Павлодар облысы Павлодар қаласы №7 ЖОББББ мектебі
Тақырыбы:
«САУ ТІСТЕР- ӘДЕМІ КҮЛКІ»

Жоба жетекшісі:
Сулеева Асем Жанатқызы Павлодар қаласы № 7 ЖОББББ
мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Орындаушы:
3 «б» сынып оқушысы
Павлодар, 2018 ж
Мазмұны:
Аннотация--------------------------------------------------------------------- 3
Кіріспе ------------------------------------------------------------------------- 4
Зерттеу бөлімі
Тістің құрылысы-------------------------------------- 5-6
Тіс және ауыз қуысын қалай күту керек?
Тісті сақтау жолдары--------------------------------- 7-8
Тісті қорғау--------------------------------------------- 9
Тіс туралы қызықты деректер---------------------- 10
Қорытынды бөлімі------------------------------------------------------------ 11
Пайдаланған әдебиеттер тізімі --------------------------------------------- 12
Пікір------------------------------------------------------------------------------ 13
Аннотация
Тісті қалпында сақтау үшін әрбір тамақтанғаннан кейін ауызды шайып,тісті тазалап отыру екені белгілі. Күн сайын тісті тәңертең және кешке мұқият тазалап отыру керек. Тісті тазалаудың басты құралы- тіс щеткасы.Тіс щеткасы әркімнің өзінде жеке болуы шарт және әрбір 2-3 айда жаңартып отырылуы керек.Тісті және ауыз қуысын мұқият тазалау-ұзақ өмір сүрудің басты кепілі. Сау тістермен күлімсіреу – бұл саулықтың, әдеміліктің, сәнділіктің көрінісі!
Кіріспе
Мақсаты: тіс гигиенасын дұрыс қалыптастыру және тіс ауруларының алдын алу.
Жұмыстың міндеттері: Тістің құрылысымен, қызметімен танысу, тісті күту ережелеріне үйрену, өз денсаулығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелену. Ұқыпты және жүйелі түрде тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру.
Зерттеу объектісі: Тістің құрылысы, тіс және ауыз қуысын күту тәсілдері.
Жұмыстың өзектілігі: Сұлулық пен сымбат үшін сау тістің маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Өкінішке орай, қазіргі кезде бала күннен тіс тез бұзылатын болды. Себебі тәттілерді шектен тыс көп жеуден, тағамды жақсылап шайнамағаннан ,тісті уақытымен тазаламаудан және де дұрыс күтпегендіктен.
Зерттеудің
болжамы: Әрбір адам өзінің денсаулығына
баса назар аудару керек! Тіс - адам денсаулығының басты тірегі деп
айтуға болады. Егер бала кезінен біз тістерімізді дұрыс күтіп
үйренсек зерттеудің нәтижелі
болғаны.
Зерттеу әдісі: тіс туралы әдебиетпен жұмыс
жасау, тістерді тазартатын құралдарын пайдаланып жүрген адамдармен
тура сұхбаттасу, басқа да елдердің тістің
бүтіндігін сақтап қалу үлгісімен танысу.
9 ақпан – Халықаралық тіс дәрігері күні. Бұл мереке жылдан жылға кеңінен танылып келеді. Бұл дәстүр 249 жылы дәл 9 ақпан күні қайтыс болған Аполлония есімді қыздың құрметіне тойлана бастапты. Аполлония – александриялық шенеуніктің қызы, сол кездегі көпқұдайлылықтан бас тартып, христиандыққа бет бұрған. Сол үшін билік оны ауыр азапқа салып, өлтірмек болады. Ал ол кісендерін шешкізудің айласын тауып, өзі отқа секіріп өледі. Кейінгі ұрпақ Аполлонияның бұл қадамын христиандық ерлік деп бағалап, оны қасиетті адам деп таныды. Және оның есімін атаса, тіс ауруы басылатына сенген. Бұл күн тарихының біздің елге маңыздылығы шамалы болғанымен, тіс күтімі әрқашан өзекті болмақ.
