400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғылыми жобаға пікір

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы

Шардара ауданы

№12 жалпы орта мектептің

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Сайфуддинова Меруерт Райымханқызының

жетекшілігіндегі «Қазақ халқының ұлттық бас киімдері»

тақырыбындағы ғылыми жұмысының

оқушысы Ислам Гүлсіммен бірлесе

атқарған жұмысына



Пікір


Сайфуддинова Меруерт Райымханқызының оқушы Ислам Гүлсіммен «Қазақ халқының ұлттық бас киімдері» тақырыбында жүргізген ғылыми жұмысы үлкен нәтижеге жеткен. Оның көрінісі атап айтар болсақ, жұмыстың жүйелі және жоспарлы түрде ұқыпты және тиянақты түрде жүзеге асырылған. Оның дәлелі ретінде мазмұнын келтіруге болады.

Кіріспе бөлімде оқушы қазақ халқының бас киімі басқа ұлттардан өзгеше екендігін өзіндік қасиетке толы екендігін ашу мақсатында осы ғылыми жобаның мақсатын, жобаның өзектілігін, міндеттері мен практикалық маңызын қамтып өткен. Бұл жерде ғылыми жетекші Сайфуддинова Меруерттің дұрыс және нақты бағыт-бағдар берілгені айқындалады. Осының арқасында оқушы үлкен жетістікке жеткен.

Қазақта бас киімді ерлер де, әйелдер де киген, бірақ олар сан-алуандығымен және әр түрлілігімен ерекшеленеді. Осы мәселені негізгі бөлімде жан-жақты таратып көрсеткен және тарихи маңыздылығын да келтіре білген. Мысалы: Қазақстанның ұлан-ғарақ шекарасының әр түрлі аумағында өзіндік ерекшеліктеріне сай екендігін жеткізген. Ал, бұл дегеніміз қазақ халқының менталитетінің байлығын әлемге паш етеді.

Қазақ халқының бас киімге қатысты әдет-ғұрыптарын да дәл нақты жеткізе білген. Бұл дегеніміз елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру –ұлттық дамуымыздың кепілі» бағдарламасы аясында жүргізген сарабдал саясатына қосқан аса үлкен құнды дерек деп білемін.

Қорытынды бөлімде оқушы ата-бабаларымыз қалдырып кеткен ғажайып өркениет мұрасына аса үлкен қызығушылықпен мән беріп ұстазының бағытымен зерттеу жұмысын тиянақты жүргізіп оны жаңғыртуға үлес қосқысы келетінін жеткізген.

Менің пікірімше бұл жоба біздің тәуелсіздігіміз мен менталитетіміздің сақталуына үлкен қызмет атқарады деп сенемін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
39 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
35722
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі