400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба Тақырыбы: «Толқынмен толқын сырласып...» -шығармашылық жұмыс Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжанның “Сағындым” атты өлеңінде ақын бостандықты аңсау сезімі аса күшті. Екі дүние алмасып, аласапыран болып жатқан тұста өмір сүрген ол халқына тәуелсіздік күнінің жақындағанын сезеді. Әйтсе де оған жету оңай емес. Сенімінен гөрі үміті басымырақ акынның. Осындай көңіл күйде жазылған өлеңін оқи отыра кеңірек таныстыра кетуді жөн көрдім.
Материалдың қысқаша нұсқасы





ОҚО, Сайрам ауданы №74 жалпы орта мектебі











Тақырыбы:

«Толқынмен толқын сырласып...» -шығармашылық жұмыс

Мағжан Жұмабаевтың

«Сағындым» өлеңі

































№74 жалпы орта мектебінің

11 “а”-сынып оқушысы

Анарбек Дана Қалдыбекқызы

Пән мұғалімі:

Мушатова Жанар Көпжасарқызы















2018-2019 оқу жылы







Тақырыбы: «Толқынмен толқын сырласып...» -шығармашылық жұмыс



Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңі




Зерттеу жұмысының өзектілігі:


Ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірден өз орнын анық тауып, артына өшпес мол мұра қалдырғанын анық білеміз. Оның лирик ақын екені де баршаға аян. Лирикалық өлеңдері де өте мол. Қазіргі таңда Мағжан жырлары кеңінен насихатталуда. Мағжанның “Сағындым” атты өлеңінде
ақын бостандықты аңсау сезімі аса күшті. Екі дүние алмасып, аласапыран болып жатқан тұста өмір сүрген ол халқына тәуелсіздік күнінің жақындағанын сезеді. Әйтсе де оған жету оңай емес. Сенімінен гөрі үміті басымырақ акынның. Осындай көңіл күйде жазылған өлеңін оқи отыра кеңірек таныстыра кетуді жөн көрдім.



Пәні: Қазақ әдебиеті



Нысаны: Шығармашылық жұмыс


Зерттеу жұмысының мақсаты:



- М. Жұмабаевтың «Сағындым»өлеңін талдау
- “Сағындым” өлеңі арқылы
бүкіл өмірін Алашына арнаған ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың тағдырын тарихпен байланыстыру

- Өлеңнің мазмұны мен идеясын дәріптеу

Зерттеу жұмысының міндеттері:

-Ақын шығармашылығын жүйелеу, саралау;
-Мағжан поэзиясының көркемдік қуатын анықтау;

-Сағындым” өлеңінің көркемдік ерекшелігін тану


Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:
- Жинақтау, топтау;
- Салыстыру;
- Өзіндік ой топшылау;


Ақпарат көзіне талдау:



ғаламтор, қазақ энциклопедиясы, М.Жұмабаев өлеңдер жинағы






Оны шешудің жолдары: Егер біз Мағжан Жұмабаевтың “Сағындым” атты өлеңін кеңінен насихаттасақ, патриоттық сезім, елін,жерін сүйетін жастар көбейеді. Алдағы құрбан болған ұрпақтардың армандарын зая кетірмеу — бізге ұлы сын деп ойлаймын















Алынған нәтижені талдаумен қорытындылау:





Сағыныш. Ол деген тегі бір сарқылмайтын дүние екен, ә? Адам сағынбаса сезімсіз болғаны шығар? Сағынудың өзі керемет! Сағынарың бар, сағынуды білесің... қандай әдемі сезім... Сағындым...

Сағындым сөзін жиі естіп, жанымызды көп баурайтын сезімдердің бірі. Қайдан шығады, неден туындайды? Кейде осы адамның түңіліп, көп нәрсені ойлап, жабыға беретіні де осы сағынышынан ба деп қалам…

Балалық кезге сағыныш, жастық шаққа сағыныш, алыстағы туғандарға сағыныш, өмірден өткен адамдарға сағыныш. Қайсы болмасын адамның есінде сақталған елестерден тұратын ойлар, бір күрсініс. Көсіліп, сол сағынышты айтсаң да, басқа біреу жақсы түсінгенмен бірақ сенің сағынышың онікіндей бола алмасы анық. Сондықтан да ең көп ашылмайтын сырлардың бірі осы сағыныш болар. Әркімдікі тек өзінде, ешкімге ұқсамайтын, ешкімге ашылмайтын…

Сағыныш-сырлы да сиқырлы сезім. Туған үйіңнен, туған жеріңнен жыраққа кетсең, алдымен ата-ана, бауырларыңды, достарыңды іздеп, олардың жақсы істерін қимастықпен еске алып отырасың. Неге? Өйткені жүрегіңді әлдебір сағыныш сезімі жаулап алуда.
Сағыныш-адамгершілігіңді танытар үлкен сезім. Жүрегі қатал, мейірімсіз адам сағыну дегенді білмейді. Ондай адам адамдықтан ада қалады. Жаратылыс заңы бойынша өмірде адамдар бірін-бірі іздеп, бірін-бірі сағынуға тиіс. Сонда ғана әлемде жауыздық, жамандық атаулы жоғала бастайды. Сағыныш-көзге көрінбейтін, тек жүрек, сана арқылы ғана сезілетін қасиетті сезім. Адамдардың бір-біріне деген сағыныш сезімі болмаса, өмірді көз алдыңа елестету қорқынышты.

Біз «Сағыныш» деген сөздің мағынасын әрқайсысымыз әр түрлі түсінеміз. Ол көзге көрінбейді, тек жүрекпен, көңілмен, санамен ғана сезілетін дерексіз ұғым.  Олай болса, Мағжан ақынның «Сағындым» өлеңін оқып көрелік. 



- Мағжан нені, кімді сағынды екен?



- Неліктен Мағжан өмірін оның поэзиясымен тоғыстырамыз?




































Әдетте Абайды философ ақын,

Мағжанды лирик ақын дейміз.

Абай ақылдың ақыны да,
Мағжан сезімнің ақыны.
(С. Мұқанов)

І. Кіріспе

Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі



ІІ. Негізгі бөлім

1. Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында

2. Мағжан Жұмабаевтың “Сағындым”өлеңі

3. Мағжанның «Сағындым» өлеңін онымен тағдырлас ақын Сәкен Сейфуллиннің осы тақырыптас өлеңімен салыстыру



ІІІ Қорытынды бөлім

Мағжанның ұлтына, халқына деген шексіз махаббаты –жастарға аманат




Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі





Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі.Ол артына өшпес рухани мол мұра,өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен.

Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында . Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып, өз өлеңдері мен мақалаларын баспасөз беттерінде жиі жариялап отырады. Бірнеше өлең жинақтары жарық көреді. Мысалы, «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел – жұртының тағдырына бағышталған. Ақынның еліне, халқына, бүкіл түркі нәсілдес, қандас халықтарға деген сүйіспеншілігі, оның жырларынан анық көрінеді.

Мағжан – ұлы ақын. Қазақтың кемеңгер жазушысы М.Әуезов: «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін...Мағжан культурасы зор ақын...Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» деп, оның ақындығын да, әдебиет тарихындағы орнын да дөп басып айтқан.

Мағжан – лирик, сыршыл ақын. Оның поэзия – қомақты жағы – лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жай тербетеді, адамды нәзік, сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары сай алуан: туған жер, атамекен, халық тағдыры, адамгершілік, шынайы махаббат.


Мағжан – сыршыл ақын.
Мағжан сөзіндей тілген жұмсақ, жүрекке жылы тиетін, үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шертеді, не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады. .











2. 1 «Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында»



Тәңірдің Мағжанның тұлғасына жастай дарытқан дара қасиеті – қазақ ұлтын, алаш жұртын жан-тәнімен сүюі. Ақын өлеңдерін көкірегіне қондырған адамның мұны аңғармауы мүмкін емес. Мағжан абақты зардабын шерткен “Сарғайдым”, “Сағындым”, «Түс» өлеңдерінде осы көңіл күйін бірде егіліп, бірде бекініп жеткізеді.

