Ғылыми жоба тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба»

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбайұлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

The English School





Абай Құнанбайұлы



Ғылыми жоба тақырыбы:

«Ғылым таппай мақтанба»













Орындаған: Шәкір Рабия

Жетекшісі: Кайрабаева Камила



Пікір

Шәкір Рабия мектебіміздің үлгілі оқушылардың бірі.Рабияның ой-өрісі жалындап турған сыныпта инабаттылығымен тәрбиелі мектеп мақтанашы деуге болады. Мекетепшілік аудандық сайыс мектепшілік ғылыми жобаларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрген оқушы. Патриоттық сезімі күшті, шапшаң жылдамдығымен пысықтығымен көрініп жүр. Патриоттық ой- өрісін дамыту мақсатында Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» атты ғылыми жұмысына өзімнің бағыт- бағдар кеңесімді бере отырып еңбегі зор талабы зор сенім артамын.

Пікір білдіруші;































Жоба жұмысының кіріспесі

Ғылыми жоба тақырыбы «Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі» бойынша бірлесе жасаған ғылыми еңбек болып табылады. Жобаның мазмұны:Жобаның тақырыбы, жобаның мақсаты, міндеті, жұмыстың зерттелуі, жоба жұмысының оқытылуын салыстыру, «Бес асыл іс» талдау, қорытындыдан тұрады.АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ

Орындаған: Шәкір Рабия

тексерген:

Абай туралы

Балалық шағы

Еңбек жолы

Танымал шығармалары

Қоғамға тигізген үлесі

ӨМІРБАЯНЫ

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ

әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ,

композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна

отырып, орыс және еуропамәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін

жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ

халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем

ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған.

Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып

ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік

салмақтылығымен құнды.

Балалық шағы

БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ

Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс

тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Ибраһим екен.

Абай ислам дінінің қағидаларын барынша құрметтейтін діни отбасында өсіп, тәрбие алды.

Оның әкесі Құнанбай қажы тобықты руының өте ықпалды, орыс тілін жақсы білген биі болды.

Орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдерімен қарым-қатынас жасап тұрды. Ол шыққан тегі

сұлтан әулетінен болмаса да Қарқаралы округында алғашқы аға сұлтандардың бірі болып

сайланды. Ғұмырының аяқ кезінде Меккеге қажылыққа барып қайтты. Меккеде Құнанбай қажы

салдырған Тәбия қонақүйі әлі бар. Қажылықтан қайтып оралған Кұнанбай Бұл дүниелік істерден

біржола қол үзеді. Ақынның бабасы Өскенбай Қазақстанның Солтүстік-шығыс аймағындағы

әділетті де ықпалды қазақ билерінің бірі болатын. Оның қалдырған данышпандық сөздері мен

ғибаратты өсиеттері аз емес. Биге қазақтардың алыс жатқан руларының адамдары да шағым айта

келіп, жүгінетін. Абайдың арғы атасы Ырғызбай да атақты би әрі батыр болған.

Абай әуелі ауыл молдасынан сауат ашып, сосын Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл

оқып білім алады. Ол бала жасынан кітапқа құмар болды, араб-парсы және көне түркі әдебиетінің

үлгілерімен танысты. Абай қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрып заңы мен ислам дінінің қағидаларын

терең меңгерді. Онымен білім жарыстырудан молдалардың өздері қауіптенетін. Абай халық ауыз

әдебиетінің үлгілерін өте жақсы білді. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде-ақ өзінің алғашқы

өлеңдерін жаза бастады.



Еңбек Жолы

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды.

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге...

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз,

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз,

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой Бес асыл іс көнсеңіз..., -

деп жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен,

бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге,

терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды. Адам баласының ең жаманы – талапсыз»-деп бастайды да, талаптың түрлері көп болатынын баяндайды. Абайдың түсінуінше талапсыздық түрлері – ынтасыздық. Ықылассыздық, жігерсіздік. Еңбек – бұл дүниедегі құдіретті күш, діни ұғымда құдай болса, ғылыми ұғымдағы бірден-бір жасампаз ұлы күш – еңбек. Терең ой – адамды адам еткен еңбек болса, сол еңбек дағдысы барысында қалыптасқан адамды барлық жан-жануардан ерекше айырып тұрған екі қасиетті Абай жоғары бағалады. Оның біріншісі – ақыл-ой, екіншісі – сөз. Қанағат. Абай адамгершілік, иман туралы толғаныстарында «Қанағат ұғымына ерекше мән береді. Ақынның түсінуінше қанағат – барға риза болу, місе тұту, нысаптан шықпау, нәпсіге ермеу. Рақым. Рақым дегеніміз ұғымдық философиялық тұрғыдан алғанда адамның өзге кісілерге жасайтын жақсылығы, мейірім-шапағаты мен көмегі. Өсек. Абай заманында ел арасына көп тараған, адамгершілікке жат, жаман қылықтардың бірі – өсек айту, өсекшілдік. Өсектің қазақ ортасын кең тараған бір түрі – жалақорлық, арызқойлық, өсек, өтірік, домалақ арыздар Абайдың өз атына да талай тжауған болатын. Өтірік. Ақын өсекшілдікті опасыздықтың, арамзалықтың, екіжүзділіктің ең жексұрын көрінісі ретінде айыптайды, өсек-аяңға үйір, желбуаз жандарды өлтіре сынап, адамдар бойындағы өтірік айту секілді кеселдерді уытты тілмен әшкерелейді. Мақтаншақ. Абай өмір сүрген заманда ел адамдарының, әсіресе үстем тап өкілдерінің бойында жиі кездесетін жаман қылықтардың бірі – мақтаншақтық, даңғойлық. Еріншектік – адамдардың бойына біткен жаман қылықтардың ішінде ең жағымсызы. Абайдың түсіндіруінше: – еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Бекер мал шашу. Абай шығармаларында қолда бар қаржы мен мал-мүлкін дұрыс пайдалана алмайтын, өз пайдасын білмейтін, сырт көзге жомарт болып көрінуге тырысатын мақтаншақ адамдарды өлтіре сынға алған

Аудармашылық қызметі

АУДАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Абай орыс тілін тамаша меңгерді. Мұның өзі оның орыс ақыны М.

Лермонтовтың біркатар өлеңін қазақ тіліне аударуына мүмкіндік берді. Атап

айтқанда, Абай М.Ю. Лермонтовтың «Шайтан» («Демон»), «Дұға» («Молитва»),

«Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Жалау» («Жалғыз жалау

жалтылдап»), «Теректің сыйы» («Асау Терек долданып, буырқанып») сияқты

өлендерін аударды. Абай А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» дастанының үзінділерін

қазақы ұғымда жатық етіп еркін аударды. Абайдың Татьяна хатының сөзіне

шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды.

Абай И.А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударумен де айналысты.

Қазақтар ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті жетекшісі Ә. Бөкейханов өзінің

қырғыз даласындағы әртүрлі уездерде болған кезінде ондағы ақындардың Пушкин

мен Лермонтовтың Абай аударған өлеңдерін жақсы білетініне, оларды домбырада

әнге қосып айтатынына көз жеткізіп қайтқанын жазады.Орыс тілінен Абай аударған

шығармалар қазақ әдебиетін байыта түсті. Абай орыстың ұлы акындарының 50ден астам өлеңін қазақ тіліне аударды.



Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге

шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ

болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абай әке қасында болған

жылдарда атқамінер би-болыстардың қулық-сұмдықтарын, қазақ даласына

ыдырай бастаған феодрулық қатынастардың кереғар қайшылықтары кіріптар

еткен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты,

патриапхалдық, кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып зандарының залалдарынын

айқын түсінді.

Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті

би-болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі

оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ

басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді.

ТАНЫМАЛ ШЫҒАРМАЛАРЫ

Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе

қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузирәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке»,

«Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80

жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен

шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа

келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып,

көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын

түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан

шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара

сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе

орысшадан аударған өлеңдері.

АБАЙДЫҢ ҚОҒАМҒА ТИГІЗГЕН ҮЛЕСІ

Абайдың өз өлеңдері мен қара сөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы

өмірінің барлық жақтарын ашып көрсетті. Одан ақыл-кеңес сұраған дала

тұрғындары ағылып келіп жатты. Атап айтқанда, оған Баянауыл өлкесіндегі белгілі

шежіресі, әрі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы келіп тұрды. Абаймен Семейге саяси

жер аударылып келгендер де санасатын. Міне, мұның бәрі патша үкіметі

шенеуніктері мен олардың жергілікті кейбір итаршыларының тарапынан қызғаныш

пен көре алмаушылық, тіпті саяси күдік туғызды. Ақынның үстінен өсек айту мен

жала жабу әрекеттерін күшейтті. Патша үкіметінің әкімшілігі Абайдың соңына шам

алып түсіп, аңду орнатты. Тіпті 1903 жылы Семей полицмейстері ақынның және

оның балаларының үйіне тінту жүргізді.

Жақын туыстары мен балаларының бірінен соң бірінің қазаға ұшырауы, оның

үстіне ізіне түсіп қудалауға душар болуы ақынның денсаулығына әсер етті. Абай

1891 жылы өзінің ең жақсы көретін інісі Оспаннан айырылды. 1895 жылы үлкен ұлы

Әбдірахман қайтыс болды. 1904 жылғы көктемде оның тағы бір ұлы Мағауия

дүниеден өтті. Бұл қайғылы оқиғалар Абайға аса ауыр тиді. Мағауияның өлімінен

кейін 40 күн өткенде Абайдың өзі де қайтыс болды.

Ақын өзінің талантты шәкірттерін тәрбиелеп өсірді. Абайдың ізбасар

шәкірттері Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Кәкітай және Мағауия болды

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі