаулығына қандай әсері бар екендігі туралы көптеген мақалаларда жазылған Сонымен, спорт адам ағзасы үшін келесідей себептермен пайдалы:

* Тірек-қимыл аппаратын нығайтады: бұлшықеттің көлемі үлкейеді және күш көрсеткіші жоғарылайды, қаңқа сүйектері жүк салмаққа төзімді болады. Жаттығу залында жаттығу немесе жүгіру, жүзу, велоспорт нәтижесінде бұлшықеттің оттегімен демалуы жақсарып, қантамыр жұмысына оң әсерін тигізеді. Тұрақты түрде жаттығу бұлшықет тіндерінің химиялық құрамын өзгертеді, жаңа клеткалардың пайда болуына әсер етеді. Денешықтырумен жүйелі түрде шұғылдану остеохондроз, омартқааралық жарық, артроз, атеросклероз, остеопороз секілді тірек мүшелерінің ауруларының алдын алады.

  • Жүйке жүйесі нығаяды және дамиды. Ол ептіліктің жоғарылауы, қимылдың жылдамдауы мен жақсаруы есебінен іске асады. Спортпен шұғылдану жаңа шартты рефлекстердің пайда болуына ықпал етеді. Ағзамыз бұрынғыдан ауыр, күрделі жүктемелерді іске асыруға қабілетті болады. Жүйке процесінің жылдамдығы артып, ми оқиғаларды тез қабылдап, дұрыс шешім қабылдауды  үйренеді.

  • Тыныс алу мүшелерінің жұмысы жақсарады. Жаттығу кезінде тіндер мен ағзалардың оттегін көп талап етуі нәтижесінде тыныс алу терең және интенсивті болады. Жүгіру, жүзу, жаттығу залында жаттығу нәтижесінде тыныс жолдары арқылы өтетін ауа мөлшері тыныштық кездегі 8 литрден 100 литрге дейін ұлғаяды. Өкпенің сыйымдылығы артады

  • Физикалық белсенділіктің адамға пайдалы екендігін медициналық зерттеулер, практикалық бақылаулар мен фактілер, тіпті халық даналығы да дәлелдейді

  • Замануи медицина және педагогика спортты насихаттау және қоғамның дене тәрбиесіне деген оң көзқарасын туғызуға барынша тырысып келеді.

  • Спортпен шұғылданғанда қауіпсіздік шараларын ұмытпаған да жөн!

Зерттеу жұмыстарын жүргізе келе маған дәргерлердің айтуы бойынша имунитетім төмен көп ауыратын болатынмын соған байланысты дәрігер маған спортпен айналысуды ұсынды. Содан соң мен ойлана келе спорттың каратэ түрін таңдадым.Анам мені мектептегі каратэ үйірмесіне жазды.Мен 2020 жылдың қараша айынан бастап каратэ үйірмесіне бара бастадым.Бұл спорт түрінің арқасында бойым өсіп имунитетім күшейіп денем шымыр бола бастағанын байқадым.Жаттығу залынан кейін күш қуатым артып көңіл күйім жақсарады. Осы спорт түріндегі жаттығулардың адам өміріне пайдасы туралы зерттеу жұмысымызды бастадық

Мұғалім екеуміз мектептің кітапханасынан қазақша кітаптардан және ғаламтор желісінен спорттық жаттығулардың пайдасын қарастырдық Мен сыныптастарыма сауалнама жүргіздім олардың ұялы телефонға көп қарап отыратындықтары мен спорттпен үнемі айналыспайтындықтарын анықтадым. Олардың көбісі спортпен көп айналыспайды екен мен спорттық жаттығулардың пайдасын айтып бердім. Олар енді ғана спорттық жаттығуларды үнемі қолдана бастады .Және оларды да спорттық жаттығуларды үнемі жасауға шақырдым. Мен достарыма көмектескеніме өте қуандым.








Қорытынды

Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. Мен бұны өзімнің зерттеген жұмысымда анық білдім . Нәтижесінде әлсіздіктен арылдым және өзіме деген сенімділікті арттырдым.Табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - өзін-өзі сыйлағаны. Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші  шарты болып табылады. Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты болатындығын білдім. Мен бұл зерттеу жұмысым арқылы өзіме жаңалық аштым және үнемі спортпен шұғылданып салауатты өмір салтын сақтанудамын. Осы зерттеу жұмысымның нәтижесі менің өміріме көп әсер етті. Қазіргі таңда мен салауатты өмір салтын ұстанып спорттың каратэ түрінен көптеген турнирлерге барып, жеңімпаз атанып жүрмін. Келешекте мен өз отаным Қазақстанның туын көкке көтеретін және болашақ ұрпаққа үлгі болатын танымал тұлға боламын деп сенемін.





































Мазмұны:

Кіріспе бөлім .............................................................................................. 3


І.Негізгі бөлім:

1.1.Балалардағы әлсіздік ауруы............................................................. 4

1.2. Спорттың бір түрі - каратэ жайында түсінік беру............................ 5

ІІ.Зерттеу бөлімі:

Спорттық жаттығулардың адам ағзасына әсерін зерттеу нәтижесі......6

Қорытынды бөлім .....................................................................................14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................... 15
























Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Х.Досмұхамедұлының «Денсаулығыңды сақтай біл»кітабы - 115-бет

  2. 2. А.Алдашевтың «Қазақтың халық медицинасының құпиясы» - 98-бет

  3. https://infourok.ru  (ғаламтор желісі)



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!