Ақын поэзиясында оның мінезі барынша көрініс тапқан. Оның әр сөзінен, әр жолынан, әр шумағынан ақынның өз тынысын, тіршілігін, жан жылуын, жан арпалысын, ыза-кегін, адамға деген сүйіспеншілікке толы жүрек соғысын сезінеміз. Ақын өлеңінде бостандықты аңсау сезімі аса күшті. Екі дүние алмасып, аласапыран болып жатқан тұста өмір сүрген ол халқына тәуелсіздік күнінің жақындағанын сезеді. Әйтсе де оған жету оңай емес. Сенімінен гөрі үміті басымырақ акынның. Осындай көңіл күйде жазылған Мағжан өлеңдерінің бірі – "Сағындым". Мағжан осы “Сағындым” өлеңін 1917 жылдың соңына таман Омбы түрмесінде қамауда отырғанда «Үш жүз» партиясы Орталық Комитетінің шешімі бойынша абақтыға жабылған кезінде жазылған өлеңі

«Сағындым» деп қойылған атаудан адам бойындағы аңсау, іздеу, көрісу, құшақтасу, иіскеу секілді сезімдерді түсінуге болады. Тақырыпты оқығаннан ақынның көптен, халықтан, отбасынан, анадан алыс шығар деп түйіп, оның шексіз сағынышын түсінерсің. Дегенмен өлеңмен танысқаннан кейін ойың біршама өзгереді. «Сағындым» сөзі жай жүріп сағыну емес, еріксіз болып тұтқында отырған кездегі жанның ащы тұңғиығынан атқылап шыққан, зорлық пен қорлықтың уымен толған жүрек сағынышы екендігін түсінесің. Өлең жолдарынан елім, жұртым, жерім, анам деп соққан, әділдік аңсаған жүректі еркіне жібермей, инелі торда ұстап, азапта сарғаюын байқаймыз.

Ақынның ұлтым, елім деп еңірегені үшін оны кінәлі деп, халық жауы деп санап, тар, қара көлеңке басқан темір тордың артында ұстауы бұл асқан озбырлық, қанаушылық. Ақын тар қапаста отырып, сары даласын, алыстағы анасын, туған елін, құрдастарын, сүйген жарын сағынып жырлайды. Жырлай отырып, оқырман көңіліне де сағыныш, қадір қасиет сезімін байқатпай ұялатып кетеді.



Абақтыда айдан күннен жаңылдым,

Сарғайдым ғой сар даламды сағындым.

Қарашығым, құлыным деп зарлаған,

Алыстағы сорлы анамды сағындым.



Бірақ қара көлеңкелі, сасық күн сәулесі түспейтін, темір терезесі бар, қара тас үңгірден босай алмаған жан толғанысы ақынның сағын сындырады. Ақын асқан шеберлікпен өзі отырған жерді суреттейді. Оқырман оның сөздерінен тар қапасты көңіл көзімен көріп, исіне дейін сезеді.

Өлеңнің мына тармағында жаны қиналғаннан ешкімнен көмек сұрай алмай, тәңірге:



Тәңір ие, өзің алшы панаңа,

Тас бауырлар зарға құлақ сала ма?



-бұл тармақтан ақынның ақынның түрмеде отырғандағы күй- жайын толғанғанын ұмытпау керек. Дегенмен бұл өлеңнен мұңнан- зардан гөрі көңіл толғанысы басымырақ. Мағжан айналадағы халқына, анасына, досына, жарына, сар даласына деген ғашықтық сипаттары ерекше сезіммен шынайы жүрекпен жырланады. Сондықтан өлеңнің адамға берер әсері ерекше. Өлең жолдарында ақынның бостандықты, еркіндікті аңсауы өте әсерлі берілген.

Өлең абақтыда отырған ақынның жан дүниесінен хабар береді. 
Қабырғасы қара тас абақты іші қара көлеңке. Сасық иіс қолқаны атады. Кіп-кішкене терезеден келіп жететін жарық та, таза ауа да шамалы. Осындай тар қапаста отырған ақынның тағы сағынары– бостандық. 


Бостандыкта өткен күнді сағындым, 
Желдей зулап кеткен күнді сағындым. 
Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті, 
Ойдағыны өткен күнді сағындым,



– деп адам баласының еркін өмір сүруін аңсайды. Сол еркіндікке жету жолында абақтының азабын тартып отырғанын ақын өлең жолдарына түсіреді. Ұлт десе жанын шүберекке түйген ақын еліне болған шексіз махаббаттың арқасында, арман- үмітінің арқасында тірі екендігі астарлап айтады, тағдырыдың тәлкісіне көнгенмен қоса, халқының бейбітшілігіне де, тәуелсіздігіне де үміт көздерімен қарайды Онда мұңнан гөрі жеке адамның көңіл күйіндегі кейбір толғанысты сәттердің суреті басымырақ. Ақын жырында болашаққа сенім мол. Бiрақ ақын мүлде мойымайды, қайта асқан жiгер көрсетiп, былай дейдi:



Не көрсем де алаш үшін көргенім, 
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім! – 

Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер,

Iстей берсiн қолдарынан келгенiн!


-деген жолдарда Мағжанның ұлтына, халқына деген шексіз махаббаты сезілсе, одан кейінгі: 


Қалың елім, қалың кара ағашым, 
Қайраты мол, айбынды ер, алашым! 
Өзі-ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл, 
Ақымақтар байқамаған шамасын.



– деген жолдардан оның ертеңгі болашақтан үміті, қалай болғанда да осы қиындықтың артында азат күндердің келеріне деген сенімі көрінеді. 



Өлеңде бостандықтың, тәуелсіздіктің қадіріне жетуге асқан шеберлікпен тоқталады. Бұл өлеңді оқығанда ішкі сезім толқыны, жан жүйесінің құбылысы көрініп отырады.


Өмірге құштарлық, айналасындағы адамдарға, туған табиғатқа, жер-анаға ғашықтық туралы ойлар – Мағжан өлеңдерінің басты сипаттарының бірі. Ақын ерекше махаббатпен, шынайы жүрекпен жырлаған. Сол себепті де оның өлеңдері сырлы, сазды, көркем.



Бұл өлеңде ащы шындық, ақиқат, басынан кешкені дәл суреттеледі. Тағдыр тауқыметін, анық көрсетіп, зұлымдық әшкереленген. Оқырман ақынмен қосылып, қиындықты, әділетсіздікті сезініп, үмітсіз тар қапастан болашаққа үмітпен қарайтыны сөзсіз. Ақын өлеңінің қозғаушы күші – таза ақындық қабілет, азаматтық жігер, шыншыл шабыт. Өлеңнен оның білгіш парасаты, жүрегінің шалқарлығы, ойының алғырлығы айқын білініп тұр.









2. 2

Мағжан Жұмабаевтың “Сағындым” өлеңі

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, 
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым. 
«Қарашығым, құлыным!» - деп зарлаған 
Алыстағы сорлы анамды сағындым.



Жатқан үйім - қабырғасы қара тас, 
Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас, 
Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке, 
Ерте-кеш те, күндіз-түні арылмас.



Тапал, салқын, тым қараңғы үңгір тар, 
Есігімде мықты қара құлып бар. 
Кіп-кішкене терезелер темірлі, 
Мұндай үйден кімге естілер ащы зар!



Алтын Күнді, қара жерді сағындым, 
Жан жолдасым - жүйрік желді сағындым, 
Асау тайдай еркелетіп есірген 
Ағайынды, туған елді сағындым.



Әлдеқайда Күн шығады, батады, 
Сорлы тұтқын күңіреніп жатады. 
Қарар болсаң терезеден темірлі, 
Көздеп тұрған күзетшілер атады.



Ас бола ма сасық сорпа, қара нан? 
Алма бетте қалмады ғой тамшы қан. 
Қоңырау қағып оятады ақырып, 
Тым болмаса сібірлеп те атпай таң.



Бостандықта өткен күнді сағындым, 
Желдей зулап кеткен күнді сағындым. 
Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті, 
Ойдағыны еткен күнді сағындым.



Абақтының айға баға күні ұзақ, 
Жанды жейтін жылға баға түні ұзақ. 
Ескі мола дән дыбыс жоқ, тым-тырыс, 
Тық-тық басып күзетші жүр жалғыз-ақ.