Сондықтан назарларыңызға ақ маржан тісті сақтау құпияларын ұсынып отырмын.
Тістің құрылысы
Әрбір жеке тістің сауыты, мойны және түбірі болады. Тістің ауыз қуысынан шығып тұрған бөлігі тіссауыт деп аталады. Оның сырты жылтыр кіреукемен (эмаль) қапталған. Тіс кіреукесі - адам денесіндегі ең қатты ұлпа. Оның бір шаршы миллиметр ауданы 400 килограмдай салмаққа төтеп береді. Кіреукенің бұл қасиеті, оның құрамындағы бейағзалық заттарға тікелей байланысты. Тіс кіреукесінің 95%-ы кальций фосфатының қосылысынан тұрады. Бұдан басқа оның құрамында фтор, мыс, мырыш, темір, кремний және т.б. заттар кездеседі. Тіс кіреукесінің қалыңдығы да түрліше болады. Тіссауыттың үстіңгі бүдырларындағы кіреуке едәуір қалың. Балалар тістері кіреукесінің құрамында минералдық заттар аз болғандықтан, ол жұқа болады. Тістің келесі бөлімі - тіс мойын. Тіс мойны арқылы жақ сүйектеріндегі тіс ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді. Тістің үшінші бөлімі - түбірі. Тіс түбірі жақсүйектердегі арнайы ұяшықтарда орналасқан. Күрек және сойдақ тістердің түбірі бір-бірден болса, азу тістердің түбірі екеу (кіші азу тістерде) немесе үшеу (соңғы үлкен азу тістерде). Тіс түбірінің ұшында кішкене тесік болады. Осы тесік арқылы тістің ішіне қантамырлары мен жүйкелер енеді. Тістің ішкі қуысы кеуекті дәнекер ұлпасымен толтырылған. Тістің түбірлері дәнекер ұлпалы талшықтар арқылы тіс ұяшықтарына өте берік бекіген.
Тіске келетін қантамырлар оны қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Тіс ауырғанда немесе тісті жұлғанда ауыратыны жүйкелердің сезімталдығына байланысты.
Тістің негізгі бөлігін дентин (лат. «dens» - тіс) заты құрайды. Дентин өте тығыз сүйек ұлпасынан түзілген. Оның құрамының 70%-ы фосфаттардан, фтордан және кальций карбонаттарының қосылыс-тарынан тұрады. Микробтардың әсерінен тістің дентин затының бұзылуынан болатын ауру тісжегі (кариес ) деп аталады.
Бүтін әрі сау тістер - адам денсаулығының басты кепілі. Ауырған тістерде ауру коздырушы микробтар көптеп кездеседі. Тістің бүлінуі тіс кіреукесінің шытынауынан басталады. Тіс кіреукесінің шытынауы қатты заттарды (мысалы, жаңғак) шағудан және т.б. жағдайлардан да болады. Кейде тым ыстық немесе өте салкын сусындарды бірінен соң бірін ішу кіреукенің шытынауына әсер етеді. Тіс кіреукесіндегі шытынаған жерлерге микробтар шоғырланып, тістің бүлінуі жалғаса береді. Ауру тістер адам ағзасындағы басқа мүшелерге (жүрекке, бүйрекке, буындарға жәнө т. б.) де зардабын тигізеді. «Ауру ауыздан кіреді» деген сөзде терең мағына бар. «Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді. іш бүлінді дегенше, іс бүлінді» деген сөздер тістің ауруының ішкі мүшелерге әсерін дәл көрсетіп тұр.
Ауыз куысына түскен тағам алдымен тістердің көмегі арқылы шайналып ұсакталады да, сілекеймен араласады. Ауызда толык шайналған, өрі сілекеймен шыланған тағам ағзада жеңіл қорытылып, тез сіңеді. Көрнекті ақын Мұзафар Өлімбаевтың «апылғұпыл ішкен ас, асказанға түскен тас» деген нақылынан өздерің қорытынды шығарыңдар.
Адамның да тістері басқа сүткоректі жануарларга ұқсас жеке топтарға бөлінген. Тістер күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістер деп бөлінеді.
Ересек адамдарда 28-32 тұракты тіс болады. Олар үстіңгі және астыңғы жаксүйектердегі арнайы тіс ұяшықтарында орналасқан. Әрбір жақсүйектерде 16 тіс бар. Тістердің пішіні де әр түрлі. Жақсүйектердің алдыңғы жағында орналаскан жалпақ тістерді курек тістер деп атайды. Кейде оларды халық арасында маңдай тістер немесе қасқа тістер деп те атай береді. Жалпы күрек тістердің саны 8. Күрек тістердің екі шетіндегі пішіні үшкірлеу келген сойдақ тістер. Олардың саны - 4. Адам күрек және сойдак тістері арқылы тағамды жұлып алып жейді. Бұл тістерден кейін кіші азу тістер орналасқан. Олардың саны - 8. Кіші азу тістерден кейін үлкен азу тістер бар. Олардың саны - 12. Азу тістердің үстіңгі беті кедір-бұдырлы болады. Азу тістердің көмегімен тағамды ұсақтап шайнайды.
Сәби дүниеге тіссіз келеді. Сәбидің 6-9 айлығында алғаш рет күрек тістер шыға бастайды. Сөбиде 2 жасқа дейін барлығы 20 тіс шығады. Бұл тістер сүт тістер деп аталады. 6-7 жастан бастап сүт тістер түсіп, орнына тұрақты тістер шығады. «Баланың жетіде тісі түседі» деген нақыл соны аңғартады. Өйткені балалар жақсүйектерінің мөлшері мен пішіні ересек адамдардан өзгеше болады. Тұракты тістердің бастапқы нышаны сүт тістердің түбірінің астында орналасқан. Олар бірте-бірте сүт тістерін ығыстыра бастайды да, сүт тістеріне коректің келуіне кедергі жасайды. Қорек келмеген сүт тістер бірте-бірте түседі, оның орнына астыңғы жақсүйекте тұрақты тістер шығады. 12-14 жаста толық тұрақты тістер шығып бітеді. Ең соңғы үлкен азу тістер 18-20 (одан да кеңірек) жаста шығады. Оларды кеш шығатындықтан, «ақыл тістер» деп атайды. Шын мәнінде, олардың ақылға ешбір қатысы болмайды.
І- тіс сауыты,
ІІ- тіс мойыны,
ІІІ-тіс түбірі
1. Кіреукесі (эмаль)
2. Дентин
3. Дәнекер ұлпалы тіс пульпасы
4. Цемент заты
5. Тіс бекінген сүйек
6. Қан тамырлары
7. Жүйке талшығы
Тіс және ауыз қуысын қалай күту керек?
Тісті сақтау жолдары
Тіс иегінің саулығы үшін ауыз қуысын тамақ қалдықтарынан келесі құралдардың көмегімен тазартып тұру қажет:
1. тіс щеткасы
2. тіс пастасы
3. тіс жібі (флосс)
4. ауызды шайқауға арналған сұйықтық
Тіс щеткасын қалай пайдалану керек? Тісіңізді кем дегенде күніне екі рет тазалау қажет.
I. Таңғы астан кейін таңертең.
II. Түнде ұйықтар алдында, соңғы тамақты қабылдаған соң.
Тазалау барысы: Тіс тазаларда міндетті түрде щетканы жуып алыңыз. Щеткаға аздап тіс пастасын жағасыз. Щетканың басын қызыл иек сызығына 45 градус бұрыш етіп ұстаңыз. Иектен тістің өткір жағына қарай кішкентай дөңгелек қозғалыстармен барлық тістеріңізді мұқият тазалаңыз. Әр тістің іш жағын да дөңгелек қозғалыстармен тазалау керек. Щетка тістің өткір ұшына перпендикуляр етіп қойылады. Тістің сыртқы жағын щетканы айналдыра отырып тазалаңыз. Астыңғы және үстіңгі азу тістердің шайнайтын бетін ысқылаңыз. Тазалауды қызыл иекті уқалаумен аяқтаңыз. Аузыңызды жауып тұрып щеткамен тісіңіз бен иегіңізді дөңгелек қозғалыстармен уқалаңыз. Тілді де тазалау қажет. Ол үшін арнайы құрал қолданған дұрыс. Тілдің арт жағынан бастап, алдыңғы ұшына дейін абайлап «қырыңыз». Щетканы жуып, бас жағын жоғары қаратып, стақанға қойыңыз. Тіс щеткасын қаншалықты жиі ауыстырып тұру керек? Қолдану барысында щетка ескіреді. Оның қызмет ету мерзімі адамның тіс тазалау жиілігіне, тазалау ұзақтығына, щеткамен уқалау күшіне және тіс пастасына да байланысты. Дұрысында тісті күніне екі рет, үш минуттан, 50-70 г күшпен уқалау қажет. Сонда щетканы шамамен үш айда бір рет ауыстырып тұрса жеткілікті. Щетканы ауыстыру қажеттігін оның түрінің өзгеруінен де байқауға болады. Грипп, ангина, тағы басқа жұқпалы аурулармен аурып, жазылғасын да щетканы ауыстырған жөн. Тіс жібін қалай қолдану керек? Тіс жібі тіс арасында тұрып қалған тамақ қалдықтары мен тіс дақтарын тазалауға арналған. Щетка оны толық тазалай алмағандықтан, тіс жібі міндетті қосымша құрал болып есептеледі. Сондықтан тамақ ішкеннен кейін, тісті щеткамен уқалап, кейін тіс жібімен тазалау қажет.
Тазалау барысы:
1. Кассетадан 30-40 см жіп тартып шығарасыз.
2. Жіптің көп бөлігін сол қолыңыздың ортаңғы саусағына орайсыз.
3. Қалған бөлігін оң қолыңыздың ортаңғы саусағына ораңыз. Сонда саусақтар арасында 10 см жіп қалу керек.
4. Жіпті сұқ саусақ пен бас бармақтың көмегімен тартып, тіс арасына абайлап өткізіңіз.
5. Жіпті тістің өткір жағына қарай қозғалта отырып, тазалаңыз. Яғни, астыңғы жақ үшін төменнен жоғары қарай, үстіңгі жақ тістерін жоғарыдан төмен қарай тазалайсыз.
6. Одан кейін жіп қызыл иектен шығарылады, бірақ тіс арасынан алмаңыз.
7. Дәл осылай қасындағы келесі тіс тазаланады.
8. Енді барып, жіпті тіс арасынан шығаруға болады.
9. Жіптің қолданылған бөлігі оң қолдың ортаңғы саусағына оралады.
10. Ал сол қолдың ортаңғы саусағынан жіптің жаңа бөлігі тарқатылады.
11. Осындай тәртіппен барлық тіс тазаланады.
12. Есіңізде сақтаңыз: екі
тістің бір аралығын тазалаған жіп бөлігін екінші рет қолданбаңыз.
40 см барлық тісіңізге жетеді. Ауыз шайқауға арналған сұйықтықтар
Бұл сұйықтықтар тіс тазалығын арттырады, тіс дағының алдын алып,
ауыз қуысын жағымсыз иістен қорғайды. Биологиялық белсенді
компоненттері бар біртекті сұйықтықтың белгілі бір иісі мен түсі
болуы мүмкін. Дегенмен, сұйық тазалағыштың әсері болу үшін,
міндетті түрде алдымен тісті щеткамен, жіппен, тілді арнайы
қасықпен тазалап алу керек. Ал ауызды бұл сұйықтықпен шайқаған соң,
оны бірден түкіріп тасатаңыз. Тілді тазалау жолдары Ауыз қуысының
күтімінде тіс тазалығы өте маңызды. Көптеген микроағза тілдің
түбіндегі қыртыстарында жиналып қалады. Сондықтан, тілдің арт жағын
жақсылап тазалау қажет. Тілді тазалаудың екі тәсілі бар: - тіс
щеткасымен және пастамен; - арнайы қасықпен. Тілді қасықпен
тазалағаннан кейін ауызды арнайы сұйықтықпен шайған дұрыс. Ал
арнайы қасықты сумен жуыңыз. Тілді паста жағылған щеткамен
тазалағанда да, тіл түбінен бастап, ұшына дейін жүргіземіз. Және
щетканы тілге басыңқыраған дұрыс. Тіс пастасы құрамындағы
бактерияға қарсы және күкіртті қосындыларды жоятын заттар тілді өте
жақсы тазартады. Күкіртті қосындылар жағымсыз иіс тудыратындықтан,
тіс пастасы тынысыңызды кеңейтеді.
