Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба.Wi-Fi -дың пайдасы мен зияны
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы
Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Ғылыми жоба
Тақырыбы: «Wi-Fi-дың зияны»
Секциясы:информатика,робототехника STEMинженерия
Пәні: Информатика
Дайындаған: Л.Қылышев ат.ЖОББМ-нің 4ә сынып оқушылары
Досказиева Мөлдір,Жумагалиев Елдар Айнатұлы
Жетекшісі: Л.Қылышев ат.ЖОББМ-нің информатика пәні
мұғалімі Султангалиева Жанна Рамазанқызы
2023-2024 оқу жылы
Мазмұны
Аннотация................................................................................................3-4 бет
1.Кіріспе бөлімі
-
Wi-Fi дегеніміз не ?.......................................................................5-6 бет
2.Зерттеу бөлімі
-
Wi-Fi-дың адам ағзасына зияны..................................................7-8 бет
-
Wi-Fi-дың зиянды әсерінен қорғану жолдары..........................9-10 бет.
Қорытынды................................................................................................11 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................12 бет
Аннотация
Интернетке сымсыз қосылу – заманауи өмірдің ажырамас бөлігі. Қазіргі заманда әрбір адам Wi-Fi желісін пайдаланады.Яғни сымсыз желісіз өмірімізді елестету мүмкін емес.Сондықтан бұл ғылыми жоба жұмысында күнделікті пайдаланып жүрген Wi-Fi желісі туралы қысқаша мәлімет беріледі.Оның зияны және зиянынан қорғану жөнінде айтылады.Wi-Fi толқындарының адам денсаулығына зиянды әсері жайлы және өсімдіктердің өсуін тежейтін,адам миының қабілетін төмендететін жасушалық деңгейде өзгерістер жүретіндігі туралы айтылған.
№1 тәжірибе жұмысын жасау арқылы вай-фай толқындарының тірі организмге тигізетін зиянды әсері көрсетілген.Мұнда қияр тұқымын 2 ыдысқа егіп,біреуін роутердің жанына,екіншісін вай-фай жоқ бөлмеге орналастыру арқылы вай-файдан шығатын зиянды электромагниттік толқындарды анықтаған.
№2 тәжірибеде вай-файдың зиянды толқындарынан қорғану жолдары көрсетілген.Яғни арнайы зиянды толқындарға кедергі болатын нано сетка арқылы тәжірибе жасалды.
Зерттеу барысында вай-файдан тарайтын радиотолқындар зиян деген болжам дәлелденген және оның зиянын азайту жолдары көрсетілді.
Зерттеу мақсаты: Wi - Fi желісініңадам денсаулығына және өсімдіктердің өсуіне әсерін, зияндылығын зерттеп білу. Оның зияндылығынан сақтану жолдарын айқындау.
Зерттеудің міндеттері:
- Wi - Fi – дың адамдарға зиянды әсерін танып-білу;
- ҮйдеWi - Fi - дықалай пайдаланатынын зерттеу;
- Адамдарға Wi-Fi-дың зиянды әсерін азайтуға мүмкіндікберетін ережелермен танысу.
Жұмыстың өзектілігі: Үйде, жұмыста, сауда орталықтары мен білім ордаларында — барлық жерде Wi-Fi бар. Wi-Fi -дан тарайтын сәулелену адамға зиян екендігі жобамыздың өзектілігі болып табылады.
Ғылыми болжамы (Гипотеза):Жеке болжамдар: Wi – Fi желісінің адам денсаулығына зияндылығын зерттеп, оның зияндылығының алдын алуды көрсету.
Жұмыстың орындалу әдістері:Wi – Fi желісі туралы баспасөз, энциклопедия, интернет материалдарымен жүйелі түрде танысу, оларды жүйелеп, жинақтау,ғылыми ізденіс, зерттеу, деректер жинау,макет жасау
Зерттеу кезеңдері:
Теориялық бөлімі
-
Тақырып таңдау
-
Ақпарат жинау
-
Әдістерді таңдап алу
Практикалық бөлім
-
Тәжірибелік жұмыс
-
Салыстыру,талдау
-
Қорытынды
1.Кіріспе бөлімі
Wi-Fi дегеніміз не ?
Wikipedia мәліметтеріне сәйкес, Wi-Fi - деректерді беру және сымсыз желіні құру үшін жоғары жылдамдықты сымсыз стандарт. Бүгінгі таңда смартфондар, компьютерлер басқа да бірқатар құрылғылар Wi-Fi сымсыз байланысымен жабдықталған.
Wi-Fi– кабельдерді, розеткаларды немесе үй телефондарын пайдаланбай құрылғыны Интернетке қосудың қарапайым және қолжетімді жолы. Жалпы, WiFi – ағылшын тілінен аударғанда «сымсыз нүкте» деген ұғымды білдіреді.