Қара жылан - қалың ойлар қаптады, 
Шыбын жаным барар жерді таппады. 
Ойлар жейді жас жүректі жегідей, 
Тәңірі ием, таңың-дағы атпады!



Ойыны бір құрдастарды сағындым, 
Тілегі бір жолдастарды сағындым. 
Келешекке бірге жоспар құрысқан, 
Сырласатын жан достарды сағындым.



Уға толды жас жүрегім, жабықтым, 
Таныс дауыс ести алмай зарықтым. 
Не дегенін, не істегенін біле алмай, 
Қоры болдым ғой азат жүрген халықтың!



Құшақтарға жанымда жоқ жақын жан, 
Басқа шапшып мазаны алды ыстық қан. 
Жалындаған жас жүрекке не пайда, 
Дене күйіп, бір жатып, бір тұрудан?



Жүрегіме жақын жанды сағындым, 
Жібек мінез, ақық жарды сағындым. 
Айрыларда күншығыстан ағарып, 
Ақ жібектей шапақ таңды сағындым.



Не көрсем де алаш үшін көргенім, 
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім! 
Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер, 
Істей берсін қолдарынан келгенін!



Қалың елім, қалың қара ағашым, 
Қайраты мол айбынды ер, алашым! 
Өзі-ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл,
Ақымақтар байқамаған шамасын.



Қазағымды, қалың елді сағындым, 
Сарыарқамды - сайран жерді сағындым. 
Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті, 
Арқадағы айдын көлді сағындым.



Қуанышта: «Әй сені ме!» - дегендер, 
Күйініште мен үшін уайым жегендер. 
Құтылу қиын, басқан адым аңдулы, 
Тізіп қойып ертеңді-кеш түгендер.



Тәңірі ие, өзің алшы панаңа, 
Тас бауырлар зарға құлақ сала ма?! 
Баласынан тұтқын болып сарғайған 
Кім жеткізер сәлемімді анама?



Абақтыда айды, күнді жаңылдым, 
Сарғайдым ғой, сар даланы сағындым. 
«Қарашығым, құлыным!» - деп зарлаған 
Алыстағы сорлы анамды сағындым!















Тақырыбы: еліне, жеріне, анасына деген сағыныш.
Идеясы: Шындық өмір көріністерін суреттей еркіндікті, бостандықты бағалау.
Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. 19 шумақты өлең.
Тармақ – өлеңнің әр жолы. 4 тармақты.
Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты
Ұйқас. Қара өлең ұйқасы. а - а - б - б
Әдеби теориялық ұғымдар. Теңеулер, эпитет, метанимия
Түсіндірме сөздік. Абақты – түрме, ауыр иіс – жаман иіс, жүйрік жел – қатты жел.
Өлеңнің негізгі түйіні. Туған жерге, туған табиғатқа, туысқан - бауырға деген махаббат.


19 шумақ, 76 тармақ, 11 буын, 3 бунақ





Абақтыда// айдан, күннен //жаңылдым, -а

Сарғайдым ғой,// сар даламды// сағындым. -а

“Қарашығым,// құлыным!” деп //зарлаған -б

Алыстағы// сорлы анамды// сағындым -а



1шумақ ,4тармақ 11 буын, 3 бунақ, қара өлең ұйқас



Мағжан шығармаларының құрылымы бойынша тоқталатын болсақ, ақын өлеңдерінде көріктеуіш құралдарды өте орынды, шебер қолданған. Солардың бірі эпитет, теңеу, метафора, метанимияның қолданылуы.



Өлеңде теңеуді де асқан талғампаздықпен қолданған. Мысалы:



Қазағымды, қалың елді сағындым,

Сарыарқамды –сайран жерлі сағындым.

Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті,

Арқадағы айдын көлді сағындым.



Асау тайдай еркелетіп өсірген,

Ағайынды, туған елді сағындым- немесе:

Желдей зулап өткен күнді сағындым,

Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті,

Ойдағыны, өткен күнді сағындым.



Бұл теңеулер табиғилығымен, дәлдігімен, мазмұны жағынан, сәйкестілігімен тартымды берілген.



Ақ жібектей шапақ күнді сағындым…

Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті

Арқадағы айдын көлді сағындым.

Күннің атуын ақ жібекке, Арқадағы көлдің суын балдай бұлақ деп балға теңеп отыр. Бұл табиғат құбылыстарының керемет суреттелуіне мысал бола алады.



Өлең тармықтарында эпитеттерді адамның жан сезімін оятуға шебер қолданған.



Жатқан үйім –қабырғасы қара тас,

Жарық сәуле,  жылы  күнге  жаны қас.

Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке,

Ерте-кеш те, күндіз-түні арылмас.



Алтын күнді, қара жерді сағындым,

Жан жолдасым- жүйрік желді сағындым…

Тағы да өлеңде кездескен эпитеттер: сорлы тұтқын, қалың ой, жібек мінез, шапақ таң, қара елім, айбынды алашым, қалың ел- деп тұтқындықтағы сезімдерді суреттеуде терең мазмұн бере алған.

«Эпитет- заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз» (З.Қабдолов) екенін ескерсек, әрине, бұл тіркестер сезімге өзгеше сыр үстейтінін көру қиын емес



Өлең жолдарында метанимия да өте орынды алынған:


Сарғайдым- азаптанып сағындым,

жанды жейтін- қинайтын, уға толы жүрек- қайғы-қасіретке толы жүрек, дене күйіп, басқа шапшып деген сөздері азаптанып, қиналып ұғымдарының орнына келіп отыр.


Метонимия— (грекше- қайтадан атау)-алмастыру, арасында жақындағы бар екі нәрсенің атын алмастырып, бірінің орнына бірін айту.


Тармақтарда метафора да шеберлікпен қолданыс тапқан.  Жүйрік желді жан жолдасым деп суреттесе, қалың ойды қара жылан деп келтіреді.  Қара елді қалың қара ағашым деп береді, ал Сарыарқаны сайран жер деп дәріптейді.


Метафора —(грекше көшіру) –ауыстыру, суреттеліп отырған затты не құбылысты өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау.


Ал өлең жолдарында бір рет қана шендестіру кездеседі.

Алма бетте қалмады ғой тамшы қан,- яғни, өзінің тым құлазып, солғанын осылайша тұнық, шебер бейнелейді.


Риторикалық сұрауларға келсек, өлеңнің төрт жерінде кездеседі.


Ас бола ма сасық сорпа, қара нан?..

Жалындаған жас жүрекке не пайда

Дене күйіп, бір жатып, бір тұруда?..

Тас бауырлар зарға құлақ сала ма?..

Кім жеткізер сәлемімді анама?..


Риторикалық сұрақтар қойылады, бірақ оларға жауап берілмейді. Өйткені оның сарынынан жауап та көрініп – ақ тұр.


Өлең жолдарынан екі жерде дамытуды (градация) көруге болады:

Мен өлсем де алаш өлмес, көркейер…

Өзі-ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл…

Мән-мазмұнды күшейту үшін, үстемелеп, ойды екпінмен айтуға әсерлілігін күшейтуге септігін тигізіп отыр.



Ақынның бергенінен берері көп еді. Мәуе төккен жеміс ағашын жайқалып тұрған шағында үсік шалды. Ақын дер шағының шабытты кезеңін айдауда, қуғын-сүргінде, абақтыда өткізді. Ақыры қаза тапты. Олай болса, қазір танысып отырған абақтыда жазған «Сағындым» өлеңінің өн бойынан

— мейірімділік

— бауырмалдық

— қайраттылық

— қайсарлық

— имандылық)



-қасиеттер байқадық



Мағжанның «Сағындым» өлеңі лирикалық өлеңге жатады.



Лирика -ақынның сезімін, көңіл күйін,қуанышы мен сүйенішін, арманын,өмірге деген көзқарасын, ішкі толғанысын, дүниетанымын аса бір сезімталдықпен сыр ғып шертетін өлеңдегі мәнер.



2.3. Мағжанның «Сағындым» өлеңін онымен тағдырлас ақын Сәкен Сейфуллиннің осы тақырыптас өлеңімен салыстыра оқылық
 Табиғат қамаудағы тұтқынның жабырқау көңілін жадыратып, бойына бостандыққа деген сенім ұялатады. «Сағындым» атты өлеңінде де «туғалы қапас көрмеген», еркін өскен бұла жастың «Сарыарқа сары белі бар» қырын, «өзенді, көлді жайлаған, көрмеге тұлпар байлаған» ауылын, «еркесі қырдың бұралған» сәулесін, «айналып-толғанып өсірген» анасын сағынуы табиғаттың әсем суреттерімен, ел өмірінің әсерлі көріністерімен астастырыла берілген.