Әрбір адамның жеке басының арнайы мәсуегі болуы тиіс. Оны
пайдаланғаннан кейін жақсылап тазартып жуып, сабындап қою керек.
Келесі пайдаланарда мәсуектің сабынын жууды естен шығаруға
болмайды.
Тісті тазалаудың басты құралы-тіс мәсуегі. Ондағы қылшықтардың орташа ұзындығы 25-30 мм, ені 8-12 мм болуы шарт. Жаңа мәсуекті пайдаланудан бұрын сабынмен әрі ыстық сумен жуу керек. Мәсуекті 2-3 оқушыларына «Ну Погоди», «Буратино», «Карлсон», «Детская», «Мятная», «Апельсиновая», «Олимп» және т.б. пасталар ұсынылады. Тіс кеіреукесінің беріктілігін сақтау үшіе құрамында фторы бар пасталар қолданылады. Ондай пасталар «Чебурашка», «Фтородент», «Сигнал», «Пепсодент», «Колгейт» жатады.

Тісті қорғау
Қазақта «Тісімен тас шайнаған»
деген сөз бар. Бұл тіске байланысты сөз емес екені бәрімізге аян.
Сау денелі, қарулы азаматтарға қолданылатын сөз. Ал кейбір тайпалық
елдерде адамның денсаулығын тістің бүтіндігімен өлшейтін ғұрып та
бар. Тістің адам денсаулығына қаншалықты әсері бар екенін көріп
отырған шығарсыз. Тістің денсаулыққа ғана емес, адам сымбаттылығына
да үлкен әсер ететінін медицина ғалымдары дәлелдеп отыр. Тісіңіздің
маржандай әппақ болуын қалайсыз ба? Ендеше, қарапайым әдістерге де
сүйене біліңіз. Үй жағдайында қарапайым заттардың көмегімен қол
жеткізуге болады. Мәселен: Бір тал бүлдіргенді езіп, оған ашытқыдан
бір-екі қасық қосып, араластырып, жапсырма жасап тісіңізге жағып
қоясыз. Бес минуттан соң тісіңізді ысқылап, шайып тазатасыз. Сірке
суын ауызыңызға толтыра ұрттап, 3-5 минуттан соң төгіп, қайталап
отырасыз, сосын тісіңізді шаясыз. Кәдімгі ас тұзының қасиеті де өте
зор. Себебі күнделікті тісіңізді күніне 3-4 мәрте тұзды сумен шайып
отыру оларды маржандай етіп ағартып қана қоймай, күні бойына ауыз
қуысын тап-таза етіп сақтайды. Тұзды ерітпей-ақ құрғақтай тіс
щеткасымен алып, тісті ысқылауға болады. Тағы бір қарапайым рецепт:
жарты шай қасық ас содасына жарты шай қасық сіркесуын қосып,
шымшымдап ас тұзын араластырыңыз да, сол қоймалжың ерітіндіні
тісіңізге жағып, 3-5 минут ұстаңыз, сосын шайып тастаңыз. Әрі
арзан, әрі сондай жақсы нәтижеге жеткізетін әдіс сізді
стоматологтен құтқаратыны сөзсіз. Бүлдіргеннің дәмін ала отырып,
асықпай шайнап жесеңіз де, тісіңізді ағартуға мол пайдасы бар.
Тіпті, мұны ең өнімді әдіс деп қарайтындар да бар. Себебі,
бүлдіргеннің құрамында глюкоза мен қышқыл болғандықтан, оны жеген
соң артынан тісіңізді мұқият ысқыласаңыз өнімі көрінеді. Егер,
темекі тартатын болсаңыз: Ұзақ уақыт темекі тартқан адамның тісінде
сарғаю, тіпті қараю құбылысы пайда болады. Мұны төмендегі әдіспен
тазартуға болады: Алдымен лайықты мөлшерде қара шекерді ауызға
салып, дәмі тістің ұңғыл-шұңғылына сіңгенге дейін он минут сору
керек. Онан талшығы қатты тіс шөткісімен екі-үш минут ысқылаған
соң, ауызды дайындап қойған тұзды сумен (таза суға аз мөлшерде ас
тұзы, тамаққа пайдаланатын содадан елу грамм қосылады) бір-екі
минут шайып тастайды. Осылайша ертелі-кеш үзбей бір апта
жалғастырса, тіс аппақ боп жарқырайды. Темекіден болатын тіс
сарғаюға жоғарыда айтылған сірке суын да пайдалануға болады. Бұның
тек тісті ағартуға ғана емес, емдеуге де пайдасы
бар.

Тіс туралы қызықты деректер
Қазақ халқының көрнекті ғалымы, әрі алғашқы кәсіби дәрігері Халел Досмұхамедұлы да тістің тазалығына зор мән берген. «Ауызынды таза ұста-саң, тіс ауруының көбінен құтыласың. Тамақ жеген сайын тісінді мәсуекпен жақсылап тазала, ішкен-жеген сайын және ертеңінде, кешінде ауызынды тазалап шайып отыр». Ғалымның бұл даналық сөздері әрбір адамның есінде журер ережеге айналуы шарт.
Тістің бүтіндігін сақтау үлгісін жапон халқының қазіргі кездегі игілікті істерінен айқын көруге болады. Соңғы жылдары Жапонияда «тістің саулығы- ұлттың саулығы» деген ұзақ мерзімді «8020» атты шара қолға алынды. Бұл шара әрбір жапондыққа жақсы таныс. Оның 80 жасқа дейін әр адамда 20 бүтін тіс болуы шарт: ол үшін алдымен мәсуекті таңдай білуге ерекше мән береді. Тісті және ауыз қуысын мұқият тазалау – ұзақ өмір сүрудің басты ерекше кепілі. Олай болса, бұл салада да өзге халықтардың да өнегелі істерінен үлгі алудың ешбір сөгеттігі бола қоймас.
Қорытынды
Бүгінде табыс пен жоғары
әлеуметтік абырой дегенді ойлайтын адам ақ маржан тістердің адамның
беделіне қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі. Сонымен қатар тіс
саулығы жалпы ағзаның саулығымен тікелей байланысты. Ең алғаш
танысқан сәтте адам назары әңгімелесушінің тісіне түседі. Ал жеке
өмірді қалыптастыруда әдемі жымиыстың қаншалықты маңызды екені
айтпаса да түсінікті. Ертеде тістің жағдайына байланысты адамның
денсаулығын, төзімділігі мен мықты генетикасын анықтаған. Бұл үрдіс
бүгінгі күні де сақталып келеді. Бұрынғыдай тістер жалпы ағзаның
жай-күйін анықтайтын барометр іспеттес. Ал тіске дұрыс күтім
жасамау ауыз қуысына еш байланысы жоқ ішкі ағзаның көптеген
ауруларына себеп болуы мүмкін.
Әдемі күлкі - кез келген
адамның арманы десе де болады. Өйткені, аппақ қардай күлкі
айналаңыздағыларды сүйсіндіріп, ерекше көңіл-күй
сыйлайды. Сау және
аппақ тістермен күлімсіреу – бұл
саулықтың, әдеміліктің, сәнділіктің
көрінісі!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008.
2. Денсаулық сыры: Республикалық ақпараттық –танымдық басылым. № 9, 10 наурыз, 2015 жыл.
3. Валеология: Алматы, 1999 .
4. Ғаламтор ресурстары
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жоба Тақырыбы: «САУ ТІСТЕР- ӘДЕМІ КҮЛКІ»

шағым қалдыра аласыз