1991 жылы Wi - Fi - ды В. Хейз Нидерландыда ойлап тапты. Сымсыз жергілікті желілерге арналған «WiFi» жүйесін ойлап тапқаннан кейін ВикХейзды «Wi-Fi-дың әкесі» деп атап кеткен екен.Wi-Fi интернет деректерін жіберу және қабылдау үшін радио толқындарын пайдаланады. Радиотолқындар- ауа мен жер арқылы таралатын энергия түрі.Бұл құрылғы 2,4 Гц төмен жиілікті толқындарды шығарады. Сондықтан ғалымдар сұрақ қойды: Wi-Fiадамдарға қаншалықты зиян тигізуі мүмкін ?
Wi-fi - деректерді сымсыз жібереді,бар болғаны осы.. Интернет пен Wi-Fi-ды ешқашан шатастырмаңыз - бұл мүлдем басқа процестер және әртүрлі жабдық.
Интернет ұғымын байланыс деп түсінуге болады.Егер сіз бұл интернет қосылымын арнайы жабдық арқылы өткізсеңіз, ол wi-fi желісі деп аталатын интернетті жібереді.Яғни бірден бірнеше құрылғыны қосу мүмкіндігі бар wi-fi желісін ала аласыз.
Яғни, Wi-Fi – Интернетке қосылуды сымсыз, радиоарналар арқылы тарататын желі.
Қызықты және өте маңызды нәрсеге көшейік: Wi-Fi желілерінің қалай жұмыс істейтінін түсіну арқылы сіз Интернет қосылымдары туралы өз ойларыңызды дұрыс тұжырымдай аласыз.Сонымен, үйде Wi-Fi желісі болуы үшін алдымен үйге интернет қосу керек.
Содан кейін Интернет кабелін арнайы жабдыққа –роутерге қосу керек.
Роутер- бұл Интернеттен сигналдарды қабылдайтын, оларды wi-fi деп аталатын желіге түрлендіретін және оларды белгілі бір құрылғыларға (телефон, компьютер, теледидар) жіберетін құрылғы.
Зерттеу бөлімі.
Wi-Fi-дың адам ағзасына зияны
Өз басым бұл өте зиянды деп ойлаймын. Ал мұның себебі қарапайым.
Электромагниттік толқындар мен олардың адам миына әсері жайлы ғылыми зерттеулер бар. Шынында, өсімдіктердің өсуін тежейтін және адам миының қабілетін төмендететін жасушалық деңгейде өзгерістер жүреді.
Маршрутизатордан Интернет әуе арқылы бірдей радиотолқындар арқылы беріледі. Ал американдық ғалымдар 0,5-2,4 Гц радиотолқындардың адамға кері әсерін тигізетінін дәлелдеді.
Дәрігерлердің айтуынша, Wi-Fi балалардың орталық жүйке жүйесінің дамуына кері әсер етеді. Мұның себебі - электромагниттік сәулелену, баланың денесіне қосымша жүктеме түсіруі мүмкін.
Электромагниттік өріс әсерінің алғашқы белгілері: шаршау, тітіркену, ұйқының бұзылуы, есте сақтау және назар аудару проблемалары. Электромагниттік өрістерге ұзақ уақыт әсер ету мигреньді, бедеулікті, балаларда орталық жүйке жүйесінің зақымдануын және ми ісігін тудыруы мүмкін.
Әдебиеттерді зерттегеннен кейін Wi-Fi денсаулыққа қаншалықты қауіпті болуы мүмкін екендігі туралы келесі мысалдарды келтіре аламын:
-
Бір топ оқушы қыздар жүргізген эксперимент Данияда кең резонансқа ие болды. Сонымен, егер түнде телефонды бастың қасына қойсаңыз, келесі күні зейінді шоғырландыру және назар аудару қиынға соғатынын байқаған қыздар Wi-Fi сигналдарының тірі ағзаларға әсерін тексеруді шешті.
Мектеп оқушылары өсімдік тұқымын алып, оларды топтарға бөліп, тұқымның өнуі үшін арнайы ыдыстарға орналастырды. Бірінші топ Wi-Fiмаршрутизаторының жанында 12 күн болды. Тұқымнан әрең шыққан өсімдіктер тез қарайып, қурап қалады. Құрылғылардан қашықтан шыққан өсімдіктердің тағы бір тобы қалыпты дамыды.
-
Жалпы дәл осындай тәжірибе осыдан бірнеше жыл бұрын Голландияда да жасалған көрінеді. Сол тәжірибеде де Wi-Fi желісі бар аймақта орналасқан талдарда сәуле ауруларының белгісі анықталып, жапырақтарында табиғи емес қорғасын жалтырағы пайда болған.
Вай-фай толқындарының зиянын анықтау мақсатында 2 ыдысқа қияр тұқымын отырғыздық.Бір ыдысты роутердің жанына,ал екіншісін вай-фай жоқ бөлмеге орналастырдық.Нәтижесінде вай-фай бар бөлмедегі тұқымымыз жақсы өсе бастады, ал роутердің жанында орналасқан тұқым баяу өсіп жатырғанын байқадық.
Wi-Fi роутері жоқ бөлмедегі тұқым Wi-Fi роутері жанындағы тұқым
Wi-Fi-дың зияды әсерінен қорғану жолдары
Wi-Fi-дың зиянды әсерінен қорғану үшін Экран-М
жабыстырғышын ұсынамыз.Оны роутердің үстіне жабыстырып қойғанда,
вай-фай толқындарының зиянды әсерін азайтады.Оны интернет
дүкендерден алуға болады.
Біз жетекшімізбен бірге
Wi-Fi толқындарының зиянды әсерін азайту жолын
ізедік.НәтижесіндеWi-Fi толқындарынан қорғайтын нано сетка бар
екенін білдік және нано сетканы тәжірибе жүзінде пайдаланып көруді
ұйғардық.Макетте 2 бөлмелі үйді көрсеттік.Бірінші бөлмеге Wi-Fi
роутерін және алдына нано сетка орналастырдық.(Нано сетка жәй сетка
емес,арнайы зиянды толқындарға кедергі болатын сетка.)Бұл жерде
роутерға орналастырған жарығымызға нано сетка кедергі болып дұрыс
өткізбейтінін көруге болады.Және екінші бөлмеде нано сетка
толқындарды жібермей ұстап тұрған моделін орналастырдық.Нано сетка
дәл осылай толқындарды жібермей кедергі болатындығын біз арнайы
Джеликс құралымен дәлелдеп көрсетеміз.Джеликс - ол толқындар
таратады.Сол тараған толқынды нано сетканың алдына әкелсек,одан
өтпейтіндігін көруге болады.
Сонымен қатар сауалнама құрып,оны таратып, жүргізген едік.Нәтижесінде сыныптастарымыздың көпшілігі Wi-Fi-дың зияны туралы және зиянды болған жағдайда қорғану жолын білмейтінін байқадық. Сонымен қатар сыныбымыздың оқушыларына “Wi-Fi –дың зияны туралы білесіңбе?”-деген сауалнама жүргіздік. Сауалнама келесі сұрақтарды қамтыды:
1. Үйде Wi - Fi – ды қолданасыздар ма?
а) иә; б) жоқ;
2. ҮйдеWi - Fi – ды не үшін қолданасыз?
а) ақпарат жүктейсіз; б) on - line ойындарын ойнайсыз;
в) әлеуметтік желіде сөйлесесіз;
3. Сіз қалай ойлайсыз, Wi - Fi адамға зияндыма?
а) иә; б) жоқ;
4.Егер Wi - Fi зиян болса қорғану жолын білесізбе?
а) иә; б) жоқ; в)білмеймін
Сауалнама нәтижесі бойынша Үйде W-Fi-ды барлық оқушы қолданатыны белгілі болды. (Қосымша № 1)
Және білім алу мақсатында көпшілігі қолданбайтыны анықталды. Онлайн ойындарға уақыт жұмсауға - 19%, әлеуметтік желіде- 37%, ақпарат жүктеу - 44%
(Қосымша № 2)
Сауалнама жүргізу барысында,cіз қалай ойлайсыз, Wi - Fi адамға зияндыма?-деген сұраққаиа - 36% жоқ-60 % білмеймін - 4% Яғни көп оқушылар вай-файтолқындарынын зиянды екенін білмейді екен.
(Қосымша № 3)
Көпшілік оқушылар Wi–Fiзиянды болған жағдайдаоның зиянын азайту жолдарын білмейді екен.12%, иә 19% Білмеймін 69 %
(Қосымша № 5)
Қорытынды.
Wi-Fi туралы әдебиеттерді зерттей келе және өзіміздің жүргізген зерттеу нәтижелерімізге сүйене отырып біз қуатты Wi-Fi толқындар тірі организмдерге, адамдарға және өсімдіктерге зиянды деген қорытындыға келдік және wi-fi-дың зияны туралы мәселені зерттеп, әдебиеттерді зерттегеннен кейін біздің ұсынысымыз:
-
Wi-Fi-ді ешкім қолданбай тұрған кезде немесе түнде модемді әрдайым өшіріп қойыңыз
-
Wi-Fi сигналын қабылдағышы бар құрылғыларды қалтаңызға салмаңыз;
-
Wi-Fiроутер ас үйде, балалар бөлмесінде немесе жатын бөлмеде болса, оны басқа жаққа қойыңыз. Бұл құрылғы адам аз болатын бөлмеде тұруы тиіс;
-
Wi-Fi сигнал қабылдағышын/таратқышын өзіңізден алыс ұстаңыз.
-
Wi - Fi модемнің қасында ұйықтамаңыз;
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. http:// aver. ru›2011-09-26… аллергия - аллергия - na- wi- fi/
2. http://it-med.ru/library/ie/el_magn_field.htm – Электромагниттік өріс және оның адам денсаулығына әсері
3. http://ru.wikipedia.org/wiki/Wi-Fi - Уикипедия
4. http://zdorovko.info/vliyanie_wi_fi_na-zdorovie