Қайырымды қалың елі бар,
Сарыарқа сары белі бар.
Өрісті шалқар көлі бар
Сағындым мен қырымды

Өзенді, көлді жайлаған,
Кермеге тұлпар байлаған.
Хабарсыз арам ойлардан
Сағындым мен ауылымды!

Жібектей шашы оралған,
Қыпша белі қыналған.
Еркесі қырдың бұралған
Сағындым мен сәулемді.

Айналып-толғап өсірген,
Ақ сүтін беріп кешірген.
Тастамайтын есінен
Сағындым ғаріп анамды!

Мал бағып шауып ойнаған,
Үйреткен асау бойлаған,
Көк жасыл шөбі жайнаған
Сағындым еркін даламды!


Сәкен Сейфуллиннің де бейнелеуінде қаншама түрме азабын шексе де, күрес жолынан айнымайтын өр рухты жан. Оның «темір торлы тас үйде көкірегі шерге толы» отырса да ойы-түрмеден құтылу, халықтың қолын бостандыққа жеткізу, арман- сағынышы «өңкей сорлы езілген елімен көрісу»

Қамауда қанша қиыншылық көрсе де, елiн, жерiн… қанша сағынса да, екi ақын да сары уайымға салынбайды, екеуiнiң де асқақ рухы жығылмайды.

Ақын жырлағандай тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыз аз болған жоқ. Олай болса, тәуелсіздік жолындағы ең соңғы күресте, абақтыда Мағжан тағдырлас Қайрат Рысқұлбеков...

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық,

Атам десең, атыңдар, -дегендей бүгінгі жарқын күніміз, тәуелсіздігіміз, тіліміз, ұлттық құндылығымыз Мағжан, Қайрат сынды ағаларымыздың қанымен, жанымен келді.



Небәрі 44 жыл ғұмыр кешкен Мағжан Жұмабаев өзі өмірден өтсе де артына өлмес мұрасын қалдырды. Бүгінде Мағжантану ілімі ұлттың рухани-мәдени құндылықтар қатарында. 


3.

Мағжан өмірінің соңына дейін "Алаштың" тілектесі болды. Ол, тіпті, бірнеше рет тұтқындалып абақтыда отырса да, бірде-бір рет ұлт-азаттық Алаш қозғалысына мүше болғанына өкінбеген. Ол өзінің туған халқы - қазағы, алашы үшін шыбын жанын да аямаған.

Өлеңін оқи отырып, ақынның ағарып атар күн деп аңсағаны, көркейер алаш деп сенгені, озбырлардың, қанаушылардың жазасын алып, бостандықтың, тәуелсіздіктің орнығуына көзі жеткеніне куә боласыз. Ақынның сенімі, үміті ақталғанына қуанасыз, онымен бөлісуді қалайсыз. Бірақ ақынның орынсыз орында болған торға, қапасқа, сондағы әскерлерге, сол кездің ұсқынсыз, қатыгез саясатына шексіз ашу бойыңызды торлайды. Дегенмен ақын күткен болашағы шындық екені сізді үштей қуантады. Осы бейбіт өмірдің қадіріне жетіп, жүректің Отаным, елім деп соғуына түрткі болады.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев бір топ қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары басшыларына берген сұхбатында "Біз Қазақстанның еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен азаматтарды ерекше қадірлей білуіміз керек... Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті. 1991 жылы құрылған Қазақстан Республикасы атты 218 мемлекет - сол арыстардың асыл арманының жүзеге асуы", деп атап көрсетті. Міне, бұл алаш арыстарына, олардың ішінде ұлы Мағжанға да берген әділ баға емес пе?!




Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. «Аңыз адам» № 1 саны 2012ж
2. Қазақ әдебиеті 5-сынып. «Мектеп» баспасы. 2012ж

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
1010
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі